П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы


\ С И Н Т А К С И С С И Н Т А К С И С



Pdf көрінісі
бет822/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   818   819   820   821   822   823   824   825   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

\
С И Н Т А К С И С
С И Н Т А К С И С
1. СИ НТА КСИС Ж Ә Н Е О Н Ы Ң
О БЪ Е К ТІС І
Синтаксис
термині тіл білімінде екі м ағы - 
нада жұмсалады: біріншісі - коммуникация (пікір 
алысу) үстінде жұмсалатын тіл тұлғалары ны ң 
құрылысы, екінші - тілдің коммуникация үстінде 
ж ұмсалатын тіл тұлғалары н зерттейтін ғылым 
саласы мағынасында.
Синтаксистік жүйе - қазақ тілі конструкция- 
сы ндағы бір деңгей. Ол - тілдің лебізді білдіру, 
ж ариялау қызметін атқаратын жүйе. Тілдің бас- 
ты коммуникативтік қызметі осы жүйе арқылы 
жүзеге асады.
Айтылатын лебіздің мазмұны, соған байла- 
нысты ауқымы әр түрлі болып келеді. Лебіз жай 
пікірді, күрделі пікірді, тіпті концептуалды ойды 
хабарлай алады.
Қазақ тілінің синтаксистік жүйесінде лебіздің 
мазмұн түрлеріне сай қалыптасқан синтаксистік 
тұлғалар бар.
Жай пікірді айтуға жай сөйлем қызмет етеді. 
Күрделі пікірді айтуға құрмалас сейлем қызмет 
етеді. Мазмұны бұдан күрделі лебізді айтуға син- 
таксистік шалым, текст деп аталатын тұлғалар 
§ілдіредІ
Жай сөйлем, құрмалас сөйлем, синтаксистік 
шалым, текст коммуникативтік процеске дербес 
қатысады. Сондықтан бұлар ком муникативтік 
сапасы бар синтаксистік тұлғалар ретінде таны - 
лады.
Тіл білімінің, оның синтаксис болімінің зерт- 
тейтін объекгісі - осы тұлғалар, тұлғалардың құры- 
лысы.
Коммуникативтік сипаты бар тұлғаларды ң 
құрамына құрылымдық компоненттер қатысады. 
Бұлар дара жұмсала алмайды, бұлар коммуника- 
тивтік дербестігі бар тұлғаларды ң құры лы мды қ 
компоненті (элементі) ретінде ғана танылады. Соз 
тіркесі, сойлем мүшесі - осы қатарға жататын 
тұлғалар. Бұлардың коммуникативтік дербестігі 
жоқ, бірақ құрылымдық дербестігі бар.
Сонымен, синтаксистік тұлға деп танылатын- 
дар - коммуникативтікжағынан немесе құрылым- 
дық жағынан дербес көрінетін конструкциялар.
Синтаксистік тұлғалардың барлық түрі сапа- 
лық айырмашылығына қарамай, ең алдымен, құры- 
лысы жағынан зерттеліп, танылады. Олар тілдегі 
түрлі грамматикалық амалдар арқылы құрылым- 
дық тұрпатқа ие болады, синтаксистік бітім алады.
Синтаксистік тұл ғаның грамматикалық тұрпа- 
ты оның синтаксистік формасы деп аталады.
Тіл білімі синтаксистік жүйені, синтаксистік 
тұлғаларды құрылысына-формасына сай тануды 
міндет етеді. Бұл міндет - зерттеудің басты ба- 
ғыты. Бірақ бұл формалар сойлеудегі белгілі маз- 
мұнды білдіру және ф ункционалды қ мақсатты 
жүзеге асыру үшін кұрылған. Тұлғалардың жүйе- 
ден дараланып корінуі оның осындай мазмұны- 
на, қызметіне байланысты болады. Осы пікірдің 
дәлелі ретінде синтаксистікж үйенің оппозиция- 
лы қ байланыста тұрған тұлғалары ретінде номи- 
нативті ж әне етістікті сойлемдердің тиянақты
орнын табуын айтуға болады. С онды қтан ф ор- 
маны тануға сүйеніш ретінде форма білдіретін 
м ағы на, атқараты н қы змет ескеріліп отырадьі. 
Бірақ тағы да айтамыз - тіл білімі синтаксистік 
құрылысты тілдік бітіміне сай, тіл жүйесіндегі 
құбылыс ретінде таниды, оның объектісі - тілдік 
құрылыс. 
Ерте шыкканы асығыс; ерте шықты,
өйткені асығыс.
М ағынасы жағынан бұл екі кон- 
струкция ұқсас болғанм ен, бірі - жай сейлем, 
екіншісі - құрмалас сөйлем ретінде танылады.
Көңіл қоятын мәселенің бірі - синтаксистік 
ф орманың статусын ашу, оның морфологиялық 
формаларымен байланысын, ерекшеленетін ж ағ- 
дайларын байқау.
Кейбір еңбектерде түбір күйіндегі сөздерді 
де синтаксистік форма ретінде қарайты ны бар. 
Бұған олар мынандай дэлел келтіреді. Соз озінің 
лекси калы қ, м орф ологиялы қ сипатына қарай 
белгілі синтаксистікжүмсалысқа бейім тұрады. Сын 
есім негізінен анықтауыш, баяндауыш қызметіне 
бейім, үстеу пысықтауыш қызметіне бейім т.т.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   818   819   820   821   822   823   824   825   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет