Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


Абстракциялаудан нақтылыққа жету



бет6/6
Дата22.11.2022
өлшемі25,38 Kb.
#51765
1   2   3   4   5   6
Абстракциялаудан нақтылыққа жету - бұл зерттеу əдісі бойынша, нақты зерттелетін объектің негізгі қайшылығын қайталайтын бастаушы абстракцияны табу, соның теориялық шешімінің процесінде эмпириялық материалды ассимиляцияландыратын нақты қайшылықтардан шығуының мүмкіндігін ескеріп, зерттелетін объект туралы нақты-жалпы анықтама құрастырады.
Тарихшылдық пен логикалықтың бірлестігі - бұл əдістің негізінде объектілердің тарихи эволюциясын зерттеуі мен бір бағытқа салатын тарихи талдау арқылы логикалық тұрғыдан дəлелделген анықтама жүйесін біртұтас зерттеу ұстанымы жатыр.
15. Ғылыми танымның жалпы əдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық жəне теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі əр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен əдістері бар.
Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Эмпириялық білім рационалды білімнің төменгі түрі, эмпириялық объектерді бақылау операцияның нəтижелері мен эксперименттердің қорытындысын ойлау арқылы түйіндейтін жəне тіл тəсілдер арқылы қорытындыланатын білім.
Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тəжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нəтижесінде тұжырымдалады. Теориялық білім - эмпириялық пен метатеориялық аралығындағы ғылыми білімнің бір деңгейі. Сапалық тұрғыдан эмпириялық білімнен өзінің мазмұнымен, пəнімен ерекше. Теориялық білімнің пəніне ойлау арқылы эмпириялық объектілерді идеялизациялау (оймен қамту) арқылы (материалдық нүкте, идеалды газ т.б.) жəне анықтама арқылы еңгізілген (математикалық құралдар) идеалды объектілер жатады. Теориялық білімнің өзгешелігі: логикалық ұйымдастырудан жоғары деңгейге ие, пікірлері əрқашанда дəлелденген, олар дедуктивті-аксиоматикалық əдіс арқылы шешіледі
16.Метатеория-белгілі бір теорияның құрылымы мен әдісіне талдау жасайтын ілім. Метатеорияның негізгі мақсаты – ғылыми теорияларды формальдандыру шарттарын, сондай-ақ формальдандырылған тілдердің синтаксистік және семантикалық қасиеттерін зерттеу. Метатеория термині нақты теорияға қатысты ғана қолданылады
17. Метатеориялық танымның əдістері - ғылыми теориялардың негіздерін талдау, ғылымның мазмұны мен əдістерінің философиялық интерпретациялау, ғылыми теориялардың əлеуметтік жəне практикалық қажеттілігіне баға беру т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет