«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С


Тұлғаның психологиялық теориялары



бет18/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
2.3. Тұлғаның психологиялық теориялары
В. Я. Брюсов: «Әрбір адам - екінші рет қайталанбайтын белгілі бір тұлға. Адамдар жанының мәнісі түрғысынан әр түрлі болады; олардың үқсастығы тек сыртқы сәйкестік қана. Әркім өз қалпында қалған сайын өзін тереңірек түсіне бастайды, оның қайталанбас ерекшеліктері анық көріне бастайды», - деп, адам тұлғасы даралығының құндылығын жоғары багалайды [48].

Өзін-өзі тану үдерісі адамның қалыптасу және даму үдерісімен тығыз байланысты. Адам тұлғасы сияқты күрделі және көп қырлы феномен жайлы тұтас көзқарас қалыптастыруға бағыт беретін бірнеше психологиялық теорияларға тоқталып өтейік.

Тұлға үғымының көптеген анықтамасы бар. Тұлғаны жеке адамның қоғамдық дамуының жемісі ретінде түсіндіру кеңінен тараған. Бұл адам дүниге келген сәтінен тұлға болмайтынын, даму және социуммен карым-қатынас үдерісінде тұлғаға айналатынын айқындайды.

Тұлғаның маңызды қасиеттерінің ішінде темпераментін, мінезін, қарым-қатынас жасау ерекшелігін, интеллектін, эмоциялары мен даралығын, уәждерін, мүдделері мен моральдық, адамгершілік қағидаттарын, бағыттылығын, мақсаттары және құндылыктарын атап өтуге болады.

Тұлға психологиясында түрлі теориялар мен көзқарастарды адамның әлеуетіне, оның позитивтік табиғатына сенетін теориялар мен адам табиғатына негативтік түрде көбірек қарайтын теориялар деп ажыратуға болады. Соның ішінде адамның сындарлы және ізгілікті мәнің жоғары қоятын психологиялық теориялардың біріншісі «Өзін-өзі тану» пәнінің психологиялық қырын құрайды. А. Маслоу, К. Роджерс, В. Франке, Дж. Бюдженталь жэне басқа психологтердің тұжырымдамалары осы бағытта жасалған.

«Өзін-өзі тану» курсының маңызды идеяларының бірі -адамның шексіз мүмкіндіктеріне, оның өзін жетілдіруге қабілетіне, түлғалық өсуіне сенім. Басты жасампаздық қасиет адамның ішкі жан дүниесімен байланыстырылады, онда адамның өз қабілеттерін ашуға ұмтылысы, «өмірдің қозғаушы күші» адамның дамуы қалыптасқан, оны К. Роджерс «актуализацияға бағытталған үрдіс» деп атайды [44]. Сондықтан адам үшін өзіне өзінің құндылықтық қарым-қатынасы жэне өзін өзі білуі өте маңызды болып табылады. Адам еркін, ол өзін тыңдай біледі, өзіне сүйене алады және өзінде өтіп жатқан үдерістерді дәл әрі толық бейнелей алады. Бұл жағдайда «актуализацияға бағытталған үрдіс» ықтимал қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, толыктай көрініп, адамның есеюіне, толыққанды өмір сүруге ұмтылысын қамтамасыз етеді.

Америкалық психологтер А.Маслоу мен К.Роджерс тұлға жайлы гуманистік көзқарастың біршама танымал өкілдері болып табылады. Гуманистік психология адам жаратылысынан өздігінен кемелденуге қабілетті деп есептейді. Психологияның бұл саласы адам мен жануарлардың психологиясын және мінез құлқын тұтастай немесе ішінара теңестіруді көздейтін тұжырымдамаларға өзіндік балама ретінде пайда болды.

Бұл теорияларда сана-сезімі мен ойлау үдерісінде адамның өзіне көрініс беретін ішкі тәжірибесінің құрылымы мен дамуын сипаттауға баса назар аударылады. Сөйтіп, гуманитарлық психология шеңберінде әзірленген негізгі идеяларды танып білудің «Өзін-өзі тану» пәнінің мәнін түсінуде маңызы өте зор. Оның негізгі мақсаттарының бірі - адам бойындағы элеуетті ашу үшін жағдай жасау болып табылады.

Тұлға туралы гуманистік теорияны жақтаушыларды, ең алдымен, адам өз өмірінде болган нақты жағдаяттарды қалай қабылдайтындығы, қалай пайымдайтындығы және қалай түсінді-ретіндігі толғандырады. Олар тұлғаның феноменологиясына түсінік беруді мақсат етпейді, тек оны сипаттап берумен ғана шектеледі. Сондықтан да бұл теорияларды кейде феноменологиялық деп те атайды. Тұлғаның және оның өмір жағдаяттарының мұндай сипаттамаларында негізінен өткенге немесе болашаққа емес, накты өмір тәжірибесіне аса көңіл бөлінген және «өмірдің мәні», «құндылыктар», «өмірлік мақсаттар» жэне т.б. терминдер арқылы жүзеге асырылады.

Роджерс барлық мінез-құлықтың жігерлену үрдісі қамтитын біріктіруші уәжден нәр алады және реттеледі деген болжамды ұсынды. Бұл үрдіс өзін-өзі жігерлендіруіне алып келеді жэне адамның өмірін неғұрлым көркейтіп, кемелдендіретін бір нәрсеге қол жеткізу немесе аяқтау ниетінен көрінеді.

Карл Роджерс эр адамның басынан өтетін сезімдердің маңызына назар аударды. Роджерс үшін субъектінің шындықты бастан кешіруі дереккөздердің ең қүндысы және көрнектісі болып саналады. Роджерстің пікірінше, психологиялық тұрғыдан дені сау индивидуум - ол өзінің эмоционалдық эсерленушіліктерімен үндестікте болатын адам. Ол өз эмоцияларына «құлақ салып», өзінің шынайы сезімдерін бүрмаламай, ашық білдіре алады. Роджерс адамның өмірді қалай қабылдайтындыгын неғұрлым тиянақты және тереңірек зерттеген кезде ғана адамның тұлғасын жіті, терең түсінуге болады деп есептейді [49].

Роджерс теориясында басты орын адамның өзін-өзі тануы мәселесі екендігі сөзсіз. Адам өзін-өзі тани отырып, өзін-өзі қорғауға онша әуес болмайды, ол өзінің жеке ұстанымдарына және сезімдеріне қатысты неғұрлым адал болады. Ол басқа адамдар мен оқиғаларды стереотиптерге жүгінбей, шынайы түрде қабылдай алады. Адам өзін-өзі жақсы көре бастайды және өз сезімдерінен корқуын қояды.

Адам өзінің жеке «Менін» тани отырып, басқалардың көзқарастары мен пікірлеріне тәуелділігі азая бастайды.

Енді баскалар тарапынан қолдауды күтпей-ақ, тек өзі дұрыс деп шешкендері мәнге ие бола бастайды. «Өзіне және өзгелерге деген сөзсіз дұрыс көзқарастың» маңызы аса жоғары болып саналады. Ол адамға өзін зерттеуге мүмкіндік береді. Бүл - өзін бағалай білетін жэне ұнату сезіміне бөлейтін өзге адамдармен қарым-қатынас жасау деген сөз. Ол кандай да бір оғаш әрекеттер жасаса да, бұл сүйіспеншілік сақталып қалады.

Роджерс өзінің теориясын жасауда адам өзі үшін өмірдің мәнін, оның мақсаттары мен құндылықтарын анықтайды, жоғары эксперт жэне сот болып табылады деген қағидатты ұстанады. Роджерстің теориясында адамның өзін сипаттап, дербес дамуының жетістіктерін белгілейтін үғымдарды, идеяларды, мақсаттар мен қүндылықтарды қамтитын «Мен» ұғымы орталық ұғымға айналды. Оган адамның өзін және өзіндік даму перспективасын сипаттайтын түсініктер, идеялар, мақсат, құндылықтар енді. Әрбір адамның өз алдына қоятын және оған шешімін табу қажет негізгі сүрақтар төмендегідей: Мен кіммін? Мен өзім қалағандай болу үшін не істей аламын?

Жеке өмір тәжірибесі барысында қүрылатын «мен» бейнесі адамның әлемді, өзгелерді, қабылдауына әсер етеді. Адамның өмірге деген қанағаттануы, толықкандылық деңгейі оның тәжірибесіне, «нақты мен» және «идеалды мен» арақатынасына тәуелді.

Жеке-дара өмірлік тәжірибенің нәтижесінде калыптасатын «Мен» бейнесі өз кезегінде сол адамның әлемді, басқа адамдарды, оның өз мінез-құлқына беретін бағаны қабылдауына ықпал етеді. Мен - тұжырымдамасы жағымды, екі ұшты, жағымсыз болуы мүмкін. Әрі ол ақикатты бұрыс бейнелеуі де мүмкін. Адамның Мен - тұжырымдамасымен үйлеспейтін нэрсе шынайы болса да оның сана-сезімінен ығыстырылуы мүмкін. Адамның өміріне қанағат-тануының дәрежесі, бақытының өлшемі оның тәжірибесінің «шынайы - Мені» мен «идеалды - Менінің» өзара қалай үйлесетініне байланысты.

Абрахам Маслоу теориясының басты бағыттарының бірі - өзі күрастырган қажеттіліктер пирамидасы. Маслоу барлық кажеттіліктері туғаннан немесе инстинктивті болады және басымдылық таныту жүйесіне қарай ұйымдаскан деп тұжырымдады. Бұл сызбаның негізінде томен орналасқан басым кажеттіліктер адам жоғарыда орналасқан қажеттіліктерді түсінгенге дейін қандай да бір деңгейде қанағаттануы жатыр. Яғни бір типтегі қажеттіліктер жоғарыдағы қажеттіліктер көрініс бергенге шейін немесе әрекет еткенге дейін толығымен қанағаттануы керек. Осылайша, физиологиялык қажеттіліктер жеткілікті деңгейде кауіпсіздік қажеттілігі пайда болғанға шейін қанағаттануы қажет: ал физиологиялық қажеттілік пен қауіпсіздік жэне қорғаныс қажеттілігі тәуелділік пен махаббат қажеттіліктері пайда болғанға дейін белгілі бір дәрежеде қанағаттануы керек (3-сурет) [44].






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет