П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет653/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   649   650   651   652   653   654   655   656   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

500
МОРФОЛОГИЯ
сыз етістік, сабақты және салт етістіктер, етістер) 
және грамматикалық категориялар (рай, шақ) деп 
екі топқа боледі. И.М аманов етістік атаулыны ең 
алдымен 
негізгі етістік
және 
функциялық етістік
деп екіге бөліп, одан кейін негізгі етістіктің өзін 
түбір етістіктер
ж әне 
модификациялы етістік-
т ердрп
бөліп, “түбір етістіктерге сөздің лексика- 
л ы қ м ағы насы н білдіретін бөлігі жатса, модифи- 
кациялы етістіктерге белгілі қосымш алар немесе 
көм екш і етістіктер арқылы үстеме грамматика- 
л ы қ м ағы на білдіретін етістік ф ормалары н” жат- 
қызады, яғн и модификациялы етістікке етістіктің 
салт және сабақты етіс, күшейтпелі етістік, күрделі 
етістік, сыпат, болымсыздық етістік категорияла- 
ры енеді де, олар мынадай тәртіппен сатылап 
бөлінеді: “ Бірінші орында түбір етістіктер, екінші 
орында модификациялы етістіктер, үшінші орында 
функциялық етістіктер тұлғалары, тортінші орын- 
да рай, ш ақ категориялары” .
Автор функциялық етістік тұлғаларына жіктік 
және тәуелдік жалғаулары арқылы ж аққа бөлініп 
жіктелетін тұйы қ етістік, көсемше, есімше, шарт- 
ты рай түрлерін жатқызады. Бірақ автордың “Осы 
ф ун кциялы қ етістіктердің жіктелуі арқы лы етіс- 
тіктердің рай, ш ақ формалары пайда болады ” , - 
деген пікірлерімен келісуге болмайды, ойткені рай, 
ш ақ м ағы н ал ар ы етістіктің ж іктелу тұлғасы
(жіктік ж алғаулары ) емес, одан бөлек арнайы 
грамматикалық формалары, яғн и олардың грам- 
матикалық мәні есімше, көсемше формалары ар- 
қылы беріледі, ал жіктелу - ж ақ категориясының 
көрсеткіш і. Етістік түбірге бірінш і болып етіс 
тұлғалары және күрделі етістіктер, екінші орын- 
да қим ы лды ң өту сипатын білдіретін категория 
тұлғасы, үшінші орында модаль категориясының 
корсеткіш тері, төртінш і орында рай тұлғалары 
тұрады, жіктікжалғаулары, көсемше, есімше және 
тұйы қ етістік корсеткіштері - етістікті аяқтайтын 
формалар. Бұдан етістікгің грамматикалық тұлға- 
лары өздері білдіретін мағы налы қ ерекшеліктері 
ж ағы н ан да, сөзге ж алғану тәртібі ж ағы н ан да 
бірдей емес екенін, оларды бір қатарға қойы п 
қарауға болмайтынын байқаймыз. Бұл - бір. Екін- 
шіден, осымен байланысты, жалпы грамматика- 
л ы қ категория деген ұғымды және етістік сөз 
табы на байланы сты оны ң шегін айқы ндап алу 
қажет. Ө йткені әр зерттеуші бұл ұғымдарды 
өзінше түсінеді. Грамматикалық категорияның сөз 
таптары дегеннен бастап (сөз таптары категория- 
сы, есімдер категориясы, етістік категориясы, зат 
есім категориясы, сын есім категориясы, сан есім 
категориясы, жалғау, жұрнақ категориялары т.б.)
жалғаулар мен сөз тудыратын және сөз түрлен- 
діретін категорияға дейін бөлініп жіктелуі - осы- 
ның көрінісі. Бұдан грамматикалық категория 
деген ұғы м ны ң мәні мен озіндік сипаты айқы н- 
далмай, оны ң ш екарасы бөлінбей, басқа ұғы м - 
дармен араласып кетіп отыр. Тіпті кейде бір ғана 
тұлға бірнеш е грам м ати калы қ категорияны ң 
көрсеткіші болып, әр түрлі грамматикалық кате- 
гория деп аталу қаупі байқалады. Мысалы: есім- 
шенің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   649   650   651   652   653   654   655   656   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет