Жанарбек Әшімжан: Сiздiң орындауыңыздағы күйлер iлгерiде
радиодан тәуiр берiлiп тұратын едi, соңғы кездерi мүлде сиреп кеттi.
Не себептi?
сматай Үмбетбай: Ол күйлер ертеректе жазылған, жырық-жырық
қобызбен тартылған күйлер едi. Мiне, қазiр елудiң жетеуiне келiппiн.
Кешегi Топай, Басықара, Ерденбай, Сармұқан, Дәулет секiлдi дәулескер
217
қобызшылардан сабақ алдым. Солардың барлығының қобыз шалуын,
қобыз трихын бiр жүйеге келтiрiп, бәрiн жинақтадым. Сосын осыдан
төрт-бес жылдың алдында мен радиодағы азаматтарға: «Күйлердi
жаңалайын, қазiргi берiлiп жатқан дүниелер ескiрдi ғой» деп өтiнгем.
Бiрақ соның сәтi түсе қоймады. Бiздегi радиолар көбiне тек күйдiң өзiн
ғана жазып алғысы келедi. Күй болады, сосын оның тарихы болады.
Таспаға тарихсыз жазылған күйдiң сiңiмдiлiгi аз. Сондықтан қобызбен
тартылатын күйлердi жазған кезде оның шығу тарихын да түртiп
алғанның артықтығы болмас деп есептеймiн.
Осыдан бiраз уақыт бұрын Францияға бардым. Үй салып жатқан
адамның қолы қайбiр оңып тұрсын, қатып кетедi. Қолқалап қоймады.
Бiр жағынан ақша да керек болды, сосын осы тобан қолыммен Парижге
бардым. Қасымда Саян Ақмолда деген жас жiгiт бар. Қолымда аттың
жалы, түйенiң қомында ала салған қобызым. Ол қобыз қоңыр күйге
келедi, тiк күйге келмейдi. Сол жерде француздар тiк күйдi тартуымды
өтiнiп қоймады, ал тiк күйге Саяндiкi келiп-ақ тұр. Ақыры болмаған соң
тiк күйдi тарттым. Тартып болған соң бөлмелердi аралап қарап жүрмiз.
Әр бөлмеде қолдарында магнитафондары бар бес-алтыдан адам отыр.
Ана бөлмедегi – түрiктер, мынада – француздар, одан кейiнгiсiнде –
ауғандар, келесiсiнде ирандар деген секiлдi кете бередi. Сөйтсем, олар
дыбыстық деталь iздеп жүргендер көрiнедi. Топшылауымша қара
қобыздың дыбысын таспаға жазып алып өз елдерiне алып бармақ.
Игiлiктерiне жаратпақ. Сол күнi кеште менде бiр дүлей тылсым күш
пайда болды. Бүкiл кешегi қағысын үйренген қасиеттi қобызшы шалдар
жадымнан кетпей қойды. Кiсi баласын жақтырмаймын, жатын бөлмеме
келгендердiң бәрiн қуып шықтым. Содан үш күнге дейiн өзiме өзiм
келе алмадым. Ертесi үлкен сахнада концерт қойдық. Әйтеуiр есiмде
қалғаны күй тартып жатып Саян талып қалды. Өзi тәуiр қобызшы.
Сөйтiп ысқышынан от шашқан қара қобыздың сарынынан шетелдiктер
де бiр нәрсе iздейтiн көрiнедi. Саян екеумiздiң неше сарынымызды
алғанын бiлмеймiн. Әйтеуiр қобыздың қасиетiне француздар сол жолы
айрықша таңдай қақты.
Айтпақшы, бiраз уақыт бұрын «Қазақстан» телеарнасындағы Саян
жүргiзетiн «Қазақтың 100 күйi» деген хабарына барып күй тарттып
бердiм.
Жанарбек Әшімжан: Аға, сiздiң қобызшылығыңыздан бөлек,
жауырын қарайтын тағы бiр үлкен қасиетiңiз бар екенiн жақсы бiлемiз.
Ашығын айтқанда, жауырын қарау – ата-бабамыздан келе жатқан үлкен
киелi нәрсе. Қазiр жауырыннан қашып жүрген сияқтысыз. Солай ма?
сматай Үмбетбай: Рас, мен жауырын қарайтын өнерiм бар.
Ертеректе, бала күнiмде бiздiң жақта үш нәрсе жоғалды. Бiр жолы
алты бойы жоғалған әйелдi таптым. Жауырынға Майқұдық деген
218
жермен қоса, үйдiң нөмiрiне дейiн дәл түстi. Менiң жауырыншы атым
содан шыға бастады. Үйден шығып кеткен жас баланың сүйегi көп
уақыт табылмапты, соны таптым. Сосын сонау Қарағанды, Жезқазған,
Жамбыл, Алматыдан жоқ iздеп келгендер көбейдi. Жауырыншы болған
соң қас та көп болады екен. Бiр күнi бiреудiң көп кiлемi жоғалды. Оны
таптым, бiрақ әкем: «Балам, осы жауырын бiр күнi сенiң жаныңды
жаһаннамға бiр-ақ жiбередi, жауырынды таста» дедi.
Кейiн ерлi-зайыптылардың арасындағы бiр-бiрiне деген сенiм-
сiздiктерiн жауырыннан қарап беруiн өтiнетiн ұсақ-түйек нәрселер
көбейiп кеттi. Киiм-бұйымы жоғалған жұрт есiктiң алдын босатпайды.
Ақшасын тықпалап неше байлар келедi. Сосын сол жауырыннан бойлы
аулақ ұстай бастадым. Ең соңғы рет Рақымжан Қошқарбаев келiп
жауырын қаратты. Өзi ауырыңқырап жүр едi, сол ауруын жауырыннан
қарауын қатты өтiндi. Үлкен батырымыз. Жауырынға шыққан
шындықты айттым, екi-ақ жылдық ғұмыры қалған екен. Ол кiсiге
ауырлау айтып та қойған секiлдiмiн. Бiрақ жауырынның о бастағы
сертi сол – жауырынға шығып тұрған ақиқатты ашып айтпасаң өзiңе
ауыр болады. «Көбейтуге болмай ма?» дедi Рақаң. «Ғұмырды ұзарту
мүмкiн болса жауырынға түсер едi ғой» дедiм. «Егер аман қалып, Алла
тағала күш-қуат берiп, қайта тыңайсам мен сенi...» деп тоқтап қалды.
Өкiнiшке қарай, екi жылдан кейiн батыр дүниеден өтiп кеттi. Жатқан
жерi жарық болсын, марқұм менi керемет жақсы көрушi едi.
Сондай қатты қысылған кезде жол тауып беретiн менiң жауырын
деген нәрсем болды. Жауырын арқылы буылып-түйiлiп қалған арқамды
ыдыратып жiберетiн қасиеттi қобызым болды. Кейiн жаным үшiн
жауырынды қойдым.
Жанарбек Әшімжан: Ендi қобыз өнерiнiң келешегi қалай болады
деп болжайсыз?
сматай Үмбетбай: Қобыз шалатындар жоқ емес, бiрақ бәрi бiрдей
керемет таланттар деп айта алмаймын. Рас, жақсы қобызшылардың да,
шалысы бөлек дарындардың да қатары үзiлмейдi. Бiрақ дарынсыздық
та қалмайды. Шын таланттарды бүркемелеп, батыстық даңғазаға
елiгушiлер қатары күн санап өсiп барады. Сондықтан қасиеттi қобыз
сол қос өркениеттiң ортасында қысылып, демiгiп қала ма деген
қорқыныш басым екенiн тағы жасыра алмаймын.
Жанарбек Әшімжан: Ауыл жаққа барып тұрасыз ба? Қазiр ауылда
кешегi өткен қобызшы шалдардың сарқыншақтары бар шығар?
сматай Үмбетбаев: Ауыл жаққа соңғы жылдары көп барып
жүргенiм жоқ. Қазiр ауылда кешегi қобызшылардан ештеңе де қалған
жоқ. Маған қобыз үйреткен ақсақалдар ол кезде 80-ге таяп қалған,
мен мүлде бала болатынмын. Абыздардың қыр соңынан қалмай жүрiп
үйрендiм. Менiң алдымда сол шалдардан үйренген Оспан деген азамат
219
болған. Бiрақ соншалықты қобыз өнерiнiң iшiне шенеп кiрiп кете
алмады. Ал қобызға бүтiн болмысыңмен берiлмесең кейiн бәрiбiр
ұшып кетедi. Тырнақтың ұшымен iлiккен нәрсе бәрiбiр кетiп қалады
екен. Жүрекке нығыздалып тұрып сiңген сарын ешқашан жоғалмайды.
Мен түн жарымда шырт ұйқыдан ояна кетiп қобыз тартқым келедi.
Түн iшiнде қобыз тартқан адамды көрдiңдер ме? Ал мен тартам. Бала-
шағам үйренген, ал көршi-қолаң бұдан шошиды.
Жанарбек Әшімжан: Қайбiр жылы сiзге сәлем бере келгенде үй
салып жатыр едiңiз, ара-балтаңыз әлi қолыңыздан түспептi?
сматай Үмбетбаев: Бұл үйдi айналып-толғанғалы оншақты жылдың
жүзi болды. Бекболат билiкке өнер арқылы келген оғландардың бiрi ғой
ғой, сол азаматтан аз-кем көмек сұрағам. Қолұшын бердi. Сөйтiп аннан-
мұннан құрап қиюын келтiрiп жатқан жағдай. Арасында шаршағанда
қобызды бебеулетiп-бебеулетiп аламын. Содан кейiн қу тiршiлiк қайта
жалғасады. Бұл дүние кеуде тұсың тыншығанда барып бiрақ тоқтайды
екен.
220
«қЫЗМетсiЗ қАЛҒАН кҮНi теАтрҒА
кҮЗетШi БоЛАМ»
(Театр сыншысы, қоғам қайраткері
Әшiрбек Төребайұлы Сығаймен сұхбат)
Жанарбек Әшімжан: Аңдасақ, аға жасына әркiм әрқалай келе-
тiнге ұқсайды. Жер ортасын артқа тастаған алпысқа кiсiлiгiңiзбен,
ақсүйектiгiңiзбен әдемi келдiңiз. Мерейтойыңыз құтты болсын!
Әшiрбек сығай: 60-қа келгеннiң алды да, арты да мен емес.
«Алпыс – тал түс» деп алдаусыратып та жатамыз. Жалпы, мерейтой –
кернейлету, сырнайлату емес, есеп беру. Норвегияның ұлы драматургы
Ипсон «шығармашылық адамы әрбiр 20 жыл сайын есеп берiп отыру
керек» дейдi. Халықтың алдындағы жауапкершiлiктi сезiнесiң. Ал
Данченконың тәмсiлi бойынша әрбiр он жылда есеп беру керек
көрiнедi. Екi данышпанның мезгiлi әртүрлi болғанымен, ойы бiр
жерден шығып тұр. Менiңше, шығармашылық адамы әр он жыл сайын
есеп берiп отырса, артық болмайды. Адамның өмiрi шексiз емес, кiсi
табиғаты тез тозады. Ал бүгiнгiдей қоғамдық-әлеуметтiк құбылыста екi
есе тозады. Көзiңдi аштың, зулап өмiр өтедi. Әрине, селкiлдеп қалған
жағдайым жоқ. Дегенмен, қырық, елудегi шығармашылық қуаттың
десi басым. Бұрын басы сынық қаламмен-ақ қағазға төне сүссең, қазiр
күй талғайсың, әйтеуiр жазбаудың жолдарын iздеуге дайын тұрасың.
Ал мерейтой – сондай жайларды жуып-шайып, тазартып, серпiлтiп,
көремендердегi рухпен қайта ширығатын кезең бе деп ойлаймын.
Құдайға тәубә, ақпарат құралдары аз насихаттап жатқан жоқ. Мен бәрiн
қырып жiбердiм демеймiн. Дегенмен, осы уақытқа дейiн өз әлiмше
бiраз еңбек еттiм, 11 кiтап, мыңнан астам мақала жазыппын. Мұның
сыртында қоғамдық жұмыстар бар дегендей.
Сенiң бүкiл болмысың жазған-сызғаныңнан көрiнiп тұрады.
Көрермен мен оқырманды ешқашан алдай алмайсың. Олар сенiң шын
сөйлеп отырғаныңды, яки өтiрiк жылмиып тұрғаныңды, бәрiн-бәрiн
бiлiп қояды. Сондықтан әрбiр он жыл сайын халық алдында есеп
берiп отырған оң ғой деп ойлаймын. Ал расында бiз мерейтой өткiзудi
мәртебе, мадақ көретiн жастан өтiп кеттiк.
Жанарбек Әшімжан: Дегенмен, әр он жыл сайын есеп берiп отыру
әрбiр шығармашылық иесiнiң қабiлетiне де байланысты ғой. Кейбiреу
мерейтойдан мерейтойға сыбай-салтаң келiп жатады дегендей...
Әшiрбек сығай: Әрине, қабiлетке тiкелей байланысты. Мен елу
жылдығыма алты кiтаппен келсем, алпысқа тағы бес кiтаппен келдiм.
Бұл театр сыншысы үшiн оңай шаруа емес. Өйткенi, бiз негiзiнен
фактологиямен жазамыз. Осы орайда мен прозашыларға қатты қызы-
ғам. Рахат! Атты Алатауға қаңтарып, түйенi Қаратуға шөгерем десе
221
де өз қолында. Қиял кеңiстiгi шексiз. 16 беттен қайырса да, 36 беттен
қайырса да өзi бiледi. Мен мұқатып отырғаным жоқ, үлкен прозадағы
мүмкiндiк рас басқа. Ал менiң саламда таза дерек ойнайды. Көрген
қойылымың, көзге түскен әртiсiң, режиссердiң шешiмi, сол шеңберде
өз мүмкiндiгiңдi көрсетесiң. Пiшiнi жағынан қысқа, нұсқалыққа
жетелегенмен, ойыңды сарқып айтуға мүмкiндiк бермейдi.
Жанарбек Әшімжан: Сiз бiр қарағанда, барлық азаматтармен
жақсы қарым-қатынаста жүргендей әсер қалдырасыз. Беделсiз де
емессiз. Ендi бiр талқылауларда бетiң бар, жүзiң бар демей талқандап
сынап жатасыз. Сонда бұл сiздiң сыншылығыңыздың шынайылығы ма,
жоқ обьектiнiң кiлтiн дөп басу да ма?
Әшiрбек сығай: Мен өзiм адамдарды шексiз жақсы көрем.
Айналамды өте құрмет тұтам. Кез келген адамның қызметiне, қабiлетiне
қарамастан, қатты есептесемiн. Ал талантты адамдарға деген ойым
да, құметiм де бөлек. Көрек көзге екiншi адамды қасақана кеудесiнен
итергiм келмейдi. Ал шығармашылыққа келгенде ұлтқа, халыққа пайда-
зиянына қатысты әңгiмеге келгенде, екi туып бiр қалғаным болса да
қатып қалам. Өйткенi мен үшiн сол сәтiнде айтылмаған пiкiрдiң құны
көк тиын. Ал кемшiлiктi дер кезiнде айту айып па? Бұл – жанашырлық.
Бiр адамның көңiлiне қарап, бүкiл қоғамды ластау – қылмыс! Жеке бас
пайда үшiн қоғамға залал келтiрудi үлкен айып деп бiлем. Көмейге
келген пiкiрдi керi жұту менде болмайды, ол – мәкүрiк. Ал жекелеген
адамдардың көңiлi екi-үш күннен кейiн басылады, оңаша қалып
ойланады. Таразылайды. Кейбiреуi сыртымнан ғайбаттайды. Ол әр
адамның өз арына байланысты. Ал осы сыншылықпен айналысқаныма
40 жыл болыпты, қанға сiңдi әдетiмдi жасандылыққа, есеп-қисапқа
құрған емеспiн.
Жанарбек Әшімжан: Осы кәсiби сыншылығыңыздан немесе тiке
айтып салатын турашылдығыңыздан зәбiр көрмесеңiз де зиян шеккен
кезiңiз болды ма?
Әшiрбек сығай: Соншалықты жанымды ыстық темiрмен қарып
өттi дейтiндей ештеңе бола қойған жоқ. Сыбыр-күбiр, жыбыр-жыбыр
болмай қалмайды. Өнер мен мәдениет адамдары тез күйiнiп, тез
ашуланшақ келедi. Артынан тез кешiрiм сұрай қояды. «Бұл қайдан
шыққан дәу» дегендер болды. «Сен менi сынадың» деп амандаспай
кеткендер, доқ көрсеткендер болды. Жалпы, сынды кiм жақсы көредi?
Сен мың жерден Белинский, Добролюбов бол, бәрiбiр сынағанды
жақсы көрмейдi. Әзекеңдер де өкпелi болып жүрдi. Мен алғашқы
жазып жүрген кездерде мұндай жағдайларға едәуiр екпiн беретiнмiн.
Кейiн бәрiн түсiнiстiкпен қабылдауға тырыстым. Әрбiр жазған-сызған
шаруаларымда бос сөз айтуға ырық бермедiм. Оларды сынау үшiн сен
мәселенi өздерiнен де жақсы бiлiп тұруың керек. Соның әсерi шығар
222
уақыт өте келе бәрi де менiң кәсiбiме түсiнiстiкпен қарай бастады.
Санаса бастады.
Жанарбек Әшімжан: Сiз сыншылықтың соншалықты машақатын
бiле тұрып, осы жолды саналы түрде таңдап алдыңыз ғой?
Әшiрбек сығай: Мен сыншылықты саналы түрде таңдадым. Негiзi
мен актерлықты бiтiргем. Сосын «актер боған соң Ноғайбаевтай,
Жантөриндей, Қуанышбаевтай, Молдабековтей болу керек қой» деп
ойладым. Бой десең бой, түр десең түр, дауыс десең дауыс бар. Менiң
интелеллектуалдық қабiлетiм болғанмен, Қобыландыға, Сырымға,
Отеллоға, Гамлетқа сай пiшiнiм болмаса неге мен көрермендi алдауым
керек? Мен сияқты орта бойлы актерлар толып жүр. Мен актерлық
шеберiк сабағынан бестен басқа баға алған емеспiн, нанбасаңдар
мұғалiмiм Хадиша апайдан сұраңдар. Екiншi курста оқып жүргенде ой
келдi. Қойылым көп, сын шықпайды. Бiздiң кезiмiзде де сыншы көп
болған емес. 1967 жылы ақпан айында II курста оқып жүрiп «Лениншiл
жасқа» «Өнерде әркiмнiң өз соқпағы бар» деген көлдей мақала жаздым.
Оралхан Бөкеев бөлiм бастығы, досым Сағат Әшiмбаев әдеби қызметкер
екен. Мақаламның бiр жерiне қол тигiзбептi. Екеуi мақалаға жоғары баға
бердi, одан әрi осы сыншылықты жалғастыруға бел байладым. Сағат
пен Оралхан қол соғып отырды, мен сымдай тартылып жазған үстiне
жаза түстiм. Сол екi жiгiттi тегiн еске алып отырғаным жоқ, сондай ұлы
азаматтармен дос қылған тағдырыма ризамын. Сағат екеумiз түйдей
құрдас едiк, 20 жыл жұбымыз жазылмай бiрге жүрдiк. Екеумiз келе
жатқанда жұрт сүйсiнетiндей достықта болдық. Сыншылығымның
қалыптасуына Құдайдан кейiн сол азаматтардың да себi болған шығар.
Менiң орнымда басқа жiгiттер болса, бұл саланы тастап кетер едi.
Әйтпесе, режиссер немесе жазушы болып кетуiм де мүмкiн болатын.
Жанарбек Әшімжан: Режиссерлыққа талпынып көрген кезiңiз
болды ма?
Әшiрбек сығай: Мен осы институттың қабырғасында жүрiп
«Жалбыр», «Бөлтiрiк бөрiк астында», «Батқан кеменiң бейбақтары»,
«Ромео-Джулетта» секiлдi бiрнеше қойылымдар қойдым. Режиссер-
лықтың теориясын ешкiмнен кем бiлем деп айта алмаймын. Бiрақ мен
үшiн сыншылық құндылау, қымбаттау болды.
Жанарбек Әшімжан: Сiз қойылымды көрiп отырғанда бiрiншi
көрермен ретiнде әсер аласыз ба, жоқ әлде көрiп отырып кәсiби
сыншылығыңыз қызметiне кiрiсiп кете ме?
Әшiрбек сығай: Жалпы, кәсiп деген өте қиын. Алып қашып
отырады. Көрермен болып, араға бiр дуал қойып отырып қарайыншы
десең де болмайды. Кәсiбилiкке шек қоя алмайсың, көрмейтiн жердi
көрiп қаласың. Актердың құр сөздi жаттап алып, сылдырып тұрғанын,
iшкi жандүниесiнiң ұйқтап жатқанын байқап қалам. Ойсыз сөйлеп
223
тұрғанын бiле қоям. Сахнаны даңғазаға айналдырып жiберсе, жаным
күйiп кетедi. Мен балеттi де, теледидарды да жақсы түсiнем. Бiрақ
«Әшiрбек театрдан басқа саланы сынап нан тауып жептi» дегендi
естiдiңдер ме? Жоқ! Өнерде келе жатқаныма 42 жыл болса, соның 40
жылын таза театр сыншылығына арнаппын. Қойылым көрiп отырған
сыншы тыныш отыра алмайды. Ол режиссердiң де, актердiң де,
композитордың да, суретшiнiң де шаруасын қатар атқарып отырады.
Бәлкiм бұл дұрыс та емес шығар, ол жағын бiле бермеймiн. Бейқам
отыра алмаймын, он рет көрген қойылымды жаңа көргендей қараймын.
«Түу, iшегiң көгерiп кетедi ғой» деп Дулат Исабеков күледi маған.
Солтүстiк Қазақстанда Ғабеңнiң 100 жылдығында тапжылмай отырып
сегiз «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды» көрiп шықтым. Сол фестивальға
өзiм Египеттен ұшып келгем. Каир фестивалiне қатысқан елу елдiң
қойылымын тағы қарадым. Одан үйге келiп бiр күн қонып, Дулаттың
фестивалiне кеттiм. Сондай бiр ай тынбай қойылым көрiппiн. Бұл
сыншылық сондай жанкештiлiктi қажет етедi.
Жанарбек Әшімжан: Сiз бiр басыңызға жететiн лауазымды
қызметтердi атқардыңыз. Мәдениет министрiнiң бiрiншi орынбасары
да болдыңыз. Қыл аяғы мемлекеттiк қызметтi өз еркiңiзбен тастап
кеткендердiң алғашқысы да сiз болуыңыз керек. Жалпы, осы қызмет
дейтiн нәрсе өнер адамына қаншалықты пайда яки зиян әкеледi?
Әшiрбек сығай: Егер орынтақты орнымен игере алсаң, әумесерлiк-
ке ойысып кетпесең, қызметтiң де өзiндiк пайдасы бар. Өмiрдi жете
сезiнiп, әсiресе, азаматтарды тереңiрек танисың. Мен таза өзiмнiң
кәсiбiме, театр мен музыкаға қатысты саланы басқардым. Теориялық
жағын бiлу өз алдына, ұйымдастырушылық қабiлетiңдi үлкен сынақтан
өткiзесiң. Өнер туралы тосылмай сөйлей беруiме сол қызметтiң де
пайдасы көп тидi. Қолыңа түсе бермейтiн құнды дүниелердi көп
оқисың. Мен бес-алты кiтапты сол министрдiң орынбасары қызметiнде
жүрiп жаздым. Көбiне түнде жаздым, әлi күнге сол дағдымнан айнығам
жоқ.
Сол жылдары атқарған жұмыстармды осы күнi өнер саласында
жүрген азаматтардан сұрасаңдар айтып бередi, өзiм айтсам ыңғайсыздау
болады. Бiрақ жаман болды ма, жақсы болды ма, театр мен музыкаға
қатысты тұтас 20 жыл екi рет орынбасар, өнер басқармасының
бастығы болған менiмен тiкелей байланысты болды. ЦК-да бес жыл
бойы шығармашылық одақтардың жұмысын қадағалап отырдым.
Халық әртiстерi болған азаматтардың қағаздарының барлығын мен
толтырдым. Iрi тұлғалардың неше түрлi қақтығыстарын, мiнездерiн
де көрдiм. Қызғаныш, iштарлықтың да сан мәрте куәсi болдым. Өнер
академиясына ректор болып келген кезде де, атын айтпай-ақ қояйын, бiр
профессор алдыма келiп екiншi профессорды ағаш атқа терiс мiнгiзгенi.
Ол шығып кетiсiмен, келесi бiреуi келiп ана бiреудi жамандайды. Сосын
224
мен нүктенi басып қалып жамандалып жатқан адамды шақыра қоям.
«Сiз бiлiп жүрсiн деп айтып едiм» дейдi. Артық ақпаратты басыма
тыққылап неғылам мен? Осындай жағдай екi рет орын алды, сосын сап
тыйылды. Пыш-пыш әңгiменi жаным қаламайды. Өкпесi түсiп кетсе де
бетпе-бет отырып айтылған ақиқатты артық көрем.
Жанарбек Әшімжан: Сiз Мәдениет минстрiнiң бiрiншi орынба-
сарлығынан өз еркiңiзбен бас тартып, кетiп қалдыңыз. Сонда министр-
лiк қызметке тағайындамады деп өкпелеп кеттiңiз бе?
Әшiрбек сығай: Мен қызметтен бiрде-бiр рет ескерту алған адам
емеспiн. Өкпе деуге келе қоймас, түңiлiп, торыққаным рас. Екi рет
орынбасар болдым, бiр рет алты жыл, бiр үш жыл. Пенде болған соң
лауазымға қатысты пиғыл санаңның бiр түкпiрiнде бүк түсiп жататыны
тағы ақиқат. Ал министр болып келген адамның бiлiгi, бiлiмi менен оқ
бойы озып тұрса, мен үндемей отыра беретiн едiм. Ол менiң қол астымда
iстеген, сырын бес саусақтай бiлем, бұл саланы көтере алмайтынына да
көзiм жетедi. Түскi сағат 12-ге дейiн жаңа министрдi әкелiп таныстыр-
ды, түстен кейiн мен қызметке шыққам жоқ. Болған бiткен сол ғана.
«Шығармашылық жұмысқа ауысуыма байланысты менi өзеркiммен
қызметiмнен бостауыңызды сұраймын» деп арызымды жазып, сол
кездегi үкiмет жетекшiсi Терещенко болатын, соның көмекшiсiне берiп
кеттiм. «Жақсы өсiп келе жатқан жiгiт, қызынбасын» деп менi екi ай
бойы қызметтен босатпады. Сонда мен шенеунiктiгiмнiң онша мықты
еместiгiн, орынтаққа сонша құмар еместiгiмдi анық байқадым.
Жанарбек Әшімжан: Меңзеп тұрғаныңыз Әшляев қой?
Әшiрбек сығай: Нақ өзi. Оның жеке басында менiң шаруам жоқ.
Аңқылдап қалған жақсы жiгiт. Республикадағы елу театрды, жиырмадан
астам филормонияны, неше кiтапхана, мұрағат, клубтарды басқаратын
масштабындағы адам емес, шамасы келмейдi. Мұның сыртында
қаншама жұмыстар бар? Ақыры тоғыз ай ғана отырып, қызметтен
кеттi. Мен оны анық сезгем.
Жұрт қызық, қызметтен кетсе, бүкiл дүние сол орынтақпен бiрге
көшетiндей, далада қалатындай күй кешедi. Маған қазiр өзiм жыға тани
бермейтiн көптеген азаматтар келедi, амандасады. «Есiңiзде ме, кезiнде
маған пәтер алуыма, жатақханаға тұруыма қолұшын берiп едiңiз ғой»
дейдi. Елге көптеп шақырады. Аралаймын, көрем.
Жанарбек Әшімжан: Ал бүгiнгi мәдениеттiң құлағын ұстап
отырған ақжағалылардың iс-әрекетiне қаншалықты көңiлiңiз толады?
Әшiрбек сығай: Мен қазiргiлердi онша сезiнбеймiн, сондықтан
айта алмаймын. Егер олардың атқарып жатқан шаруаларынан хабарым
болса, айтар едiм. Қамқорлығын да сезiнiп жатқаным шамалы.
Мерейтойлардан көре бермеймiн. Қазақтың қаншама атпал
азаматтары бақилық болып жатыр? Олардың бiреуiнен мәдениеттiң
225
құлағын ұстап отырғандарды көргем жоқ. Бұрынғы министрлер торқалы
той, топырақты өлiмде жиi бой көрсетушi едi. Әйтеуiр теледидардан
«анамен, мынамен кездестi, қазақ тiлiн сұмдық сөйлеп қалды» деп
жатады. Мен оны қазақ тiлi деп тiптi де есептемеймiн.
Жанарбек Әшімжан: Ендi ептеп театр жағына ойыссақ. Бүгiнгi
драматургияның сапалық көрсеткiшi, қойылымдардың қоғамдағы ор-
ны, берер тағылымы қай деңгейде деп есептейсiз?
Әшiрбек сығай: Мен ойымды бүкпей айтатын адаммын, қойы-
лымдардың бүгiнгi жағдайына көңiлiм қоңылтақсиды. Бүкiл республи-
каға даңқы кеткен, оқиға болған бiр қойылымды айтыңыздаршы? Жоқ.
Ал бұрын ондай қойылымдар қатар аз болмайтын. Бiз Айтматовтың
«Ана-Жер-Анасына» екi жыл жүрiп зорға кiргенбiз, билет жоқ. Кезiнде
көрермендердiң көптiгi сонша, театрлардың есiк-терезесiн сындырып
кеткен кездер болған. Адам да, заман да өз орнында.
Жанарбек Әшімжан: Сiздiң пiкiрiңiз осылай түзiлдi. Ал «Туран-
дот ханшайым», «Өмiрзая», «Қазақтар» секiлдi қойылымдарға көрер-
мендердiң үздiксiз барып жүргенiн көремiз. Жалпы, Әуезов театрын-
дағы қойылымдарда көрермендер лық толып отырады. Мұны нендей
жағдайлармен түсiндiруге болады?
Әшiрбек сығай: Мына қызықты қараңыздар, осыдан бес жыл
бұрын жағдай басқа болатын. Мен адам жиналмай қалып, болмай
қалған қойылымдардың куәсi болғам. Ал қазiр кез келген қарабайыр
қойылымға барыңыз, орын таппайсыз. Кассада ұзын-сонар кезек. Бұл
не құбылыс? Көрермен бүгiнгi қойылымдардан әлi де болса дән iздеп
жүр. «Ғайыптан тайып жақсы нәрсеге кез болып қаламыз ба?» деп
жүрген көрермендер бар. Ал бiздiң режиссерлар кешегi сол қалып, сол
ритм, сол ырғақпен ертеңгi күнге қадам басса, бүгiнгi көрерменнен де
айырылып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |