3-сурет. А. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының сызбалық көрінісі
Тұлғаның гуманистік теориясына орай, адамның басты қажеттілігі - өзін-өзі жігерлендіру: өзіндік кемелденуге және өзін-өзі корсете білуге, яғни өзінің шығармашьшық әлеуетін іс жүзінде
жүзеге асыруға ұмтылу. А. Маслоу әр адамның бойына тумысынан берілетін шығармашылық адам тыныштығының сипаттамасы болып табылатындығын бірінші рет атап көрсетті. Шығармашылық - өзіндік тұжырымдаудың барлық формасына апаратын адамның әмбебап қызметі. А.Маслоу түжырымдамасы өзін-өзі жігерлендіруге ұмтылатын тұлға өзін қоршаған адамдарға өзінің мінез-құлқы, қарым-қатынасы жағынан сәйкестендіруге қойылатын бірнеше талаптар ұсынады [50]:
1. шындықты белсенді түрде қабылдау жэне оған жақсы бейімделу қабілеті;
өзін және өзге адамдарды сол күйінде қабылдау;
әрекеттегі және өз ойы мен сезіміндегі еркіндік;
4. тек ішкі әлемнің көзделуіне қарама-қарсы бағыт ретінде сыртта не болып жатқанына назар аудару, сана-сезімді өзіндік сезім мен көңіл күйге аудару;
әзіл-оспақ сезімін меңгеру;
шығармашылық қабілеттерін дамыту;
шарттылықты қабылдамау;
тек өз бақытын ғана емес, өзгелерді де ойлау;
өмірдің мэнін терең түсіну қабілеті;
қоршаған адамдармен жағымды қарым - қатынас орнату;
өмірге «ашық көзбен» қарау, оны объективті бағалау;
өмірді балалар сиякты толыққанды қабылдау;
өмірде жаңа, таптаурын емес жолдарды тандау;
14. өмірде басқа адамдардың көзқарасын, дәстүрлерді, беделдерді, ұстанымдарды емес, өз тәжірибесін, ақылы мен
сезімдерін арқау ету іскерлігі;
барлық жағдайда ашық және шынайы мінез - құлық таныту;
өз көзқарастарын қорғап шығуға дайын болу;
жауапкершіліктен қашпай мойындау;
көзделген мақсаттарға жетуге көп күш жүмсау;
қиындыктарды жеңе білу іскерлігі.
Өз теориясының негізгі мәселесі - өзіндік кемелдену не деген сүраққа Маслоу «өзіндік кемелденетін адамдар түгел дерлік қандай да бір іспен шүғылданады... олар сол іске берілген, сол іс олар үшін құнды», - деп жауап береді. Мұндай типтегі барлық адамдар жоғарғы құндылықтарды жүзеге асыруға үмтылады. Бүл құндылықтар (соның ішінде жақсылық, шындық, әдемілік, әділдік, 64 тәртіптілік, т.б.) олар үшін маңызды қажеттіліктер болып табылады. Өзіндік кемелденуде тұлға алдында үнемі таңдау тұрады: болу немесе болмау. Өмірдің әр кезеңінде тұлғада тандау бар: алға жылжу, кедергілерді жену немесе кейін шегіну, күрестен бас тарту, позицияны беру. Өзіндік кемелденудегі тұлға әрдайым алға жылжуды, кедергілерді жеңуді таңдайды.
Өзіндік кемелдену, сонымен қатар, өзіндік күшке деген тіренішті болжайды. Бұл - үнемі даму және өзіндік қажеттіліктерді практика жүзінде жүзеге асыру үдерісі. Бұл «адамның жақсы жасағысы келген, соған жіберген еңбегі».
Тұлганың мәдени-тарши теориясы. «Өзін-өзі тану» пәні өзінің басты міндеттерінің бірі ретінде студенттің өз тұлғасын түсінуді карастырады. Өзін түлға ретінде түсіну, өзін нақты, мәдениеттің өкілі ретінде түсінуді де болжайды. «Қандай да бір мәдениеттің туындысы болмай, адам болу мүмкін емес» дейді М. Элиаде [48]. Тұлғаның мәдени-тарихи теориясы адамның өмір бойына мәдениеттің нақты бөлшектерін қандай жолмен меңгеретіндігін түсінуге мүмкіндік береді. Тұлғаның қалыптасуы үшін мәдениеттің үлкен әсер ететіндігі қашаннан белгілі нэрсе. Австралиялық абориген тұлғасы американ бизнесменінің тұлғасы бола алмайды. Вена түрғыны Вьетнам өкіліне қсамайды.
Тұлғаның айырмашылығы субмәдениетте де байқалады. Тұлғаның қалыптасуында мәдениеттің әсері басты фактор деп саналады. Осыған орай, мынадай тұжырымдар бар: «Аккультурация факторы адамзат ағзасынан тұлғаны жасайды. Тұлғаны мәдени жағдайдан хирургиялық жолмен бөліп алу мүмкін емес» [51, 17-6.].
Адам тұлғасын психологиялық ғылымның жас саласы -мәдени-тарихи психология (МТ-психология) «ұлт», «халық», «ұлттық», «мәдениет» деген ұғымдармен тығыз байланыстыра зерттейді. МТ-психологиясының пайда болуын Л.С. Выготскийдің, А. Лурияның, А. Леонтьевтің еңбектерінен бастауға болады. Мәдени-тарихи зерттеулер мәдени антропологияның шегінде XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап жүргізілді. А.А.Шевцовтың пікірінше, мәдени-тарихи психология мәдениетті жас шамасына карай меңгеру оны бір-біріне жеткізу және қоғамда сақтау тәсілі болып табылады
Осының арқасында бір мәдениеттің өкілі келесі бір мэдениеттің өкілінен неліктен ерекшеленетіндігін түсінуге болады. «Базалық тұлға» және «ұлттық мінез» деген ұғымдар көп жағдайда қате пікірге әкеліп соғады. Нақты мәдениетте адамның тұлғасын дамыту үшін мүмкіндіктер шексіз. Сондыктан бір мәдениет ішінде тұлғаларды салыстырғанда, оларға тэн ортақ әрекетті, мінезді, құндылықты айту мүмкін емес. Біз тек олардың жеке мәдениетпен ұқсастығын айта аламыз.
Мысалы, қазақтардың дәстүрлі рухани мәдениеті, тұрмысы мен дэстүрі өзге көшпенді үлттар сияқты тұрақты тұлғааралық көзқарастың, нанымның, қызығушылықтың, қажеттіліктің қалыптасуына ықпал етті. Бұл ықпалдың көп қырлылығы қазақтардың рулық құрылымына байланысты. Көшпенді өмір сүру салты күрделі, көп салалы, этникалық құрылымды туғызды. Көшпенділердің көзқарасында тұлғаның моральдық психологиялық эталоны (еңбек сүйгіштік, батырлық, даралық) пайда болды. Көшпенділер тұлғасының жеке әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері (тіл табысқыштық, ақпаратқа деген қызығушылық, тұлға аралық тілдесімді оңай орнату, топпен өмір сүру, т.б.) жеке, дара сипат болумен қатар, бүкіл халыктың психикалық сипатына айналды.
Көшпендінің тұлғасынан топтық сана-сезімнің ерекшелігі, ұжымдық пікір, ойлар, арман-мұраттар, талғамдар, қызығушы-лықтар, топтық дәстүрлер көрініс берді. Мұның барлығы тлғаның қалыптасуына өзіндік тәрбиеге, тәрбиелеу үдерісіне нақты із қалдырды [55].
Мәдениет саласында тұлғаны зерттеумен орыс ғалымы К.Д-Кавелин айналысты. Ол ұлт деген ұғымды түсіндіруге тырысты: «Ұлт және үлттық түрлі мағынаға ие. Ең алдымен халық табиғи күйде болғанда ұлттық олардың көз алдында сыртқы формалармен үзіліссіз байланыста болады: ол өзгеше тіршілік етуді білмейді. Форманың өзгеруі үшін ұлттықты жою керек болады; ол өзін өзге бейнеде біле алмайды. Бірақ, халық рухани өмірмен өмір сүре бастағанда, «ұлттық» сөзі бірдей форманы бермейді, дегенмен ұлттық бейнені береді. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық, халықтың сыртқы физикалық бейнесін емес, қылықтық ерекшелігін көрсетеді. [56].
К.Д.Кавелин жеке адамзат тұлғасының маңыздылығын атап көрсетті, оны күрделі феномен деп қабылдады: «Біз халық әрекет етеді, ойлайды, түйсінеді дегенді анық айта аламыз, осылайша өз қадірін түсінетін тұлға - халықтың рухани дамуының қажетті шарты».
К.Д.Кавелин адамның ішкі жан дүниесіне ерекше көңіл бөлді. Халық құрған материалдық мәдени объектілерді зерттеген ғалым осыларға сүйене отырып, накты мәдениеттің психологиялық ерекшелігі туралы қорытынды жасауға болады деп сенді. Өйткені, адамның жан дүниесі сыртқы әлемнен көрініс табады. Психикалық құбылыстар тек жан дүниеде жүрмейді, сонымен қатар, түрлі нақты заттар мен қүбылыстарға қатысады, солардан көрініс табады. Бұл адамзат қолынан шыққан дүниелерден белгілі.
Сыртқы заттар мен қүбылыстардың психикалық өмірін анықтау арқылы адамның рухани өмірі туралы білуге болады. Психикалық өмірдің көрініс беруіне сүйене отырып қана, философия, тарих, қүқық, дін, өнер, саясат т.б. туралы айта аламыз. «Біз адамның ойы, сезімі, әрекеті қатысқан заттар мен қүбылыстар туралы айтамыз. Бұл - физикалық табиғат арасындағы жоқ, жаңа заттар. Адамды қоршаған барлық нэрсе табиғи түрде емес, қайта жасалынған, өнделген, адамның қажеттілігіне бейімделген нәрселер. Біздің киіміміз, дайындалған тағам, үй, сарай, біздің егістік алқаптар, саяжайлар, фабрика мен зауыттар, әдебиет, өнер, көркемөнер, өндіріс, ақпарат жолдары, қару-жарақ, өсімдік пен жануарлар бізді қоршаған барлық нәрсе, табиғатқа таныс емес физикалық құбылыстардың комбинациясын береді. Әзірге ол адам ықпалына тәуелсіз. Қоршаған ортаға деген әрекет қайда? Ол психикалық қасиет. Өз мақсатын үстанған адам физикалық құбылыстың табиғи тобын өзгертеді, өзіне қажеттісін енгізеді, табиғатты өзіне кажетті нәрсе өндіруге мәжбүрлейді. Мындаған мәліметтер көрсеткендей, психикалық құбылыстар тек біздің денемізге ғана емес, адамды қоршаған әлемге де ықпал етіп, өзіндік із қалдырады. Осыдан, жанның шынайы, әлемнің бір әрекеті екендігін көруге болады».
Достарыңызбен бөлісу: |