«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет21/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
з¦н з¦ тану

Ч. Тойчтық психогенетикалық көзқарасы. Трансперсоналды психологияға белгілі дәрежеде доктор Чампион Курт Тойчтың тұрғысы да жақын. Оның, адам дүниеге келгенге дейін-ақ генетикалық коды өмірінің бағытының үлкен бөлігі мен мінез-құлқының негізгі паттернін анықтайды деген тұжырымдамасы ғылыми ортада бірте-бірте мойындала түсуде. ДНҚ молекулалары тұқым қуалаушылықпен берілетін ағзаның биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, кейбір ауруларға бейімділігін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар генетикалық код, мінез-құлықтың паттерндерін де айқындайды. Сыртқы пішіннің ұқсастығы туралы ақпаратпен қатар, генетикалық кодта (ДНҚ) ата-бабаларының тәжірибесі мен өмірлік рөлдері туралы мәліметтер де сақталады. Әрбір адамның өзіндік ерекше Негізгі Ішкі Бағыты (НІБ) - генетикалық, бейсаналық және саналы факторлары болады, солармен сэйкестікте ол өмір сүреді, тәжірибе алады және рөлдерді ойнайды, соның бәрі өзінің саналы реакциялары мен түсіндірмелерінен тәуелсіз жүреді.

Саналы және бейсаналы ойлар - физикалык тұрғыдан энергетикалық сәуле шығару, энергетикалық толқын (физиктердің болжауынша, ой-виртуалды фотондар - өте майда ядролық бөлшектердің энергетикалық толқыны) болып бөлінеді. Мидың сәуле шығарулары уақытта да, кеңістікте де шексіз болады. Әрбір адамның энергетикалық толқындарының өзіндік ерекше амплитудасы, қарқындылығы, бөлшектерінің диапазоны болады. Адамдар арасындағы психикалық өзара әрекеттесу бейсаналылық деңгейінде өтеді, өйткені бір адамның ойларының ақпараттық-энергетикалық сәуле шығаруы екінші адам психикасының бейсаналық бөлігіне еніп, қандай да бір әсер етуге қабілетті болатындығына Ч. Тойч аса сенімді. Әсіресе тығыз бейсаналық өзара әрекеттесу мен өзара әсер ойларының энергетикалық сәуле шығаруы ұқсас. Ол бір-бірімен үйлесімді амплитудалық - жиіліктік сипаттамалары бар адамдар арасында (туысқандар, ата-аналар мен

72 балалар, ерлі-зайыптылар, жақын достар) болады. Осылайша, әрбір адам саналы немесе бейсаналық түрде қандай да бір дәрежеде басқа адамның бейсаналығын бейнелейді, бейсаналық энерго-ақпараттық өзара әрекеттесу жүріп отырады

Тұлғаны түсінудің психогенетикалық айқындамасы аясында адамның саналы және бейсаналық мақсат-мүделері, көзқарастары, көңіл күйлері мен ақыл-ойлары субъективті ішкі күйден басқа түрлі формалардағы объективтік көрініс алуы мүмкін: 1 -энергетикалық сәуле-толқын; 2 - адамның әрекеті; 3 - саналы ойлары мен ниеттері (адам оларды сыртқа сөзбен де шығара алмауы мүмкін); 4 - өз ойын нәрсе арқылы білдіру (мәселен, құратырушының ойы нақты затты, бүйымды, өнер туындысы арқылы жарық көруі мүмкін).



Тойч: «Сіздің дербестік, отбасылық, кәсіби, әлеуметтік жағдайыңыз, өзіңіздің әзіндік сана-сезіміңізді өзгертпейінше өзгермейтін салдар», - деп атап көрсетті. Ол адамның өз өмірін өзгерту үшін қажетті бірнеше қағидаттар тізбегін құрды

  1. Өзіңізді сәтті адам санаңыз;

  2. Қалжыңдап та, байсалды түрде де өзіңіз туралы жаман айтпаңыз да, ойламаңыз да, өз-өзіңізге ешбір «жаманшылық» тілемеңіз (әрбір сөз бен ой, дән сияқты бейсаналыққа түсіп, «өнімін береді» яғни нақты оқиғаларда іске асады - сондықтан да дұрыс ойлау аса маңызды, сонда ғана жағымды ойлар оң оқиғаларда іске асады; басқа жағдайда өзіңіз туралы жағымсыз ойларыңыз біршама уақыттан кейін нақты теріс оқиғаларға әкелуі мүмкін);

  3. Шешім қабылдаудан қашпаңыз;

  4. Өзіңізді жақсы көріңіз (болмаса өзіңізге ұнауға тырысыңыз) жэне басқа адамдарды да жақсы көріңіз (болмаса оларды ұнатуға тырысыңыз); сіз неғұрлым адамдар туралы жаман ойлап, өзіңізді нашар ұстасаңыз, солғүрлым ол адамдар сізге жаман қарайды -олар бейсаналық түрде сіздің теріс ойларыңызды бейнелейді және де еріксізден олардың сізге деген қарым-қатынасында жағымсыз түрде іске асады;

  5. Бәріне қол жеткізуге болады деп санаңыз;

  6. Барлық оқигаларды игілікті деп қарастырыңыз:

  7. Басталған істі аяғына дейін жеткізіңіз;

  8. Өз-өзіңізбен ымыраға келуге мүмкіндік бермеңіз, аз нәрсемен қанағаттанбаңыз, ең жақсысына лайық болуға күқылымын деп ойлаңыз. Егер де сіздің бейсанаңыз азбен қанағаттанбауға үйретсе, ол сізге ең жақсысын береді, жүмыстағы, қоғамдық өмірдегі, отбасындағы қажеттіліктермен камтамасыз етеді;

  1. Ақталмаңыз (адам өз эрекетінде ақталса, ол эдетте өзін кінсіз сезініп, қайсыбір жағдайлардың құрбаны ретінде көрсеткісі келеді, бірақ неғұрлым қандай да жағдайлардың құрбаны екендігіңізді жиірек айтқан сайын, сіз әлсіздене түсесіз де, шынымен қандай да бір сыртқы жағдайлардың құрбаны боласыз);

  1. Өз құқықтарыңызды қорғаңыз;

  2. Естігендеріңізді бақылап отырыңыз - қажетсіз ақпараттан аулақ болыңыз; егер де сіз жетістікке жеткіңіз келсе, кейбіреулер жаман оқиғалар туралы айтқанда мүлдем тындамаңыз. Сіздің басқалар туралы ойлағандарыңыз бен айтқандарыңыз, сайып келгенде өзіңізге қатысты болады;

  3. Шыдамды болыңыз. Әр кезде біреулерге шыдамсыздық танытқанда, өзіміз басқаның тарапынан шыдамсыздық нысанасы болуымыз мүмкін.

ІЗ.Өзіңізге сеніңіз, үнжырғаңызды түсірмеңіз. Өзіңізде сенімділікті дамытуға тырысыңыз. Өзіңіз жэне басқалар туралы өзіңізге жақсы сезімдерді сіңіріңіз. Қанағаттану сезімін, әрбір минут, сағат, күн сайын үлғайта беріңіз. Егер сіз бүгін қанағаттанбасаңыз, ертең қанағаттанбауыңыз одан да көбірек болады. Бүл бейсаналықтың бір ережесі. Бақытты болуға үйреніңіз. Тіпті қазірден бастап өзіңізге, өз отбасыңызға, ата-аналарыңызға, әйеліңізге, балаларыңызға, бастығыңызға, әріптестеріңізге разы болуды үйреніңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет