деңгейде болса, бүгінгі мәжілісте де сондай деңгейде. Демек, бір топ депутаттар қазақ тілін сыйлайды, сол тілде сөйлейді, сол тілде мемлекеттік құжаттар дайындайды, сол тілде бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдемелер жасайды, мақалалар жазады. Екінші бір топтың тілі - жартылай орыс, жартылай қазақ. Қазақша сөйлесе, жаза алмайды, қазақша ойлай алмайды, пікірін жеткізе алмайды. Үшінші топ -т ү г ел д ей орыс тілінде сөйлеп, орысша ойлап, орысша жазатын депутаттар. Кейбір қазақша сөйлегісі келетін депутаттар күні бұрын сөздерін дайындап, орысша сөйлеген ұят болар, мен өзімнің ана тілімде сөйлейін деп келіп, қазақша сөйлеушілердің қатары бірте-бірте көбейіп келеді...», - деген салмақты пікір білдіріп, толғақты ой тастайды. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады жэне бұл пікірлердің бэрі ашынғандықтан туындаған, ащы да болса шындық екенін көзіқарақты оқырманның мойындамасына амалы жоқ. Франция, Ұлыбритания, Албания сияқты өркениеті дамы- ған елдерде БАҚ хабарларында бөгде тілдердің сөз арасын- да кездейсоқ кірістірілуінің өзіне үлкен мэн беріледі. Оны қолдаушылар қатаң айыпталатындықтарын жиі естиміз. Ал, бізде орыс тілі қолданылмаса, ортамыз ойсырап, мәдениетіміз қүлдырап кететіндей көреміз.
88
Ж а қ сы лы қ б а ева Р.С. Ж урналист этикасы
1996 жылы қос палаталы кәсіби Парламент болғанда Тілдер туралы Заң талқылаудан өтті. Сонда депутаттар арасында қызу талқылаулар болды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дегенге бұл жолы ешкім қарсы шықпаса да, орыс тілі де мемлекеттік тіл болсын деген талап қойылды. Бірақ Салық Зиманов, Султан Сартаев, Өмірбек Жолдасбеков, Шаһмардан Есенов, Манаш Қозыбаев, Шерхан