Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге


V    ТАРАУ.                   АУРУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
#7304
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

V   
ТАРАУ.                   АУРУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 
 
«Алла  қиямет  күні  айтады:  «Ей,  адам  баласы!  Ауру  болдым,  маған  келіп  көңілімді 
сұрамадың».  Адам  айтады:  «Уа,  раббым,  Сен  бүкіл  әлемнің  пәруәрдігәрі  болсаң,  менің 
қалай көруім мүмкін еді? Алла айтады: «Пәленше деген адамға ауырып жатқан кезінде 
барып  көңілін  сұрамадың,  егер  барғаныңда  оның  қасынан  мені  көрген  болар  едің».  «Ей, 
адам баласы! Өзің тамақтандың, бірақ мені жоқтамадың». Адам айтады: «Уа, раббым, 
Сен  бүкіл  әлемнің  патшасы  болсаң,  мен  Сені  қалай  тамақтандыруым  мүмкін?  »  Алла 
айтады:  «Пәлен  пендем  мұқтаж  болып  алдыңа  барғанда,  сен  оның  қажетін  өтемедің. 
Егер соның мұқтажын өтегеніңде, сол жерден мені тапқан болар едің». 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
Бізде артық мүше бар ма? Біреуін алып тастаса не болады? 
 
«Кімде  кім  өзімен  Алла  тағала  ортасындағы  байланысты  жақсыласа,  онымен  басқа 
адамдар  ортасындағы  болатын  нәрселерді  Алла  тағала  қабыл  алады.  Кім  де  кім  өзінің 
жан  дүниесін  жақсыласа,  Алла  тағала  оның  сыртқы  көрінісін  жақсылайды».                   
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)   
 
Бізде  артық  мүше  жоқ.  Москвада  академик  Ивашкиннің  (Мокваның  гастрология 
институтының  профессоры)  пікірі  бойынша  бауыр,  өт,  өт  жолдары,  барып  тоқ  ішекке 
жалғасады.  Екеуінің  арасында  (офинктер  Одди)  қақпа  бар,  ол  үнемі  жабық  тұрады,  ал 
тамақ ішкенде 30...40 минут ашық тұрады. Себебі өт қабының ішіне бауырдан келген өт 
жиналады.  Сіз  тамақ  ішкенде  мидан,  өтке  қақпаны  аш  деген  бұйрық  келеді.  Келген 
бұйрықты  өт  орындайды  да,  ұлтабар  өт  арасындағы  қақпаны  ашады.  Өт  жеген  тамаққа 
аралсып оны қортады. 
Көз алдыңызға елестетіңіз, дәрігерге барып қаралдыңыз. «Өтіңізде тас бар, ол кейін 
қозғалып  өт  жолын  бітеп  тастауы  мүмкін.  Сондықтан  өтті  қазір  сылып  алап  тастаған 
жөн». Дәрігер дұрыс айтып тұр. Енді ойлаңыз, тамақ ішкеннен кейін мидан қақпаны аш 
деген нұсқау келді. Бірақ оны орындайтын  орындаушы жоқ! Өт  ұлтабарға келмейді де, 
жеген тамағыңыз қортылмайды, ал бауырдан өт бөліне береді. Ол (поджелучная железа) 
ұйқы безге барады да, басқа мүшелерді бұза бастайды. Сөйтіп адамның ас қорту ағымы 
бұзылыды. Біз өтті алып тастау арқылы ас қорту ағымының жұмысына араласып кеттік. 
Тасы болса да, жаман жұмыс істесе де өт орнында болғаны дұрыс. 
Қытайлар есептейді: Ағзадағы ең басты мүшелер жүрек, бүйрек, көк бауыр. Ал көк 
бауыр ең маңызды қуат (энергия) беретін мүше. Осы көк бауырды, ішкі мүшелерден қан 
тоқтамаса  оп  оңай  сылып,     онша  керексіз  мүше  ретінда  алып  тастайды.  Осының 
салдарынан  ағзаның  қуат  көзі  бұзылып,  аурудың  ең  бірінші  себебі,  қуат  (энергия) 
жоғалады.  Қытайда  сондай-ақ  әйел  адамның  жатырын  алып  тастауға  рұқсат  етілмейді, 
себебі бүл мүше де қуат (энергия) орталығы болып табылады. 
Өткен  ғасырдың  60-шы  жылдары  Америкада  тәжірибе  жүргізіп  100  баланың  3 
жасқа  толғанда  соқыр  ішектерін  алып  тастаған.  Келесі  топтағы  100  баланікін  алмаған. 
Бақылау  барысында  соқыр  ішегі  алынбаған  балалар  қабілетті,  ақыл  ойы  жақсы  дамып 
денсаулықтары  жақсы  болған.  Ал  соқыр  ішектерін  алып  тастаған  балалар  керісінше 
аурушаң,  қабілетсіз,  таяз  ойлы   болып  өскен.  Кішкентай  ғана  соқыр  ішектің  миға  әсер 
ететінін ғалым – дәрігерлер болжай да алмаған. Бұдан шығатын қортынды, табиғат адам 
ағзасына еш қандай артық мүше жаратпаған. Сондықтан ешбір мүшеңізді алып тастауға 
асықпаңыз, ізденіңіз! 

 
Балалар аурулары 
 
«Ата – асқар тау, 
                            
Ана – бауырындағы бұлақ, 
                            
Бала – жағасындағы құрақ».        Қазақтың мақал-мәтелдері. 
 
Балалардың ойлау жүйесі еркін – ол күнделікті күйбің тіршіліктің әртүрлі кедергілері мен 
қоқыстарынан таза. Ата-анасы мен бала үнемі рухани қарым-қатынаста – біртұтас. Баланы 
емдегенде  балаға  ата-анасын  көру  шарт  емес.  Себебі,  баланың  Ғазиз  жанында  ата-
анасының ойлары, сезім құбылыстары, істеген қылықтары жайлы толық ақпарат бар. Бала 
бәрін  біледі.  Тек  қана  өзінің  сезімдерін  сөзбен  жеткізе  алмайды.  Сондықтан,  ата-
аналарында  бір  шырғалаң  болса  бала  ауырады,  өзін  түсініксіз  қалыпта  ұстайды.  Мына 
пікірді көпшілігіңіз білетін шығарсыз: «Ата-анасының күнәсіна баласы жауап береді». Бұл 
– 
Ақиқат. 
         
Балалардың барлық аурулары оның әке-шешесінің ойларының сыртқы көрінісі. Бұны 
білудің  зор  маңызы  бар.  Әке-шешесі  өздерінің  тәртібін,  жаман  қылықтарын,  келеңсіз 
ойларын  түзеп,  баласының  жазылып  кетуіне  көмектесе  алады.  Ата-аналардың  білулері 
шарт  –  баланың  ауру  себебіне  олардың  еш  кінәлары  жоқ.  Ауруға  белгі  ретінде  қарау 
керек. Баланың ауруы – бүкіл отбасына ескерткен белгі. 
         
Балалар  ата-анасының  болашағы  және  олардың  қарым-қатынастарының  сыртқы 
көрінісі.  Баладан,  біз  ересектер:  дұрыс  әлде  бұрыс  жасап  жатырмызба,  бірден  байқауға 
болады. Баланың ауырғаны – ата-анасына берілген белгі. Олардың қарым-қатынастарында 
бірдеме дұрыс емес. Осыны біріккен күшпен талдап, жанұяда үйлесімділікті, татулықты, 
тыныштықты орнататын кез келді. Баланың ауруы – әкесімен-шешесіне өздерін өзгертетін 
уақыт болды деген белгі! 
         
Ересектер  өздерінің  құлыншақтары  ауырған  кезде  не  істейді?  Олар  баласының 
ауырғанын белгі деп түсіне ме? Әрине жоқ. 
         
Әке-шешесі  баласының  аузына  неше  түрлі  дәрі-дәрмектерді  тықпаштайды.  Осы 
әрекеттерімен келіп тұрған белгіні тұншықтырады. Осындай надандық, баланың ауруын 
онан  әрман  асқындырып  жібереді.  Ауру  ешқайда  жоғалмайды,  тереңге  сүңгіп  баланың 
нәзік денелерін талқандауды жалғастыра береді. 
         
Балалар  өз  әке-шешесін  өздері  таңдайды.  Ересектер  де  солай.  Ғарыш,  Жаратушы 
өткен  өмірлеріне  сәйкес,  әр  балаға  өзіне  лайық  ата-ана  таңдап  береді.  Кейбір  баланың 
жақсы  молшылық  пен  байлыққа  шомылған  жанұяда,  енді  біреуінің  нашар,  кедей 
отбасында  дүниеге  келуі  –  бүкіл  әлемдік  әділеттілік  Қарымта  заңымен  іске  асады.  Бұл 
жерде  бүкіл  әлемдік  әділеттілік  Қарымта  заңы  мүлтіксіз  жұмыс  істейді.  Бұның  бәрі 
баланың өткен өмірлеріндегі істеген жамандығы мен қайырымды істеріне байланысты. 
Бала  әкесі  мен  шешесін  қайталайды.  Онда  Ғарыштың  аталық  та,  аналық  та 
қасиеттері бар. Баланың Ғазиз жанында ата-анасының ойлары, сезім құбылыстары, қылған 
қылықтары  сақтаулы.  Әке  –  Ғарыштың  аталық  белгісінің,  ал  әйел  –  аналық  белгісінің 
бейнесі. 
         
Егер  әке-шешесінің  ойлары  бұзық  болса,  онда  бала  оларды  біріктіре  алмайды, 
білмейді. Осы сәтте Өзін не түсініксіз тәртібімен, не ауруымен білдіреді. Сондықтан, ата-
анасы өздеріне, қоршаған Әлемге, бір-біріне қалай қарайды, баланың денсаулығы да солай 
болады. 
Асыл сөз адамдарды жақсылық ниетке баурайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)   
                            
Қызғаншақтықтың, жауыздықтың зардабы 
 
Кішкентай  сәбиде  қояншық  (эпилепсия)  ауруы  басталады.  Жиі-жиі  қайталанады.  Дәрі 
жағдайын  онан  әрман  төмендетіп  жібереді.  Әке-шешесі  «халық  емшілеріне»,  бақсы-

балгарлерге апарады. Бұл уақытша жеңілдік береді. Сонан соң әкесі сәбиін емшіге алып 
келеді. 
– 
Сіз  өте  қызғаншақ  адамсыз,  –  дейді  емші.  Қызғаншақтық  Ғазиз  жаныңызда: 
жауыздықтың,  өшпенділіктің,  қара  ниеттің  өте  мол  қорын  шоғырландырады.  Алғашқы 
әйеліңізбен осыны Жаратушы жасағанын, Оның ескеруін ескермей, өзгергеннің орнына, 
керемет жауыз, қара ниет өшпенділікте болдыңыз. Нәтижесінде, бірінші әйеліңізден туған 
ұлыңыз  бәңгіші  (наркоман)  ,  мына  балаңыз  тумай  жатып  қояншық  ауруына  шалдықты. 
Баланың ауруы арқылы сіздің Ғазиз жаныңыз – өзіңізді, әйеліңізді құрту бағдарламасына 
қарсылығын білдірген. 
– 
Енді не істеуім керек? 
– 
Баланы бірақ нәрсе жаза алады. Өзіңіздің қызғаншақтығыңыздан арылу. 
– 
Қалай арыламын? 
– 
Сіз  бұны  тек  сүюді,  сүйіспеншілікті  үйренсеңіз  ғана  істей  аласыз.  Ол  үшін:  өзіңді, 
әйеліңді, балаңды, айналаңдағы адамдарды сүюің керек. Қызғаншақтық – сүю емес. Бұл 
өзіңе  деген  сенімсіздіктің  белгісі.  Әйеліңізге  меншік  зат  ретінде  қарамай,  өзіңіздің 
айнадағы  шағылыс  бейнеңіз  ретінде  қараңыз.  Өз  өміріңізді  төңкеріп  тастап  қайта  қарап 
шығыңыз.  Қай  уақытта  қызғандың,  көре  алмадың,  әйелдерге  өкпелеген,  ренжіген, 
өзіңіздің бел қуатына күмән келтірген шақтарыңызды. 
         
Жауыздығың,  жексұрындығың  үшін  Құдайдан  кешірім  сұраңыз.  Алдындағы 
танысқан барлық әйелдерді кездестіргені үшін, қандай жағдай өтпесін алғыс айтыңыз. Ең 
маңыздысы,  Жаратушыдан  өзіңізді,  ұлыңды,  тағы  басқа  үрім-бұтағыңды,  айналаңдағы 
адамдарды болашақта сүйе білуді үйретуін сұраңыз. 
 
Бала  үйде  айғай-шу,  жанжал  болса,  онда  оның  құлағынан  бұлақ  ағып  немесе  қолқасы 
сырылдап  (астма)  ,  көзі  көрмей  ауырады.  Осылайша  өзінің  ата-анасына:  «Маған  назар 
аударыңдар! Мен үшін отбасында – татулық, тыныштық, үйлесімділік болу керек». 
Балалардың  Ғазиз  жанындағы  өмірлік  бағдарлама  –  анасы  жүкті  болғанда  қалыптасады. 
Бірақта, осыны ересектер түсіне бере ме? 
 
Баласын алдырып тастауды ойлаған әйел 
 – 
Сіз ауыр аяқ болардың алдында баланы алдырып тастауды ойлапсыз ғой, – дейді емші  
диатезбен ауырған  баланың анасына. 
– 
Иә, солай болған. Мен ойладым, бала табуға әлі ерте. Бірақта, күйеуім мен ата-енем бала 
табуға көндірді. 
– 
Баланы  тууын  туыпсыз.  Бірақта,  Ғазиз  жаныңызда  оны  құртудың  бағдарламасының 
сілемі  қалыпты.  Босанғың  келмеу  –  баланың  өміріне  тікелей  төнген  қатер.  Ол  осыған 
аурумен жауап қатты. 
– 
Енді не істеуім керек?  Балама қалай қол ұшымды беремін? Дәрігерлер бұл ауруға дәрі 
жоқ, тек тамақ мәзірін (диета) сақтау қажет дейді. 
– 
Дәрі  бар.  Ең  бастысы  өзіңіз  «тазалануыңыз»  қажет.  40  күн  бойы  Құдайға  жалынып, 
баланы  алдырамын  деген  ойыңыз,  баланы  аялап  сүйіспеншілікке  бөлемей  қатігез 
болғаныңыз  үшін  кешірім  сұраңыз.  Бұл  сіздің  баланы  құртам  деген  бағдарламаңызды 
залалсыздандыруға көмектеседі. Бұған қоса, өзіңе, күйеуіңе, сәбиіңе деген махаббатыңды, 
сүйіспеншілігіңді білдіріп жүр. 

         
Есіңізде  болсын,  күйеуіңе  деген  қандай  болмасын  өкпең,  ренішің,  үйдегі  жанжал 
балаңның  денсаулығына  бірден  әсер  етеді.  Өз  отбасында  махаббат,  сүйіспеншілік 
кеңістігін құрыңыз. Бұдан тек қана бәріңізге жақсылық болады. 
 
«Кімде  жетіспеушілік  пайда  болса,  оны  адамдардан  тілесе  онда  ол  ешқашан 
мұқтаждықтан  арылмайды.  Ал  егер  Алла  тағаладан  сұраса  онда  Алла  тағала  оны 
мұқтаждықтан құтқарады, не ақырет берумен, не тез дүние берумен». 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Жүкті  келіншектің  ойының,  сезім  құбылысының,  болашақ  сәбидің 
денсаулығына  зор  әсері  бар.  Бала  тумай  алдырамын,  босанудан  қорқу, 
қызғаншақтық,  күйеуіне  өкпелеу,  ата-  енесімен  жанжалдасу  –  барлығы 
балаға беріліп, оның Ғазиз жаны өзін-өзі құрту бағдарламасын құрады. 
Бұндай  сәби  өмірге  қорғаныс  жүйесі  әлсіз,  жұқпалы  аурулар  бірден 
жұғатын  болып  дүниеге  келеді.  Дәрігерлердің  бұған  қатысы  жоқ.  Себеп, 
сәбиде  оның  әке-шешесінде.  Диатез,  аллергия,  энтерит,  стафилокок 
инфекциясы – бәрі әке-шеше ойының бұзықтығы, бала көтергенше де, бала 
көтергеннен  кейінгі  де.  Балаларда  неше  түрлі  қорқыныш  пайда  болса, 
себебін әке-шешесінің тәртібінен іздеу керек 
 
Қорқыныштан кімді емдеу керек? 
 
Бір күні емшіні балаларын қорқыныштан емдеу үшін бір әйел үйіне шақырады. Анықтаса, 
анасының өзі үйінен қарыс қадам шығуға қорқады екен. Әкесі бәңгі шегеді. Сонда кімді 
емдеу керек? 
                                      
                            
Кішкентай қыздың қорқынышы 
           
Келіншек  кішкентай  қызын  емшіге  алып  келеді.  Кішкентай  бала  таяу  арада: 
қараңғыдан, үйге жалғыз қалудан қорқа бастапты. Емші анасымен бірігіп себебін анықтай 
бастайды.  Сөйтсе,  жанұядағы  жағдай  қыл  үстінде  тұр.  Келіншек  ажырасуды  ойлап  жүр 
екен. Кішкентай бала үшін ажырасу деген не? 
         
Бұл  әкесін  жоғалту.  Әке  –  тірек,  қорған.  Анасында  ажырасу  жайлы  ой  туындай 
бастағанда,  бұған  кішкентай  қыз  қорқыныш  ауруы  арқылы  өзін  қауіпсіз  сезінбейтінін 
білдірген.  Келіншек  өзінің  ажырасам  деген  райынан  қайтқан  соң,  отбасы  татулыққа  бет 
бұрғанда, кішкентай қыздың да қорқынышы өзінен-өзі жоғалып кетті. 
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің 
           
Балалардың тәртібінің, ата-анасының тәртібіне тікелей тәуелді екені маскүнемдерді 
емдей  бастағанда  бірден  көрінеді.  Емшіге  балалары  маскүнем  ата-аналар  жиі  келеді. 
Ұлдарының  не  қыздарының  емделгісі  жоқ. Сонда  емші  олардың ата-аналарымен  жұмыс 
жасай бастайды. 
         
Емші ата-анасының Ғазиз жанының тәртібінің бағдарламасын анықтағанда, ұлынан 
немесе  қызынан  олардың  айнадағы  шағылыс  бейнесін  немесе  әке-шешесінің  бұрын 
өкіртіп  ішкендері  білінеді.  Әке-шешесінің  Ғазиз  жанындағы  маскүнемдік  бағдарламаны 
залалсыздырғанда,  олардың  маскүнем  ұлы,  не  қызы  арақтарын  өздерінен-өздері  қоятын 
болған. Қазақ атам: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп тұжырымдай салған. 
         
Ересектер  мына  маңызды  шартты  жетік  білуіміз  қажет.  Егер  де  от  басы-ошақ 
қасында  сүйіспеншілік,  татулық,  үйлесімділік,  силасымдылық  болса,  онда  балаңыздың 
дені  сау  болады.  Үйлесімділік  –  ата-анасының  сезімдерінде  аздап  шатқаяқтай  бастаса  – 
баланың тәртібі де, денсаулығы да кілт өзгереді. 
         
Балалар түк білмейді, бізден ақылсыз деген көзқарас қалыптасқан. Есіңізде болсын! 
Балалар  бізден  көп  біледі.  Балалар  –  ашық  жүйе.  Біз  ересектер,     бала  дүниеге  келе 
салысымен-ақ өзіміздің ойымызды таңып, оларды жауып, тұншықтырып тастаймыз. 

 
Әйелдердің аурулары 
 
Әйелдердің аурулары өздерінің тәртіптерін, қылықтарын, сыртқы бейнелерін, көріктерін 
қабылдағылары  келмегенде  ауырады.  Ол  өзін  нағыз  әйел  ретінде  сезіне  алмаса  немесе 
сезінгісі келмесе, біреудің аяулысы, сүйіктісі, сүйкімдісі, бағалысы, аңсауы бола алмаған 
күнде  де  ауырады.  Бұндай  әйелдер  әртүрлі  жолдармен  өзінің  нәзіктігін,  әйелдігін 
тұншықтырып, әйел – ана деген қағиданың, түсініктің өзінен бас тартады. 
         
Кейбір әйелдер жыныстық мүшелермен байланысты нәрселерді күнә деп қабылдап, 
осыған  сенімді  болып  ауруға  шалдығады.  Әйелдердің  қоғамдық  жұмыстарға  белсене 
араласып, өзін от басы – ошақ қасының билеушісі екенін білдіретін түсінік өткен ғасырда 
Кеңес үкіметінің тұсынан басталып, әлі жалғасуда. Бұған Лениннің: «Әрбір аспаз әйел – 
мемлекет билей алады» деген сандырағы мысал бола алады. Бұл әйелді қоғамдық өмірде 
жақсы  қылғанмен,  толып  жатқан  «әйелдік  шырғалаңдарды»  туындатып  жібереді.  Осы 
өмірде еркектің қуатына ие болып, өзін әйел ретінде сезіну, олар үшін өте маңызды. 
         
Еркектік  пен  әйелдік  бір  бүтіннің  полюстің  екі  жағы  емес  пе?  Олар  бір-біріне 
жайдан-жай  тартылмайды  ғой.  Жаратушы  Әлемді  жаратқанда  бірден  еркектік  және 
әйелдік бастауға бөліп тастаған. 
         
Әйелдердің жыныс мүшелерінің ауруы – еркекті жоққа шығару, одан қашқалақтау, 
оны  қанағаттандырмаудан  туындайды.  Бұндай  әйел  өзінің  міндетін  білмейді  және  оны 
атқармайды. Сондықтан, өзіне еркектің міндетін алады. Егер, әйел еркекке сүйіспеншілік, 
қуаныш,  ләззат  силай  алмаса,  онда  оның  жыныстық  мүшесінде,  әйтеуір  бір  шырғалаңы 
бар болғаны дей беріңіз. 
 
Жатыр 
 
Жатыр – әйелдің шабыттану үйінің белгісі. Жатырдың жағдайы, сіздің осы әлемде – әйел, 
ана, жар ретіндегі көрсеткішіңіз. 
Эндометриоз 
 
Сіз  әйел  ретінде  өзіңізді  қорғансыз  сезінесіз.  Еркектерден  тек  қана  жаман  қылықтар 
күтесіз. Үнемі біреу шабуыл жасайтындай сезінесіз. 
         
Сіз  өзіңізді  әйел  ретінде  көрсетуді,  осыны  іске  асырудан  бейхабарсыз.  Онымен 
қоймай  өзіңізді  мүжисіз,  кемсітесіз.  Сондай-ақ,  еркектерге  өкпелісіз,  ренжисіз, 
кінәлайсыз. 
         
Өзін шектеу мен өмірден түңілу жатырдың өзгеруіне әкеп тірейді. Бұндай жағдайда – 
әйелдер махаббатты, сүйіспеншілікті басқа бірдемемен алмастырады. 
Менің күйеуім керемет күйеу, менде оған деген сүйіспеншілік жоқ 
 
Емшіге эндометриезбен ауырған жас келіншек мұңын шағады. 
– 
Сіз  білесіз  бе,  менің  күйеуім  керемет  күйеу.  Ол  жақсы  адам,  балалардың  үлгілі  әкесі. 
Бірақта,  махаббат  пен  сүйіспеншілік  басты  орында  екенін  білсем  де,  менде  оған  деген 
сүйіспеншілік жоқ. 
 
Жатырынан үнемі қан ағып эндометриозбен ауыратын әйел былай дейді: 
– 
Мен еркектерді жек көремін. 
  
Тәп осындай сырқатқа шалдыққан әйел: 
– 
Менің күйеуім өте адал. Бірақ, мен басқа біреуді сүйемін. 
  
                   
Жатырдың ісігі – фибромиома 
 
Егер күйеуіңізден немесе басқа бір еркектен жәбір көрсеңіз, бірақ оны кешіріе алмасаңыз, 
жүрегіңізді осы шер – шерменде болып қатып қалса, онда сақ болыңыз! 

         
Жатырдың  ісуі  –  еркек  кіндіктілерге  деген  реніш.  Кінәлардың  қорланып  қалған 
шоғыры  және  осыны  үнемі  есте  ұстауыңыздың  салдары.  Сіздің  пікіріңізше,  әйелдік 
нәзіктігіңізге үнемі соққы жасалып жүр деген ойдасыз. 
         
Қазіргі  қалыпты  медицина  бұл  ауруды  емдей  алмайды.  Сондықтан,  жатыры  ісіп 
ауырған  әйелдердің  барлығына  жатырын  кесіп  алдырып  тастауды  ұсынады.  Бұған  әрбір 
әйел келісімін бере бермейді. Кесіп алып тастау ем емес. 
         
Есіңізде  болсын!  Жатыр  әйелдің  қуат  көзінің  бірі.  Операция  жасағанда  аурудың 
себебі құрып кетпейді. 
  
Дұрыс әйел де, дұрыс күйеу де болады 
 
Емшіге 40-қа келген әйел келеді. Бірнеше қабат жатырын кесіп алып тастауды ұсынған. 
– 
Біз ең басты мәселе туралы әңгімелесейік, – дейді емші. 
– 
Не туралы? 
– 
Қалай  не  туралы?  Қандай  ауруды  болмасын  емдеу  үшін,  алдымен  оның  себебін  жою 
керек. 
– 
Иә. 
– 
Өзіңіздің ауруыңыз туралы не айтар едіңіз, не ойлайсыз? 
 
Мен бұл туралы ойланған емеспін. Тіпті не айтарымды білмеймін. 
– 
Өзіңіздің ауруыңызға қалай қарайсыз? 
– 
Ол маған бөгет жасайды. Менің осы сырқаттан тезірек құтылғым келеді. 
– 
Сіз білесіз бе, адамдар өмір ағымында ауруларды өздері туындатады. 
– 
Мен сізбен толық келісемін. 
– 
Қараңыз, сіз саналы түрде жатырдың өзіңізге бөгет жасайтын ісігін сұрап алған жоқсыз 
ғой. Ал сіздің Ғазиз жаныңыз басқаша ойлайды. Ол сіздің ісігіңізді өсірді. Менің сенімім 
бойынша, бұны сізді көрге тезірек тығайын деп жасаған жоқ. 
– 
Онда не үшін жасады? 
– 
Сіздің өзіңізге әйел ретінде қарауыңыз үшін. Өзіңіздің кейбір ойларыңыз бен сезіміңізді 
өзгерту  керектігі  үшін.  Келіңіз,  қазір  Ғазиз  жаныңыздағы  жатырдың  ісігін  өсірген 
бөлігінен  сұрайық,  сонда  сіздің  қандай  ойыңыз,  қылықтарыңыз,  сезіміңіз  –  Ғазиз 
жаныңыздың осы бөлігіне ісікті өсіруге мәжбүр еткенін білетін боламыз. 
– 
Сұрап қажет жоқ. Мен онсыз да білемін. Сіз айтып жатқанда, маған өз-өзімнен жауап 
келді. 
– 
Онда менімен бөлісіңіз. 
– 
Себеп менің күйеуімде. 
– 
Сіздің күйеуіңізде ме, әлде оның тәртібіне деген өзіңіздің қылығыңызда ма? 
– 
Менің қылығымда. Айтыңызшы, күйеуі ішсе, жанжал шығарып боқтаса, қандай дұрыс 
әйел шыдайды? 
– 
Дұрыс әйел де, дұрыс күйеу де болады. Егер күйеуі дұрыс емес болса, өзін дұрыспен деп 
санайтын  әйел,  оның  жылдар  бойы  арақ  ішкеніне,  боқтағанына  төзгенше,  оған 

ренжігенше,  өзінің  ішкі  жан-дүниесіне  үңіліп:  «Не  үшін  осының  бәріне  шыдап  жүрмін? 
Қандай  ойым,  қандай  қылықтарым  менің  өміріме  осы  еркекті  әкелді?  Өзімде  қандай 
кемшілік бар? », – деп сұрақ қоюға тиіс. 
– 
Бірақ, мен оны сүйдім ғой. 
– 
Адамдар  кей  кезде  махаббатқа  қатысы  жоқ  нәрсені,  махаббат  деп  шатысады.  Оның 
үстіне сіз өзіңізді жақсы көрмейсіз. Айтпақшы, өз әкеңізге қалай қарайсыз? 
– 
Сіз білесіз бе, ол да ішімдікке құмар болып, анама жаман қарады. 
– 
Сіз  түсінесіз  бе,  сіздің  жан-дүниеңіздегі  ойыңыз,  өзіңізге  деген  көзқарасыңыз,  әйел 
ретінде  еркектерге  қарым-қатынасыңыз  бала  күнде  қалыптасқандықтан,  өз  өміріңізге 
осындай еркекті тартып алғансыз. 
– 
Енді менің не істеуім керек? 
         
Емші  бұдан  әрі  әлгі  әйелмен  бір  сағат  жұмыс  жасап,  аурудың  себептері  туралы 
әйелге «үй тапсырмасын» береді. Бір айдан кейін әлгі әйел қайта келеді. Оның көңіл күйі, 
киген киімі, реңі үлкен өзгерістердің болғанын білдіріп тұрады. 
– 
Сіз  білесіз  бе,  ішімнің  төмен  жағында  тартып  тұратын  ауруым  мүлдем  жоғалды. 
Өзіммен  таңертең  бір,  кешке  бір  сағат  жұмыс  жасаймын.  Күйеуімнің  де  жақсы  жаққа 
қарай өзгеріп келе жатқанын сеземін. Бір ай болды, арақты аузына алмайды. 
– 
Келіңіз, емімізді ары қарай жалғастырайық. 
         
Екі айдан соң әлгі әйел емшіге телефон шалып: 
– 
Сізге  телефон  шалып  тұрғаным,  өзімнің  қуанышыммен  бөлісейін  деп  едім.  Кеше 
гинеколог  –  әйелдер  дәрігері  және  онколог  –  қатерлі  ісіктер  дәрігерлері  мені  есептен 
шығарды. УЗИ жатырымның тап-таза екенін көрсетті. 
  
         
Жатыр мойнының таттануы (эрозия шейки матки) 
 
Жатыр мойнының таттануы – әйелдің намысын аяққа таптағандықтың бейнесі. Өзіңіздің 
ар-намысыңызды  әйел  ретінде  біреудің  таптағанына  сенімдісіз.  Сіз  өзіңізді  әйел  ретінде 
қалай ұстау керектігін білмейсіз. 
         
Қазіргі  медицина  емдеудің  орнына  татты  күйдіруді  ұсынып,  ауруды  онан  әрман 
тұңғиыққа  шөктіреді.  Есеп  бойынша  жатыры  ісік  ауруына  шалдыққан  әйелдердің  90 
пайызы,  алдында  жатырдың  мойыны  таттану  ауруымен  ауырғандар.  Оны  күйдірген. 
Дәрігер бұның себебімен емес, салдарымен күрескен. Осының себебін анықтап – өзіңіздің 
тәртібіңіз, қылығыңыз, ойыңыз, еркек кіндіктілерге көзқарасыңызды өзгертуіңіз қажет. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет