Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет54/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   113

Əдебиеттер тізімі 

1. Раджерс Э. Инновация туралытүсінік. – //Қазақстанмектебі, №4, 2006.

2. Қабдықайыров Қ. Инновациялықтехнологиялардыдиагностикалау. – А., 2004

3. Жүнісбек Ə. Жаңа технология негізі – сапалыбілім. – //Қазақстанмектебі, №4, 2008

4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

474


НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНДЕ ХИМИЯ ПƏНІНЕН САБАҚТАРДЫ 

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Гайсина Г. Д. 

ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі 

Атырау қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Мақалада химия пəнін оқытуда қолданылатын оқушылардың білімін тексерудің əртүрлі 

формаларын қолдану қарастырылған. 

Аннотация 

 В  данной  статье  рассмотрено  применение  различных  форм  контроля  знаний  учащихся 

используемые при изучении химии. 

Abstract 

 In the given article there has been studied applying of different forms of students knowledge control that 

are used at learning of chemistry.  

Химия пəні – жұмбағы көп құбылысы əр алуан, түсініктері салалы, қызығы мен сыры мол 

пəн. Химия ғылымының даму тарихында тəжірибе көрнекті роль атқарады. Оқушыларға терең 

тиянақты білім беруде олардың шығармашылық ойлау қабілетін, танымдық ізденісін дамытуда, 

берілетін білім негіздерінің нақтылығын арттыруда зертханалық тəжірибелердің маңызы ерекше.  

Зертханалық  тəжірибелер  табиғатта,  өмірде  жəне  өндірісте  кездесетін  химиялық  үрдістердің 

мəнін  айқындап,  оқушылардың  бойында  практикалық  іскерліктер  мен  дағдыларды 

қалыптастырады.  Зертханалық  жұмыстың  мақсаты - жаңа  білім  алу,  өтілетін  оқу  материалын 

сапалы түрде игеру, сондықтан олар жаңа материалды оқып-үйрену сабақтарында жасалады [2, 

74-б.]. 


       Зияткерлік  мектептердің  білім  беру  бағдарламасы  ұлттық  жəне  халықаралық 

тəжірибелердің ең үздік үлгілерін кіріктіруді көздейді.

 

 Назарбаев зияткерлік мектептерінде басқа 



жай  мектептермен  салыстырғанда  химия  пəнінен  тəжірибелерді  жасау  мүмкіндігі  жоғары, 

өйткені  мектептерде  заманауи  талаптарға  сай  келетін  құралдармен  жабдықталған.  Сондай-ақ, 

химиялық реактивтермен толық қамтылғандығы химия пəнінен зертханалық жəне практикалық 

жұмыстарды жүргізу деңдейі жоғары десе болады. Біз оқушылардың зертханалық жұмыстарын 

ұйымдастырып,  болашақ  маманның  пəнге  деген  қызығушылығын  арттыру  жəне  пəннің 

мамандыққа керектігіне көз жеткізу мақсатында  өткіздік. Сабақ барысында барлық оқушылар 

тақырып бойынша берілген тəжірибелерді орындап болулары керек. Осы берілген тəжірибелерді 

барлығы дерлік орындай алмайды, себебі уақытты үнемдеу жəне реактивтерді тиімді пайдалану 

қажет.  Сондықтан,  оқушыларды  топқа  бөліп,  əр  топқа  тəжірибелер  бөлініп  берілді.  Тəжірибе 

аяқталған соң əр топ басқа оқушыларға тəжірибе құбылыстарын түсіндіріп, реакция теңдеулерін 

тақтаға жазып берді. Бұл əдістің бір тиімді жағы оқушылар бұрын соңды жасамаған тəжірибелерді 

өздері  жасап  үйренді.  Химия  сабағында  тақырыпты  тəжірибелерсіз  түсіндіру  жоғары  нəтиже 

бермейді.  Көзбен  көрген  құбылыс,  қолмен  ұсталған  зат  оқушылар  ойында  ұзақ  сақталады,  əрі 

475


оның  ойланып,  құбылыстың  мəнін  түсінуге  ұмтылысы  артып,  өзіндік  қорытынды  жасауына 

мүмкіндік береді.  

  Зертханалық сабақтарда оқушылардың білімі, ой-өрісі, шығармашылық ізденістері артып, 

бірлесіп  топ  немесе  ұжым  болып  жұмыс  істеу  дағдылары  қалыптасады жəне дүниетанымдары 

кеңейеді.  Оқушылардың    пəнге  деген  қызығушылығы,  жауапкершілігі  артты.  Сондай-ақ, 

теориялық  алған  білімдерін  практикамен  ұштастырады.  Бұлардың  барлығы  оқушылардың 

танымдық  белсенділіктерін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ,  оқушылардың  болашақ 

мамандықтарына жоғары дайындық болып табылды. 

 Химия  пəнін  оқытуда  тірек-сызбаларын,  кесте,  деңгейлік  тапсырмалар,  бақылау 

жұмыстары,  химиялық  сауалғылар,  дидактикалық  материалдарды  көптеп  қолдану  ұсынылуда. 

Химиялық ойындар – оқушыларды  еңбектенуге, ізденуге  баулитын  сабақ  əдістерінің  бірі.  Оқу 

ойындары негізінен формасы, мазмұны бойынша ойын, ал дидактикалық жоғары оқу орынында 

оқытуды ұйымдастыруға тек қосымша ретінде алынады [2, 102-б.]. 

Дидактикалық  ойындар  оқушылардың  оқу-танымдық  белсенділігін  арттырудың  құралы 

ғана емес, оқыта отырып тұлғаны қалыптастырудың да тиімді жолы. Ойын үстінде бала белсенді 

түрде  ойлап,  өзін  еркін  сезінеді,  қиялы  шарықтап,  жаңа,  тың  талпыныс  жасай  алады. 

Дидактикалық ойындар оқытудың білімдік, тəрбиелік, дамытушылық мақсаттарын жарқын түрде 

жүзеге  асырады.  Л.С.Выготский  ойынның  мынадай  педагогикалық  мəнін  ашып  жазды:  ойын 

үстінде бала өз көңіліне ұнаған іс-əрекетті жүзеге асыратын тəрізді болып көрінгенімен, ол шын 

мəнінде белгілі бір ережелермен алдын-ала ойластырылған шарттылықтарға бағынады. 

Жаңа  экономикалық  жағдайда  адамнан  белсенділік  таныту,  шешімге  тез  келу,  кəсіби 

деңгейін  дамыту  жəне  күшейту  қатаң  талап  етіледі.  Назарбаев  зияткерлік  мектептерінде 

оқытудың  əр  түрлі  əдістерін  қолдануға  барлық  мүмкіндік  жасалған,  олардың  ішінде  əртүрлі 

ойындарға баса назар аударылуда. Іскерлік ойындарда нақты өзара байланысты ситуацияларды, 

кез-келген өндіріс мəселелерін, əр түрлі фирмалар, компаниялар іс-əрекеттерін көрсетуге болады. 

Іскерлік ойындар оқушыларды өндірістік қатынастарға енуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, 

ғылыми қадамның əдістерімен танысуға, зерттеу дағдыларын қалыптастыруға, ой еңбегін жасауға 

үйретеді.  Негізінен  іскерлік  ойындар  оқушыларда  ұйымдастырушылық,  басшылық  ету 

қабілеттерін қалыптастырады. Басқа пəндерге қарағанда химия оқу пəні ретінде үлкен жетістікке 

ие, себебі кез-келген өндіріс, социалды-экономикалық мəселелер химиялық білімсіз шешілмейді 

[1, 16-б.]. 

Сондықтан да химияны оқытуда ойындарды қолдану басқа салалармен байланысын толық 

ашады жəне кез-келген экологиялық мəселелерді айқын көрсетеді. Негізінен іскерлік ойындар əр 

түрлі  тақырыптарда  ұйымдыстырыла  алады.  Мысалы, «Аммиак  өндірісі», «Алкандармен  сот», 

«Шойын  өндірісі», «Кокссыз  металлургияның  технологиялық  принциптері»  т.б.  Ойындар  əр 

түрлі  əдістемелік  тəсілдер  мен  оқыту  құралдарының  жиынтығын  қолдануға,  оқушылардың 

белсенділігі мен өз бетінше жұмыс жасауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Ойындарға  барлық    оқушылар  қатысады,  негізінен 3-4 топқа  бөлген  дұрыс.  Іскерлік 

ойындарды бір адамға жүргізу өте қиын, сондықтан командадан міндетті түрде басшы сайланады 

жəне  сол  оқушы  арқылы  барлық  іс-əрекеттер  жүзеге  асады.  Топтар  бір  мəселені  шешуде, 

тізбектей жұмыс атқарғанда, қиын ситуацияларда параллель жұмыс істейді. 

Ойынның  бірінші  шарты – ойында  шешілуге  тиісті  мəселені  анықтау,  екінші – ойынның 

жалпы  жоспары  (ойын  жобасы),  үшінші – ойынның  барлық  барысын  бөлшектеп  көрсететін 

жоспар сценарийі, төртінші – ойын, бесінші - өткізілген ойынды талдау. 

476


Келесі ойын түрі «Химиялық домино» деп аталады. Бұл ойында экраннан барлық топтарға ортақ 

фишкалар  көрсетіледі.  Сол  фишкаларды  фишкалардағы  химиялық  элементтер  оттекпен 

əрекеттескендегі  көлемдік  қатынастарын  ескере  отырып,  орналастыру  керек.  Тапсырманы 

бірінші  болып  орындаған  топ  қоржынына  ұпай  қосылып,  топ  мүшесі  тапсырма  жауабын 

фишкаларды орындарына орналастыру арқылы көрсетеді. 

(Компьютер арқылы «Фишкалар» кестесін көрсетеміз:) 

Кальций 40 г 

Оттегі 32 г 

Оттегі 16 г 

Магний 48 г 

Натрий 92 г 

Оттегі 48 г 

Оттегі 48 г 

Мырыш 130 г 

Алюминий 54 г 

Оттегі 32 г 

Оттегі 32 г 

Барий 411 г 

Күміс 648 г 

Оттегі 8 г 

Оттегі 48 г 

Калий 39 г 

Кальций 40 г 

Оттегі 32 г 

Оттегі 16 г 

Натрий 92 г 

Магний 48 г 

Оттегі 48 г 

Оттегі 32 г 

Алюминий 54 г 

Мырыш 130 г 

Оттегі 48 г 

Оттегі 32 г 

Күміс 648 г 

Барий 411 г 

Оттегі 8 г 

Оттегі 48 г 

Калий 39 г 

         Келесі ойын түрі «Химиялық лото» деп аталады. Бұл ойында экраннан барлық топтарға 

ортақ  кесте  мен  «химиялық  лотолар»  көрсетіледі. «Химиялық  лотоларды»  негіздердің 

құрамындағы  металдардың  валенттіліктері  кестедегі  рим  цифрларына  сай  келетіндей  етіп 

орналастыру керек. Тапсырманы бірінші болып орындаған топ қоржынына  ұпай қосылып, топ 

мүшесі тапсырма жауабын «химиялық лотоларды» орындарына орналастыру арқылы көрсетеді. 

(Компьютер арқылы «Химиялық лотолар көрсетеміз:) 

Fe(OH)



Ca(OH)



2

Cr(OH)


LiOH


Co(OH)

KOH 



Mg(OH)

RbOH



Zn(OH)

477



NaOH

Cr(OH)


Al(OH)


3

 

I



I

II

II



III

II

III



I

III


I

II

III



О: 

NaOH


 

LiOH


Mg(OH)

Ca(OH)



2

Fe(OH)


Cr(OH)


Al(OH)


3

KOH


Cr(OH)

RbOH



Zn(OH)

Co(OH)



Ал,  ойындардан  басқа  білімді  тексерудің  бақылау  түрлеріне  тест  тапсырмалары  жатады. 

Тест түрлері  оқушылардың білімін тереңдетіп, тиянақты білім жүйсін қалыптастыру үшін қажет. 

Сонымен бірге өтілген материалдар бойынша білімдерін бір жүйеге келтіру үшін қажет тиімді 

тапсырманың бір түрі. Сабақтың тақырыптары бойынша оқушыларға келесі түрде графикалық 

тест ұсынылды: 

Жауап парағы 

Нұсқа № 


сұрақтар нөмірі 

        жауап нөмірі 

Оқушының аты-жөні: ------------------------------------------------------- 

         Мұндай  бақылау  түрлерінің  нəтижесінде  оқушылардың  сабаққа  қызығушылығы  артып, 

есту-көру анализаторларын іске қосу арқылы оқығанын берік есте сақтауға мүмкіндік жасайды. 

Берілген  білім  бойынша  өз  бетінше  іздену,  түсінік  беру,  қорытынды  жасау,  оның  күнделікті 

сабақты меңгеруіне көмектеседі, білімді, іскерлікті жəне дағдыны баянды ету мақсатында қызмет 

атқарады,  ұшқыр  ойлануға  дағдыландырады,  оқушылардың  жеке  шығармашылық  қабілеттерін 

ашық ізденіс жұмыстарына бағыттайды. 

Химиялық  кеш  оқушылардың  ғылыми  ой-өрісін  кеңейтіп,  пəнге  деген  қызығуын 

туғызады. Кешті ұйымдастырғанда тек қана қызықты болып қоймай, сондай-ақ белгілі мақсатқа 

бағытталуға  тиіс  екенін  еске  сақтау  жөн.  Кеште  оқушылар  пікірталасып,  өзінің  ойын  айтып, 

өзгенің ойын тыңдай білуді үйренеді. 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  химия  апталығы  немесе  жазғы  мектеп  шағында 

химиялық  кештер  өткізуге  болады.  Мысалы, «Ғажайып  химия»  тақырыбында  оқушылардың 

алған  білімдерін  тексеруде,  болашақ  маманның  пəнге  деген  қызығушылығын  арттыру  жəне 

пəннің мамандыққа керектігіне көз жеткізу  мақсатында кеш ұйымдастыруға болады.  

478


Кештің  мақсаты:  оқушылардың  химиядан  алған  білімдерін  тереңдету,  жетілдіру,  тұрмыста 

қолдануға  үйрету,  шығармашылық  ізденістерін  арттыру,  бірлесіп  жұмыс  істеу  дағдысын 

қалыптастыру. Дүниетанымын кеңейту. Сонымен қатар биология, медицина, география, физика, 

музыка, тарих, геология, қазақ тілі, математика пəндерімен тығыз байланыста болып, осы салалар 

бойынша  білімдерін  кеңейту.  Кешіміз 8 сыныптар  арасында  сайыс  түрінде  өтті.  Сайысымыз 

бірнеше турлардан тұрды: 

1. Таныстыру  -  бұл  турда  əр  топ  кезекпен  топ  құрамын,  атын,  эмблемасын,  девизімен

таныстырады. 

2. Тікелей  сұрақтар - бұл  турда  əр  топқа 1 минут  ішінде  жеке  сұрақтар  қойылады.  Сол

сұрақтарға əр топ мүшелері шапшаң ,егер білмесе əрі қарай деп жауап береді. Қате жəне білмей 

қалған əр жауап сұрақтың соңында жарияланып тұрды. Əр дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. 

3. Химик-эрудит - бұл  турда  барлық  топқа  ортақ  логикалық  сұрақтар  қойылады.«Уақыт»

деген сөзден бастап 1 минут ішінде əр топ өзінің тек қана бір ойын жеткізуге құқылы болады. 

1 мин кейін немесе сұраққа дұрыс жауап берілсе сөз экспертке берілді. Эксперт бұл сұрақтың 

дəл  дұрыс  жауабын  айтып  отыратын  тұлға.  Бағалау  сұрақтың  қиындығына  байланысты 

болады. Əр топтың жəне эксперттің берген дұрыс жауабы бойынша əділқазылар алқасы шешім 

қабылдап отырады. 

4. Шешендік тағлымдар - бұл турда алдын-ала дайындалып келген химияға байланысты мақал-

мəтелдер жарысы болады. 

5. Жанкүйірлер сайысы – жанкүйірлердің əрбір дұрыс жауап берген сұрақтары балл болып өз

командаларына қосылады. 

6. Өнерлі өрендер - бұл турда əр топ бір би жəне бір музыкалық сəлем жолдайды.

7. Үй  тапсырмасы - бұл  тур-капитандар  сайысы.  Алдын-ала  берілген  тақырыптар  бойынша

капитандар қағазды суырып, түскен тақырыптары бойынша жауап берді. 

         Үнемі ізденіп, жаңашылдықпен жұмыс істесе, жас ұрпақ озық ойлы, алдыңғы қатарлы, өз 

бетімен  жұмыс  істей  алатын,  өзін - өзі  жетілдіретін  тұлға  ретінде  қалыптасып,  жан-жақты 

сауатты азамат болады деп сенеміз.  

Қазіргі  оқытудың  басты  міндеті – мұғалімнің  білім  беру  жəне  оқушының  білім  алу 

қызметінің біріккен түрі екенін көреміз. Сондықтан оқушының қызметін басымдау етіп, үйренуші 

тұлға – тек шəкірт екенін еске ұстап, бүкіл білім беру жүйесін осыған бағыттау керек. Білім мен 

іскерлікті  жүйелі  түрде  тексеріп  отырудың  үлкен  тəрбиелік  маңызы  бар.  Бұл  əр  оқушының  

күнделікті  сабақты жауапкершілікпен  орындауына дағдылануына тəрбиелейді [3, 26-б.]. 

Бүгінгі таңда білім беру процесін жаңаша құра отырып, сабақтың дəстүрлі емес əдістерін 

кеңінен  қолдануымыз  қажет.  Мұндай  сабақтардың  оқушылардың  шығармашылық  ойын 

тереңдетіп, білімін қалыптастыруға, ой-өрісін дамытуға, іс-əрекетін шыңдауға əсері мол. 



Əдебиеттер тізімі 

1. Бельчиков Я.М., Бирштейн М.М. Деловые игры: Автос.  Рига, 1989.

2. Занько С.Ф., Тюнников Ю.С., Тюнникова С.М. Игра и учение: М., 1992.

3. Кузьмин Н.В. Методы  исследования пед. деятельности. Л., 1976.  9-15-б.

4. Решетова З.А. О путях формирования творческого мышления //Вест. высш. шк., 1986. №1,

16-20-б.


5. Кирюшкин Д.М., Полосин В.С. Химияны оқыту методикасы. Алматы: Мектеп, 1984.

479


СЫНШЫ ДОС ДЕГЕНІМІЗ КІМ? 

Ғабдоллақызы Б

Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

Осы  мақалада  бүгінгі  таңда  қазақстандық  педагогтер  қауымы  үшін  кəсіби  дамудың 

жаңа тетігін ұсынып отырған сыни достық туралы баяндалған. Сыншы дос деген кім, ол қалай 

таңдалатыны, кімнің сыншы дос бола алатыны туралы қысқаша сипаттама берілген. 



Аннотация 

В  данной  статье  рассказывается  о  критической  дружбе,  новом  механизме 

профессионального развития учителей. Также описано кто такой критический коллега, как его 

выбирают и кто может стать им. 



Abstract 

This paper considers critical friendship – new mechanisms of teacher professional 

development. Moreover it defines who is a critical friend, the way he is sеlected and who is able to 

be a critical friend. 

Қазіргі күн сайын өзгеріп жатқан заманда балаларға тиісті білім беру үшін мұғалімнің 

өзі де тиісті деңгейде құзырлы болуы керектігі сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімнің «төрт 

құбыласының түгел» болуына ықпалын тигізіп, көмектесетін мəселелердің бірі ретінде оған 

əріптестерінің,  немесе  осы  салада  еңбек  ететін  ғылыми  қызметкерлердің  қолдау  көрсетуін 

атауға болады.  

Өзінің  кəсіби  тұрғыдан  дамып,  тəжірибесін  жетілдіріп  отыруды  көздейтін  мұғалімге 

«Менің  кəсіби  дамуыма  кім  ықпал  ете  алады?  Мені  кім  түсініп  тыңдай  алады?  Белгілі  бір 

мəселелерді жаңа қырынан көре алуым үшін кім маған дұрыс сұрақ қойып, жол сілтей алады? 

Кім маған жаңа идея туындатып, терең ойлануыма түрткі бола алады? Жұмысымның басы-

қасында  болып,  оның  қалай  жүріп  жатқанын  білмесе  де,  оны  түсіне  алатын  кім  бар?  Бір 

нəрсеге  жаңаша  көзқараспен  қарауыма  көмектесіп,  ол  туралы  соны  пікір  ұсына  алатын  кім 

бар?  Менің  мықты  болғаныма  шын  мəнінде  мүдделі,  маған  риясыз  көңілмен  көмектесуге 

дайын адам кім? Мені ынталандырып, күш-қуат беретін кім? Маған үнемі алға қарап, жаңа 

бағыттарды зерттеп көруге, жаңа белестерді алуға құлшындыратын кім? Нəтижелерді ескере 

отырып, жұмыстың жаңа тəсілдерін ұсына алатын кім?» деген сұрақтар төңірегінде ойланған 

пайдалы болмақ.  

Аталған  рөлдердің  барлығын  орындай  алатын  адам  ретінде  «сыншы  досты»  атауға 

болады.  Бұл  термин  екіұшты  болып  көрініп,  əрі  белгілі  бір  шиеленіс  тудырғанымен,  оның 

артында бай əрі терең қуат жатқаны байқалады. Сондықтан əрбір мұғалімге түрткі болатын 

сұрақ қойып, пайдалы сын айта алатын сенімді адам керек.  

«Сыншы дос» ұғымы 1970 жылдарда білім беру саласындағы реформа кезіндегі сыни 

педагогикадан  бастау  алып,  өзін  өзі  бағалауға  бағытталған  жаттығулар  барысында  пайда 

болған.  Оның  авторы  ретінде  Десмонд  Наттол  көрсетіледі. 1993 жылдан  бастап  кеңінен 

қолданыла бастаған [1]. Алайда «Білім беру реформасы» атты онлайн глоссарийде «сыншы 

дос»  ұғымын  білім  беру  саласына 1994 жылы  Браун  университетінің  Аттенберг  мектеп 

реформалары институты енгізгені туралы мəлімет келтірілген [2]. Сол кезде аталған институт 

480


біліктілікті  арттыру  саласында  сыншы  достар  тобы  немесе  білім  алушылардың  кəсіби 

қоғамдастығы  атты  мұғалім  көшбасшылығын  дамытуға  бағытталған  тəсілді  кеңінен 

қолдануды бастаған. 

Негізінен  шетел  тəжірибесінде  кеңінен  қолданылатын  бұл  ұғым  Қазақстанда 2012 

жылдан бастап, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 

Кембридж  университетінің  Білім  беру  факультетімен  бірлесіп  əзірлеген  Қазақстан 

Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  бағдарламасы  іске  асырыла 

бастаған сəттен бастап етек алды [3, 23-б.]. 

«Сыншы  дос»  ұғымына  шетелдік  əдебиеттерде  берілген  анықтамаларға  көз  жүгіртіп 

көрелік.  А.  Коста  мен  Б.  Каллик  өздерінің  «Сыншы  дос  призмасы  арқылы»  атты 

мақалаларында былай дейді: «Сыншы дос дегеніміз түрткі болатын сұрақ қоя отырып, басқа 

тұрғыдан тексерілуге  тиісті деректер ұсыну арқылы дос ретінде адамның жұмысы туралы сын 

айтатын сенімді тұлға. Сыншы дос ұсынылған жұмыстың мəнмəтінін жəне адам немесе топ 

жұмыс істеп жатқан бағыттағы істің нəтижелерін түбегейлі түсіну үшін уақыт арнайды» (осы 

жерде жəне кейінгі дəйексөздерді аударған автор) [4, 49-б.].  

Сонымен  бірге  Кембридж  университетінің  профессоры  Д.  Макбеттің  анықтамасын 

ескерусіз  қалдыруға  болмас: «Сыншы  дос – қуатты  идея.  Мүмкін  бұл  ішкі  шиеленісті 

тудыруға  бағытталғандықтан  болар.  Достар  шексіз  жағымды  қарым-қатынаста  болатыны 

белгілі.  Ал  сыншылар,  бір  қарағанда,  кемшіліктерді  қана  көретін,  əдетте  кері  əсер  беретін 

жағымсыз адам ретінде қабылданады. Ал сыншы дос «шынайы достық» дегенге жақынырақ – 

шексіз көмек пен адал, қалтқысыз сынның үйлесім табуы» [5]. 

Сыни  достық  қолданылатын  негізгі  салалар  ретінде  Сью  Суофилд  мектепті  дамыту 

жобаларын, кəсіби даму мен зерттеу салаларын көрсеткен. Ойын тарқата келе ғалым мектептің 

өзін өзі бағалауы, жергілікті билік өкілдерінің қолдауы, мектепті дамыту, мектепті басқару, іс-

əрекеттегі зерттеу, сыртқы əріптестердің қатысуымен өткізілетін зерттеу, зерттеу топтарының 

қолдауы,  үздіксіз  кəсіби  даму,  білім  алушылардың  кəсіби  қоғамдастығы,  мектеп 

басшыларының кəсіби даму бағдарламалары сияқты нақты мысалдар келтіреді [6, 324-б.]. 

Осылайша айтылғандарды қорытындылай келе, сыншы дос дегеніміз мұғалімге өзінің 

оқыту  жəне  оқу  тəжірибесін  жетілдіруге  көмектесуге  əзір  əріптесі  немесе  педагогикалық 

кəсіби  білім  беру  ұйымының  немесе  осы  саладағы  зерттеу  ұйымының  өкілі  деуге  болады. 

Сыншы дос – қолдау көрсету арқылы адамға жігер-қуат берумен қатар, əділ, шынайы жəне 

адал, кейде тіпті естудің өзі қиынға түсетін кері байланыс ұсынатын адам, яғни кемшіліктер, 

проблемалар  мен  қиындықтар,  көңіл-күйге  жүк  түсіретін  мəселелер  туралы  шынайы,  бірақ 

сындарлы пікір айтуға келіскен адам. 

Кəсіби  даму  жəне  ұйымды  жетілдіру,  яғни  оқушылардың  үлгерімін  арттыру 

тұрғысынан сыншы достың рөлі өте қиын болуы мүмкін. Өйткені адамдар шындыққа қарсы 

қарап, өз қызметтерінде орын алып отырған келеңсіз  жағдайлар мен өз жұмысына берілген 

əділ  бағаны  дұрыс  қабылдауға  үнемі  дайын  бола  бермейді.  Сонымен  қатар,  бұндай 

«бүркемеленбеген  қатал»  шындық,  яғни  күрделі  мəселелер  мен  проблемалар  шеберлікпен 

дұрыс  шешіліп,  мұғалімге  қолдау  көрсетілмесе,  олар  сол  проблема  болған  қалпында  қала 

беретіндігін мойындауға тиіспіз. Сондықтан мұғалімдерге өз мектебінің нəтижелерін немесе 

өзінің  оқыту  тəжірибесін  жетілдіруге  көмек  көрсетуде  сыншы  достың,  ол  өз  мектебіндегі 

əріптесі болса да немесе сыртқы ұйымның кəсіби маманы болса да, маңызы одан сайын арта 

түспек. 

Өзін дамушы ұйым деп санайтын əрбір мектеп үшін сыншы дос қызметі өте пайдалы 

болмақ.  Ол  жеке  адамдарға – оқушыға,  мұғалімге,  əкімшілік  өкілдеріне  немесе  топқа  кері 

байланыс ұсына алады. Атынан көрініп тұрғандай, сыншы дос – мектеп оған дос ретінде сенім 

481


білдірген, сонымен бірге «дос жылатып айтады» демекші, шындықты жасырмай айтады деп 

үміттенетін,  өз  саласының  білікті  маманы.  Дос – осы  жұмыстың  табысты  болғандығын 

қалайтын,  соған  қызығушылық  танытатын,  соған  мүдделі  адам.  Ал  мұғалім  мен  «досы» 

арасындағы сыни достық үдерісі сенім білдіруді талап ететін үдеріс болып табылады. 

«Сын» деген сөздің жағымсыз реңкін ескеретін болсақ, кейбір адамдарда бұл ұғымға 

қатысты  кері  көзқарас,  кереғар  пікір  туындауы  мүмкін.  Көптеген  адамдар  сынды  жазаға 

теңейді де, олардың атына сын айтылғанда, кері, жағымсыз пікір естуге дайындалады. Алайда 

«сыншы дос» дегенде бұл жерде «сын» сөзі «жағымсыз қылығы үшін тағылатын айып, кінə, 

мін» деген мағынада емес, «жұмыстың жақсы-жаманын талдап, екшеп айтылатын пікір» [7, 

760-б.] деген мағынада қолданылып отыр. Сонымен бірге бұл жағдайда «сыни» сөзі «өзекті», 

«маңызды», «негізгі», «түйінді»  немесе  «шұғыл»  деген  мағынаны  меңзейді.  Оның  үстіне 

мамандар  бірлесіп  жұмыс  істей  бастаған  кезде  туындаған  мəселелерді  бірге  талқылап, 

шешімін іздестіру барысында олар үдеріске қатысушы əрбір адамның өзін бұл жағдайда, бұл 

ортада  жайлы  сезінуін  ескеріп,  кері  байланысты  барынша  сындарлы  түрде  ұсынуға  назар 

аударғаны абзал. Осылайша екі тарап өкілі де бір-біріне сенім білдіріп, өздерінің ішкі ойларын 

бүкпей білдіре алатындай жағдайда болуы керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет