П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет19/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

ұх (ғ.с)
Құранда хазірет Нұхтың есімі «Нұх», кейде «Нұх 
қауымы» деп отыз екі аятта 43 рет қайталанады.
107
Тәпсірші Суюти «Нұх пайғамбардың негізгі есімі 
Абдулғаффар, ал Нұх оның лақаб аты»,
108
екендігін ай-
тады. Құранда Нұхтың (ғ.с.) ата-анасы туралы бірде-бір 
дерек кездеспейді. 
Адам ата мен Нұх пайғамбардың арасында нақты 
қанша уақыт өткендігі белгісіз. Бірақ жүз жиырма алты 
жыл, он ғасыр және жиырма ғасыр деген деректер кез-
деседі.
109
Нұх пайғамбар тоғыз жүз елу жыл
110
бойы халқына 
үздіксіз ақиқатты түсіндірді. Осы мерзім ішінде Нұх 
пайғамбарға жетпіс сегіз немесе сексен адам ғана иман 
етті. Олардың жартысы ер, қалғаны әйел адамдар еді.
111
Қауымдарының арасынан иман етпегендер Нұхты 
106
әр-Рази, Әбу Абдуллаһ ибн Омар ибн Хұсәйн (қ.ж. 606), әт-
Тафсирул-кәбир, 21/233. Каир.
107
Абдулбақи Мухаммад Фуат, әл-Мужамул Муфаһрас ли-
Әлфазыл-Қуранил Карим, «Нұһ бабы», Бейрут, 1987; Мәһран 
Мухаммад Бәииюми, Дирасат Тариһия минәл-Қуранил 
Кәрим, Бейрут, 1988, ІV/10
108
Суюти, әл-Итқан фи Улумил Қуран, Димашқ, 1993, ІІ/1062, 1087
109
Хаким ән-Нисабури, әл-Мустадрак әлас-Сахихайн (өңдеген: 
Мустафа Абдулқадир), Бейрут, 1990, ІІ/380; Суюти, әл-Итқан, 
ІІ/1062; Мәсут Жамал Абдулһади Жума, Уәфа Мухаммад
Тарихул-уммәтил-уаһида, Нұһ әлайһиссәлам, Дарул Уафа, 
Мысыр, 1992, 9-б.
110
«Әнкабут», 29/4
111
Ибн Кәсир, Тафсир, ІІ/448; Әбус-Сууд, Иршадил Ақлис-
Сәлим ила Мәзаиәл-Қуранил Кәрим, Бейрут, VІІІ/33


52
Пайғамбарларға иман
үнемі мазақтап келекелеумен болды.
112
Өздері Уәдд, 
Суағ, Яғус, Яғуқ және Наср деген жануарлар кейпіндегі 
пұттарға табынды.
113
Нұх (ғ.с.) өздерінше ат қойып, айдар таққан 
пұттарға табынған халқын құтқару үшін бар жанын са-
лып еңбек етсе де, қауымы бет бұрмады. Қырық жыл 
бойы құрық бермеген құрғақшылықтан көз ашпаса да, 
райларынан қайтпады.
Нұх (ғ.с.) көпке дейін қауымынан үмітін үзбеді. 
Қауымын қуанышпен сүйіншілеп те, қорқытып та 
көрді. Ешқандай нәтиже шықпады. Қайта қауымы күн 
өткен сайын есіргені сонша – иманға мойын бұрғалы 
жатқандарды тура жолдан тайдыра бастады. Нұх 
пайғамбарға «егер сөзің рас болса, бізге қорқытқан 
азабыңды көрсетші», – деп имансыздықтарын паш 
етті. Тағдырдың ісіне қараңыз, Пайғамбарлардың бәрі 
бірауыздан елді бір Аллаһқа сеніп, құлшылық қылуға 
шақырса, күпірлік қамытын киген имансыздар да әлгі 
сөзді қайталаумен болған. Өйткені Ад, Самуд, Лұт, 
Перғауын қауымдары мен Меккелік мүшріктер де дәл 
солай деген-ді.
114
Ақырында Нұх (ғ.с.) Жаратқанның әмірімен кеме 
жасап, жер бетін су басады. Иман еткен адамдар ғана 
кемеге мініп аман қалады. Нұх пайғамбар өзінің ар-
тынан ілескен адамдармен бірге жануардың барлық 
түрінен бір-бір жұбын кемеге мінгізеді.
115
112
«Нұһ», 71/7
113
Ибн Қутайба, Тафсир, 487; Суюти, әл-Итқан, ІІ/1078 
114
«Ахқаф», 46/22; «Ағраф», 7/70,77; «Әнкабут», 29/29; 
«Шұғара», 26/31; «Әнфал», 8/32
115
«Худ», 11/40 


53
Пайғамбарларға иман
Жер бетін топан су қаптап асау толқындар арасын-
да тек қана Нұхтың кемесі батпай жүзіп жүрді. Кәпір 
атаулы түгелдей суға кеткен соң Аллаһ тағала жер мен 
көкке әмір беріп: 
«Ей, жер, міндетің аяқталды, суыңды жұт! Ей, 
аспан-көк, жауыныңды тоқтат!»
116
 деді. 
Осы кезде жер топан суды түгелдей жұтты. Көк те 
жауынын тоқтата қойды. Жер суды жұтып жатқанда 
теңіз деңгейі бірте-бірте аласарып, таулар қайта көріне 
бастады. Нұх кемесі Құранның сөзімен айтқанда 
«Жуди» деген таудың басына тоқтаған еді. 
Х


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет