Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»


Басқа əдіс-тəсілдермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары



Pdf көрінісі
бет55/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113

Басқа əдіс-тəсілдермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары 

Шетелдік  дереккөздерге  үңілсек,  сыншы  дос  көрсететін  көмектің  басқа  да  қолдау 

көрсетуге  бағытталған  тетіктермен  ұқсастығы  бар  екенін  көреміз,  алайда  оның  өзіндік 

ерекшелігі  де  бар  екенін  атап  өткен  орынды  болмақ.  Енді  осы  ұқсастықтар  мен 

айырмашылықтарға қысқаша тоқталып өтелік. 

Жергілікті  білім  басқармаларының  қарамағында  жұмыс  істейтін  кеңесшілер, 

инспекторлар,  мектепті  дамыту  жөніндегі  қызметкерлер  жəне  стратегиялық  жоспарлау 

бойынша  кеңесшілер  белгілі  бір  тəртіпте  мектеп  мұғалімдерімен  жұмыс  істеп,  олардың 

жұмысын  бағыттап,  бақылау  жəне  есеп  беру  үшін  жауап  берумен  қатар,  қолдау  көрсетіп, 

тапсырма  береді.  Өздерінің  лауазымдарына  байланысты  білім  басқармаларының 

қызметкерлерінің қолында белгілі бір деңгейде ресми күш бар деуге болады. Олар жіберетін 

жұмыс жоспарлары, басқалардан есеп беруді талап етуі, сол үшін жауаптыларды тағайындауы, 

нақты  мақсат  қоюы,  қолдағы  билікті  пайдалануы,  əғни  жоғары  лауазымдының  белгілі  бір 

талап қоюы – осы аталған белгілерді бұлар мен сыншы досты айыруға көмектесетін белгілер 

деуге болады. 

Кеңесшілер сыншы дос қолданатын көптеген дағдыларды қолданып, сыншы досқа тəн 

көптеген қасиеттерге ие, алайда оларды қызықтыратын мəселе басқа. Олар мұғалімнің жай-

күйіне,  сезімдеріне,  оның  жеке  басының  проблемаларына  назар  аударады.  Ал  сыншы  дос 

болса,  ол  ұйымдастырушылық  мəселелерге  алаңдайды,  мұғалім  жұмысының  ықпалы  мен 

көптеген басқа адамдар үшін салдарына, сондай-ақ адамдардың кəсіби-жеке тұлға ретінде хал-

ахуалының  жақсы  болуына  көңіл  бөледі.  Кеңесші,  коуч,  тəлімгер  функциясы  да  нақты 

адамдардың жетістікке қол жеткізіп, кəсіби тұрғыдан табысты болуына бағытталған. Əдетте 

коуч пен тəлімгер үшін көмек көрсетілетін адам жұмыс істейтін салада жұмыс тəжірибесінің 

болуы міндетті. Тіпті тəлімгер, əдетте, тəжірибесі көбірек білікті мұғалім, негізінен білім беру 

ұйымындағы ең үлкені [8, 81-б.]. Сыншы дос үшін бұл міндетті емес. Коучтер өз жұмысында 

негізінен  нұсқау  беру  тəсіліне  сүйенеді,  ал  сыншы  дос  қолдау  көрсетіп,  ынталандыруға 

ұмтылады. Тəлімгерлер өзі жұмыс істейтін адамға қамқорлыққа алынған адам сияқты қарап, 

тəлімгер  мен  тəліптің  арасында  шебер  мен  оқушының  арасындағы  сияқты  қарым-қатынас 

орнауы  мүмкін.  Бұл  екеуінің  арасында  қалыптасқан  қарым-қатынасты  «əке  мен  баланың 

қарым-қатынасына» жақын деуге болады, ал сыншы дос өзі жұмыс істейтін мұғаліммен «өзі 

ісіне есеп беретін ересек адамдар арасындағы қарым-қатынас» орнатуды көздейді. «Коучинг 

482


пен  тəлімгерлікке  қарағанда,  сыни  достықты  мейлінше  бейресми  үдеріс  деп  сипаттауға 

болатын шығар. Мүмкін оны өзара қарым-қатынасқа жəне сұрақ қойып, сұраққа жауап беріп, 

қарсы дау айтуға дайын болуға негізделген кəсіби қарым-қатынас деген дұрыс болар» [9, 63-

б.]. 


Атқаратын  қызметі  мен  рөлі  жағынан  сыншы  досқа  ең  жақыны  кеңесшілер  деуге 

болатын шығар. Кей адамдардың бұл екі сөзді синоним ретінде қолданатынын кездестіруге 

болады.  Көптеген  мамандықтарда,  бизнесте,  өнеркəсіпте,  қызмет  көрсету  саласы  мен  сауда 

саласында  «кеңесші»  сөзінің  кеңінен  қолданылуы  кез  келген  адамның  кеңесші  ретінде 

тəжірибесі үнемі бірдей нəтиже бере бермейтіндігін білдіреді, яғни оның ісі оң да, теріс те 

нəтиже  беруі  мүмкін.  Кеңесшімен  салыстырғанда,  сыншы  дос  атқарылатын  міндетке  емес, 

негізінен үдеріске бағдарланған, оның міндеті мінез-құлықты, істі талдау емес, өзгеріс енгізу 

десе болады. Əдетте сыншы дос пен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас бірталай уақытқа 

созылып, олар нақты құндылықтар аясында əрекет етеді. Сонымен қатар сыншы дос нақты 

проблеманың шешімін іздеген адамдармен ғана емес, түбегейлі өзгеріс енгізуге дайын, соны 

қалайтын  адамдармен  жұмыс  істегенді  мақсат  етеді.  Бұл  айырмашылықтардың  барлығы 

жалпыланған негізде алынған, сондықтан кеңесшінің əрекетінен сыншы досқа тəн белгілерді 

көріп, ал сыншы достың бойынан кеңесшіге тəн қасиеттер табылып жататыны ақиқат. 

Тиімді сыншы дос дегеніміз кім? 

Тиімді сыншы дос: 

 сіз сенетін жəне құрметтейтін;

 сізбен тығыз араласатын немесе сіз онымен тығыз қарым-қатынас орната аламын деп

санайтын;

 сізге əділ, шыншыл жəне сыни кері байланыс ұсынатын;

 мұқият қадағалайтын, оң мен теріс жақтарын көре алатын жəне сізді тыңдай алатын;

 түрткі болатын/ ойландыратын сұрақ қоя алатын;

 мұғалімнің  тəжірибесін  жетілдіруге  бағытталған  стратегияларды  зерделеуге

ынталандыратын;

 қажетті деңгейде қолдау көрсете отырып, міндет қоя алатын;

 сізді жəне/немесе сіздің мектебіңіздің/ сыныбыңыздың жағдайын өте жақсы түсінетін

немесе түсінуге уақыт бөлетін;

 басқа көзқарас ұсынатын/ мəселеге жаңа қырынан қарауға жетелейтін;

 жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қолдана отырып сын айтатын;

 қолжетімді адам.

Оқыту  мен  оқу  тəжірибесін  жетілдіру  немесе  кəсіби  даму  мақсаттары  бірдей 

мұғалімдер топ болып бірлесіп жұмыс істеуді таңдап, осы үдеріс барысында бір-біріне қолдау 

көрсете  алады.  Майкл  Фуллан  өзінің  «Көшбасшылық  жəне  тұрақтылық»  атты  кітабында 

тұрақты,  мақсатты  түрде  тəжірибе  алмасуға  мүмкіндік  болған  жағдайда  адамдардың  өз 

əріптестерінен  жақсы  үйренетіндігін  тілге  тиек  етеді.  Ал  сыншы  дос  пен  мұғалімнің 

арасындағы қарым-қатынас – осындай тəжірибе алмасуға толық мүмкіндік беретін үдеріс. 

Алайда сыни достық: 

 нұсқау беру нысанында жүретін;

 проблеманың шешімін ұсынатын немесе «жылдам шешім» ұсынатын;

 мін тағуға асығатын;

 мектептің жағдайын сол мектептегі адамдардан да жақсы білемін деп дандайситын;

483


 жұмыс тəртібін жеке өзі белгілейтін;

 басқалардың беделіне нұқсан келтіруді көздейтін үдеріс емес екенін естен шығармаған

дұрыс болар.

Мектеп жүйесінің барлық салаларына сыншы дос қызметін енгізу мектептің өзін өзі 

бағалау  қабілетін  арттырып,  басқалардың  сындарлы  сынын  ашық-жайдары  қабылдауға 

үйретеді. Егер біз сыңаржақтылықтан арылып, мəселеге əртүрлі қырынан қарауды үйренсек, 

біз  «Жақсы  ма  əлде  жаман  ба»  деген  сұрақ  қойып  үйренеміз.  Сыншы  достар  біздерге 

көзқарастарымызды өзгертіп, осы сұрақты қоюға көмектеседі. 



Сыншы досты таңдау 

Əдетте сыншы досты тағайындау үшін мұғалімнің өзі немесе мектеп басшысы жауап 

береді, содан кейін сыншы дос ретінде таңдалған адамға бұл ұсыныс жеткізіліп, оған осы рөлді 

қабылдау туралы өтініш білдіріледі.  

Сыншы дос ретінде кім таңдалуы мүмкін? 

 қазіргі кезде жүріп жатқан немесе аяқталған бағдарлама аясында тəлімгер болған адам;

 белгілі бір тақырып бойынша мектепте коучинг өткізген адам;

 педагогикалық мамандық бойынша маман даярлайтын оқу орнының оқытушысы;

 білім беру саласындағы ғылыми ұйымның өкілі;

 сол мектептегі немесе басқа мектептегі əріптесі;

 зейнетке шыққан мектеп басшысы;

 Мектеп кеңесінің төрағасы;

 мұғалім;

 кəсіби коуч;

 басқа ұйымның немесе бизнес құрылымының көшбасшысы.

Сыншы доспен жұмыс істеу 

Сыншы  дос  ретінде  жұмыс  істеу  барысында  сізге  мынадай  мəселелерді  естен 

шығармаған жөн: 

 құпиялылық маңызды;

 «сыншы» деген сөз іске, үдеріске қатысты, ал «дос» жеке тұлға ретінде сізге қатысты

айтылған;

 сіздің  тарапыңыздан  айтылған  кез  келген  пікір,  ой-тұжырым  сынау,  мін  тағу  емес,

кəсіби проблеманы қарастыруға бағытталуы керек;

 қол жетімділік, үдеріске берілгендік, адалдық, сенімділік мəселелері мен алға ілгерілеу

қалай бағаланатындығына қатысты барлық үміт-тілектер өзара талқыланып, келісілуі

керек;

 сіздің өзіңіздің жұмыс тəртібіңіз болуға тиіс, сондықтан сіз оны əзірлеп жəне үдеріс



барысында оны ұстануға жауаптысыз;

 жұмыс табысы, нəтиже туралы пікірталасқа ашық болу – өте маңызды;

 үдерістің  басында-ақ  кез  келген  келіспеушіліктер,  шиеленіс-тартыстар  қалай

шешілетіндігін келісіп алу қажет;

 сыншы доспен қарапайым келісім жасасу екі жақтың да бұл үдерістен не күтетінін жəне

міндеттерін анықтап алуға көмектеседі.



Сыни достық үдерісі 

484


Сыншы дос тағайындалып, оның осы қызметті атқаруға келісімі алынған соң олардың 

алғашқы  кездесуі  өтеді.  Бұл  кездесудің  ұзақтығы  əртүрлі  бола  алады,  алайда  А.  Коста  мен 

Б. Каллик бұл кездесуді 20 минуттан артық созбаған орынды екенін айтады [4, 50-б.]. Кейіннен 

сыншы дос құрылымға төселгеннен кейін, бұл уақыт қысқартылуы мүмкін. Əңгіме жүргізуді 

жеңілдету үшін ұсынылатын тиімді тəсілдердің бірі мынадай:  

1. Мұғалім өзінің тəжірибесін сипаттап айтып береді де, кері байланыс ұсынуды сұрайды.

Мысалы,  мұғалім  өз  тəжірибесіне  енгізіп  жатқан  проблеманы  шешудің  жаңа

техникасын сипаттай алады.

2. Сипатталған  тəжірибені  түсініп,  сонымен  бірге  ол  орын  алған  жағдайды  нақтылау

мақсатында сыншы дос мұғалімге сұрақ қояды. Айталық, сыншы дос «Сіз проблеманы

шешуге  оқушыларыңызға  қанша  уақыт  бересіз?»  немесе  «Бұл  тəсіл  арқылы

оқушыларыңыздың қандай дағдыларын шыңдағыңыз келеді?» деп сұрауы мүмкін.

3. Мұғалім осы кездесуден күтетін нəтижелерін алдын ала анықтап алғаны абзал. Бұл оған

кері байланысты бақылауға мүмкіндік береді.

4. Сыншы дос бұл техникада ненің маңызды болып табылатыны  туралы кері байланыс

ұсынады. Бұл ретте сыншы достың пікірі жай ғана мақтау болмауға тиіс екендігін атап

өткен жөн. Себебі осы пікірі арқылы ол мұғалімге өз жұмысын жетілдіруге арналған

тетік  ұсынатындығын  ұмытпағаны  дұрыс.  Мəселен,  сыншы  дос  былай  айта  алады:

«Сіздің  оқушылардан  проблеманың  шешімін  табуды  сұрауыңыз  өте  дұрыс  деп

ойлаймын. Себебі бұл оларға дербес, өз бетінше шешім қабылдай алатын адам болып

өсуге көмектеседі».

5. Сыншы дос проблемалы мəселелерді көтеріп, жұмысты сынай отырып, мұғалімді іске

басқа қырынан қарауға жетелейді. Осындай үдеріс барысында жиі қойылатын сұрақтар

мынадай  үлгіде  болуы  мүмкін: «Оқушыларыңыздың  жұмыстарындағы  қандай

дəлелдер  сізге  олардың  бойында  проблема  шешу  дағдысы  қалыптасқанын  көруге

мүмкіндік береді?».

6. Үдеріске қатысушы екі жақ та рефлексия жасап, оның қорытындысын жазып отырады.

Мұғалім  кездесу  барысында  туындаған  жаңа  ойларын,  яғни  істің  мəн-жайы  туралы

тереңірек ойлануға мүмкіндік беретін мəселелер мен қарастырылып отырған мəселеге

қатысты  туындаған  сұрақтарын  жазып  алады.  Айталық,  мұғалім  «Бұл  өзгерістің

нəтижесінде жұмысым жақсара ма, жоқ па? Мəселеге басқа қырынан қарау барысында

не  үйрендім?»  деген  сұрақ  төңірегінде  ойлана  алады.  Сыншы  дос  болса,  күтілетін

нəтижелерге қол жеткізу үшін орындау талап етілетін істерге қатысты ұсыныстары мен

мұғалімге  арналған  ақыл-кеңестерін  жазады.  Үдерістің  бұл  бөлігі  əдеттегі  кері

байланыс  ұсыну  үдерісінен  мұғалімнің  кері  байланыс  негізінде  белгілі  бір  шешім

қабылдап, əрекет етуін талап етпейтіндігімен ерекшеленеді. Оның орнына, мұғалім бар

күш-жігерін  жұмысына  қатысты  айтылған  сыннан  қорғауға  жұмсамай,  сыншы  досы

ұсынған кері байланыстың мəні туралы ойлануға мүмкіндік алады.



Əдебиеттер тізімі 

1. http://en.wikipedia.org/wiki/Critical_friend#cite_ref-1 (2014 жылғы 12 шілдеде қаралған).

2.

http://edglossary.org/critical-friend/



 (2014 жылғы 12 шілдеде қаралған).

3. Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  бағдарламасы.

Үшінші деңгей. 3-басылым. – Астана: Педагогикалық шеберлік орталығы, 2012, 120 бет.

4. Коста  А.,  Каллик  Б.  Сыншы  дос  призмасы  арқылы.//  Білім  берудегі  көшбасшылық

(

Educational Leadership



) журналы. № 2. 49-51-беттер.

5. Макбет Д. Білім берудегі көшбасшылық профессоры, Кембридж университеті.

485


6. Сью Суофилд. Оқуға бағытталған көшбасшылық жағдайындағы сыни достық, диалог жəне

оқу.// Мектептегі көшбасшылық жəне басқару журналы. № 28. Қыркүйек, 2008. 323-336-

беттер.

7. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы,



Дайк-Пресс, 2008. 968 бет.

8. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. 3-басылым. – Астана: «Назарбаев

Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014. 424

бет.


9. Мектеп  көшбасшылығы  ұлттық  колледжі.  Қиындыққа  қарсы  тұру:  Ертеңгі  мектеп

көшбасшыларын тəрбиелеу. 2004, Ноттингем, 78 бет.

486


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ-ОҚУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ 

Дарибаева Д. А. 

Имантау орта мектебі  

Айыртау ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Критериалды  бағалау  арқылы  оқушылардың  жетістіктері  обьевтивті  түрде 

бағаланады,  өзіндік  білім  алу , өзін-өзі  бағалау  мүмкіншіліктері  артады.  Мақалада  өзіндік 

жұмыстарды  жəне  бақылау  жұмыстарын    бағалау  критерийлері  мен  дескрипторлары 

берілген. 

Аннотация 

Критериальное  оценивание  позволяет  объективно  оценивать  достижения  учащихся, 

активизирует  саморазвитие  и  самооценивание  учащихся.  В  данной  статье  представлены 

критерии и дескрипторы оценивания самостоятельных и контрольных работ. 



Abstract 

The criteria evaluation lets assess students’ achievements correctly, and force the processes of 

self-development and self-study of students. In this article elements of module’s content, self – 

evaluation, works  of control  are  presented. 

 Əрбір  мұғалімнің  басты  мақсаты - жас  ұрпақтың  білім  деңгейін  халықаралық 

жағдайларға  жеткізу,  жеке  тұлғаның  дамуына  жағдай  жасап,  олардың  білімді  өздігінен 

меңгеруіне  қажетті  əдіс – тəсілдердің  дағдылардын  қалыптастырып,  өмірге  жан – жақты 

дамыған 


тұлға 

етіп 


шығару.  

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады 

      Дəстүрлі 5 балдық  жүйемен  бағалауда  оқушы  жұмысын  объективті  түрде  бағалауға 

мүмкіндік  бермеді,  яғни  оқушының  жетістіктерін  басқа  оқушының  нəтижесімен  салыстыру 

арқылы  бағаланып  келді.  Бұл  жүйеде  оқушының  танымдық  қызығушылығын  сақтап  қалу, 

оқуға  көңіл  бөлуін  дамыту    оңай  емес.Оқушының  білім  жетістігінің    негізгі  көрсеткіштері 

дербес  табыстылық  динамикасының  дамуы  жəне  оқуға  көңіл  бөлуі  болып  табылады. 

Оқушының  кешегі  білімі  мен  бүгінгі  білімінің  жетістіктерін  салыстыру  үшін,  бағалау 

жүйесін  өзгерту  керек. 

 

Əлемде  білім  беру  ісінің  нəтижесін  саралайтын  өзіндік  тəжірибе 

қалыптасқан.  Бұл  ретте  оқушының  қаншалықты  білім  алғанымен  қатар,  сол  алған  білімді 

пайдалана ала ма, жоқ па деген сұрақ маңызды рөл атқарады 

Қазіргі таңда иновациялық бағыттағы яғни білім беру ісін тереңдету мақсатында жүргізіліп 

жатқан біршама өзгерістерден кейін, əр мұғалім оқушыларды бағалау тəжірибесінде əр қилы 

өзіндік жаңалықтар енгісі келетіні анық.  

Əріптестерімнің  педагогикалық  тəжірибесін  жетілдіру   мақсатында  инновациялық 

идеялармен 

таныстырып, 

бағалау 

түрлерін 

тəжірибеге 

енгізуге,оқушыларды 

анық критерийлерге  бойынша  өз  жұмысының  сапасы  туралы  қорытынды  жасай  бiлуге  

үйрету, өзiн-өзі бағалау жəне өзара бағалау үдерiстерiнің дамуына ықпал ету үшін мектепте 

«Оқытуды  бағалау,  оқыту  үшін  бағалау — заман  талабы»  атты  коучинг  сабақ өткердім 

Коучинг  барысында  мұғалімдер  баға  қою  білімділікті  жəне  шеберлікті  талап  ететінін, 

оқушыға қойылған əр бағаға сенімді түрде анализ жасап, оларды əрі қарай дамуға қалайша 

бағыттауға  болатынын  түсінді.  Критериалды  бағалау  технологиясы  оқушылардың  оқу-

487


танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайды, яғни оқушылардың білімін барынша 

шынайы  бағалауға  мүмкіндік  береді  деген  шешімге  келді.  Коуч  қатысушы  мұғалімдер 

бағалау  критерийлерін жасады.  

Бағалау критерийлері: 

Критериилері 

Дескрипторлар 

А  Білу жəне түсіну  

Оқу бағдарламасы мақсатына сəйкес келетін нақты 

фактілерді 

жəне ақпараттарды білу. Білу  алған ақпараттарды есте сақтаумен 

анықталады. Алынған ақпараттың мағынасын түсіну 

В  қолдану 

Сабақ 

барысында  



білгенін, 

түсінгенін, 

дағдыларын  қолдану арқылы көрсету. 

С   Анализ 

жəне 

синтез 


Сабақ  барысында  алынған  ақпараттарды   жіктеп  ой  қорыту, 

ережелерді негіздеп дəлелдеу. 

Алынған ақпаратты  жан-жақты қолдану 

D  коммуникация 

Алынған  ақпаратты  ой  елегінен  өткізіп  шешім  қабылдау. 

Басқалардың 

пікірін 

тыңдай 


отырып 

өз 


көсқарасын 

қалыптастырып шешім қабылдай білу.  

10 сыныпта  Алгебра жəне анализ пəнінен өзіндік жұмыс  тапсырмалары мен 

дескрипторларын мысал қарастырып көрейік. Оқушы бұл критерилер арқылы өзін-өзі 

бағалайды. 

Туынды табу ережелері жəне физикалық жəне геометриялық  мағынасы, функция графигіне 

жүргізілген жанама тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты бағалау критериилері 

Критерии 

Тапсырма  

дескриптор 

Өзі-өзі 

бағалау 


ұпайлары 

Жалпы 


ұпай 

А 

Егер f(x)=3х

2

+5х-3 болса, 



есептеңіз f'(0)+ f'(3). 

Критериийдің 

бірінде орындай 

алмады 


0

ұпай 



Туындыны табады 1 

Туындының мəнін 

берілген нүктеде 

есептей аламын 

Жауабын дұрыс 



жаздым 



f(x)=

функциясының



Критериийдің 0 

ұпай 



488

туындысын табыңыз. 

бірінде орындай 

алмадым 

Бөліндінің 

туындысын табу 

ережесін білемін 

Бөліндінің 



туындысын ережені 

пайдаланып таба 

аламын  

Туындыны дұрыс 



таптым 



f(x)=-х

2

+6х+8 функциясының 



графигіне жүргізілген 

жанаманың, абсциссаның х

0



-2 нүктесінде теңдеуін тап. 



Критериийдің 

бірінде орындай 

алмаймын 

0



ұпай 

Жанаманың 

теңдеуін жазу 

алгоритмін білемін 

Алгоритмде 



берілген 

шамаларды дұрыс 

таба аламын 

Алгоритмді дұрыс 



пайдаланып жанама 

теңдеуін жаздым 

f(x)=


 функциясының 

графигіне екі параллель 

жанамалар жүргізілген, 

олардың біреуі графиктің 

абсциссасы х

0

=-1 нүктесі 



арқылы өтеді. Басқа жанама 

берілген функцияның 

графигін кейбір нүктеде 

жанайды, осы нүктенің 

Критериийдің 

бірінде орындай 

алмадым 

3-ұпай 



х0=-1 нүктесі 

арқылы  өтетін 

жанама теңдеуін 

жаза аламын 

Түзулердің 



паралельдік 

489



абсциссасын тап. 

белгісін білемін 

Тапсырманы 

жауабын дұрыс 

таптым 





0 - 6 ұпай - баға "2"

7 - 8 ұпай - баға "3"



9 - 10 ұпай - баға "4"

11 - 12 ұпай -  "5"



ұпай_____________ баға_______________

Туынды тақырыбы боынша бақылау жұмысы үшін бағалау критерийлері

Критерии 

Тапсырма  

дескриптор 

Өзі-өзі 

бағалау 


ұпайлары 

Жалпы 


ұпай 

А 

1). Функцияның туындысы 

табыңдар 

а). 


4

y

x

;            б). 



4

y

;        



в). 

3

y



x

 


;         г). 

3

2



y

x



;       

д). 


2cos

4

y



x

x



Критериийдің 

бірінде орындай 

алмады 


0

ұпай 



Туындыны табу 

ережелері біледі 

Туындыны табу 



формулаларын 

орынды қолданып 

туындыны дұры 

есептей алады 



2).


10

7

3 2



10

7

x



x

y

x



функциясының графигіне х



0

 = 1 


нуктесі арқылы жүргізілген 

жанамамен абцисса осі 

арасындағы бұрышты табыңдар 

Критериийдің 

бірінде орындай 

алмады 


0

ұпай 



Жанаманың 

теңдеуін жазу 

алгоритмін білемін  

Берілген 



функцияның 

туындысы есептей 

алады 



Туындының 



геометриялық 

490



мағынасын біледі 

3). Дене 

4

2

2



s t

t

 


заңы бойынша 

түзу сызықты қозғалады. 

Қозғалыс басталғаннан 3с  

кейінгі дененің жылдамдығын 

табыңдар  

Критериийдің 

бірінде орындай 

алмады 


0

ұпай 



Туындының 

физикалық 

мағынасын біледі 

Туындыны есептей 



алады 

Дененің 



жылдамдығын 

дұрыс табады 

4). 


3

2

3



4

y x

x



 функциясының 

Табыңдар: 

а).  Өсу , кему аралықтарын; 

б). Экстремум нүктелерін;  

в). 



1;4

аралығындағы ең үлкен



жəне ең кіші мəндерін.

Критериийдің 

бірінде орындай 

алмады 


4-ұпай 


Туындының 

функцияны 

зерттеуде қолдана 

алады 


Өсу кему 

аралықтары таба 

алады 


Экстремумдарын 

таба алады 

Функцияның 



еңүлкен жəне ең 

кіші мəндері 

берілген аралықта 

таба алады 



0 - 6 ұпай - баға "2"



7 - 8 ұпай - баға "3"

9 - 10 ұпай - баға "4"



11 - 12 ұпай -  "5"

ұпай_____________ баға_______________



491

Критериалды бағалау арқылы оқушының жұмысы алдын ала белгілі алгоритм бойынша 

бағаланып, оқушының білім деңгейі анық көрініп тұрады. Оқушы өзінің аныққандай 

мақсатта жұмыс істеп отырғанын біліп , өзінің нені білетінін жəне нені білмейтінін көреді. 

Соның нəтижесінде білім сапасы артадды  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет