П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010


Мұғжизалар және ғылымның дамуы



Pdf көрінісі
бет40/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

Мұғжизалар және ғылымның дамуы
Мұғжиза мен ғылымның арасында байланыс құру 
мүмкін бе? Мұғжиза Аллаһтың құдіретіне сүйене оты-
рып пайғамбарлардың көрсеткен төтенше құбылыстары 
261
«Саффат», 37/137-148 
262
А.Унал Қуран мәалі, «Жүніс», 10/98; «Саффат», 37/141-146; 
(472; 984)


99
Пайғамбарларға иман
десек те, мұғжиза мен ғылымның арасында айтарлықтай 
байланыс бары шындық. 
Айталық, мұғжизалар ғылымның даму шегін 
көрсетті деуге толық негіз бар. Әр пайғамбардың 
көрсеткен мұғжизасы бір ғылым саласының ең биік 
жетістігіне ишара жасағандай. Мәселен, Ибраһим 
пайғамбардың жалындаған отта жанбауы осы күнгі 
амианттан
263
жасалған киімге ишарат болуы мүмкін.
Ал Жүсіп пайғамбар зынданда отырып құлшы-
лығын орындау үшін уақыт анықтайтын құрал ойлап 
тапқан еді. Ол осы күнгі сағатқа ишарат болса керек.
Мұса пайғамбардың аса таяғын сілтеумен қайнар 
бұлақтың жерді тесіп шығуы осы күнгі артезиан сула-
рына, Дәуіт пайғамбардың тауларды сөйлету арқылы 
мұғжиза көрсетуі осы күнгі жаңғырық дауыс пен үн 
таспаларына ишарат болса керек. 
Сонымен қатар, Дәуіт пайғамбардың дәуірінде 
адамдар соғыстан көз ашпайтын. Әскерлердің үстіндегі 
сауыт кез келген қылышқа төтеп бере алмай қақырап, 
қақ айырылатын. Сауыттар зілдей ауыр әрі қолайсыз 
болатын. Дәуіт (ғ.с.) осы мәселе төңірегінде терең ойға 
батады. Аллаһ тағала осы сәтте оған темір өнімдерін 
балқыту мұғжизасын үйретті. Нәтижесінде пайғамбар 
жеңіл әрі қолайлы сауыт жасап шығарды. Тіпті дұшпан 
әскерлері де жаңа сауытқа таңырқай қараған болатын. 
Бұл да осы күнгі өнеркәсіптің дамуына сілтеме болса 
керек. 
Сүлеймен пайғамбар мен Йемендегі Сәбә 
патшасының ханшайымы Шәрахил қызы Бәлқыс 
263
Отқа шыдамды амфиболдар тобының минералы, асбестің бір 
түрі


100
Пайғамбарларға иман
арасындағы мына қыссада да ғылым-білімнің дамуына 
қатысты кейбір ишараттар берілген. 
Хазірет Сүлеймен Бәлқысқа тосын сый жасамақ 
болады. Бәлқыс орта жолда келе жатқанда уәзірлерін 
шақыртып «Кім маған Бәлқыстың салтанатты тағын 
алып келеді», – дейді. Сонда жындардың бірі (Ифрит): 
«Мен бір сағаттың көлемінде алып келемін. Айтсаңыз 
болды», – деді. Сол кезде затты бір жерден екінші 
жерге көзді ашып-жұмғанша жеткізу ілімін меңгерген 
(Кітап ғылымына ие) уәзірлерінің бірі: «Қаласаңыз, 
қас-қағым сәтте Бәлқыстың салтанатты тағын 
Шамдағы сарайға жеткізейін», – дейді. Дем арасында 
Аллаһ тағаланың құдіретімен тақ лезде сарайға жет-
кізіледі. Сөйтіп, Бәлқыс Шамға жеткенше тағы өзінен 
бұрын келіп қойған еді. Тіпті тақтың айналасындағы 
адамдардың да дауыстарына шейін естілді. Бәлқыс бұл 
мұғжизаға таңырқанып; «О, Раббым! Мені мейіріміңе 
бөлеп, күнәларымды кеше гөр. Сен мейірімділердің 
мейірімісің», – деп иман етті. Бұл Сүлеймен пайғамбарға 
берілген мұғжиза еді. Йемен мен Шамның арасының 
қашықтығы екі мың шақырымнан астам болады. Бұл аят 
ұзақ қашықтықтағы дауыс пен бейненің көрінетіндігіне 
тұспал жасай отырып, Ей, басқарушылар! Егер де білік-
ті басшылықты қаласаңдар, хазірет Сүлеймен сияқты 
бағынышты адамдардың қабілет қарымы мен шалғай 
аймақтарды тануға тырысыңдар. Бұған қоса «Ей, адам-
дар! Құлыма үлкен аумақты басқаруға бердім. Ол 
әділеттілікті орнатуға талпынды. Бұған қоса, құлыма 
іздену қабілетін де бердім. Олай болса, жатпай-тұрмай 
ізденіңдер. Шалғай жақтарға барыңдар. Құлшылық мін-
детті де толық орындаңдар»,
264
– дейтіндей. Бұлардың 
264
Суат Йылдырым, Қуран кәрім мәалі, Стамбул, 1998


101
Пайғамбарларға иман
барлығы осы күнгі ұшақ, теледидар немесе ғаламтор 
сияқты жаңа технологияларды табуға ишарат болса ке-
рек. 
Бұған қоса, Сүлеймен пайғамбар желді бағын-
дырып, ауаны ат қып мінген, яғни Аллаһтың көмегімен 
ауада ұшқан. Бұл адам баласы үшін де ауада жолы 
ашық болатынын меңзейді. Олай болса, адам бала-
сы осы мәртебеге жете алады деген сөз.
265
Бәлкім, бұл 
қазіргі таңдағы адам баласы Аллаһтың құдіретімен ой-
лап тапқан ұшақ болар. 
Сүлеймен пайғамбарға да Аллаһ тағала 
көптеген нығмет сыйлаған еді. Солардың бірі – жан-
жануарлардың тілін білу. Бұл да өз кезегінде жақсылап 
ізденген жағдайда аң-құстардың да тілін білуге бола-
тынын меңзеуде. (Циркте де небір жыртқыш аңдардың 
тілін тауып, қолға үйрететіндігі қазіргі уақытта ешкім-
ге таңсық емес).
Ал медицина дамыған дәуірде Иса пайғамбар емі 
жоқ ауруларды сырқатынан құлан-таза айықтыратын. 
Тіпті, оған өлілерді тірілту мұғжизасы да берілген еді. 
Бұл медицинаны дамытуға жасалған ишарат. Мы-
салы, қазіргі медицина озық технологияларды пайдала-
на отырып, көзі көрмей қалған адамды емдеуі мүмкін. 
Хадис бойынша, ажалға ғана дауа жоқ, басқа ауруларға 
шипа іздеу керек. Демек, Құран қай сырқаттағы 
науқас болса да емдеуге шақырып, адамзатты ғылымға 
ынталандырған. Ал туа бітті соқыр, көру тамырлары жоқ 
адамды емдеу немесе өліні тірілту мүмкін емес екендігі 
баршаға аян. Өйткені, өмір мен өлімді жаратқан Аллаһ 
тағала. Ал адамзат болса жаратылыс заңдылықтарының 
шеңберінен асып кете алмайды. Ғылым мен технология 
265
А.Унал, Қуран мәалі, «Әнбия», 21/81


102
Пайғамбарларға иман
жетістіктері қандай деңгейге жетсе де мұғжиза шегінен 
аса алмайды. Бұл шектеулер тек пайғамбарларға ғана 
тән. Пайғамбарлардың мұғжизалары белгілі бір шекті 
меңгеріп, адамзатты сол шыңға талпындырады. 
Аллаһ пайғамбарларды елші етумен бірге 
адамдардың жан дүниесіне үңілуге, мұғжиза арқылы 
адамдардың ой-өрісінің өсуіне, ілгерлеуіне мүмкіндік 
берген. Осы арқылы қазіргі технологияның қалыптасып 
дамуына жол көрсеткен тәрізді. 
Ал Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
пайғамбар 
дәуірінде сөз өнері ұшар шыңына жетіп, Құран түсті. 
Сол кездегі от тілді, орақ ауызды сөз дүлділдері мен 
ең мықты шайырлар Құранның құдіреттілігі алдын-
да қалай бас исе, одан кейін сан ғасырлар өткеніне 
қарамастан адамзат баласының Құран секілді кітап жа-
сай алмауы үлкен мұғжиза. Бұл қиямет қайымға дейін 
жалғаса бермек. Құранның көркем сөз кереметі ретін-
де түсуі де болашақта әлемде сөздің, білім-ғылымның 
үстемдік ететінін ұқтырса керек.
Пайғамбарымыздың мұғжизасы тек Құранмен 
шектеліп қалмайды. Ғаламның рақым нұры болып жі-
берілгендіктен, өзге де мұғжизалар берілген. 
К
еремет
Керемет – Аллаһ тағалаға құлшылығымен бір 
қадам жақын тақуа жандардың бойынан көрінетін, жа-
ратылыс заңдылығына қайшы ғажайыптар. 
Мәселен, хазірет Мариямның (ғ.с.) кереметі. Ол 
Құранда былайша баяндалады: 


103
Пайғамбарларға иман
«Сонда оны Раббы жақсы қабылдап, көркем өсірді 
және оны Зәкәрияның қарамағына берді. Зәкәрия оның 
бөлмесіне әр кіргенде алдынан тағам көрді. Сонда: 
«Ей, Мариям! Мыналар саған қайдан келді?» – деді. 
Мариям: «Ол Аллаһтан, Аллаһ тағала қалаған құлын 
есепсіз рызықтандырады», – деді».
266
Хазірет Мариям ананың бөлмесіне өзінен басқа 
ешкім бас сұқпайтын. Ал алдындағы жеміс-жидектер 
тек кереметтің нышаны ғана. 
Сонымен қатар, ілкі заманда Тарсұс қаласындағы 
Дақянус патшаның зұлымдығынан қашып, Кәһф деген 
үңгірге бекінген адамдар туралы керемет те бар. Бұл 
Құранда: 
«(Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
) Біздің мұғжизалық 
аяттарымыздың ішінен тек үңгірдегілер мен жазу-
ды (рақим) ғана таң қаларлық белгілер деп ойладың 
ба? (Рақим – бұл сөзді кейбір ғұламалар үңгір болған 
ауылдың атауы десе, кейбірі үңгірде болған адамдар 
туралы жазылған кітаптың атауы дейді) Жас жігіт-
тер үңгірге бекінді де: Раббымыз! Бізге өз құзырыңнан 
ерекше игілік бер! Бізге жәрдем бер! Біз үшін қайырлы 
және Өзің разы болатын істерді бізге нәсіп ет!» деді. 
266
«Әли Имран», 3/37


104
Пайғамбарларға иман
Сонда оларды ғасырлар бойы терең ұйқыға бөледік. 
Сосын екіге бөлініп қанша уақыт қалғанын анықтау 
үшін оларды ояттық»,
267
– деп баяндалады.
Керемет – пайғамбарға, оның әкелген діні мен жо-
лына жан-тәнімен берілудің жемісі.
М


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет