Біреу: өмірге, үкіметке, саясатқа өкпелеп апталап жатып ішеді
Мен саясатты түсінбейтін, әкімдерге, үкіметке қарсы келмейтін адамдарды жек
көремін, – дейді бұрын арақкеш болған, қазір зейнеткерлікке шықан жағрапия мұғалімі,
қазір Науалыдағы аты шулы картожник, қу сөзден "қуырдақ қуыратын" өзін саясаткермін,
білгішпін деп санайтын Ә.Ж. дейтін адам. Оның Ғазиз жанында: ашу-ыза, көре
алмаушылық, жек көру т.б. келеңсіз ойлар мен жаман қылықтар жылдар бойы
шоғырланып, қордаланып қалған. Қырық жылдай Науалы орта мектебінде география
пәнінен мүғалім болды. Бір де бір сабақта сабақ айтпайтын, тек түкке тұрмайтын өсек,
өтірікті судай ағызатын. Себебі, тақырыпты өзі білмейтін надан болатын. Осының
нәтижесінде ауыл тарихында Науалы орта мектебінің бір де бір оқушысы география
бөлімін бітірген емес! Ескерту: Науалыда екі орта мектеп бар. Оның үстіне жоғарғы класс
оқушыларын араққа үйретіп солармен бірге қосылып ішетін. Оларды карта ойындарына
үйрететін.Жас жеткіншектерге теріс тәрбие бергені үшін қарымта заңы бойынша
Жаратушы тарабынан қатты жаза алуда. Қаңғырып қу басы ғана қалды.
Біреу қатынын қызғанып ішеді. Арақ оның қызғанышын басады. Енді біреу: өмірге,
үкіметке, әкімдерге, саясатқа деген ірілі, ұсақты өкпе-ренішін өзіне өмір бойы жинақтап,
сонан соң апталап жатып ішеді.
Маскүнем ұлын емдеуге әкелген әйел
Емшіге бір әйел өзінің маскүнем ұлына қол үшін беруін өтінеді. Әңгіме барысында әйел
өзін бүртүрлі ұстады. Емші: «Өзі арақ ішеді, онымен қоймай ұлына жәрдем беруін
сұрайды», – деп іштей ойлайды. Сөйтсе әлгі әйел бұдан бірнеше жыл бұрын
маскүнемдіктен емделіп «құлыпталыпты». «Құлыпталған»-менде жан-дүниесінде ауру
сақталып қалған. Оның сыртқы бейнесі, қылығы осыны білдіріп тұрды. Емші мен әйел
сөйлеседі:
–
Мен арақты қойғаныма қуаныштымын.
–
Қанша жылға «құлыпталдыңыз».
–
Барлық қалған өміріме. Мен осыған разымын. Бірақ, ұлым іше бастады.
Бұл әйел оның ауруының баласына «көшкенін» түсіне алмай аң-таң болды. Әлгі
әйел «құлыптау»-дың көмегімен, өзінің араққа құмарлығын тұншықтырып, Ғазиз
жанының түбіне сүңгітіп жібергенімен, нақтылы себебі жойылған жоқ. Ал, оның ұлына
анасының Ғазиз жаны ықпал етті.
«Арақ-шараптан ақыл да, пайда да, абырой да, қайырымды мінез-құлық та,
адамгершілік те күтпе! Мүлде ішпейтін адам – нағыз қадырлы адам». Шыңғыс хан
Ішкі жан-дүниесіндегі нақтылы себептің көзін құртпай, адам басқа ауруға
ұшырайды. Ауырмаған күннің өзінде, осыны өзінің ұрпақтарына «өткізіп» береді.
Құлыптау-кодирование бұдан біраз жыл бұрын өзінің жақсы жақтарын көрсетті. Бірақ,
қазір осы мәселенің түйіншегін шешу үшін басқа шешім табу қажет.
Бұдан шығатын жол бар ма? Әрине бар!
Маскүнемдіктен жазылудың негізгі бастауы – адамның өзінің ішкі жан-дүниесінде
бұғып жатыр. Тек оған баратын сүрлеуді табу керек. Маскүнемді емдеу (тұншықтыру
емес) – адам өзінің ауруының жауапкершілігін өзіне ғана жүктегенде ғана іске асады.
Ең алдымен қандай құрбандыққа бармасын, осы аурудан қайтсем де құтылам деген
өзінің зор қалауы болуы шарт. Өткенімен қоштасып, өзін тауып, салауатты өмір салтымен
басқа адамға айлану. Барлығын шешетін өзіңізсіз. Өзіне және емшіге деген сенім –
ғажайып жасайды. Ол үшін біраз тер төгуге тура келеді.
Бәрі түсінікті сияқты, ішімдік – У. Ол денсаулыққа зиян. Ол өміріңді талқандап,
жанұяңнан ажырастырып, тентіретіп, аздырып жібереді. Бұл жайлы өте көп жазылып та,
айтылып та жүр.
Бірақ, неліктен адамдар өздерін ішімдікпен улай береді?
Қаншама жылдар бойы арақпен, маскүнемдікпен күресудеміз – нәтиже шамалы.
«Күш – қарма-қарсы күшке тең» деген физиканың заңы бар. Бұны мектеп қабырғасынан
білеміз. Біз неғұрлым маскүнемдік, арақ туралы көп айтамыз, соғұрлұм маскүнемдікпен
күресу қиындап, күрделене түсуде.
Маскүнемдік – жеке бастың ауруы, ішімдік өзінше ішкі жан-дүниеңнің ауруының
«дәрісі». Мынаны білуіңіз шарт: ішімдік ауру тудырмайды, керісінше адамның ішкі жан-
дүниесінің өзі бастапқыда-ақ ауруға шалдыққан. Адам өзінің ішкі жан-дүниесінің
жарасын жеңілдеткісі келіп, бәңгілік (наркотик) заттарды аңсайды. Сондықтан, алдымен
адамның жан-дүниесін емдеу шарт. Сонда бәңгігіе деген құштарлығы өзінен-өзі құриды,
жоғалады, жабылады.
Маскүнемнің жаны ауру. Оған – қорқыныш, үрей, жалғыздық, көре алмаушылық,
қызғаныш, реніш-өкпе, ашу-ыза, түңілу «вирустары» жұққан. Ішімдік уақытша осыларды
залалсыздандырады, ұмыттырады. Әрине, арақ адамның ішкі жан-дүниесінің жарасын,
жанын емдемейді. Барлық химиялық қоспалар сияқты ішімдіктің де жанама жаман
салдары болады. Улы заттар қалдығы ішкі мүшелерге шоғырланады, әсіресе ми мен
бауырға. Біртіндеп өзінің талқандау жұмысын жүргізе бастайды. Сонда арақ – у, екінші
қырынан науқасқа уақытша болса да жәрдемдеседі.
Арақтың өміршеңдігі – адамдардың көпшілігі іздейді. Олар ішімдіктің құлы болып,
оған өзінің еркін, жігерін, қуатын: уақытша болса да өзін тыныш сезіну үшін құрбандыққа
шалады. Сағым-елес үшін осындай төлемақы төлеуге тұра ма? Өзіңнің өміріңді, қуатыңды
біраз ғана болатын бәңгілік бақытқа айырбастауға бола ма?
Болды жетеді!
Барлық күш жігерімізді маскүнемдікпен емес, өзіңді жетілдіруге, рухани дамытуға
жұмсау қажет. Адам – табиғаттың ұлы туындыларының біреуі. Адамда жануарлар мен
өсімдіктерде жоқ қасиет – кие бар. Бұл қасиет – өзін-өзі жетілдіру, жаңа бірдемеге үйрену,
ақиқатты түсіне алу.
Не істеу керек?
Ең алдымен – ішімдіктерді, арақты қасірет, зиян деп қабылдаулан бас тарту қажет!
Егер сізде араққа деген құмарлық бар болса, онда өзіңізге ренжімей тұра-тұрыңыз.
Алдымен ішкі жан-дүниеңізге үңіліп, арақты не үшін ішкің келетініңді анықтап алыңыз.
Бұның қандай пайдасы бар? Иә! Пайдасын анықтаңыз! Сөзіміз түсінікті болу үшін
мысалдар келтіре кетейік:
Арақ – адамның сезім-құбылысын өзгертетін бәңгілік (наркотиктік) сенімді құрал.
Басқаша айтсақ, қандай адамның болмасын арақ ішудегі мақсаты – өзінің сезім
құбылыстарын өзгерту.
Мысалы, ішімдік көптеген адамдарға бостандық, босаңсу, еркіндік береді.
Мамыражай қалыпқа енеді. Енді біреулер, келісім-шартқа қол қоюды жеңілдету үшін,
салт-дәстүр ретінде қолданады. Басқа біреулер әңгімесі жарасу үшін ішеді. Бәз біреулер
шаршағандарын басу үшін ішеді. Көптеген адамдар жүйкесінің ширығуын тарқататын,
шындықтан, қорланып-жиылып қалған шырғалаңдардан қашу үшін ішеді. Бірақ, бұлардың
бәрі – өзіңді-өзің алдау.
Бұнымен шырғалаң шешілмейді, одан әрман өрши түседі. Шырғалаңдардан қашу
емес, оларды шешу керек. Өзіңнен қашып құтыла алмайсың! Шындықтан, ақиқаттан
қалай қашасың? Осылардың бәрін құрған өзіңсің ғой! Біз өз өмірімізді өзіміз құрамыз ғой.
Олай болса, одан қашу емес, оны өзгерту қажет. Ол үшін өзіңнен бастауың шарт.
Ішімдік – адамның көңілін көтереді, қуаныш пен шаттықа бөлеп, сенімділік туғызады.
Өмірде қуанышқа, шаттыққа, бақытқа толы тіршілік кешуге басқа жол жоқ па? Бар болса
оның әдісі қандай?
Маскүнемдіктен емделудің бірінші қадамы, арақтың жақсы жақтарын жазудан бастаңыз.
Жазып болғаннан кейін, осы шаттық, қуаныш, бақыт т.б. әкелетін басқа әдістерді
тізіп жазыңыз. Ол ішімдіктен жақсы, сенімді болсын. Мынандай ереже бар: «Егерде
жаман қылықтарыңыздан құтылғыңыз келсе, онда жаңа қайырымды қылықтарды
құрыңыз! Осы қайырымды қылықтарды тәп осы сәттен таңдаңыз, бастаңыз! Ертеңге
қалдырмаңыз. Қазақ айтады: Еріншектің ертеңі таусылмайды», – деп. Өз өміріңізді,
жақындарыңыздың өмірін улауды доғарыңыз, тоқтатыңыз! ».
Енді «жаңа тәртіп әдістерінің не екенін толық түсіндіре кетейік. Жаңа тәртіп
әдістері – жаңа ойлар, сезім құбылыстары, қоршаған әлемге деген басқа көзқарас. Бұл
өмірдің әртүрлі жағдайларына, болып жатқан оқиғаларға басқаша қарау, осыларды
басқаша бағалау.
Осы кезге дейін сізде таңдау болған жоқ, сіз арақтың құлы болып, одан құтыла
алмадыңыз. Енді таңдау бар, ол – қайырымды, қайырлы әдеттер.
Өзіңізді құттықтаңыз! Осы сәттен бастап азаттық алдыңыз!
Маскүнемдік – адамның жеке тұлғасының ауруы. Маскүнемдік дегеніміз – жан
дүниесі, жаны ауру адам. Өз өмірін жан-жақты үйлестіре алған адам, еш уақытта сілейе
тойып, мас болып арақ ішпейді. Бұндай жағдайда ішімдікпен арпалысу, онымен күресу
ақымақтық болар еді. Себебі, ол өз өмірін өзі құрып, өмірдегі керектісін тапқан. Жазылу
үшін адамдарды жақтырмаудан, жанжалшыл болудан т.б. жаман қылықтардан арылып,
жан-дүниеңізді тазалаңыз. Маскүнемдікті күйзеліс пен жан ауруы туындатады. Осы кезде
арақ жан-дүниеңді жазғандай болады. Бірақ, бұның бәрі уақытша елес.
«Мас болу – өз еркіңмен жындану». Аристотель
Осы сәттен бастап маскүнемдікке душар қылған: келеңсіз ойлардан, жаман қылықтардан
құтыла бастаңыз. Сіз үшін бұны басқа пенде істемейді.
Келеңсіз ойлардың, жағдайлардың кейбіреулері төмендегідей:
–
Әртүрлі қорқыныштар: келешекке деген, біреу жазым қылып кетеді-ау деген;
–
Өзін кінәлі сезініп, өзін жазалағысы келуі;
–
Өткен күндеріне өкіну;
–
Сары уайым, күйзеліс, іші пысу;
–
Жаңғыздық сезімі;
–
Өкпе, реніш, ашу-ызы, көре алмаушылық, жек көру;
–
Біреуді кінәлау, жеркеніштік, адаммен тіл табысып сөйлесе алмау;
–
Қызғаныш, күндеу;
–
Өзіне-өзі қанағаттанбау. Өміріне, қоршаған ортаға, әлемге көңілі болмау;
–
Тығырыққа тірелу сезімі;
–
Өзін кем санау, өзіне сенбеу. Өзін не еркек, не әйел ретінде сезінбеу;
Өз өміріңізге сүйіспеншілік, қуаныш, шаттық, рухани тыныштық, үйлесімділікті
кіргізіңіз. Жаман ойлардан, келеңсіз қылықтардан қалай құтылуға болады?
Ол үшін өз көзқарасыңызды міндетті түрде өзгертіңіз. Өзіңізді қоршаған әлемді,
айналаңдағы адамдарды басқаша бағалап үйреніңіз. Басқаша жол жоқ.
Қысқаша қортындылайық:
1.
Маскүнемдіктен қалай болса да арыламын деген: қайтпас қайсар қалау, мақсат,
осыны іске асыратын мұқалмас жігер қажет.
2.
Өз өміріңізде арақты не үшін ішкеніңізді анықтап алыңыз. Ол сізге қандай
пайдалы міндет атқарды?
3.
Жаңа тәртіп әдісін құрып, осыны іске асыра бастаңыз. Жаңа қайырымды
қылықтарды әдет қылып, таңдау еркінің тізгінін босатыңыз.
4.
Кері кеткен келеңсіз ойлардан арылыңыз. Өзіңізге, Әлемге, айналаңдағы
адамдарға деген көзқарасыңызды кілт, түбдегейлі өзгертіңіз.
Темекі шегу
«Жан талпынар талайды көрмек үшін,
Әр сырын дүниенің білмек үшін.
Дене байғұс салмақ боп баса берер,
Жаралған ғой түбінде өлмек үшін». Шәкәрім
Темекі шегетін адамдардың басым бөлігі, темекіге жас кезінен үйренген. Темекі дәмді
деп ешкім айта алмайды. Алғаш тартқанда басың айланып, жүрегің лоқсып, жөтелесің.
Темекі шегетін адам – сасық дем, ентігуді, тісінің сарғайуын, жүгіре алмайтын өкпе,
қырылдаған тамақ, өкпенің қатерлі ісік ауруының елесін, өкпе, жүрек ауруларына
шалдығатынын бәрі біледі. Бірақта, оларды темекіні қайта тұтатуға не мәжбүр етеді?
Адамдар ләззат алу үшін емес, өзінің қоғамдағы алатын орнын білдіру үшін тарта
бастап, соңынан әдетке айландырады. Бозбала-жасөспірімдер өзінің жеке тұлғасының
маңыздылығын көрсету үшін, жас қыздар ешкімге тәуелді еместігін және нәзіктігін
айшықтағысы келеді.
Ержете келе осылар басқа мағынаға ие болады. Ересектер өздерінің сезімдерін
бақылап: тыныштық, жағдайы жаман емес екенін, байсалды қалпын айғақтайды. Адам –
темекі тұтатудың өзін, өзінің сезімінің биіктігінің белгісі деп санауға әдеттенген.
Темекі шегу барысында пайда болатын қалып:
–
Өзінің ешкімге тәуелді еместігінің, ержеткеннің белгісі;
–
Өзін топтың бір бөлігі сезінуін, олармен қарым-қатынас жасай алатындығын;
–
Жағдайының жаман еместігін, ішкі сезімінің жұмсақтығын, тыныштығын,
байсалдылығын;
–
Өзінің сезім құбылыстарын бақылай алатындығын, мамыражай қалыпқа
келетіндігін;
–
Ойын бір бағытқа бағыттай алатын сезімі, ойлай алу қабілетінің
жоғарлылығын;
–
Өзінің ерекше сезімтал жан екенін;
–
Өзінің нағыз еркек, от басы екенін сезіну;
–
Жұмыс қабілетінің артатынына;
–
Бір жұмысты қопарып тастағанын;
–
Уақытын өткізу үшін;
–
Жаңа күнге, жаңа қарқын беру үшін;
–
Өзінің молшылықта өмір сүретінін көрсеткісі келеді (қымбат шылым шегіп).
Сіз шылымға қалай байланғансыз?
Ең бірінші істейтін шаруаңыз, өзіңіз темекі тартудан бас тартыңыз. «Мен шылымды
белгілі бір мақсатымды орындау үшін шеккенмін». Енді ойланыңыз. Денсаулыққа зиян
осы әдіс қолайлы ма? Мүмкін осыны басқа бірдемемен алмастырармын?
Өзіңізге таңдау жасаңыз!
«Сырын мен білетін бірден – бір сұлулық – денсаулық». Г. Гейне
Салауатты өмір салтын ұстанғыңыз келсе, жақсы қалау жасаңыз. Сол қолыңызбен мына
сөздерді: «Мен шылымнан жеңіл құтыламын. Салауатты өмір салтын ұстанамын. Менің
өкпем таза, дем алысым тұнық. Мен жаңа тәртіп әдістерін құрамын. Жаңа ойлардың
көмегімен темекіні оңай тастаймын», – деп жазып күнделікті оқып қайталаңыз.
Мысалы, сіз шылым шегіп, шертие қарап, өзіңіздің еркек – үй иесі екеніңізді
көрсеткіңіз келеді. Енді ойланыңыз, басқа қандай әдістермен еркек екеніңізді баса
көрсетуге болады?
Нақ еркек болудың белгілері көп: жігерлі болу, өзіңе барлық жауапкершілікті
жүктеу, уәдеде тұру, өз бетіңше шешім қабылдау. Сіз осы белгілердің біреуін дамыта
беруіңізге болады. Осылайша Ғазиз жаныңыз осыған қалыптасып, оны өзіңіздің пайдаңыз
үшін, ең қауіпсіз әдістердің біреуіне айландырады.
Егер темекі өзіңізге тыныштық, жайлы жағдай әкелуге көмектессе, онда өміріңіздің
қандай қырына қанағаттанбайсыз, қандай қырының жайсыз жағдайын жақтырмайсыз,
соны анықтаңыз. Өзіңіздің жеке шырғалаңдарыңыздың шырмауын шешкеннен кейін,
өзіңіз де шылым шекпейтін боласыз. Рахаттану мен тыныштықтың, мамыражай қалыпқа
келудің басқа әдісін табуды үйренесіз.
Өзіңіздің тәртібіңізде белгілі бір сезімге жеткізетін жол бар екенін білгеннен кейін,
шылым шегуді азайта бастап, тоқтатыңыз. Әрбір тартқан темекіңізге алғыс айтып, азат
етіп, мынандай сөдермен шығарып салыңыз: «Сен менің белгілі бір қалауымды іске асыру
үшін көмектескеніңе алғыс айтамын; мен сені байлаудан азат етемін; саған
сүйіспеншілікпен разы бола отырып, өз өмірімнен біржола босатамын». Егер темекіні нақ
тастағыңыз келсе, бұлай істеудің түк қиындығы жоқ.
Кейбір кезде қымбат темекі байлықтың, молшылықтың, іскер адамның көркі сияқты
болып көрінеді. Дүние жүзіндегі аса бір мыңғырған бай, атақты адамға сұрақ қойыпты:
–
Сіз қандай шылым шегесіз?
–
Мен мыңғырған өте баймын. Не қалаймын бәрі бар. Өзімді, өз өмірімді аса жоғары
бағалап сүйемін. Сондықтан, ешқандай да қамшылайтын затқа зәру емеспін, – деп жауап
қайтарыпты әлгі шіріген бай.
Ақиқатында кімнің шырғалаңы көп, тек солар ғана шылым шегеді. Темекісіз-ақ,
өмірдің қызығына шомылып, кеудеңді кере таза ауамен демалғанға не жетсін! Барлық
темекі шегетін пенделерді біріктіретін, аса маңызды нәрсе – темекі шегетіндер әртүрлі
деңгейде өмірді жоққа шығарады. Олар өздерін, өмірдің ағымын жақтырмағандықтан,
өздерін темекімен талқандайды.
Осы жалған фәни өмірде – өзіңізді және өмір ағымын сүйе бастаңыз. Сонда сіздің
сүйіспеншілігіңіз аса жоғарғы деңгейге көтеріледі, өзіңіз-ақ темекіден бас тартатын
боласыз.
Семіздік, артық салмақ, қомағайлық, мешкейлік
«Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі сергек әрі жайдарман көңіл күй».
Х.Бостерм
Қалай арықтауға болады?
Сіз әрқашан ашыққан кезде, тамақ ішетін сәтті жіберіп алмай, жадыңызда ойша
сақтап жүріңіз. Егер сіз жігерлі адам болсаңыз, ашығуды өміріңіздің ажырамас бөлшегіне
айландырасыз. Артық салмақ сізді ауру, әлсіз, мезгілсіз қартайтуға әкелуіне жол бермеңіз.
Өз денеңіздің иесі болып, семіруіне жол бермеңіз. Өзіңізге бағдарлама жасап алыңыз,
бірақта бір аптаның ішінде арықтаймын деп ойламаңыз. Қалыпты салмаққа келу үшін
уақыт керек. Қалыпқа келіп, сымбатты да әдемі болғанда өзіңізді-өзіңіз мақтан тұтыңыз.
Кімнің болса да, өзін тамаша сергек, көңілді сезінгенінде, өзі үшін мақтанғысы келеді.
Осылай болу үшін еңбектену керек! Ашығу, өзіңді өзің тежеу, дұрыс тамақтану – міне
денсаулықтың өтемі.
Өзіңіздің салмағыңызға, қарныңызға, бөксеңізге, қолдарыңызға үнемі назар
аударып жүріңіз. Осы кітапты мұқият, ыждағаттылықпен оқып шығып, арықтағыңыз
келсе қолданыңыз. Ашығу мерзімін анықтағыңыз келсе дәрігермен ақылдасыңыз.
Бағдарлама жасалғаннан кейін, сіз жақсы нәтижеге жетем деп өзіңізді иландырыңыз.
Санаңыздың илануы денсаулықты түзетуде маңызды орын алады. Ашығу оңай емес,
арықтау да қиын. Тек санаңыз иланып, дұрыс әрекет жасағанда ғана, сіз көздеген
нәтижеге жетесіз. Бүгіннен бастаңыз.
Тәп осы сәттегі денеміздің қалпы, ойымыздың, сезім құбылыстарымыздың, қылған
қылықтарымыздың айнадағы шағылысы, яғни ішкі жан-дүниеміздің сыртқы көрінісі.
Егер сізде артық салмақ болса дәрінің сиқырлы күшімен арықтауға асықпаңыз. Ішкі
жан-дүниеңізге үңіліңіз, себеп сонда. Өзіңді және тәніңді ұзақ 15...20...30 күндік
ашығумен, әртүрлі деңгейдегі тамақ мәзірлерімен, қыстың қақаған аязында жөнсіз суық
сумен құйынып зорлауға болмайды.
Әрине, осындай әдістермен белгілі нәтижеге қол жеткізесің. Бірақ, ол уақытша
болады. Өзіңе деген көзқарасыңды өзгертпесең қайта семіріп, толасың.
Семіздікке жетелейтін кейбір ойлар мен сезім құбылыстары
Қорқыныш және қорғанысқа деген қажеттілік. Семіз адамдар көбінесе өзін
қорғансыз сезінеді. Май – қорғаныс, қалқан міндетін атқарады. Олар өте сезімтал келеді.
Бірақта, өздерінің сезімдерін ауыздықтай алмағаннан кейін, май келеңсіз сезімдер мен
уайымды саябырлатады.
Семіздік – өзіңді жек көрудің, өзіңе қанағаттанбаудың сыртқы көрінісінің біреуі.
Сіз өзіңізге онша разы емессіз. Өзіңізді орынсыз сөгіп, жиі-жиі сынап мінейсіз. Осы кезде
денеңіз амалсыздан қорғанысқа көшеді.
Өз басындағы отты көрмей, елдің басындағы шоқты көру
Шашатаразға орасан жуан, «жарты түйенің етіндей» семіз әйел келеді. Оның өзі
былшиған семіз адамдарды жек көретін.
–
Доңыз шошқа сияқты жардай семіздердің терісі де алқам-салқам. Мен оларды
иттің етінен де жек көремін.
Барлық семіз адамдарға ортақ нәрсе – өздеріне деген сүйіспеншіліктің болмауы.
Сондықтан, арықтаймын десең алдымен өзіңнің тәніңді қабылдап, өзіңе сүйіспеншілікпен
қарауды үйрен.
Көптеген әйелдер босанғаннан кейін тола бастайды. Бұны дәрігерлер де, өздері де
гармондық құрылымның өзгеруіне телиді. Себеп осында ма?
Баяғыда қазақтың бала тапқан әйелдері 10 бала тапса да – сұңғақ, сымбатты, көрікті
қалыптарын сақтап қалды емес пе? Сирек болса да осындай көп балалы аналарымыз әлі де
бар ғой!
Әрине, ағзада гармондық өзгерістер босанғаннан кейін болады: сүйектердегі кальций
құрамы өзгереді, жанбасы кеңиді, бірнеше милимметрге танауы ұзарады, бұғағы білінеді
т.б. Семірудің себептері мұнда емес. Себеп – бала тапқан келіншек, өзіне көңіл бөлуді
бәсеңдетеді. Барлық көңілі балаға ауады. Бұл өрескел қателік. Келіншек бала тапқаннан
кейін, өзіне көңілді екі есе бөлуі қажет. Бұны аяғы ауыр болып жүргенде бастауы қажет.
Көңілді тек бет-әлпетіңе ғана бөлмей: өзіңнің ойыңа, сезімдеріңе, тәртібіңе де бөлуің
шарт.
Сүйіспеншілік, мамыражайлық мол болған сайын, баланың денсаулығы да шыңдала
береді. Ендеше ұйқысыз түндер саны да, азайып кемиді.
Науалы тұрғыны Нұртаза Абылхан ақсақалдың әңгімелері
Кітап авторы ретінде марқұм Нұртаза Абылханұлы ақсақалдың өз аузынан естіген,
болған оқиғалардың біреуін ғана айта кетейін. Нұртаза Абылхан ақсақал арғы ғасырдың
барлық қилы замандарын басынан өткізген, ұзақ тарих кешкен кемеңгер кісі еді. Қарадан
хан болған дегендей арғы аталары артықша туған жандар болған. Сондай асыл нәсілдің
соңғы көздері, осы ақсақалды бейнелеп айтсақ, ана тілдің академигі, әңгіменің – Әуезові
деуге де болады.
Найманның тажалы
Нұртаза ақсақал сөзін былай бастады: «1952 жылы Қытайдағы Дөрбіжін қаласында
5...6 саудагер бірігіп семіз қой сойғызып, май жеп жарысатынбыз. Майды шайнамай
жұтуды үйрендік. Сол кезде өзімнің ұн тартатын екі меншік диірменім болды, ал Ертістің
бойында Керейлер жалпы астық екпейтін халық, апталап жатып менен ұн сатып алады.
Сол жылы жұмыстарым да болып, оның үстіне: «Нүке! Келіп қонақ болып қайтыңыз», –
дегеннен кейін Ертістің бойымен Алтайға қарай құлдап жүріп кеттім. Қыс кезі, күн
еңкейіп қалған, шыңылтыр аяз, ымырт жабыла Исатолла деген бір Керей бар еді, әлгінің
үйіне келдім. Мені көріп: «Ой, Нүкең кеп қапты ғой! » – деп бәрі жік-жаппар болды. Мені
аттан түсіріп алып үйге кіргізді. Сол кезде Керейде көп нан болмайды, тары жейді. Ол
кезде қазақ келген бетте жөн сұраспайды, үйдің иесі малдарын жөндеп далада жүр.
Үйге келіп төрде отырғанымда, әйелі үлкен ағаш шары аяқпен толтырып
бықтырып, бүктіріп тары алып келді. Аш келген адам әлгіні соғып алдым. Бір уақытта
үйдің иесі мен әйелі күбірлесіп жүр, олардың тошаласы үймен қатар болады. Тошала
деген ет сақтайтын жер.
Әйеліне ет салып жатқан кезде: «ағарған жағынан», – деп айтты. «Ә, ағарғаны не
салады екен, жаңағы тарыны бекер-ақ жеппін» – деп ойладым. Етін салды, әңгімелестік,
уақыт өтті. Олар негізінде екі-үш үйден ғана отырады, біраздан кейін көршісі келді, сәлем
берді. Бәрі мені таниды, мен олардың көпшілігін танымаймын. Әйелі ет түсіріп, үлкен
астаумен бірақ әкелді, оларда жайма салу деген болмайды.
Қарасам, әйелі де бір мың болғыр адам екен, ағарған жағы дегенді өте дұрыс
түсініпті, ылғи аппақ май, анда- санда ғана бір қаракесек ет, бүкіл бір құйрықты
ұшасымен бірге салған сияқты. «Әке-ау, қалай болар екен» – деп бір ойладым да, үй иесі,
көршісі үшеуміз үш жақтап турадық. Қолға бір қара ілінбейді, үлкен қырма табаққа турап
жатырмыз, турап жатырмыз әйтеуір бір уақытта турап біттік. «Ал енді жеңдер», – десем,
әлгілер «Нүке! Сіз жеңіз», – деп табақты маған қарай итеріп қояды. «А, Найман шал!
Әруағынан айналайын, мені қолдай көр! Керейлердің алдында ұятқа қалдыра көрме», –
деп өзімді-өзім бекітіп алдым.
Егер Қаракерей, Байыс, Тума деп жатса түк емес қой, бұлар Найман деп сөйлейді
ғой. «Кеудесіне нан піскен жаман Найман, табағымыздың шетін оя алмай кетті», – деп
айтады. Ол кезде Найман мен Керей арасында іштей бір тартыс бар, Керей негізі тау
халқы, тары ғана егеді. Олай болса деп, ет түсер түспестен кірісіп кеттім. Бұрынғы
үйренген әдіске салып майды жұта бердім, жұтып жатырмын, жұтып жатырмын, бір
майдың да дәмін татқан жоқпын.
Кеңірдегіме кеп қалған уақытта қозғалақтап қоямын, табақтың жартысынан аса
табақты өздеріне қарай итердім, қаракесек ет жеген жоқпын. Үй иесі мен көршісі мен
тоймай табаққа қол салатын түрлері жоқ, сүйек мүжіп өздерімен, өздері отыр. Әлгілерге
ызам да келіп отыр, не болса да тағы да қозғалақтап қойып қайта кірістім. Табақ бітуге аз
қалғанда, май өңеміше тұрып қалды. Әлгілерді әңгімеге айландырған боп, табақтағы
майды түгел бітірдім. Қарасам екі шеңгел қаракесек ет қалыпты, не болса да деп бір
шеңгелін аузыма тастап жібердім. Қаракесекті шайнап жеу керек, жүрегім лоқсыңқырап
әлгілерге сездірмей үш қылқынып барып әрең жұттым. Қалған бір шеңгел ет, енді мен
үшін уайым болды.
Енді не істеймін деп отырғанда ойыма бірдеме сақ ете түсті: «мына Найман аш
келген бе деп, мына құдағилар сөгер, мынаны құдағилар жесін», – деп табақты ары қарай
итере салдым. Әйелі де ана жақтан қарап отыр екен, келді де табақты іліп ала жөнелді.
Керейлер әйелдерінен бөлек отырады екен. Сонымен сүйек мүжіп отырған үй иесі мен
көршісі аш қалды, өздерінен өздері көрсін дедім. Шәй, сорпа келді, бір тегене құрт әкелді
езіп, осы құртты ішіп алдым.
Бір уақытта жатар алдында денем өзінен өзі қызып дуылдай бастады. Кешке
жақын Ертісті бойлап келе жатқанда су алатын ойықтарын көргенмін, атты қараған болып
жаңағы ойыққа барып, бетіндегі қаймақ мұзды қағып тастап басымды салдым. Қаңтардың
аязындағы мұзды суды басым мүлде сезбейді, басымды екі үш қабат малып алдым.
Басымды шүберек белбеумен сүртіп, құрғатып түк болмағандай болып үйге келіп жатып
қалдым.
Бағана «ағарған жағы» дегенде арты қалай болар екен деп, таңертең ерте кетемін,
ақша аударуым керек деп құлағына құя бергенмін. Маған не болса да ерте кету керек.
Ағарғанның арт жағы қиын болатынын өзім сезгенмін, әйтпесе бір-екі күн жатайын деп
келгенмін. Содан жаттым, не ұйықтап, не қойғанымды білмеймін, дөңбекшідім. Таңға
жақын көзім ілінгендей болды. Таң алаң елеңде тұрып едім, әйелі де сақ екен, мен өйтіп-
бүйтіп далаға шығып жуынғанымша бір шәугім шәйін қайнатып қойыпты. Бір шәугім
шәйді аузымның күйер-күйгеніне қарамай ішіп алып атқа қондым.
Атқа енді міне берейін деген кезде кешегі көршісі сап ете түсті. «Ойбай, Нүке!
Кететін боп қалдың ба? Сізді бір-екі, үш күн жатады деп ойлап едік», «мен жатайын-ақ
деп едім, жатқызбасың жатқызбай бара жатыр», – дедім, бірақ ол оны түсінген жоқ. «Сіз
ерте кетеді дегеннен кейін бір қуырдақ қуыртып қойып едік», – деді. Аттап өтуге
болмайды, еріксіз үзеңгіден аяғымды алып үйіне кірдім. Үйіне кіріп едім, сиырдың ашты
қуырдағы екен, екі-үш қарбытып жеп жіберіп, екі-үш кесе шәйін ішіп алып атқа қондым.
Күн шықпай шығып кеттім, еңкейсем болды май жетіп келеді, әлі өңешімде тұр,
шалқайыңқырап қойып жүремін.
Қаңтардың аязы, денем өзінен өзі қызып аязды елейтін емеспін. Қалың үлкен ішігім
бар еді, оны бөктеріп алдым. Жұқа ішігімді ғана киіп, тымақтың құлағын көтеріп байлап
алып жолмен келе жатырмын. Керейлер жарты не бір шақырым жерде жол бойлай екі-үш
үйден отырады. Жол Ертісті бойлап жүреді. Көрген адамдар бір-біріне айқайлайды:
«Қараңдар ананы, Иса келе жатыр! Иса келе жатыр! », – Онысы Иса пайғамбар дегені, Иса
аязда жеңіл киіммен жүре береді деп естігендері бар шығар. Енді біреулері, есі дұрыс емес
деп күлсе, көпшілігі мына аязда қалай жүр деп, аң-таң қалады. Мен өз қайғыммен
өзіммен-өзіммін. Алтай жерінің Ертіс бойында қаңтардағы аязы 45...50 градустен кем
болмайды. Күні бойы жүріп, түс ауған кезде өңешіме жетіп келетінін қойды. Күн еңкейген
кезде өзіме-өзім келіңкіредім.
Құмық деген сыралғы, өзіммен құрдас досым бар еді, әлгінің үйіне қарай тарттым,
не де болса соның үйіне соғайын, өлсем осында өлейін деп. Аттан теңселіп түстім, Құмық
мені көре сап: «Ой, Нүке кеп қалдыңыз ба? », – деп әлгі жерде жік-жаппар болды. Атты
байлап, әйеліне: »Тамақ сал», – дей бергенде қолынан шап бердім. «Мен өзім жол соқты
ма, тамақтан ұшындым ба, тамақ деген сөзді айтпаңдар», – деп, ет деген сөзді естісем
жүрегім айныйды. «Мен түкте ішпеймін», – деп сұлқ барып жаттым. Олар: «қиын болды-
ау қонақтың аурып келгені», «енді осылай болып тұр, қатты ауырып тұрмын, тамақ
туралы сөз айтпаңдар, қара шәй ішем де жатамын».
Содан тұра алмай екі күн жаттым. Екінші күні күн еңкейе Құмық аттан түсіп жатып
күлді: «Ой, Нүке! Сіздің ауруыңыздың хабары келді, Исатолла хат жазып жіберіпті.
Ертісті бойлап Найманның тажалы кетіп бара жатыр, сақтансын, ұятқа қалмасын! ».
Исатолла біраз көтеріңкіреп жазыпты, бір еркек қойды түгел жеп кетті деп. Құмық досым
күледі: «Биыл соғымымыз арық еді, енді ұят болды не істейміз? ». «Ой соғымың да бар
болсын, өзің де бар бол, үндеме», – дедім. Сол үйде 4...5 күн жаттым, 3-ші, 4-ші күні ғана
кішкене-кішкене бір жапырақ, екі жапырақ қаракесек жеуге шамам келді. Әбдән тынығып
болғаннан кейін ғана осы үйден қозғалдым. Содан бері май жеуден қалдым...
Өзінен әрқашан кінарат іздейтін семіз келіншек
Емшіге бұдан бірнеше ай бұрын босанған келіншек келеді. Ол бала тапқан соң
бірден тола бастаған. Келіншектің Ғазиз жанымен байланысқанда, өзіне деген жаман
көзқарас толуының себебі болғаны анықталады.
–
Мен өзіме үнемі разы емеспін. Күйеуге тимей тұрғанда да, тигеннен кейін де. Өзімнен
әрқашанда кінарат іздеп табамын.
–
Семіздік өзіңізге басқаша қарауға мәжбүр етеді.
–
Сіз дұрыс айтасыз.
–
Семіздіктің басқа да себептері бар ма? , – деп емші келіншектің Ғазиз жанынан қайта
сұрайды.
–
Иә, бар – дейді гипноз ұйқысынан шыққан келіншек. Келіншек бірдеме айтайын деп еді,
көз жасын тоқтата алмады. Сабасына түскен соң:
–
Бала туған соң, күйеуіміз екеуміздің арамыз суып кетті. Ол басқаша өзгерді. Біздің
арамызда сүйіспеншілік, силасымдылық жоқ. Сондықтан, мен тамақтан сүйіспеншілік
табуға тырысамын.
–
Бірақ, сіз өз-өзіңізді жақсы көрмейсіз, енді келіп күйеуім жақсы көрсін дейсіз. Сіздің
күйеуіңіз, өзіңіздің өзіңізге қалай қарайтыныңыздың айнадағы шағылысы ғана. Бәрі оңай!
Алдымен өзіңізді жақсы көріңіз. Содан кейін күйеуіңіз де сізге қарым-қатынасын
өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |