П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет422/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   497
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

БІРІККЕН КҮРДЕЛІ ЗАТ ЕСІМДЕР
327
Бұл мысалдардан 
ат, ақы
сы ңарлары ны ң 
бірнеше біріккен зат есім жасалуына тірек сыңар 
болып, ол бірінші орында да, екінш і орында да 
тұр және біріккен зат есім жасауға ұйыткы бол- 
ған. Біріккен зат есімдер жасауда тірек сыңар 
ерекше қы змет атқарады. Біріккен зат есімдерді 
жасауда тірек сыңар негізгі тұлға, ұйымдастыру 
қ а б іл е т і к ү ш т і е к е н ін к е л т ір іл г е н т іл д ік
деректерден де көруге болады. Бұдан біріккен зат 
есімдердің сөзж асам ды қ бірлік қы зметін тірек 
сыңарлар атқаратыны аны қ көрінеді.
Б ір ік к е н за т е с ім д е р д ің т ір е к с ы ң а р ы
негізінен түбір сөздер: 
-ақы, -хат, -ж ол, -жай,
-шам, -шөп, -гүл, -құс, -торғайт.б.
бәрі де тілдегі 
байырғы сөздер тобына жатады.
Т ірек сы ңард ы ң бір ерекш елігі бірнеш е 
біріккен зат есімнің құрамында кездесе береді: 
жеделхат, арызхат, сенімхат, дабылхат, қатынас-
хат, азу тіс, ақыл тіс, күрек тіс, ит тіс, уры тіс
т.б.
Біріккен зат есім жасайтын сөзж асам дық 
бірлік тірек сы ңар болып қалыптасуы - тілдің 
ішкі даму заңдылықтарының нәтижесі. Екі сөздің 
бірігуі ұзақ кезеңге созылады. Сөйтіп, әбден 
үйлесіп, ж ы мдасы п, қалыпты дара сөз сияқты
әдеби тілдің қоры на еніп, қолданыс қы зметін 
а т қ а р а д ы . О сы ү л гім е н ж а ң а ж а с а л ы м д а р
(новообразование) үздіксіз көбейіп, қалыптасып 
отырады: 
ғарышжай, аспансерік, жанұя, тутұғыр,
эділқазы, елтаңба, елорда, бағдаршам, көрмежай,
мекенж ай
т.б.
Біріккен зат есімдердің қаш анда ауыспалы 
сыңары өзгергіш келеді. Ауыспалы сыңар басқа 
біріккен зат есімдерде кездесуі міндетті деп са- 
налмайды. Ауыспалы сыңардың бұл ерекшелігі - 
туынды түбірдің негіз сөзіне де тән қасиет. Бұл 
арада біріккен зат есім мен негіз сөздің арасында 
ұқсастық бар. Күрделі сөз болсын, туынды түбір 
болсын ж аңа лексикалы қ бірлік жасауда негіз - 
ортақ. Бұдан сөзж асам ны ң барлы қ қасиеттері 
күрделі зат есімдерге де (біріккен зат есімдер де) 
ортақ деген қоры ты нды ға әкеледі.
арыз
заман— хат
сенім-
ҚОЛ'
корме 
мұра 
тұрғын 
мекен
жаи
аи
әтірч 
б өрі— гүл 
еңлік'/ /
жұпар
К е л т ір іл ге н м ы сал б ір ін ш і қ а т а р д а ғ ы
сыңарлар өзгергіш, тұрақсы з екенін корсетеді. 
Осьшан барып, біріккен зат есімнің алғашқы ауыс- 
палы сы ңарлары қалы птасқан. Осы үлгімен
кейіннен басқа біріккеи зат есімнің жасалуына 
негіз болған, ол әр кезеңде саны ж ағы нан осіп 
отырады.
Тірек создер болатын түбір сөздер (негіз) 
негізінен ж алпы лауы ш ұғы м дағы : 
-хат, -жай,
-бау, -гүл, -ағаш, -аң, -қүс, -киім, -шөп, -балық
т.б. 
(көбінесе) тәрізді сөздерді жатқызуға болады.
Біріккен зат есімдерді лекси калы қ бірлікке 
айналдыратын, я ғн и лексикаландыраты н негізгі 
қызметті тірек сыңар атқарады. Тірек сыңардың 
осы қызметін біріккен зат есімдерді анықтайтын 
ұстаным-меже (критерий) етіп алу керек. Л екси- 
каланған біріккен зат есімдердің ауыспалы сыңары 
(тірек сыңар бірінші орында да, екінші орында да 
бола береді) зат пен құбылыстың түрлі қасиетін 
білдіретін ұғымдар: бір-бірінен сыртқы пішіні, 
атқараты н қы зметі, пайдалану орны, тұрмыс- 
тіршілігі т.б. сол заттың тұрақты айырылмайтын 
белгісін білдіріп, келе-келе жеке лексемалар ретінде 
қалыптасқан.
Тірек сы ңарды ң тіркесімділік (валенттілік 
сочетаемость) қасиеті күшті. М ысалы, 
төлбасы,
отбасы, елбасы, көшбасы, рубасы, қалабасы, дінбасы,
ордабасы
т.б.
Соны мен, біріккен зат есімдер - жұбын жаз- 
бай, м ағы н аж ағы н ан ұласа келіп, дамып, үшінші 
бір жаңа ұғымды білдіретін туынды создер. Бұл 
жаңа сөздер үнемі қолданылудың, жиі жұмсалу- 
ды ң нәтижесінде жалпы халыққа белгілі, копке 
о р т а қ атау р е тін д е т ұ р а қ т а л а д ы : 
бетбұрыс
(перестройка), елорда (астана), елтаңба (герб), елұран,
ісқағаздары (делопроизводство), айыппұл (иітраф),
оққағар (телохранитель), қаңғыбас (бомж)
т.б.
Тіл д ам уы н ы ң қазіргі кезеңінде бірбүтін 
атауларды біріктіріп жазуға бейімделгенін және 
бір ұғымды білдіретін осы тэсілдің белсеңді екенін 
баспасоз бетгерінен жоғарыда келтірілген деректер 
корсетеді.
Біріккен зат есімдер біртұтас лексема ретінде 
қалыптасып, әрі қарай туынды тұлғалардың жа- 
салуына негіз болады. М әселен, Қ азақ тілінің 
орфографиялық сөздігінде (1988) 
еңбекақы, еңбек-
ақы+лы, еңбекақылы демалыс, жалақы, қаламақы
создері реестр созге енген, ал осы үлгімен жаса- 
ған 
зейнетақы, жэрдемақы, өтемақы, төлемақы,
сыйақы
т.б. ол сөздікте жоқ. Қазіргі кезеңде қазақ 
тілінде осы тәрізді қалыптасқан жаңажасалымдар 
біріктіріліп ж азы лы п , норм алану бағы ты нда. 
Мысалы, 
келіссөз, алғысөз, келісімшарт, ойтүйін,
ойсана, қонақүй
т.б.
Осы тұста бұры нғы соз тіркесі тұрғы сынан 
қарап, біріккен зат есімдерді қай топқа жатқызу- 
ды білмей, бірде олай, бірдей былай жазып жүрміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет