1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар


Ленін кеңес шарыуашылығын түзетіуші



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата22.12.2016
өлшемі3,66 Mb.
#28
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Ленін кеңес шарыуашылығын түзетіуші. 
Азамат соғысы бітеді. Кеңесті Ресей шарыуасын түзіуге кіріседі. Əсіре-
се қара шарыаның шарыуасы күйзеліп қалған екен. 
Ленін жолдас қара шарыуаның наразылығын көреді. Олардың ырқына 
жүріп,  күйін  жеңілдетеді.  Алды  мен  қара  шарыуа  мен  жалшылар  бірлігі 
керек дейді жолдас Ленін. Мемлекет шарыуасын түзіу оңай болмады. Қа-
ражат жоқ. Айнала толған жау. Бас салыуы оңай. Ленін бастаған партыйа 
мен үкімет қайыспай тартысады. Аз-аздап іс түзеле бастайды. Кеңесті Ре-
сейдің күйі жақсара береді. 
Леніннің аурыуы мен өліуі. 
Өмір  бойы  істеген  қыйын  жұмыс  Ленін  саулығына  əсер  берген. 1922 
жылы Ленін ауырды. Жайлап ауырын жеңіп, 1922 жыл айағында тағы жұ-
мысқа кірісті. 

Бес томдық шығармалар жинағы
78
Бірақ  күш  кетіп  қалған  екен.  Тағы  қайта  жығылды,  аурыу  бұрынғы-
дан күшті болды. Аурыу жеңді. 1924 жылы ғыныуардың 21 күні түс ауа 
алты сағат еліу мүйнетте Ленін дүнійеден қайтты. Артына өзі бастап жа-
саған кеңестер респүблійкасын қалдырып кетті. Ол респүблійке бұл күнде 
бұрынғыдан да бетер нықты. 
«Далой неграмотност» жорналынан.
Ресей ортақшыл партыйасының жалпыресейлік Х сійезінде Ленін 
жолдастың толтырған анкетесі
(сұрау қағаз).
Қай жылы тұудың? – 1870-жылы.
Ден саулығың қандай? – Денім сау. 
Қай тілдерді білесің? – Ангылшын мен неміс тілін; Пырансұзша жа-
ман білемін; Італійанша өте жаман білемін. 
Ресейдің  қай  жерін  жақсы  білесің?  Онда  қанша  жыл  тұрдың? – Еділ 
бойын білемін, сонда тұудым. 17 жасыма шейін сонда өстім.
Бүтін  ресейлік  сійездің  қайсысында  болдың? – 1917  жыл  үйел  мен 
ағұс айларынан басқа сійездің бəрінде де болдым. 
Əскерлік жұмысын білесің бе? – Түк білмеймін. 
Қанша оқыдың? – 1891-жылы Петірағырат үніберісітетінің заң бөлімін 
бітірдім (өз бетімнен сынға түсіп бітіргендік қағаз алдым).
1916-жылға шейінгі ең мықты кəсібіңіз не? – Жазыушылық. 
Қандай іске мамансың? – Түкке де маман емеспін. 
Партыйа, кесіпшілер, кеңес жұмыстарынан басқа 1917 жылдан бері не 
жұмыс қылдың? – Жоғарғы айтқандарымнан басқа тек жазыушылық қыл-
дым.
Осы күні қандай кесіпшілер одағындасың? – Жорналшылар одағында-
мын. 
1917-жылдан  бергі  жұмысың  не? – Қалық  кемесерлер  кеңесі  мен  ең-
бек-қорғау кеңесінің бастығымын. 
Ресей ортақшыл партыйасында қашаннан бері мүше едің? - 1894-жыл-
дан бері.
Басқа партыйаға мүше болып көрдің бе, көрсең қандай партыйада бол-
дың? – Жоқ.
Төңкеріс қозғалысына не еңбек сіңірдің? – 
Қашан: 
Қайда:
Қандай ұйымда:
1892-1893
1894-1895
1896-1897
1898-1900
1900-1905
1905-1907
1908-1917
Самар
Петірбор
Абақты
Енесей гүбірнесі
Шет мемлекеттерде
Петірбор
Шет мемлекетте
Сатсыйал демокырат
Партыйасының  жұмысының  жасырын 
ұйымдарында. Ресейлік.
Сатсыйал демокырат жұмысшы партыйа 
жасағынан бері соның мүшесімін. 
Төңкерісшілдігің  үшін  қуғын  сүргінге,  жазаға  ұшырадың  ба? – 1897 
жылы  абақты, 1895-1897 жылдары  абақты, 1898-1900 жылы  Сібір, 1900 
жылы абақты.

Бес томдық шығармалар жинағы
79
Қанша ыуақыт абақтыда отырдың? - 14 ай жəне бір неше күн. 
Айдауда йа катргіде қанша болдың? – 3 жыл. 
Шет мемлекеттерде қанша мезгіл қашып жүрдің? – 9-10 жыл.
Мəскеу, март 1921 жыл. 
В.Ұлыйанұп. (Ленін)
Ленін мен қара шарыуа.
Кеңесшіл  Ресейде  əлде  неше  мүлійөн  еңбекші  қара  шарыуа  бар. 130 
мілійөндей Ресей қалқының 100 мүлійөннен асыуы ауылда тұрады. 
Неше жүз жылдан бері қара шарыуа езіліп келеді. Алпауыттар қожа-
лығы қара шарыуа үстінде дəурен сүрді. Қара шарыуа алпауыттар қамы-
тын жойыуға талай ұмтылған.
1917  жылы  май  айында,  қара  шарыуалар  өкілдерінің  бүкіл  ресейлік 
сійезінде Ленін жер тыуралы ойын айтқан. Сондағы сөзі: «Біз (ортақшыл 
партыйа) айтамыз – жергілікті қара шарыуалар кəмійтетінің қаулысы мен 
барлық жер тегіс қара шарыуаларға берілсін деп... 
«Алпауыттар жерді өз қолында ұстап, жерге ақы алыуы зорлық. Ал енді 
қара шарыуалар тұрып айтса – жер алпауыттар қолында тұрмасын, неше 
жүз жылдардан бері алпауыттан тепкіден басқа нəрсе көргеніміз жоқ десе, 
- бұл зорлық емес; бұл өз құқын қорғау, тірілтіу болады. жойылған құқын 
қайтарып алыуға сабырлық қылыудың керегі жоқ.»
Сол сійезде Ленін 1905 жылғы санаққа сүйеніп кімнің қолында қанша 
жер барлығын көрсетті. 
Адамға қанша жер 
десетійне келеді.
Олардың жері неше 
десетійне
Жерді кім ұстап отыр.
2,000
Үйге 7 десетійне
Адамға 2 десетійне
70,000,000
70,000,000
Ірі алпауыттарда Ірі 
алпауыттарда 30,000
Үй қара шарыуа10,000,000
Қара шарыуа мен жұмысшылар арасын жақындастырыу
жайында Ленін өсійеті.
Ортақшыл партыйасының ХІ сійезінде қара шарыуа мен жұмысшылар 
арасын жақындастырыу тыуралы Ленін жолдас былай деген: 
«Қара  шарыуа  мен  жұмысшылар  арасын  жақындастырыу  деген  бы-
лай болсын: қалың қара шарыуаның тұрмысы адам айтқысыз күзеліуі мен 
жүдеуі, қысаңшылыққа ұшырауы мен қыу кедейлік пен осы күні болашақ 
ійдейе үшін істеліп отырған жұмыс арасында байлау барлығын бəріміз де 
көрелік, барлық ел де көрсін, барлық қалың қара шарыуа да көрсін. Жай ең-
бекші аз да болса жақсылық көргенін анық түсінсін, жана ол жақсылықтың 
бұрынғы  алатұн  жақсылығынан  айырмашығы  барлығын  түсінсін.  Алпа-
уыттар,  бұуржуалар  кезінде  қара  шарыуаға  жақсылық  қылғанда  бəріне 
емес, аз-ғанасына ғана жақсылық қылыушы еді; ол жақсылықты кекетіп, 
келемештеп, қара шарыуаны мазақтап, қалың елді қысып отырып қылы-
ушы еді. Оны еш қара шарыуа ұмытқан жоқ. Ресей ішінде ол əлі біраз жыл 

Бес томдық шығармалар жинағы
80
ұмытылмас. Біздің мақсатымыз қара шарыуа мен жұмысшылар арасының 
жақындығын күшейтіу; кедей қара шарыуаға бүгін таныс бүгін түсінікті, 
бүгін қолына түсерлік іс қылып жатқанымызды көзге көрсетіу; қара ша-
рыуа түсініуінше алыстағы бір сағымды қыуып азаптанып жатқан болып 
көрінбелік;  қара  шарыуа  жəрдем  беретімізді,  қолдайтынымызды  көрсін. 
Ұуақ  қара  шарыуа  күйзелген,  кедейленген,  ашыққан  кезде  ортақшылдар 
шапшаң жəрдем беретүнін ел көрсін. Біз осыны істерміз. Мұны істемесек 
қара шарыуа біздің күл талқанымызды шығарар. 
Азық түлік салығы.
1920-1921 жылы Ресейдің өз ішіндегі азамат соғысы бітті. Жоқшылық 
мұқтаждық  деген  аса  күшті  болды.  Қара  шарыуаның  шарыуашылығы-
ның күйзеліуі адам айтқысыз болды. Қара шарыуада зəре қалмады, састы, 
толқый бастады. Ыразберіскеге ырза болмады. Ленін ат басын бұрыуға ат-
ой салды...
Жазғаны мынау: «Соғыс ортақшылдығы күйзеліу мен соғыстан шықты. 
Жаршылар  сайасатының  шарыуашылық  мақсатына  ол  ортақшылдық 
сəйкес  келе  алмады,  келіуге  де  болмайды.  Ол  ұуақытша  шара  еді.  Ұуақ 
бұржыуалы (қара шарыуасы көп т.ш.) жерде қожалығын жүргізіп отырған 
жалшылар дұрыс сайасаты – астықты қара шарыуаға керек өнерлі кесіптен 
өнген затқа айырбас қылыу» деп.
«Азық түлік салығы сол дұрыс сайасатқа қарай асатын бел. Біз əлі жү-
дейміз. Кеше болған, капыйталшылар ашыуы мен ертең боларлық соғыс 
салдарынан езілдік. Сондықтан бізге керек барлық астық үшін қара шары-
уаға өнерлі кесіптен түскенін беріуге шамамыз келмейді».

Бес томдық шығармалар жинағы
81
VІ. Төңкеріс мійрамдары.
 
9-ыншы ғыныуар тарыйқы.
Потыйлұп зауытында (Ленінгіраттағы зор зауыт) 
əлде  неше  жұ-
мысшылар  шығарылған.  Соның  себебін 1905 жылы  ғыныуар 3-інде  за-
уыттағы жұмысшылар іс істеуді тоқтатқан (забастөпкі қылған). Потыйлұп 
зауытындағы  забастөпкіге  ертеңіне  басқа  жұмысшыларда  қосылған.  Ғы-
ныуар 6-сы  күні  көп  пəбірік-зауыттарда  забастөпкі  көтерілді;  забастөпкі 
жасаушылар саны 200 мыңға жетті
Жұмысшылар шарыуашылығы тілектен басқа, саясат тілектерінде көр-
сетті, құрылтай шақырыу керек, күніне тек 8 сағат қыламыз, жыйылысқа, 
ұйымдасыуға, сөйлеуге, жазыуға ерік берілсін, қалыққа есеп беріп тұратұн 
үкімет тұрғызамыз десті.
Жұмысшылар  «Гапон»  деген  молданың  азғырыуы  мен  патшаға  арыз 
жазып, қолымен тапсырыуға ұйғарған. «Жұмысшылар» ақ патшаға сеніп 
жəрдемін күткен. 
Ғыныуар 8-інде жұмысшыларды патшаның алдына жібермей, қан төгіс 
болатыны белгілі болды.
Сатсыйалшылдар жұмысшыларды патшаға бармасқа үгіттеді. Бірақ жұ-
мысшылардың патшаға сенімі күшті болды. Қарыусыз құр қол жұмысшы-
лар қатын баласымен қала шетімен патша сарайына қарай жүрді. Арызына 
əлде неше мың адам қол қойған. 200 мың адам тып-тыныш қолдарына дін 
жалауын, Құдай мен патша сүгіретін ұстап келе жатты. Бірақ палійтсейскі 
көпір деген жерде бұларға салдаттар мен атты-қазақтар кездесіп, жол бай-
лап, мылтық атқан. Көшедегі қар қан мен қызарған.
Көбісі  сарай  алдындағы  алаңға  өтіп  щыққан.  Бұларда  атысқа  ұшы-
раған, 1216 адам өліп, 5 мың адам жараланған.
Жұмысшылардың  бас  йігіштігіне,  жызастығына,  сенгіштігіне  патша 
солай жауап берген.
Жұмысшылар  бұл  ұуақыйғаның  мазмұнына  түсінген.  Бүтін  Ресейде 
бұған наразылық, қыр көрсетілген, забастөпкі басталған. 9-ыншы ғыныу-
ардың сабағын жұмысшылар ұмытпаған. 
Ғыныуар 9-ындағы  қанды  жексенбі  күні  жұмысшылар  табының  пат-
шаға  наныуы  бітті,  жұмысшылар  мүддəсі  тыныш  күбірмен  шемілмей-
түндігіне көзі жетті.
«Жасасын еңбек» кітабынан.
Паріж коммүунесінің күні.
Прансійе байтақты Паріж қаласында 1871 жылы марттың 18-інде ең-
бекшілер бұржыуыа қожалығын құртты. Еңбекшілердің коммүунесін жа-
сады. Бұл жұмысшылардың дүнійеде 1-інші үкіметі еді. 
Коммүуне  жалшылар  қожалығының  алғашқы  тəжірійбесі  еді.  Паріж 
коммүунесі 2 ай  өмір  сүрді. 2 ай  ішінде  жалшылар  таңырқарлық  ерлік, 
іскерлік  көрсетті.  Əйтседе  үкіметті  қолына  ұстап  тұра  алмады.  Ұстап 
тұралмаған себептері мыналар болды: 
1)  Соғыс  жағынан  берік  ұйымы  болмады,  жұмысшылар  арасында 

Бес томдық шығармалар жинағы
82
Паріж шеберлерімен, мемлекеттегі қара шарыуалармен қатынасы болма-
ды. Коммүуне тірексіз болды.
2) Сайасат жағынанда, шарыуашылық бен соғыс жағынанда бір жерден 
басқарыу болмады.
3) Коммүунені ұнтап жіберерлік Паріж түбінде Гермен əскері тұрды. 
Майдың 28-інде коммүуне құлады. Бұржыуыазыйа масайрап, той той-
лады. 25 мың жұмысшалар жұмыста қырылды, атылды, азат берілді. Бұлар 
ішінде қатын балада болды. 15 мың адам айдауға азапқа келсеске жіберіл-
ді.
Коммүуне бізге сабақ. Коммүуне жалшылар қожалығы керектігін көр-
сетті.  Ресейде  кеңес  үкіметі 46 жылдан  соң  тұуды.  Кеңес  үкіметі  Паріж 
жұмысшылары бастаған істі əрі созып барады. 
«Коммүунійсті календерінен».
Лене оқыйғасы.
Сібірдің «Тайға» деген қалың орманы арасында Ленеалтын ауданы жа-
тыр. Бұл аудан Ленінгіраттан 7 мың шақырым. Лене өзені бетіндегі жолдан 
500 шақырым. Бұл жер капыйтал қожалығына қақы жоқ болған. Палыйт-
сійеде, сотта, əскерде, мектепте – қысқасы барлық сайасат қожалық лене 
серіктігіндегі  алтыншы  байлар  қолында  болған.  Мұндағы  алтыншылар 
қандығы жалғыз Петіргірад қандығы түгіл, шет мемлекеттер жыйангерлігі 
мен  тұтасып  жатқан.  Бұл  жерде  басы  байлы  тұрмыс  күштілігі  қалмаған. 
Үлкен түрлері жұмысшылардың қатын-қыздарын қалай болса солай бій-
леп  жүрген.  Забастөпкі  алдында  лене  серіктігі  жұмысшылардың  көбін 
ауырлата  берген;  ақысын  кеміткен,  айып  салыуды  күшейткен,  тамақты 
қымбаттатқан, жұмысшылардың пəтер жағын қыйындатқан. Тағы сондай 
таршылықтар істеген. 
Жұмысшылар шыдай алмаған. 1912 жылы пыйбырал жыйынмасында 
жұмысшылар  мынадай  тілек  көрсеткен: 1) он  сағат  орнына  күніне  сегіз 
сағат  жұмыс  болсын, 2) ақы  артылсын, 3) жұмысшылар  тек  жұмысшы-
лар кемесійесі ырзалығымен жұмыстан шығарылсын, 4) айып салыу қой-
ылсын, 5) зауыт  жамандығынан  ауырып,  жарақаттанса,  жұмысқылмаған 
күніне де жұмысшылар ақша алсын, 6) үйлі баранды жұмысшылар пəтері 
бойдақтарінікінен бөлек болсын тағысын, тағылар. 
Алтын  ауданында  əскер  аз  еді.  Жұмысшылардың  өкілдері  сылтаусыз 
абақтыға  жабылған.  Апірел  төртінде  жұмысшылар  бұл  тұралы  сөйлесіу 
үшін надежде алтын ошағындағы пыракұурорге барған. 
Жол тар. Айнала қар, орман. Жұмысшыларға қарсы інженер мен сты-
ражінек шыққан. əңгімелесіп тұрған кезде кенеттен бұлар үстіне мылтық 
атыла  бастаған.  Аттырған  Тірешшико  деген  екен.  Жұмысшылар  жерге 
жата қалған. Салдаттар ата берген. 
Алғашқы хабарға қарағанда 150 адам өліп, 250 адам жараланған. Дұры-
сында құрбан мыңнан артық екен. Жаралыларға жəрдем берілмей, тоқта-
нып  қырыла  берген.  Ертеңіне  жұмысшылар  қатын  балаларымен  үйілген 
өлікті аралап тұуған-тұуысқандарын іздей бастаған. 
Жаралыларға жəрдем беріу орнына, отынша шанаға тійеп 23 шақырым 
жердегі аурыу қаналарға тасығанда жұмысшылар долданып терісіне сый-

Бес томдық шығармалар жинағы
83
маған. Аурыу қанада бұларды ійденге қалай болса солай тастап, бірнеше 
күнге шейін жаралыларды қараған адам болмаған. Өлгендерді палытсійе 
көмген. Жұмысшыларды өлікті қойысыуға жыуытпаған. 
Байлар пайдасы үшін Ресейде бұрында жұмысшылар атылатұн. Əңгіме 
мында  емес,  əңгіме  бұл  қырғын  жұмысшыларға  қандай  əсер  беріуінде. 
Жұмысшылар  бұл  қырғынды  естігенде  ызаланып  қатты  наразылық  көр-
сетті. Түрлі пəбірік жұмысшылары наразылық қаулылар шығарды. Петір-
бордағы  Осипоб  зауытының  жұмысшылары  мынадай  қаулы  шығарды: 
«Көз-жасы да, наразылық та бізге жəрдем бермейді. Бізге тек ұйымдасқан 
ұлы тартыс жəрдем береді», – деп.
Бұлардың айтқаны дұрыс екендігін 1917 жылдың төңкерісі көрсетті. 
М.Олмійнскій. 
1-май. 
Пырансійе  мемлекетінде  Паріж  қаласында 1889 жылы  жер  жүзіндегі 
сатсыйалшылдардың  сійезі  болды.  Сол  сійезде  майдың  бірін  бүтін  жер 
жүзіндегі  жұмысшылар  ереуіл  жасап  шығып  капыйталшыл  үкіметтерге 
маған мынаны бер деп айтатұн күні болады жарыйалады. 
Жалшылар күшейіуі бірінші майдың маңызын арттыратұнын көрсетті. 
Ресейде 1-май алғаш бастап 1891 жылы мійрам қылынды. Ол кезде жұ-
мысшылар табы əлсіз еді. Сондықтан бұл май тек ірі қалаларда мійрамдал-
ды. Тек 1906 жылдан бері бүтін Ресейде жұмысшылар 1-майды мійрам қы-
латұн болды. Мійрам түрі тұптанып көшеге шығыу, сөз сөйлеу, жыйылыс 
қылыу, жұмысы тоқтатыу түрінде болды. 
1-майдың мықты ұраны – күніне сегіз сағат жұмыс, соғысқа пұл жұм-
сауды құртыу, сатсыйалдық үшін тартыс болды. 
1-май  жұмысшылардың  бұржұуамен  тартысатұн  күні,  капыйталшыл 
отаны мен күресетүн күні. 1918 жылы үкіметті жұмысшылар қолына алған 
соң, бірінші май капыйтал мен тартысыу мійрамына, дүнійеде ең бірінші 
ірет құрылған кеңес мемлекетін орнықтырыу мійрамына айналды. 
«Коммүунійсіт кəлендері».
1917 жылғы пыйбырал төңкерісі. 
Пійнлендійе  темір  жолының  пойызы  Сыймапұрға  жолдың  өтіуге  бо-
лар болмасын көрсететүн құрал. Келді де кілт тоқтай қалды. Жүргіншілер 
үрейленіп есікке, сыртқа жүгіре-жүгіре шықты. Не болып қалыпты? Қара-
сақ, орасан əсер берерлік нəрсе болған екен. 
Пойызға қарсы бентөпкелі 6 салдат, 2 жұмысшылар келе жатыр. Мыл-
тық  істігінде  қызыл  жалау  желкілдейді.  Салдаттардың  көзі  бұрынғыдан 
өзгерген, аңдап қарағанда қыуанышты. Сөздері де жаңаша. 
Азаматтар, пойыз ілгері жүрмейді. Салдатттар бір жанарал екі парұут-
шік апесер отырған бірінші клыастың бəгөніне кірді. Жанаралдың ақ қы-
рау басқан қасы жыйырылып кетті. 
– Е-е-е. Төменгі шенділерге тыйыу... сөзін айақтаған жоқ. Қызыл таспа 
мен жалауға көзі түсті. 

Бес томдық шығармалар жинағы
84
– Не нəрсе? 
– Жанарал мырза, қарыуыңызды беріңіз, – деді салдат. 
Жанаралдың сол қасы жыбырлай бастады: сұп-сұр болып кетті. Сонан 
соң екі ыйығын бүркілдетіп ұшып түре келді. Біреу матастырып қойғандай 
əпесерлер де қарғып түре келісті. 
Салдаттар жолға мылтық тосты. 
– Тоқта. Қарыу. 
–  Не?  Тырыс  етпеңдер.  Антың  қайда?  Оңбаған,  антың  қайда?  Қызыл 
жалау, а? Оңба... 
Жанарал қылығына бастады. 
– Көнбейсіз бе? Сіз тұтқынға алындыңыз, – деді саспай салдат. 
Жанарал аппақ аққұудай бетін сыйпады. 
– Кім бұйырды. 
Салдат көкірегіндегі таспасын сыйпады да күлді: – Қалық. 
– А-а, қалық, – деді жанарал аузын қыйсайтып күліп, сонан соң əпесер-
лерге қарап: мырзалар естійсіңдер ме. Қа-лы-ық. Кілт шегініп, қолын қай-
да тығыуға біле алмай, қалтасынан қара алты-ауызын сыуырып, салдатқа 
қарай созып: – Мə, деді. 
Бір кезде не нəрсе бір жақтан күй дауысы келеді. Күй? Йə, Йə. Əскер 
күй. Кеше салдатты бізге қарсы шығарған. 
Күй  жақындай  берді.  Таныс,  қыуанышты,  жақындаған  соғыс  күйі 
құлағымызға тійеді, Мəрселійезінің күйі. 
Тұр, көтеріл, жұмысшы қалық. Нанғың келмейді, құлақ алдап тұрған 
бұлар жұмысшы жұмған қолын жазып, ұшып түре келіп, бұрышқа атылып 
барып: 
–  Тыуғандар,  салдаттар,  тыуғандар, – деп  айқайлайды.  Дауысы  қар-
лыққан.
– Тыуғандар, – деп қарлыққан дауыстар айқайласады. 
– Бір-екі, бір- екі, – деп салдаттар сартылдатып басып келеді. 
Бұрыштан тізілген əскер көрінеді. Алдында топырлаған қалық, қызыл 
жалау. 
Йапырмай, түсім емес пе, есім ауған жоқ па. Жоқ, түс емес, бұл өң. Өз 
көзіме өзім сене алмаймын. 
Бір  салдатқа  ұмтылып  барып  құшақтап  үрпейген  жағын,  ернін,  бетін 
сүйемін, бетіме жылы нəрсе аққанын сеземін – тыуған, тыуған...
Салдат мені ійтеріп күледі. 
– Сен қызық кісі екенсің! Не керек? Жұмысшылар деп сұрайды. Ырас 
қызық кісі.
Қайтадан маңызданып қабағын түйіп, Мəрселійез күйіне үйлестіріп кө-
шемен: бір-екі, бір-екі деп аяңдай береді. 
Алұунып.
Өктебірдің ұлы төңкерісі. 
(1917 жылы жаңаша нөйебір жетісінде ескіше 25 өктебірде).
Патша тақтан құлаған соң да дүнійе соғысы созыла берді, мемлекетті 
күйзелте  берді.  Үкімет  басында  тұрған  бұржұуаның  күйзелген  шарыуа-

Бес томдық шығармалар жинағы
85
ны жөндеуге əлі келмеді. Кесіп дүкендері жабыла бастады. Үйел айында 
47000 жұмысшысы бар 206 кесіп дүкені жабылды. 1916 жылы егіс ауданы 
10 міллійон десетійнеден асыу кеміді. 1917 жылы мұнан да сорақы кеміді. 
Жер байағыша алпауыттар қолында қала берді. 
Еңбекшілер  күйі  нашарлай  берді.  Жұмыссыз  сандалған  адам  көбейе 
берді, қымбатшылық үдей берді. 
Бұржұуа  арқылы  мемлекет  шарыуашылығын  түзей  алмайтұнына  жұ-
мысшылар мен қара шарыуалардың көзі жетті. Бəлшебектердің үкімет ең-
бекшілер қолына берілсін деген ұранын қалың қалық қолдай бастады. 3-5 
үйелде Петірағырат жұмысшылары мен салдаттары – үкімет кеңеске беріл-
сін  деп  көтерілді.  Бұл  көтеріліс  басылды,  бірақ  жақсы  сабақ  болды.  Өк-
тебірге жыуық Ресейдегі бүтін еңбекшілер бəлшебек жағына ауды. Ленін 
жолдас  мұны  байқап, «Көтеріліссіз  үкіметті  қолға  алмайтұн  болсақ,  кө-
теріліс жасау керек» деп жазды. Нөйебір жетісінде сол көтеріліс Петірағы-
ратта бұрық ете қалды. Бұған бүтін Ресей еңбекшілері мен əскердің көбі 
қосылды.  Жауын  жеңді.  Бұл  төңкерісті  ұуластырған  бəлшебек  партыйа-
сы нөйебір жетісінде ұуақытша үкімет құлады. Соғыс-төңкеріс кəмійтеті 
құрылды. Бұл кəмійтет мынадай жар таратты: «Қалық тартысқан ісі мынау: 
тез бұқарашыл бітім ұсыныу, жұмысты жұмысшылар өкілі бақылап тұрыу, 
кеңес үкіметін жасау, бұл іс орындалыуы анық. Жасасын салдаттың, жұ-
мысшылардың, қара шарыуалардың төңкерісі» деп.
Нөйебір  жетісі  күні  кеңестердің  ІІ  сійезі  мынадай  қаулы  шығарды: 
«Жер-жерде  барлық  үкімет  салдаттардың,  жұмысшылардың,  қара  ша-
рыуалардың  кеңесіне  беріледі.  Бұл  кеңес  нағыз  төңкеріс  тəртібін  сақтап 
орнатады» деп. 
«Коммұунійсіт кəлендері».
Қазағыстан Респүблійкесінің жарыйаланған күні. 
(1920 жылы өктебірдің 4-күні)
Өктебір  төңкерісі  Ресейде  тұрған  түрлі  ұлттар  өз  тізгінін  өзі  алыу-
ға жол ашты. Ресейдегі түрлі ұлттар өктебірден соң өз алдына респүблій-
ке бола бастады. 1919 жыл айағына таман Қазағыстанда кеңес үкіметі те-
гіс  орнап  болды.  Ұуақытша  басқарыуға  Қазағыстанда  соғыс-төңкеріс 
кəмійтеті  жасалды. 1920 жылы  өктебір  төртінде  Орынбор  қаласында
жалпы  Қазағыстан  кеңестер  сійезі  шақырылып,  респүблійке  жарыйа-
ланды. 
Қазағыстан  респүблійкесінің  өз  алдына  кіндік  үкіметі  бар.  Үкіметті
еңбекшілердің жіберген өкілдері жылма-жыл жаңғыртып сайлап отырады. 
Қазағыстанда барлық үкімет кеңестер сійезінің қолында. Сійез арасында 
үкімет басында Қазағыстан кіндік кемійтеті қалық кемесерлер кеңесі тұра-
ды. 
Қазағыстан  респүблійкесінің  кіндік  комійтеті  мен  қалық  кемесер-
лер  кеңесі  жылма-жыл  кеңестер  сійезіне  еңбекшілер  жіберген  өкілдері 
алдында жыл бойы не істегені, келер жылы не істеуі тыуралы есеп беріп 
тұрады. 
Өктебір төрті бүтін Қазағыстанда респүблійке мійрамы. 

Бес томдық шығармалар жинағы
86
Əйелдер күні. 
Қазақ қызы малға сатылып
«Ақ мылтық алты қарыс аттың, əке, 
Он малға мені қыйып саттың, əке, 
Тор көзді тоқсан басты сенің үйің
Торғайдай басым шыймай неттім, əке!»
Деп жылай-жылай кетеді. 
Малы болса, кəрі тал шыбықтай бұралған жас қызды алады. «Қыздың 
байы шал емес, мал» дейді. Қыздың ырзалығын еш кім сұрамайды. 
Ерікккен байлар төсек жаңғырытқысы келсе «жас қызды» қатын үстіне 
ала  салады. «Ат  өлсе  сауыр  мұра,  аға  өлсе  жеңге  мұра»  деп  байы  өлген 
қатын қайын аға, қайын інісінен кетіуге жоқ. 
Əйелдің осы қорлығын, кемшілігін жойыу үшін Қазағыстан үкіметі заң 
шығарған. Ол заң бойынша, қалың мал құрыйды. Көп қатын алыу жойыла-
ды.  Əйелді  зорлап  күйеуге  беріу  бітеді.  Бұл  заң – қазақ  əйелінің  басына
бостандық алып беретүн заң. Сол заң шыққан күнін Қазағыстан əйелі мій-
рам қылады. Сол мійрам күні – ғынуардың бір жаңасы.

Бес томдық шығармалар жинағы
87
VII. Есеп білдіргіш 
(«Жасасын еңбек кітабынан»)
Метір өлшеуін Ресей неге алған.
Ресейде бұрынғы шақырым қадақ деп өлшейтін өлшеулердің кемістігі 
мол. Ол бұрыннан белгілі еді. Бұл өлшеулердің дұрыс негізі жоқ, байан-
сыз  еді,  бұлар  бұрын  тұрмысқа  əлде  қалай  кіріп  кеткен  қадақ,  кездердің 
үлгісі Ленінгыратта «Палана» деген орында сақтаулы болады. Сол үлгілер 
жойыла қалса, қадақ кездерді қайтадан дұрыстап шығарыуға тіпті келмес 
еді, онан соң бұл өлшеудің тағы бір кемшілігі – үлкен сан мен кіші сан-
ның арасы ылғый бірдей болып отырмайды. Мəселен, пұтта қырық қадақ 
бар, қадақта отыз екі лот бар, лотта үш мысқал бар. Бұларды санап-есептеу 
де қыйын. Жана өлшеулеріміз əр түрлі: қадақ, шелек, кез деген сыйақты. 
Бұлардың  бір  бірімен  жақындығы  жоқ.  Қала  берді  қадақ,  кез  дегендерді 
жалғыз Ресейде ғана ұстайды. Басқа жерде жоқ. Басқа жерлер мен алыс-
беріс болса біздің өлшеулерімізді басқаларға салыстырыу керек, бұған көп 
ұуақыт, күш босқа кетеді. 
Сол кемшіліктер метір өлшеуінде жоқ. Метір өлшеуін шығарған өз за-
манындағы Пырансұз елінің ұлы есепшілері. Пырансұз үкіметі метір өл-
шеуін 1795 жылы  қабыл  еткен.  Пырансійеден  бүтін  жер  жүзіне  тараған. 
Метір өлшеуінің артықшылы: 1) өлшеуші өзгермейді. Өлшеуіщті ғылым 
табыйғаттан  алған.  Метір  жердің  екі  төбесі  арқылы  айналдыра  тартқан 
мірдійан деген сызықтың қырқ мілійон бөлімінің бірі; 2) өлшеуіш жалғыз 
ұуақ-ірілері басқа өлшеулері сол жалғыз өлшеуіштен шығады; 3) метір өл-
шеуінің үлкені кішісінен он, жүз, мың, – онан əрі де сондай үлкен болып 
отырады. Кішілері де үлкенінен он, жүз, мың – онан əрі де сондай кішірей-
іп отарады. Бұл санауға оңай. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет