105
Пайғамбарларға иман
1. Мұғжиза тікелей Аллаһ тағаладан келген болуы
керек. Өйткені, оны қалаушы әрі жасаушы – Хақ тағала.
Мәселен, хазірет Мұсаның аса таяғының жыланға айна-
лып кетуі, Иса пайғамбардың өлген адамдарды тірілтуі
сияқты мұғжизалар Аллаһ тағаланың қалауы және жа-
ратуы арқылы іске асады. Ал пайғамбарлар тек дәнекер
ғана.
2. Мұғжиза күнделікті
өмір тіршілігінен бөлек,
табиғат заңдылықтарымен түсіндіруге келмейтін әрі
адам баласын таң қалдыратын амал болуы керек.
3. Адамдардың қарсы тұру, уәж айту мүмкіндігі
қалмауы керек. Адамдар өздерінің осал екендігін сезі-
нуі тиіс.
4. Мұғжиза Аллаһтың хақ екендігінің дәлелі ретін-
де пайғамбар тарапынан іске асуы керек.
5. Мұғжиза пайғамбарлардың сөзіне сай іске асуы
қажет.
6. Мұғжиза пайғамбардың
сөзінен ерте немесе
кейін жүзеге аспайды
7. Мұғжиза көпшіліктің сұранысымен іске асады.
Ал керемет сұраныс бойынша жасалмайды.
270
Демек, кереметті мұғжизамен, ал әулиені пайғам-
барлармен салыстыра алмайды екенбіз.
И
рхас
Ирхас – пайғамбарлық міндеті жүктелгенге дейінгі
кездерде пайғамбарларда көрініс тапқан ғажайыптар.
Мәселен, хазірет Исаға бесікте тіл бітуі.
270
Журжани, Шархул Мауақиф, ІІІ/177-179
106
Пайғамбарларға иман
Періштелер Исаның анасы Мәриямға әкесіз дүниеге
келетінін және бесікте де, ержеткенде де адамдармен
сөйлесетінінен хабар берген.
271
Иса (ғ.с.) әкесіз дүниеге келген деп халық хазірет
Мариямды жазғыра бастаған кезде бесікте жатқан сәби
(хазірет Иса):
«Мен Аллаһтың құлымын. Қолыма кітап
беріп мені пайғамбар етіп таңдайды. Қайда барсам да
мені құтты етті. Ғұмырымның соңына дейін намаз,
зекет құлшылықтарын орындауға бұйырды...»
272
деп
халыққа тіл қатады.
Бұл бесікте жатып тіл біткен хазірет Исаның
болашақта пайғамбар
болатынына бірден-бір ишара
еді.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
бойында да бірнеше ирхасты байқауға болады.
Мәселен, Әмина анамыз жүктілігінің алтыншы айында
түс көреді. Түсінде бір кісі «Ей, Әмина! Сен әлемге құт-
береке әкелетін сәбидің анасы боласың»
273
деген еді.
Бірде Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сауда сапары-
мен Шамға бет алады. Бір шөкім бұлт Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бейне бір қорғаушысындай төбесінен
қалмай қояды.
274
Демек,
бұлардың барлығы табиғат
заңдылықтарымен түсіндіруге келмейтін ғажайыптар
әрі олардың келешекте пайғамбар екендігіне бірден-бір
дәлел.
271
«Әли Имран», 3/46-47
272
«Мәриям» сүресі, 19/30-31
273
Ибн Исхақ, Сиратун Нәбауи, І/166.
274
Халәби, Инсанул Ұйун, Мысыр, 1964, І/221; Хаким,
Мүстәдрак, ІІІ/182; Яқут, Муъжамул Бульдан, Бейрут, 1956,
ІІ/126