Панда жылаған жаз жанарбек Әшімжан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының сериясы «Сөздік-Словарь»



Pdf көрінісі
бет19/32
Дата26.02.2017
өлшемі1,78 Mb.
#4999
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32

Жанарбек  Әшімжан:  Осыдан  бiраз  уақыт  бұрын  болған  консти- 
туциялық өзгерiстерге нендей баға бересiз?

190
герольд Бельгер: Менiң ызамды келтiретiн бiздiң заңгерлер. Оның 
iшiнде менiң таныстарым, достарым аз емес. Депутат кезiмiзде бiрге 
отырғанбыз.  Солар  күнi  кешеге  дейiн  «бiздiң  конституциямыз  өзiнiң 
қуатын әлi тауысқан жоқ» деп мақала жазып келген. Кенеттен Назарбаев 
«конституцияға  өзгерiс  енгiзу  керек»  деп  едi,  әлгi  заңгерлерiмiз  «иә, 
иә, өзгерту керек» деп бұлт етiп аунап түстi. Демек, заңгерлерге сенiм 
жоқ, оның үстiне заң дегенiңiз ғылым болмай қалды. Он жылдан берi 
конституциялық  реформа  қажет  екенiн  мен  де  жағым  талмай  айтып 
жүрмiн. Ақыры билiктiң өзi де түсiндi. Жасады. Бiрақ ол реформа емес, 
рипорма  болып  шықты.  Баяғы  Салтыков-Щедрин  айтатын  рипорма. 
Бiздiкi сондай болып тұр. Мұның бәрi көзбояу. Оған байланысты мен 
сiзге  мынадай  мысал  айтып  берейiн:  Бiр  қарны  жуан  Мифель  есiмдi 
немiс  iшi  ауыра  берген  соң  дәрiгерге  барыпты.  Дәрiгер  Мифельден 
сұрайды:
– Не жейсiң? 
– Түшпара.
– Нешеу жейсiң? 
– Жүз тал!
Азайту керек, әйтпесе ауырып қаласыз!
Содан Мифель үйiне келе сала: – Әй, Фрау, бүгiннен бастап маған 99 
түшпара жаса, бiрақ үлкендеу болсын, – дептi.
Бiздегi  өзгерiс  те  сондай  болып  тұр.  Бiр  түшпараны  парламентке 
бердi, есесiне Ақ Орда өзiне 99 түшпара қалдырды, бiрақ үлкендеу.
Сосын  ассамблеяға  бөлiнген  9  депутаттық  мандат  туралы.  Бұл 
ешбiр заңға, конституцияға сәйкес келмейтiн нәрсе. Оларды не халық 
сайламайды,  не  өздерi  депутат  есебiнде  саналмайды.  Соқырiшек 
секiлдi бiрдеңе. 
Жанарбек  Әшімжан: Бұған дейiнгi парламенттердiң iшiнде өзiңiз 
жоғары бағалайтын қалаулылар құрамын қай шақырылымнан байқаған 
болар едiңiз?
герольд Бельгер: Ең ықпалды, ең дұрыс, демократияға жақындау, 
халықтың  мүддесiн  айтқан  депутаттар  ХII  шақырылымда  болды. 
Бұл – 1992-93 жылдар. Олар өте белсендi болды, билiкке онша ұнай 
қоймаған  соң  оларды  таратып  тынды.  Одан  кейiн  бiздер  келдiк,  ХIII 
шақырылымның депутаттары. Бiр жыл отырдық, бiр жылдан кейiн бiздi 
де таратты. Себебi – бiз үкiмет жетекшiсiнен бастап, үкiмет мүшесiне 
дейiн  сiлiкпесiн  шығардық.  Сосын  билiк  бiзден  де  шаршады.  Одан 
кейiн қалталы, суперқалталы парламент деп кете бердi ғой. Ал ендiгiсi 
қалай  болатынын  бiлмеймiз,  бұл  тiптi  үлкен  дамбалдың  iшiндегi 
кiшкене  қалта  болып  қалады-ау...  Ал  осы  соңғы  шақырылымдағы 
депутаттардың  iшiнде  Тоқтар  Әубәкiров  пен  Амалбек  Тшаннан  өзге 
есiмдi тағы атай алмаймын.

191
Тағы  менiң  қынжылысымды  тудыратын  –  әйел  депутаттар.  Опа-
далапын  жағып,  сәнденiп  келдi.  Аракiдiк  айнаға  қарап  қойып, 
қылымсып  отырды.  Саусақтары  тетiктен  кеткен  жоқ.  Ақшасын  алып 
қана  жүрдi.  Олар  –  Тэтчер,  Меркель  болса  бiрсәрi,  кiлең  роботтар. 
Дұрыс, әйелдi сыйла, бағасын бер, бiрақ әйел екен деп қолынан келсiн-
келмесiн билiкке сүйрей беру – көргенсiздiк. Әрине, қолынан iс келетiн, 
елдiң  мұңын  айтатын  әйел  азаматтар  жоқ  емес.  Мәселен,  Ақұштап 
Бақтыгереева сынды. Бiрақ оларға парламентте орын жоқ.
Мен қазақтардың ортасында өстiм. 66 жыл болыпты. Сол 66 жылдың 
iшiнде қазақ қатты өзгердi. 1941 жылы мен алғаш көрген қазақ пен қазiргi 
қазақтың арасы жер мен көктей. Ол кездегi қазақтардың ұялы телефоны 
болмаса да, сауаты кем болса да, керемет ақжарқын, ең бастысы сенiмдi 
едi.  Қазiргi  қазақтар  маған  тұрлаусыз,  бiреудi  алдап-арбауға  икемдi, 
көптеген  ұлттық  қасиеттерiнен  айырылып  бара  жатқандай  көрiнедi. 
Қазақты сол қасиетiнен айырып жүрген – билiктiң нақ өзi. 
Жанарбек Әшімжан: Соңғы кездерi елiмiзде түрлi саяси-әлеуметтiк 
оқиғалар  орын  алды.  Саяси  топтар  бiрiн-бiрi  аяусыз  жаныштауға 
көштi. Бiлетiндер «бұл «мылтықсыз майданның» негiзгi мақсаты – тақ 
таласы» дейдi. Бұған сiз қандай пiкiр бiлдiресiз?
герольд  Бельгер:  Бiз  күнде  кешқұрым  академияның  iргесiндегi 
Шоқан ескерткiшiнiң жанында бес-алты шал серуендеймiз. Олар тегiн 
шалдар  емес,  бәрi  оқыған,  ел  басқарған,  даңқтары  дардай  шалдар. 
Менiңше, сол шалдар бiрдеңе бiледi. Бәрiн сараптап жүредi. Сол бәрiн 
сүзгiден өткiзiп жүретiн бiздiң өзiмiз кейде «көп нәрсенi бiлмеймiз-ау» 
деген түсiнiкке келiп қаламыз. 
Қараңыз, қоғам топ-топқа бөлiнген. Ол кландардың өз көсемдерi бар. 
Ол көсемдердiң арасында өзара «соғыс» жүрiп жатыр. Байқауымызша 
сол  топтардың  жеке-жеке  «ЧСС»-i  (частная  силовая  структура)  бар 
көрiнедi. Демек, қазiр билiк үшiн күрес астыртын жүрiп жатыр.
Менiң  Назарбаевқа  ешқандай  өкпе-ренiшiм  жоқ.  Кезiнде  менi 
көтердi. Жазушы ретiнде мемлекеттен алатынымды алдым, «Парасат» 
орденiн  алғашқылардың  бiрi  болып  мен  алғам.  Менiң  Нұрекеңмен 
ешқандай араздастығым жоқ, жеке басын сыйлаймын. Мендегi үлкен 
қауiп мынада – ертең Нұрекең кеткен жағдайда маңайындағы жiгiттер 
бiр-бiрiмен  қырқысып,  бiрiнiң  басын  бiрi  алып,  халықты  бiраз  әуре-
сарсаңға  салады.  Екi  ортада  қара  халықты  сорлатып  қояды.  Рахат 
Әлиевтiң лаңы сол жағдайлардың басы. Мен Рахат Әлиевке қатысты 
тереңдетiп айтқым келмейдi. Араласқан, көрген адамым емес. Суреттен 
ғана. Бiрақ оларға қазақ ұлты, Қазақстан, мемлекет, тәуелсiздiк деген 
ұғымның  құны  көк  тиын  екенiн  iшiм  сезедi.  Мен  билiктiң  басында 
жүргендердiң  iшiнде  «мынаның  жүрегi  «қазақ»  деп  соғады»  дейтiн 

192
азаматтарды  айта  алмас  едiм.  Көбiсiнiң  есiл-дертi  –  жекеменшiк 
бизнестерiнiң, үрiм-бұтағының байлығының бүтiндiгi. 
Жанарбек  Әшімжан:  Гер-аға,  сонда  сiз  билiк  баспалдағында 
жүргендердiң iшiнде «осы азамат ел басқаруға лайық» дейтiн тұлғаны 
атап бере алмайсыз ба?
герольд  Бельгер:  Мен  бұл  сұраққа  жауап  бере  алмаймын.  Кеше 
Путиндi ешкiм де бiлген жоқ. Путин билiкке келiп керемет басқарып 
кеттi,  ендi  орыстар  «Путинсiз  күнiмiз  қалай  болады  екен?»  деп 
жүр.  Түркiменбашыны  алыңыз.  Мәңгiлiк  деген  Ниязовты,  оның 
құндылықтарын  үлгi  тұтқан  түркiмендер  жаңа  келген  басшыларын 
жер-көкке  сыйғызбай  мақтап  жатыр.  Осы  орайда  мен  «Назарбаевқа 
балама жоқ» деген пiкiрге ежелден қарсымын. Балама жоқ деген сөз, 
қазақтың сорлылығы, бейшаралығы.
Жалпы  президенттiң  маңайындағылар  денi  өздерiнiң  мемлекет 
басшысы  алдындағы  сенiмiн  жоғалтып  алды.  Президент  ешкiмге 
сенбейтiн  жағдайға  жеткен  секiлдi.  Бұл  да  үлкен  бiр  жағдайға  алып 
келетiн нәрсе.
Әсiлi Нұрсұлтан Назарбаев тумысынан ерекше дарынды, талантты 
адам.  Құдай  оған  байыптылықты,  сұңғылалықты  үйiп-төгiп  берген. 
Қазiргi күнi президенттi мақтайтын, мемлекет басшысы туралы роман
повесть  жазатындар  жетiп  артылады.  Ертең  президент  кете  қалса 
сол  роман,  поэма  жазғандар  терiс  айналып  кетедi.  Мен  оқта-текте 
президенттi  мәдениеттi,  сыпайы  түрде  сынаймын.  Өзге  ұлттың  өкiлi 
болған соң кейде ыңғайсызданам. Ал ертең президент туралы түзу сөз 
айтатын  жалғыз  мен  болам.  Ал  қасында  жүрген  жандайшаптардың 
барлығы  ертең  Нұрекеңдi  сатып  кетедi.  Оған  менiң  әлдеқашан  көзiм 
жеткен. Мен ешқашан ол кiсiге ода жазғаным жоқ. 
Жанарбек Әшімжан: Соңғы уақытта ел iшiн алабөтен дүрлiктiрген 
оқиға  –  «Нұрбанк»  iсi.  Осы  бiр  шым-шытырық  құбылыстан  зиялы 
қаламгер ретiнде қандай ой түйдiңiз?
герольд Бельгер: Мен қазақ қоғамындағы саяси және әлеуметтiк 
салмағы  басым  былықтың  басы  осыдан  басталады  деп  есептеймiн. 
Кейбiр басшыларға былық болып жүрген ұнайды. «Нұрбанк» оқиғасы 
– қоғамның iшiнен шiрiп, былығып жатқанын анық көрсететiн сұмырай 
саясат.  Саясат  жабық  болған  жерде  осындай  сұмдық  жағдайлар 
орын  алды.  Қоғамдағы  шатақтың  басы.  Егер  сол  шатақтың  себебiн, 
салдарын, ең соңында нәтижесiн халыққа жариялап берсек, онда үмiт 
отының ептеп жанғаны. Одан өзгелер сабақ алады. Егер жауырды жаба 
тоқып, мәселенiң бәрiн Курбатов секiлдi бiр генералдың мойнына ғана 
iлiп  (мен  оны  ақтап  отырғаным  жоқ),  артында  тұрған  қалың  топтың 
бетпердесiн  сыпырмастан,  ағзадағы  ауруды  сыртқа  шығармай,  iште 

193
ұстап қалсақ – бiткенiмiз. Онда мұндай iстiң жетi атасы қайталанады. 
«Ауруын жасырған өледi» дегендi мен емес, сенiң ата-бабаң айтқан. 
Жанарбек  Әшімжан:  Қоғамдық  дамудағы  осындай  шегiнiстерге 
алып  келген  келеңсiздiктер  өзiңiздiң  шығармашылығыңызда  қанша- 
лықты көрiнiс тауып жүр?
герольд Бельгер: Соңғы жылдары мен үш роман жазып шықтым. 
Оның  iшiнде  өзiм  дұрыс  деп  есептейтiнiм  –  «Кезбенiң  үйi»  дейтiн 
шығармам.  Бұл  –  қазақ  пен  немiстiң  қарым-қатынасын,  тағдырын 
суреттейтiн  туынды.  «Раритет»  дейтiн  баспа  екiншi  басылымын 
шығаруда және Германияда жарық көруде. Аз ғана уақыттың iшiнде сол 
романға үш елде он үш рецензия жазылды. Одан кейiнгi романдарым 
– «Тұйық су» және «Ыдырау» деп аталады. Осы екi романда сiз айтып 
отырған  бүгiнгi  қоғамдағы  келеңсiздiктер  көркемдiк  жағынан  анық 
суреттеледi.  Бiздiң  қоғамымыздың  тыныс-тiршiлiгi  түгелдей  сол 
романда  өте  ащы  жазылған.  Әттең  осы  шығармаларды  бiреу  бiледi, 
бiреу бiлмейдi. 
Жанарбек  Әшімжан:  Айтпақшы,  сол  «Тұйық  су»  дейтiн  шығар- 
маңыз биыл мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылды емес пе?
герольд Бельгер: Ұсынылды. Мен Мемлекеттiк сыйлыққа екi рет 
түскем. Алғашқыда «Кезбенiң үйiн» ұсынғам. Болмады. Сосын «Тұйық 
сумен» бағымды сынадым, тағы болмады. Тiптi, соңғы романды оқыған 
бiр қазақ жоқ. Сосын Мемлекеттiк сыйлыққа қатысты пiкiрiмдi «Начнем 
с  понедельника»  газетiнiң  үш  нөмiрiнде  жарияладым.  Түңiлгенiмдi 
айттым.  Ендiгi  жерде  сыйлыққа  түспейтiнiмдi  мәлiмдедiм.  Және 
мен  сыйлыққа  түскендердi  саралау  комиссиясының  мүшесiмiн.  Сол 
комиссиядан бас тартатынымды тағы ашық айттым. Себебi – сыйлық 
беруде  әдiлдiк  жоқ.  Ешкiм  ұсынылған  шығармаларды  оқымайды. 
Авторлардың шыққан тегiне, телефон сыңғырына қарай дауыс берiледi. 
Ал Мемлекеттiк сыйлыққа түскен шығармаларды бастан-аяқ оқып, көз 
майын тауысып пiкiр бiлдiруге дайындалатын бүкiл Қазақстанда екi-ақ 
«ақымақ» бар екен. Бiрiншiсi – мен. Комиссияға алғаш мүше болғанда 
мен  бүкiл  авторлардың  кiрпiштей  кiтаптарын  түгел  астын  сызып 
отырып  оқып  шығып,  жиналысқа  пiкiр  айтуға  келдiм  ғой.  Сөйтсем, 
«ой,  Гера,  сен  қызық  екенсiң,  шығармаларды  ешкiм  оқымайды, 
бәрi  кiмге  дауыс  беретiнiн  бiлiп  алған,  одан  да  бiрден  дауыс  беруге 
көшейiк» дейдi. Таң-тамаша болдым. Сол секiлдi биылғы комиссияның 
құрамындағы «ақымақ» Мұрат Әуезов болды. Ол сыйлыққа ұсынылған 
шығармалардың  бәрiн  оқып  шығып,  сол  кiтаптардың  бәрiн  қорапқа 
салып әкелiп, жиналыста әр авторға өз пiкiрiн дайындап келген ғой. 
Жанарбек Әшімжан: Жазуышының бүгiнгi қоғамдағы рөлiн қалай 
бағамдайсыз?

194
герольд Бельгер: Сөз жоқ, жазушының қоғамдағы рөлiн арттыру 
керек. Жазушыны шеттетiп тастаған билiктiң өзi. Керек кезiнде көтердi, 
тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары ұрандатты. Жалаулатты. Тәуелсiздiк 
алғаннан кейiн қаламгер қауым керек болмай қалды. Бұған бiрiншi – 
қоғам, екiншi – билiк, үшiншi – жазушылардың өздерi кiнәлi. Себебi 
–  жазушылар  билiктiң  ығына  қарай  жығылып  кеттi.  Белсендiлiгiн 
төмендетiп алды. Абырой-беделден жұрдай болды.
Бiздiң жазушылар кейде президенттiң қабылдауында болады. Соны 
керемет  мақтан  көредi.  Менiң  түсiнiгiмде,  «жазушы  маған  келiп, 
менiмен  сөйлестi»  деп  президент  мақтануы  керек  секiлдi.  Кезiнде 
Хемингуэйге өз елiнiң басшысы «таңғы асты өзiңiзбен бiрге отырып 
iшейiк» деп тiлдей шақырту жiберiптi. Сонда Хемингуэй «мен онымен 
қалай,  қайтып,  қай  тақырыпта  сөйлесемiн?  Уақытым  шектеулi»  деп 
шақыртудан бас тартқан. Ал даңқты Фолкнер өте бiр адам таңданарлық 
қызық  себептердi  алға  тарта  отырып,  ел  басшысының  шақыртуынан 
бас тартқан кездерi болған.
Ал бiздiң жазушылардың түсiнiгi – құлдық түсiнiк, құлмыз. 
Жанарбек Әшімжан: Сiз де құлсыз ба?
герольд Бельгер: Мен ендi құлға жақындау шығармын...

195
«МеНiң сАясАтЫМ – ӨНер»
(Белгілі әнші, қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаевпен сұхбат) 
Жанарбек  Әшімжан:  Соңғы  уақыттары  редакциямызға  келiп 
жатқан сансыз хаттардың бiр парасы сiзге қатысты. Қалың көрермен, 
оқырман «Өнербаев қайда, немен айналысып жүр?» деген сауалды жиi 
жолдайды.
Нұрлан  Өнербай:  Өнербаев  ел  iшiнде.  Қазiр  жеке  шығармашы- 
лығыма  көп  көңiл  бөлiп  жатырмын.  Кейiнгi  жылдары  жеке  концерт 
беруге  үзiлiс  жариялағам.  Осы  мүмкiндiктi  пайдаланып,  елге, 
облыстарға концерт қойып қайту жоспарланып жатыр. Тамыз айында 
Шымкент  қаласына  бармақпын,  Маңғыстау  облысынан  да  шақырту 
алдым.  Күз  айларының  бiрiнде  Алматыдағы  Республика  сарайында 
үлкен концерт беру жоспарымда бар. 
Жанарбек  Әшімжан:  Таяуда  елге  барып  қайтыпсыз.  Жалпы, 
халықтың әлеуметтiк, мәдени өмiрiне де көз сала қайтқан боларсыз?
Нұрлан Өнербай: Туған жерiмде өткен айда болып қайттым. Бiздiң 
жақта, оңтүстiкте жиын-терiм ерте басталады. Ауылдағылар қарбалас, 
қызыл  қырман.  Астыққа  орақ  салыныпты.  Қыстың  қамын  жасауда. 
Әрине, қазбалай берсең әркiмнiң iшiнде бiр-бiр қыжыл бар ғой. Бiрақ, 
ел  өз  күнiн  өзi  көру  қамына  түбегейлi  кiрiсiптi.  Ел  өзi  қамданбаса, 
ешкiм ешқайдан әкелiп бермейтiнiн түсiнгенге ұқсайды.
Жанарбек Әшімжан: Бiраз жыл театрда табысты жұмыс iстедiңiз. 
Әншiлiк жолда да сүйкiмiңiз жоқ емес. Кейiн «Қазақ радиосы» секiлдi 
iргелi  шаңырақты  басқардыңыз.  Жалпы,  өнер  жолынан  басшылық 
қызметке  келгенде  iшкi  жандүниеңiздегi  өзгерiстi,  жауапкершiлiктi 
қаншалықты сезiндiңiз? 
Нұрлан  Өнербай:  Мен  еңбек  жолымды  театрдан  бастадым. 
Академиялық  театрда  бас  режиссердiң  бiрiншi  көмекшiсi,  труппа 
жетекшiсi  секiлдi  жауапкершiлiктi  қызметтер  атқардым.  Сол  кезден 
бастап мен кез келген нәрсеге жауапкершiлiкпен қарауға дағдыландым. 
Сол  жауапкершiлiк  кейiн  менiң  шығармашылығымда  да  жетекшi  рөл 
атқарды. Әр жеке әннiң өзiне жауапкершiлiкпен қарадым. Бiр концертте 
кемiнде  23-25  ән  айтылады.  Кейбiреулер  «бiр  концертте  төрт-бес  ән 
өтiмдi болса, халық соған iлесiп кетедi» деп ойлайды. «Бiр құмалақ бiр 
қарын  майды  шiрiтедi»  деген  тегiн  емес.  Мен  содан  бойымды  аулақ 
ұстадым.
Сөйтiп,  жеке  шығармашылығыммен,  өзiме  өзiм  ғана  жауап  берiп 
жүрген кезде менi басшылық қызметке шақырды. Радиоға келген кезде 
де «қолымнан не келедi, не iстей аламын, ел қалай қабылдайды, жасаған 
тiрлiгiмiз оңала ма?» деген жауапкершiлiгi мол сауалдар тұрды. Жалпы, 
қазақ  халқының  не  нәрсеге  де  кешiрiммен  қарап,  жеңiлдiктер  берiп 

196
отыратын үлкен қасиетi бар. Соған қарамастан, қолыңа алған екенсiң, 
сол тiрлiктi түбiне дейiн жеткiзуiң керек. Кез келген басшының бiрiншi 
мiндетi  –  ұйымдастыру.  Көрiп  те,  бiлiп  те  жүрмiз,  кейбiр  басшылық 
қызметте отырған азаматтар «бүкiл шаруаны өзiм бiтiрiп отырмын» деп 
ойлайды. Мүлде олай емес. Үлкен шаруаны бiлiгi үлкен ұжым жасайды. 
Ал сол ұжымға iрi шаруа бiтiру үшiн жағдай жасау – басшының мiндетi. 
Радиоға келгенде менiң негiзгi алдыма қойған мақсатым – 80 жылдан 
астам тарихы бар, қашаннан қалыптасқан дәстүрi бар ұжымда бұрынғы 
аға буынның үлгiсiн ала отырып, жастарды сол радиоға сiңiстiру болды. 
Сол  дәстүрдi  жалғастырып  кететiн  жастарды  топтастыру.  Қолымнан 
келгенше сол үдеден көрiндiм ғой деп ойлаймын. 
Жанарбек  Әшімжан:  Рас,  Қазақ  радиосының  тарихы,  дәстүрi 
терең.  Дегенмен,  алғашқы  кезде  қалыптасып  қалған  қағидалар  мен 
бұзылмай тұрған сеңге де тап болған шығарсыз?
Нұрлан  Өнербай:  Бiз  негiзiнен  тыңдарманның  талғамына  қарай 
жұмыс iстедiк. Бұрыннан қалыптасып қалған ұзын-сонар хабарлардың 
етек-жеңiн  қысқарттық.  Себебi  –  ағыны,  екпiнi  қатты  бүгiнгi  қоғам 
ондай жайылып отыратын бағдарламаларды қабылдамады. Сондықтан 
азғантай ғана уақыттың iшiнде көп мәлiмет алатындай, заман талабына 
жауап  беретiндей  жанды  радиоға  айналу  керек  болды.  Елiмiздегi 
коммерциялық  радиолар  әлгiндей  пiшiнде  жұмыс  iстеп  отырғанда, 
бiздiң  «жоқ,  бiз  ежелгi  дәстүрiмiзден  айнымаймыз»  деп  сiресiп 
қалғанымыз ағаттық болар едi. Сондықтан Қазақ радиосы бүгiнгi заман 
талабына  сай  желiлерде  жұмыс  iстеу  керек  деген  ұғымға  тiрелдiк. 
Радионы  түгелдей  озық  үлгiдегi  «FM»  желiсiне  шығардық.  Ең  ұзақ 
хабар  15-20  минуттан  асқан  жоқ.  Ал  жолы,  жөнi  бөлек  бiр  сағаттық 
хабарларды  басыбүтiн  жойып  жiберген  жоқпыз,  демалыс  күндерге, 
түнгi  уақыттарға  кестеледiк.  Ал  негiзгi  уақыттарды  лезде  таралатын 
бағдарламаларға жұмсадық. 
Жанарбек  Әшімжан:  Қазақ  радиосына  сiз  келгенге  дейiн  қазақ 
және орыс тiлiндегi бағдарламалардың үлес салмағы қандай болып едi?
Нұрлан  Өнербай:  Бiз  келген  2001  жылдары  радиохабарлардың 
үлес  салмағы  –  50х50  шамалас  болатын.  2005  жылдары  қазақтiлдi 
хабарлардың үлесi – 75 пайыз, өзге тiлдегi хабарлар – 25 пайыз болды. 
Қазақ радиосы – қазақ тiлiнiң, мәдениетiнiң насихатшысы болған соң 
қазақ тiлiне көп көңiл бөлдiк.
Жанарбек  Әшімжан:  Халық  радиодан  көбiне  жедел  ақпаратпен 
қатар,  әндердi  тыңдауға  әуес.  Жалпы,  эфирден  берiлетiн  әндердi 
сұрыптау мәселесiн қалай жолға қойдыңыздар? 
Нұрлан  Өнербай:  Абай  атамыз  «Өнерге  әркiмнiң-ақ  бар  таласы» 
дейдi.  Кейiнгi  кезде  екiнiң  бiрi  әншi  болып  кеттi.  Тiптi  қаржылы 

197
азаматтар  да  ән  айтатын  болды.  Ал  Абай  әлгiндей  сөздi  айтқанда, 
сахнаға талассын демеген болар. Рас, өнерлi болуға ешкiмнiң кедергi 
келтiруге құқы жоқ. Бiрақ кейбiреулер арзанқол дүниелерiмен сахнаға 
таласуды  шығарды.  Ал  сахна  –  парктегi  би  алаңы  емес.  Сахнадағы 
болып жатқан түрлi шараларды өз қандастарымыз ғана емес, шеттен 
келгендер де көредi. Қазақ өнерiнiң деңгейiн сол арқылы бағалайды. 
Бұл жерде мен айтып отырған сахнаны Қазақ радиосының эфирi деп те 
түсiнуiмiз керек. Сондықтан бiз радиода корпорация басшылығының 
шешiмiмен құрамында елге аты мәлiм азаматтармен қатар, кейiнгi буын 
өкiлдерi  де  бар  11  адамнан  құралған  көркемдiк  кеңес  құрдық.  Олар 
басы Роза Бағланова апамыздан бастап жастардың орындаған әндерiнiң 
әуездiлiгiн, сөз тазалығын, әншiнiң орындау шеберлiгiн жiтi қадағалап 
отырды. Саздың көркемдiлiгiмен өтiп кетiп жүрген тiлi мүкiс әншiлер 
де болды. «Ғ», «р» қарiптерiне тiлi келмейтiн әншiлер бар. Сосын қазiр 
тек әншi ғана емес, сазгер де көбейiп кеттi. Солар өздерiнiң ортаңқол 
әндерiн  даңқты  әншiлердiң  дауысымен  өткiзiп  жiберуге  тырысты. 
Қандай әйгiлi әншi болса да бiз соған тосқауыл қойдық. 
Жанарбек Әшімжан: Адамның бәрi пенде. Кейбiр өзi, сөзi жақсы 
әрiптестерге көңiлжықпастықпен қараған кездерiңiз болды ма?
Нұрлан Өнербай: Бәлкiм сол көңiлжықпастық жасамағанымыздан 
шығар,  бiз  қызметтен  кеткенде  артымыздан  сөздi  қарша  боратқан 
кiсiлер болды. Солардың бәрi – уақытында ортаңқол дүниелерiн эфирге 
өткiзе алмағандар.
Жанарбек  Әшімжан:  «Теле-радиоларда  әншiлердi  алалау  бар» 
дейдi бiлетiндер. Жалпы, сiздiң тұсыңызда осындай жағдайлар болды 
ма? 
Нұрлан Өнербай: Бiздiң негiзгi мақсатымыз қазақтың төл өнерiн 
насихаттау болғандықтан, көп ретте әнге қойылатын талаптарды толық 
сақтаған  өнер  иесiн  алаламауға  тырыстық.  Әрине,  жұрттың  бәрiне 
бiрдей жағу мүмкiн емес. Өкпешiлдер де аз болмаған шығар... 
Жанарбек  Әшімжан:  «Қазақстан»  арнасы  арқылы  елдiң  iлтипа- 
тына  бөленген  үлкен-үлкен  жобалар  жасалды.  Халықтың  iшiнде 
қалып  кеткен  көне  сарындардың  қайта  оралуына  күш  салдыңыздар. 
«Мәңгiлiк сарын», «Iнжу-маржан» соның нәтижесi. Сол кездерде болу 
керек, «Қазақстан» телерадио корпорациясы ұйымдастырған «Ән мен 
әншi», «Сағыныш» концерттерiне Мақпал, Роза секiлдi даңқты әншiлер 
шақырылмайды»  немесе  «эфирлерден  әндерi  берiлмейдi»  дегендей 
әңгiме ел iшiнде гуiлдеп кеттi. Бұл қаншалықты рас? 
Нұрлан  Өнербай:  Мен  ешкiммен  атаққа  таласқан  емеспiн. 
Ешкiммен  бас  араздығым  да  жоқ.  Роза  Рымбаева  мен  Мақпал 
Жүнiсоваға  бiзде  ешқандай  алалау  болған  жоқ.  Бiз  ұйымдастырған 

198
шараларға ол кiсiлердi ұдайы шақыруға тырыстық. Бiз корпорацияға 
келген кезде бұл мекеменiң заңдық құжаттарының өзi ретсiз болатын. 
Мәселен, корпорация тiркеуде жоқ болып шықты. 
Жанарбек  Әшімжан:  Сондай  қалай?  Мемлекеттiң  тiркеуiнде 
болмаған ба?
Нұрлан  Өнербай:  Болмаған.  Корпорацияның  деңгейi  соған  дейiн 
түскен.  Бiз  барлық  жарғылық  қорын,  тiркеу  қағазын  заңдық  негiзде 
жүйелеп,  реттедiк.  Заңға  сүйенiп  жұмыс  iстейтiн  болған  соң,  эфирге 
шығатын барлық авторлармен, әншiлермен, копозиторлармен келiсiм-
шартқа  отыруымыз  керек  болды.  Мiне,  осы  тұсқа  келгенде  бiздiң 
көптеген  әрiптестерiмiз  «неге  мен  оған  қол  қоюым  керек,  олар  менi 
пайдаланғысы келiп жүр ме?» деген секiлдi түсiнiспеушiлiк танытты. 
Бiз ешкiмдi де пайдаланған жоқпыз. Өйткенi, бiз қызмет жасап жүрген 
кезде тұтқұйылдан әлдекiмдер: «Бiз Қазақстан және Ресей әншiлерiнiң 
құқын  қорғайтын  мекемемiз,  сондықтан  әншiлер  бiздерге  мынадай 
сомада қаражат төлеу керек», – деген әңгiме шығара бастады. Бiздiң 
атымызға  ауыр-ауыр  сөздер  айтты.  Бұл  мәселенi  парламентке  дейiн 
көтердiк.  Сосын  парламенттен  бiзге:  «Әдiлет  министрлiгi  арқылы 
корпорацияның  жанынан  арнайы  ұйым  құрып,  әншiлермен  келiсiм-
шартқа отырыңыздар», – деген ұсыныс келдi. Сосын бiз құрдық. Және 
сол ассоциация бiздiң корпорациямен келiсiм-шартқа отырды. Ал менiң 
кейбiр әрiптестерiм «оған кiрмеймiз, оны өзiмiз-ақ құрып аламыз» деп 
қарсылық  бiлдiрдi.  Ал  Мақпал  мен  Роза  әрiптестерiме  қатысты  екi-
ақ  мысал  айтайын.  «Қазақстан»  –  мемлекеттiк  тапсырысты  орындап 
отырған  бiрден-бiр  телерадио  корпорация.  Сондықтан  мемлекеттiң 
саясатын  насихаттауға  бiз  мiндеттiмiз.  Ал  жаңағы  өздерiңiз  сұраған 
әншiлердiң  бiрi  бәрiмiзге  белгiлi  бiр  жағдайдан  кейiн  сахнада  өзi 
құрамында  бар  партияның  атынан  сөз  сөйлеп,  өзiнiң  жеке  басының 
жағдайын  айтып  кеттi.  Бұл  үшiн  басымыздан  сипамайтыны  белгiлi. 
Сосын  бiз  Мақпалға:  «Сiз  мұндай  әңгiмеңiздi  саханада  айтпайсыз, 
егер айтатын болсаңыз, бiздiң концертке шығуға рұқсат жоқ», – дедiк. 
Ендi Розаға қатысты. Жеңiстiң 60 жылдығына байланысты «Соғыстан 
қайтқан солдаттар» деген мемлекеттiк шараны Абай атындағы Опера 
және  балет  театрында  өткiзу  бiзге  тапсырылды.  Ал  соғыстың  60 
жылдығына арналған кеште әйгiлi «Әлия» әнi қалай айтылмау керек? 
Бiз алдын ала өзiмен келiсiп, Розаны осы әнмен бағдарламаға қостық. 
Сахнаға  Роза  Бағланова  апамыздан  бастап  бәрiмiз  әскери  киiм  киiп 
шықтық.  Тура  концерт  өтетiн  уақытта  Роза  Рымбаева  келмей  қалды. 
Кеш «Әлиясыз» өттi. Ал «мен әскери киiм киiп сахнаға шықпаймын» 
деген – ешқандай ақталарлық себеп емес. Екiншi жағдайды айтайын. 
Шәмшi  ағамыздың  әнi  гимн  болатынына  орай  сүйiншi  концерттi  өте 
аз ғана уақыттың iшiнде ұйымдастыру керек болды. Ал Роза Рымбаева 

199
Шәмшiнiң  көптеген  әндерiн  орындайды.  Сосын  бiз  өзiне  алдын 
ала  телефон  шалдық.  15  күн  бұрын  келетiнiн,  тiптi,  қандай  әндердi 
орындайтынын да айтты. Өйткенi бiз сол концерт өтетiн күнi халыққа 
таралатын арнайы ән жинағын шығардық. Онда әншiлердiң аты-жөнi, 
қандай ән орындайтыны түгел жазылған. Тура концерт болатын күнi 
Роза  Рымбаева  Республика  сарайындағы  күндiзгi  дайындыққа  келiп, 
«мен ол әндi айтпаймын, басқа ән айтамын, маған билiк жүргiзбеңдер» 
деп қиғылық салды. Бiз концерттiң бүкiл сценарийiн жазып, дискiлерiне 
дейiн шығарып қойдық. Ал сол бiр ғана себеп үшiн дайын тұрған 500 
дискiнi жойып, қайта шығарғанымызды ел бiле ме екен? Оған қаншама 
қаржы кеттi? Ол менiң жеке концертiм емес, мемлекеттiк деңгейде өтiп 
отырған  соң,  оның  бүкiл  жауапкершiлiгi  корпорация  басшылығына 
келiп  тiреледi.  Болған-бiткенi  осы  ғана.  Әрине,  танымал  болған  соң 
халықтың  құлағы  өнер  адамдарына  түрулi  жүредi.  Мен  де  өзiмнiң 
танымалдығымды алға салып әртүрлi әңгiмелердi айта берсем, менi де 
тыңдайтын ел табылады. Бiрақ бұдан не ұтамыз?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет