Эпистемология- танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.
Үшеуіде таным теориясына жатады.
10. Ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғарғы дəлдігімен ерекшеленеді. Бүгінгі күні техникада ғана емес, қоғамдық басқару жүйесінде де математикалық есептеулер, статистикалық мəліметтер, бүге-шүгесіне дейін дəл есептелген жоспарлар мен бағдарламалар қолданылады. Ғылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыдан қарастырады. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде əділ болғанмен, ол да ғылыми танымның ерекшелігін көрсете алмайды. Бір жағынан, күрделі ғылыми абстракциялар құрастыруымен айналысатын ғалымға көрнекі бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге тура келсе, екінші жағынан, суретшілер (мүсіншілер, жазушылар, сазгерлер жəне т.б) өз шығармашылықтарында дəл логикалық, кіршіксіз ұғымдарға, пікірлер мен əдістерге сүйеніп отырады. Бұл ұғымдық жəне бейнелік танымдардың бірін-бірі теріске шығармайтындығын көрсетеді.
11. Əдіс - дегеніміз белгілі бір мəселені шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен əрекеттер жиынтығы. Ғылыми таным əдістерін қолданудың басты мақсаты - шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. Тағы бір көңіл бөлетін жəйт, зерттеуші ғылыми танымның əдістерін өз қалауы бойынша, қалай болса солай белгілей салмайды. Əдістер зерттелмек болып отырған объектіге тəн ерекшеліктер мен заңдылықтар негізінде таңдап алынады. Бұл тұрғыдан алғанда əдістер объективті сипатта болады, сөйте тұра олар адамның рухани қызметінің нəтижесі болып табылады жəне де ол тек адам санасында өмір сүреді. Сондықтан да əдіс объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігін құрайды. Ғылыми танымның əдістері өте көп əрі сан салалы, себебі танып-білудің объектісі болып табылатын материалдық жəне рухани дүниенің өзі көптүрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлык əдістерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады: