Ауыл мен қаланың жақындығы.
Жолдастар, іс пен сыйпыр бізге өте маңызды. Олар не дейді? Олар бүй
дейді: Мемлекетті өлтірмеймін деген мақсатына жаңа үнем сайасаты жетіп
келе жатыр дейді. Ілгері басқанымызда дау жоқ. Қала мен ауыл арасының
айырбасы күшейді. Бірақ бұл айырбас өткен жыл көбінесе тұтыныуға ғана
керек нəрселер мен болды. Қала ауылдан тамақ алды. Қаладан қара ша-
рыуа қара басына йа үй шарыуасына керек нəрсесін алды. Мұның мəнісі
Бес томдық шығармалар жинағы
69
мынау: жақындық, қала мен ауылдың шарыуашылық жағынан айырбасы
бірінші басқыштан аттап өтіп келеді. Тұтынысқа керек нəрсені айырбаста-
сып келеді.
Қала мен ауыл тұтынысқа емес өндіріске керек нəрселермен айыр-
бастаса бастағанда екінші басқышшыға мінеміз. Өндіріске керек нəрсе
дегеніміз – қалаға ауыл жүн-жабағы, тері терсек, мақта кендір сықылды
өнделетүн шійкі затын беріуі болады; ауылға қаланың егін, пішен құрал-
дары сықылдары нəрселерін беріуі болады.
Тротскійдің Р.К.П. ХІІ сійезіндегі сөзінен.
Ұлттар бостандығы.
Падша кезінде Ресейде жүз қаралы түрлі ұлт бар еді. Бұларды падша
үкүметі езгілеп келіп еді. Кеңес үкүметі ондай езіушілікті жойды. 1918
жылы Кеңестер сійезінің ІІІ тобында əр қалыққа өз бетінше тұрамын десе
де, жалпы Ресейдің басқармасында боламын десе де ұлықсат беріліп қаулы
шығарылды.
Сол берілген ерк арқасында Ұукрайна, Герүузійе, Əрменійе, Əзірбай-
жан, Белеросійе сықылды елдер өз алдына кеңесшіл респүблійке болып
бөлініп шықты. Олардың өз алдына кіндік атқарыу кəмійтеттері мен кеме-
серлер кеңесі бар.
Ресей кеңес респүлійкесі мен олар шарт жасайды. Ол шарт бойынша
темір жол, сұу жолы, соғыс сықылды кемесерійеттері Ресей кеңес рес-
пүблійкесі мен бір болады.
Кей бір ұлттар аптаномыйалы кеңес респүблійкелерін жасап алды.
Бұлардың да кіндік атқарыу кəмійтеттері мен кемесерлер кеңестері бар.
Бірақ бұлардың айырмашығы сол – жалпыресейлік кіндік атқарыу кəмійтет-
тің қаулыларын бұлар орындау керек. Кей бір ұлттар аптаномыйалы обылыс
жасап алды. Бұлар обылыстық кеңес сійезін шақырып, обылыстық атқарыу
кəмійтетін сайлайды. Аптаномыйалы облыстардың үстінен Ресейдің кіндік
кəмійтеті қарап тұрса да, олар ұлтының жайына қарай түрлі іс қылыуға, өз
тілін жүргізіуге еркті. Падша заманында бір ұлт өз тілінде балаларын оқыта
алмайтұн еді. Ана тілінде мектеп салыуға ұлықсат берілмейтін еді.
Комійнтерін жылына шығаратұн кітабынан. 296 бет.
Қара шекпен мен жұмысшылар төңкерстері.
Осы күні жер жүзі тегіс төңкеріс қазанының ішінде тұр: жұмысшы-
лар бұуржуазиені құлатып тастауға ұмтылады. Ол бұуржуазие дегеніміз
кім? Бұуржуазие дегеніміз – жұмысшыларды қанаушылар, жұмысшыларға
неғұрлым ақыны аз төлеп жұмысты артық істетіп, басқаның сыбағасын
өзі ійемденіушілер; нəрсенің нарқы мен жұмысшы ақысының арасындағы
айырмашықты қалтасына салып байушылар. Біреуді біреу қанау жаңа
шықты-ма? Байлар, тектілер бұрын қара қалықты қанамады-ма? деп сұрау
тыуады. Қанау əр қашанда болған. Осы күнгі пəбрік-зауытты, танкілі, темір
Бес томдық шығармалар жинағы
70
жолды бұуржуазие қоғамы шықпастан бұрын, бектер дəуірі, басыбайлы
тұрмыс дегендер болған. Бірақ ол замандарда жұмысшыларды жүндеуші,
табысын тартып алып ақы сымақ төлеуші пəбрік ійелері емес еді; қара
шекпен еңбегінің жемісін тегін эеуші алпауыттар еді. Ол кезде қалғандар
қанаушыларға қарсы көтерілетүн-бе еді? Ол кезде де осы күнгідей төңкері-
стер болды-ма? Йа, ол кезде де болған; бірақ, тілекке жете алмаған. Неге?
Неге десеңіз, қара шекпендер өз ара ымыраласалмаған, ұйымдасып бір
жеңнен қол, бір ауыздан сөз шығаралмаған. Не үшін олай болған? Оның
себебі мынау: қара шекпендертозғындап жерлерін жыртады; біріне бірі
көмекті сійрек көрсетеді; жерден өнген нəрселерін, астықтарын сатқанда
бір бірімен бəсекеге кіріседі. Базарда пішен астық, картоп сықылды нəрсе-
лер неғұрлым аз болса мұжыққа со ғұрлым тійімді; үйткені əлгіндей нəр-
селерін қара шекпен қымбатырақ сатады. Бұл нəрселер базарда неғұрлым
тіймсізрек. Үйткені қара шекпен нəрселерін амалсыз арзан сатады. Міне,
сондықтан қара шекпендердің бірігіуі қыйын. Барлық адам баласы бірігіуі
тійіс деген ойға келіуі қыйын.
Жұмысшылар ійн тіресін, қол ұстасып бір пəбрікте жұмыс қылады.
Удай бір біріне жəрдем беріп тұрады. Басқарыссыз бір жұмысшы түк те
істей алмайды. Соның үшін басқалары бұған көмек береді. Сондықтан
жұмысшылар табы арасында бірігіу тез жүзеге шығады; сондықтан қара
шекпеннен-гөрі жұмысшылар үйірсек, біріккіш, ұйымшыл келеді. Сон-
дықтан қара шекпен мен жұмысшылар тезірек, мықтырақ ұйымдасады.
Сондықтан бұрынғы қара шекпендердің көтерілістерінен жұмысшылар-
дың төңкерісі əрі күштірек, əрі жұмылырақ болады. Қанаушыларының
көзін жойуға қара шекпендердің əлі келмеген. Қашан да қара шекпенщ-
дердің көтерілістерінен өнбеген. Қара шекпендер өмірінде үкүметті қолы-
на алып көрген емес. Жұмысшылар Ресей сықылды, үлкен бір мемлекетте
үкүметті қолына алып отыр. Йауропаның көп жерлерінде жұмысшылар
үкүметті қолға алатұн жолға түсті.
Сүйтіп, біз осы күнгі мен өткен мезгілді қарасақ, өзгерістің дағдысы
заңы барлығын байқаймыз. Ол заңды дегеніміз мынау: тарықты ілге-
летіуші барлық адам баласы емес, арнаулы кесіп ауданында жұмыс қыла-
тын кісілер; қай тап қоғам тұрмысын өзгертсе,тарық-да соған қарай өзге-
реді. Бұрын қалықтың қоры қара шекпен еді. Бұл күнде қозғалыс алдын
бастауыш жұмысшылар, сондықтан бұл күнгіден тарықтың өзгерісі бұрын
басқаша болған.
Н.М.Боқырауыскій.
Кіропоткійннің қашыуы
1
.
Петропабыл қамалынан (Ленійнгратта саясат тұтқындарын қамайтұн
зор абақты) қалай қашқанын Петір Алексейш Кропоткійн өзі былай дейді:
1 Петір Алексейш Кропоткійн орыстың ұлы төңкерісшілдерінің бірі. Асқан
ғылым ійесі адам. 1842 жылы тұуып 1921 жылы 79жасында өлген. 41 жыл шет
мемлекетте қашып жүрген. 3 жыл Петропабыл қамалында отырып қашқан.
Бес томдық шығармалар жинағы
71
«Абақтыға түскен күннен бастап-ақ қалай да қашып шықсам деген ой-
дан құтыл алмалым. Түрлі жоба жасап, ойымды он саққа жүгірттім. Ақы-
рында қашыуға ең жоба ұсындым. Бұл жобаны жолдастарым мақұлдады.
Мен қашар да жолдастарымнан ешкім қораға кірмейді. Бұрышқа шейін
қашып жетіуге əлім келмейтүн болған соң көлік дəл қақпаның аузында
күтіп тұрмақ. Менің жақын достарымның бірі – марқұм Өресіт Беймар –
арбада бай болып отырмақшы болды. Оның керегі мені тез қағып арбаға
салып алмақ; бəріне керегі сол арбаға ілінісімен маған кійім кійгізбек. Үйт-
кені мен тек көйлек-дамбалмен ғана қашбақпын.
Тұтқындар жататұн аурыу қанадан бізге ұзын шапанынан басқа кійім
бермейтүн. Шапан ұзын, кең болатұн, оратылып жүргізбейтүн. Жүргенде
мен етегін қолыма көтеріп жүретүнмін. Ондай кійім мен қашыуға əрійне
келмейді. Қақпаға ұмтылмастан бұрын шапанды шешіп тастау керек бол-
ды. Бірақ, көзді ашып жұмғанша ыйқтан сыпырып тастау керек. Əйтпесе
бір секүнт кешікті дегенше істің құрғаны. Бөлмеде жалғыз отырып бірне-
ше күн шапанды шапшаң сыпырып тастауға жаттықтым. Шапшаң шешіу
үшін қолымды үш сермеп қана шешіу керек екен деп түсіндім. Бір екі үш
деген сөз ауыздан шығып болғанша шапанды сыпырып тастайтұн болдым.
Ендігі ең қыйын жұмыс – қашыуға уақыт белгілеу болды. Уақытты
əрійне мен қашатұн көшелердің жайына қарай белгілеу керек. Көшеде қай
уақытта адам аз жүретүнін, сапырылыс болып жол тоқтау қылмайтұнын
біліу керек. Мен қашатұн көшелер əрі тар əрі қыйстық. Сондықтан отын
тасып келе жатқан жалғыз арба да, бəлсеніскілердің көше аралап келе
жатқан кезбелері де, сыьай атты қазақ-орыс та іске кесел болмақ. Сондық-
тан көшелердің бəріне де сақ болып қарап тұрұу керек. Жолда кедергі бо-
ларлық еш нəрсе болмағанда ғана маған белгі берілмек төрт жерде төрт
қарауыл тұрмақшы. Бесінші қарауыл алдыңғы төртеуінің белгісін көріп
болып ал, қаш, деген белгі бермекші.
Соңғы белгіні беріу үшін, бір жолдасым абақтының аурыуқанасына
қарсы үшінші жоғарғы қабаттан бір бөлме пəтер алды. Ол бөлменің тере-
зесінен əлгі төрт қарауыл түгіл, мен қыдыратұн қораның іші де көрінеді.
Белгі іскірійпке басқа төрт қарауыл жолда бөгет жоқ деп белгі бергенде
əлгі бөлмеде жолдасым іскірійпке тартпақ. Төрт белгінің біреуі жаман-
дықты көрсетсе де іскірійпке тартылыуы тоқталмақ. Мұның қолайлылығы
сол – жолдың амандығын біліп тұрып, қашан қашыу менің еркімде болмақ.
Бəрі əзір болған соң, əуелгі күні мен өзім қашпай жолдастарымның
мазасын кетіріп сарғайттым. Үйткені ауырыуым қатайып жүгіріуге əлім
келмейтүн болды. Сондықтан мен далаға тіпті шықпадым. Жолдастарым
Балсенскійлер бірнəрсені сезіп, мені тысқа шығармаған екен деп ойлапты.
Екі күннен соң оңалайын дедім. Енді қашыуға бел байладым.
Керек нəрсемді əзірлеп болдым: кебісімді аяғыма мықтап байлап ал-
дым, шешіу оңай болсын деп шапанымның ол жер-бұл жерін кескен бол-
дым. Мені қораға алып шықты. Мен қораға шығысымен іскірійпке ойна-
ла бастады. Мүзійке бес мійнеттей ойналды. Алдыңғы қарқында қашқым
келмеді, үйткені қарауыл салдат алдыңғы кезде сағырақ болады. Іскрійпке
Бес томдық шығармалар жинағы
72
қойа қойды: екі мійнеттен соң қораға отын тасығандар кірді. Іскрійпке
тағы ойнай бастады.
Енді қашыуға айналдым. Қарауыл салдатқа қарадым. Қарауыл мені
қақпаның арасында кезіп жүретүн. Арамыз бес қадамдай болатұн. Мыл-
тығына көз салдым. Мылтығы оқтаулы. Оны да білетүнмін. Атар ма, ат-
пас па? Атпас. Үйткені атыуға арамыз тым жақын. Атқанша мені ұстап
алыуға тырысар. Зыта жөнелгенде ұзап кетіуге əлім келмесе кəйтер? Онда
мылтық ұшындағы сүңгі мен түйіреп тастауға кəдік деп ойладым. Бұған
да пылан құрдым. Абақтыда қалсам өліуім анық. Йа қазыр қашыу йа өліу
екеуінің бірі деп ойладым. Шапанға қол салып: бір!... дедім.
Сол кезде мүзійке кенет тоқтай қалды. Қолымды тартып алдым. Ауыр
жүк көтергендей, əлім құри қалды.
Көшенің бірінде кезген Бəленскійлер өтіп бара жатыр екен. Бір минет-
тен соң тағы мүзійке ойнай бастады.
Ал енді мезгіл тайанды! Қарауыл салдат кезіп жететүн жеріне тайанды.
Шапанға қол салдым. Бір, екі, үш. Шапан ұшып кетті, қақпаға қарай атыл-
дым. Артымда қарауылшының айқайы шығады. Мен ойлағандай болып
шықты. Қарауылшы бірден қақпаға ұмтылып маған жол байлаудың орны-
на ізімді қыуды. Сүйтіп мен екі қадамдай ілгері отырдым. Менде бірақ əл
жоқ. Жоғарыда тұрып біздің ала топалаң жүгірісімізге қараған жолдаста-
рым соңынан айтысты – қарауылшы саған үш қадамдай отырды. Ұмтылған
сүңгі сені жалап отырды деп. Мен оны көре алмадым. Мен тек қарауылшы
мен қораның төріне отын түсіріп жатқандардың айқайын естідім.
Қақпаға келе беріп, кішкене арба көрдім. Алғашқы кезде біздің арба
деп сене алмадым, үйткені арбада отырған əпесер өз досым екен деп ой-
ладым. Өзіме қарай бұрылтыу үшін алақанымды шар еткіздім. Жоғары-
дан қарап тұрған жолдастарым қол шапалақтағанымды қыуанғаным деп
түсініпті. Əпесер жалт қарады, досымды таный кеттім. Бір секүнтте арбаға
ырғып міндім. Артынан қара жетпеген, алдынан қара кетпеген атақты тұл-
пар жұлдыздай ағып жөнелді. Ыйығында əпесер кійімі ілініп қалған, ба-
сыма əпесер бөркі кійіліп қалғанын бірақ сездім. Жолдасым əзірлеп отыр
екен. Ауыздық пен қарысып арғымақ желдей есіп келеді.
Соңынан білдім ауырыу қана мен кеткен соң алай түлей болған. Қара-
уыл бастығы əпесер барлық салдаты мен айқайға жүгіре шыққан. Менің
қашқанымды біліп, есінен айырылып, төбе шашын жұлып:
Құрыдым, құрыдым! Қыуыңдар, ұстаңдар ойбай, ұстаңдар! – деп ай-
қайлай берген.
Бұйрық беріуге шамасы келмеген. Іскрійпке ойнаған жолдасым жүгіріп
төмен түскен. Əпесерге келіп, айаған кісі болып: Не болды? Кім қашты? Қа-
лай қашты? Қайда кетті? деп алдарқатып сұрай берген. Есінен айрылған əпе-
сер жолдасыма шағып жауап бере берген. Сүйтіп ұуақытын босқа өткізген.
Бір кемпір қорқынышты ақыл бере жаздаған.
Қорықпа айналдырып, айналдырып Небіскійге (Ленінграттағы ең үл-
кен көше) алып шығар. Бұл анық. Анау тұрған аттарды тоғарып, Небіске
орамға тұура шауып жол кесіңдер. Мұнан оңай жоқ, - деген.
Бес томдық шығармалар жинағы
73
Біз дəл кемпір айтқанша қашып кетіп бара жатыр едік. Бірақ тапқыр
мыстанның тілін біздің ырысымыз жеңіп еш кім ала қоймаған.
С.М.Степнак-Крайшійнкій.
Еңбекшілер ұраны.
(Ійнтернатсыйанал – Аймауытұлы Ж. аударғаны)
Ойан, қарғыс таңба басылған.
Жалаңаш, ашқұл, қайрат қыл!
Қайнап бастан ақыл ашынған,
Майданға қанда айдап тұр.
Қыйратамыз ескі заманды,
Жаңа тұрмыс орнатамыз.
Жарылқаймыз жарлы қалғанды
Дəулеттен сонда татамыз.
Бұл болар ең ақырғы,
Ең күшті, зор майдан
Дүнійе еңбекшілерімен
Табылар бар пайдаң.
Бостандық бізге ешкім бермес
Патса да, хан да, батыр да;
Бостандық бізге көктен келмес,
Аламыз күшпен ақыр да!
Ал, егер жойам десең құлдықты,
Тамағым болсын десең тоқ,
Қорғанба, күпілдет көрікті,
Темірді қызған кезде соқ.
Бұл болар ең ақырғы,
Ең күшті, зор майдан
Дүнійе еңбекшілерімен
Табылар бар пайдаң.
Біздер бүкіл дүнійе жалшысы,
Біз еңбекшілдер топтары, -
Жерге қожа болыу еркіміз,
Арам тамаққа жоқ бəрі.
Ал, егер найзағай шартылдап
Қаптаса жауыз дүнійесін,
Бізге жарық күн жарқылдап
Түсірер түрлі сəулесін.
Бұл болар ең ақырғы,
Ең күшті, зор майдан
Дүнійе еңбекшілерімен
Табылар бар пайдаң.
Бес томдық шығармалар жинағы
74
V. Ленін өмірі мен ісі:
Ленін өмірі мен жұмысы.
Быладімір Ілійаұлы, Еділ бойындағы Сімбір қаласында 1870 жылы
ескіше апрелдің онында тыуған. Үй іші бай болмаған. Əкесі Сімбір гүбір-
несінде ішкөлдер үстінен қарайтұн кісі болған.
Өсеңкіреген соң Быладімір Ілійаұлын Сімбір қаласындағы гемнезійеге
оқыуға берген. Ілійаұлы əрі ықыласты əрі жақсы оқыған.
Ағасының өліуі.
1887 жылы Быладімі Ілійаұлы гемнезійені бітіріуге айналып жүреді.
Сол жылы үй ішіне қайғы түсті: ІІІ-Александыр патшаны өлтіргісі кел-
гендігі үшін Ілійштің Александр деген өлтірілген. Ағасының өлімі Ілійш-
ке мықты дақ түсірген. Қамыттан құтқарып, елге бостандық алып бергісі
келгендерді патша айамайтұндығын көрген. Мұнан Ілійш қорықпаған.
Төңкерісшілдерге қалай дұрыс жəрдем беріуге болады деп ойланған. Бы-
ладімір Ілійш Маркіс жолымен танысқан соң қалыққа бостандық алып
беріуге болатұнын түсінген. Ленін жолдастың төңкерсшіл жұмысы 1893
жылдан басталады. Сол кезде Ресей жұмысшыларының төңкеріс қозғалы-
сы жаңа басталған еді.
Төңкеріске еңбек сіңіре бастауы.
Ленін жолдас Петірағыратқа барып тұрған. Жұмысшылар арасында
айанбай жұмыс қыла бастаған. Жұмысшыларды ұйымдастырып бірік-
тіріп, Маркіс жолын түсіндірген. Ленін жұмысшыларды тек өзі үйрет-
пеген; жұмысшылардан өзі де үйренген: олардың тұрмысы мен, пəбрік
зауыты мен танысқан. Сол күндерде Ленін мен бірге екі төңкерісшіл
жұмысшылар да қызмет еткен. Бұл екеуі Бабұушкійн, Шелгүуноб деген
кісілер. Бабұушкійнді патша үкүметі Сібірде атып өлтірген. Шелгүуноб
əлі тірі.
1894 жылы Быладімір Ілійш «Қалық досы кім?» деген бірінші кіта-
бын жазып шығады. Сол кездегі төңкерісшіл кітаптардың айағын құшып
бұл кітап та жасырын шықты. Ресейде ортақшылық төңкеріс болады деп
алғаш айтқан сол кітабында Ленін еді.
Басқа төңкерісшілдермен қосылып Ленін Петрағыратта «Жұмысшылар
табына бостандық алып беріуге тартысатұн одақ» деген ұйым ашты. Сол
одақ тағы басқа ұйымдар орыстың сатсыйал – демокірат партыйасының
атасы.
Леніннің абақтыға жабылып, Сібір айдалыуы.
Жұмысты ылғый жасырын істемесе болмады. Патша тыңшылары
төңкерісшілдерді аңдыумен болды. Ленін жолдастары мен ұсталып, абақ-
Бес томдық шығармалар жинағы
75
тыға салынды. Бірақ, абақтыда отырғанда Ленін төңкеріс жолында жұмыс
қылыуын қоймады. Сыртқа үгіт таратып, кітап жазыумен болды.
Ленін абақтыда жылдан асыу отырды. Сонан соң Енесей өзені бойын-
дағы Шұусеніскі деген ауылға жер аударылып Сібір жіберілді. Сібірде де
Ленін төңкеріс жұмысынан қол жазбады. Мақалаларын да, кітаптарын да,
жалшыларын да бостандықтың тұура жолынан теріске бұрғысы келген-
дермен тартысып болды.
Жұмысшылар гəзетін шығарыу.
Жер аударылыуы біткен соң, 1900 жылы Быладімір Ілійш шет елге
кетеді. Сол жақта сатсыйалшыл гəзет шығарыуға бел байлайды. Басқан
қадамының бəрі аңдыулы тұрғанда, Ресейде ондай гəзет шығарыуға ірет
келмеді. Пілеқанұп тағы басқа жолдастарымен Ленін Ійскра (ұшқын) атты
жұмысшылар гəзетін шығара бастайды.
Ленін – бəлшебек партыйасының көсемі.
1903 жылы барлық орыстың сатсыйал демокырат ұйымдарының ІІ сій-
езі жыйналды. Сол сійезде шаққа жыйнаған Ленін Кірұупскій жана олар-
дың жолдастары еді. Ондай сійезді Ресейде шақырыуға болмаған соң, шет
мемлекетте жыйналды. Сійезде сатсыйал демократ партыйасының ұстаған
жолы қырылғанда талас шықты. Сійез екі жарылды көпшілік, азшылық
екі жақ болды. Азшылық жағы бұуржуамен бірігіп жұмыс қылыу жұмыс-
шыға тійімді деді. Партыйаға тійттей пайдасы тійген адам да мүше бо-
лып кіре алады деді. Көпшілік жақта Ленін болды. Бұлар: жұмысшылар
əбден жеңіп қожалықты қолына алғанша бұуржуамен айанбай алысыу ке-
рек, деді. Қара шарыуа мен жұмысшылар партыйасы – бұлардың алдыңғы
əскері; сондықтан тек бар күшін айамай жұмсаған адам ғана партыйаға
кіре алсын, деді. Сол Ленін бастаған көпшілік сонан бері бəлшебек атан-
ды. Үйткені «болше» деген көбірек деген сөз. Бұлар жағы сійезде көбірек
болды. Бұларға қарсы жақ меншебек атанды.
1905 жылдың төңкерісі.
1904 жылы, Жапан соғысы бастала, Ресейде төңкеріліс қозғалысы үдей
берді. Мемлекетте забастопкі бола бастады. 1905 жылы ғыныуардың тоғы-
зында Петірағырат жұмысшылары, Гапон деген молданың соңына еріп,
тұрмысымызды жақсарт деп патшаға жөнелді. Патша жұмысшыларды
атқызып, қырғызды. Сонан соң патшадан қайыр жоқтығын жұмысшылар
түсінді. Патшамен алысыу керектігін аңғарды. Ленін ол кезде шет мемле-
кетте болса да, Ресейдегі төңкерістің тамырын ұстап отырды. Төңкеріске
бағыт беріп көшбасшы болып отырды.
Төңкеріс қызған кезде Ленін жолдас Ресейге (Петірағыратқа) келеді.
1905 жылы декебір ішінде Мəскеуде көтеріліс бұрық етеді. Ленін жолдас
сол көтеріліске жəрдем беріу керек деп үгіт таратады. Қара шарыуа мен
Бес томдық шығармалар жинағы
76
жұмысшылар құралдансын деп үгіттейді. Бірақ қара шарыуа жұмысшыны
қолдамаған. Жұмысшылар арасында да дұрыс бірлік болмаған. Төңкерісті
патша үкіметі басып тастаған. Жұмысшылар мен партыйасының басына
қыйын күндер тыуады.
Бірақ Ленін жолдас майыспай берік жалшылар партыйасына басшы бо-
лып жүре береді. Партыйа сақталып бекіуіне күресе береді. Партыйаны
қайта соғысқа əзірлей береді. Жалшылар төңкерісі күшейіп келе жатқанын
сезеді.
1908 жылы Ленін амалсыз тағы шет мемлекетке шығып кетеді.
Жыйангерлік соғысы.
1914 жылы ағұстың төртінде соғыс жарыйаланған хабары дүңк ете
түсті. Ленін Абстрійеде абақтыда жатыр. Сонда жатып, дүнійе жүзінің
сатсыйалшылары жұмысшылардан бет аудырды деген хабар алған. Сат-
сыйалшылар жұмысшыларды соғысқа қарсы көтеріудің орнына соғысқа
шақырған. Əуелі Ленін бұған нана қоймаған. Бұл дүнійе жүзі байларының
алдауыш өсегі деп ойлаған.
Абстрійе абақтысынан шығып Шібейтсерійе еліне жеткен. Келіп алып
соғысқа қарсы тартысқан. Жер жүзі кəнперенсійелерінде жолыққан жол-
дасқа Ленін: «Капыйтал талампаздығы үшін жұмысшылар мен қара ша-
рыуаның қаны төгіліудің керегі жоқ. Бұл талау үшін болып жатқан соғыс.
Бұл соғысты жасаған пайдасы арттырыу нійеті мен дүнійе байлары» – дей
берген.
Соғыстан капыйталшылар қандай пайда көрген?
1913 жылы Əмерекенің қоспалы ыштатына 133,077,318 сом сырттан
алтын кіргізілген.
1914 жылы... 343,137,510 сом.
1915 ………. 600,000,000 –«–
Соғыстың шығыны: өлген жараланған: 26,000,000 адам.
Іске жарамайқалған: 6,000,000 –«–
Тыуыс кемігендігінен шығын....... 10,500,000 адам.
Ленін: «Бұл соғыс еңбекші қалыққа өлім, қырғын, бөлініуден басқа еш
нəрсе бермейді, беріуі мүмкін емес те» – деген.
Жалшылар мен қара шарыуа үкіметі жəна бітім.
Жыйангерлік соғысты тоқтатыу үшін капыйталшылар мен алпауыттар
қожалығын құртыу керектігін Ленін білген. Быладімір Ілійш сенімді жол-
дастармен соғысқа қарсы болады. Бұлар айтқан: «Жыйангерлік соғысты
азамат соғысына айналдырыу керек. Біздің партыйамыз – саналы жал-
шылар мен жарлы қара шарыуа партыйасы. Біздің партыйамыз соғысқа
мықты қарсы; бір жердің капыйталшыларын мақтап екінші жердің капы-
йталшыларын боқтамайды. Дүнійе жүзінде жалшылар төңкерісін жасап,
Бес томдық шығармалар жинағы
77
дүнійе жүзінің капыйталшыларын құртып, соғыс бітіріуге тырысады» -
деп. Жыйангерлік соғысқа қарсы тартысып жүріп Ленін қалың еңбекшілер
пайдасы үшін алысқан.
Ленін – кеңес мемлекетін жасаушы, басқарыушы.
1917 жылы Леніннің Ресейге келіуі.
Жыйангерлік соғысының айағы келіп Ресейде патшаны құртты. Ол
кезде Ленін Шібетсерійеде еді. Енді қайтыуға болды. 1917 жылы апрел
айында Ленін Петірағыратқа келді. Шет мемлекеттерде он жылдай жүрді.
Келіу бойына Ленін жалшыларды үкіметті қолға алыуға əзірлейді. Сондай
қыйын жұмыс жеті ай созылды.
Кеңес үкіметінің құрылыуы.
1917 жылы өктебір 25-інде ескіше орыс жұмысшылар мен қара шарыуа-
сы үкіметті қолға алды. Жұмысшылар-қара шарыуалар үкіметі құрылып қа-
лық кемесерлерінің кеңесі деп аталады. Бұған Ленін бастық болып сайланады.
Кеңес үкіметі құрылысына орыс жəне шет мемлекеттер капыйталшы-
лары мен соғыс басталады. Соғыс кезінде талай ірет іс қарап болған көрі-
неді. Ортақшыл партыйа іске татырлық күшін майданға айдап салды.
Ленін дүнійе жалшыларының көсемі.
Ленін тек орыс төңкерісін басқарып қойған жоқ. Ол дүнійе жалшыла-
рын ұйымдастырыуға кіріседі. Жұмысшыларды сатып кеткен ІІ интернат-
сыйанал орнына Ленін жаңадан ІІІ ортақшыл интернатсыйанал жасайды.
1919 жылы март айында бұл интернатсыйаналдың І тобы шақырылады.
Ленін бұл сійезге бастық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |