Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет56/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113

Əдебиеттер тізімі: 

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  оқушыларының  оқу  жетістіктерін  критериалды 

бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы, Астана, 2012 

492


ҚОҒАМДАСТЫҚ  АРҚЫЛЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КƏСІБИ  БІЛІКТІЛІГІН  

ДАМЫТУ 

Демеуова  Б. Н. 

Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия,  Алматы  қаласы  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

         Бұл  мақалада  білім  беру  саласында  қоғамдастық  пайдалы  тəжірибені  таратуға  ықпал 

жасайтындығы,  мұғалімдердің  кəсіби  дамуын  арттыратындығы,  мектептегі  əлеуетті 

күшейтуге  көмек  беретіндігі  жəне    өзгеріс    енгізу    аймағында    қоғамдастықта    жұмыс  

жасаудың   тиімділігі  зор екендігі туралы жазылған.  

Аннотация 

          В  данной  статье  дана  информация  о  том,  что  в  сфере  образования  совместная 

деятельность 

дает 


возможность 

распространению 

полезного 

опыта, 


повышает 

профессиональный рост учителей, а также помогает сплочению школьного  общества.  Там, 

где вносятся изменения больше пользы от совместной работы.

Abstract 

           In  this  article  given  the  information that in educational field joint activities enables the 

dissemination of good practice, enhances the professional development of teachers, and helps unite 

the school community. In the places where made changes there are more benefit from working 

together. 

Біздің  өмір  сүріп  отырған  дəуіріміз  өзгерістер  мен  бəсекелестік орнаған  əлемдік  

кеңістікте өтіп  жатыр.  Қазіргі  мектеп  ұстаздарының  алдындағы  басты   мақсат -  білім  

берумен  қатар, оқушыларды  дұрыс  өмір  сүруге, адамгершілік, ынтымақтастық  қабілеттерге   

баулу.   

Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану - уақыт талабы. Бүгінгі таңдағы адамзат 

тіршілігінің  негізгі  тұғырнамасы – білім  болып  табылады.  Білім  жүйесін  инновациялық 

технологиялармен    жабдықтап,  білімнің  халықаралық  талаптарын  меңгерудің  маңызы 

айрықша. 

Білім беруді жаңарту - үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі. Қоғамдағы жүріп 

жатқан  өзгерістер,  ғылыми  техникалық  прогресс  жəне  жалпы  білім  беретін  мектеп 

құрылымының өзгеруі – жас ұрпақты тəрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. 

Педагогикалық    шеберлік  орталығы  мен    Кембридж    университетінің    бірлескен 

Бағдарламасы  бойынша  өтіп    жатқан  жаңа    форматтағы    білім    жетілдіру    курстары    осы  

міндеттерді  шешуде үлкен  рөл атқарады. Осы орайда   мектептегі   мұғалімдерді  осындай  

курстарға  қатыстыру, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру  қажетті білім мен дағдыны  

қалыптастырудың  құнды жолы    болып табылады. Курстан  алған  білім    мен  тəжірибе   кез  

келген  проблемаларды   шешуге,   жаңа  əдіс-тəсілдерді, негізгі  идеяларды тиімді  қолдана  

алуға жетелейді.  «Басқаларды  үйрете  жүріп, өзіміз  де  үйренеміз» деп  Сенека айтқандай, 

табысты  мектепке  жету үшін  жұмысты  бірлесе  атқару арқылы   өзгеріске  бет  бұрады.  

493


Осының  айғағы,  Алматы  қаласы Ш. Смаханұлы атындағы №62 гимназияда  «Серпін» 

атты  қоғамдастық  құрылып, оқытудың  жаңа  əдіс-тəсілдерімен  білім сапасын  көтеруге үлкен 

үлес қосып келеді.  Осы  қоғамдастықты  құру  арқылы  бір  мақсатта, бір  бағытта  жұмыс  

жасай  отырып,  шешуі  қиын  мəселелерді  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып,  

жұдырықтай  жұмылып жұмыс  істеуде  тиімді  екенін  іс  жүзінде  дəлелдеп отыр.   

Бүгінгідей  білімнің    қарқындап    дамып    тұрған    кезінде    əлемде    болып    жатқан  

жаңалықтардан  кеш  қалмауды ойлап,  гимназиядағы   мұғалімдердің  20%-ы  тəлім  алушы  

қатарына    қосылып,  қоғамдастыққа  тартылып,  оқытудың    жаңа    əдіс-тəсілдерін    cабақта 

қолдануға,  тиімді қарым-қатынас моделін жасауға қалыптасып  келеді.

 

«Ақылды кеңестер» 



мен  «жаңа    идеялар»  бұрышы    жасалып,  қоғамдастық    мүшелерінің    шынайы    жұмысы  

көрінді. 

«Қоғамдастық – бұл сапаға, дəлдік жəне нəтижеге бағдарланған, белгілі бір мақсатпен 

құрылған  қоғамдық  ұйымдар ... Білім  беру  саласында  қоғамдастық  пайдалы  тəжірибені 

таратуға  ықпал  жасайды,  мұғалімдердің  кəсіби  дамуын  арттырады,  мектептегі  əлеуетті 

күшейтуге көмек береді, ... білім беру ұйымдарын жəне жүйелерін қайта ұйымдастыру жəне 

жетілдіру үдерісіне көмектеседі» [1, 111-б.]. 

Осындай қоғамдастықты  құрмас  бұрын  мұғалімдердің  құзіреттілігін  анықтау керек. 

Мұғалімдердің  кəсіби  құзіреттілігін  анықтау мақсатында 5 құзіреттілікті (психологиялық-

педагогикалық  құзіреттілігі, қарым-қатынастық  құзіреттілік, АКТ-ны қолдану құзіреттілігі, 

сабақ барысын  басқарудағы  құзіреттілігі, оқу үдерісін  бағалау  мен талдау  құзіреттілігі)  

басшылыққа  алып, сауалнамалар  арқылы қорытындысы шығарылды.     Мұғалімдердің  нақты  

шешім  шығарып,  жаңа  идеяларды  айта  алуы  үшін  олардың  құзіреттілігі  жоғары, жан 

жақты, «ақылды  кеңес» бере  алатын  болғаны  абзал.    

Қандай    болмасын  жұмысты  бастамас  бұрын  қоғамдастық    құрамын    нақтылау 

мақсатында    «кім?», «не  үшін  қажет?», «қалай    құрылады?»  деген    тақырыпта  «Серпін» 

қоғамдастығының  отырысы  өткізіліп,  қоғамдастық    құрылымы    мен    қоғамдастық    моделі   

жасалды.    

494


Басқарушы топ

І деңгейлі  мұғалім

мен  əкімшілік

Үйлестіруші топ

ІІ,ІІІ деңгейлі         

мұғалімдер 

Дамытушы  топ

Тəжірибелі  мұғалімдер

д

Қ О Ғ А М Д А С Т Ы Қ    М О Д Е Л І



Тəлім  алушы

Тəлім  алушы

Тəлім  алушы

І

І  



ә

ІІ

ІІІ



ІІІ

ІІІ


ІІІ

ІІІ


ІІІ

т.м


т.м

т.м


т.м

т.м


т.м

т.а


т.а

т.а


ДИРЕКТОР

Оқушы

Ата-ана

І

ІІІ



т.м

т.м


т.м

т.м


І

ә

Бұл модельде  қоғамдастықты басқаратын  негізгі топтар  басқарушы  топ,  үйлестіруші 



топ,  дамытушы топ   болып   құрылды.  Тəлімгерлер  мен  тəлім  алушылар «үздік  өзгеріс  

айнасы»  бола  біледі,  өйткені  өзгерісті  мектепке  апаратын,  дамытатын, іске  асыратындар  

да  солар.  

Қоғамдастықта  мұғалімнің  көшбасшылығын  дамыту    басты  рөл  атқарады.  Мектепте 

мұғалімдер  көшбасшылығын  белгілеудің  негізгі  өлшемдерін  ұғына  білудің    маңызы    зор. 

Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы-мұғалімдер 

өздерінің  əріптестері  мен  басқа  қызметкерлерге  үлгі  бола  біледі.  Сол  үшін  өз 

қоғамдастығының  жоспарын құруда    қоғамдастық  мүшелерінің  кім екенін жəне олардың  

құзіреттілігін  анықтау    мақсатында   оған шолу жасауға мүмкіндік береді. 

Қоғамдастық бір-бірімен өзара тығыз байланысқан үш маңызды компоненттен тұрады. 

Нақты  айтсақ:  адамдар  (кім?),  ортақ  мақсатпен  (не  үшін?),  жұмысқа  қатысу  үшін  (қалай?) 

ұйымдастырылған. Сондықтан  да  олар  бірлікте, тізбектелген  жұмыстар  атқарады. Істеген  

жұмыстарының  сəтті  болуына  құнды  ойлар  мен  нақты  мақсаттарды  басшылыққа  алады. 

«Серпін»  қоғамдастық    құрамындағы    мұғалімдер      төрт    шағын    топқа    бөлінді. 

Тəлімгерлер  алғашқы  əрекеттерін  тəлім  алушыға  орта  мерзімді, қысқа  мерзімді жоспар  

жасауға  бағыт  берсе,  тəлім алушылар фокус  түсіруге ыңғайлы  сəттерді  ойластырды. Қандай  

жұмысты   болмасын  өз жүрегіңмен  атқармасаң,  ол істен  ешқандай  нəтиже  шықпайтыны   

белгілі.  Сондықтан        жоспарлап  жүзеге  асыратын  əрекеттерді  зерделеп,  оның  мəні  мен 

мағынасын  сезінген дұрыс.   

 Жаңа  форматта  білімін  жетілдірген  мұғалім «Жаңалықты  қалай  енгіземін? Өзгерісті  неден  

бастаймын?»  деп  ойланатыны анық.   Олар   нысаналы сыныптарға   зерттеу  жұмыстарын  

жүргізіп, «А», «В», «С» деңгейлі  оқушылардың  сабақ  үлгерімін, «Үздік  жоспар» үлгілерін, 

іс əрекеттегі зерттеуді  сараптау  барысында  көз  жеткізеді.  

495


Lesson Study-ді  тəжірибеге    енгізе    отырып,  сабақтың    сапасын    арттыруға    жəне  

оқушының  қабілетін  дамытуға  ерекше   көңіл  бөледі. 



  

 Lesson Study-дің  басты мақсаты - оқушыларға білім алуға көмектесу жəне топ мүшелерінің 

кəсіби дамуына ықпал ету, мұғалімдердің желілік қоғамдастығы  аясында  іске  асыру (Dudley, 

P.) [4, 4-б.]. 

Табысты    мектепке  жету  үшін    мектепті  дамыту  жоспарында  «нені  дамыту  керек?», 

«дамыту  үшін  қандай  əрекеттерді  жүзеге  асыру    керек?»  деген  сауалдарға    жауап  бере  

отырып,  қоғамдастық    мүшелері      оқытудың    дəстүрлі   əдістеріне өзгеріс  енгізу  керектігін,  

педагогтердің  кəсіби дамуын жетілдіруі керек екенін,  ол үшін қолайлы орта қалыптастыру  

қажет  екенін түсінеді. Тəлім алушылармен  кəсіби əңгіме  жүргізіліп,  мұғалім үні  тыңдалады.  

Қоғамдастық    мүшесі    тəлім    алушы    мұғалімнен    «Сабақты  топқа  бөліп  өткізудегі 

мақсатың не?»  деп  сұрағанда,      «Оқушылардың   білім алуға деген  ынтасын ояту» десе,   

«АКТ-ны сабақтың қай кезеңінде қолданасыз?» деген  сұраққа, «Жаңа сабақты түсіндіруде, 

бекітуде»  деп, ал «Оқушыларды бағалаудың қандай əдісін пайдаландыңыз?» дегенде,  «өзін- 

өзі  бағалауы  тиімді»  деген     жауабы эвалюациялау деректері ретінде     құнды  болды.         

Аптасына  бір рет өткізілетін қоғамдастық    отырысы атқарылған  жұмыстардың  сəтті, 

сəтсіз  жақтарын,  зерттеудегі    оқушылардың    өзгерісін        жəне    коучингтерді,  тізбекті  

сабақтарды  жоспарлауға   тиімді  болды.     

«Басқарушы», «Үйлестіруші»,  «Дамытушы»  топ мүшелерінің  «ақылды  кеңестерін» 

тыңдап,   нысаналы сыныптарға зерттеу  жүргізуді  жоспарлады. 

Сонымен  қоса,  мұғалімнің  кəсіби  дамуын  қамтамасыз ету моделінің  бірі -  мектепте 

жəне мектептер  арасында желілік қоғамдастық құру. Желілік қоғамдастық виртуалды түрде 

де  жəне  ресурстық  орталықтар  арқылы  құрылады. «Желілік  қоғамдастық    оқыту 

қоғамдастығында  жүріп  жататын  ақпарат  алмасу  үдерісі    мұғалімдердің  тəжірибесі  мен 

жұмысының  мазмұнын арттырып, оған тартылған адамдарды өзара тығыз байланыстырып, 

олардың сырт көзге көрінбейтін, күнделікті жұмысына  түр береді», - дейді Энн Либерман ( 1-

деңгей,  Нұсқаулық). 

Олай  болса,  желілік  қоғамдастық    арқылы  білім  беру  мектептер  арасында 

ынтымақтастық пен  колаборативті  орта қалыптастыруға ықпалын  тигізеді.  Оның  ұлттық 

жəне халықаралық деңгейде қолдау тауып отырғаны белгілі. Желілік  қоғамдастықты  дамыту 

жігерлі де табанды жұмысты талап етеді.   

«Желілер  көшбасшылықтың бірлескен шараларын жүргізіп, оның жаңа нысандарын 

зерттеуге  ықпал  етеді.  Олар  бізге  əріптестерімізбен  тəжірибе  алмасудың  жаңа  тетігін 

дамытып, оқытудың тиімді əрі инновациялық тəжірибесін ұсынады. Желілер аясында жақсы 

идеяларға  қол  жеткізу  мүмкіндігі  барынша  кеңейіп,  білікті  мамандар  тобына  олардың 

өміріндегі  барлық  балалар  үшін  өздеріне  ұжымдық  жауапкершілікті  алуға  ықпал  етеді»,-  

дейді  Фуллан  [1, 81-б.].  Сондықтан  да  өзгеріс  енгізу  аймағында  желілік қоғамдастықта  

жұмыс  жасаудың тиімділігі  жоғары. 

Желілік  қоғамдастық    арқылы  қазіргі  адамға  қажетті  білімді  жəне    қызықтырған 

тақырыбы  бойынша  ең  өзекті  ақпаратты  ала  алады,  өз  материалдарын  жариялайды,  кəсіби 

байқауларға  қатыса  алады.  Желілік  қоғамдастық  жұмысына  қатысу – оқу  үдерісіне  жаңа 

стандартты  енгізетін  кез-келген  пəн  мұғалімінің  өнімді  еңбек  етуі  үшін  қажеттілік  болып 

табылады. 

Бүгінгі таңда Кембридж тəсілінің теориялық негіздері  адамдардың бір-бірімен тікелей 

байланыста болуына, өз беттерімен шығармашылық, танымдық   жұмыс істеуінде маңызы зор. 

Əрбір жеке  тұлғаны бағалай  отырып, оның  үніне,  көзқарасына құлақ  асып, заман  талабына  

496


сай  болашаққа  бағыт-бағдар    беріп,  көшбасшылық    дарынын  ашу    жолында      қоғамдаса  

істелген жұмыстың    сəтті  қадам болатыны  сөзсіз. 

Қорыта  келе,  мұғалімдердің кəсіби  біліктілігін  қоғамдастықпен жұмыс жасау арқылы 

дамытудың  маңызы  зор екені  айқындалды. 



Əдебиеттер тізімі 

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (Бірінші деңгей бағдарламасы). Астана, 2013 ж.

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық (Үшінші деңгей бағдарламасы). Астана, 2013 ж.

3. Пит Дадли, Lesson study: Нұсқаулық. Астана, 2012 ж.

497


ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ  САБАҚ ҮЛГЕРІМІНЕ  ƏСЕРІ 

Демешова М. М. 

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы  

«

Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

Бұл мақалада  химия пəнін оқыту үрдісінде химиялық  эксперименттің оқушының сабақ 

үлгеріміне  əсері  туралы  қарастырылған.  Сабақты  эксперимент  жасау  арқылы  өткізу 

оқушылардың  талдау,  дəлелдеу, сыни ойлау тəрізді қабілеттерін   дамытады. 



Аннотация 

В данной статье рассматривается  роль химического эксперимента и его влиянии   на 

успешную успеваемость учащихся в учебном процессе. Химический  эксперимент  развивает 

практические навыки учащихся, учит анализировать, размышлять, доказывать, способствует 

развитию  критического мышления. 

Abstract 

The article maps the data of performing a chemical experiment and its impact on the success of 

student performance during the learning process. The chemical experiment develops practical skills 

of students; teaching to analyze, reflect, and prove, while contributing to the development of critical 

thinking. 

Тəуелсіз  мемлекетіміздің  келешегі  жас  жеткіншектер  болғандықтан,  əрбір  ұстаз, 

келешекте  өз  бетінше  өмір  сүре  алатын  білімді  де,  шығармашыл  жастардың  қабілетін, 

дарынын оята білуі керек деп ойлаймын. Оқушы білімін тиянақты қалыптастыруда мұғалімнің 

жауапкершілігі өте жоғары, əрбір ұстаз ізденімпаздықпен оқытудың тиімді  əдіс тəсілдерін өз 

тəжірибесінде қолдануы тиіс [1, 41-42-б.]. 

Оқущылардың білімін бағалауда  химиялық эксперимент оқу үрдісінің құрамды бөлігі 

болып  табылады.  Себебі  химия  тұрмысқа  күнде  еніп,  қажеттілігі  күн  сайын  артып 

отырғандықтан оны тек теориялық жағынан жетілдіру жеткіліксіз. Сонымен қатар еліміздегі 

химиялық  өнеркəсіптің  үздіксіз  даму,  оның  технологиялық  талабының  артуы  əр  түрлі 

техникалық сызбаларды игеруді талап етіп отыр [2, 42-б.]. 

Химиялық  эксперименттің  негізгі  қасиеті  əрбір  ғылыми  түсінік  логикалық  түрде 

қойылған тапсырмадан көрініп, практикалық түрде меңгерілуі керектігінде. 

Тану-  нақты  денелерді,  құбылыстарды,  процесс,  фактілерді  сезіну  мен  қабылдаудан 

басталып,  меңгерілу  мен  абстрактілуге  өтеді.  Экспериментті  орындау    процесі  кезінде 

оқушылар    жұмыстың  практикалық    біліктілігіне  қол  жеткізіп  қана  қоймай,  өз  білімін 

шығармашылық түрде игеру мүмкіншілігіне ие болады. 

Эксперименттің жүйелі түрде жүргізілуі оқушылардың химиядан үлгерімін арттыруға 

мүмкіндік береді. Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында 

ғана пайдаланып қоймай,сондай-ақ кейін де өздік ізденістерінде қолдана алады. 

Химиялық эксперимент бірнеше кезеңдерде жүргізіледі: 

-

 тəжірибені қоюды түсіндіру 



-

 жоспарлау мен жүргізу 

-

 алынған нəтижелерді бағалау [4, 1-б.]. 



498

Нəтижесінде танымдық  түсініктері жеңілдеп, сарамандық дағдылары қалыптасып, 

қорытынды жасауды меңгереді.  Осы кезде білік пен дағдыны ғана қалыптастырып қоймай, 

химия ғылымының маңызды заңдылықтарын түсіндіруге мүмкіндік туады. Оқушылар 

тапсырманы орындау барысында  берілген  тақырыпқа қарай отырып, жұмыстың мақсатын, 

жұмысқа қажетті құрал - жабдықтарды өздері таңдап алып, жұмыс нəтижесінде мүмкін 

болған реакция теңдеулерін жаза алады. Олар тəжірибені топ болып орындайды жəне əр 

қайсысы  өз жұмысының нəтижесіне сын көзбен баға беруге үйренеді [2, 43-б.].

Зияткерлік мектептерде кіріктірілген бағдарлама бойынша оқытудың тиімді жақтары 

практикалық сабақтарға көп уақыт бөлінген. Бұның өзі оқушының ғылымға жəне ғылыми 

жұмыстарға деген талпынысын оятары сөзсіз. Осы мақсатта 8 сыныпта «Металдардың 

салыстырмалы қасиеттері» тарауы бойынша  «Металдардың белсенділігін салыстыру» 

тақырыбында өткізген практикалық сабағымды қарастырғым келеді. 

1.

Үй тапсырмасы сұралып болған соң сынып оқушыларын бүгінгі сабақтың мақсатымен



таныстыру  үшін  күмістен жəне қорғасыннан кристалл ағаштарын көрсетемін. 

(

алдын-ала дайындалған күміс немесе қорғасын кристалл ағаштары). Бұл ағашты күміс 



ағашы  деп  атайды.  Осындай  ағашты  алу  үшін  мыс  сымдарын  күміс  нитраты  ерітіндісіне  

салады. Сіздер қай құбылыстың нəтижесін байқап тұрсыз? Осы күміс ағаштың пайда болуын 

қалай түсіндере аласыз? Реакция теңдеуін сөзбен жазуды сұраймын. 

Металл кристалдары алмасу нəтижесінде түзіледі – күміс күміс нитратынан мыспен 

ығыстырылады, қорғасын қорғасын нитратынан мырышпен ығыстырылады.   Осылайша 

сабақ мақсаты айқындалады:                                                                                             -белгісіз 

химиялық реакция өнімін металдардың белсенділік қатарын пайдалана отырып болжау

-

орынбасу реакциясына жүйелі зерттеу əзірлеу                                                                                -



ығыстыру реттілігін қорытып шығару 

2.

Содан соң сыныпты үш топқа бөлдім. Əр топта топ басшысы сайланады. Оларға алдын ала



өздерін бағалау мақсатында арнайы кесте таратылады.  Сабақ соңында əр топ жасаған 

жұмыстары бойынша өздерін бағалайды. 

кесте 


Бағалау критерийлері 

І оқушы 


ІІ оқушы 

ІІІ оқушы 



Білуі 


Түсінуі 


Қауіпсіздік 

 

техникалық 



ережесін сақтауы 

Тəжірибе  жасауы 



Барлығы 




Қорытынды баға

3.

Жұмыстың  тақырыбы  берілген  соң  олар  бұл  практикалық  жұмысқа  кіріспе  жəне



болжам  жазады.  Содан  соң  тəжірибе  жасайды.  Бір  уақытта  металды  əр  түрлі  тұздың 

ерітіндісіне салады. Реакция жүрді ма? Металдың  беткі қабатында  түсінің ауысуы, ерітіндінің 

түсінің  өзгеруі,  газдың  бөлінуі,  температураның  өзгерісі.  Байқалған  өзгерістерді  төмендегі 

матрицаға толтырады: 

кесте 


Мыс сульфаты  Мырыш сульфаты Магний сульфаты Темір сульфаты 

499


Мыс

X

мырыш



X

магний


X

темір


X

Жоғарыда  жасалған  тəжірибиелердің  реакцияларын    сөзбен  жазып  жұмысты 

қорытындылайды: 

Оқушылардан кему тəртібінде металдар белсенділігі қатарын құруды сұраймыз. 

Осылайша оқушылар металдардың активтілік қатарын өздері  тəжірибе жүзінде бақылап 

болжам  жасап,  активтілігінің  кему  реті  бойынша  металдарды  орналастыра  алады.  Жұмыс 

соңында оларға Н.Н. Бекетовтың жасаған металдардың кернеу қатары  көрсетіледі.  Қатарда 

сутекке  дейін  орналасқан  металдар  қышқыл  ерітінділерінен  сутекті  ығыстырып  шығара 

алмайды, сондықтан қышқылдармен əрекеттеспейді. 

Li  K  Ca  Na  Mg  Al  Zn  Cr  Fe  Ni  Sn  Pb  (H) Cu  Hg  Ag  Pt  Au 

Оқушылар осыған  дейін  өздерінің  жасаған болжамдарының  дұрыстығын  тексеріп  көз 

жеткізеді.  Жұмысты  қорытындылап,  топ  ішінде  өзара  талқылайды.  Сабақты    бекіту 

мақсатында төмендегі тапсырмаларды орындайды: 

Complete the following word equations.  If there is no reaction, write “no reaction”. 

a)

zinc(s)  +  lead nitrate(a……………………………………………



b)

iron(s)  +  zinc sulfate(aq) 

………………………………………

c)

lead(s)  +  copper nitrate(aq)  ……………………………………



d)

copper(s)  +  sodium chloride(aq) 

……………………………

e)

gold(s)  +  silver nitrate(aq)  ……………………………………



f)

magnesium(s)  + calcium nitrate(aq……………………………

№ 1 кесте  бойынша  əр  топ  өздерін  бағалайды.  Осылайша  оқушылар    химиялық 

эксперимент жүргізу арқылы металдардың активтілігін салыстырып зерттей отыра, 

ығыстыру 

реттілігін қорытып шығарып,

                                                                                                 

сабақтың 

мақсатына  химиялық  эксперимент  арқылы  жетті.  Берілген  мақсат  бойынша  сынып 

оқушыларының 96% «жетті» 

критерийі 

бойынша 


бағаланды. 

Оқушылар  білімін  əділ  бағалап,  жалпы  қорытумен  сабақ  аяқталды.  Оқушы  білімін 

жетілдіруге бағытталып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыруға  бағытталған бұл сабақ  

арқылы оқушылардың танымдық  қабілеттері артқандығы байқалды. 

500


Қорыта келгенде  химия сабақтарында практикалық жəне лабораториялық жұмыстарды 

өткізудің артықшылықтары өте көп екенін байқауға болады.  Бұл оқушылардың танымдық 

мүмкіншіліктерін кеңейте түседі. Практикалық  жəне лаборатоиялық  жұмыстар оқушының 

білімді есте сақтауына жəне оқу үрдісіне оқушының өзінің қатысуына, оның ойлау қабілеті 

мен  пəн  бойынша  ғылыми  ізденіске  деген  ынтасын  арттырады.  Заман  талабына  сай  жас 

ұрпаққа  сапалы  білім  беруде  химия  сабақтарында  мүмкіндігінше  зертханалық  жəне 

практикалық  жұмыстарды  көптеп  ұйымдастыру-  оқушылардың    жаттандылықтан  арылып, 

саналы білім алуына жол ашып қана қоймай, олардың өз бетімен ізденуіне, дамуына жағдай 

туғызады. 

Əдебиеттер тізімі 

1.

Химик  анықтамалығы //Республикалық  ғылыми-танымдық  педагогикалық  журнал.



2010 

№2(16),  41-42-б. 

2.

Химия  мектепте //Республикалық  ғылыми  педагогикалық  журнал/  Бас  редакторы



Құлжабаева А. 2010. №1 (43),  40-43-б. 

3.

Н.Нұрахметов, Қ.  Бекішев //Химия оқулығы :Мектеп, 2006.



4.

Химия  пəнінің  оқу – əдістемелік  кешені //Мектеп  химия  экспериментін  жүргізу

əдістемесі: Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. 

501



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет