П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет612/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   608   609   610   611   612   613   614   615   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

6.2.1. Жіктеу есімдіктері
Ж іктеу есімдіктері әрқаш ан белгілі бір жақты 
көрсету үшін қолданылатын сөздер болып санала- 
ды. Сол себепті олар үнемі адаммен байланысты, 
я ғн и сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген 
ұғымдармен байланысты қолданылады. М ысалы, 
мен 
деген сөзден әрқаш ан 1 ж ақ - сөйлеуші, 
сен
деген сөзден - 2 ж ақ тыңдаушы, ол деген сөзден - 
3 жақ бөгде кісі деген ұғымдарды ұғы н ған болар 
едік. 
Мен оның әнін қимылсыз ұзақ тыңдадым
(Исабеков). 
Ондасен түк те білмейтін шикі екенсің
(Исабеков). 
Қасендікінде Төлеген отыр екен. Ол
сонда қьізмет кылатын
(Аймауытов).
Ж іктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсе- 
туімен бірге әрқаш ан сөйлеушімен ты ғы з байла- 
ныста қолданылады. Сондықтан да олар өзгелер- 
ге (тыңдаушы мен бөгде кісіге) сөйлеушінің қаты- 
насы қай дәрежеде болатыны на сай жұмсалып, 
соған лайы қты белгіленіп оты рылады . Я ғн и
жіктеу есімдіктері сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде 
кісі деп бөлінуі осы қатынастар дәрежесіне сай 
белгіленеді. 
М ен де балшабайға жазылып, м ы л-
тык алсам деп ойладым да жүрдім
(Аймауытов) 
дегендемен сөзі сөйлеушінің өзіне тікелей нұсқай 
айтылып, 1 ж ақ - сөйлеушіні көрсетіп тұр.
Құлыным-ау, сен отыра түрсаңшы
(Исабеков) 
дегенде, 
сен 
сөзі сөйлеуш інің ты ңдауш ы ға тіке- 
лей қаты насы мен айтылып, 2 ж ақ - тыңдауш ы- 
ны көрсетіп тұр.
Салтанаттың мінез-күлкы мен армандаған-
дай боп шыкты. Ол той өткен соң-ак үй~ішінің
тірлігіне араласып кетті
(Исабеков) дегендегі ол 
сөзі сөйлесушілерден болек адамға нұсқай айты- 
лы п, 3 ж ақ - бөгде кісіні көрсетіп тұр.
Түркологияда жіктік жалғаулары жіктеу есім- 
діктерінен пайда болған деген пікір бар.
Жіктеу есімдігінің үшінші жағы, әдетте, сілтеу 
есімдігімен ортақ болып келеді.
Ж іктеу есім діктеріне тән ж ақты қ қасиет 
үшінші ж ақ ол жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдігі 
ол сөзінің жігін айыруда ерекш е көзге түседі. 
Ө й ткен іол сөзі әрі адамды, әрі заттар мен құбы- 
лыстарды да, іс-әрекет, қим ы л, сан-сапаны да 
көрсете алатын әр ж ақты сөз болып саналады. 
Сол себептіол сөзі қолданылу ретіне қарай бірде 
жіктеу есімдігі, бірде сілтеу есімдігі болып ке- 
летін ж ағдайлары бар. О ны ң қай кезде жіктеу, 
қай кезде сілтеу есімдігі болып қолданылуын біз 
негізінде қандай ұғымда қолданылып тұрғанына 
қарай, яғн и ол “адам ” деген ұғымда қолданы- 
лы п тұр ма, немесе басқалай зат не құбылыстар 
деген ұғымда қолданылып тұр ма, міне, осы не- 
гізге сүйене отырып, жіктеу я сілтеу есімдігі деп 
тани аламыз. Егерол сөзі адамды көрсететін бол- 
са, жіктеу есімдігі болады. 
О л каланың, үшкөлдің,
медресенің, оқудың жайынан сүрады
(Аймауытов).
Ал заттар мен құбы лы с, іс-әрекет, сан-сапа 
т.б. көрсететін болса, сілтеу есімдігі болып таны- 
лады. 
Білімді жүрттарда білім жарысы деген бо-
лады. Ол жарыста бэйгеге түсе алатын білімділер,
зейінділер
(Байтұрсынов).
Демек, жіктеу есімдіктері дегеніміз сөйлеу- 
шіге қандайлық қатынаста екендігіне сай белгілі 
бір ж аққа нұсқай айты латын сөздер болып ш ы- 
ғады. Жіктеу есімдіктері сан ж ағы нан көп емес. 
Олар:
Ж екеше түрінде
I ж ақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   608   609   610   611   612   613   614   615   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет