П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет582/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

Көмектес септік. 
Септіктің бұл түрі қазақтан 
өзге түркі тілдерінде септік жалғауы деп таныл- 
майды, оның қосымш асын жалғаулық шылау деп 
біледі, сөйтіп оны бөлек жазады. Қазақ тіліндегі 
көмектес септігінің жалғаулары 
-мен, -бен, -пен,
-менен, -бенен, -пенен.
Оның тілімізде жуан фоне- 
тикалы қ нұсқасы ж оқ, сондықтан жуан түбірге 
де, жіңіш ке түбірге де бір-ақ нұсқада жалғанады. 
Сырт пішімі ж ағы нан жалғаудың түрін бір буын- 
ды (-
м ен, -бен, -пен
), екі буынды (-
менен, -бенен,
-пенен)
деп екі топқа бөлуге болады. Олардың екеуі 
де тілімізде бірінің орны на бірі еркін қолданыла 
береді. М әселен, 
атпен келдім
деп те, 
атпенен
келдім
деп те айта береміз. Бірақ бұл септіктің екі 
буынды нұсқасы ны ң айтылуы тілімізде сирек, 
көбіне-көп ол ауызекі тілімізде қолданылып жүр.
Көмектес септікті сөздердің негізгі м ағы на- 
лары:
Іс-қим ы лд ы ң қандай құралмен атқары лға- 
нын білдіреді. М ысалы: 
пышакпен кесті, балта-
мен шапты, поезбен келді.
Іс-қи м ы л ға ортақ субъектіні білдіреді. М ы- 
салы: 
Аскармен сөйлесті, жаумен алысты.
Кейде іс-қим ы лды ң амалын білдіреді. М ы- 
салы: 
сөзбен жеңді, ынтамен істеді, ісімен көрінді.
Септіктің бұл түрінің істің мақсатын көрсететін 
кезі де бар. Мысалы: 
Ол мұнда бір оймен келді
Іс-қим ы лды ң қай жерде жүзеге асқан ды ғы
да кейде осы септіктің мағынасынан көрініп тұра- 
ды. Мысалы: 
жолмен жүріп келеді, арыктың жие-
гімен жүріп келеді.
Көмектес септігінің жалғауы мезгіл мағына- 
лы сөздерге ж алған ған кезде ол сөздер үстеулік 
мәнге ие болады. Мысалы: 
күнімен, түнімен.
Есім сөздерден тыс етістіктің есімше тұлға- 
сына жалғанып, қарсы лы қ мәнін білдіреді. М ы- 
салы: 
Ол сені көргенмен, м ені көрген жок
.
Септіктің бұл түрінің де ф разеологиялы қ 
тіркестердің құрамында жиі ұш ырайтыны бар. 
Мысалы: 
алтынмен аптап, күміспен күптеп;
көзбен көріп, колмен үстау; таспен үрғанды аспен
үр
(Мақал).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет