Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет2/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113

УДК 37.0 (063) 

ББК 74.04 

О-23 

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Əдістемелік кеңесі ұсынған 

Рекомендован к печати Методическим советом 

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» 

Recommended for printing by the Methodological Council of 

AEO «Nazarbayev Intellectual schools» 

«Білім беру саясаты, тəжірибе жəне зерттеу» атты Халықаралық ғылыми-тəжірибелік 

конференцияның баяндамалар жинағы - Астана, 2014 ж.,       ____ б. 

Сборник докладов Международной научно-практической конференции «Образовательная политика, 

практика и исследование» - Астана, 2014 г.,       ____ с. 

Report collection for the International research-to-practice conference "Educational policy, practice and 



research" - Astana, 2014,                                                                ____p. 

Рецензенттер:  

Адельбаева Н. А. -  тарих ғылымының докторы, профессор 

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы  



Обыденкина  Л. В. -  педагогика ғылымының кандидаты, доцент 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 



Рецензенты:  

Адельбаева Н. А. -  доктор исторических наук, профессор 

Западно-Казахстанская гуманитарная академия 



Обыденкина  Л. В. -  кандидат педагогических наук, доцент 

Центр педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» 



Reviewers: 

Adelbayeva, N.A. - Doctor of Historical Sciences, Professor  

West-Kazakhstan Humanitarian Academy  



Obydenkina, L.V. – Doctoral Candidate of Pedagogical Sciences, Associate Professor 

Center of Excellence AEO "Nazarbayev Intellectual Schools" 

3


О-23  «Білім  беру  саясаты,  тəжірибе  жəне  зерттеу»  (Астана  қ., 2014 ж. 23-24 қазан)  ғылыми 

баяндамалар: Халық. ғыл.-тəжіриб. конф. - Астана, 2014.-  ____ б. 



О-23  «Образовательная  политика,  практика  и  исследование»  (г.  Астана, 23-24 октября 2014г.) 

научные доклады: Межд. науч.-практ. конф.- Астана, 2014.-  ____ стр. 



O-23  "Educational policy, practice and research" (Astana, 23-24 October, 2014) research reports: Int. 

research-to-practice conference, Astana, 2014.- ____ page. 



ISBN  978-601-7417-66-6        

 

Бұл  жинақта  « Білім  беру  саясаты,  тəжірибе  жəне  зерттеу»  атты  Халықаралық  ғылыми-



тəжірибелік  конференцияға  қатысушылардың  орта  білім  мазмұнын  жаңартуға,  педагог  кадрларды 

даярлау  жəне  біліктілікті  арттыру  жүйесін  модернизациялауға,  мұғалімдердің  кəсіби  даму  мəселесі 

бойынша қазақстандық жəне шетелдік ғалымдардың, практик-мұғалімдердің тəжірибелеріне,   кəсіби 

желілік  қоғамдастықтың  мүмкіндіктеріне  жəне  өзге  де  көптеген  өзекті  проблемаларға  арналған 

баяндамалары  жарияланған.  Басылым  орта,  жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру 

ұйымдарына,  ғалымдарға,  магистранттарға,  докторанттарға  жəне  қалың  ұстаздар  қауымына 

арналады.        

 

В настоящем сборнике опубликованы научные доклады участников Международной научно-



практической  конференции  «Образовательная  политика,  практика  и  исследование»  по  актуальным 

проблемам:  обновление  содержания  среднего  образования,  модернизация  системы  подготовки  и 

повышения  квалификации  педагогических  кадров,  опыт  казахстанских  и  зарубежных  ученых, 

учителей-практиков  по  вопросам  профессионального  развития  учительских  кадров,  возможности 

сетевого профессионального сообщества и мн. др. Издание рекомендовано для организаций среднего, 

высшего  и  послевузовского  образования,  ученых,  магистрантов,  докторантов,  широкой 

педагогической общественности. 

 

This  collection  consists  of  the  published  research  reports  provided  by  the  participants  of  the 



International  research-to-practice  conference  "Educational  policy,  practice  and  research"  on  the  following 

relevant issues: updating the content of secondary education; modernization of the system of training 

and continuing professional development of pedagogical staff; experience of local and foreign researchers, 

in-service  teachers  on  professional  development  of  teaching  staff,  opportunities  for  professional 

networking  communities,  etc.  This  edition  is  recommended  to  the  organizations  of  secondary,  higher  and 

postgraduate education, scientists, master and doctoral students, and, generally, to any teaching community. 



УДК 37.0 (063) 

          ББК 74.04 

ISBN   978-601-7417-66-6        

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  

© АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» 

© AEO «Nazarbayev Intellectual schools» 

4


МҰҒАЛІМ МҰҒАЛІМДІ ОҚЫТАДЫ: ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ 

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖƏНЕ ЖҮРГІЗІЛУ ЖОЛДАРЫ 

Абакиева Л. Е. 

Педагогикалық шеберлік орталығы 

БҚО, Орал қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   



Аңдатпа 

Бұл мақалада мұғалімдердің тəжірибелерімен бөлісуінің бір жолы - шеберлік-сыныбын 

өткізудің маңыздылығы мен талаптары туралы айтылады.  Шебердің ұстанымы мен шеберлік 

–сыныбын дайындау мен өткізу сапасының критерийлері беріледі.



Аннотация 

 В настоящей статье говорится о значимости проведения мастер-классов как об одном 

из путей обмена опытом между учителями. Излагаются критерии, предьявляемые к оценке и 

проведения мастер-классов. Затрагивается вопрос об убеждениях мастера. 



Abstract 

This article points out  the importance of conducting master classes as one of the ways of 

exchanging experiences among teachers. Sets out the criteria on to how evaluate and conduct master 

classes. Affects master's persuation. 

«Мені нені білсем - сізді  соған үйретем» деген ұранмен білімділік шеберлік-класын өз 

ісінің  шебері,  арнайы  мамандар  жəне  өз  əдістемесінің  нəтижесін  шығармашылық  жолмен 

тыңдаушыларына бөлісері бар тұлғалар ғана жүзеге асырады. Шын мағынасында шеберлік- 

сыныбы  нақты іс əрекеттегі əдіс -тəсілдермен бөлісу. Бұл қарым-қатынас беделді шебер мен 

оқушысы  арасындағы    тəжірибесімен,  шеберлігімен,  өнерімен  бөлісудің  тікелей  жəне 

жұмысты көрсете отырып түсіндірме беру арқылы жүзеге асады. 

Мұғалімге  үздіксіз  ізденіс  пен  оқу  қажет.  Оқу  бір-бірін  оқыту  мен  үйрету  арқылы 

жүреді. Өзара кəсіби тəжірибе алмасу, оқытушылық жəне тəрбиелік қызметтерде өзара өсу, 

даму  бағытында  бүгінгі  күні  тиімді  үдеріс  бұл-шеберлік-сыныбы.  Бұл  жерде  «өзара»  деген 

ұғым  аса  маңызды.  Бүгінде  кəсіби  жетістіктерді  ауызша  айту  мен  механикалық  түрде 

қайталаудың  тəжірибеде  қажетті  тиімділікті  бермейтіндігін,  болашағы  жоқтығын  айтуға 

болады. 


Шеберлік–сыныбы – оқу  сабағының  маңызды  түрі, «тəжірибедегі»  нақты  əрекетті 

көрсетуге  негізделген,  анықталған  танымдық  жəне  педагогикалық  проблемалық 

тапсырмалардың 

шығармашылық 

шешімінің 

көрсетілімі.  



Шеберлік–сыныбы – бірнеше  мінездемелер  басшылыққа  алынған    сабақтың  түрі:  жаңаша 

ойлайтын  мұғалім  тұлғасы  мен  білімді  хабарлау  емес,  өзгелердің  ойымен  санаса  отырып, 

барлығы бірлесе білім алудың негізінде өз бетімен білім алудың құрылымынан тұрады.  

Шеберлік — сыныбы технологиясының алгоритмі: 

 технологияның негізгі идеясына шағын мінездеме;

 жұмыстағы жетістіктер айтылады;

 технологияның тиімділігін куəландыратын, оқушылардың жұмыстарының нəтижелері

дəлелденеді.

5


 шебер-мұғалімнің жұмысының келешегі мен қиындықтары анықталады.

Оқу сабақтарының жүйесі: 

 оқу сабағының жүйесі таныстырылған технологияның түрінде беріледі;

 шебердің тыңдаушыларға көрсететін жұмысының негізгілері анықталады;

 имитациялық  ойын түрінде де жүргізіледі;

 оқушылармен  ұйымдастырылған  тиімді  жұмысты  көрсете  отырып,  тыңдаушыларға

шебер -мұғалім сабақ жүргізеді;

 тыңдаушылар  бір  уақытта  екі  рөлде  болады:ашық  сабаққа  қатысу  барысындағы

тəжірибеден өтетін сыныптың оқушылары жəне эксперттер.



Жобалау: 

 шебер -мұғалім технологиясы түрінде оқу сабағының жобалары;

 негізгі  шебер  консультанттың  рөлінде  болып  тыңдаушылармен  өз  бетімен  жұмысты

ұйымдастырады  жəне  басқарады,  мұғалімдер-оқушылар  өз  бетімен  құрылымдау

бойынша  жұмыс орындайды;

 шебер тыңдаушылармен авторлық оқу сабағы жобасы туралы əнгіме жүргізеді.



Рефлексия: шебер мен тыңдаушылар бірлескен қызметтің нəтижесі туралы  талқылау 

жүргізеді. 



Əлемнің əр түрлі тілінде шеберлік- сыныбының аталуы: 

Əр тілде бұл сөз тіркесінің  маңыздылығын салыстару қызықты 

 ағылшынша: masterclass;

 немісше: Meister, Werkmeister, Kenner;

 французша: contremaître, maître;

 итальянша artigiano, maestro, artista;

 испанша: contramaestre, maestro;

 орысша: мастер-класс, авторская мастерская.

Яғни,  француз  жəне  испан  тілдерінде  шеберлік  –сыныбы  «шебермен  бетпе-бет», 

«шебермен қарама-қарсы» деген мағынамен байланыстырылады. Сонымен қатар, шеберлік- 

сыныбын «шеберлік сабақ», «шебер сабағы» деп те аударады. 

І. Білім беру жүйесінде 

Шеберлік-сыныбы  білім  беру  үдерісінде  оқыту  əдісінің  түпнұсқасы  тұрғысынан  

қарастырылады. Білім беруде шеберлік-сыныбының міндеті:таңдалынған мамандыққа кəсіби 

қарым-қатынас негізін үйрету; қандай ғылым түрі болсада кəсіби тілде үйрету (мысалы: театр, 

кино, өнер жəне т.б.). 

Шеберлік-сыныбын  өткізудің əдістемесі мұғалімнің педагогикалық интуициясына жəне 

оқушының  қабылдауына  негізделеді.  Шеберлік-сыныбы  екі  жақты  үдеріс  жəне  «мұғалім-

оқушы»арасындағы  қарым-  қатынас  бұның  дəлелі.  Сондықтанда,  өнер  мен  əдебиеттегі 

анықталған бағыттардың белгілері мен қолдануларын шеберлік-сыныбын түсіндіру мəнісінің 

мектебі деп бекерге айтпаған. Бірақта, жиі тəжірибедегі қолданылуынанда басқа, шеберлік-

сыныбы тағы да бір маңызды мақсатқа –оқушыны көркемдік пен зияткерлікке тəрбиелейді. 

Бұл ұғымға бəрінен де шеберлік сыныбы барысында оқушының өз бетімен жəне стандарттан 

тыс ойлауы сияды. 

«Ойлаудың  қарапайым,  дамуға  негізсіз  жолы» — шеберлік-сыныбының  барлық 

педагогикалық жүйесін негіздейтін, құндылықты нақтылау жүйесіндегі басты кедергі. 

Педагогикалық  əдебиеттерде  шеберлік  сыныбының  бірнеше  ондаған  анықтамалық 

түсіндірмелері  бар,  бұл  ұсынбада  біз  шеберлік-сыныбын  педагогикалық  жүйедегі  жаңалық 

6


деп,  сындарлылық  пен  еркіндікті  жəне  педагогикалық  дамудың  жаңа  мүмкіндіктерін 

көрсететіндігін білеміз.  

Шеберлік–сыныбы – түпнұсқалық  əдістеменің  негізін  қалаушы  немесе  авторлық 

əдістемеге  өзіндік  принцптері  мен  анықталған  құрылымдарына  сүйеніп    жүргізетін 

педагогикалық тəжірибені тарату мен насихаттауда негізгі жанр. Қатысушылар мен шебердің 

педагогикалық  проблемалардың  шығармашылық  шешімдерін  іздестіруі  жəне  ұсынылған 

əдістемелік  өнімді  бірлесе  талдауы  жағынан  басқа  тəжірибені  тарату  түрлеріне  қарағанда 

ерекшеленеді.  Шеберлік–сыныбы – авторлық  педагогикалық  жүйедегі  концептуальдық 

идеяны  жеткізудің  тиімді  құралының  бірі.  Мұғалім  кəсіби  маман  ретінде  бірнеше  жылдық 

тəжірибесін таратуда жеке «ноу-хауы», тəрбиелік іс-шаралардың, сабақтар мен жобалардың 

жоспарлары мен қолданылған материалдары,  дидактикалық    əдістемелері арқылы тəжірибе 

бөліседі.  

Сонымен,  жоғарыда  аталғандарды  басшылыққа  ала  отырып,  шеберлік-  сыныбының 

маңызды ерекшеліктерін анықтайтын болсақ: 

1. ескірген бағытты өзгертетін, оқытудың жаңа философиялық тəсілі;

2. пікір алмасуға мүмкіндік беретін, шағын топтардағы өз бетімен жұмыстың əдістері

3. барлық белсенді əрекеттерге жағдай жасау;

4. проблемалық  тапсырмалардың  қойылымы  жəне  əр  түрлі  жағдаяттар  арқылы  шешу

жолдары; 

5. шеберлік-сыныбына  қатысушылар  мен  Шебердің  шығармашылдық  əлеуетін

арттыратын тəсілдер; 

6. ұйымдастырылатын  жұмыстың  түрлері  мен  əдістері  қатысушылардың  орындауына

міндеттелмейді, ұсынылады. 

7. ұсынылатын əдістемелік материалды əр қатысушының қабылдауына жағдай жасау;

8. білімге қарағанда, түсіну үдерісі маңызды, бағалы;

9. бірлескен əрекеттің түрі-ынтымақтастық, шығармашылық, ісденіс.

Шеберлік-сыныбына  дайындалу  барысында  шеберлік-сыныбы  технологиясында 

бастысы  ақпаратты  айту  мен  түсіндіру  емес,  əдістеме  немесе  технология,  не  əдіс  болсын 

қызметтің түрлерін көрсету, жеткізе білу. Шебердің ең маңызды міндеттерінің бірі- жұмыстың 

өнімді түрлерін жеткізу. Шеберлік-сыныбының жағымды нəтижесі - өзіндік даму, өзіндік өсу, 

өзіндік  оқуға  деген  ынтаның  артуы,  қатысушылардың  жаңаша  шығармашылықпен 

педагогикалық  проблемаларды  шешуінен  көрінеді.  Бұл  жеткілікті  технологиялық  қиын 

үдеріс, сондықтанда, оның ұйымдастырылуы мен өткізілуінің  талаптарына тоқталайық. 

ІІ.Шеберлік-сыныбын  ұйымдастыру  жəне  өткізудің  талаптары 

Шеберлік-сыныбы  белгілі  бір  əдістемелік  тəсіл,сабақ  əдістемесі,  оқыту  мен  тəрбие 

берудің    технологиясын    көрсететін    локалды    технологиялық    көрсетілім.  Шеберлік-

сыныбында    оқушыларға  арналған    тапсырмалар    қойылған    педагогикалық    мəселенің  

шешімін    іштей    табуға    бағытталып,  оқушылардың    зерттеу,  мақсатқа    жету    жолдарын 

таңдауына,сол сияқты жұмыс  қарқынын анықтауға  мүмкіндік  туғызуды  қажет  етеді. 

Шеберлік-сыныбы  əрбір    оқушының    аталған    мəселеге    байланысты    білімін  

сəйкестендіруден  басталады, ал ол өз  кезегінде оқушының түсінігін  басқалардың  білімімен  

толықтыруына  мүмкіндік  береді. 

Алгоритм – бұл бірнеше  қадам,қызмет  бөліктерінен  тұратын  жəне  осы кезеңдердің  

жалпы    педагогикалық  мазмұнмен    тығыз    байланыстыратын    технологиялық    процестің  

реттілігі. 

7


Шеберлік-  сыныбын    ұйымдастырудың    алгоритмі    төмендегідей    болуы    қажет: 

мəселені  анықтау –ортаға  салу-  мəселені  шешу  үшін  топтасу-материалмен  жұмыс-жұмыс  

қорытындысымен  таныстыру-жұмыс  нəтижесін  талқылау жəне  түзету. 

Панель-  аталған    мəселе  бойынша  білімдерді    өзектендіру  кезеңі.  Бұл  кезеңде 

қатысушылар  мəселеге  байланысты  өз  пікірлерін  айта    алады.  Пікіралмасулар    барысында 

шеберлік-сыныбына    қатысушылар  пікірі  бір-бірімен  сəйкес  келуі  мүмкін,  сондай-ақ  бір-

біріне  қарама-қайшы  да  болуы  ықтимал.  Мұның  өзі  шеберлік-  сыныбының    мəселесін  

нақтылауға немесе түзетуге мүмкіндік  береді. Шешімге келудің  жолдары –бұл ұсынылған  

материалдармен  жұмыстану болып табылады: мəтін, əдебиет, бояу, дыбыс, табиғи материал, 

моделдер, сызбалармен, т.б.  жұмыс. Бұл кезеңді «деконструкция» деп атауға болады, себебі 

онда  əртүрлі  ақпараттар,  құбылыстар  мен  сөздердің    бір  –бірімен  «сапырылысы»  жүріп 

жатады. Одан кейін «реконструкция», яғни өз мəтіні, суреті, моделі,  сызбасы, заңы немесе 

əлемі қалыптастыру жүреді. 

Сонымен, панель – бұл жұмыс нəтижесін көруге бағытталатын педагогикалық мəселені 

шешу  үшін  олардың  қызметінің    өзектілігін  арттыратын  Шебердің  əрекеті.  Кейінгі  қадам 

талқылау, басқалардың пікірлерінен қорытынды шығара отырып, өз шешіміне түзету енгізу 

болады. 

Шеберлік-сыныбы – Шебердің  қатысуымен    жəне  шағын  топтан (7-15 қатысушы) 

тұратын  педагог  қызметін  ұйымдастырудың  бірегей  түрі.  Оның  негізгі  элементтері – 

индукция, өзін қайта құру, əлеуметтендіру, жарнамалау, білімін қайта қарау, рефлексия. 

Индукция. Шеберлік-cыныбының басталуы проблемалық жағдаяттың қалыптасуы, бұл 

белгілі  бір  сөз,  зат,  сурет,  естелік  төңірегіндегі  тапсырма  болуы  мүмкін,  ал  бұл  жағдай 

қатысушыларға құпия немесе күтпеген тосын жағдайда болуы ықтимал. 

Проблемалық  жағдаят  қатысушының  тапсырманы  орындау  барысында  білімін 

толықтыру немесе жаңалықтарды білу сияқты психикалық жағдайымен сипатталады. Мəселе 

немесе    толғандыратын  сұрақ,  онымен  жұмыстану  қажеттілігін  айқындайтын,  оны  шешу 

жолдарын  анықтап,  өз  білімін  жаңа  білімдермен  толықтырып  ,зерттеуге  арналған  жаңа 

мəселелерді туындатады. 

Мəселені  қозғағанда  ол  əрбір  қатысушының  эмоциясы,  сезімі,  ойымен  сəйкес  болуы 

қажеттілігі ескерілуі қажет. 

Қойылған мəселе қатысушының өзін-өзі дамытуына бағытталған жөн. Егер педагогтің 

дауына  қажеттілік  жоқ    болса,  онда  бірнеше  түрткі  боларлықтай  əдістер  қолданған  дұрыс. 

Бұдан  басқа  да  өзін  көрсету,  басқалармен  қарым-қатынаста  өзін  қалыптастыру,  еркіндік 

секілді қажеттіліктер туындаған жағдайда Шебер осы қажеттіліктерді ескеруі қажет, бірақ ол 

қатысушылардың өз-өзін дамытуына басты көңіл бөлуі қажет. Егер ешқандай қызығушылық 

байқалмаса, Шебер мақсат анықтау үшін түрткі болатын қызметтер арқылы бағыттауы қажет 

болады. 

Өзін-өзі қайта құру – бұл өзіндік гипотеза, шешім, мəтін, сурет, жоба құру. 

Əлеуметтік  қайта  құру    дегеніміз – бұл  шеберлік-сыныбының  басты  элементі болып 

табылатын  топтық  жұмыс.  Шебер  қатысушылардың  əдістемелік  шеберліктерін,  сондай-ақ  

психологиялық  ерекшеліктеріне орай топ құрамын өзгертуіне болады. Шебер тапсырмаларды 

бірнеше бөліктерге бөліп, топтар оларды шешу жолдарын ойластырады. Бұл жағдайда оларға 

əдісті, жұмыс қарқынын, шешу жолдарын таңдауларына мүмкіндік беріледі, сондай –ақ əрбір 

қатысушы тəуелсіз болады. Нəтижені ойластыру, құру əлеуметтік қайта құру болып табылады. 

Топ тапсырманы орындау жөнінде есеп бергенде əрбір қатысушының  қамтылуы тиіс, 

өйткені    онда  əрбірінің  қабілеттері  ашылып  қана  қоймайды,  сол  сияқты  олардың    өзіндік 

8


сенімін  қалыптастырып,  əрбір  педагогтің  қабілеттерін  жұмыс  барысына  енгізуге  мүмкіндік  

береді. 


Жарнамалау – бұл Шебердің    жұмыстар  нəтижесімен таныстыруы. 

Қақ жарылу (разрыв)  «инсайт», «түсінік» деген мағынаны білдіреді. Түсінік ол əртүрлі 

болуы  мүмкін,  мəселен,  өзін-өзі  түсінуі,  басқаларды  түсіну,  əдісті,  тəсілді,  технологияны 

түсіну.  Қақ  жарылу  немесе  айыру  –бұл  қатысушының  өз  пікіріндегі  қарама-қайшылықты 

анықтауы,  түсініспеушілігі,  ескі  білімнің  жаңамен  сəйкес  болмауын  анықтауы  немесе  жаңа 

ақпаратпен салыстыруда жаңа мəселелер туындататын ішкі эмоционалдық  текетірестік. Бұл 

дегеніміз – басқа педагогикалық тəжірибемен таныса отырып, айырмашылықты  өзінің,  кейде 

Шебердің  көмегімен    анықтауы.  Бұл  үдеріс  ғалымдардың  лабораториясында    жиі  кездесіп  

отырады, себебі көп уақыттағы ізденіс аталған  мəселе бойынша ақпараттардың жиналып қана 

қоймай, ескіріп, жаңасының пайда болуына əкеледі. 

Рефлексия – шеберлік-сыныбы    барысындағы  қатысушылардың  сезімі,  көңіл-күйін 

білдіретін соңғы кезең. Сондай-ақ бұл кезең Шебердің өзін-өзі жетілдіріп, шеберлік-сыныбын 

сыныпты өткізудегі тəжірибесін молайтуға мүмкіндік беретін мол материал. 

ІІІ. Шебердің ұстанымы. 

Шеберлік-сыныбын  дайындау  мен  өткізуде  маңыздысы  жоғарыда  сипатталған 

алгоритмге сүйену ғана емес, сонымен қатар Шебердің өзіндік ұстанымын дұрыс анықтап алу 

да  қажет.  Шебердің  ұстанымы – бұл,  бəрінен  бұрын,  əрекет  ету  амалдарын  игерудегі 

ілгерілеушіліктің  болуын  сезіне  отырып,  оқу  жұмыстарын  тиімді  ұйымдастыруға 

көмектесетін жаттықтырушы мен кеңес берушінің ұстанымы.  

Шеберлік-сыныбын  өткізу  барысында  Шебер  ешқашан  жай  ғана  білім  беруге 

ұмтылмайды.  Ол  қатысушыларды  үдеріске    тарта  отырып,  олардың  белсенділіктерін 

арттыруға, олардың өздеріне де беймəлім болып келген қабілеттерін оятуға, олардың өзін өзі 

дамытуларындағы кедергілерді анықтауға жəне жоюға тырысады. 

Шебердің барлық тапсырмалары мен əрекеті қатысушылардың білім-білік, түсініктерін 

біріктіре отырып, олардың жаңа білім қалыптастыруларына ықпал ететін атмосфера жасауға 

бағытталады. Бұл олардың əрекеттерін жұмсақ, демократиялы, елеусіз түрде басқару болып 

табылады.  

Шебер  қарым-қатынастың  ашық,  мейірімділікке  толы,  бірлескен  шығармашылық 

атмосферасын құрады.  

Білімге  қол  жеткізу  мен  əрекет  ету  жолдарын  іздестіруде  шебердің  өзі  шеберлік- 

сыныбына қатысушылармен бірдей болып табылады, олармен бірге жұмыстанады. 

Əріптестермен  қарым-қатынас  жасау  барысында  Шебер  коммуникативтілігін, 

жалпымəдени  дамуын,  зиялылығын,  көзқарасын,  дүниетанымын,  мінезін,  ерік-  жігерін, 

темпераментін,  тағы  да  басқа  өзінің  тұлғалық  қасиеттерін  байқататын  белгілі  бір  стильді 

қолдануы тиіс. 

Шеберлік  сыныбы  шеңберінде  ұсынылатын  авторлық  əдіс-тəсілдердің  əрқайсысы 

ұстаздық  шеберлік  элементтерін,  тəсілдерін,  тың  идеяларын  ұсынады.  Авторлық  əдіс-

тəсілдердің  бұл  тұлғалық-үдерістің,  аффектілік  инфрақұрылымын  қағазға  түсіру  өте  қиын, 

бірақ ол төмендегіше жолдармен беріледі: 

 Сөз бен дауыс (үн, күш, мəнерлілік, дикция, интонация, сөйлеу шеберлігі)

 Мимика, ишара, эмоцияны басқару, бет-жүзінен эмоциялық күйді оқи білу

 Пантомимика (тұрысы, тұра, отыра білу, қатысушылардың тəртібін қадағалау)

 Əңгіме  барысында  қорытынды  жасай  білуі,  мнемотехниканы,  аутогендік  жаттығуды

игеруі, бұйығылықтың болмауы

9


 Қарым-қатынас  жасау  шеберлігі:  психологиялық  таңдау  жасау,  педагогикалық  ынта

қабілеттілігі, эмпатия

 Педагогикалық суырып салу: ойға келген шұғыл жоспар бойынша жұмыс істей білу,

жеке тəжірибесін қолдану, жоспарланбаған жағдаяттардан шыға білу

 Психологиялық көрегенділік, «озық ойлыларды» тани білу жəне «артта қалғандарға»

қолдау көрсету

 Коммуникативтік мəдениет, диалог, пікірталас жүргізе білу

 Уақытты сезіну.



ІY. Шеберлік сыныбын дайындау мен өткізу сапасының критерийлері

Шеберлік-сыныбын  дайындау  мен  өткізудің  тиімділігін  анықтау  үшін  біз  келесі

критерийлерді қолдануды ұсынамыз. 

Таныстырылымдық.

Инновациялық  идеялардың  нақтылығы,  оның  танымалдылық  деңгейі,  идеяларды 

таныстырылымдау  мəдениеті,  идеялардың  педагогикадағы,  білім  беру  əдістемесі  мен 

практикасындағы танымалдылығы. 

Эксклюзивтілік. 

Анық  байқалатын  жеке  өзгешелік  (идеяларды  тарату  көлемі  мен  деңгейі). 

Инновациялық идеяларды жүзеге асыру ерекшелігі мен таңдау. 

Прогрессивтілік. 

Оқыту əдістері мен мазмұнының өзектілігі мен ғылымилығы, стандарт көлемінен тыс 

жəне  пəнді  оқыту  əдістемесі  мен  қазіргі  білім  беру  тенденциясына  сəйкес  келетін  жаңа 

идеялардың  болуы.  Тəжірибені  əдістемелік  тұрғыдан  ғана  емес,  ғылыми  тұрғыда  байытуға 

қабілеттілік. 

Серпінділік. 

Күш-қуат беру, сергіту шарттары мен əдістерінің болуы, сабақтағы əрекет етудің жаңа 

өнімін алу барысында əр қатысушыны белсенді шығармашылық əрекетке итермелеу. 

Оңтайлылық. 

Сабақта  қолданылатын  құралдардың  жеткіліктілігі,  олардың  үйлесімділігі,  сабақтың 

мақсаты жəне нəтижесімен байланысы. (аралық жəне соңғы) 

Тиімділік. 

Шеберлік- сыныбының əр қатысушысы үшін нəтижелілігі. Даму тиімділігі қандай? Бұл 

қатысушыға нақты не береді? Өз əрекетінің нəтижесін сараптай білу. 

Əдіс-тəсілділік. 

Сабақтың шебер құрылымы (фазалар, кезеңдер, процедуралар), өзектілік, мəселелілік, 

ізденіс пен жаңалық ашу, таңырқау, рефлексия,(өзіндік сараптау, өзіндік түзету) əдістерінің 

болуы. 


Əртістік. 

Көтеріңкі стиль, педагогикалық харизма, суырып салушылық қабілет, аудиторияға əсер 

ету деңгейі, өз тəжірибесін таратуға дайындық деңгейі. 

Жалпы мəдениет. 

Эрудиция,  ойлау  өзгешелігі,  қарым-қатынас  жасау  стилі,  өз  тəжірибесін 

интерпретациялау мəдениеті. 

Осы бір қызықты ұйымдастырушылық-педагогикалық шара – Шеберлік- сыныбының 

өткізілу түрі мұғалімнің өзіндік кəсіби əрекеті барысында қалыптасқан стиліне байланысты 

болмақ.  Ал  шебер-  педагогтің  аталған  шарадағы  өз  тəжірибесін  ұсынуға  деген  бастамасы, 

тілегі  мен  мақсаты  əрбір  өз  ісінің  шебері  болғысы  келген  жанды  шығармашылық  ойлауға, 

10


білім беру мен тəрбиелеу шеберлігінің шыңына жетелейтін, үздіксіз кəсіби өсу мен өзін- өзі 

жетілдіруге бағыт берер материал болуы керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет