Əдебиеттер тізімі
1. Дворецкая А. В. О месте компьютерной обучающей программы в когнитивной
образовательной технологии. – Педагогические технологии. №2, 2007.
2. Сериков В. В. Проектная деятельность как средство формирования профессиональной
компетентности специалиста/ В. В. Сериков //Организация проектной деятельности в
образовательном пространстве колледжа. – Волгоград, 2008.
3. Кормильцева
Л.А..
Применение
ИКТ
на
уроках
физики -
http://vio.uchim.info/Vio_108/cd_site/articles/art_4_4.htm.
4. Вопросы
информатизации
образования.
http://www.npstoik.ru/vio/inside.php?ind=articles&article_key=214.
916
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН ММЕКТЕПТЕРДЕГІ ТƏРБИЕ ҮДЕРІСІН
БАСҚАРУ ЖƏНЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ МОДЕЛЬ
Карипбаева Л. Т.
Семей қаласындағы Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі
Шығыс Қазақстан облысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Шағын жинақталған мектептердегі қосарланған сыныптарда оқушылардың білім
сапасын жəне шығармашылық қабілеттерін арттыру əр ауыл мұғалімінің көкейтесті мəселесі.
Соның аясында отбасы жəне білім беру жүйесі - мектептің күшін біріктіру негізінде "100
бала" кешенді бағдарламасы жасалды. ШЖМ-дегі тəрбие жұмысының қазіргі заманға
моделін құрудың қажеттілігінің ресурсы негізінде жаңа моделді құру қажеттілігі туындады.
Жобаға Республикаға танымал "1000 бала" жобасы басшылыққа алынған. Жоба негізінде
тəрбиенің 10 бағытына 100 бала , ата-ана , ұстаздар біріктірілген. Жоба тəрбие жүйесін
жүйелі ұйымдастыруға ықпал етеді.
Аннотация
Повысить качество знаний и творческие способности учащихся в спаренных классах
малокомплектной школы является актуальной проблемой каждого учителя. И на этом фоне
семья и сфера образования, в целях объединения силы школы составили комплексную
программу "100 детей". Поэтому в малокомплектной школе возник проект новой
современной модели воспитательной работы. На основу было взято Республиканский проект
"1000 детей". В состав этого проекта вошли родители и учителя. Проект способствует
системной организации воспитательной работы.
Abstract
To increase the quality of knowledge and creative abilities of pupils in the coupled classes of
a small school is an actual problem of each teacher. And on this background the family and
education, for association of force of school made the comprehensive program of "100 children".
Therefore in a small school there was a project of new modern model of educational work. On a
basis it was taken the Republican project "1000 children". Parents and teachers were a part of this
project. The project promotes the system organization of educational work.
Шағын кешенді мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір
сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы
Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60
жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің ділгір мəселесі күн тəртібінен
түспей келеді. Шағын кешенді мектеп дегеніміз – біріккен сынып құрамында шағын
оқушылары бар жалпы білім беру мектебі. Шағын жинақталған мектептердің проблемасы
көп. Сондай мектептердің бірі біздің мектебіміз. Материалдық-техникалық базасы орташа.
Арнайы жабдықталған пəндік кабинеттер бар, зертханалар толық емес. Көрнекі құралдарды
мұғалім өзі жасайды. Интернет желісі қосылған. Кітап қоры жеткілікті. Кадрмен қамтамасыз
етілген. Бала саны аз болғандықтан сыныптар топтастырылған . Сабақтар біріктіріліп өтіледі,
оқушының бағдарламаны толық игеріп, жан-жақты білім алуы үшін жағдай жасалған.
Осындай жағдайда мектебімізде 26 мұғалім жұмыс атқарады. Олардың жоғары санатты-7, 1-
ші санатты-6, 2-ші санатты-6, санатсыз-7. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде
917
сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың
құрылымын құру, сабақ кезеңдерін дұрыс, тиімді пайдалану мəселелері мəнді болып
табылады. .[ 2, 5-55-б]. ШЖМ – ің оқу - тəрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
Біріншіден сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу
сабақтың құрылымын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-əрекетін дұрыс ұйымдастыруды
қажет етеді.
Екіншіден - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының
өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі; Шағын жинақты мектептер орта мектептерден
алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып,
араласу, тəжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады.
ШЖМ-ің бірнеше өзіне тəн тиімді жақтары да бар: балалардың саны аз, сондықтан
мұғалім əрбір оқушыны, оның қызығушылығын артыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп
мүмкіндік бар; дəптер тексеруге, жеке - дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз
уақыт жұмсалады ,оқушылардың тəртіп бұзушылығы аз болады; оқушылар бірінші
сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді; бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге
болғандықтан, жоғары сынып (3 - 4 сынып) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек
береді; əрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының
денгейлерін көтеруге мүмкіндік мол; пəнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен
қолдануға тырысады.
ШЖМ - тің жоғарыда келтірілген артықшылықтармен қоса, кемшіліктері, кері жақтары
да бар: мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, əрбір мұғалімнің шығармашылық
белсенділігінің артуына жол болмайды; сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме
орындайды; мұғалім əрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға
мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны
басқаруға ғана жұмсалады; мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына
бөлініп отырады; өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан
жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды; белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан,
ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ; оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып
оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының
тапсырманы түсіне отырып орындауына кері əсер етеді; ШЖМ оқушылары көпке дейін өз
ойын ашық айтуға, қандай да бір мəселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын,
ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады; ШЖМ бағдарламасын өз денгейінде орындап шығу
қазіргі кездегі көкейтесті мəселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен
бірдей. Қазіргі таңда мемлекетімізде ауыл жұртшылығының демографиялық ахуалының
өзгеруіне байланысты мектептерде бала саны азайып, шағын жинақты мектептер саны, оның
ішінде қосарланған сынып сандары көбеюде. Біздің мектепте де оқушы саны аздығына
байланысты, қазіргі таңда 5-6 сынып жəне 8-10 сынып оқушылары тек қосарланған
сыныптарда оқытылады.
Қазіргі таңда шағын жинақталған мектептердегі қосарланған сыныптарда
оқушылардың білім сапасын жəне шығармашылық қабілеттерін арттыру əр ауыл мұғалімінің
көкейтесті мəселесі болып табылып отыр. Біздің мектептің алға қойған өзекті мəселесі:
«Білім беру үрдісі субьектілерінің түйінді құзыреттілігін арттыру жолы». Мақсаты:
Мұғалімнің құзыреттілігін үздіксіз жетілдіре отырып, жан-жақты дамыған бəсекеге қабілетті
жеке тұлға қалыптастыру. Міндеттері:
Мұғалімдердің кəсіптік шеберлігін көтеру;
білім беру əрекеттерін жоғары ғылыми-əдістемелік негізде құру;
918
оқушылардың өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығушылығын, бойындағы
қабілетіне сай білімін тереңдетуіне мүмкіндік туғызу;
озық педагогикалық іс-тəжірибені анықтау жəне тарату.
Осы ізденіс тақырыбы бойынша мектеп ұжымы жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Əр
жылғы жұмысқа сараптама жасалып, атқарылған шаралардың нəтижелеріне мониторинг
жасалып отырылады. Жыл сайынғы қорытынды бойынша мектептегі атқарылған
шаралардың нəтижесі өсу деңгейінде болды. Ол əсіресе, білім мен тəрбиенің түпкі нəтижесін
көрсететін ҰБТ қорытындысы болды. Мысалы соңғы үш жылдық көрсеткішті алатын
болсақ:
2011-2012 – 94,3 балл
2012-2013 – 74,3 балл
2013-2014- 78,2 балл
ШЖМ-дегі қазіргі заманға моделін құрудың қажеттілігінің ресурсы негізінде жаңа
моделді құру қажеттілігі өзінен-өзі туды.
ШЖМ тəрбие бағдарламасы.
Президентіміз Н. Ə. Назарбаев «Ауыл - бұл халық өмірінің бейнесі, мəдениеті,
дəстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы біздің
ауыл мəселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауды талап етеді» деп атап
көрсетті. Мектеп бойынша бала тұлғасын дамыту үшін, біртұтас тəрбиелік-білім беру
кеңістігін құру мақсаты қойылды. Соның аясында отбасы жəне білім беру жүйесі -
мектептің күшін біріктіру негізінде "100 бала" кешенді бағдарламасы жасалды.
Бағдарламаны жасауда төмендегі міндеттер негіз болды.
•Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті,
тəуелсіз жəне жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тəрбие жүйесін құру жəне дамыту;
•балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам
құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рəміздер мен ұлттық дəстүрлерді сыйлауға
тəрбиелеу.
•жастардың əлем жəне ұлттық мəдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының
дəстүрлері мен мəдениетін зерттеуіне жəне қабылдауына жағдай жасау.
•қазіргі заманғы қоғамдық өмірге жəне тиімді кəсіби іс-əрекет пен жеке басының жəне
əлеуметтік кəсіби тұрғыдан үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті тұлғалық жəне кəсіби сапаларын
қалыптастыру, қоғамда орнықты қалыптасқан дəстүрлер негізінде этникалық жəне діни
толеранттылықты тəрбиелеу.
Жобаға үш мақсат қойылған.
Əлеуметтік мақсаты:
Оқушылардың əлеуметтік жағдайын, қарым- қатынасын зерттеу арқылы қолайлы орта
қалыптастыру.
Классикалық мақсаты:
Оқушылардың сабақ үлгерімін, тəртібін, уақытын тиімді пайдалануын қадағалау
арқылы қызығушылығын ояту.
Креативті мақсаты:
Оқушы бойындағы жеке қабілетін дамыту арқылы шығармашылық ізденіске баулу.
Жобаның міндеттері:
Жас ұрпақтың өзінің рухани – адамгершілік, интеллектуалдық , өмірі мен өз
денсаулықтары үшін əлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға
жағдай жасау;
919
Күтілетін нəтиже:
Əр оқушының бағарламалық тұжырымдама бағыттары бойынша дарындылық,
шығармашылық, қабілеттілік ерекшеліктерін айқындау.
Ұлттық сана-сезімі, азаматтық көзқарасы, қазақстандық патриотизмі, Заң мен құқық
тəртібі жəне ішкі еркіндігі мен ар-намысты сезімі толық қалыптасқан жас ұрпақ тəрбиелеп
шығару.
Мектебіміздің өзекті тақырыбына орай тəрбие жұмысының тақырыбы алынып,
сол негізде жұмыстар атқарудамыз. Тақырыбы: «Рухани құндылықтар негізінде оқушы
құзыреттілігін қалыптастыру». Мектептегі оқушылар саны –100. Көпбалалы жанұя-6 (11
бала). Жалғыз басты аналар-10. Қамқоршылықта – 0 Оралман оқушылар – 0. Əуезов полиция
бөлімінің есебінде – 0. Мектепішілік есепте –0. Тұрмыс жағдайы төмен оқушылар – 43.
Мектепте тəрбие жұмысын ұйымдастыруда негізгі нормативті құжаттарды
басшылыққа аламыз. Олар: 1. ҚР Білім туралы Заңы 15 ақпан 2007 жыл.
2.ҚР Тілдер туралы Заңы, ҚР 2006 – 2008 жылына арналған патриоттық тəрбие
жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама.
3. «ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тəрбие тұжырымдамасы»,.
4. ҚР 2006 – 2011 жылға арналған білім мекемелеріндегі кешенді тəрбие
бағдарламасы.
5. «Балалар құқығы БҰҰ Конвенциясы, ҚР үздіксіз білім беру жүйесінің тəрбие
Концепциялары, ҚР Тəуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау Концепциясы».
6. «ҚР Мемлекеттік Рəміздері туралы» № 258 4 маусым 2007 жыл т.б.
Осы алдыға қойған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін тəрбие жұмысын қалай
оңтайлы ұйымдастыруға болады деген? –сұрақ туындады. Мектебімізде 100 бала бар. Осы
100 баланы 10 топқа бөліп, 10 шығармашылық топ құрып, оған жетекшілер тағайындап əр
топ өз жұмысын бастап кетті. Осы жобаны құруда Республикаға танымал 1000 бала
жобасының əсері болды. Барлық қала мектептерінде 1000-нан артық бала болса, біздің
мектепте 100 бала бар. Осы баланың əрқайсысы толық қамтылып, дұрыс тəрбие мен білім
алу үшін осы жобаны іске асыруды жөн көрдік. Бұл жоба мектеп ұжымымен талқыланды.
Əр бағыттың балалары оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің
шыңдалуына қарай ауысуына болады. Жалпы қабілеттерінің шыңдалуына қарай ең үздіктер ,
дарындылар айқындалып олар басқа топтарға тəлімгер болып, көшбасшылық рөл атқарады.
Жоба нəтижесінде айқындалады:
-Əр оқушының қабілеттілік ерекшеліктері айқындалады;
-Белгілі бір бағытта іс-əрекет түрін үйренеді;
-Оқушылардың ізденіс шығармашылық деңгейі анықталып, дамытылады жəне белгілі
дəрежеде жетістікке жетеді;
-Оқушының уақыты тиімді жүйеленеді;
-Ата-ананың мектепке деген сенімі мен құрметі артады;
-Оқушылардың түрлі бағыттағы қасиеттері артады;
-Оқушы бейімделеді, қоғам үшін бəсекеге қабілетті тұлға қалыптасады;
-Үштік одақ түпкі нəтижеге жетіседі; Өзара сенімді қатынас орнайды;
920
-100 оқушы,30 мұғалім, 100 ата-ана болашақ білімді студент, білімді отбасын, білімді
ұрпақты қалыптастырады. Ата-анамен баланы жақындастыру үшін мына тренингті мысалға
алуға болады.
Тақырыбы: «Отбасы берік болса мемлекет мықты болады»
Түрі: тренинг
Тренингтің мақсаты: Отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынас стилін анықтау,
ата-ана мен баланың серіктестік қарым-қатынасын қалыптастыру жəне дамыту.
Тренингтің міндеттері:
Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту.
Баламен өзара əрекеттің жаңа дағдыларын меңгерту.
Отбасындағы бала мен ата-ана ынтымақтастығын нығайту.
1. «Психогимнастикалық жаттығу» қатысушылар өздерін таныстырып өтеді, өз
отбасы туралы қысқаша мəлімет береді.
2. «Баланы ата-ана тəрбиелейді. Ата-ананы кім тəрбиелейді?» тест
Тест 12 сұрақтан тұрады.
Тест бала тəрбиесіне байланысты белгілі қорытынды шығаруға көмектеседі.
Нəтижені талдау: 30-36 ұпай жинасаңыз, бала сіздің өміріңіздегі ең құнды адам. Сіз
оны түсініп қана қоймай, оған құрметпен қарайсыз. Сіз тəрбиеде прогрессивті қағидаларды
қолданасыз. Жақсы нəтижеге жетуіңізге ешқандай күмəндануыңызға себеп жоқ.
16-30 ұпай жинасаңыз, балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірінші маңызды іс, сіздің
қамқорлығыңыз гиперқамқоршылдықпен ұштасып тұр. Балаға шамалы ерік берген жөн деп
саналады.
3. Шығармашылық жұмыс. Арттерапиялық əдіс.
«Менің отбасым қазір жəне болашақта» тақырыбында анасы мен баласы бірлесіп
сурет салады.
4. «Құпия сыйлық»
Мақсаты: қатысушыларды бір-бірімен тілдесуде сыпайылылыққа жаттықтыру, өзара
пікірлесу, ой бөлісуге үйрету.
Барысы: Жүргізуші сиқырлы дорбадан сыйлықтар алып, жасырын түрде
қатысушылардың алақандарына береді. Қатысушылар (анасы мен баласы) жұптасып бір-
біріне сыйлағалы тұрған құпия сыйлықтарының не екенін табулары керек.
5. Рефлексия
Сынып жетекшінің жұмысын бағалау критерийлары мен оны ынталандыру.
ШЖМ болғандықтан 5-6 сыныпқа жəне 8-10 сыныпқа бір сынып жетекшісі бекітілген.
Жалпы 8 сынып жетекшісі бар. Сынып жетекшілері де 100 бала жобасының 10 бағытына
шығармашылық қабілетіне қарай топтастырылған. Əр топтың жетекшілері өз тобының
баласының білімін қадағалау, сабаққа қатысуын түгендеу, сыныптан тыс шараға қатысуын
бақылайды. Тоқсан сайын сынып жетекшілерінің рейтингісі шығарылып, жыл соңында
бірнеше номинациялармен мараппатталады. Оқушының күнделікті сабақтарға қатысуына,
тəрбие жұмыстарына белсене араласуына, сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмыстарына
үлес қосуына, үйірмеге, əдебиет пен өнерге ынталануына, ғылым мен техникаға қызығуына
сынып жетекшілерінің тигізер ықпалы да мол. .[ 6, 44-66-б].
Клубтарды, секцияларды, шеберлік сыныптарды жəне басқаларын ұйымдастыру.
Мектепте 2 клуб, «Жігер», «Сымбат» , 4 үйірме,(Би, қылқалам,домбыра,
тоғызқұмалақ) 3 секция (күрес, баскетбол, волейбол) бар. Оқушылардың шығармашылық
икемділігіне қарай үйірме ,секциялар 100 бала жобасының «Өнер», «Қолөнер»,
921
«Салауаттану» бағытына топтастырылған. Бұл бағыттағы жетекшілер сыныптан тыс
жұмыстарды, оқушылардың демалыс кезінде бос уақытын ұйымдастыруда жұмыстар
жүргізеді. Бағыттар арасында жұмыс жүргізуіне қарай рейтинг шығарылады.
Балалар ұйымының өзін-өзі басқаруы жəне балалардың шығармашылық қызметі мен
бос уақытын ұйымдастырудағы жəне тəрбие үрдісіндегі рөлі. Мектепте оқушылардың өзін
өзі басқару ұйымы «Жас Ұлан» ұйымы жұмыс жасайды. Ұйымның белсенділері 100 бала
жобасының əр бағытында жүреді. 1-4 сынып «Жас Қырандық» , 5-11 сынып «Жас Ұландық»
деп бөлінеді. Тоқсан сайын бағыттар арасында рейтинг шығарады. Кезекшілікті
ұйымдастырып, оқушылардың үзіліс арасында бос уақытын ұйымдастырады. Флеш-моб,
өлең айтқызу, шахмат ойнату, асық атқызу, тренинг өткізуді жүзеге асырады.
Мақсаты:
Жасөспірімдерді отансүйгіштікке тəрбиелеу, туған өлкеге, тілге деген сүйіспеншілігін,
шығармашылық қабілетін арттыра отырып, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.
Тəрбие үрдісі жетістіктерінің критерийлары мен талдауы, диагностикасы.
Тəрбие үрдісінің тиімділігі мемлекеттік білім стандартына сəйкес тəрбие нəтижесін
бағалаудың көрсеткіштері мен өлшемдері негізінде жасалады. Тəрбие үрдісінің тиімділігін
зерттеген жағдайда бір ескеретін нəрсе оның көрсеткіштерінің динамикасы бірдей
болмауы,кейде кейбір көрсеткіштер мүлде өзгермеуі немесе алдыңғы кезеңмен
салыстырғанда нашар болуы мүмкін.[ 9, 5-9-б].
Біздің 100 бала жобамызда тəрбие үрдісіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасын
сипаттайтын біршама маңызды белгілер өлшемі төмендегідей:
- мектеп ұжымының бірлесіп жұмыс істеуі мен сыйласымдылығы;
- тұлғаның психологиялық қорғалу деңгейі мен еркіндігі;
-өзара əрекеттестік, өзара тану,өзара түсінушілік, өзара əсер етушілік сияқты негізгі
қасиеттерінің дамуы; Қазіргі уақытта өмірлік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру-
тəрбиенің негізгі міндеті. Сондықтан құрақты біліктілікті қалыптастыру тəрбие үрдісін
бағалау өлшемі ретінде қолданылады. 100 бала жобасының 10 бағытында оқушының
шығармашылық белсенділігін дамыту тəрбие үрдісін бағалау жүйесінде маңызды орын
алады. Ол:
-шығармашылық бағыттылықтан;
- шығармашылық қабілеттерін іске асыру кезеңінен тұрады.
Шығармашылық бағыттылықтың басты көрсеткіштері түрлі білім салаларына, əрекет
түрлеріне қызығушылық,сан қырлы мамандықтарға деген бейімділік.
ШЖМ-те тəрбие жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыруда, «100 бала» кешенді
тəрбиелік жобасының маңызы өте зор деп есептейміз. Əр бала дұрыс тəрбие мен сапалы
білімнің негізінде нағыз адам болып өседі деген тілекпен іске сəт дейміз.
Əдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -
2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауы 2014 жыл. 17
қаңтар
2. А. Құсайынов .Əлемдегі жəне Қазақстандағы білім берудің сапасы.Алматы-2013 5-
55 беттер.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. Егемен Қазақстан. 7 желтоқсан, 2010ж.
4. Концепция развития малокомплектных школ в республике Казахстан на 2010-2020
годы. Астана, 2011
922
5 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «ҚР шағын жинақты мектеп академиясы» порталы //
vsa.kaznpu.kz
6.С.Ш.Əбенбаев. Сынып жетекшісі Алматы Дарын 2004. 44-66 беттер.
7.К.Б.Сейташев. Тəрбие теориясың Алматы Мектеп1986. 130-136 беттер.
8.Мектептегі тəрбие жұмысы. Мектеп баспасы . Алматы 1978. 244-262 беттер.
9.Тəрбие үрдісі мен оқушылардың тəрбиелік деңгейін бағалаудың өлшемдері.
Кожахметова К.Ж. Демеуова М.Е. Алматы 2008. 5-9 беттер.
10. Аганина Қ.Ж. Қазақстанда білім беру процесін жетілдіру мəселесіне. // БІЛІМ
əлемінде. В мире Образования, In the world of EDUCATION №5, 2010ж. /3-5 беттер.
923
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДЕ МАТЕМАТИКА ПƏНІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Кармысова З. О., Турганбаева А. А.
Шығыс Қазақстан облыстық Шəкəрім атындағы дарынды балаларға арналған үш
тілде оқытатын мамандандырылған мектеп
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Бұл мақала мектептерде үш тілде оқытуды жүзеге асырудадағы көкейкесті
тақырыптарды талқылайды. Үштілділік қазақстандық жастардың зияткерлік əлуетінің
дамуына қажеттілігін, соның ішінде математика пəнін үш тілде оқытудың тиімді жақтары
мен қиыншылықтары қамтылған. Соның негізінде бағдарламалар жасалды, бағдарлама
міндеті – өз бетінше дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, танымдық əрекет етудің
əдістері мен дағдыларын меңгерту. Бағдарламаның ерекшелігі - ұсынылған бағдарламада
оқушы өзіне қызықты əрі қажеттісін алады.
Аннотация
Статья посвящена одной из актуальных тем по развитию и применению трехязычного
образования в школах. Трехязычие - это фактор, котрый способствует развитию
интеллектуального потенциала казахстанской молодежи. В мировом сообществе Казахстан
должны воспринимать как высокообразованную страну, население которой свободно
пользуется тремя языками. Мы пытались поделиться тем, как трехязычие было внедрено в
нашу школу и как применялись парктические навыки на уроках математики. А также
разобраться в причинах возникновения проблем по внедрению трехязычия и старались
найти и указать пути по устранению этих проблем. Ведь только такое знание и применение
языков сможет способствовать развитию интеллектуальной элиты Казахстана.
Достарыңызбен бөлісу: |