Используемая литература:
1.
Государственный общеобразовательный стандарт дошкольного образования Республики
Казахстан г. Астана 2007г.
2. Силиванова Л. В. Игры с песком в работе логопеда / Силиванова Л. В., Кондратьева С. Ю.
// Логопед в дет. саду. – 2008. - № 3.
3. Бабина Е. С. Нетрадиционные методы терапии в логопедической работе // Логопед.
643
4. Аммосова Н. С. Самомассаж рук при подготовке детей с речевыми нарушениями к школе
[Текст] : Логопед, № 6,
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ОҚЫТУҒА
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тусупбаева А.К.
Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сәйкес, мектепалды даярлық
мәселесі қайта жандандырылуда. Бұл игі шараның үлкен жетістігі - баланы заманауи
талаптар тұрғысынан дамыту ісінің мақсатты түрде, жоспарлы әрі қарқынды жүргізіле
басталды. Мектепке даярлық деңгейін анықтауда басшылыққа алынатыны, көбінесе, оқу және
жазу іскерліктерінің шамасы. Ал, баланың жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл-күйінің
сипаты; сынып-сабақтық жүйеге төзімін білдіретін еріктік қасиеттері; жазба білімдерді
қабылдап, игеруге қажет таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Бұдан
шығар қорытынды - баланың мектептегі оқуға даярлық көлемінің педагогикалық тұрғыдан
ғана қарастырылатындығында. Осы тақырыпты зерттеумен айналысқан жүздеген ғалымдар
еңбегі теңдессіз мәліметтер бергенімен, зерттеу нәтижелерін білім беру жүйесіне ендіру осы
уақытқа дейін эксперименттік сипат алып отыр. Баланың жеке басын жан-жақты дамыту мен
мектепке даярлау ісі - бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды шаралардың бірі.
Жалпы білім беретін мектептердің 1 - сыныбына қабылданған балалар, мектептік оқу
жүйесінде айтарлықтай қиындықтарға ұшырайды. Олардың сәтсіздіктерінің басты себебі -
мектептік оқуға даяр еместігінде. Оқуға берерде баланың тек биологиялық жасына немесе
дене дамуының көрсеткіштеріне сүйенбей, мектепке психологиялық даярлығының өлшемін
жасап шығару - уақыт талабы екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы ретінде мектепке дейінгі тәрбиенің негізгі
міндеті - бала өмірін сақтау, денсаулығын нығайтумен қатар, оны мектепке даярлау болып
табылады. Мектеп, жаңа әлеуметтік орта ретінде, балаға нақты талаптар қояды және одан
белгілі бір ережелерге бағынуды талап етеді. Сондықтан баланы мектепке даярлау үрдісі оқу
әрекетіне қатысты құзыреттіліктерді игеру ғана емес, оның жеке басының дамуы мен
әлеуметтік ортадағы өзара қарым-қатынастарына да қатысты белгілі бір өлшемдерді меңгеруді
қажетсінеді.
Мектептік оқуға даярлық үрдісінің қажеттілігі баланың әрі қарай жалпы дамуы мен білім
алуы барысында аса маңызды құрал болып табылады. Бұл бағытта Л.С.Выготский,
К.Д.Ушинский, А.П.Усова, ФА.Сохина, Т.В.Тарунтаева, Л.П.Болтунов, А.Н.Леонтьев,
Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, В.В.Давыдов, Ю.А.Левин, Е.Е.Кравцова, Е.Г.Сапогова,
Қ.Қойбағаров,
Қ.Сейсембаев,
Б.Баймұратова,
А.К.Меңжанова,
Х.Т.Шериазданова,
Г.М.Қасымова, Ж.Рысбекова, М.Сәтімбекова, М.А.Асылханова зерттеулерін атап өтуге
болады.
Психологиялық сөздікте "мектепке психологиялық даярлық" ұғымын былай анықтайды:
баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапалар кешені. Ол
мектеп пен оқуға жағымды қатынастан (мотивтік даярлық); мінез-құлықтың ырықтылығының
барынша жоғары деңгейінен (еріктік даярлық); білім, іскерлік, дағдының белгілі бір қоры мен
таным үрдістерінің даму деңгейінен (ақыл-ой даярлығы), сондай-ақ үлкендермен және
кұрдастарымен өзара қарым-қатынас орнатуды, сынып ұжымы өміріне араласып кетуді,
644
бірлескен әрекетті орындауды қамтамасыз ететін адамгершілік сапалардың қалыптасуынан
тұрады. Баланың мектепке даярлығы оқып-үйренуді құрайтын біртұтас сапалар жиынтығынан
тұрады деген тұжырымды қуаттайтын психологтар А.В.Запорожец, А.Н.Леоньтев,
В.С.Мухина, Л.А.Венгер мектепке даярлық ұғымына баланың оқу тапсырмасын түсінуін;
орындау тәсілдерін меңгеруін; өзін-өзі бағалай және бақылай алуын; мұғалімді тыңдап,
материалды еске сақтау қабілеттерін жатқызады.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы
бірлескен өзара тығыз байланыста болуы қажет. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты –
тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана
нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Мектеп жасына
дейінгі кезеңде баланы дамыту барысы:
1. Зейінін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
Балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық және
физиологиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытудың даярлық
сапасының жағдайын жүзеге асыруы қажет. Алты жасар бала мектеп жағдайында оқуға
дайын. Себебі ол қимыл-тірек қозғалысы жағынан саналы әрекет етеді. Ол үлкендер
ұсынған тілек-талаптарды өздігінше орындай алады. Ойын барысында да ойлы әрекет ету
арқылы өзінің не істегісі келетінін біліп, соны дұрыс атқаруға тырысады, өз әрекетінен
белгілі дәрежеде қорытынды шығарады. Психологиялық дайындықтың құрамынан мынадай
компоненттерді ажыратуға болады.
- интеллектуалдық
- жеке тұлғалық
- әлеуметтік-психологиялық дайындықпен ерекшеленеді.
Баланың мектепке интеллектуалды дайындық компоненті баланың ой-өрісінің, нақты
білім қорын қарастырады. Балалардың қоршаған ортамен тұрмыстық білім қорындағы
мынадай мәліметтерді түсіндіруге болады: баланың өзі туралы, туысқандары туралы,
қоршаған табиғи ортада тұратындығы туралы, үй тұрмысындағы мүліктер,кеңістіктер туралы
тағы да көптеген мағлұматтары болуы. Бала өскен сайын қоршаған ортаны танып, әлемге
деген көзқарасы қалыптаса бастайды,оңды-солды айыра алуы бірте- бірте кеңейе түседі.
Мектепке келген сәтінде баланың ықыласы ерікті болуы қажет, яғни берілген білімді
игеруі. Алғашқы күннен бастап оқытудың бірінші сатысында балалардың есте сақтауына көп
талап қойылады. Өйкені бала оқу бағдарламасын жақсы меңгеруі үшін оның есте сақтауы
ырықты жақсы болуы керек, соның нәтижесінде алған білім өнімдірек болады. Еспен қатар
ойлау оқуды игерудегі өте қажетті, әрі басты маңызды процесс. Оқуға түскенде ойлаудың
міндетті түрде 3 негізгі түрі қамтылуы қажет; көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық, көрнекі-
әрекеттік ойлау.
Балалардың оқуға жеке-тұлғалық дайындығы да маңызды, ол яғни танымдық және
интеллектуалдық баланың оқуға немесе жетістіктерге жету ықыласына байланысты болады.
Бұл дайындық компоненті баланың жаңа әлеуметтік позициясына қабылдауына дайындығы,
әрі оқушының атқаратын міндеттері мен құқықтарын иемдену жағдайлары басты болып
табылады. Жеке тұлғалық дайындық баланың мектепке, оқу әрекетіне, ұстаздарға, өзіне
қатынасын көрсетеді.
Әлеуметтік психологиялық дайындықтың ерекшелілігі, балалардың басқа балалармен,
мұғалімдермен қарым-қатынасын, соның ішінде баланың коммуникативтік ерекше мінезін
көрсетеді. Мысалы, ықыластылығы, қайырымдылығы, мінезінің жұмсақтылығы, көпшілділігі,
осылармен қатар жеке баланың жігерінің ерекшелігі: бір беткейлілігі, табандылылығы,
645
қайраттылығы, және т.б. қасиеттері оқудағы жетістікке жетуінде едәуір белгілі бір орын
алады. Мысалы, бала мектепке, өз сыныбына келгенде барлығы бір жұмыспен айналысады,
осы кезде ол басқа балалармен тіл табыса алуы, басқаларға жол беруі және қорғауы өте қажет.
Сондықтан бұл дайындық ерекшелегі баланың қарым-қатынасының дамуына, оның
бастауында ерекше рөл атқарады.
Аталған мәселені қарастыру барысында зерттеу жүргізілді. Эксперименттік зерттеуде
«Фонематикалық есту» тесті, «Мен мектепке барамын» әдістемесі, «Сөздік қорды анықтау»
тесті қолданылды.
5-6 жастағы баланың мектепке даярлық деңгейі бір немесе бірнеше күрделі тестер
жиынтығынан тұратын кешен көмегі арқылы анықталады. Қарапайым тестерге
фонематикалық есту тесті, мағынасыз буындарды көшіру және сөздік тестерді жатқызуға
болады. Күрделі тестерге қысқа мерзімді есте сақтауды анықтау және ойлау қабілетін
бағалауға арналған тестерді жатқызамыз. Сынақ жұмысы 15-20 минут аралығында
жүргізіледі.
Сыналушыларға «Фонематикалық есту» тестін жүргізілді. Балаға келесі ұсыныс
жасалды: «Екеуіміз бір сөз ойланайық, мысалы, «терезе». Мен ол сөзді бірнеше рет
қайталаймын, содан кейін оны басқа сөзбен алмастырамын, мысалы, «орындық». Басқа сөзді
ести салысымен, мынадай белгі жаса (көрсетеді). Осылайша маған менің қателігімді
көрсетесің. Содан кейін, менің қате айтқан сөзімді атайсың. Егер тек екеуіміз таңдаған сөзді
ғана қайталасам, соңында сен «Барлығы дұрыс» дейсің. Түсінікті ме?» Қанағаттанарлықтай
жауаптан кейін тікелей сынаққа көшуге болады. Сынақ төрт тапсырмадан тұрады. Бірінші
тапсырма танысу-жаттығу түрінде беріледі (оның нәтижелері тест орындалуын бағалау
барысында ескерілмейді). Қалған үш тапсырма нәтижелері есепке алынады.
Алынған ұпайлар саны
Фонематикалық естудің даму деңгейі
0-4
Төмен
5-8
Орташа
9-12
Жоғары
Кесте 1. Фонематикалық естудің даму деңгейінің өлшемі
Баланың мектепке психологиялық даярлығы құрамындағы интеллектуалдық бағытты
сөздік қорын анықтау арқылы («Сөздік қорды анықтау тесті») тексеруге болады. Тексеруге
бағытталған басқа да тестер сияқты, берілген тест таңдау принципі бойынша құрылған: белгілі
бір сөздер жиынтығы таңдалып алынады және олардың қайсысы балаға белгілі екені
анықталады. Алынған нәтижелер негінде баланың жалпы сөздік қоры туралы айтуға болады.
Тексерушілер құзырына қалыпты өзара байланысқан бес сөздік қатар берілген. Сондықтан да
болашақ бірінші сынып оқушыларын зерттеу үшін тексерушілер бұл қатарларды кезекпен
колданылуларына болады: бір балаға бір қатар, екіншісіне келесі қатар беріледі және т.с.с.
Сөздік қордың даму деңгейін анықтау өлшемі
(алынған ұпайлар санына сәйкес)
Төмен
Орташа
Жоғары
11
12-14
15
646
Кесте 2. Сөздік қордың даму деңгейін бағалау өлшемі
Баланың мектепте оқуға мотивациялық дайындығын тексеру үшін «Мен мектепке
барамын» әдістемесі қолданылды. Бұл әдістемені жүргізу барысында баланың оқуға қарым –
қатынасы, мектепте оқуға жеке басының дайын не дайын еместігі туралы ақпарат алуға
болады. Егер де баланың таным процестері жақсы дамыған болса және ол басқа балалармен
және үлкен адамдармен іс-әрекетке түсе алса да, бала толығымен мектепте оқуға дайын деп
айтуға болмайды.
Сауалнама нәтижесін өңдеу үшін қарапайым сандық талдау жасалынды.
Орташа статистикалық мән келесі формула бойынша шығарылды: М=Х/N. Мұндағы Х –
сауалнама барысында алынған нәтиже болса, N – сыналушылар саны. Анықтау
экспериментінің нәтижесі эксперимент тобындағы сыналушылардың мектепке даярлығының
6% төмен деңгейін, 58 % орташа деңгейін және 36 % жоғары деңгейін, бақылау тобында 8 %
төмен деңгейді, 54 % орташа деңгейді және 38 % жоғары деңгейді көрсетті (4-кесте).
Кесте 3. Эксперимент тобында мектепалды даярлық деңгейлері
Баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапалар –
мектепке психикалық даярлық мазмұнын құрайды. Ол – баланың мектептегі оқу әрекетіне
жағымды қатынасынан: мінез-құлықтың ырықтылығының барынша жоғарғы деңгейінен:
білім, іскерлік, дағдыларының қоры мен таным процесінің дамуынан, сонымен қатар
мұғалімдермен және сыныптастарымен өзара қатынасын орнатуды, ұжым өміріне үйреніп
кетуді, бірлесіп әрекет ететін сапалардың қалыптасуынан тұрады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы». А., 2010.
2. Битьянова М.Р. Адаптация ребенка в школе: диагностика, коррекция, педагогическая
поддержка. М., 1997.
3. Запорожец А.В. Подготовка детей к школе. М., 1980.
4. Сәтімбекова М. Мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселелері. // Қазақстан мектебі. А.,
2000., № 5-6.
ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Тусупбекова Акмарал Курмановна
Акишева Қарлығаш Қайзайтовна
№63 «Мөлдір» балабқшасы КМҚК
Зерттеу құралдары
Жоғары
деңгей
Орташа
деңгей
Төмен
деңгей
«Фонематикалық
есту» тесті
9 / 60 %
5 / 34 %
1 / 6 %
«Сөздік
қорды
анықтау тесті»
2 / 14 %
12 / 80 %
1 / 6 %
«Мен
мектепке
барамын» әдістемесі
5 / 34 %
9 / 60 %
1 / 6 %
Орташа мән
36 %
58 %
6 %
647
Қазіргі заман талабына сай, жан –жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен
ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдеби парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру,
білім беру бүгінгі таңда отбасының, бала – бақшаның, барша елдің халықтың міндетті.
Н.Ә.Назарбаев
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында қиын, қыр-сыры мол үлкен
қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі, бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз ата-ана. Бала
тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ
ассақ «Бақытыңды басқадан емес, балаңнан ізде» -деген даналық сөз бар. Кез келген адам өзі
жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне
мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен
атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты
нәрсе.
Адамға нағыз бақытты - тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Олай болса адам өмірінің
мәні-өз ұрпағы, яғни баласы. Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен
тәрбиелік мәні бар. Мәдениетті отбасындағы ерлі -зайыпты кісілердің бір-біріне айтқан игі
ниеті, кішіпейілдігі, отбасындағы туындаған мәселелерді ақылдаса отырып шешуі бала
мінезіне жағымды әсер етеді.
Бала әке-шешеге берілген аманат. Бала тәрбиесі қай кезден басталатындығы жәйлі
көптеген пікір - таластар бар. Кейбіреулер тәрбие тал бесіктен басталады десе, келесісі бала ес
біліп, етек жеңін жиып, ержеткен соң тәрбие ала бастайды дейді. Ал, ғалымдар болса: «бала
ана құрсағында пайда болған кезден-ақ оның тәрбиесі басталады»- деп айтады.
Бала тез еліктегіш, иланғыш болғандықтан жаман қылықтарды да тез үйренеді. Бала
кішкентай кезінен әр нәрсеге әуестеніп, үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір ата-ана
«жұмысыма кедергісің уақытымды алдың - деп ұрысып жіберуі мүмкін, бұл қате түсінік.
Керісінше өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның
үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін
орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн.
Отбасы - ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Жоғарыда айтылғандай
отбасы мүшелерінің дұрыс қарым – қатынасы баланы адамгершілікке, ізеттілікке,
мейірімділікке тәрбиелейді. Ана тілінің тағдыры да осы отбасынан басталады. Бала отбасынан
жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз: «Бала ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
Баланың отбасында тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі - отбасы ішіндегі
және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыстан
туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп оны өмірге тәрбиелейді. Отбасының
аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата
– ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы – өмірге сәби әкеліп, оны
тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Көздеген мақсатқа
жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді. Отбасында баланың өсуіне,
денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру, сүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй
шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне – өзі қызмет етуге үйретеді. Өстіп
баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады.
Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым – қатынас жасауы, үлкенге құрмет,
кішіге ізет көрсетуі балаға үлгі. Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу жүзеге асу үшін бала
дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепке дейінгі мекемеде
тәлім – тәрбие беріледі. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы жағдайлармен тығыз байланысты.
«Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы
өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын
өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез –
құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба?» деген сауал
648
туады.
Ұлы педагог А. С. Макаренко: «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана
жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын
рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы?
Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады»деген.
Отбасы – барлығының басы, жан – жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты.
Отбасындағы ата – ана мен баланың қарым – қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық,
дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады.
Ал әке мен шеше – баланың алғашқы тәрбиешілері.
Ата–аналар бала бақытының шынай бағбаны болуы тиіс. Бала бақыты – білімде. «Білім
– бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды»,-
дегенА.Байтұрсынов.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата –
аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде
отбасының басым рөлін мойындай отырып, бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір педагог
тәрбиеші ата – аналармен қарым – қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа
технологияларды пайдалана отырып, ата – ананың қызығушылығын арттыру мақсатында
жұмыс жасаса, ата – ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Баланы
тәрбиелеуде отбасымен балабақша ынтымақтастықта атқарған қызмет түрлері баланың
атқаратын жұмысын ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт беретін орта деп айтуға
болады.
Отбасы тәрбиесі кешенді педагоикалық мақсатпен ұштасу арқылы іске асады. Оның
қуат алатын қайнар бастауы отбасы мен мектепке дейінгі білім ұйымы.
Отбасында басталған тәрбиенің жалғасы мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің еңбегі
арқылы ұштасып жатады яғни балабақшадағы тәрбие мен отбасындағы тәрбие бір – бірін
толықтырады. Мұндағы тәрбиешіге жүктелген ең басты міндет- бала бойына сіңіретін тәлімді
тәрбие түрлерін оқу іс-әрекеті бойынша мазмұнды өткізу болып табылады. Тәрбиені
ұйымдастырудың ең қолайлысы мақсаты мен мазмұны бай әдіс екендігі іс-тәжіребиеде
ақталған. Баланың сәби кезіндегі аса жауапты тіршілік әрекеттері, отырып-тұрудан бастап,
тамақ ішу, тазалық сақтау, бір-біріне қайырымдылық жасау, тіл үйрену, айналаны танып білу
балабақшадағы тәрбиеден. Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл
– қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі – ең жоғарғы тілек, ең
биік мақсат.
Балабақшада ата–аналармен жұмысты ынтымақтастықта ұйымдастырудың негізгі
мақсаты:
•
ата–
ананың
өмірге
деген
көзқарасын
өзгерту;
• баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;
• ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты
өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогикалық іркіліс, кешеуілдеу
адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми - техникалық прогрестің табандауына
соқтырады. Сондықтан да педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп,
жинақтап отыруы қажет.
Осы уақытқа дейін тәрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі және жауапкерлі болып
көрген емес. Бұрын дүние басқаша кейіпте болды. Онда бүгінгі балалар тәрбиесіндегі
қиындықтардың кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар
мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты,
бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді. Бұл ретте балабақшаларының атқаратын ролі жоғары.
Балабақша — мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме. Мектепке дейінгі
балалық шақ - жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы ерекше кезең. Бұл кезеңде бала
айналасындағы ересек адамдарға тәуелді. Мысалы, ата-анасына, балабақша тәрбиешісіне, т.б.
649
Осы жаста дұрыс көрсетілмеген күтім, берілмеген тәрбие келешекте үлкен проблемаларға
соқтырады.
Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен
үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен
пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді,
табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы
сөз жан семіртеді.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан екі бағыт бары белгілі:
отбасылық және қоғамдық. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесін тіпті жоғары дәрежелі балабақша
мен мектеп алмастыра алмайды деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қосылуға болады.
Бақшамызда баланы еңбексүйгіштікке баулуда ата-аналармен бірлестікте біраз шаруалар
атқарылдуда. Баланы өзіне өзі қызмет етуге үйрету, үй шаруашылығында еңбекке баулу
сияқты шаралар екі жақты ынтымақтастықта жүргізіледі.
Педагогика саласында ойын арқылы балаларды еңбекке дағдыландыруды алғаш рет
мәселе етіп көтерген Н.К. Крупская. Сондай-ақ ол өзінің педагогикалық шығармаларында ата-
ананың да білім деңгейін көтеру керектігі, оларды балабақша өміріне араластыру қажеттілігі
жайлы да атап көрсеткен. Себебі баланы қалай тәрбиелеу керектігін білмейтін ата-аналар
кездеседі ғой.
Біздің балабақшада ата – аналармен бірлесе отырып, баланың тұлғасын дамытуға
біріңғай білім білім мен тәрие беру кеңістігі қалыптастырылған. Отбасымен бірігіп
балалардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасалған. Баланың
тұлғалық қасиетінің дамуы үшін отбасында эмоционалды жағдай туғызу, психологиялық
жағынан кедергісіз жетілуін қамтамассыз ету үшін ата – анаға көмектесу. Отбасының
тәрбиесін, әдептерін, дәстүрін сақтауын ескере отырып, балалардың әлеуметтік ортаға қарым
– қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал ету және т.б.
Атқарылатын істер жүйелі жүру үшін алдымен ата-аналар арасында сауалнама тағыда
басқа көптеген жұмыстар жүргізіліп, мекемеміздің даму деңгейі, отбасымен жұмыс мазмұны
анықталады. Әрі қарай білімдік қызмет көрсетуде ата-аналардың қажеттілігін зерттеу, ата-
ананың педагогикалық және құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында ағарту шаралары
жалғасын табуда.
Достарыңызбен бөлісу: |