1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата22.12.2016
өлшемі3,66 Mb.
#28
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Көп нəубетті егіс.
Көп нəубетті егістік керек. Көп себебінің бірі мынау: егіншінің малына 
жақсы жұғымды тамақ керек. Малдың тамағын көбейтпей тұрып, малдың 

Бес томдық шығармалар жинағы
42
санын  көбейтіуге  болмайды.  Көбейтпей  тұрып,  малдан  шығатұн  түсімді 
молайтыуға болмайды. Малдан шығатұн түсімді көбейтіу бұл күнде ең ке-
ректі жұмыс. Малдың санын көбейтіудің тағы бір керектігі сол – ішкі Ре-
сейде мал боқтығы мен тозған егістікті жаңғыртады; Қазақыстан сықылды 
отынсыз жерде, мал боқтығы мен жер жаңғыртыу қыйн жерде, мал көбірек 
болса отында мол болады. Бұған жетіу үшін үш нəубетті егістен көп нəу-
бетті егіске түспей болмайды. Көп нəубетті егіс кезінде тұқымды алмас-
тырып салыудың түрі көп болады. Сол сықылды алмастырып салыуды əр 
орында  жаратылыс  ыңғайна  қарай  істесе,  жоғарғы  мақсатқа  жетіуге  бо-
лады. Тұқым алмастырып салыу 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 нəубетті болады. Кейде 
онан да артық болады. Нəубет неғұрлым көп болса, соғұрлым тəуір бол-
мақ. Көп нəубетті егіс əсіресе уақ шарыуаларға тіймді болады. 
Зұубрійлійн мен Шылықобтен
 
Көп нəубетті егістің пайдасы.
Мəскеу күбірнесінде Балақалам деген үйез бар. Бұл үйез мұнан отыз 
жылдай бұрын үш нəубетті егісті тастап көп нəубетті егіске түсе бастады. 
Алғашқы  кезде  көп  нəубетті  егіске  түсіу  қыйн  болды.  Қара  шарыуа-
ныңда қарсы болғаны болды. Шөп егіудің керектігін түсінгісі келмегендер 
болды.  Бірақ  бірте-бірте  бір-екі  ауыл  көп  нəубетті  егіске  түсіп,  шөп  еге 
бастады. 
Бұлар ісі тым жақсы болып шықты. Сыбай ауылдар бұлардан үлгі ала 
бастады. Ел əңгімесі тек жоңырышқа себіу, пішенді көп алыу болыуға ай-
налды. 
Келер жылдары жерімізді көп нəубетті егіске ықшамдап болып бер де-
ген  өтініш  тым  көп  бола  берді.  Жер  бөліп  беріуге  үлгере  алмай,  ағыра-
номдар сүрініп жығылды. 
Жоғырышқа келіп егістіктегі жаман арам шөпті құртты. Арыш дүрлеп 
шыға бастады. 
Санақ  айтыуынша  бұл  үйез  мұнан 30 жыл  бұрын 340 000 пұт  астық
алады  екен. 1922 жылы  Балақалам  үйезі  тек  азық-түлік  салығына  ғана 
340 000 пұт астық төледі. Соғыс кезінде Ресейде мал 50% кеміген. Бала 
қалам үйезінде сыйр тек 2%, жылқы 3% кеміген (% – жүзден деген сөз. 
Мəселен 3% кеміді деген жүзден үшеуі кеміді деген болады; болмаса 100 
малдың 97-сі аман қалды деген болады). 
Мұнан  көп  нəубетті  егіске  түскен  шарыуашылық  үш  нəубеттен  ор-
нықты, табанды, берік болатұны көрінеді. 
Шарыуасын түзеймін деген кісі Балақалам үйезінен үлгі алыу керек. 
Ауыл  шарыуасы  күн  көріушіліктің  тірегі.  Ауыл  шарыуасын  көтеріу 
үшін көп нəубетті егіске түсіп, шөп егіу керек; жоңырышқа салыу керек. 
Қазағыстанда  Жеті  сұу  қазақтары,  Зайсан  үйезінде  кей  жерлерде, 
Қарқаралы үйезі, Тоқырауын үйезі бойында қазақтар жоңырышқаның бір 
түрін  егеді.  Басқа  қазаққа  Балақалам,  қара  шекпеннен  Жеті  сұу,  Зайсан, 
Тоқырауын қазағынан үлгі алыу керек. 
 
 
 
 
 
 
 
Зұубрійлійн 
мен Шылықобтен
 

Бес томдық шығармалар жинағы
43
Бір десетійне жоңырышқадан не өнеді?
Бір десетійне жоңырышқадан 250 пұт сайлы пішен түседі. Бұл пішенді 
жеген сыйрдан 500 шелек сүт шығады. 
Пішенін алып болған соң, жоңырышқа орнына егін салса, жақсы шыға-
ды. Жоңырышқа соңынан салынған егін 3 нəубетті егістен гөрі, десетійне 
20-25 пұт артық түседі. 
Жоңырышқа соңынан салған кендір(лен)дің талы десетійнесіне 10-15 
пұт артық түседі. 
Бір десетійне не береді?
Жана кендірі жақсы болады. 
Тамыры арқылы жоңырышқа жерді жаңғыртады. Жоңырышқа салсаң, 
десетійне үстіне 100 арба боқтық төккенің мен бірдей. 
Жоңырышқа жаман шөпті құртады. Жоңырышқа соңынан егістік жа-
ман шөптен тазарады. 
Жоңырышқа салған жерді бос қыстатып жатқызбайсың.
Жоңырышқа сауын малдың пайдасын арттырады. 
Жоңырышқа – шарыуашылықты  дұрыс  пайдалы  қылып  жүргізіудің 
кіліті.
Жоңырышқа – шарыуашылықтың кіліті.

Бес томдық шығармалар жинағы
44
Жоңырышқа: 1) малыңа тамақ болады, 2) тозған жеріңді жаңғыртады, 
3) жеріңе дем алғызады. 
Отынсыз Қазағыстан сықылды жерде егістікті боқтық бен жаңғыртыу-
ға  болмайды.  Үйткені  тезек  отыннан  ауыспайды.  Құрғақшылық,  ауасы 
ыссы Қазағыстан сықылды жерде егістікті боқтық бен жаңғыртыуға бол-
майды. Үйткені боқтық шіріп топыраққа араласпай қара құмақ болып ке-
уіп кетеді. 
Қазағыстанға жоңырышқа қол. 
Қара  топырақсыз  жерлерде  жоңырышқа – шарыуаға  жол  көрсететүн 
жарық. 
Жоңырышқа егіңдер! Бұл жолдан бетті аудармаңдар! 
Ағыраном Барысұптен.
Жоңырышқа əрі егінді əрі пішенді қылады.
Жай көзге ілінбейтүн тійтттей «бактерійе» деген жандық бар. Бактерій-
ені (мійкроб деп де атайды) үлкейтіп көрсететүн «мійкроскоп» деген құрал 
мен көреді. Ауадада, жердеде, өсімдік бен жандық ішіндеде бактерійе то-
лып жүреді. Адам баласына ұмытпас ійгілік келтірген, прансұз оқымыс-
тысы  «Пастұр»  мен  қосылып  құтырғанның,  сүзектің  емін  тапқан,  бөсер 
аурыуды емдеуін үйреткен орыс ғалымы Ілійа ұлы Метішнійкүб деген са-
баз. Метішнійкүб жарықтықтың есебінше адам денесінде 28 мүлійендай 
бактерійе  бар.  Сол  кісі:  осы  бактерійелерден  шыққан  ұу  көбейе-көбейе 
адамды  қартайтып  өлтіреді  дейді.  Бұл  зыйанды  бактерійелер.  Пайдалы 
бактерійелер де бар. Айранды ашытатұнда – бактерійе. Бірақ бұл пайдалы 
бактерійе. 
Жердің  үстіңгі  шөп  шығатұн  қыртысын  «құйқа»  дейді.  Бактерійенің 
ұуақтығы  сондай:  баланың  бір  оймағын  толтырған  жер  құйқасында 1 ½ 
мілійарттан асыу бактерійе болады. Тамағы болып жайы табылса бір бак-
терійе тəулігіне (24 сағатта) 465 мың пұт өспекші. Жерді терең қазған сай-
ын бактерійе азайа береді. Ақырында жоғалады. 
  Бактерійенің  түрлі  атасының  ұлы  бар.  Олардың  өнерлеріде  түрліше 
болады. Бірі құйқадағы шөптің тамырын шірітеді, екіншісі ауадан «азот» 
деген ғаз жыйнайды. Азотсыз иə жандық, иə өсімдік болмайды. Əлгі шірі-
ген тамырда, ауадан бактерійе жыйнаған азотда азот қышқылына айнала-
дыда, өсімдікке тамақ болады. Өсімдік денесінің жүзден сексені азот бен 
араласқан  нəрсе  болады.  Бактерійе  өсімдікті  азотқа  тойдырып,  өсіреді; 
егіншіге қолғабысын тійгізеді. 
Бактерійе бір жерде болады, бір жерде болмайды. Барлық аурыудыңда 
бактерійесі  бар.  Сау  адамға  шанышбайлар  шешектің  бактерійесін  егеді 
ғой. Еккен жерге шешек күлдіреп ойнап шығады-ғой. Дəл сондай қылып 
жоқ  жерге  сырттан  алып  келіп  бактерійе  егіуге  болады.  Жер  құйқасына 
бактерійені қалай егеді? Оларды өсімдік арқылы егеді. 
Жоңырышқа,  бұршақ,  мыйа  сықылды  өсімдіктер  бір  аталас.  Бұларды 
өсімдік  ғылымы  бұршақ  атаулы  дейді.  Осылардың  тамырын  қотырдай 
қаптаған  бұдыр  бершімектер  бар.  Сол  бершімектер  бұршақ  атаулының 
тамырын жайлаған бактерійенің күркесі екен. Тамырында бершімек жоқ 
өсімдіктер құйқаның тамырындағы азотты коректеніп күн көреді. Бұршақ 

Бес томдық шығармалар жинағы
45
атаулыныңда бершімексіздері солай етеді. Ақырында құйқа азоттан айы-
рылады;  жер  тозады.  Ал  енді  тамырында  бершімек  бар  бұршақ  атаулы-
лардың иə бактерійелері ауадан азот жыйнап, жерді азотқа байтады. Бұл 
тұуралы тажырыйбалар болған. 
Бір жерге тары, быйдай, сұлы, арпа сыйақты астықты қайта-қайта сала 
берсек, құйқаның азотын бұлар жеп тауысады, жер тозады, егін шықпай-
ды. 
Азотқа кедейленген жерге бұршақ, жоңырышқа салсаң, егістік азотқа 
байыйды, жер қайта жаңғырады. Бұлар артынан егін салсаң қамыстай бітік 
болады. Осындай тажырыйбалар көп болған. Көп ел осылай етіп егін сала-
дыда. Бұршақ атаулылар азотты ауадан алады. Ауаның жүзден сексені азот. 
Бір десетійне жер үстінде 5 мүлійен ауа бар. Сонда мұның 4 мүлійен пұты 
азот  болғаны.  Сондықтан  бұршақ  атаулы  бершімегінде  бактерійе  қанша 
жыйамын деседе азот жетеді. Бұршақ, жоңырышқа жерді жаңғыртатұнын 
білген соң, бұл күнде адам баласы тозған егістігіне жоңырышқа, бұршақ 
сықылды өсімдікті салып, жерін жаңғыртып алады. 
Бұршақ атаулыға жататұн «бійке» деген шөп бар. Бійке өскен жердің 
құйқасын алып, ол құйқаны сұумен шайып, ол шайынды мен бійке тұқы-
мын жұуып, ол тұқымды жерге сепкенде бұлай болған: тұқымды шайынды 
мен жұуып салған десетійнеден 609 пұт, шайынды мен жұумай салған де-
сетійнеден 60 пұт көк шөп алынған. Мұнан бактерійені бір жерден екінші 
жерге  қоныс  аударып  еккенде  тұқымды  шайынды  мен  жұуыа  салған  оң 
екені білінеді. Сондай бактерійе дəуірлеп өніп өседі. Еккен өсімдік дүріл-
деп шығады. 
Егістік тозса, боқтық төгеді. Шіріп егістікке азот береді. Жұртқа, көңге 
шөптің қалың қаулап шығатұны – мал боғы жерді азотқа байытқандығынан. 
Бір қатар елдің егістігі мал боқтығын төгіп жаңғыртады. Бірақ, қазақ қо-
нысы отынға кедей. Ел қысы жазы тезек, қый жағады. Қамыс, қоғада əр 
жерде бола бермейді. Қарақан, тал, тобылғы тіпті сійрек. Жұусан, көкбекті 
жаз жағыуға келмейді: күз, қыс оларды көп шауып алып жаға берсең, жер 
жалаңаштанып құм басып кетеді. Сырттан отын сатып алып жағыуға қа-
зақтың шашы да жетпейді. Сондықтан қазақ боқтық бен жер жаңғыртпақ 
түгіл, боқтығыда табылмайды. 
Қазақтың жер жаңғыртатұн жолы – бійдай салып тоздырған жерге бұр-
шақ иə жоңырышқа егіу. Жоңырышқа малға таптырмайтұн тамақ. Сұуарып 
салса, бір десетійнеден 5-6 жүз пұт жоңырышқа түседі. Күтіп бақса, жоңы-
рышқа бір жазда 3 ірет орылады. Өзге шөптей жоңырышқадан қыйқым, са-
лам қалмайды. Жылқы жемегенді қой, қой жемегенді сыйр мен түйе жейді. 
Бұршақ базарда пұл, бійдайдан қымбат. Жесең өзіңе ас; көже қылсаң тоқ. 
Бұршақ,  жоңырышқа,  бійдай,  сұлыны  алмастырып  салып  отырсаң, 
егістік тозбайды. Егін салған қазақ жерім тұзды деп жылда жер аударып 
көшіп жүрмейді. 
Егістік  тек  азоттан  жүдесе  ғана  əлгі  жол  мен  жаңғыртыуға  бола-
ды. Бірақ, егінге азоттан басқа «поспұр», «калій», «калтсій» деген нəрсе-
лерде  керек.  Бұлардан  жүдеген  егістікті  жаңғыртыудың  дауасы  басқаша 
болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қыр баласы. 

Бес томдық шығармалар жинағы
46
Отақ шөп.
Тамақсыз  адам  тұралмайды.  Ашыққан  адам  жүдейді;  көпке  шейін 
тамақ  жемесе  өледі.  Егінде  сондай.  Егінгеде  тамақ  керек.  Тамақсыз  егін 
шықпайды, шыққаны құурайды. Алдыңа қойған тамағыңды біреу қақшып 
жей берседе аш қаласың. Егін тамағын да қақшып тартып жейтүн шөптер 
болады. 
 Жақсы жыртылған (жаңғыртылған) жерде егінге тамақ көп, егін дұрыс 
шығыуы  керек.  Бірақ,  соғылған  көршілері  келедіде  егінге  арналған  та-
мақты тартып жейді. Егінді аш қалдырады. Бұл соғылғандардың аты – отақ 
шөп.
Отақ шөптің тамыры ұзын; ұзын тамыры мен бұлар егін тамағын орап 
алып жей береді. Отақ жердегі ылғалдыда сорып қоймайды. Отақтың жа-
пырақтары бүркеп егінге күннің көзін түсірмейді; жылылықты келтірмей-
ді; түсірмейді. Отақ бəлесінен егін азады, өспейді. Əлсіздері құурап кетеді. 
Отақ  шөп  күшті  көнбісті  болады.  Отақ  құрғақшылықтан,  сұуықтан, 
егін сықылды қорықпайды. Бұлар егіннен жылдамырақ көбейеді. Отақтың 
тұқымы көп болады. Кей біреулері бұтақтап көбейеді. Отақ шөп тұқымы 
тіпті берік болады. Мал жеген отақ тұқымы бұзылмай түседі. Жерге түсіп 
бұлар тағы өседі. 
Отақты  құртыу  керек.  Салған  мөлдегін  отақ  қаптап  бара  жатқанда, 
жалғыз  сыйрдың  шалабын  ішіп,  түске  шейін  ұйықтайтұн  жалқау  қазақ 
көп. Егін піскенде қатыны мен екеуі барып мөлдек егінін жұлып екі дор-
баға салып арқалап қайтады. Үйіне келіп айағы мен басып алғанда, мөл-
дегінен бір шелек тары түседі. Онысының көбі отақ болады. Ол неден? Ол 
отақты кезінде отамағаннан. Отақ қаптаған жер егіні жаман шығады. Отақ 
болмас үшін мынадай нəрсе істеу керек: 
1) Сепкен тұқымың таза болсын. 
2) Отақты көрінген кезде отап тастау керек. 
3)  Пар  (пар  деп  күн  ілгері  жыртып  тастаған  жерді  айтады)  жыртқан 
жерге отақ шығармасқа керек. 
4)  Егін  арасындағы  жыртылмаған  жерге  шыққан  шөпті  піспей  тұ-
рып шауып алыу керек. Шөп піссе тұқымы егін арасына түсіп отақ шыға-
рады. 
5) Егісті жерге картоп сықылды тұқым көп керек дақыл салыу керек. 
Бұларды күтіп жүргенде егінге отақ шықпайды. 
6) Жоңырышқа сықылды шөп егіу керек. 
Тұқымды алмастырып салып отырыу керек. 
Сұраулар:  Отақтан  қандай  зыйан  бар?  Отақ  неліктен  астықты  өсір-
мейді? Қандай отақ шөпті білесіңдер? Отақты қалай құртыуға болады? Өз 
жерлеріңде отақты құртыушы шара қолданама?
Егіннің жаулары.
Егіннің  жауы  көп.  Қазақ  егініне  малда  жау.  Басқа  елде  малды  егінге 
түсірмейді. Елдің мəденійеті төмен болған сайын егіннің жауы көп бола-
ды.  Мəденійетті  Ресей  сықылды  жерде  егінге  құрғақшылықда  жау,  ше-

Бес томдық шығармалар жинағы
47
гірткеде  жау,  құрт-құмырысқада  жау,  тышқанда  жау.  Мəденійетті  ел  бұл 
жаулардың бəріненде қорықпайды. 
Саршұнақ  тышқан  егіннің  мықты  жауы.  Қазақ  жерінде  саршұнақтың 
қатқылдау жерде жүретүн бір азғын түрі бар. Сол саршұнақ көктеп келе 
жатқан  егінді  отап  жейді.  Əсіресе  саршұнақ  бійдайға  өш  болады.  Сар-
шұнақ көп жер Қазағыстан, Еділдің айақ жағы, Қапқаздың арқалық беті. 
Егін  жегені  мен  тұрмай  саршұнақ  жерді  де  көп  бүлдіреді.  Саршұнақ  іні 
терең. Тарамы көп. Ін қазғанда саршұнақ жер астындағы егінге пайдасыз 
топырақты үске тасып шығарады. 
Саршұнақ  астықтың  дəнінде,  сабағында  жейді.  Бір-екі  жылда  сар-
шұнақ өте көбейіп кетеді. Көбейген сайын мал жейтүн шөптіде, адам жей-
түн астықтыда көп құртады. Сондықтан саршұнақтың өзін құртыу керек. 
Мəденійетті  елдер  саршұнақты  бұл  күнде  ұулы  ғазбен  құртады.  Ана 
жылғы  жыйангерлік  соғыста  Гермендер  орыс  əскеріне  ұулы  ғаз  жіберіп 
өлтіреді екен деп есіттік-ғой. Сол ғазды саршұнақ ініне жіберіп қырады. 
Қазақ əзір ол ұуды қолына түсіралмас. Бірақ саршұнақты қырмай оты-
рыуға тағы болмайды. 
Қазағыстан  сықылды  жерде  саршұнақты  жазғы  тұры  қарала  сапыраң 
болып  жатқанда  сұу  құйып  аулаған  жөн.  Бір  бөшке  сұу 5-4 інге  жетеді. 
Жазғы тұры сұу көп кезінде кетпен мен жырып сұу жіберіпде саршұнақ 
аулауға  болады.  Саршұнақ  майға  қарсы  түлейді.  Түлемей  тұрғанда  март 
бен апрел ішінде ұстаған саршұнақ терісі қымбат сатылады. Саршұнақты 
қырсаң жеріңе де пайда, қалтаңа ақшада түседі. 
Саршұнақтанда көрі егінге шегірткенің зианы көбірек. Шегірткені жас 
күнінде қырыу керек. Бұл күнде шегірткені жем мен қыратұн əдіс шықты. 
Қазаққа бұл жем мен қыратұн оңайы – жылқы тезегі. Жылқы тезегін сұу-
лап ішіне мышиак, париж зелені деген ұуларды қосады. Тезектен істеген 
жемге шегіртке өш болады екен, жесе ұулап қырыла береді. Жемді қалай 
тезектен алыу керек. Отсыз жерден саршұнақ бен шегіртке отты жаққа ау-
ады. Ауғанда көз тұтарлық болып көп ауады. Бұл күнде шегірткені Аеро-
планға мініп жүріп қыратұн болды. 
Сұраулар:  Жерлеріңде  егіннің  қандай  жауы  бар?  Оны  мен  ел  қалай 
күреседі? Қалай күресіу керек? 
Тырактұр.
Тырактұрдың  түрі  көп.  Тырактұрдың  бұу  мен  жүретүн  ескі  түрі  –
от  арбаның  қара  айғыры  сыйақты  парабоз.  Жұмсақ  жерде  жүріу  үшін 
парабоздың  тегермештерінің  табаны  жалпақ  істелген.  Бұл  күнде  ғаз  бен 
жүретүн аптамабіл – тырактұр ұсталады. Бұл тырактұр аптамабіл сыйақ-
ты мұнай мен иə бензін мен иə жер май мен жүреді. Мұның сырты апта-
мабілге ұқсамағанмен тегі бір. Тырактұрдың бір неше түрлері мен таны-
салық. 
Бұумен  жүретүн  «паулер»  деген  тырактұр  түрі  бар.  Мұны  мен  жерді 
бұлай  жыртады.  Жердің  екі  шетінде  екі  кішкене  парабоз  тұрады.  Бұлар-
дың  арасында  тартыулы  арқан  болады.  Арқанға  сабан  байланған.  Əуелі 

Бес томдық шығармалар жинағы
48
сабан бір тырактұрдың қасына қойлады. Екінші парабоз бұудың күші мен 
арқанды  тартып  орай  бастайды,  арқан  мен  бірге  байлаулы  сабанда  сүй-
ретіледі.  Сабанда  əлденеше  түрен  болады.  Сабан  қозғалғанда  түрендер 
жерге кіріп жырта бастайды. Сабан екінші парабозға жеткен соң екі пара-
боз да жыртылған жерден өтіуге ілгері қозғалып қойады. Мұнан соң сабан
кейін бұрылады. Енді алдыңғы тырактұр арқанды тарта бастайды. Сүйтіп, 
екі тырактұр сабанды кезектесіп сүйрей береді. Құрт тырактұр деген ты-
рактұрдың түрі бар. Бұл ана жылғы соғыста ұсталған «танкі» деген бəлеге 
ұқсайды. Мұның тегермеші жоқ. Тегермеш орнына ұзыннан ұзақ басқұр 
сыйақты темір айылы болады. Айылдың сыртында темір қабығы, бұдыр-
мағы болады. Бұдырмағын жерге қадап, шөп басында жазғы тұры жүретүн 
түкті  ала  қоңыз  сыйақтанып,  тырактұр  жөрмелеп  отырады.  Артынан  са-
бан сүйретіле береді. Айылының арқасында бұл тырактұр жүрмелеп тауға 
шығады. Орданда, апаннан да өтеді. 
Тырактұрдың  үшінші  түрі  аптамабіл  тырактұр  деген.  Бұл  «божака» 
сыйақты.  Артында  жабыстырылған  табалдырығы  бар.  Табалдырық  кө-
теріугеде түсіріугеде, келеді. табалдырық төмен түсірілсе тырактұр жүре 
алмайды. Тырактұрге артынан мықты арқан тағылған. Арқанға сабан бай-
ланған. Мұны мен жерді бұлай айдайды: сабанды кіргізіп қойады; арқан 
ұзындығы жететүн жерге шейін тырактұр жүргізіп кетеді. Арқан созылған-
да  тырактұр  арқанды  жыйнай  бастайды.  арқанға  сүйретіліп  сабан  жерді 
жыртып жүре береді. Сабан қасына жеткенде тырактұр тағы ілгері арқан 
созылғанша  жүгіріп  кетедіде,  тағы  арқанды  жыйнай  бастайды.  Сүйтіп 
жерді жырта береді. 
Соңғы  кезде 13, 37 түренді  сабан  тартатұн  тырактұр  шықты.  Бұлар 
күніне 30 десетійне  шығарады.  Бұл  тырактұр  үлкен  сабан  сүйретіп  келе 
жатқан аптамабіл сыйақты. Бір адам аптамабілді басқарып отырады. Екін-
ші адам жер дұрыс жыртылыуын қарап тұрады. 
Тырактұр  көліксіз  жүреді;  жерді  тез  жыртады.  Өгіз  басын  жетектей-
түн бала іздеп əуре болмайсын бір. Сабан көтін ұстап шаршамайсың екі. 
Жерің жақсы жыртылады үш. Көлігіңді артпайсың, иə көліктің майын жал-
дап жүрмейсің төрт. Көтіне сепкіш бен тырма байлайсың, тырактұрдың өзі 
жыртып, өзі сеуіп, өзі тырмалап отырады бес. 
Тырактұрдың  мұнан  басқада  касиеті  көп.  Тырактұрдың  артына  арба 
тіркеп  қойсаң  жүгіңді  артып  көшіуге  болады.  Астығыңды  тасыуға  бола-
ды. Ат орнына тырактұр мен шығыр айналдырыуға, дійрмен айналдыры-
уға, пішен шабыуға, егін орыуға келеді. Пайдалана білсе тырактұрге жазы 
қысы жұмыс қылдырыуға болады. 
Бұл күнде елге тырактұрды жер-сұу кемесерійеті таратады. Тырактұр-
дың кішкенесі – 10 аттың күшіндей күші бары 2 ½ мың сомдай тұрады. 
Мұны  елге  жер-сұу  кемесерійеті  иə  жер-сұу  бөлімдері  бөліп-бөліп  бір 
неше жылда төлеп бітетүн қылып береді. Аламын деген адам епті жігітін 
жіберсе,  жер-сұу  кемесерійеті  тырактұр  жайын  əбдан  үйретіп  жібереді. 
Қалай майлап, қалай жүргізіп, қалай оңдайтұнын, қалай қай жерін алып 
салатұнын  түсіндіреді.  Сонан  соң  тырактұрды  қазақтың  өзіде  жүргізеді. 
Тырактұрды бұл күнде, əрійне, алыуға бір үйдің шамасы келмейді. Сон-
дықтан серіктесіп алған жөнді. Алғысы келген адамға Қазағыстан жер-сұу 
кемесерійеті тырактұр береді. 

Бес томдық шығармалар жинағы
49
Егін құралдары.
Жерді жыртып дұрыстау үшін керек құралдар: сабан, тырма, таптауыш 
(каток),  ұсатқыш.  Соқа  мен  сабан  жер  жыртып  аударыуға  керек.  Тырма 
жұмсатыуға керек. Ұсатқыш кесекті ұнтауға керек. Таптауыш жерді тегіс-
теп басыуға керек. 
Жерді  жақсы  айдау  үшін  жақсы  құрал  керек.  Соқа,  ағаш,  тісті  тырма 
мен  жерді  дұрыс  өңдеуге  болмайды.  Бұлар  мен  сазды  жерді  өңдеу  тіпті 
қыйын. 
Бұл күнде темір сабан, темір тырма ұстайтұндар көбейіп келеді. 
Қандай сабандар болады.
Сабан түрі көп. Тайз алатұн, иə терең алатұн сабандар бар. Сазды жерге 
болмаса құмақ жерге арналған сабандар болады. Сабанның ең керекті жері 
– түрені мен қылышы. Бұлар əр түрлі болады.
Əр кім жеріне қарай сабан алыу керек. Бір жерге жарамды сабан екінші 
жерге жарамайды. 
Бір  аттық,  екі  аттық  сабан  бар.  Үш  пар,  төрт  пар  өгізбен  жүретүн
сабандарда бар. Өзі жүретүн көп түренді сабанда болады. Мұндай сабан-
ды «тырактұр» дейді. 10 түренмен жүретүн тырактұр бар. Тырактұр тыр-
малауғада, егін орыуғада, пішен шабыуғада, егін басыуғада келеді. Шама-
лы тырактұр 2 мың сом шамасы тұрады. Елге наркомзем қарызға тарата-
ды.
Ауыл шарыуашылығының құралдары.
Жер  жыртатұн  мəшійнелерден  басқа  мəшійнелер  де  көп:  тұқым  ша-
шатұн, егін ұратұн, астық басатұн, тұқым тазартатұн мəшійнелер бар. Бұл 
мəшійнелердің бəріде адамның ауыр еңбегін жеңілдітеді, жұмысын бере-
кетті, өнімді қылады, ісін жақсыландырады. 
1924  жылы  тұқым  себетүн  мəшійне 200-240 тұратұн  еді.  Күніне  бұл 
5-8 десетійне сеуіп шығады. Бұған бір ат, бір адам керек. Пішен шабатұн 
мəшійне 135 сом тұратұн еді. Күніне бұл мəшійне 4 десетійне шабады. Ба-
сына бір адам, 2 ат керек. Өзі орып, өзі баулайтұн мəшійне 355 сом тұратұн 
еді. Бұл күніне 4-5 десетійне орады. Басына 3-4 ат, бір адам керек. Астық 
басатұн екі аттық мəшійне 80 сом тұратұн еді. Басына 4 ат, 12 адам керек. 
Бұл күніне 120 пұт астық басады. 4 аттығы 240 сом тұрады. Басына 8 ат, 
24 адам керек. Күніне 250 пұт астық басады. Бұумен жүріп астық басатұн 
мəшійне 3500 сом  тұрады.  Күніне 500 пұт  басады;  басына 8 ат, 24 адам 
керек. Астық сұуаратұн үлкен мəшійне 20 сом, күніне 500 пұт астық сұуа-
рады. Басына 3 адам керек. Кішкенесі 10 сом. Күніне 25 пұт сұуарады; ба-
сына 2 адам керек. Егін оратұн мəшійне 200 сом. Күніне 4 десетійне орады. 
Басына 2 ат, бір адам керек. 
Бұлардың  бəрінде  Қазағыстан  жер-сұу  кемесерійетінен  иə  жер-сұу 
бөлімдерінен алыуға болады. 

Бес томдық шығармалар жинағы
50
Жер еңбекші қалыққа берілсін.
1917 жылғы төңкеріске шейін.
Еуропалық  Ресейдегі 395 мүлійен  десетійне  жерден  қара  шекпеннің 
сыбаға жері – 35% = 139 мүлійен десетійнедей. 
Қазынанікі    
 
 
35% = 138 – – 
Алпауыттардікі  
 
 
26% = 102 – –
Басқа меншікшілдердікі, 
Шеркеудікі, қаланікі, манастірдікі, патша тұқымынікі 4% = 16 – –
Барлығы 
 
   100% 

395 
мүлійен десетійне. 
Кімде қанша жер бар?
Төңкерістен соң 1919 жылғы есеп бойынша жер бұлай бөлінген: 
Қара шекпендікі – Ресейде, Ұукраинада 
 97% 
96% 
Кеңес шарыуашылығы, бірлестік шарыуашылық сықылдылардікі
 3% 
4% 
Барлығы 100% 
100% 
Р.С.Ф.С.Р. негізгі заңынан.
1) Жерді дара меншіктеу жойылады. Барлық жер бүтін қалықтың мүлкі 
деп жарыйаланады. Еңбекшілерге тегін беріледі. 
Қара шекпен жері.

Бес томдық шығармалар жинағы
51
2)  Бүтін  мемлекеттік  маңызы  бар  барлық  ормандар,  кендер,  сұулар, 
құралдар, көліктер, үлгілі ауыл шарыуашылық кесіп дүкендері мемлекет 
мүлкі деп жарйыаланады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет