Факультеттерihe арналған жалпы редакциясын басқарған профессор М. Балақаев


жірін  білмей  отырды  (С.  Сарғ ас қа е в. )



Pdf көрінісі
бет36/40
Дата01.01.2017
өлшемі11,26 Mb.
#910
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

жірін  білмей  отырды  (С.  Сарғ ас қа е в. ),   7.  Сенің  алдыңда  екі-ак 
жағдай  бар:  не  сабақты  жақсы  үлгіруің  керек,  не  университет- 
ті  тастап  ауылға  кетуің  керек  (С.  Шайм.).
268

1.  Ала  көлеңде  су  беті  бейне  бір  қара  айнаның  жүзіндей 
жалтырап  жатыр.  Қыбыр  еткен  не ж ан  иесі  жоқ  шөп  басын  шай- 
қаған  не  бір  жел  де  жоқ.  2.  Құрманның  кекесінін  түсінбей  қал- 
Ды  м а  
әлде  әз  ниетін  тез  үқтырғысы  келді  ме  әйтеуір  оны  әлде- 
бір  жаққа  шақыра  түсті  (X.  Ес.).  Қылығы  сонша  тәтті  қазір  қа- 
бағыңды  жаптырмайды  орынсыз  ж ерде  кулдіреді  сөйлетеді.
4.  Кепедегілерге  хабар  айта  кетті  ме  әлде  жылынғысы  келді  ме 
немесе  бұғып  атыспақ  болды  ма  қарауыл  жоғала  қалды,  (С.  М.).
5.  Олар  біреудің  қараңғы  бөлмесінде  немесе  бақшадағы  алма 
ағашының  көлеңкесінде  бірнеше  сағат  бойы  күбірлесіп  отырады 
да  қояды  немесе  езеннің  жағасында  сайдағы  ағаштардың  көлең- 
кесінде  отырады.  б.  Олар  осыдан  басқа  түк  те  айтқан  ж оқ  бірі- 
не-бірі  басқа  бірдеңе  айтуға  да  үлгере  алған  жоқ.  Топтары  езі- 
нен^езі  ажырай  бастады  қыздардық  ікәбі  поселкеге  үйлеріне  к а ­
рай  жүгірді  ал  Майя,  Уля,  Саша  —  үшеуі  тас  жолды  көлденең 
кесіп  өтетін  сүрлеудің  бойымен  аудандық  комсомол  комитетіне 
жөнелді  (А.  Ф.).
Кезектес салалас
Құрамындағы  жай  сейлемдерінің  іс-әрекеті  өзара  талғау,  сал- 
ғастыру  мәнді  салаласты 
кезектес  салалас  дейміз.  Кезектес  са ­
лалас  біресе,  кейде,  бірде  деген  жалғаулықтар  аркылы  байла- 
нысады.  Ж азу да  кезектес  салаластың  арасына  үтір  қойылады. 
Мысалы:  Ж ұ л д ы з д ы ң   саналы  еркі  үйқығ а  қарсы  шығады.  Бірде 
үйқы  еңсереді,  бірде ерік еңсереді  (Б.  Соқп.).
563-жаттыгу.
 
Кезектес  салалас  сәйлем дерді  тауып,  өзівдік  ерекшелігіне 
сипаттама  беріқіздер.
1.  Перде  біресе  ойнаған  баладай  боп  Абай  оқып  отырған  кі- 
тап  бетін  жасыра  бүркеп  қалады,  біресе  желпи  қағып  кітаптың 
жазуларын  сыпырып  үшыруға  тырысқандай  болады  (М.  Ә.).
2.  Жастар  бір  бөлек  әзілдесіп  отыр  екен,  мен  де  соларға  қосыл- 
дым  (Б.  М.).  3.  Қарсы  алдан  қаһарлана  соққан  дауыл  арпалы- 
сып  алға  жібергісі  келмегендей  кейде  шегін  тартып  ысқырынады, 
жейде  долданып  самолётті  шайкап-шайқап  жібереді  (Ә.  Ә.).
4.  Кей  жерлерде  жан  түршігерліктей  қиын:  бір  жағың — түбі 
қарауытып  жатқан  терең  күз,  бір  жағың — аспанмен  таласкан 
шың;  жолы  тар  әрі  ирек  (С.  М.).  5.  Бірде  ол  да  ақтарыла  сала- 
тындай  жақын  көрінеді,  бірде  салқын  тартып  алыстап  кете- 
ді  (Т.  Ахт.).
564-жатты.гу.
 
К езектес  мәнді  жалғаулықтардың  қайсысы  кезектес  сала­
ласты,  қайсысы  бірыңғай  мүш елерді  байланыстырып  түрғандығын  ажыраты- 
ңыздар.
1.  Әшейінде  ықшам,  оңтайлы 
ж а с   дәл  
керекті  жерде  ордаң- 
дап,  қыз қасына  жанаса  алмай  келе жатыр.  Біресе бір  адым  озып
562-жаттыгу. 
Көшіріп  ж азы п,  тиісті  тыныс  белгісін  қойьщыздар.
269

кетеді,  біресе  кейін  қалып  қояды  (Ғ.  М. ).   2.  Баян  бәйбіше  бір 
жапырақ  қағазды  жүрегіне  қысып  келе  жатыр.  Хатты  біресе  кеу- 
десіне  кысады  да,  біресе  оған  мейірі  канбағандай  бетіне  баса- 
ды 
(Ә.  Ә.). 
3.  Төменде  көшіп  жатқан  бұлт  керуені — кейде  Мақ- 
тааралдың  мактасындай  шудаланған  майда  ақ  бұлттар,  кейде 
Қарағандының  көміріндей  қою  кара  бұлттар  кездеседі  (Ә.  Ә.).
4.  Тереңде  жатқан  кішірек  тұз  көзі  біресе  күлімдеп  бері  шығады, 
біресе  қозғалмай  кішірейіп  терең  арнасының  түбіне  кете- 
ді  (Ғ.  Мұст.).  5.  Толқын  кейде  қозы  ж үндес  бұп-бұйра,  кейде 
жылкы  жалдас  кырлана  төгіледі,  кейде  бура  өркешіндей  сопая 
шапшиды;  кейде  кенеттен  бұрқ  ете  қалған  ерттің  түтін  будағын- 
дай  шұбалаңдайды  ( Ж.   Арыст.).  6-  Жүргіншілердің  оң  жағы- 
нан  кейде  сол  жағынан  қар  жамылған  жалаңаш  төбелер  кезде- 
седі  (Ә.  Н.).  7.  Полктердің  командирлері  бірде  маған,  бірде 
штабқа  офицерлер  мен  жауынгерлердін,  ерліктері  туралы  үсті- 
үстіне  хабарлап  жатты  (Ғ.  Сафиуллин.).
565-жаттығу.
 
Көшіріп  жазып,  тиісті  тыныс  белгісін  қойыңыздар.
1.  Қиял  қүсы  біресе  қанаты  буылғандай  төмен  құлдилайды 
біресе  қайқан,  етіп  қасқая  көтерілген  қыран  қүстай  жоғары  шыр- 
қайды.  Кейде  кезіннен  тасалауға  қимайтын  Гүлжаһан  сияқты 
аяулы  қарындастар  мен  батыр  бауыр,  бағылан  ағалардың  артта 
қалып  бара  жатқанына  налисың ікейде  солардын,  көкке  көтеріл- 
ген  даңқына  шаттанасын.  2.  Кейін  білдім  біз  үшеуіміздің  басып 
отырғанымыз  негізгі  бір  күйдің  пернесі  екен.  3.  — Рас.  ғажап 
екен!..— дегеннен  басқа  ештеңе  дей  алмай,  шым-шытырық  ойға 
түстім.  Біресе  жаудан  тартып  алған  самолётпен  елге  қарай  үшып 
келе  жатқандай  қуанамын  біресе  аспаннан  кұлап  келе  жатқан- 
дай  үрейленемін.  Кейде  жайдары  ашық  күні  бар  кейде  бүрқ-сарк 
еткен  бораны  бар  түнерген  түнек  ойда  келе  жатып,  күннің  кеш- 
кіргенін  де  сезбей  қалыппын  (Ә.  Ә.).  4.  Оның түсе  калғысы  келіп 
еді  ширыққан,  қызған  аттар  жүлдыздай  ағып  өте  шықты.  5.  Се- 
нің  бір  жаман  мінезің  бар  Бүркітбай  кісіге  сенбейсің  (С.  М.).
6.  Біресе  басымеігүйді  нұсқайды  да  біресе  сақалымен  шанада 
жаткан  әйелді  нүсқайды  (Ғ.  М.).  7.  Қаланың  басқа  аудандары- 
нан  мұның  бір  ғана  өзгешелігі  мұнда  бұрынғы  казак  хуторлары 
үйлерінің  бірсыпыралары  сақталған,  бүл  әркімнін  жеке  менші- 
гіндегі, 
әркімнің  өз 
калауынша  салынған  әр  түрлі  үйлер 
еді  (А.  Ф.).
566-жаттыгу.
 
Квшіріп 
жазыңыздар 
да,  салаластық  кай  түріне  жата- 
тындығын  ажырата  отырып,  тиісті  тыныс  белгісін  қойыцыздар.
1. 
Асқар  екі  нәрсені  қолына  берік  ұстады  біреуі  төрт  бұрыш- 
ты  фанер  тақтайға  желімдеп  алған  жоғарғы  манифест  екіншісі 
винтовка.  2.  Қалғып  кеттің  болды  тыңайып  сала  бересің.  (С.  М.).
3.  Сәуленің  соны  айтуы-ақ  мұң  екен  елден  бұрын  Олжай  қолын 
270

ала  жүгірді.  4.  Ә,  екеуіңіз  жақсы  отыр  екенсіздер  сіздермен  сөй- 
лесетін  бір  үлкен  жай  бар  (Ә.  Ә.).  5.  Егер  сен  мінбеге  шыққан 
екенсің  ендеше  кәне  дұрыстап  сөйле  (Ә.  Нур ш. ).  6.  Анатолий 
Уляның  бүл  мінезіне кейіген  ж ок ол  тек  мына  қысылшан  жағдай- 
дан  калай  құтылудың  амалын  іздестіріп  тұр  еді  (А.  Ф.).  7.  Сол 
ұрыны  қазір  ұстап  бермеді  бар  ғой  онда  бүл  жерден  осы  кет- 
кенімнен  хабарымды  қайтып 
тірі 
пенде 
естімейтін 
бола­
ды  (М.  К,ар.).  8.  Басын  көтерсе-ақ  болғаны  үшып  жүрген  көбе- 
лектерге  көзі  түседі  (А.  Байт.).
567-жаттыту.
 
Мына  салаластарды ң  мағыналық  ж ән е  тұлғалық  ереше- 
ліктерін  ажыратьщыздар.
1.  Сол  арада  сырнай,  домбыра,  гитар,  мандолиннен  кұрылған 
оркестр  де   ойналып  жатыр,  хор  мен  ән  де  айтылып  жатыр,  біреу- 
лер  билеп  те  жатыр  (С.  М.).  2.  Адалдық  дегенім  сол  —  адалдық 
бар  жерде  адамгершілік  бар,  адамгершілік  бар  жерде  батырлық 
бар  ( С   Бақб .) .  3.  Осы  бала  жігітті  Кәрден  бұрын  бір  жерде  көр- 
гені  бар,  бірақ есіне  түсіре  алмады  (3.   Ш.).  4.  Әдемі,  үсақ  жазу- 
лы  книжка  өндіріс  ойларымеи  толы  екен,  сағат  үшке  дейін  айтып 
бітіре  алмады  (Ғ.  М у  ст.).  5.  Әркім  өз  ісімен  өзі  болып  отыр:  мен 
объектіні  дәл  табуға  тырысамын,  Катя  самолётті  дұрыс  баскару- 
га  тырысады  (X.  Досп. ).   6.  Жүмыс  көп  қой,  жеңгей...  жецғей  де- 
мейінші/замандас.  Менен  үлкен  емессіз  және  қожайын  да  емпец- 
деп  қалған  шал  емес.  7.  Ол  —  Шитовпен  көбіне-көп  қазақша  сөй- 
лесетін,  өйткені  бұл — қазақ  ауылдарымен  іргелес  селениеде 
туып  ескен  белгілі  егінші  шаруаның  баласы — орысша  сөйлеген 
қазакты  жаратпай  қалатын  еді  де,  қате  сөйлеген  жерін  қазақ- 
шалап  жөндеп  отыратын,  оның  үстіне  тіпті  кейбір  макал-мәтел- 
дерімен  сөзін  өрнектеп,  сөйлеуге  құмар  болатын  (X.  Ес.).
568-жаттыгу.
 
Салаластың  түр-түрін  қатыстыра  отырып,  өздеріңіз  жақ- 
сы  білетін  тақырыпқа  шығарма  жазыңыздар.
569-жаттығу.
 
Салалас  күрмаластарды  түр-түрінс  ажыратып,  тиісті  ты­
ныс  белгісін  қойыңыздар.
1.  Мектеп  бітіруімізге  бірталай  уақыт  бар  сонда  да  болса  әр- 
қайсымыздың  неге  икем  екеніміз  байқалып  қалған-ды.  (X.  Досп.)
2.  Тоңның  қалыңдығы  кей  жылда  метрден  асып  кетеді  және  бір 
ғажабы  —  тоң  кей  жерде  кәдімгі  судың  бетіне  қатқан  мұзға  үқ- 
сайды  (С.  М.).  3.  Не  мен  түк  түсінбеймін  не  осылар  түк  түсін- 
бейді  (Ә.  Ә.).  4.  Жоқ,  бәрі  де  үрей  болып  шықты  сақылдаған  өз 
тісі  дүрсілдеген  өз  жүрегі  (Ғ.  С.).  5.  Майданда  өткен  бірнеше  ай 
ішінде  Дусяның  көңілді  күйіне  бойымыздың  үйренгені  сонша 
оның  ж о қ   кезі  ойсырап  көрініп  тұратын  (X.  Досп.).  6.  Оның  бо- 
йына  қуат,  ойына  ақыл,  бетіне  ажар,  осы  Сыр  бойында  ғана  бі- 
теді.  Сырдан  айырдың  солдырдың  оны  7.  Дәрігердің  айтқан 
ақылы  каналдың  жер  қазу  жұмысы  басталғанша  дем  алу.  Бірақ
271

оған  уақыт  қайда  жұмыс  бастан  асып  жатыр.  (С.  М. ).   8.  Мыр- 
қал  өзінің  неліктен  мұнша  шошитынын  айтпақшы  болып  еді  ке- 
ңеске 
шақырылмағандар 
келіп 
қалды 
да  үлгере 
алған 
ж ок  (Ә.  Ә . ) .  9.  Дәркембайдың  ендігі  сөздеріне  кейде  ызалы 
мысқыл  араласады,  бірақ  сонысын  да  бір  қалыпты  салқын  са- 
бырмен  айтады  (М.  Ә.).
570-жаттыгу.
 
С алалас  құрмаластарды  әуелі  түр-түріне 
ажыратыңыз- 
дар;  содан  кейін  ж алғаулы қ  шылауларын  алып  тастап,  мағыналық  қарым-ка- 
тынасында  езгерістін,  болатын-болмайтынына  көңіл  аудары ңы здар  да,  жетпей- 
тін  ж еріне  тыныс  белгісін  қойыдыздар.
1. 
Әлі  қалыңдап  қар  түокен  жоқ,  бірақ  келте  сонар  боп  танға 
жақын  жауатын  не  ж үқалаң  қырбық  кар,  не  қылау  күн  сайын 
болады  ( М .  Ә.).  2.  Д е с   бергенде,  ошарылған  сең  тез  қозғалып 
кеткен  де,  тасыған  су  жырақадан  төмен  түскен.  3.  Хаттың  ендігі 
жерін  аттамалатып  ж азам ,  өйткені  мен  жазатын  повесть  аякта- 
лып  қалды  (С.  М.).  4.  Өзен  суы  әрі  мол,  әрі  ағыны  күшті  (Ғ.  С.).
5.  Нәзекет  терезені  ашып,  сыртқа  қарады.  Көз  жанары  терезе 
алдындағы  ақ  қайыңға  түскенде,  оған  бұрынғыдан  да  қызыға 
қарады.  Нәзік  бүтақтарына  тізбектеле  өскен  ж ас  жапырақтары 
кр.йде  бір  әсем  музыканың  ырғағында  қатарлас  билеп  жүрген 
балалардай  көрінеді,  кейде  сол  жапырақтардың  сыбдырынан  әл- 
деқандай  естімеген  сыр  сыбдыры  құлаққа  келеді  (А.  Л е к . ) .   6.  Ал- 
мастан  қатты  тас  жоқ,  сондықтан  оның  бет;не  таңба  салу  аса 
қиын  еді  (А.  Маш.).
САБАҚТАС  ҚҮРМАЛАС 
САБАҚТАС  Қ Ұ РМ А Л А С   ТУРАЛ Ы   ТҮСІН ІҚ
Құрамындағы  жай  сөйлемдерінің  бірі  екіншісіне  тәуелді  бо­
лып,  оған  бағына  байланысқан  құрмалас  сөйлемнің  түрін 
сабақтас  құрмалас  дейміз.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  күра- 
мы,  ара  қатынасы  салалас  сөйлемнің  құрамы  мен  ара  қатына- 
сына  қарағанда  әлдеқайда  тығыз  байланысып,  жымдасып  «еле- 
ді.  Сабақтастың  бірінші  тиянақсыз,  тәуелді  сыңарын  б  а  ғ ы  - 
н  ы  ң қ ы  сейлем  деп,  соңғы  тиянакты,  тәуелсіз  сыңарын  б  а- 
с ы қ қ ы   сөйлем  деп  атаймыз.
Сабақтастық құрамы
Сабақтас  қүрмаластағы  жай  сөйлемдер  өзара  интонация  жә- 
не  бағыныңқының  баяндауыштық  тұлғалары  арқылы  байланы- 
сады.
272

Бағыныңқынық  баяндауыштары  мынадай  тұлғада  айтылады.
1.  Етістіктің  шартты  райынан болады:
Гүлнар  көзін  т і г і п қ а р а с а ,  аспанға  көтерілген  қою  шаңнан 
түк  көрінбейді  (С.  М.).
Шартты  райдан  кейін  д а / д е   шылауының  келуі  арқылы  да  ба- 
ғыныңқының  баяндауышы  жасалады:
Осы  сәтте  қ ыз   кімді 
атаса да, 
мына  жігіттің  аяйтын  түрі 
жоқ  (Т. А х т .).
2.  Етістіктің  көсемше  түрінен  болады:
Батыс  жақтағы  биіктердің  басынан  еңкейген  көзі  элжуаз  те- 
ректердің  жапырақтары  арасьшан 
сығалап, 
нұры  ала 
шабыр 
көрінеді  (F.  С.).  Ж ұмыс шы ла р ды ң  жатақханасының  бір  кішкене 
бөлмесінде  жатқан  Мұ қа н   көпке  дейін 
үйцысы келмей, 
Сымғат- 
тың  «ұстаз  керек»  деген  сөзі  экесінің  бала  кезінде  айтқан  бір 
сөзін  ойына  түсірді  (Қ.  Ә бд.).  Айбаріиа t ce me,   Естай  көңілінде 
түйткіл  боп  жүретін  бір  мәселені  Наталиядан  оңаиіа  сұрап  ал- 
ғысы  келді   (С.  М.).  Мүз 
ңатңалы  да, 
екі  ай  болды 
(Ә.  С.). 
Евгений  Петрович,  сізге 
кездескелі 
менің  бұрынғы  білім  деп 
жинағанымның  көбі  өзінің  салмағынан  айрылды  (М.  Ә.).
3.  -ған/ -ген  формалы  есімшеге  -ша/ -иіе  жұрнағының,  жатыс, 
көмектес  септік  жалғауларының,  -дықтан-діктен 
қосымшала- 
рьшың  жалғануы  арқылы  жасалады:
Ол 
ңайтңаніиа, 
қойып  кеткен  заттарын  ешкім  орнынан  қоз- 
ғ амайды  (Б.  Мом.).  Осылардың  б ә р і н
көргенде, 
мен  бүл  кісілер- 
дің  күткен  қонағы  бар  шығар  деп  ойлаған  едім  (Ә.  Сат.).  Әлі 
достасып 
кетпегенмен 
ортақ  сырларымыз  күн  санап  көбейіп 
келеді   (Ғ.  М.).  Әнуарбек  көтеріп 
үйренгендікт ен
,  көп  қысы- 
ла  қойған жок,  (F.  С .) .
4.  Есімшеден  кейін  сайын,  шейін,  соң,  бері  деген  шылаулар- 
дың  және  иіақта,  кезде,  уақытта,  мезгілде  деген  есімдердің  тір- 
кесіп  келуі  арқылы  жасалады:
Б і з  
жацьіндаған  сайын
,  иіоқы  да, 
іиоқиған да 
сорайып 
биіктей  түсті  (С.  М.).  Жолдастары 
ежіктеп  ңоймаған  соң, 
қызықты  оқиғаны  жай  әңгіме  қып  үзын-ырғасын  айта  бастады 
(Ғ.  Мұст.).  Канал  жолында  оқпан  б ар лығ ы 
аныцталғаннан 
журттың  а у зы нда ғы   сөз  көпке  дейін  сол  ғ ана  болды.  Михаил 
Иванович  Астраханьнан 
келгеннен бері 
біздің  қосымьіз  осы 
м аң да ғ ы  бальщиіылардық  уйымдастыруиіы  орталығына  айналып 
а лды  (Ә.  С.).  Шапшаң  қайнаған  иіай  Аба йл ар дың   алдына  жа- 
салған 
кезде 
киіз  есік  игалқасынан  ашылып  еді  (М.  Ә.) .
5.  Есімшенің  келер  шақ  болымсыз  түріне  шығыс  септік  жал- 
ғауының жалғануы  арқылы  жасалады:
Ол ар  іиіке  кіріп 
үлгерм ест ен, 
ко ридорда 
әлдене 
нәрсе 
сарт  ете қа лғ а нд ай бо лд ы  (X.  Е с . ) .
6.  Етістіктін,  түбіріне  -ысымен/-ісімен  деген  күрделі  қосымша- 
ның жалғануы  арқылы  жасалады:
273

Червяков  пен  Әйтиев  к е п г і с і м е н   ізінше  исполкомға  Я к о в ­
лев  келген  (X.  Ес.).
7.  Етістіктің  болымсыз  түріне  -йыниіа/ -йінше  деген  косым- 
шаның  жалғануы  арқылы  жасалады:
Сырттан  көмек 
болм айы нш а 
қазір  өздігінен  сабақты  иге- 
p i n  
алып  кетуге  дәрмені жетпейді  (М.  И . ) .
8.  Есімшеге  -дай/ -дей  жүрнағының  жалғануы  арқылы  ж а с а ­
лады:
Түнеугі  Сүлтанныц  сөзі  әлі  де  а я қ т а л м а ғ а н д а й ,   оның  бай- 
салды  келбеті  көз  алдында  тұр  (К.  О.).
571-жаттығу.
 
С абақтас  құрмалас  сөйлемдердің  қандай  ж олдармен  ж а- 
салып  тұрғанына  талдау  ж асаңы здар.
1.  Бұл  қанша  әңгімелескісі  келсе  де,  Сәтбала  ыңғай  беріп 
жүрген  ж оқ 
(Ғ. 
С.).  2.  Майбасар  бүл  ж ерде  үндемей  қалғанмен, 
бүл  ауылдағы  ән-сауықты  тыюға  сырттан  кіріскен  еді 
(М.  Ә.).
3. 
Көмір 
неғұрлым 
көбейсе,  әнеркәсіп 
соғұрлым 
күшейеді 
(Ғ.  
Мүст.).  4.  Ж ел  үрлеген  сайын,  сапырылып  түокен  сары  жа- 
пырақ  жер  бетін  жасырып  жатыр 
(А.  Л е к . ) .   5.  Әрқайсы  елу 
адамнан  екі  ж ү з  жиырма  бригада  құрылып,  бір  бригаданың  бас- 
тығы  болып  Д әулет  тағайындалды  (С.  М.).  6.  Мейрам  кемір  кү- 
дығының  түбіне  жеткенде,  басқа  бір  дүниеге  жеткендей  болды 
(Ғ. 
Мұст.).  7.  Екеуінің  таласы  аяқталмай,  кенсенің  есігіне  кіріп 
те  кетті  (Б.  М.).  8.  Аманкелді  дүмпуі  қаттырақ  естілген  шақта 
айналасы  бес-алты-ақ  үй  қалды  (С.  М.).  9.  Бүл  үсыныс  көпке 
ұнаған  сон,  олар  өзенді  өрлеп  тағы  ілгері  кетті 
(С.  Шайм.).
10.  Сабақтан  шыққалы,  Кәрібайда  дамыл  жоқ 
(Ғ. 
Мүст.).  11.  Ай­
дын,  өлі  арасы  болғандыктан,  түн  қараңғы  еді 
(Т.  Әлім.).
12.  Мазутты  жандыру  үшін,  оны 
ауамен  үрлейді 
(3.   Ш.).
13.  Ауыл-үйдің  қонағы  тарағанша,  Қуандық  үй  ішінің  үсақ  ша- 
руасына  алданып  ж үрді  (М.  Ә.).  14.  Жасына,  мінезіне  қарамас- 
тан,  ол  жорғалап  келе  жатқан  сияқты  (X.  Ес.).  15.  Есіктін,  тұт- 
қасына  қолы  жабысып  қалғандай, 
бүкіл  денесі  дір-дір  етеді 
(Т.  Мыңбаев.),

572-жаттыгу.
 
С алалас  құрмалас  сөйлемдерді  сабақтас  құрмаласқа 
айналдырыңыздар.
1.  Айтанның  өңі  бүзыла  бастады,  бірақ  ол  даусын  езгертпе- 
ді  (X.  Ес.),  2.  Үй  ішінің  қарбалас  жүрісі  саябырлады  да,  барлык 
үлкен-кіші  қонақтардың  айналасына  жиылды  (М.  Ә.).  3.  Рас- 
«ованың  суретін  талай  көргем,  сондықтан  езім  кірген  бойда  та- 
ни  кеттім  (X.  Досп .).   4.  Өмірде  қателескен  екенсің  —  мойындай 
білу  деген  қандай  жақсы!  (А .  Л ек . ) .   5.  Алые  ж ол  атты  сынайды, 
ауыр  күн  ерді  сынайды  ( Мацал. ).  6.  Орыс  әдебиетінде  сол  ескі 
мәдениетті  халықтарды  «чуд»  деп  атайды.  Кейбір  тарихшылар 
«чуд»  осында  бір  кезде  болған  фин  халқы  дейді,  біреулер  түрік
274

тұқымдас  халық  дейді,  біреулер  монғол  халқының  түп  атасы 
дейді  (A.  Маиі.).  6.  Жаңыл  үндемеді,  әйтсе  де  бүл  жолы  ойланып 
калған  тәрізді  (С.  Алд. ).   7.  «Жамбыл»  совхозына  отын  онша 
уайым  емес,  өйткені  айнала— қалың  ағащ  (С.  М. ).   8.  Нұрлан- 
нын,  көңілі  біресе  осы  шамдардай  жадырай  қалады,  біресе  төңі- 
ректі  тұмшалаған  түн  караңғылығындай 
тұнжырай  қала- 
ды  (Ө.  Қ.).
573-жаттыгу.
 
Бағыныңқы  сейлемнің  баяндауышын  түрлендіре  отырып, 
сабақтас  кұрмалас  сөйлемді  құрастырыңыздар.
САБАҚТАС  ҚҰ РМ А ЛА С   С Ө Й Л Е М Н Щ   Т Ү РЛ Е РІ
Бағыныңқы  сөйлемнің  басыңқы  сейлеміне  мағыналық  қарым- 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет