П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет522/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   518   519   520   521   522   523   524   525   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

тарс ету - тарсылдау, дүңк
ету - дүңкілдеу, зыр ету - зырылдау, баж ету -
бажылдау,гу ету - гуілдеу,едірең ету - едіреңдеу,
елең ету - елеңдеу, қалт ету - қалтылдау, дыз ету
- дызылдау
т.б. Көмекші етістік еліктеуіш сөздің 
күрделі түрімен тіркескенде де, осы м ағы насы н 
сақтайды . Мысалы: 
тарс-тарс ету - тарсылдау,
баж-баж ету - бажылдау
т.б.
Белгілі құбылысты білдіруде аналитикалы қ, 
синтетикалық тәсілмен жасалған лексемалар ұғы- 
мы жағынан мәндес болғанмен, оның жеке сипа- 
тын беруде бірінің аясы ж етпегенін, екінш ісі 
толықтыратын өзіндік реңк, ерекш елікж оқ емес. 
Оны 
тарсылдады
деген сөзді 
тарс етті
немесе 
тарс-тарс етті
деген сөздерм ен салы сты ру 
арқылы байқауға болады. Бастапқыда тарсылдың


404
СӨЗЖАСАМ
қалы пты түрде өткендігі бейнеленсе, екінш іде 
қы сқа, бірақ үзіліссіз, серпінді, ал үшіншіде 
б ір н е ш е р ет, д ү р к ін -д ү р к ін б о л ы п ө т к е н і 
бейнеленеді.
Бұдан кейін еліктеуіш сөз көмекші етістікпен 
тіркескенде, өзінің негізін сақтап қалады. Ал син- 
тетикалық тәсілмен жасалған етістіктердің (оны- 
мен мәндес келетін) түбіріндегі еліктеуіш сөз өз 
мәнінде қала алмайды, ол әуелі 
-ыл, -іл
жұрнағы 
арқы лы зат есімге айналады да, о ған
-да, -де
жұрнағы қосылып етістік болады. Демек, құранды 
етістік елікгеуіш созге көмекші етістік ешбір тілдік 
бірліксіз тікелей тіркесуінен пайда болса, оны - 
мен мәндес келетін туынды етістік әуелі еліктеуіш 
сөзден 
-ыл,
-/л ж ұ р н ағы арқы лы зат есім жасап 
барып, сосын туынды етістік жасалады. Еліктеуіш 
созге 
-да,
-деқосы м ш асы ны ң тікелей қосылуы- 
нан туған етістіктер тілімізде мүлде кездеспейді 
емес, кездеседі, бірақ ол коп емес. О ған 
ла у-ла ,
зу-ла, ду-ла, су-ла
тәрізділер жатады. Бұлардың 
м ағы насы осы сөздерден орбіген 
лауылда, дуыл-
да,
суб/лдадегендермен тең емес.
Еліктеуіш сөздерді етістікке айналды ратын 
көмекші етістіктер мұнымен, әрине, шекгелмейді, 
“ет
"комекшісінен басқа 
кақ, бол, кыл, бер
тәрізді 
етістіктер де жатады. Өйткені бұлар да еліктеуіш 
создерді етістікке айналдырады. Бірақ, олар 
“ет ”
тәрізді еліктеуіш создің кез-келгенім ен тіркесе 
бермейді, соз талғайды. С оны ң бірі - 
“к ы л ”
көмекш ісі. Ол негізінен, бейнелеуіш создермен 
тіркеседі, одан пайда болған құранды етістік ма- 
ғы на ж а ғ ы н а н е т көмекшісінен алш ақ кетпейді, 
қайта онымен мәндес, мысалы, 
абыр-сабыр қыл-
ды - абыр-сабыр етті, әлкек-тәлкек қылды - әлкек-
т әлкек етті, м ең-зең қылды - м ең-зең етті
т.б. 
Білдіретін ұғымы бір, мағынасында стильдік қана 
реңк бар. 
“Қ ы л”
көмекш ісі арқы лы ж асалған 
етістіктің мәні үзілді-кесілді, ш ирақ болса, ал 
“ет ”
көмекші арқылы жасалғандары жатық, бо- 
саң, сыпайы.
“Қақ
”көмекші етістігіне келсек, ол еліктеуіш 
сөздің 
ң, р,
лдыбыстарына аяқталған түрімен ғана 
тіркеседі, мысалы, 
сылаң қағу, зырыл қағу, сылдыр
қағу, жайраң қа ғу
т.б. Бейнелеп оты рған құбы- 
лысына ерекше бір әсем, ойнақы сұлулық мәнер 
береді. Бұл еліктеуіш создің қосарлы түрімен 
жұмсалмайды. Тілде мұның арагідік күрделенген 
түрі кездеседі.
“Б о л ”
көм екш і етістігі еліктеуіш сөздің 
бейнелеуіш түрімен жиі жұмсалады. М ысалы: 
абыр-сабыр болу, жалба-жұлба болу, быт-шыт болу,
дал-дұл болу, бұрқан-талқан болу
тағы басқа. 
Көбінесе қосарлы түрімен жұмсалады: 
дал болу,
талқан болу, дода
бодутәрізді жалаң түрі қосарлы 
түріне қарағанда, сирек ұшырайды.
Есім, еліктеуіш создермен көмекші етістіктің 
тіркесуінен қалыптасқан құранды етістіктер етістік 
жүйесінде елеулі орын алады. Ол тіліміздің созжа- 
сам жүйесінің қажетіне жарап, белгілі бір қимыл 
ұғымды білдіруші лексикалық бірлік ретінде қыз- 
мет атқарады. Ж алаң сөздердің өресі жетпейтін 
күрделі ұғымдарымыз, әдетге, осы тәріздес күрделі 
создер арқылы беріледі. Ойды нақтылы әрі коркем 
етіп жеткізуде, оған ерекше сұлулық беруде бұлар 
да маңызды қызмет атқарады. Оған Абайдың мына 
бір ©лең шумақтары да айғақ.
Салаң етіп
ж олы қса қайтқан ізі,
С ағадан 
сымпың қағып із
шалғанда.
Томен ұшсам, түлкі орлеп құтылар деп, 
Қанды көз 
қайқаң қағып,
ш ықса аспанға 
Жарқ-жұрқ етіп
екеуі айқасады,
Ж еке батыр ш ыққандай қан майданға 
(Абай)
Осы ндағы 
салаң етіп, сымпың қағып, қайқаң
қағып, жарқ-жұрқ етіп
деген сөздердің ақынның 
асқан шеберлікпен қолдана білгенін айтпағанның 
озінде, шумаққа бұлардың қаншалықты өң, ажар, 
көрік, сымбат беріп тұрғаны н коруге болады.
Қос соз тұлғасы н дағы создер де құранды 
етістік ке н егіз болады . Еліктеуіш созд ерд ің
құранды етістік жасауға дара, қос соз түрінде 
қатысуын кездейсоқ деп қарамау керек, мұнда 
белгілі заңды лы қ бар. Еліктеуіш соз қос соз 
түрінде еліктеуіште қолданылғанда, құранды етіс- 
тікте қимылдың қайталануы, түрліше жасалу мәні 
болады. М ысалы: Ескі ш апанның бір ж ақ жеңін, 
тұтас оңірін 
дал-дал қып
боктеріп түсті (Әуезов). 
Анда-санда 
сарт-сұрт еткен
сойыл дыбысына 
араласа, бір сарынмен ға н а
тырс-тырс еткен
сол- 
қылдақ арба жақындап келеді (Мүсірепов). Елік- 
теуіш соз қайталама қос соз түрінде келгенде, 
құранды етістік қимылдың қайталануын білдірген, 
еліктеуіне қосарлама қос соз түріндегі еліктеуіш- 
те болған қимылдың түрліше жасалу мәні бар. 
Еліктеуіш соз арқылы жасалатын құранды етістікті 
білдіретін қимыл бір рет қана жасалатын қимыл 
болса, еліктеуіш сөз дара қалпында қолданылады. 
Кенжетайдікіне Асқармен бірге кірген бір құш ақ 
суық комескі жанған білте шамды үрлегендежолл 
етіп
сонді де қалды (М ұқанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   518   519   520   521   522   523   524   525   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет