П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет12/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   497
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТАРЫ
13
анықтайтын фонетика саласы:
-әуез жүйесі: езу әуез (палатальный тембр), 
ерін әуез (лабиальный тембр);
-жасалым белгісі: езулік (неогубленный), 
еріндік (огубленный), ілгерінді (продвинутый), 
кейінді (отодвинутый);
-айтылым белгісі: ауыз қуысты (ртовы й), 
көмей қуысты (глоточный), тұтас қуысты (рто- 
во-глоточный);
-естілім белгісі: жуан (твердый), жіңіш ке 
(мягкий), езулік (негубной), еріндік (губной).
Ф онетикалы қ атаулардың толық түсіндірме 
сөздігі өз алдына шығады.
1 .2 . Қ А З А Қ Т І Л І Н І Ң Ж А С А Л Ы М Қ О Р Ы
1.2.1. 
Сөйлеу мүшелері барлық ұлттарға ор- 
тақ болғаны м ен (биологиялық тұрғы дан), әр 
тілдің өзіне ғ а н а т ә н жасалым қоры (артикуля- 
ционная база) болады. Жасалым қоры дегеніміз 
дыбыстарды ж асауға қатысатын сөйлеу мүш е- 
лерінің белгілі бір ұлт тіліне ғана тән қозғалы - 
сының жиынтығы. Кез келген сөйлеу мүшесінің, 
мысалы, тілдің қозғалы сы барлы қ тілде бірдей 
болмайды. Сол сияқты сөйлеу мүшелерінің ды- 
быс жасауға топтана қатысы да біркелкі болмай- 
ды. Сөйлеу мүшелерінің жеке-жеке қозғалы сы 
сондай-ақ олардың топтана қатысы бір тілде бір 
түрлі, екінш і тілде екінші түрлі болады.
С онды қтан да алдымен әр тілдің өзіне тән 
жасалым қорының басын ашып алу керек. Қазақ 
тілінің жасалым қорының өзіндік ерекшелігі бар.
2-суретге қазақтілінің жасалым қорының қыры- 
нан қарағандағы моделі (үлгісі; пішіні) беріл- 
ген. Қ азақ тілінің жасалым қорында 9 жасалым 
нүкте бар. Сөйлеу мүшелерінің мүмкін болған 
қозғалысыны ң көрінісі бейнеленген.
О ны ң бірінш ісі - ерін (1-нүкте). Қ азақ 
тіліндегі дыбыстардың жасалуына еріннің төрт 
түрлі қатысымы бар: сүйір жасалым (1-1 ж ағ- 
дай), доғал жасалым (1 -2 жағдай), езу жасалым 
(1-3 жағдай), емеурін жасалым (1-4 жағдай).
Тіл ұшының қатысы (2-нүкте). Қазақ тіліндегі 
дыбыстардың жасалуына тіл ұшының үш түрлі 
қатысымы бар: тіл ұшы тоғысымы (2-1 жағдай), 
тіл ұшы жинақы жуысымы (2-2 жағдай), тіл ұшы 
жайылыңқы жуысымы (2-3 жағдай).
Тіл ортасы ны ң қаты сы (3-нүкте). Қ азақ 
тіліндегі дыбыстардың жасалуына тіл ортасы- 
ның екі түрлі қатысымы бар: тіл ортасының таң- 
даймен тоғы сымы (3-1 жағдай), тіл ортасының 
таңдаймен жуысымы (3-2 жағдай).
Тілшіктің (кіш кене тіл) қатысы (4-нүкте). 
Қ а за қ т іл ін д е г і д ы б ы с т а р д ы ң ж а с ал у ы н а
тілшіктің екі түрлі қаты сы мы бар: тілшіктің тіл 
түбімен жуысымы (4-1 ж ағдай), тілшіктің тіл 
түбімен тоғысымы (4-2 жағдай).
Тілдің көлденең қалпы ны ң қатысы (6, 8 - 
нүктелер). Қазақ тіліндегі дыбыстардың жаса- 
луына тілдің көлденең қалпының екі түрлі қаты- 
сымы бар: тілдің ілгері қалпы (6-нүкте), тілдің 
кейін қалпы (8-нүкте).
Тілдің тік қалпы ны ң қатысы (7, 9-нүкте- 
лер). Қазақ тіліндегі дыбыстардың жасалуына 
тілдің тік қалпының екі түрлі қатысы бар: тілдің 
жоғары қалпы (7-нүкте), тілдің төмен қалпы (9- 
нүкте).
Дауыс желбезегінің қатысы (5-нүкте). Қазақ 
тіліндегі дыбыстардың жасалуына дауыс желбе- 
зегінің төрт түрлі қаты сы мы бар: дауыс желбе- 
зегі толық тербеледі (5-1 жағдай), мол тербеледі 
(5-2 жағдай), жартылай тербеледі (5-3 жағдай), 
тербелмейді (5-4 жағдай) (әрі қарай “ нүкте, жағ- 
дай ” деген сөздер қайталанбай, жасалым нүкте- 
лердің сілтеме сандары ғана қалдырылды).
Әрине, бір ғана жасалым нүктесі арқылы 
жасалатын дыбыс болмайды. Қазақ тілінің ды- 
быс жүйесінде әрбір дыбысты ң жасалуына кем 
дегенде үш жасалым нүктесі қатысады. Ж аса- 
лым нүктелерінің әр түрлі араласымынан (ком- 
бинациясы нан) қазақ тілінің дыбыстары түгел 
түзіліп шығады.
1.2.2. 
Қазақ тіліндегі дыбыстардың саны 
шектеулі болғаны мен олардың жасалым вари- 
анттарының саны баршылық. Ақиқат (тірек) ды- 
быстар мен олардың варианттарының жасалым 
үлгісі осы модельден түгел табылады. Сөйтіп 
дыбыстардың фонетикалық және фонологиялық


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет