бере қояды (Әл-Фараби, 1975. 21 б.). Жаман мінез-құлықтан арыл- татын: «Адамның игі қылықтары мен жақсы эрекеттерін жасауға көмектесетін жан қасиеттері - ізгілікті қасиеттер», - екендігін білсек, «Адамның пасык істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары - сұрқиялық, кемшілік немесе опасыздық бо- лып шығатынын байқаймыз» (Әл-Фараби, 1975. 188 б.). Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың көздеген мақсатына жетуі тек өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруы тиіс, сонда ғана ақиқатты, айналадағы дүниені танып біле алады деп түйін жасайды. Қазақстан журналистерінің кәсіптік эдеп мәселесімен шындап бетпе-бет келгеніне көп уақыт өтпесе де, айтарлықтай тэжірибе жинақтайтын уақыт жетті. Қоғамдағы буырканған өзгерістер, баспасөз бостандығының берілуі, тэуелсіз басылымдардың кэп- теп пайда болуы қазақстандық журналистиканың кәсіби эдебін теориялық жэне тәжірибелік тұрғыдан зерттеу мэселесін қолға алуды қажет етеді. Бұл ретте журналистік эдеп тарихының тағылымынан сабақ ала білу парыз. Өйткені, кодекстер ж ур налистке бағыт береді, дұрыс пен бұрыстың шекарасын ажыратуға көмектеседі. Кейінгі бірнеше ондаған жылдар ішінде журналистердің халықаралық ұйымдары, федерациялары құры- лып, журналистік эдеп осы ұйымдардың бақылауындағы өзекті мэселелердің біріне айналды. Мундай ұйымдардың негізгі мін- деттерінің қатарында баспасөз бостандығы мен тәуелсіздігі, жур- налистік эдеп пен кәсібилік мэселелерінің қойылуы кездейсоқ емес. Өйткені, кэсіптік эдеп журналист шеберлігінің ажырамас бөлігі эрі айқын шарттарының бірі болып табылады.