Оқыушыларға жұмыс. Алдыңғы мақаладағы тəрізді болады.
Жылқы бағыу.
Жылқысының ұзын санын алғанда, Ресей жер үстінде бірінші орын
алады. Ресейде 27 міліиондай жылқы бар. Адамға бөлгенде, Ресей 4-інші
орын алады. Сүйтіп, Ресей жылқыға тым бай емес.
Тұқым жағынан Ресей жылқысының көбі жабы болады. Ең көбі мəс-
тек пен дала (қазақ, сібір, қалмақ жылқысы сияқты) жылқысы. Бұлар уақ
тұқымдар; күші де шамалы болады. Ресейде ауыр жүк тартатұн ірі күшті
жақсы тұқым – бійтүк дейтүн жылқы. Бійтүктің көп ұсталатұн жері, тұқы-
мы таза болатұн жері – бараныж, тамбоб, тұула, быладіймійр гүбірнелері.
Бараныж гүбірнесінде жақсы ат өсіретүн атақты «арлобыскій» зауыт бар.
Орыстың атақты «Арлобіскій» деген желгіштерінің шығатұн мықты бір за-
уыты – қыренұбскій. Бірақ, бұл күнде таза бійтүк Ресейде тіпті аз қалған-
дығы байқалады. Азамат соғысы кезінде Ресейдің жақсы жылқыларының
көбін жанаралдар сыртқа сатып жіберген. 1923 жыл Мəскеуде бүтін Ре-
сейлік ауыл шарыуасының көрінісі (өстебке) болғанда, көрініске ел таза
бійтүк тауып алып келе алмаған.
Қасыйет жағынан да Ресей жылқысы батыс Еуропа жылқысынан төмен.
Еуропада «першерон», «Сүуппөлік» деген жылқы тұқымдарының тірілей
салмағы 30-40 пұт келеді. Бұлар қара жол мен 300 пұттай жүк алып жүреді;
күніне 200 шақырым жер алыуға шамасы келеді. Орыс мəстегінің тірілей
салмағы 12-25 пұттай; қара жол мен 50 пұттай жүк тартады; ең мықты аты
ғана 100 пұттай жүк алып жүреді. Поштамен жүргенде орыс мəстегі күніне
80-100 шақырым алады деп есептейді. Батыс Еуропа аттары ерте шыйрап,
ерте жұмысқа жарайды.
Жылқыны жегіуге, мініуге, жер жыртыуға ұстайды. Желгізіп, шапты-
рып бəйгі алыу үшін де ұсталатұн жылқылар бар. Қазақ жылқының күші-
нен пайда көріуден басқа, етін де жейді; сүтін де ішеді; қылын да күзеп
алып нəрсе жасайды, иа сатады.
(сандар Борыйсұбтың «Шарыуашылық жағырапыйасынан» алынған).
Сыйыр.
Сыйырды сүті, күші, еті үшін ұстайды. Бұл үш қасійет теп-тегіс
бір сыйырда болуы қыйын. Сондықтан жақсы сыйыр иа сүтті, иа күшті,
иа етті болыу керек. Осы күні адам таңырқарлық иа сүтті, иа етті, иа күш-
ті сыйырлар бар. Бұлардың тұқымын сұрыптап, бірте жақсартқан адам-
ның өзі. Сыйыр ыссы жерде де, суық жерде де тұра алады. Сондықтан
сыйыр ұстамайтұн жер жоқ. Сыйырдың тұқымы жақсартыуға, өзгертіуге
келгіш. Соның үшін сыйырдың осы күні өте сүтті, күшті, етті тұқымдары
бар.
Бес томдық шығармалар жинағы
13
Ресейде қырқ мілійондай сыйыр бар. Сыйыр байлығында Ресей бесін-
ші орын алады. Сөйтіп Ресей сыйырға тым бай жер емес. Ресей сыйыры-
ның тұқымы да онша асыл емес.
Ғолландійа сыйырының тірілей салмағы 30-45 пұт. Жылына бес
мың кеседей сүт береді. Бордақта байланған аңгылшан сыйырының
тірілей салмағы 80 пұт тартады. Тірілей салмағының 70% сойғанда ет
болып шығады.
Орыстың жай мөшке сыйырының тірілей салмағы 12-15 пұт. Сойған-
да 30-40% ет болып шығады; жылына сегіз жүз – мың екі жүз кесе сүт
береді. Орыс сыйырының ішінде етті тұқымы өкірайынскій (шеркасіскій)
деген көк сыйыр мұның тірілей салмағы 20-40 пұт. Сойғанда 50%-тейі ет
болады. Еуропаның жақсы сыйырлары 1½ қадақ пішен берсе бір қадақ сүт
береді; орыс сыйыры 4-7 қадақ пішенге бір қадақ сүт береді. Орыс сыйы-
рының белгісі – уақ, тұқымы кем, тамағын дұрыс ақтамайды.
Орыс сыйырының сүтті тұқымдары: ғолландіскій, иараслабіскій, қал-
мағор дегендер. Еттісі – шодгөрін. Күштісі өкірайінскій (қазақ мұны «Ре-
сей», саранау дейді). Əрі етті-əрі күштісі қалмақы, қазақы сыйырлар. Бө-
кейлікте қызыл қасқа сыйырлар қалмақы тұқым. Қалмақы сыйыр қызыл
қасқа келеді. Қазақ даласына көнбістісі де қалмақы сыйыр. Ресейде сыйыр-
дың санын арттырып, сапасын жақсартыу кезектегі мəселе.
Қой бағыу.
Қазақ қойдың етін жейді, сүтін ішеді, тезегін отқа жағады, жүнін кійім
қылады, кійіз басады, сатады, терісін тон қылады. «Тоғыс қабат торқадан
тоқтышағым терісі артық» деп мақтанады. Еуропа елі де қойдан қазақ сый-
ақты пайда шығарады, бірақ сүтін ішпейді. Сондықтан бұлар етті, жүндес
қойды жақсы санайды.
Ресейде елу бес мілійендей қой бар. Жанға бөлгенде Ресей онша қойлы
болалмайды, бесінші орында тұрады. Еттілік, жүндестік жағынан Ресей
қойы Еуропа қойынан төмен.
Жүндес тұқым – мерейнос деген қой. Мерейнос жүні тығыз, жіңішке
болады. Бір қырыққанда мерейностан жыйырма қадақтай жүн алынады.
Орыс сарығы бір қырыққанда 2-3 қадақ қана жүн береді. Жүні əрі сійрек,
əрі жұуан келеді. Басқа елдердің гемпішійр, сауаттауын деген етті қойла-
рының тірілей салмағы 7½ пұт келді. Орыс қойы тірілей 1-2½ пұт келеді.
Орыс қойы ұяң жүнді, қылшық жүнді болып бөлінеді. Қылшық жүніміз
орыс сарығы, қазақ қойы сықылдылар. Ұяң жүнді мерейнос қойлар. Ре-
сейде соғыстан бұрын 2160000 ұяң жүнді қой болған. Бүл күнде бұлардың
11600-дайы қалған.
Ресейде ең етті қойға қазақ қойы қосылады. Бірақ қазақ қойының жүні
жаман. Дегенмен Еуропа қойлары да сұрыптала-сұрыптала ұяң жүнді
болған. Қазақ қойында жүндестерін іріктей-іріктей ұяң жүнді қылыуға
мүмкін.
Бұлардан басқа Ресейде Романобіскій деген қылшық жүнді қой бар.
Мұның терісі жақсы болады. Түркістанда қаракөл сарық өсіріледі.
Соғыстан бұрын Ресей қойынан жылына он мүлійен пұттай жүн
алатұн. Бүтін жер жүзінде жетпіс бір мүлійен пұттай жүн алынатұн. Соғыс
Бес томдық шығармалар жинағы
14
соңынан Ресей қойына 3,6 пұттай жүн қырқады. Ұяң жүні жетіспей, соғыс-
тан бұрын Ресей сырттан үш мүлійен пұттай жұмсақ жүн ала тұратын.
Сыртқа бір мүлійен пұттай жүн шығаратұн.
(Борисобтың «Шарыуашылық жағрапійасынан»)
Қазақыстанда мал бағыу.
Шарыуашылығының қай түрі басымдығына қарай, Қазақыстанды үш
ауданға бөліуге болады: 1) Əр қалық егінші аудан. Мұнда 387,400 шар-
шы шақырым жер бар. Бұл бүтін Қазақыстанжерінің 20% болады. 2) Ор-
талық мал бағып-егіншілік қатар жүргізетін аудан. Мұнда 360,200 шаршы
шақырым жер бар. Бұл бүтін Қазақыстан жерінің 19% болады. 3) Оңтүстік
көшіп жүріп мал бағатын аудан. Мұнда 1,192,400 шаршы шақырым жер
бар. Қазақыстан жерінің 61% болады.
Қазақыстан елінің дені (56,6%) егінші ауданда тұрады. Онан соң қа-
лықтың көп тұратын жері (23,6%) оңтүстік мал бағатын аудан. Мал мен
егінді қатар жүргізетүн орталық ауданда ел аз (19,6%) тұрады.
Арқалық егін салатын аудандағы үйлердің 87,2% орыс, 12,8% қазақ.
Орталық аудандағы үйлердің 89,7% қазақ, оңтүстіктегі үйлердің 98,3% қа-
зақ. Егіндік аудан қалқының көбі орыс болып шығады. Егін салатын аудан-
да кесіптің бір мықтысы мал бағыу. Орталық ауданда егіннен мал бағыу
күшті. Оңтүстікте ел тек мал бағып ғана күн көреді.
1920-жылы бүкіл Қазақыстандағы 13,192,370 бас малдың 7,856,220
басы (59,6%) көшпелі қазақтікі болған.
Қазақыстанда кесіптің мықтысы – мал бағыу. Мал баққызатұн Қазақы-
станның ауасы, топырағы, шөбі, жолы мен базары іреті.
Шадрійн
Қай гүбірнеде қандай мал көп.
Қазақыстанның жер ыңғайына, табыйғатына, ауасына, тұрмысына қа-
рай əр ауданда əр түрлі мал көбірек ұсталады. Соғыстан бұрын Қазақы-
станда мал бітіу жайы бұлай еді. Батыстан шығысқа қарай жүрген сайын
жылқы көбейе беріуші еді. Ең жылқылы гүбірнелер Семей мен Ақмола
еді. Енді шығыстан батысқа қарай жүрген сайын сыйыр көбейіуші еді.
Сыйырлы гүбірнелер Бөкейлік, сонан соң Орал болыушы еді. Қазақыстан-
ның орталығында қой, түйе көп болыушы еді. Қазақыстанның бұрынғы
қойлы, түйелі жерлері Торғай мен Орал облысы болыушы еді. Жаныарқа-
дан оңтүстікке жүрген сайын қой мен түйе молайып, оңтүстіктен Арқаға
жүрген сайын егінші, темір жолға, базарға жақын жерлерде сыйыр көбей-
уші еді. Мысалы үшін алсақ, адайдан темір елі, темір елінен Ақтөбе үйезі
сыйырылырақ деуге болатұнды. Иа Ырғыз, Торғайдан Қостанай сыйырлы
деуге сыйыйушы еді.
Соңғы жылдары соғыс салдарынан, жұт ұланынан мал өте азайып
кетті. Сонда да Қазақыстанда жылқыға байрақ жер Семей, сыйырылырақ
аудан Бөкейлік; қойлырақ, түйелірек жер – оңтүстік адай. 1923-жылғы Қа-
зақыстан мемлекет санақ мекемесінің есебінде қай гүбірнеде қандай мал
көптігі мына түрде:
Бес томдық шығармалар жинағы
15
Гүбірнесінің барлық малының ішінде жылқы:
Семей –– 22,3%
Ақмола –– 21,5%
Қостанай –– 18%
Торғай үйезі –– 17%
Ақтөбе –– 11,4%
Орынбор –– 15,9%
Бөкей –– 9,5%
Адай –– 6,2%
Орал –– 2,7%
Сыйыры:
Бөкей –– 49,2%
Қостанай –– 40.6%
Орынбор –– 38,1%
Орал –– 37,5%
Ақмола –– 37,4%
Ақтөбе –– 35%
Семей –– 27,4%
Торғай үйезі –– 21,4%
Адай –– 0,3%
Қойы:
Адай –– 71,8%
Орал –– 52%
Торғай үйезі –– 45,8%
Орынбор –– 42,9%
Семей –– 41,7%
Ақмола –– 37,2%
Қостанай – 37,2%
Ақтөбе – 31,1%
Бөкей –– 24,7%
Ешкісі:
Адай –– 10,1%
Торғай үйезі –– 7,4%
Ақтөбе –– 5,3%
Бөкей –– 5,2%
Семей ––5,2%
Орал –– 2,9%
Қостанай –– 2,7%
Ақмола –– 1,9%
Орынбор – 1,1%
Шошқасы:
Семей –– 2,5%
Ақмола –– 1,2%
Орынбор – 1%
Ақтөбе –– 0,9%
Қостанай –– 0,6%
Бөкей –– 0,2%
Бес томдық шығармалар жинағы
16
Торғай үйезі –– 0,1%
Орал –– 0,03%
Адай –– жоқ.
Бүтін Қазақыстанда қой 43,3%, сыйыр – 31,2%, жылқы – 16,6%, ешкі –
4,2%, түйе – 3,5%, шошқа – 1,2%, шошқаны орыстар бағады.
Сұраулар: Қай гүбірнеде қай мал көптігін табыңдар! Қазақыстанда ең
көбі қай мал. Əр гүбірненің əр түлік малына дыйағырам салыңдар! Бүтін
Қазақыстан малына өз алдына бір дыйағырам салыңдар.
Түркістенде мал бағыу.
Түркістеннен Қазақыстанға Сыйрдарійе, Жетысіу гүбірнелері мен Қа-
рақалпақ аптаномійалы облысы қосылады. Қарақалпақ төңкерістен бұрын
Сырдарыйаның Амударыйа бөлімінде болатұн. Бүтін Түркістенде малға
бай жер – Сырдарыйа мен Жетысіу. 1917-жылы Жетісыуда 7,271,000 бас,
Сырдарыйада 6,569,000 бас, Амударыйада 531,000 бас мал болған. Жеті-
сыуда малдың 70%, Сырдарыйада 60% қой болған. Амударыйа малының
дені 45% ешкі болған. Сол жылы бүтін Түркістен малы 18,818,000 бас.
Сонда бүтін Түркістен малының 1917-жылы 75% Қазақыстанға қараған
гүбірнелерінде болғаны.
Жұт бен соғыс салдарынан Түркістен малы көп кеміді. 1920-жылы
Жетісыуда 2,860,000, Сырдарыйада – 2,795,000, Амударыйада – 243000
бас мал болған. Алдыңғы екеуінің қойы – 60%, 27% болған. Амударыйада
ешкі – 33% болған. Басқа малға қарағанда Сыр мен Жетісыуда ешкі көбей-
ген.
Ешкі сырда 27% (1917-жылы 17%), Жетісыуда 12% (1917-жылы 8%)
болған. «Есі кеткен ешкі жыйнайды» деген мақал босқа айтылмаса керек.
Ешкіні сүті үшін ұстаған болады. 1920-жылы бүтін Түркістенде небəрі
7,962,000 бас мал (Қазақыстанға қараған жерде неше % мал тійетінін та-
быңдар!)
Қазақ жылқысы.
Қазақ жылқысы салт мініуге, жеңіл жүк салған арбаға жегіуге жақсы.
Қазақ жылқысының артықша қасиеттері – талмай ұзаққа шапсаң
жүретүндігі, от пен сыуды талғамайтындығы, жұмысқа беріктігі, етке
шыққыштығы, суық пен ыссыға беріктігі. Қазақ аты 120-150 шақырым
жерге бірден талмай жетеді. Бірақ, қазақ жылқысын бойы аласы (орташа
екі ез), еті аз. Бойы аласалығынан атты əскер қазақ атын аз мінеді. Тапал-
дығының орнына қазақ жылқысы көнбісті, шапшаң. Шынында əскерге
мініуге қолайсыз емес.
Қазақ жылқысының тұқымын екі жолмен асылдандырыуға болады.
Бір жолы – қазақтың өз жылқысының тұқымын іріктеп ең жақсыларынан
бала тыуғызып, жастарын дұрыс асырап өсіріу. Мұны өз ішінен жақсартыу
дейміз. Бұл ұзақ, қыйын. Бірақ сенімді жана шарыуашылыққа тійімді жол.
Екінші жол – қазақ жылқысын араб, түрікпен тағы басқа тұқымдармен үз-
бей шағылыстырып, қанын араластырып отырып, жайлап қазақы қанды
Бес томдық шығармалар жинағы
17
құртып басқа тұқым шығарыу. Бұл – оңай жол. Бірақ сенімсіз тайғақ жол,
шарыуаға пайдасы аз жол.
Қазақыстан індік санақ мекемесінің есебінше бүтін Қазақыстанда (Түр-
кістеннен қосылған жерден басқа) 1923-жылы 1,245,379 бас, 1924-жылы
1,665,734 бас жылқы болған.
«Сабетіскій Кіргізійе»-ден.
Аттың сыны.
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ,
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желкелі, үңiрейген болса сағақ.
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы, жоталы болса күшті;
Ойынды еті бөп-бөлек омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салық төсті.
Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ,
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ,
Жерсоғарлы, сіңірлі, аяғы тік,
Жаурыны етсіз, жалпақ, тақтайдай-ақ.
Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы,
Алды, арты бірдей келген, ерге жайлы,
Күлте құйрық, қыл түбі əлді келіп,
Көтендігі шығыңқы, аламайлы.
Ұршығы төмен біткен шақпақ етті,
Өзі санды, дөңгелек келсе көтті,
Сырты қысқа, бауыры жазық келіп,
Арты талтақ, ұмасы үлпершекті.
Шідерлігі жуандау, бота тірсек,
Бейне жел,тынышты,екпінді мініп жүрсең;
Екі көзін төңкеріп, қабырғалап,
Белдеуде тыныш тұрсын, байлап көрсең.
Тығылмай əм сүрінбей жүрдек, көсем
Иек қағып, елеріп, жүрсе əсем,
Шапса – жүйрік, мінсе – берік, жуан, жуас,
Разы емен осындай ат мінбесем!
Аяңы – тымақты алшы кигізгендей,
Кісіні бұлбұл қағып жүргізгендей,
Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс,
Ыза қылдың қолыма бір тигізбей!...
Абай
Қазақыстан сыйыры.
Қазақыстанда сыйырдың ең көбі қазақы тұқым; сонан соң қалмақы
сыйыр. Бұлардан соңғы көбі ұукырайынадан келген көк сыйыр мен неміс
Бес томдық шығармалар жинағы
18
тұқымы қызыл сыйыр. Қазақы сыйыр мен қалмақы сыйырлардың қасиет-
тері: күштілігі, еттілігі, етке тез шыққыштығы, күтімі болса сүтке тəуір-
лігі. Қазақы сыйыр жылына орташа алпыс шелек сүт береді. Қалмақы
тұқымнан қазақы сыйыр уағырақ; бірақ, етке шыққышырақ. Бордақта бай-
лаған қалмақы өгіздің тірілей салмағы 16-47 пұт шамасы келеді. Бордақта
байлаған қазақы өгіздің тірілей салмағы – 32,1-36 пұт келеді. Майы мен
сүті 4-8% келеді. Дұрыс күтіп, тұқымын аздырмай, сұрыптап жақсартып
отырса, қалмақы сыйыр мен қазақы сыйыр Ресейдің үлкен қалаларында,
шет мемлекеттерінде көрнекті орын алады. Қалмақы сыйыр Бөкейлікте
көп ұсталады.
Ұукрайынаның көк сыйыры мен немістің ірімшіктей қызыл сыйырын
Ресейден келген қара шарыуалары ала келген. Бұл сыйырлар арқалық егісті
жерде көбірек ұсталады. Көк сыйыр қалмақы сыйырдан еттірек, күші өте
көп, сүтті болып кетіу де мүмкін. Көк сыйыр жылына орташа 120-160 ше-
лек сүт береді. Май 4,5-8%-тей.
Неміс сыйыры сүтті; бірақ, еті аз. Жана семіргіш емес. Бұл сыйыр
жылына 180-200 шелек сүт береді. Майы 3-4,5%.
Қазақыстанда шарыуаға пайдалысы осы төрт түрлі сыйыр. Басқа
тұқымдар тіпті аз жана шарыуаға пайдасы шамалы.
Бұл төрт тұқымды аздырмай, жақсы күтіп, сұрыптап тұқымын жақсар-
тып отырыу керек.
Жақсы кемдігінен бұл тұқымдар азыңқырап барады. Аздырмасқа қам
қылыу керек.
Қазақыстанның кіндік санақ мекемесінің есебінде бүтін Қазақыстанда
(Түркістеннен қосылған жерден бөлек) 1923-жылы 2,336,576 бас, 1924-
жылы 3,469,213 бас сыйыр болған.
«Сабетіскій Кіргізійе»-ден.
Қазақы қой.
Қазақтың ең көп ұстайтын малы – қой. Қазақ қойы құйрықты келеді;
Ресейде етті қой есептеледі. Қазақ қойының тірілей салмағы 5 пұтқа шама-
ласады. Сойғанда тірілей салмағының 53-55% ет болып шығады. Семіз ірі
қойлардың құйрық майы бір пұт шамасында болады. Жай орташа қойлар
15-20 қадақ болады. Қазақы қойдың жүні өте аз. Екі қырыққанда бір қой-
дан бес жарым, алты қадақ жүн түседі. Жүні қатаң, ірі, төмен қол келеді.
Қойдың сүті кем. Күніне бір саулық екі-үш кесе сүт береді. Қазақ қойы
көнбісті, жаз ыссыға, қыс суық пен аштыққа көп шыдайды. Орыстың са-
рығынан қазақ қойы ірі.
Қазақ қойдың пайдаға асырмаған жерін қалдырмайды. Қойдың сүті,
еті, май, тамақ болады. Жүні берісі кійім, төсек болады. Қарны, шегі əрі
тамақ, құрал, ыдыс болады. Құмалағы отын болады. Қи майы болады.
Ағашсыз, отынсыз қазақ даласында мал тезегі болмаса, шарыуаға орасан
қыйын болар еді.
Балашоб «Түркістан шарыуашылық жағрапыйасынан».
Бес томдық шығармалар жинағы
19
Қойшы.
Тынық түн табиғатты маужыратқан,
Қотанда қой мен сыйыр жұусап жатқан.
Көмескі айдың түрі күңгірттеніп,
Маржандай аспан, жұлдыз жымың қаққан.
Жел тынық, қозғалмайды шөптің басы,
Айдын көл құрағы мол елдің қасы;
Айнадай тынық сұуда еркін жүзіп
Шығады сыңқылдаған құстың дауысы.
Іит үрмей, адам жүрмей тынған кезі;
Тыныштық жан біткеннің қылған кезі;
Қотанда қой шетінде арпалысып,
Төңбекшіп қойшы жатыр жалғыз өзі.
Жел-қом ер жастанғаны, тоқым – төсек;
Үйренбей өскен жанбас көрпе төсеп;
Тақыр жер батпақ түгіл жұтсадағы
Іренжіп оны сірə қылмайды есеп.
Ол түгіл көрген сорлы онан зорын;
Арқасын тыр-тыр қасып алмай қолын;
Үстінде кірлі көйлек пара-пара
Қорлықтан көрмегені бар ма оның?
Келеді қойшы болып он бесінен,
Кетпестің бір мыиқнат зердесінен,
Ата-ана тұуып өскен, құрбы-құрдас,
Еш кезде шығармайды елді есінен.
Жастанып жел-қом ерін жатса қойшы,
Тынышып ауыр ойға батса қойшы,
Жылы сөз «шырағым!» деп айтар жан жоқ
Жүргенін ескереді жатда қойшы.
Анау бай жыуан қарын, шүйде желке,
Қолында ақ тайағы тұрып ерте:
«Атаңа нəлет, ійт-ау, тұрсайшы!» деп
Бүйірін ауыртады түрте-түрте.
Төңбекшіп түні менен ой ойлаған,
Қыйалын жан серігі қойалмаған:
Сартылдап ақ-тайақ да тійіуші еді,
Кезеңде тəтті ұйқыдан ойанбаған.
Бəйбіше мынау жүрген былық-сылық еткен,
«Қойшы ійттің баласы!» деп күнде тепкен.
Жалшыны қарсыласқан қарғап сілеп,
Жері аз ба, құуып шығып тентіреткен?
Мұншама таусылмайтұн неткен қорлық!
Жаратқан мұнша неге Құдай қор ғып!
Қарғыс па «қойшы» деген тағылған ат,
Көретін өміріне жұрттан зорлық.
Атаған бұл сорлыны қайдан қойшы?
Жақсы атты алмайтұғын байдан қойшы,
Бес томдық шығармалар жинағы
20
Түтіндей сармасаға корек болып
Ыстықта өріске қой жайған қойшы.
Жаралып дүниаға неге келмек?
Кетеді жүйрік қиял жоғары өрлеп.
Кірпігі қағылмайды бір-біріне
Тəтті ойды таң алдында қылып ермек.
Біресе елестейді тұуған елі,
Көбелек балалар мен құуған елі.
Өткелдің құмдарында қармақ салып,
Ойнаған асық, топай таныс жері.
Əлдилеп алдына алып сүйген ана,
Қосылып қайғысына күйген ана;
«Қалқам!» деп ыйманы мен қабат айтып
Мəңгілік ақ кебінді кійген ана.
Кетпеген қызық дəурен онан əрі,
Езіліп көргенімнің бейнет бəрі;
Қайғырып жас жүрегі қанға толып
Жарыққа бір шығалмай келеді əлі.
Жан болып жаралыудан мақсат неді?
Деген ой көкірегін құрттай жеді;
Қарғалған қойшы деген атты тағып
Байға құл болып мəңгі жүріу меді?
Болмаса бір жарық таң атпақшы ма?
Сорлылар еркін тұрмыс таппақшы ма?
Жойылып дүниеден қарғалған ат
Дəмінен бостандықтың татпақшы ма?
Күн қызып мүйнет сайын желде тынып,
Сармаса аспан жүзі ың-жың болып;
Мейірімсіз бір жағынан мазалайды,
Біреуі қолға, біреуі бетке қонып.
Ыстықта таңдай қатып ерін кеуіп,
Бір жұтым саумал үшін елге келіп;
Сабаға көзді қадап ынтықсада,
Айайтұн бəйбіше ме қымыз беріп.
Жас жанын ұудай жайлап, құрттай жеген,
Тілегі: «қойшылықтан шықсам» деген.
Бірдей боб басқалар мен күн көрісте,
Уа, жастық! Үлесімді алсам деген.
Ыңырсып жұусаған қой, күйіс бырт-бырт
Түрулі есіктері ұйқыда жұрт.
Талықсып табиғаттың тылсымына
Мұңданып басын ійген, дала жымжырт.
Қасынып қотанында қойшы жатыр,
Тынсайшы мазаламай, бійт батыр!
Таң келед, байда келіп қала ма деп
Кірді ол тəтті ұйқыға балдай татыр.
Бейімбет
Бес томдық шығармалар жинағы
21
Түйе.
Түйе шөл жердің малы. Түйе сұуық жерде тұралмайды; жылы жер-
ді сүйеді. Сондықтан сұуық жақта түйе болмайды. От арбасы жоқ. Сұу-
мен қатынас жолы жоқ Қазақстан сықылды жерде түйеден артық көлік
жоқ. Түйе əрі күшті, əрі жүрдек, əрі көнбісті мал. От арба салыуға қый-
ын. Ат бен, өгіз бен өтіуге келмейтүн өткел шөл далаларда түйе мен ғана
жүк тасып, қатынас жасауға болады. «Түйе – шөлдің кемесі» деген мақал
бар.
Қазақстан оң түстігі үлкен жалпақ-жалпақ шөл мен құм. Ақмоланың
Түркістенге ұштасқан шетінде жалпақ бетпақ шөлі бар.
Бетпақтың ауданы 70 мың шаршы шақырымдай. Ақтөбенің оң түстігін-
де Қарақұм, Борсық деген шөл құмдар бар.
Сырдария мен Қарақалпақ жерінде қызыл құм бар. Каспий мен Арал
арасында адайдың үстірт деген шөлі бар. Бұл жерлерде иə тұшшы өзен, иə
көл болмайды. Жер астындағы сұулары да тұшшы бола бермейді. Бір неше
күндік жерлерде құдық та ұшырамайды. Бұл шөлдер арқылы тек түйе мен
ғана өтіуге болады. Қазақ түйеден айырылса, Ресей темір жолдан, ағыл-
шын кемесінен айырылған сияқты болар еді.
Жай түйе артқанда 15 пұттай жүк көтереді. Нар 20 пұттай жүк бен
үстіне мінген кірешіні көтеріп отырады. Салт мінгенде түйе күніне 80-
90 шақырым болады. Жүк бен күніне 60 шақырымдай алады. Қысты гүні
соқпалы жолда жүк бен 35 шақырымдай алады. Қара жол мен түйе 50-60
пұт жүк тартады.
Түйе тамақ талғамайды, сұу таңдайды. Түйеге таза тамақтың бəрі ас бо-
лады. бірақ ылас тамақ жесе, түйе өледі. Түйе қатбасының көбі сұудан бо-
лады. Сарғайған, құрттаған, жылыған сұу ішсе, иə қақтың, апанның сұуын
ішсе түйе өледі.
Түйенің еті тəтті болады. Сүті шұбат болады. Жүні қымбат кійім бола-
ды. Терісі сыйыр терісінен қымбат өтеді.
1923 жылы Қазақстанда (Түркістенсіз) 261,616 бас, 1924 жылы 303,88
бас түйе болған.
Сұраулар: Қазақстан барлық түйесі мен 6 айда қанша жүк тасыр еді.
Қанша жерге жеткізер еді?
Толғатар сыйырдың белгісі.
Сыйыр 9-10 ай көтереді. Орташа 280 күн бұуаз болады. Ійесі сыйыры-
ның қашан қашқан мезгілін ескеріп қойыу тиіс. Қашқан күнінен 9-10 ай
өткен соң сыйыр бұзаулайды деп шамалауға керек.
Бір неше күн ішінде жақында толғатар сыйырдың мынадай белгілері
болады: желіні үлкейеді; емшегі дертеді; тартып қараса, ақ ұуыз шығады.
Бұзаулаудан бір жұма ілгері сарпайы төлежіп салбырайды. Сарпайының
ішкі жағы қызарады. Ішінен ақ шарана аға бастайды. Мұны қара шарыуа
Бес томдық шығармалар жинағы
22
«тыныс» дейді. Бұл сарпайына қан көбірек жыйылғаннан болады. Осындай
белгілері білінген бұуаз сыйыр бір-екі күнде бұзаулайды. Ондай сыйыр-
ға ылғый сер салып қарап тұрыу керек.
Сыйыр жатқаннан түре келіп тұрса, толғағы жеңіл болады. Бірақ,
толғатқан сыйыр шаршап жатса, қамшы жағына жатқызбай, мінер жағына
жатқызыу керек. Үйткені бұзау көбінесе сыйырдың қамшы жағында жата-
ды. Толғатқан сыйыр қамшы жағына жатса, бұзауын езіп, тұншықтырып
өлтіріуге кəдік.
«Нобый деребне»ден
Достарыңызбен бөлісу: |