Алла тағаланың тұтас «бiр» болуы
112–
Ыхылас сүресі
Меккеде түскен
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт:
Ол Алла біреу-ақ. (1)
Алла мұңсыз. (Әр нәрсе Оған мұқтаж.) (2)
Ол, тумады да туылмады. (3)
Әрі Оған ешкім тең емес. (4)
ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 604 бет.
–
Алла тағаланың тұтас «бiр» болуы дегенді қалай түсінуге болады?
–
Алла тағала әрбiр жан иесiнiң жүрегiнде және ғаламның әрбiр бөлшегiнде болатын
болса, онда Оның көп болып бөлiнгенi ме? Себебi, Құранда «Алла бiр» деп жазады ғой.
Ендеше бұл қайшылықты қалай түсiнемiз?
Алла тағаланың «бiр» екенiн күнмен салыстырып түсiнуге болады. Талтүсте күн
адамның төбесi тұсында тұрады. Егер радиусы мыңдаған шақырым жердегi адамдардан:
«Күн қайда? » – деп сұрайтын болсақ, әркiм өз тiлiнде: «Күн мiне», – деп төбесi тұсында
тұрған күндi көрсетедi. Бiрақ күндi көрсеткен әркiм оны өз тiлiнде түрлiше атап, бiрнеше
жерден көрсетсе де күн көп емес, күн бiреу. Бiрақ ол бөлiнгендей көрiнедi. Сол сияқты
Алла тағала әркiмнiң жүрегiнде болып бөлiнгендей көрiнсе де, Ол бөлiнбейтiн тұтас. Күн
бiреу болса да барлық жан иелерiне өзiнiң сәулесiн шашады, сол сияқты Алла тағала бiреу
болса да, бүкiл әлемге шапағатын шашып, оған өмiр бередi. Ол уақыттың ықпалымен
барлығын жаратады және уақыттың ықпалымен барлығын кезiнде жойып отырады.
Әлемнiң барлық бөлшегiндегi Алла тағаланың тұтас «бiр» болуы – бүкiл әлемнiң
тұтастығының кепiлi. Ол тұтас болса – әлем де тұтас. Алла тағаланың жасаған түрлi әлем
бөлшектерiнiң бiр-бiрiне тартылу және итеру қасиеттерi бүкiл материалдық әлемнiң түрлi
заңдылықтарын тудырады. Сөйтiп әлем бөлiктерi бiрiгiп, өзара байланысып, түрлi қарым-
қатынаста болады. Осының арқасында бүкiл материалдық әлем адамның санасы түгел
қамти алмайтын түрлi құпия заңдылықтарымен, кереметтей күрделi құрылысы тұтасып,
бiр Иенiң басқаруымен мүлтiксiз өмiр сүрiп жатыр. Абайдың «Алла тағала ғаламның
iшiнде» деген сөзiнiң маңызы осындай.
Жайлы жағдай заңы
«Қандай ғылым болса да, ол адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы
ұялайды». Әл – Фараби
Біздің бүкіл тіршілігіміз бір сәтке де тыным таппайтын санамыз бен Ғазиз жанымызда
жазылған өмірлік бағдарлама ағымының барысы. Әрбір адамның қайталанбас өзіндік өмір
жолы, Ғазиз жанымызда жазылған бағдарламамен анықталады.
Біздің Ғазиз жанымыз әрқашанда жайлы жағдайды жасауға бейім. Бұны түсінудің
ерекше маңызы бар.
Адам сондай бір тепе-теңдікпен жасалған ерекше жиынтық. Сондықтан да, еш нәрсе
тегіннен-тегін өздігінен пайда болмайды.
Тіпті десеңіз, адамның қандай болмасын сезім құбылыстарының (эмоция) ,
ауруларының өзіндік жайлы жағдайы бар.
Аурудың себебін анықтау – бұғып жатқан жайлы жағдайды табу. Осы жайлы жағдайды
Ғазиз жан – адамға ауру беру арқылы іс жүзіне асырғысы келеді. Біз не істемейік, өмірде
қандай қылықтар жасамайық, қандай аурумен ауырмайық – бұның бәрі жайлы жағдай
жасаудағы Ғазиз жанымыздың жұмысы.
Жағдай жасау келеңсіз болмайды, себебі табиғатта келеңсіздік тәжірибесі мүлдем
жоқ. Бәлені өзіміз қара ниетімізден, жаман қылықтарымызбен, тілімізден тауып аламыз.
Не істеу, не істемеу қажеттілігін білуіміз керек. Осы туралы ойланып-толғаныңыз. Адам
баласы болғалы тұрған істен бас тарта алмайды. Бұл мүмкін емес.
Сондықтан, өзіңмен-өзің арпалыспа, тек қана өзіңнің ойың мен тәртібіңді түбегейлі
өзгерт. Ол үшін өзіңді үнемі тәндік те, руханилық та жетілдіре бер. Өзіңнің не істегелі
тұрғаныңды ой елегінен өткіз, сонан кейін жаңадан басқаша әдістермен іске асыр. Бұл
білім өміріңізді мықты әрі саналы етеді.
Адамның барлық шырғалаңдары (ауруы, рухани соққылары) : саналы қалауы мен
Ғазиз жанның жайлы жағдай жасаудағы қамқорлығынан туындайды. Мәселе мынада.
Біздің Ғазиз жанымыз өзіміз жайлы өзімізден анағұрлым көп біледі. Және өмірімізге
қажетті нәрселерді де жетік біледі. Ғазиз жан – Ақиқат, Жаратушымен тікелей байланыста
болады. Сол үшін Ғазиз жаныңа бөгет жасамай, өзіңнің саналы іс-әрекетіңмен
көмектесуің қажет. Өз өміріңде саналы мен санасызды қиюластырып бір бүтінге
айландыруың шарт.
Ғазиз жаныңда – бүкіл Ғарыштағы болған оқиғалардың барлық ақпараттары жазулы
жатыр.
Көз алдыңызға ағзаның бір жасаушасын елестетіңізші. Ол бүкіл ағзаны көре алмайды.
Бірақта, оның ішінде бүкіл ағза туралы ақпарат бар. Жасауша генетикалық деңгейде
құлыпталған (закодирован). Пенде баласы да, Ғарыштағы бір жасауша ғана. Оның Ғазиз
жанында бүкіл Ғаламшардағы өткен күндердің, бүгінгі керек десеңіз болашақтағы
болатын ақпараттар сақтаулы. Бұл заңмен көптеген тылсым құбылыстарды түсіндіруге
болады.
Мысалы, көріпкелдік, түс көру. Немесе ойды оқу, ойды алысқа бағыштау. Қандай
адам болмасын өзіндегі осы қабілеттерді дамыта алады. Ол үшін ниетің ақ, ойың мөлдір,
жүрегің таза болуы шарт.
Адамның ойы неғұрлым мөлдір, жүрегі таза, ниеті ақ болса, соғұрлым қабілеттері
ашылып, ғарыштағы рухани ілімге кіруге, оны үйренуге, санасына сіңіруге мүмкіншілік
алады.
Қарапайым тілмен айтқанда: жамандық, жауыздық, көре алмаушылық, іштарлық,
қызғаншақтық, көрсеқызарлық, суайттық, қызғаншақтық, күндеу, біреуді өсектеу, сынап-
мінеу т.б. келеңсіздіктерден санамыз, Ғазиз жанымыз тазарған сайын, өміріңіз соғұрлым
жақсарып, қызғылықты шаттыққа, бақытқа толып, денсаулығыңыз жақсарып, ерекше
қабілеттеріңіз дами түседі.
Өзіңізді түбегейлі өзгерту – ең бірінші жауыздық қара ниет ойлардан және осылардан
туындайтын келеңсіз қылықтардан, менменсіп дандайсудан, рухани надандықтан,
көрсоқырлықтан арылу.
Пенде баласы ауру мен жоқшылықты өзі табады, ендеше осы аурулары мен
кедейшілігінен өзі, тек қана өзі – себебін анықтап барып арыла алады.
Ауру мен кедейшіліктің себебі сыртта емес, өзімізде. Олар төменгідей:
1.
Өз өмірінің мақсатын, мәнін түсінбеу.
2.
Бүкіл әлемдік ғарыштық табиғат заңдарын түсінбеу және оны сақтамау.
3.
Санаңда, Ғазиз жанында келеңсіз ойлардың белең алуы (жауыздық, жамандық,
көре алмаушылық, өсектеу, қарғау, сынау, келемеждеу, өкпелеп-ренжу, кек сақтау,
қызғаншақтық, көрсеқызарлық, өзін мүсіркеу, қомағайлық, сараңдық, қызғаныш,
іш тарлық, қаныпезерлік, мейірімсіздік, ұрлық т.б.).
Өз ауруыңызға, кедейшілігіңізге сүйіспеншілікпен қараңыз
Бес нәрседен бес нәрсені артық деп біл:
1.
Өлімнен тіршілік артық.
2.
Аурудан саулық артық.
3.
Жұмыс бастылықтан (мәжбүр түрде мағынасында) еркіндік артық.
4.
Қарттықтан жастық артық.
5. Кедейліктен байлық артық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Ауру мен кедейшілік – Ғарышпен үйлесімділіктің, тепе-теңдіктің бұзылуының
белгісі. Сондықтан, өз ауруыңызға сүйіспеншілікпен қараңыз, оны толықтай қабылдаңыз.
Ауру мен жоқшылық біздің келеңсіз ойларымыздың, тәртібіміздің, қылығымыздың
жалпы айтқанда өмірге деген көзқарасымыздың сыртқы көрінісі. Бұл біздің Ғазиз
жанымыздың: өзімізді-өзіміз құртып жатқан келеңсіз ойларымыз бен қылықтарымыздан
сақтайтын қорғаныш.
Ауру мен кедей адам дегеніміз – өмірге деген көзқарасының өзі сау емес. Аурудан
арылу, кедейшіліктен құтылу үшін, ең бірінші өзіңнің өмірге деген көзқарасыңды
өзгертуің керек. Адамдар ауру – жау, онымен қандай әдіспен, жолмен болмасын шайқасу
қажет деп пайымдайды. Осы шайқастың немен тынатынында шаруасы жоқ. Бірақта,
аурумен шайқасу дегеніміз өзіңмен-өзің арпалысу, алысу, соғысу, өзіңді іштей мүжіп жеу
ғой.
Ғарыштағы қандай күшті болмасын, жағымды жағдайға айландырып: құратын, құрайтын,
жасайтын, туындататын күш ретінде қолдануға болады. Сіздің ауруыңыз мен
жоқшылығыңыз тура осындай күш. Осыны өзіңмен-өзің арпалыспай, соғыспай –
керісінше өзіңді дамытатын күш ретінде пайдалануыңызға әбден болады.
Басқа бәле тілден, талқандайтын ойлар
«Сен бәлеге жуымасаң, бәленің сенде несі бар?
Сен бәлеге жуысаң бәленің сенен басқа несі бар? ». Қазақ мақал-
мәтелдері
Бәлені өзіміз тілімізбен тауып аламыз. Көпшілігіміз өзіміздің іштей немесе
дауыстап сөйлеген сөздерімізде қандай бұла күштің булығып жатқанын сезбейміз,
білмейміз. Біз сөйлегенде сөзді іріктеп алмаймыз, реті келсін-келмесін көпіртіп айта
береміз. Ойланбаймыз. Сөзбен бейне жасайтынымызды, ал осы бейненің өзімізге белгілі
бір оқиға немесе жағдай болып қайтып келетінін ешкімде, ешуақытта айтқан емес.
Табиғаттың қуат сақталу заңын бәріміз білеміз: «Бар нәрсе жоғалмайды, тек бір түрден
екінші түрге айналады. Мысалы, су – мұзға, буға қайта суға т.б.
Егерде сіз біреуді қарғасаңыз, өсектесеңіз, жала жапсаңыз яғни талқандайтын ой
жіберсеңіз, оны біреу қабылдауы керек қой. Сіздің ашу-ызаңыз, көре алмаушылықпен
айтқан қарғысыңыз, өсектеген сөзіңіз – өзіңізге қайт қайтып келеді. Қазақ бұны: «Сөз
киесін таппаса, иесін табады», – дейді.
Өз келеңсіздіктеріңізді біреуден көрмеңіз, біреуге жала жаппаңыз, біреу үшін біреу
өмір сүрмейді, біреу үшін біреу тамақ ішпейді. Өзіңіздің бақытты, немесе сорлы
болуыңыз тікелей өз қолыңызда, анығырақ айтсақ пайымдау мен санаңызда. Не ойласаң
сол болады. Үнемі жақсылық ойласаң жақсылық, үнемі жаманшылық ойласаң
жаманшылық болады.
Аузыңыздағы сөзге абай болып сөйлеңіз, айтқан сөзіңіз де қабылданатынын
ұмытпаңыз. Баяғыда біреу ақтышқақ, тышқақ келгір деп екі сөзінің бірінде өзінен өзі
қарғанып сілене береді екен. Ақыр аяғында өзі созылмалы, жазылмайтын ақтышқақ
ауруына шалдығыпты. Сөздің құдіреті дегеніміз осы, қарғанып сіленбеңіз, біреуді
сыртынан да қарғамаңыз, өзіңізге кеп тиіуі мүмкін.
Қарғыс, жала, реніш-өкпе, өсек, ашу қайта келгенде жай келмейді. Ол өзімен бірге
«немере ағайындары»: қорқыныш, қайғы, қасырет, түңілу, мазасыздану, күйзеліс, бейнет
т.б. толып жатқан жамандықтарды жетектей жетеді. Ал бұған төзу қияметтің қияметі. Сіз
енді бұдан құтылу үшін қара ниетіңізді, келеңсіз ойларыңызды, қарғысыңызды т.б. тағы
біреуге жолдайсыз. Бұл шеңбер: адам не ауруға, не кемтарлыққа, не жындануға немесе
мезгілсіз өлімге ұшырағанша тоқтамай шыр көбелек айланып дөңгелей береді.
Келеңсіз ойлар деген түсінік негізінде жаман емес, себебі осылардың көмегімен
Ғазиз жан – жанға жайлы жағдай жасауға талпынады. Мынандай келеңсіз ойлар мен
сезімдер: реніш, көре алмаушылық, ашу-ыза, сараңдық, қызғаншақтық, күндеу, күйзелу
т.б. белгілі бір жанға жайлы жағдай жасаудың, осыны іске асырудың алғы шарты.
Осы келеңсіз ойларды қолданып жүрген пенде – мешіттегі имамнан еш жері кем
емес. Немесе зұлым адам қайырымды адамнан еш жері кем емес. Әулие – қанішерден
артық емес. Жаратушының алдында бәрі тең!
Келеңсіз ойлар бұзады, талқандайды, құртады. Егер адам осыны өз өмірінің
барысында қолданып жүрсе, онда осының әкелетін салдарының жауапкершілігін өз
мойнына жүктеуі қажет.
Қалай жүремін десеңіз де таңдау өз еркіңізде, бұл сіздің құқыңыз.
Ойға қонбайтын Ақиқат
Жер жүзіне қарасам,
Неше түрлі халық бар.
Дін иманын санасам,
Мыңнан артық анық бар.
Біреу отқа жағынды:
«Нұрдың түбі – Құдай», – деп.
Не суретке табынды:
«Олай емес, былай», – деп.
Бірі: «Құдай бір», – бір десе,
Бірі айтады: «Көп Құдай».
Бірі: «Тәңірі – күн», – десе,
Бірі дейді: «Жоқ Құдай».
Міне, осыдан байқалды –
Бәрі іздеп жүр Иесін.
Табамыз деп ойға алды,
Жаратқанның киесін. Шәкәрім
Ғалымдар соңғы он жылдықта Ғарыштың өзі адам ойы, ақылы жетпейтін, түсіндіруге
болмайтын, өзіндік санасы бар, ерекше қуат екенін мойындап, мойын ұсынды. Бұл қуат
иесін әр халық әр түрлы атағанмен айтатындары – бірақ Жаратушы күш, Алла, Тәңір,
Ақиқат, Жоғарғы саны т.б. Осы күш-қуат барлығының негізі.
Біздің дана ата-бабаларымызға, бақыс-балгерлерімізге бұл ықылым заманнан белгілі
болатын. Осы тылсым ғажайып күш-қуаттың адамның еркіне бағынатынын ата
бабаларымыз, бақсы-балгерлеріміз білген. Ғылым енді ғана осының шет жағасын біле
бастады. Егер жөнін білсек, осы қуаттың басқа қуат көздеріне әсер етуі арқылы ойлаған
ойымызды іс-жүзіне асыруға болатынына қазір көзіміз жетті. Осы қуаттың бастауы,
қайнар бұлағы өзіміздің ішкі жан дүниемізде жайғасқан. Осыны дұрыс қолдана, пайдалана
білсек өз тағдырымызды өзіміз шешетін боламыз.
Інжілде былай айтылған: «Жаратушы патшалығын аспаннан, жұмақтан іздемеңдер, ол
әрқайсымыздың ішімізде, жан дүниемізде».
Көне храмдардың бірінде: «Өзіңді өзің таны» – деп жазылған.
Дзен-буддизмде тамаша нақыл бар: «Егер адам ақиқатты айналасынан іздесе, онда ол
іздегенін аяғымен таптап тұр».
Неліктен пенде баласы өткен даналықтар мен қазіргі ғылымды қабылдай алмайды?
Бір өмірмен беттесіп, адамдар неге өздерінше әртүрлі қабылдайды?
Себеп біреу-ақ, ол пенденің өмірге деген көзқарасында. Оның қалай қабылдауында
болып тұр. Көз алдына елестете алмайтын тылсым, әсерлі, бай, күрделі Ақиқатпен адам
бетпе-бет беттескенде, пенделер өздерінің алақандай әлемін құрап, жасап алады. Егер
дұрыс әлем құра алмаса, онда бұл әлемі оған қасірет, зардап, бейнет, күйзеліс әкеледі.
Адам өзін қоршаған ортамен екі деңгейде қарым-қатынасқа түседі. Санасымен және
Ғазиз жанымен. Біздің әрқайсымыз саналы түрде Әлемнің кейбір құрлымымен,
құбылысымен ғана байланысамыз. Ал Ғазиз жан – Ақиқат қалай, оны қаз-қалпында солай
қабылдайды.
Біздің Ғазиз жанымыз керемет көз бояушы. Ол сіздің әлеміңізді құрады. (Нақты
айтсақ әлемшігіңізді). Осылайша бізді Ғарыштың бей-берекетсіздігінен қорғайды. Бізді
қорғау ниетінде керекті және қауіпсіз деп есептейтін нәрселерді ғана санамызға
қабылдатқызады.
Бірақта, осы қорғайтын және құрайтын міндеттерін атқара отырып құрған құрылым
көпшілік адамдар үшін абақтыға айналады. Өйткені, біздің санамыз өз әлемімізден
шығуға мүмкіншілік бермейді. Осы шектеуден шықпас үшін неше түрлі айла-тәсілдерге
жүгінеді. Көбінесе қорқынышты пайдаланады.
Өзі құрған елесті Ақиқат деп қабылдатқызады.
Мысал: хайуанаттар паркіне бір ақ аюды алып келіпті. Аюдың шомылатын, қыдыратын
алаңқайы мен хауызы (бассейн) дайын болмағандықтан, оны кішкентай темір торға
қамайды. Аю бірнеше ай бойы тордың бір шетіне үш адым, екінші шетіне үш адым жасап,
тыным таппай жүре береді. Қыдыратын алаң мен хауыз дайын болғанда, еркіндікке
шығарса, бұрынғы әдеті бойынша үш адам алдыға, үш адам кері жүре берген екен.
"
Өмір сүру дегеніміз – заттарды табу емес, оларды жасау". Аристотель
Жер бетінде саусақ таңбалары бірдей сәйкес келетін екі адам жоқ. Сондай-ақ, өмір
өткелдері бірдей болатын екі адам болмайды. Егіздердің өздерінің өзара
айырмашылықтары бар. Себебі, әр адам өзінің әлемінде өмір сүріп, тіршілік кешеді. Біздің
әрқайсымыз да, туған сәттен бастап ата-ананың мейіріне бөленіп, есейе келе ұстаздың,
ересектердің, қоршаған ортаның әсерімен өзіміздің әлемімізді құрамыз.
Егер сізде балалар болса, есіңізге түсіріңіз, оған өмірді қалай бейнеледіңіз, ненің
жаман, ненің жақсы екенін қалай түсіндірдіңіз. Не істеу керек екенін, не істемеу крек
екенін қалай айттыңыз. Осы жайды балаға атасы мен апасы, мұғалімдер, ересектер де
айтты.
Нәтижесінде балаңыз өзінің Әлем Бейнесін қалыптастырып алды. Сіздің әке-
шешеңіз де тәп осылай айтқан. Жер бетіндегі барлық пенде осы ағыммен қамтылған. Бұны
жаман, не жақсы деп айтуға келмейді. Себебі, бізді сәби шағымыздан бастап Ақиқатты
«пенденің көзімен» қарауға үйретті.
Біздің осы Ақиқатқа беріліп кететініміз соншама: Нақ ақиқат пен біздің әлеміміздің
арасы жер мен көктей екенін ұмытып кетеміз.
Біз балдырған балалық шағымыздан өзіміздің Әлемімізді құрамыз. Осы әлем мен
Ақиқатта өмір сүреміз, тіршілік кешеміз, осы құрылымды өзгертіп жақсартуға
тырысамыз. Жаман құрылым да, жақсы құрылым да болмайды. Әңгіме құрылымның
өміршеңдігі мен қолайлылығында, пайдалылығында. Құрған құрылымымыз адамзат өзінің
өркенниет дамуында тірнектеп жинаған барлық жетістіктері мен жайлы жағдайларды
қолдануға мүмкіншілік береді, екінші жағынан санамыз – жетілмеген құрылымымызды
нақ Ақиқаттың өзі деп иландырып, құрсаулап, абақтыға қамап тастайды.
Осы өзімізді-өзіміз алдау, Шындықтың ауылынан алыстатып жібереді де, іштей
реніш пен қанағаттанбауды туындатады. Тағы бір таңқаларлық жағдай: Негізінде біз
Ақиқат өмірде тіршілік етеміз ғой, осыны Ғазиз жанымызбен қабылдаймыз. Осы
Ақиқатты жасау үшін өзіміздің ғұмырымызды, қуатымызды осыған бағыштаймыз.
1.
Ғарыш (Ақиқат, Шындық, Құдай, Әлем т.б.) өзіндік санасы бар, біздің ақыл-ойымыз
жетпейтін құдіретті күш-қуат.
2.
Адамның санасы тек қана Ғарыштың, Жаратушының санасының тозаңдай ғана
түйіршігі.
3.
Әлем шексіз және тылсым. Адам баласы әлемге және өзіне тылсым, жұмбақ
ретінде қарауы керек.
4.
Біздің Ғазиз жанымыз – өзіміздің санамыз өмір сүретін Әлем құрылымын
құрайды. Ал өзіміздің санамыз, осының бақылаушысы әрі сарапшысы болып қала
береді.
Қанша адам болса, сонша әлем
Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп,
Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп,
Ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін
Зұлымдық пен Айланы қылады сеп.
Сөйтіп ақыл бере алмай адал көмек,
Зұлымдықпен адамды адам жемек.
Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ –
Осы болар таза ақыл өлді демек.
Сондықтан адам – залым, әлемге жау,
Ебін тапса, қоймайды ешкімді сау.
Жер білсе адамзаттың бұл қылығын
‡стінен бәрін төгіп тастар еді-ау.
Олай қылмай, билесе бәрін ақыл,
Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл.
Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,
Адамды сонда адам деген мақұл. Шәкәрім
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, біз ақиқатты екі деңгейде қабылдаймыз: Ғазиз
жанымызбен және өзіміздің санамызбен. Ғазиз жанымыз арқылы бәріміз Ғарышпен,
Ақиқатпен байланыстымыз немесе шырмалудамыз. Ғазиз жанымызда Ғарышта болған
оқиғалардың ақпараттары толықтай сақтаулы, жазулы. Біздің әлемімізді жасаушы,
құрушы Ғазиз жанымыз – Ғарыштың тылсым күштерімен, Жаратушымен осылай
байланысқан. Ал өзіміздің санамыз лезде өтіп кеткен оқиғалардың бақылаушысы әрі баға
беретін сараптаушысы. Өзіміздің санамыз – Ғазиз жанымыздан бір сәтке ғана қалып
жүреді. Осы қалып, адамды өз тағдырын өзі шешуші сиқыршыға айландырады.
Пенде баласына ақпарат толассыз құйылып жатады. Ғазиз жанымыз жалпы құйылып
жатқан ақпараттардың ішінен керектісін ғана іріктеп санамызға салады. Салғанда да, тек
қана Өзіне үйлесетін осы құрылымды құрады – Ғарышта нақтылы іс жүзіне асатын ғана
бағдарламаны таңдап алады. Ақпараттардың кейбіреуін өзгертеді, енді біреулерін
қабылдамай, өзіміздің ойлау жүйемізге сәйкес ортақ қалыпты құрады.
Мынандай психологиялық тәжірибе жасаған: Екі әртіс психологиядан лекция
оқылып жатқанда, бірін-бірі тырқырата қуалап жүгіріп кіреді. Біреуі екіншісіне қолын
сермеп қалады. Екіншісі өкіріп барып құлайды. Бірінші әртістің қолында кәдімгі банан.
Сол кезде студенттердің бәрінен сұрағанда, олар тек пышақты көргендерін айтады. Бұлай
жауап қату себебі, біздің Ғазиз жанымызда бір адам екінші адамға қолын сермеп қалса,
онда пышақ деген ұғым қалыптасқан. Бананды ешкімде адамға сұқпайды ғой.
I
Х ТАРАУ. СЕЗІМДЕР
«Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа
байланысты». Әл – Фараби
Адамның ішкі дүниесіне, яғни нәзік болмысына әуелі оның сезімдері жатады. Қоршаған
ортамен пенде сезімдері арқылы байланысады. Хайуанаттарды олардың сезімдері
басқарып, соларға толық тәуелді болады. Адамдарда, керісінше, олардың қалау – ниеттері
сезімдерін басқаруға тиісті. Бірақ бұл барлық адамдарда бірдей емес. Көпшілік адамдар
бұл деңгейге жете алмай, өз сезімдерінің ықпалынан шыға алмағандықтан өмірді жанталас
күреспен өткізеді. Сезімдердің құлына айналып кететіндіктен Абай олар туралы «Ғылым
да жоқ, ми да жоқ, даладағы аңдарсың» дейді.
–
Істейтін қылықтарымыз немен анықталады?
–
Біздің қылықтарымыздың басым бөлігі сезімдерімізге байланысты анықталады.
Сол себепті біздің сезімдеріміз шыңға да шығарады, құзға да құлатады. Өмірден
күнделікті көріп жүргендей, жөнсіз сезімдердің жетегінде кеткен адам абыройдан да,
атақтан да жұрдай болады, себебі оларды нәпсі билеп төменгі жеті келеңсіз сезімнің
жетегіне еріп кетеді:
2.
Қанағатсыздық
3.
Көре алмаушылық
4.
Ыза
5.
Сараңдық
6.
Қызғаншақтық
7.
Кекшілдік
8.
Ырымшылдық
Енді жеті жағымды сезімдерді айта кетейін:
1.
Махаббат
2.
Нәпсі ләззаты
3.
Үміт
4.
Сенім
5.
Жақсы көру
6.
Жақсы ойлау
7.
Берілгендік
Осы 14 сезім құбылыстары біздің бағымыз не сорымыз.
Әрбір сезім адамның психологиясымен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Осы
сезімдер сіздің ішкі жан-дүниеңіздің тәп қазіргі жағдайын айқындап тұрады. Сондықтан
да, сезімді санамен ауыздықтап ұстау керек. Сезімнен де жоғары адамның ақылы тұрады.
Ақылды таза ұстау үшін жаман, жарамсыз істерден аулақ болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |