Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет107/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113

Abstract 

This article is devoted to one of the main topics on development and application of trilingual 

education in schools. Trilingual is a factor which promotes development of intellectual potential of 

the Kazakhstan youth’s. In the world community Kazakhstan has to perceive as the highly educated 

country which population freely uses three languages. We tried to share how trilingual was 

introduced in our school and as practical skills at mathematics lessons were applied. And also to 

understand the reasons of faced problems and tried to find and specify ways on elimination of these 

problems. After all only such knowledge and application of languages will be able to promote 

development of intellectual elite of Kazakhstan. 

Адамзат  дамуының  үшінші  мыңжылдығы,  ХХІ  ғасыр  ұлттық  бəсеке,  ақпараттық 

сайыс, инновациялық технологиялар жəне экономикалық өзгерістермен ерекшеленеді. 

 Өркениеттің  көші  алға  жылжып,  ғылым  мен  техника  қарыштап  дамыған  сайын,  сол 

кезеңге сай білім мен мəдениеттің көкжиегі де кеңеюіне тура келетіні  ақиқат. Сол себепті де   

интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары, халықаралық деңгейге сəйкес бəсекеге қабілетті 

білімді  жеке  тұлғаны  оқыту  мен  тəрбиелеу  үшін  кез  келген  мемлекеттің  алдына  қоятын  ең 

маңызды    көкейтесті  мəселелерінің  бірі  білім  беру  жүйесіне  өзгерістер  енгізу  болып 

табылады. 

Мемлекетіміздің  мектеп  реформасында  қаралған  үш  тілде  оқыту – қазіргі  заман 

қажеттілігі.  Осы  мақсатта  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдері  ұлтына  қарамастан  тең  дəрежеде 

924


жүзеге  асырылады.  Елбасының  жолдауында  айтылғандай,  шəкірттеріміз  əлемдік  білім 

кеңістігіне ену үшін білім  беру жүйесін халықаралық деңгейге көтерілуі керек. 

Қазіргі заман талабына сай жан-жақты зерделі, дарынды, талантты əрі көшбасшы тұлға 

қалыптастыру  бағытындағы    білім  беру  ісі - бүгінгі  күн  талабы.  Бұл  талапқа  жету  жолы - 

білім берудің тиімді жолдарының  таңдай білу.  

Баланың  жеке  тұлға  ретінде  дамуы,  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуы,  

ой – өрісінің  кеңеюі  мектеп  қабырғасында  басталады.  Сондықтан  да  қазіргі  заманауи 

мектептегі  жаңартпашыл  оқыту  процесі  жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқыту  принциптеріне 

негізделіп, баланың жас  ерекшеліктеріне қарай қоғамды өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін 

айқындауды қарастырады.  

Шəкəрім атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған 

мектеп болғандықтан, жаңаша инновациялық үш тілде білім беру моделін құру 2008 жылы 

бастау  алды.  Яғни,  мектепте  математика,  физика,  химия,  биология  пəндерін  оқытуды  тек 

қана  өзіміздің  ана  тілімізде  ғана  емес,  сонымен  қатар  ағылшын  тілінде  де  білімдерін 

тереңдете оқытуды бастады. Мұндағы негізгі мақсатымыз -  мектеп бітірушілеріне шет тілін 

сапалы  меңгерту,  бұл  өмірден  туындап  отырған  қажеттілік  екенін  түсіндіріп,  көп  тілділік 

орта қалыптастыруға кешенді əрекеттер ұйымдастыру.  

Мектепте вариативті курс негізінде аптасына бір рет "Basic mathematics" (ағылшын 

тілінде базалық математика) атты  курсы бойынша  арнайы бағдарлама құрылып, сабақтары 

жүргізілуде. Бұл бағдарламаға шетел авторлары Greg Byrd, Lynn Byrd and Chris Pearce 

құрастырған, «Cambridge» баспасынан шыққан «Mathematics» оқулығы  негізінде 

Қазақстанның білім беру стандартын ескере отырып жасалды.  

Бұл бағдарлама математика пəнінің 6 – шы сыныпқа арнайы əзірленген. Əрбір 

оқушыны жеке тұлға етіп тəрбиелеу үшін білімі мен білігіне сай келетін оқыту 

бағдарламасын таңдай отырып, олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту 

Бағдарлама мақсаты - шығармашылық  ізденісін тереңдете отырып, сөздік қорын 

дамытуға, дарынды баламен жұмыс жасауға,оқушының танымдық  қабілетін  дамыту 

көзделеді. 

Бағдарлама міндеті – өз бетінше дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, танымдық 

əрекет етудің əдістері мен дағдыларын меңгерту; 

Бағдарламаның ерекшелігі - ұсынылған бағдарламада оқушы өзіне қызықты əрі қажеттісін 

алады.  


Ұсынылып отырған бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады: 

Оқу пəнінің мазмұны мен құрылымы.



Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау.



Базистік  математиканы  оқытудың  мақсатқа  жету  жолдары - оқушылардың 

базистік  математикаға  деген  қызығушылықтарын,  олардың  шығармашылық  қабілеттерін 

дамыту, əрбір оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттерін жетілдіру үшін жағдай жасалады.  

Күтілетін нəтиже - қарапайым математикалық терминдерді қолдану арқылы есептерді 

шығарып, сол есепті  ағылшын тілінде айтуға үйренеді.  

Көптілде сөйлей алатын тілдік құзыреттілік біліктілігін қалыптастырады; 

Үш немесе одан да көп тілде қарым-қатынас жасай алады жəне дерек жинай біледі; 

Кез-келген  бастаманы  алғашқылардың  бірі  болып  бастау  қашанда  қиынға  соғады.  Базистік 

математика  бағдарламасына былтырғы оқу жылында сараптама жасалып, оның тиімді жəне 

тиімді емес жақтары қарастырылып, бірнеше кедергілер мен қиындықтар ескерілді.  

Үш тілділікті енгізуде  көптеген қиындықтар болды. Атап айтатын болсақ:  

925


жеке  пəндер  үшін  үш  тілділікке  байланысты  бағдарламаның  болмауы

(күнтізбелік – тақырыптық жоспарлардың жоқтығы) ;  

оқушыларға  математиканы  ағылшын  тілде  беретін  кадрларды  даярлау



бойынша  оқу  орындарының  жоқтығы  (яғни,  жастарға  үш  тілде  білім  беру  үшін  ең 

алдымен  жоғары  оқу  орындарында  арнайы  осы  бағытта  жұмыс  істейтін  ұстаздарды 

даярлау қажет);  

арнайы оқу құралдарының болмауы;



оқушылардың  ағылшын  тілінде  еркін  сөйлей  алмауы  (аталмыш  пəн  бойынша

тақырыптарды түсіну жəне өз ойын еркін жеткізуде тілдік кедергілерді жою); 

сабақ беру үрдісінде уақыттың тапшылығы.



Осы қиындықтарды болдырмау үшін келешекте көптеген жұмыстар жүргізіліп, арнайы білім 

беру стандартына сəйкес бір бағдарлама құрастырылу керек болды. 



Бағдарлама  мынадай бөлімдерден тұрады:  

Санның  процентін  табу.  Проценті  бойынша  санды  табу.  Осы  ұғымдардың



ағылшын тілінде оқылуы мен жазылуы.  

Қатынас. Пропорция. Осы ұғымдардың ағылшын тілінде оқылуы мен жазылуы.



Шеңбер.  Шеңбердің  ұзындығы  ұғымдарының  ағылшын  тілінде  оқылуы  мен

жазылуы. 

Рационал  сандар  жəне  оларға  амалдар  қолдану  ағылшын  тілінде  оқылуы  мен



жазылуы. 

Санның  модулі  қарама-қарсы  сандардың  ағылшын  тілінде  оқылуы  мен



жазылуы.  

Оң жəне теріс сандардың  ағылшын тілінде оқылуы мен  жазылуы.



Бір  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеу  жəне  олардың  жүйелері  ағылшын

тілінде оқылуы мен жазылуы. 

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жəне олардың жүйелері ағылшын



тілінде оқылуы мен жазылуы.   

Координаталық жазықтық  ағылшын тілінде оқылуы мен жазылуы.



Сызықтық  функция  ұғымы  жəне  оның  графигі    ағылшын  тілінде  оқылуы  мен

жазылуы.  

 Екі  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеу  жəне  олардың  жүйелері  ағылшын

тілінде оқылуы мен жазылуы.

Сондай-ақ  бұл  бағдарлама  əр  тақырыпқа  байланысты  тест  жұмыстарды,  жаттығуларды 

қамтиды.  Осы  жаттығулар  арқылы  оқушылар  алған  білімдерін  бекіту,  дамыту  мақсатында 

жаттығуларды орындаған кезінде өз білімін тексеру мүмкіндігіне ие болады.

  

Тақырыптық күнтізбе жоспары 



 Сабақ тақырыбы 

Сағат 

926


 

Көкжиегімізді  кеңейтіп,  өзгемен  тереземіз  тең  болу  үшін,  əлемдік  аренада  үлкен 

беделге  ие  болу  үшін  де  ғылым-біліммен  қарулануымыз  керек.  Оған  тек  тілдерді  меңгеру 

арқылы  ғана  жетеміз. Олай  болса,  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  қатар  меңгерген  бəсекеге 

қабілетті маман атану – бəріміздің негізгі мақсатымызға айналуға тиіс. 

Міне,  осындай  маңызды  мəселелерді  шешуде  жас  ұрпақты  сапалы  да,  саналы    ой 

еңбегіне тəрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.  

 І тоқсан 

Concept of a percent. 



Exercises. 



Practice Exercises: Consumer Math 



Proportion. 



Properties of  proportion. 



Direct variation. 



Inverse  variation. 



Scale (Масштаб) 



Sets. Set operation: union, intersection, complement, difference. 



Тest. 




ІІ тоқсан

Circle and  length of circle. 



Integers  



Integer Addition 



Integer Subtraction 



Integer Multiplication 



Fractions 



Classifying Fractions 



Equivalent Fractions 





    ІІІ тоқсан 

Comparing Fractions

 

Ordering Fractions

 

Converting Fractions to Mixed Numbers

 

Rational Numbers. Adding  and Subtracting  rational Numbers 



Multiplying and  Dividing Rational Numbers

 

Introduction to Decimals

 

Read and Write Decimals

 

Comparing Decimals



Ordering Decimals.

 

Estimating Decimal Sums.

 



IV тоқсан 

Solving Decimal Word Problems.

 

Estimating Decimal Products.

 

Multiplying Decimals

 

Dividing Decimals by Decimals 



   3 

Test. 


927


Əдебиеттер тізімі 

1. A.Gafur Taskin, Mustafa Kirikci. Pre-Algebra1. М.: Zambak

2. A.Gafur Taskin, Mustafa Kirikci. Murat Kol. Pre-Algebra2. М.:Zambak

3.Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк

бағдарламасы. 

5.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы

6.Greg Byrd, Lynn Byrd and Chris Pearce Mathematics. М.: Cambridge, 2013

7. Ағылшын тілі мектепте. 2009 №5. 2010 №1. 3.

8. Қазақстан Республикасының Президентінің 2011жыл 29 қаңтардағы Қазақстан халқына

жолдауы. 

9. Қазақстан мектебі 2002жыл №3 жəне№10

10. Ағылшын тілі мектепте 2010жыл №1 жəне 2009жыл №1

928


ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ – ОҚУШЫ МҮМКІНШІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ 

ТƏСІЛІ 

Касенова Г. Т. 

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   

Аңдатпа

 

Аталған  мақалада  дифференциация – оқушы  мүмкіншілігін  дамытудың  тəсілі  ретінде 



қарастырылған.  Əр  оқушының  сұранысын  қанағаттандыруды  дифференциацияның  əдіс-

тəсілдерін сабақтарда қолдану арқылы жүзеге асырылады. 



Аннотация

 

Дифференциация,  указанная  в  данной  статье,  рассматривается  как  способ  развития 



возможностей учащегося. Применение   на уроке различных методов  дифференциации дает 

возможность    удовлетворить потребности  учащегося. 



Abstract 

In the given article the author examines differentiation as a learner capacities defining approach. 

To develop each learner's talents there need appears to utilize  differentiation  types in the classroom. 

Қазақстан  Республикасының  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  саясатының  басты 

мақсаттарының  бірі  жан-жақты,  жоғары  білімді,  шығармашылық  қабілетті  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру. 

Білім жүйесі ел өміріндегі аса маңызды стратегиялық сала болып табылады. 

Еліміздің мəртебесінің биік болуы ел болашағы – жас ұрпақтың белсенділігі мен  іскерлігіне 

тікелей байланысты. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – 

əр  оқушының  сұранысын  қанағаттандыру.  Білім  беру  барлық  білім  алушыларға  бірдей  де 

қызық болуы керек, сондықтан біздің сабақтарымыз əр оқушының талабынан шығуы керек. 

 

Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан ұстаздың сабақты өткізу шеберлігі мен жаңа 



технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты. Қазіргі кезде баланың тұлғалық дамуына 

бағытталған  жаңа  оқыту  технологиялары  көп.  Сондай  жаңа  əдіс-тəсілдердің  бірі – 

дифференциация.  

Сабақтарда  дифференциацияны  қолданудың    басты  мақсаты - сынып  оқушыларын 

«қабілетті», «қабілетсіз»  деген  жіктерге  бөлуді  болдырмайды.  Бұл  əдістің  тиімділігі  оқушы 

жаңа тақырыптан алған білімін бекітіп, тəжірибеде қолдана білуге жаттығады, жеке баға үшін 

оқып  жүруден  құтқарады,  түсініп  оқуға  ұмтылады,  бір  сабақтың  үстінде  берілген 

материалдарды толық қамтуға мүмкіндік туады, өз бетімен шешім қабылдауға дағдыланады. 

Деңгейлік  тапсырмалар  мен  жұмыс  жасау  арқылы  оқушылардың  өзіндік  жеке  жолы,  даму 

динамикасы, ынтасы,  ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Əр оқушының ой-өрісі 

кеңейеді.  Оқушыларды  тиянақты  біліммен  қаруландыру,  олардың  дүниеге  көзқарасын 

қалыптастыру,  жас  ұрпақтарды  өмірге,  еңбекке  даярлау-  міне  бұл  əрбір  мұғалімнің  негізгі 

міндеті, абыройлы борышы болып табылады. Дифференциация əдісі - қазіргі заман талабына 

929


сай қолданылатын тиімді əдіс деп бағалаймын. Мен өзімнің сабақтарымда дифференциация 

əдісін үнемі пайдаланып отырамын.  

Дифференциация  жұмыс  міндетті  үш  деңгейлік,  косымша  шығармашылық  деңгей 

талаптарынан  тұрады. I репродуктивтік  деңгей,  тапсырмаларын  орындау  мемлекеттік  білім 

стандарты  талаптарының  орындалуына  кепілдік  береді.  Барлық  оқушы  бірінші  деңгейлік 

тапсырмаларды  орындауға  міндетті,  ал  жоғары  деңгейлік  тапсырмаларды  да  орындай  алуы 

қажет. Оқушылар жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттерін анықтайды. 

Міндетті  деңгейді  толық  меңгергеннен  кейін  келесі  деңгейге  өтеді. II алгоритімдік  деңгей, 

үйренушілік  деңгейдегі  білімін  толықтыра  отырып,  оқушының  ойлау  қабілетін  жетілдіруге 

берілетін екінші деңгей тапсырмаларын орындау кезінде күрделі материалдарды реттеуі жəне 

жүйелеуі  керек. III ізденіс  деңгейінде  оқушылар  тақырып  бойынша  меңгерген  білімдерін 

жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, əртүрлі əдіс-

тəсілдерді қолданатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде 

меңгеруі керек. IV шығармашылық деңгей, оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. 

Олимпиадалық  есептер,  шығармашылық  тапсырмалар–оқушылардың  біліктілігі  мен 

дағдысын қалыптастыру жəне оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы 

шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.  Осылай бір деңгейден келесі 

деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нəтижесінде жоғары 

деңгейлік  тапсырмаларды  орындау  əр  оқушының  мақсатына  айналады.  Ұтымды 

пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады [1]. 

Ең  алдымен  дифференциация  дегеніміз  əр  сұранысты  қанағаттандыру,  қарапайымнан 

күрделіге  қарай  жылжу,  толығымен  жылжымалы  үрдіс.  Сабақтарымда  қолданатын 

дифференциацияның қарапайым əдіс-тəсілдеріне тоқталып кетсем: 

1. Мəтін бойынша тапсырма. Оқушыларға мынадай сұрақтар мəтінмен қоса беріледі: Не

туралы? Кім жазды? Қашан жазылды? Неге бұл құжат туды? Бұл құжат саған нені айтпай тұр? 

Бірақ мен мынадай қорытынды шығарамын... Ашық жазылмаса да мен мынаны білдім... (ойды 

жалғастырады). Сұрақтар мазмұны жеңілден күрделіге қарай орналасқан, алғашқы сұрақтарға 

ғана жауап берсе, орташа бағаланады. Ал соңғы сұрақтарға жауап берсе, жоғары бағаланады. 

Бұл тəсіл арқылы мен жасырын дифференциацияны жүзеге асырып тұрмын;  

2. Оқушыларды  сұрақ  құрастыруға  дағдыландыруға  арналған  «Жақсы  сұрақ/  жаман

сұрақ» ойыны. Оқушыларға бір сурет көрсетіледі, осы бойынша бір ойландыратын сұрақ жəне 

бір  тақырыпқа  қатысы  жоқ  сұрақ  құрастыру  тапсырылады.  Бұл  ойын  арқылы  мен 

оқушылардың  қандай  деңгейде  сұрақтар  құрастыра  алатынын  білемін,  жасырын  түрде 

дифференциацияны  жүзеге  асырып,  оқушыларды  ойландыруға  шақырамын.  Мысалы: 

Сталиннің үстел басында отырған суретін көрсетіп: «Менің жақсы сұрағым ол қандай мəселені 

шешу туралы ойланып отырды? Ал менің жаман сұрағым алдындағы жатқан блокноты қай 

дүкеннен сатып алынған екен?»;  

3. Оқушыларға бірнеше сұрақтар беріледі. Сұрақтардың реті жеңілден күрделіге қарай

орналасқан. Жəне де əр дұрыс жауапқа сұрақтың жеңіл жəне күрделілігіне қарай ұпай беріледі; 

4. Үш  түрлі  тапсырма  беріледі.  Тапсырманың  күрделілігі  үш  түрлі.  Əр  біреуіне  жеке

ұпай беріледі.  

930


5. Ұзақ мерзімге қолданылатын стратегия «х/о» ойыны сияқты. Тоғыз ұяшық болады,

ортаңғы  үш  ұяшыққа  күрделі  тапсырма  жасырылады,  үстіңгі  үш  ұяшыққа  жеңіл  тапсырма 

жасырылады,  астыңғы  үш  ұяшыққа  күрделілігі  орташа  тапсырма  жасырылады.  Оқушы 

тапсырманы толық орындауы үшін «х/о» ойыны сияқты бір сызбаны орындауы керек.  

Əр  сабақта  дифференциацияны  қолдану  арқылы,  мен  əр  оқушының  сұранысын 

қанағаттандырамын.  Сабаққа  деген  қызығушылықтарын  оятып,  білім  сапасының  артуына 

жағдай туғызамын. 

Дифференциацияны мен өз сабақ жоспарымда өзім үшін жасырын түрде жасауым керек 

деген шешім қабылдадым.  

Дифференциацияның оқушылар үшін тиімділігі: 

-

  Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырманы орындауы;  



-

  Білім көрсеткішінің нақты жəне сапалы болуы; 

-

  Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы; 



-

  Оқушылардың оқуға ынтасы мен пəнге қызығушылығының артуы;  

-

  Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;  



-

  Оқушы белсенділігінің оянуы;  

-

  Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы; 



-

  Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы; 

-

  Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың орнауы. 



Дифференциацияның мұғалімдер үшін тиімділігі: 

-

  Дифференциацияны қолдануда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы; 



-

  Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі; 

-

  Білім дəрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі; 



-

  Оқушылардың жұмыстары əділ бағалануы; 

-

  Оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы; 



-

  Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты жəне жүйелі жұмыс істеу 

мүмкіндігінің орнауы; 

Дифференциацияны қолдану оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне; оқушының 

ынталандыруға;  оқушы  мен  оқытушының  ынтымақтастық  қарым-қатынас  достығына; 

оқушының  өз  білімін  өз  бағалай  білуіне;  баға  əділдігіне;  білім  көрсетудің  əділ  сайысына 

мүмкіндік береді. 

Əр  түрлі  тапсырмалар  беру  арқылы  оқушылардың  өз  бетінше  тұжырым  жасау, 

қорытындыға  келу,  қандай  деңгейде  болса  да  қарым-қатынас  жасай      білу,   қажет  жерде 

өз    көзқарасын    өзгерту    топ  алдына  шығып    өз  тұжырымын  айта  білу    ойын 

қорғай  білу  қабілетін  дамытады.  

Қазақстан тарихын қазақ тілінде   оқытудың  сапасын  арттыру  бүгінгі күннің басты 

мəселелерінің  бірі болып есептеледі. Оқушының ойлау жəне сөйлеу  тілін дамыту мақсатында 

дифференциацияны қолдануды ұсынамын.  Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімі 

тереңдеп, белсенділігі күшейеді.  

Деңгейлік тапсырмаларды  дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі  негізгі мақсат: 

баланың  қабілетін  ашу,  шығармашылығын  шындау,  іздендіру,  пəнге  қызығушылығын 

арттыру.  Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар өзін өзі таниды. Оқушының қабілеті, 

ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Оқытушы да, оқушы да шығармашылықпен жұмыс 

жасайды  жəне  сын  тұрғысынан  ойлануға  дағдыланады.  Оқушыға  деңгейлік  тапсырма  беру 

931


дегеніміз – балаға  шамадан  тыс  жүктеме  беру  емес,  керісінше,  оқушының  біліміне, 

мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне  сəйкес дайындалған жұмыстар беру арқылы дамыту 

[2, 112-б.]. Оқушының қабілеті, бейімділігі əртүрлі болғандықтан, олардың даму ерекшелігі де 

əртүрлі  болады.  Сол  себептен  оқушының  жан-жақты  мүмкіндігін  ескере  отырып, 

дифференциация  əдісін  қолданамын.  Дифференциацияның  тағы  да  бір  əдістерінің    бірі – 

сынып оқушаларын  3  топқа бөлу, бірақ оны оқушылар үшін жасырын жүзеге асыру. Үшінші 

топтың қабілеті жоғары, білім дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлау қабілеті бар, сабаққа 

деген белсенділігі күшті. Бұл топқа жүргізілетін жұмыстың мақсаты: оқушы   бойына ғылыми 

бағытта  ойлау  қабілетін  қалыптастыру.  Мысалы  олар  бағалаушы-эксперттер  немесе 

сынаушылар  болады.  Орташа  қабілетті  оқушылар  екінші  топты  құрайды.  Олар – білім, 

білік    дағдылары  əрі  тұрақсыз,  өзіне-өзі  көп  сене  бермейтін,  мұғалімнің  белгілі  мөлшерде 

көмек  көрсетуін  қажет  ететін  оқушылар.  Мұнда  алға  қойылатын  мақсат:  білім,  білік 

дағдыларының  тұрақты  болуына,  өз  бетімен  жұмыс  істеу  қабілетінің  дамуына  ықпал  етіп, 

олардың  үшінші  топқа  көшуіне  көмек  көрсету.  Бірінші  топқа – үлгерімі  төмен  оқушылар 

жатады. Мұндай оқушылар өздерін үнемі тұрақты назарда ұстауды, білім, білік дағдыларын 

қалыптастыруға мұғалімнің үлкен күш-жігер жұмсауын, жүйелі жұмыс жүргізуін көп қажет 

етеді.  Сабаққа  қабілеті  төмен  оқушылар    тобының  құрамы  тұрақты  болмауы  тиіс. 

Мүмкіндігіне қарай мұғалім ол оқушыны ойша басқа топқа ауыстыра алады. Мұндай əр түрлі 

топтардың  барлығы  туралы  оқушылар  хабарсыз  болуы  шарт.  Бірінші  топтағы 

оқушылармен    деңгейлеп  жұмыс  жүргізу  үшін  дайын  сызба  нұсқаларды,  тірек  кəртішкелер 

үлгілері қолданылады. 

Менің  ойымша,  оқушы    өз  біліміне  қарай,  өз  деңгей  сапасын  біліп  тапсырмалар 

таңдайды.  Əрбір  оқушыға  мүмкіндік  беріледі.  Сабақтың  соңында  əрбір  оқушы    бағасыз 

кетпейді.  Мысалы,  ойын  «Сиқырлы  қоржын».  Үш  қоржын  дайындалады.  Олар  əр  түсті 

болады, əр түс белгілі деңгейге сəйкес. 

Дифференциацияны  қолдануда  сын  тұрғысынан  ойлау  стратегияларын  қолдану  өте 

ұтымды. Оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау қорытындыға келу, құбылыстар арасынан 

тиімдісін  таңдай  білу,  мəселені  шеше  білу,  пікірталас  жүргізе  білу,  басқалармен  қандай 

деңгейде болса да қарым-қатынас жасай білу, қажет жерде өз  көзқарасын өзгерту, топ алдына 

шығып, өз  тұжырымын айта білу, ойын қорғай білу қабілетін дамытады.  Сын тұрғысынан 

ойлау стратегиялары: «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Автор орындығы», «Эссе», 

«Семантикалық карта», «Не білемін, не білдім», «Кубизм». Бала өз білім- қабілетіне қарамай 

өз  шығармашылығын  көрсете  алады.  Бұл  стратегиялар  баланың  еркін  терең  жан-жақты 

ойлауына үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. 

Үй  тапсырмасы  баланың  қабілетіне  қарай  деңгейлеп  беріледі.  Жақсы  оқитын 

оқушыларға  күрделірек,  нашар  оқитындарға  жеңілірек,  себебі  əр  оқушының  қабілеті, 

бейімділігі  əртүрлі  болғандықтан,  олардың  даму  ерекшелігі  əрқалай  болады.  Сол  себептен 

оқушының  жан-жақты  мүмкіндігін  ескере  отырып,  деңгейлі  тапсырмалар  беріледі.  Білімі 

жоғары  оқушыларға  берілетін  тапсырмалар:  эссе,  шығарма  жазып  келу,  өз  пікірлерін  айту, 

жоспар  бойынша  əңгіме  құрастыру,  берілген  тақырыпқа  тест  сұрақтар  дайындап  келу, 

қосымша  материал  пайдаланып,  реферат  жазып  келу.  Үлгерімі  төмен  оқитын  оқушыларға 

беретін  тапсырмалар:  дайын  сызба  бойынша  ереже  айтып  беру,  кесте  толтыру,  сұрақтарға 

жауап беру, суреттеу, тірек сөздерді пайдаланып сөз тіркестерді құрастыру, керекті əріптерді 

қою. 


932

Ойымды  қорытындылай  келе,  Д.Пойа  айтқандай  «Егер  мұғалім  өз  пəніне  шын 

ықыласымен берілсе, онда бүкіл сынып та бұл пəнге ынтасымен берілетін болады. Егер де, 

пəн сізді қызықтырмаса жəне оны терең білмесеңіз онда сабақ беруден бас тарту керек. Себебі, 

сіз ешқашанда сабақты жақсы бере алмайтын боласыз». Расында да, пəнді сүю жəне оны терең 

білу-мұғалімге  қажетті  шарт,  алайда  бұл  жеткілікті  емес.  Мұғалім  өзінің  пəнге  деген 

қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре білу қажет [3, 16-б.]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет