Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата01.01.2017
өлшемі2,56 Mb.
#942
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Сауалнама нәтижесі
Сауалнама нәтижесі

235 
 
Он  жетінші  сҿз.  Қайрат,  ақыл,  жҥрек  ҥшеуі  ҿнерлерін  айтысып,  таласып 
келіп,  ғылымға  жҥгініпті.  Қайрат  айтыпты:  «Ей,  ғылым,  ҿзің  де  білесің  ғой, 
дҥниеде ешнҽрсе менсіз кҽмелетке жетпейтҧғынын; ҽуелі, ҿзіңді білуге ерінбей-
жалықпай  ҥйрену  керек,  ол  -  менің  ісім.  Қҧдайға  лайықты  ғибадат  қылып, 
ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дҥниеге лайықты ҿнер, мал 
тауып,  абҧйыр  мансапты  еңбексіз  табуға  болмайды.  Орынсыз,  болымсыз 
нҽрсеге  ҥйір  қылмай,  бойды  таза  сақтайтҧғын,  кҥнҽкҽрліктен,  кҿрсеқызар 
жеңілдіктен,  нҽфсі  шайтанның  азғыруынан  қҧтқаратҧғын,  адасқан  жолға  бара 
жатқан  бойды  қайта  жиғызып  алатҧғын  мен  емес  пе?  Осы  екеуі  маған  қалай 
таласады?» - депті. 
Ақыл  айтыпты:  «Не  дҥниеге,  не  ахиретке  не  пайдалы  болса,  не  залалды 
болса,  білетҧғын  -  мен,  сенің  сҿзіңді  ҧғатҧғын  -  мен,  менсіз  пайданы  іздей 
алмайды  екен,  залалдан  қаша  алмайды  екен,  ғылымды  ҧғып  ҥйрене  алмайды 
екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз ҿздері неге жарайды?» - депті. 
Онан  соң  жҥрек  айтыпты:  «Мен  -  адамның  денесінің  патшасымын,  қан 
менен  тарайды,  жан  менде  мекен  қылады,  менсіз  тірлік  жоқ.  Жҧмсақ  тҿсекте, 
жылы  ҥйде  тамағы  тоқ  жатқан  кісіге  тҿсексіз  кедейдің,  тоңып  жҥрген 
киімсіздің,  тамақсыз  аштың  кҥй-жҽйі  қандай  болып  жатыр  екен  деп  ойлатып, 
жанын  ашытып,  ҧйқысын  ашылтып,  тҿсегінде  дҿңбекшітетҧғын  -  мен. 
Ҥлкеннен ҧят сақтап, кішіге рақым қылдыратҧғын - мен, бірақ мені таза сақтай 
алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: 
жақсылыққа  елжіреп  еритҧғын  -  мен,  жаманшылықтан  жиреніп  тулап 
кететҧғын  -  мен,  ҽділет,  нысап,  ҧят,  рақым,  мейірбаншылық  дейтҧғын 
нҽрселердің  бҽрі  менен  шығады,  менсіз  осылардың  кҿрген кҥні не?  Осы  екеуі 
маған қалай таласады?» - депті. 
Сонда ғылым бҧл ҥшеуінің сҿзін тыңдап болып, айтыпты: 
-  Ей,  қайрат,  сенің  айтқаныңның  бҽрі  де  рас.  Ол  айтқандарыңнан  басқа  да 
кҿп  ҿнерлеріңнің  бары  рас,  сенсіз  ешнҽрсенің  болмайтҧғыны    да  рас,    бірақ 
қаруыңа қарай қаттылығың да мол,  пайдаң да мол, бірақ залалың да мол,  кейде  
жақсылықты    берік  ҧстап,    кейде  жамандықты  берік  ҧстап    кетесің,  соның 
жаман, - депті. 
-  Ей,  ақыл!  Сенің  айтқандарыңның  бҽрі  де  рас.  Сенсізеш  нҽрсе 
табылмайтҧғыны   да   рас.   Жаратқантҽңіріні  де  сен   танытасың, жаралған екі 
дҥниенің жайында сен білесің.   Бірақ сонымен тҧрмайсың,  амал да, айла да  - 
бҽрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сҥйенгені, сенгені - сен; 
екеуінің  іздегенін  тауып  беріп  жҥрсің,  соның  жаман,  -  депті.  -  Сен  ҥшеуіңнің 
басыңды қоспақ - менің ісім, - депті.  Бірақ сонда билеуші, ҽмірші жҥрек болса 
жарайды.  Ақыл,  сенің  қырың  кҿп,  жҥрек  сенің  ол  кҿп  қырыңа  жҥрмейді. 
Жақсылық  айтқаныңа  жаны-діні  қҧмар  болады.  Кҿнбек  тҥгіл  қуанады. 
Жаманшылық  айтқаныңа  ермейді.  Ермек  тҥгіл  жиреніп,  ҥйден    қуып  
шығарады. 
- Қайрат, сенің қаруың кҿп, кҥшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды 
іске  кҥшіңді  аятпайды.  Орынсыз  жерге  қолыңды  босатпайды.  Осы  ҥшеуің 
басыңды  қос,  бҽрін  де  жҥрекке  билет,  -  деп  ҧқтырып  айтушының  аты  ғылым 

236 
 
екен.  Осы  ҥшеуің  бір  кісіде  менің  айтқанымдай  табылсаңдар,  табанының 
топырағы кҿзге сҥртерлік қасиетті адам - сол. Ҥшеуің ала болсаң, мен жҥректі 
жақтадым.  Қҧдайшылық  сонда,  қалпыңды  таза  сақта,  қҧдай  тағала  қалпыңа 
ҽрдайым қарайды деп  кітаптың айтқаны осы, — депті [4]. 
Бҧл  Абайдың  қара  сҿзін  мҧғалім  біріншіден  ,  ҿзі  оқушыларды  тамсандыра 
отырып оқып беруі тиіс. Содан кейін оқушылар топ болып оқып тҥсінуі керек.  
Ҿйткені  қаншама  аударма  жҧмысымен  айналыспаймыз  десек  те,  оқушылар 
шығарманың  аудармасын,  мағынасын  тҥсінбей  талдау  жҧмыстарын  жҥргізе 
алмайтынымыз  анық.  Сондықтан  да  уақытты  ҥнемдеу  мақсатында  бҧл  қара 
сҿзді  4  бҿлікке  бҿлып,  4  топқа  ЖИКСО  ҽдісі  бойынша  аудартып,  мағынасын 
бір-бірлерін тҥсіндіреді. Нҽтижесінде сынып бҥкіл шығарманың аудармасын аз 
ғана  уақыт  ішінде  тҥсінеді.  Осыдан  кейін  миға  шабуыл  ҽдісі  арқылы 
оқушыларға  «Абайдың  17  қара  сҿзін  жазудағы   басты  мақсаты  не  деп 
ойлайсың?»  деген  сауал  беріп,  осы  сҧрақ  айналасында  тҥрткі  болу  арқылы 
сҧхбат    жҥргізіледі.  Бҧл  жерде  мҧғалімдерге  ескеретін  жайт,    оқушылар 
сҧрақтарға қате жауап берген жағдайда, қайта бағыттау техникасын қолданып, 
«Ойланып кҿріңдер, кҿмектесе аласыңдар ма?» деген сҿздерді қолдану арқылы  
қателер  оқудың  ажырамас  бҿлігі  екенін  тҥсінуіне,  тҽуекелге  баруына  жағдай 
жасауы  керек.  Сонымен  қатар  сабақ  барысында  оқушыға  «Абайдың  осы  сҿзді 
жазуға не итерді деп ойлайсың? (  ҥш тҥрлі себепті ата)» сияқты тапсырма бере 
отырып,  шығарма  бойына  терең  бойлауға,  қиялдауға,  сол  кездегі  тарихи 
оқиғаларға ҥңілуге жағдай жасау керек. Осыған байланысты  тҿменде берілген 
тапсырмаларды беруге болады:   
1.
 
Мҽтіннен   қазақ  халқының  тарихынан  ақпарат  беретін    сҿздер  мен  сҿз 
тіркестерін табыңыз. 
2.
 
Мҽтіннен  қазақ  халқының  тҽуелсіздігінен  айырылған  ел  екендігін 
сипаттайтын сҿздерді табыңыз. 
3.
 
Мҽтіннен  қазақ  даласында  жҥрген  ҽкімшілік  реформаны  сипаттайтын  
сҿздерді табыңыз. 
4.
 
Мҽтінде суреттелетін қазақ халқына тҽн қандай ҽрекет тҥрлері, жағдайды 
қазір  де бар деп айтуға болады? 
5.
 
Мҽтіннен  Абайдың  ҿз  тҧлғасын  кҿрсететін  сҿздер  мен  фразаларды 
табыңыз. 
6.
 
Абай  «Ҥшеуің  ала  болсаң,  мен  жҥректі  жақтадым.  Қҧдайшылық  сонда, 
қалпыңды  таза  сақта,  қҧдай  тағала  қалпыңа  ҽрдайым  қарайды  деп    кітаптың 
айтқаны осы» деген пікірімен келісесіз бе? 
7.
 
Абай «Қайрат, сенің қаруың кҿп, кҥшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. 
Орынды  іске  кҥшіңді  аятпайды.  Орынсыз  жерге  қолыңды  босатпайды.  Осы 
ҥшеуің  басыңды  қос,  бҽрін  де  жҥрекке  билет,  -  деп  ҧқтырып  айтушының  аты 
ғылым  екен.  Осы  ҥшеуің  бір  кісіде  менің  айтқанымдай  табылсаңдар, 
табанының  топырағы  кҿзге  сҥртерлік  қасиетті  адам  -  сол»  деген  пікірімен 
келісесіз бе? 
8.
 
19 ғасыр қазақ қоғамына тҽн басты проблемалардың тізбесін жазыңыз. 
9.
 
1-абзацта ақын адам бойындағықандай  жағымсыз қасиетті меңгзеді? 

237 
 
10.
 
1,  2-абзацты  тҿмендегі  сҿздерді   қолдана  отырып,  қайта  мазмҧндауға 
тырысыңыз. 
Мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз, құдайға лайықты ғибадат, қайрат, 
ақыл, жүрек. 
3-абзацты тҿмендегі сҿздерді пайдалана отырып, мазмҧндаңыз. 
Ұйқысын 
ашылтып, 
тӛсегінде 
дӛңбекшітетұғын, 
ұят, 
рақым, 
мейірбаншылық  дейтұғын , денесінің патшасымын, қан менен тарайды. 
11.
 
Тҿмендегі жоспар бойынша Абайдың сҿзіне талдау жасаңыз. 

 
Қайрат, ақыл, жҥректің сҿз таластыруы. 

 
Қайраттың мақтануы 

 
Ақылдың сҿзі 

 
Жҥректің ҿзін мақтауы 

 
Абай адамның  бойындағы бҧрыс қылықтарды қалай сипаттайды. 

 
Ғылымның шешуші сҿзі 

 
Абай  неге  дауды  шешуші,  тоқ  етерін  айтушы  ретінде  ғылымды  таңдап 
алды? 
12.
 
17  қара  сҿздің   мазмҧнын  тҥсіну   Сізге  бҧрыннан   таныс  Абайдың 
бейнесімен қаншалықты байланысады? 
13.
 
Жоғарыда  жасалған  талдау  негізінде  Абайдың ғылым,  білімді 
адам туралы идеалын сипаттап кҿріңіз. 
14.
 
Топқа  пікірталас  ҥшін  бір  тақырыпты  ҧсыныңыз.Мысалы:  «Адам  ҿз 
ғылымына емес жҥрегіне бойсынып, ҥңілуі тиіс». 
Ҽдебиетті  оқыту  ҽлемдік  ҽдістеме  ғылымында  ҥлкен  мҽселе  болып  отыр. 
Ҿйткені  қазіргі   ақпарат  тасқыны  ҽдебиетті  оқуға  уақыт  қалдыра  бермейді. 
Осындай жағдайда орыс тілді мектептерде  қазақ ҽдебиетін екінші тіл ретінде 
оқытудың  қиындығы  екі  есе  артады.  Ҿйткені  оқушының    қазақ  тілінде  еркін 
сҿйлемеуі,  қарым-қатынас  тілінің  орыс  тілінде  болуы,  оқушының   ҽдеби  
образды  сҿздерді  тҥсінбеуі    оқыту  ҥдерісін  қиындата  тҥседі.  Сонымен  қатар 
шығармада берілген тарихи шындықты оқушының кейде  біле бермеуі шығарма 
мазмҧнын  тҥсінуді  кҥрделендіре  тҥседі.  Сондықтан  оқушыны  ҽдемілік  пен 
оқиғалы  ҿмірге  жетелейтін  ҽдебиет  сабағы  қызықсыз  сабаққа  айналады. 
Оқушылардың  бҧл  пҽнге  деген  қызығушылықтары  тҿмендеп,  сабақта  енжар 
отырады.  Ең  бірінші,  оқушы  шығарманың  жазылу  мақсатын  тҥсінбейді. 
Сондықтан оның мазмҧнын  да қабылдай алмайды. Ҽдебиет сабағы оқушының 
шығармашылық  ойлау  қабілетін  жетілдіріп,  ізденіс  ҽрекетін  туғызуды 
қалыптастырудан  жаңа  сҿздердің  мағынасын  тҥсіндіру  сабағына  айналады. 
Немесе белгілі, қызықсыз ақпараттарды сҧрайтын жаттанды сабаққа айналады. 
Қорыта  айтқанда,  ҧлы  Абайдың  лирикалық  шығармаларын  5-11  сынып 
оқушыларына  оқыту  барысында  ең  қажетті  сыналған,  интерактивті, 
қатысымдық  ҽдістерді  пайдаланып,  оларды  ҽрбір  сабақта  жаңалап,  жетілдіріп 
отыру, 
ҽрбір 
шығармамен 
оқушыларды 
таныстыруда 
жоғары 
шығармашылықпен қарап, ҧлт мҽдениетіне терең ҥңілдіру  -  бҥгінгі кҥннің ең 
негізгі мҽселесі болып табылады.  Себебі жастарымыздың  патриоттық сезімін 
қалыптасыруда,  олардың  ҿз  елінің  азаматы  болып  ҿсуінде,  мемелекеттік  тілге 

238 
 
қҧрметпен қарауына, қазақ халқының мҽдениетімен, ел тарихы, салт-дҽстҥрімен  
терең  танысуына,сол  арқылы  қазақ  тілін  меңгеруіне  ҧлы  Абайдың 
шығармалары бірден бір рухани азық болып табылады. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тҧжырымдамасы  
// Сарыарқа самалы, 2004ж 8 қаңтар    
2.
 
Қирабаев.  С  «Қазақ  ҽдебиеті  оқулығына  методикалық  нҧсқау»  /Алматы,  «Мектеп», 
1987, 6б 
3.
 
Черкезова В.М. Русская лит-ра в нац. Школе: Принцип общности и нац. Своеобразия 
лит-р народов в препод. Русс. Лит-ры в нац. Школе М., 1981 
4.
 
Абайдың қара сҿздері, 1993, 4б 30б,185б 
5.
 
Кҽкішев. Т. Ҽр дарынның ҿз орны бар.-―Қазақ ҽдебиеті‖, 1990, 2 наурыз 4б).  
 
ҼОЖ 821. 512. 122. 09 
КАРТАЕВА А.М. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, ШҚО, Ҿскемен қ., Қазақстан 
 
АБАЙТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ҾЗЕКТІЛІГІ  МЕН БҤГІНГІ МІНДЕТТЕРІ 
 
Ҽлемдік  ойдың  данасы,  қазақ  халқының  ҧлттық  мақтанышы  Абайды  тану, 
терең тҥсіну – адамзат баласының қолы оңай жете бермейтін рухани биіктікке 
алып  барар    сара  жол.  Абай  туралы  Қазақстан  Республикасының  тҧңғыш 
Президенті  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  Назарбаев:  «Абай  –  біздің  ҧлттық  ҧранымыз 
болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды ҽлемге танытамыз, қазақ 
халқын  танытамыз.  Менің  балаларым  мен  ертеңгі  ҧрпағыма  Абайдан  артық, 
Абайдан ҧлы, Абайдан киелі ҧғым болмауға тиіс»,  - деген [1]. Бҧл сҿз барлық 
қазақ баласының кҿкейінде тҧруға тиісті қасиетті қағидаға айналуы қажет. 
«Қазақтың бас ақыны Абай Қҧнанбаев. Онан асқан бҧрынғы-соңғы заманда 
қазақ  баласында  біз  білетін  ақын  болған  жоқ»  [2],  –  деп  алаш  кҿшбасшысы 
Ахмет  Байтҧрсынҧлы  атап  кҿрсеткендей,  бҥгінгі  ҧрпаққа  ҧлы  ақын  Абай 
шығармашылығын  тереңдете  оқытудың  мҽні  мен  маңызы  аса  зор.  Абайдың: 
«Адамзаттың  бҽрін  сҥй,  бауырым  деп»,  -  деген  жалпы  адамзат  баласын 
гуманизмге  шақырған  даналық  сҿзі  елімізде  татулық  пен  тҧрақтылықты, 
тыныштық  пен  тҥсіністікті,  достық  пен  бауырмалдықты  уағыздайды.  Ҽсіресе 
Қазақстанның  шығыс  ҿңірін  мекендеген  барлық  этностардың  ҿкілдеріне 
Абайды  таныту  арқылы  бір  шаңырақ  астында  тату  ҿмір  сҥруге  шақырады. 
Тҽуелсіздікті  баянды  ету  ҥшін,  ел  бірлігі  мен  ынтымағын  сақтау  жолында, 
ҧлттық рух пен рухани танымды асқақ ҧстау ҥшін Абай мҧрасын оқыту кезек 
кҥттірмейтін мҽселе екені белгілі. 
Қытай  халқы  ҥшін   б.  з.  д.  VI-V  ғасырлардан  бері  Конфуций  ілімі  кҥні 
бҥгінге дейін ҿте жоғары деңгейге қойылып, негізгі рухани қҧндылық, ҿмірлік 
ҧстанымға  айналған  болатын. 
Неміс  халқы  ҽлемге  ҿзінің  мҽдениетін,  ҽдебиетін, 
дҽстҥрін  «Гете  институты»  арқылы  танытса,  Қытай  елі  «Конфуций  институты» 
арқылы  танытып  отыр. 
Біз  де  Абайтану  ғылымын,  Абай  ілімін  сол  деңгейде 

239 
 
насихаттай  алсақ,  рухани  қуатты  мемлекетке  айналар  едік. 
Біздің  елде  де  қазақ 
ҧлтының  мҽдениетін,  ҽдебиеті  мен  дҽстҥрін  ҽлемге  танытатын   «Абай  институтын» 
ашудың уақыты баяғыда жеткен. 
 
Алғаш  1942  жылы  Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттiк  университетiнде  
М.Ҽуезов «Абайтану» атты арнайы курсты бастап жҥргізген еді. Қазіргі кҥнде 
республикамыздың  барлық  жоғары  оқу  орындарына  жҽне  мектептерге 
«Абайтану»  пҽнін  енгізуге  ат  салысып  жҥрген  белгілі  абайтанушы  ғалым 
М.Мырзахметҧлы  бҧрынғы  кеңестік  идеологияның  талабымен  жазылған  ескі 
танымдағы оқулықтардан шыға алмай жатқанымызды сынға алып, мҥлде жаңа 
кҿзқарастағы ғылымға негізделген ҧлттық жҽне шығыстық бағыттан туындаған 
Абайдың  «толық  адам»  іліміне  негізделген  жаңа  типтегі  оқулықтарды  ҧсыну 
қажеттігін  айтады.  Ғалымның  айтуынша  «Ҥшінші  мыңжылдық 
– 
адамгершіліктің,  гуманизмнің  заманы  болуға  тиіс.  Ал,  енді  оқушылардың 
адамгершілік тҽртібін жолға қою ҥшін мектепте Абайдың «толық адам» ілімін 
ҿз  алдына  пҽн  ретінде  ендіріп,  адамгершіліктің  идеологиясын  олардың 
санасына  біртіндеп  сіңіруді  мақсат  етіп  қою  керек.  Бір  сҿзбен  айтқанда, 
абайтанудағы сең бҧзылуы керек», - дейді [3].  
Бҥгінгі  кҥні  республикамыздың  бірнеше  жоғары  оқу  орындарында 
«Абайтану»  пҽні  мҽселен  Абай  атындағы  ҚазҦПУ-да,  М.Ҽуезов  атындағы 
Оңтҥстік  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде,  Тҥркістан  қаласындағы 
Қ.Яссауи  атындағы  халықаралық  қазақ-тҥрік  университетінде,  Е.Бҿкетов 
атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университетінде,  ал  кҿрші  Д.Серікбаев 
атындағы  Шығыс  Қазақстан  техникалық  мемлекеттік  университетінің  барлық 
мамандықтарында  Абайдың  даналық  философиясын  оқытуға  арналған  «Адам 
бол»  атты  пҽн  оқытылып  жатыр.  Сонымен  қатар,  Ҽл-Фараби  атындағы 
ҚазМҦУ  мен  Қарағанды  экономикалық  университеті  «Абайтану»  пҽнін 
оқытуды қабылдады.   
Сондай-ақ  біздің  С.Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік 
университетінде  де  2012  оқу  жылынан  бастап  университеттің  «Тарих», 
«Халықаралық қатынас» мамандықтарында «Абайтану» пҽні оқытылып келеді. 
Бірнеше  жылдар  бойы  ғалымдар  мен  ҧстаздар  қауымы  кҿтеріп  келген 
мҽселе  «Абайтану»  пҽнін  2013  оқу  жылында  Білім  жҽне  Ғылым  министрлігі 
тарапынан мектеп бағдарламасына енгізгені туралы хабарлама барлық халықты 
елең  еткізді.  Бҧның  алдында  1998  жылы  орыс  мектептерінің  10-11 
сыныптарына таңдаулы пҽн ретінде де  енгізіліп, кейіннен ҥлкен сынға ҧшырап 
оқу  бағдарламасынан  алынып  тасталған  болатын.  Не  себепті?  Міне  қазір  де 
«Абайтану» пҽні мектеп бағдарламасына енетін болды деп қуанып отырмыз, ал 
Абайды танытып оқыту ҥшін  теориялық ғылыми негіз болу керек.  Қҧр сҿзбен 
«Абай,  Абай»  дей  бергеннен  ештеңе  шықпайды  немесе  ақынның  1-2  ҿлеңін 
жатқа айтып «Абайды» білем деп айтуға болмайды. Ҧлы М.Ҽуезовтің ҿзі «Абай 
мҧхит  болса,  менің  Абайға  қосқан  ҥлесім  теңіздің  тамшысындай»  деген  ғой. 
Қаншама  ғасырлар  ҿтсе  де  зерттеушілеріміз  ҽлі  кҥнге  дейін  «Абайдың 
жҧмбағын»  іздеп,  соны  шешумен  келеді.  Яғни  Абай  ҽлемі  тҥпсіз  терең,  оған 
бару  ҥшін  ҥлкен  теориялық  даярлық,  аса  сақтық,  ҥлкен  жауапкершілік  жҽне 

240 
 
тынымсыз  еңбек  керек.  Сондықтан  «Абайтану»  пҽнінің  бағдарламасын, 
оқулығын  жазу  ҥшін  ғалымдарымыз  бен  ҽдіскер  мамандар  жҽне  тҽжірибелі 
ҧстаздар  қауымынан  тҧратын  ҧжымдық  топ  қҧрылу  керек.  Ол  бірнеше  рет 
талқыланып,  сараланып,  сараптамадан  ҿтіп  бір-ақ  енгізілуі  тиіс.  Абайды 
танытудың  кҥрделілігі  де  сонда  оның  ҿмір  сҥрген  заман  болмысын, 
дҥниетанымын,  ақындық  кітапханасын,  рухани  нҽр  алған  кҿздерін,  ақындық 
мектебін,  ақындық  ҽлемін  толық  танып  меңгере  алмай  жатқанымызда. 
Оқушыға  Абайды  оқыту  ҥшін  алдыңғы  кезекте  мҧғалімдер  ҿздері  терең 
меңгерулері керек. Ол ҥшін мҧғалімдерге арналған арнайы курстар оқытылып, 
оларға  арналған  оқу-ҽдістемелік  қҧралдары  жазылуы  керек.  Сол  себепті 
Абайтануды жҥйелі тҥрде жаңаша оқытудың бағдарламасын жасау қажет.    
Мектепте  Абай  шығармашылығын  оқытуды  тҧңғыш  рет  арнайы  жазып,  
ақын мҧрасын шҽкірттерінің жҥрегіне бойлатып, рухани нҽрін санасына сіңіріп 
келе  жатқан  ҽйгілі  ҧстаз  Қанипа  Омарғалиқызы  Бітібаева  ҿзінің  кҿп  жылғы 
ҧстаздық  еңбегі  мен  тҽжірибесінде  Абайды  жас  ҿскіндерге  жеткізу,  сҧлулығы 
мен  тереңдігіне  ҥңілту,  қауыштыруды,  рухани  жан  дҥниелеріне  бойлатуды 
алдына  мақсат  етеді.  Ҧстаздың  сҿзіне  жҥгінсек:  «Абай  поэзиясының 
сҧлулығынан бойымызға нҽр  алып, жан дҥниемізді  тазартып, сҧлу  жанды  жас 
ҧрпақ тҽрбиелеу – адами да, ҧстаздық та борыш», - дейді [4, 10 б.]. 
Абай  шығармашылығын  оқытуға  арналған  ҽдіскер  ҧстаз  Қ.Бітібаеваның  4 
еңбегі  бар.  Белгілі  ҽдіскер  ғалым  Ҽ.М.Дайырова  «Мектепте  Абай 
шығармашылығын оқытуды арнайы қарастырған ҽзірге бізге белгілі бірден-бір 
еңбек  –  Қ.Бітібаеваның  оқу  қҧралдары.  Қ.Бітібаеваның  бҧл  зерттеуі  оқушыны 
Абаймен  қауышу  қуанышына  кенелтіп,  мҧғалімге  ҥлкен  кҿмекке  келетін 
пайдалы да зҽру еңбек екендігі сҿзсіз», - деп бағалайды [5].  
Ҧстаз  5  тен  8  сыныпқа  дейінгі  оқушыларға    ақын  шығармашылығын 
оқытудың  бағдарламасын  бере  отырып,  оны  танытудың  тың  технологиясын, 
жаңаша  оқытудың  жҥйесін,  ҥлгісін  береді.  Қ.О.Бітібаеваның  Абайды  оқытуға 
арналған  оқу  қҧралдары  ақын  мҧрасын  жасҿспірімдерге  оқытып  меңгертудің 
жан-жақты жолдарын іздеп, оның тҥйінді дҽнін оқушылардың бойына дарытып, 
адамдық  қасиеттерге  баулыған  инновациялық  технологияға  негізделген 
ғылыми-ҽдістемелік еңбек ретінде республиканың орта мектептері мен жоғары 
оқу орындарында мҧғалымдерге пайдасын тигізіп келеді.  
Абай мҧрасы – Адамды адам етіп тҽрбиелеудің, жан-жақты дамыған зияткер 
тҧлға  қалыптастырудың  қайнары.  Ҽлемдік  білім  кеңістігіне  ену  жағдайында 
бҽсекеге  қабілетті  ҽлеуметтік  жауапты  тҧлғаны  қалыптастыру  –  біздің  басты 
міндетіміз. Рухы мықты, Толық адам  – Абай шығармаларының алтын қазығы. 
Ақын  адамды:  пенде,  адам,  жарым  адам,  толық  адам  деген  категорияларға 
жіктейді.  Соның  ішінде  ақынның  бар  аңсары  –  толық  адам.  Абай  адамның 
рухани  жағынан  кемелденіп  жетілу  жолында  толық  адам  ҧғымын  адамшылық 
сатысының ең жоғарғы басқышына қояды. Толық адам  –ақынның армандаған, 
аңсаған мҧрат-мақсаттарының ең биік қол жетпес асқар шыңы.  
Ҥш-ақ нҽрсе – адамның қасиеті: 
Ыстық қайрат, нҧрлы ақыл, жылы жҥрек.  

241 
 
Абай іздеген толық адам осы қасиеттерден туындайтын талапты, еңбекқор, 
ізгілікті,  мейірімді,  қанағатшыл,  рахымды,  тҧла  бойы  толған  ар,  ҧят, 
пенделіктен қол ҥзген имандылық жолындағы абзал азамат.  
Қазіргі  қоғамда  ҿмір  сҥріп  отырған  адамдар  ҥшін  ауадай  қажет  ҧлттық 
қҧндылықтар, рухани байлықтар, адамдық биік қасиеттер Абайдың даналық ой-
толғамдарынан 
табылады. 
Бҥгінгі 
ҿмірімізде 
рухани-моральдық 
қҧндылықтардың  аяқ  астында  қалуы  біздерді  жаңаша  бағдар  алуымызға 
бағыттап отыр. Ҿйткені қазіргі уақытта ҽлемде материалдық игілік, яғни рухани 
қҧндылықтан  басым  тҥсіп,  дҥниеқорлық,  пайдақорлық,  адамға  жат  пиғылдар 
ҿріс  алып  барады.  Қоғамның  болашағы  жас  ҧрпақтың  ой  санасын  осы  жат 
қылықтардан  аулақ  ҧстап,  ҧлттық  рухани  қазына  кҿздерінен  нҽр  алып 
толығудың бірден-бір жолы Абайдың толық адам ілімінің негіздерімен бҥгінгі 
жас  ҧрпақтың  ой-санасын,  дҥниетанымын  кісілік,  имандылық  рухымен 
тҽрбиелеу міндетін алға қояды. 
Дҽл  қазіргі  уақытта  рухы  мықты  ҧрпақ  тҽрбиесі  ҥшін  Абай  қҧдіреті  қажет 
болып отыр. Ҽр адам баласы Абай ҽлеміне ҥңіліп, Абайға бет бҧрғаны дҧрыс. 
Сҧлтанмахмҧт Торайғыров: «Асыл сҿзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа» деген.  
Ҽрбір  азамат  Абай  қарасҿздерін  ҿзінің  дҧрыс  жолға  салар  бағдаршамындай 
кҿруі керек. Ҿмірдің тҥрлі сауалына жауап іздеп, қысылғанда Абай поэзиясына 
жҥгінсеңіз, бар асылыңызды Абайдан табасыз, одан рухани азық аласыз.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Назарбаев Н. А. Мир должен знать Абая. - Алматы: Б. и., 1995. - 14 с.  
2.
 
Байтҧрсынов  А.  Қазақтың  бас  ақыны  /  Кітапта:  Абайды  оқы,  таңырқа... 
Қҧраст. М.Мырзахметов. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 160 б. 
3.
 
Мырзахметҧлы М. Абайтану. Оқу қҧралы. – Алматы, 2010. – 152 б. 
4.
 
Бітібаева  Қ.  Абай  шығармашылығын  оқыту.  –  Алматы:  Мектеп,  2003.  – 
232 б. 
5.
 
Дайырова  Ҽ.М.  Абай  тағлымы.  Халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференция материалдары. – Алматы, 1995. 
 
ҼОЖ 821.512.122.09 
АМИНГАЗИНОВА А.А., КАРТАЕВА А.М.  
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, ШҚО, Ҿскемен қ., Қазақстан  
 
ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ АБАЙ ЖҼНЕ М. ҼУЕЗОВ   
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Ҧстаз  –  ҿз  халқының  перзенті,  ҿз  ҧлтының  қорғаушы  кҥші  іспеттес  болса, 
қазақ тілі мен ҽдебиеті пҽні мҧғалімінің басты мақсаты қазақ ҽдебиетін ҧлттық 
рухани  қҧндылық  кҿзі  ретінде  таныту.  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  мҧғалімі, 
КСРО  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  Қазақстан  Республикасы 
педагогика  ғылымдары  академиясының  академигі  Бітібаева  Қанипа 
Омарғалиқызы – ҽдебиетті оқытудың ҿрісі кең, ҿзгеше жҥйесін қалыптастырып 

242 
 
жҥрген шын мағынасындағы ҧстаз, санаулы тҧлғаларымыздың бірі.  Ҧстаздың 
«Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы ҽдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық 
ҽңгіме,  проблема  шешу,  іздену  сияқты  ҿнімді  ҽдістермен  қатар  оқушылардың 
ҿз  бетімен  ізденуіне,  зерттеу  жҧмысына  негізделеді.  Жобалау, модель жасау, 
оқушыларды  ҿз  беттерімен  жаңа  ҿнім  жасауға  бағыттау  –  ҧстаз 
технологиясының  ең  негізгі  алтын  діңгегі.  Оның  барлығында  оқушы  жеке 
тҧлға,  дара  субъект  ретінде  қабылданады.  «Біздің  бҥгінгі  кҥні  алдымызға 
қоятын  негізгі  мақсатымыз  –  тілді  қадірлеп,  мҽдениетті дамыта білетін, біздің 
жолымызды  ары  қарай  жалғастырып,  жетілдіріп  ҽкететін  азаматтар  дайындау. 
Ол ҥшін біз тілімізді - ҧлттық қазына, ал ҽдебиетімізді  – ҿнер деп оқытуымыз 
қажет», - дейді ҧстаз [1].   
Елінің  бай  тарихы  мен  бҥгінгі  жеткен  рухани  жетістіктерін  терең 
сабақтастықта  қарастыра  отырып,  ҧстаз  ҧлттық  қҧндылықтарды  кҿркемсҿзді 
танудан,  кҿркемсҿзге  деген  қастерлі  сезімді  ҧрпақ  бойына  қалыптастырудан 
іздейді.  Ҧлы  педагогтың  қазақ  ҽдебиетін  жҥрегімен  сезінуге,  оны  оқыту 
мҽселелерін  жан-жақты  талдауға  арналған  еңбектері  мен  жаңашыл 
кҿзқарастары  ҧстаздар  қауымына  нағыз  бағдаршам  болып  келеді.  Ҧстаздың 
басты  ҧстанымы  —  кҿзбе-кҿз  ҽңгіме,  ойлы  сҧхбат,  пікір  еркіндігі,  оқушының 
білімді  ҿз  еңбегімен  алуына  жағдай  жасау,  оқу  жҥйесін  тереңдете  беру,  оны 
игертудің  тиімді  жолдарын  іздеу.  Ҧстаз  ҿтілетін  жаңа  тақырыпқа  алдын  ала 
тапсырма беріп, ой тастайды да сабақтың ҿн бойында ол шешуші роль атқарып 
отырады.  Ҥй  тапсырмасы,  жаңа  сабақ,  оларды  бекіту,  қорытындылау 
кезеңдерін бірлікте қарастырып бҥтінге айналып кетеді. Сабақтың ҿн бойында, 
ҽр  кезеңдерінде  оқушылар  «ой  тастауда»  белгіленген  ауқымды  мақсатқа 
жетудің жолдары жҥйелі тҥрде ойландыру; ойлау іс ҽрекеттері арқылы жҥзеге 
асып  отырады.   Ҽдіскер  ҧстаздың  ҽдебиетті  оқыту  ҧстанымы  ой  салу,  ойлау, 
ойланту,  бір  шешімге  келу  пҽлсапасынан  тҧрады.  Ой  салу  -  ҧстаз  тарапынан, 
ойлану - шҽкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға тҥрткі 
жасап,  ойлантуға  алып  келу)  ҧстаз  тарапынан,  бір  шешімге  келу  -  оқушы 
тарапынан жҥзеге асады.  
Ҧстаз  тҽжірибесінің  тағы  бір  ерекшілігі,  оқушылар  сабаққа  ҿздері  мақсат 
қойып  келеді.  Ол  мақсаттарды  ҧстаз  диагностика,  болжам  ҥшін  пайдаланады. 
Оның сабақ жоспары оқушы-субъектінің еркіндігіне жол ашады, оқушының да, 
ҧстаздың  да  іс  ҽрекеті  тҥпкілікті  нҽтижеге  қол  жеткізудің  ҿнімді  еңбегіне 
айналады.   Бҧл  туралы  атақты  педагог  Қ.Бітібаева  былай  дейді:  «Мақсатым  – 
сабақты қызу еңбекке қҧру: сабаққа оқушыларды тыңдаушы дҽрежесінде емес, 
еңбек  етуші,  білімді  ҿз  еңбегімен  алушы  (білімді  ҿз  еңбегіне  қарай  алушы) 
дҽрежесінде  қатыстыру.  Олар  – пікір айтушылар,  қызу  айтысқа  қатысушылар, 
кҿркем шығармаға деген ҿз кҿзқарасы, эстетикалық талғамы  қалыптасып келе 
жатқан  азаматтар.  Сол  себепті  де  оларды  сабақта  ҥнемі  іздендіріп  отыруды 
мақсат етемін» [2]. Бос отыратын, сабаққа селқос, тек орындаушы, тек дайынды 
қайталап  айтушы  оқушы  болмайды.  Ҧстаз  да,  оқушы  да  жаңаны  іздеуші, 
табушы, бірліктегі одақ деңгейіндегі еңбек етуші дҽрежесінде болады.  «Қашан 
бала  ғылым-білімді  махаббатпен  кҿксерлік  болса,  сонда  ғана  оның  аты  Адам 

243 
 
болады»  деген  ҧлы  Абай  сҿздерін  ҧстаным  еткен  ҧстаз,  «Ғылым  таппай, 
мақтанба»,  «Болмасаң  да,  ҧқсап  бақ,  бір  ғалымды  кҿрсеңіз»  деп,  дарынды 
шҽкірттерін ғылым-білім нҽрімен сусындатудан жалықпай келеді.  
«Алты  алаштың  басы  қосылса,  тҿрдегі  орын  мҧғалімдердікі»,  -  деген  екен 
«ғасыр ақыны» атанған ҧлы Мағжан Жҧмабаев. Дана айтқандай, кҿзі тірісінде 
алты  алашқа  «Қазақтың  Қанипасы»  аталып,  аңыз  боп  тараған,  ҧстаздықты 
абырой  шыңына  шығарған  біртума  тҧлға,  қазақ  педагогикасының  жарық 
жҧлдызы.  Оның  есімі  Одақ  кезінде  педагогикалық  санаулы  шоқ 
жҧлдыздарының  қатарында  аталды,  еліндегі  ҽріптестері  Алтынсариннің 
ізбасары  деп  бағалады.  Белгілі  журналист,  ақын,  ҧстаз  Ҽлібек  Қаңтарбаев 
«Қалдырған  ізің  мҽңгілік»  атты  республикадан  шыққан  кітапта  былай  деп 
тебіренеді: «Ол туралы аңыз да, аңызға бергісіз шындық та молынан айтылады. 
Аңызы  –  оны  шҽкірттері  мен  ҽріптестері  кҿк  пен  жердің  арасындағы  кҿгілдір 
сағым  сынды  қиял-ғажайып  кейіпкерге  айналдырып  жіберуінде».  Аңызға 
айналған  ҧстаздың  ҿмір  жолына  ҥңілсек  еңісі  мен  қыраты,  кҿлі  мен  шҿлі, 
шоқысы мен шыңының қатар келіп отырғанына кҿзіңіз жетеді.                                                                           
Расында  да,  ол  жаңашыл  ізденістерімен,  ҽдебиетті  оқытудың  тың, 
инновациялық  технологиясымен  аты  аңызға,  ҿзі  қҧбылысқа  айналды. 
Ҧстаздықты абырой шыңына шығарды. 
Абай  мен  Ҽуезов  ҥндестігін  оқыту  технологиясы  тың  мҽселе.  Ақын  мен 
жазушының  ҽдеби  жалғастығында  рухани  туыстай  бір  тамаша  тҧтастық  бар. 
Абай  қалыптастырған  дҽстҥрдің  жазушы  шығармашылығында  кҿрініс  беріп, 
келісімді  жалғасын  тапқан  соны  қырларын  ашуы  мҥлде  жаңа  танымдарға 
бастайды.  
Абай  еліміздегі  тҥбірлі  ҿзгерістер  негізінде  ҽлемге  танылып  жатыр.  Абай 
аты  ҽлемді  шарлады.  Қазіргі  уақытта  жас  ҿскіндерге  нағыз  Абайды,  дана 
Абайды қайта танытып, қауыштыру кҥн тҽртібінде тҧрған мҽселе.  
Қазақ  ҽдебиетін  оқытудың  ҿзекті  мҽселесі  Абай  шығармашылығын  жас 
ҿскіндерге  жеткізу,  сҧлулығы  мен  тереңдігіне  ҥңілту,  қауыштыруды,  рухани 
жан  дҥниелеріне  бойлатуды  ҿзінің  кҿп  жылғы  ҧстаздық  еңбегі  мен 
тҽжірибесінде ҽйгілі ҧстаз Қ.Бітібаева алдына мақсат етеді. Ҧстаздың ҿз сҿзіне 
жҥгінсек:  «Абай  поэзиясының  сҧлулығынан  бойымызға  нҽр  алып,  жан 
дҥниемізді тазартып, сҧлу жанды жас ҧрпақ тҽрбиелеу – адами да, ҧстаздық та 
борыш», - дейді [3; 10]. 
Абай  шығармашылығын  оқыту  айналасында  Қ.Бітібаеваның  «Абай 
шығармашылығын  оқыту»  атты  еңбегі  2003  жылы  Алматы  қаласындағы 
«Мектеп»  баспасынан,  «Мектепте  Абай  шығармашылығын  оқыту»  атты  оқу 
қҧралы  1994  жылы  Ҿскеменнен  шықты.  Белгілі  ҽдіскер  ғалым  Ҽ.М.Дайырова 
«Мектепте  Абай  шығармашылығын  оқытуды  арнайы  қарастырған  ҽзірге  бізге 
белгілі бірден-бір еңбек – Қ.Бітібаеваның оқу қҧралдары», - деп бағалайды [4; 2 
б.]. Ары қарай ғалым: «Қ.Бітібаеваның бҧл зерттеуі оқушыны Абаймен қауышу 
қуанышына кенелтіп,  мҧғалімге ҥлкен кҿмекке  келетін пайдалы да  зҽру  еңбек 
екендігі  сҿзсіз»,  -  деген  пікір  айтады.  Шынында  да  ҧстаз  Абай 
шығармашылығын жаңаша оқытудың жҥйесін, ҥлгісін береді. Ол ҥшін Кеңестік 

244 
 
кезеңдегі  ақын  шығармашылығын  оқытудағы  кемшіліктерге  ҽділ  пікір 
білдіреді.  Саясат  қҧрсауында  Абайды  тап  кҥрескері  етіп,  оны  «ҽлеуметшіл 
Абай»  дҽрежесінде  ғана  оқытылуын  сҿз  ете  отырып,  автор  оның  саяси-
ҽлеуметтік  лирикасын  ғана  емес,  ҧлы  дана  мҧрасын  толық,  жан-жақты  оқыту 
проблемасын  қозғайды.  «Абай  поэзиясын  тақырып-тақырыпқа  бҿлшектемей, 
тҧтастай  қарастыру»  мҽселесін  кҿтереді  [5;  4б.].  Ҽсіресе  автордың  Абай  
поэзиясының  алтын  арқауы  –  Адам,  оған  деген  махаббат  екеніне  тоқтала 
отырып, Толық Адам проблемасы айналасында ізденуді алдыға тартады. Ақын 
поэзиясындағы  баға  жетпес  ҥш  асыл  қазына:  Алланы  сҥю,  Алла  махаббатпен 
жаратқан  Адамды  сҥю,  хақ  жолы  деп  ҽділетті  сҥю,  яғни  осы  ҥш  сҥю 
айналасында  оқыту  керектігін  зерттеуінің  басты  ҧстанымы  етеді.  Сондай-ақ 
автор  Абайдай  ҽлемдік  алыптың  мҧраларын  оқытуда  оқулықтағы  беріліп 
жҥрген ҿлеңдерінің аздық ететінін, оны таныту ҥшін тҿменгі сыныптан бастап 
жаңа бағдарлама жасау керектігін ҧсынады.  
Сонымен қорыта келгенде, Абай шығармашылығын оқушыларға жан-жақты 
тереңдетіп оқытуда бҧл еңбектің ғылыми ҽрі ҽдістемелік жағынан маңызы зор. 
Себебі адамзаттың Абайдай ірі тҧлғасының шығармашылығын жасҿспірімдерге 
оқытып  меңгертудің  жан-жақты  жолдарын  іздеп,  оның  тҥйінді  дҽнін  тауып 
оқушылардың бойына дарытып, адамдық қасиеттерге баулыған инновациялық 
технологияның талаптарына сай нағыз гуманистік тҧрғыдан жазылған ғылыми 
ҽдістемелік еңбек  демекпіз.  
Қанипа  Омарғалиқызының  қай  еңбегі  болсын  ҧстаздардың  бағдар 
шамындай. Сол себептен болар, ҧстаздың еңбектеріне деген сҧраныс та ерекше. 
Халқымыздың  бҥгінгі  тарихында,  мҽдениеті  мен  ҽдебиетінде  Мҧхтар 
Ҽуезовтің алатын орны ерекше, оны бір сҿзбен айтып жеткізу қиын. Аса алып 
тҧлға  –  табиғат  пен  қоғамның  айрықша  бір  кҿрінісі.  Мҧхтар  Омарханҧлы 
Ҽуезов қазақ мҽдениеті мен ҽдебиеті ҥшін дара да кҥрделі тҧлға. Ол  - ҽлемдік 
тҧлға.  
Ҽлемнің  жазушылары  мен  ғалымдары  жоғары  баға  берген  адамзаттың 
Ҽуезовінің шығармашылық мҧрасын бҥгінгі жҽне болашақтағы ҧрпаққа таныту 
- ҽдебиеттегі маңызды мҽселелердің бірі. Себебі ҽдебиеттегі кесек тҧлға Ҽуезов 
шығармашылығын  мектепте  оқыту  мҽселесі  ҿте  кҥрделі  сала  болғандықтан, 
терең білімпаздық пен аса ізденімпаздықты қажет етеді. Ҽр шығармасын оқыту 
ҥшін ҥлкен дайындық, терең эрудиция, ҥлкен жҥрек пен сезім қажет. М.Ҽуезов 
шығармашылығын  зерттеуші  жазушы-ғалым  Т.Жҧртбайдың  сҿзімен  айтсақ: 
«Ҽуезовтің ҿмірі мен шығармашылық жолының ҿзі қазақ мҽдениетінің рухани 
тарихындағы қҧбылыс. Ол сан-салалы жҽне жинақтай зерттеуді қажет етеді», - 
деп ескертеді [6; 18б.]. 
Жазушының  шығармашылығына  арналған  зерттеулер  негізінен  жекелеген 
ғылыми  тақырып  пен  жанрлық,  теориялық,  танымдық  тҧрғыда  дара-дара 
қарастырылды.  Алайда  М.Ҽуезов  шығармашылығын  мектепте  тҧтас  оқыту, 
жасҿспірімдерге  таныту,  рухани  жан  дҥниесіне  бойлату  мҽселесі  ҽйгілі  ҧстаз 
ҽдіскер Қ.Бітібаеваның еңбектеріне дейін арнайы жазылмаған. Тек М.Ҽуезовтің 

245 
 
«Абай  жолы»  роман-эпопеясын  оқытудың  жолдары  мен  талдаудың  тҥрлері 
белгілі  ҽдіскер-ғалым  Т.Ақшолақовтың,  Қ.Тасболатҧлының  еңбектерінде  ғана 
кездесетін. Осы тҧрғыдан алғанда, Қ.Бітібаеваның еңбектері ҽдіскер ғалымдар 
мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері, мектеп мҧғалімдері 
ҥшін  ғылыми  ҽрі  ҽдістемелік  жағынан  сонылығымен,  қҧндылықтарымен 
ерекшеленетін аса қажетті еңбектің қатарынан саналады.  
Адамзаттың  ақыл-ойының  ғҧлама  жазушысы  Ҽуезов  шығармашылығын 
қалай оқыту керек, оны жастардың бойына қалай сіңіру керек, осы мҽселе ҽрбір 
ҽдебиетші 
ҧстазды 
ойландырып 
келгені 
рас. 
Себебі, 
М.Ҽуезов 
шығармашылығын оқыту дегеніміз - ҥлкен мҧхитқа сапар шеккенмен тең деген 
сҿз. Қай кезеңде, қай туындысын алсақ та, Ҽуезов туындыларының тақырыбы 
мҽңгілік  мҽселені  қозғайды.  Қазақ  халқының  ҿткен  тарихын  баяндап,  толғағы 
жеткен  мҽселелерді  кҿтеріп,  ел  тҧрмысының  шынайы  болмысын  кҿрсетіп, 
адамдар  тағдырының  шындығын  суреттейді.  Осыған  байланысты  М.Ҽуезов 
шығармашылығын  оқытуды  алға  тартқан  Қ.Бітібаева  ҿз  сҿзінде  былай  дейді: 
«Ҧстаздар қауымы Ҽуезов тағлымын оқу мен тҽрбие беруде тиімді пайдалануы, 
қажетке  айналдырудың  кҿзін  тауып,  қонымды  жолын  ізденуі  керек.  М.Ҽуезов 
шығармашылығын  оқытудың  тиімді  жолдарын  іздеу  бҥгінгі  оқыту  ҥрдісінің 
талап деңгейінен туындайды», - дейді [7; 6 б.].  
Мектепте  М.Ҽуезов  шығармашылығын  оқытуды  тҧтастай  қарастырып, 
іргелі  еңбек  жазған  Қ.Бітібаева  «Ҽдебиет  пҽнін  оқытудың  тиімді  жолдары» 
атты оқу қҧралында: «... ҽдебиет пҽні жас жеткіншектерге жай ғана білім беріп 
қоймайды,  ол  ҿмірдің  ең  қымбаттысы,  ең  асылы  –  жақсылық  пен  ізгіліктің 
ҧрығын  себеді.  Ҽдебиет  пҽнінің  ҽр  сабағын  –  адам  бойындағы  асқақ  арман, 
берік сенім, ҽсемдік пен сҧлулыққа қҧштарлық тҽрізді ең мҿлдір сезімдер мен 
кісілік  қасиеттер  туралы  сырласу  сабағы  десек  те  болады.  ...Бҧл  пҽн  жас 
қауымды  мақсатты  ҿмір  сҥруге  ҥндейді,  оны  туған  анасын  сҥюден  Отанын 
сҥюге, бҥкіл адамзатты сҥюге дейін жетелейді. Ҽдебиет пҽнінің алдында тҧрған 
осындай  қасиетті  мақсат  ең  алдымен  сабақ процесінде, оның  ҽр  тақырыбында 
жҥзеге  асырылуға  тиіс.  Сондықтан  ҽр  сабақты,  яғни  ҽр  сабаққа  бҿлінген  45 
минутты  тиімді  етіп  ҧйымдастыра  білу  ісі  мҧғалімнен  ерекше  творчестволық 
жҧмысты, ойлы да зерделі еңбекті талап етеді», - дейді [8; 4-5 б]. 
Сонымен,  қорыта  келгенде,  ҽйгілі  ҧстаз  ҿзінің  кҿп  жылғы  тҽжірибесінде 
«Абай  жолы»  эпопеясын  оқытудың  қия-қалтарыстарын  тҥгел  зерделейді. 
Соның  ішінде  М.Ҽуезов  шығармашылығын  оқытуда  оқулық  пен  оқу 
бағдарламасында  кездесетін  кемшіліктерге  білгірлікпен сын айтады.  Ҽуезовтің 
ҧлылығын  таныту  мақсатында  автор  ғҧлама  жазушының  публицистикалық 
шығармаларын,  прозалық  шығармаларын,  «Абай  жолы»  роман-эпопеясын, 
драматургиясын,  ғылыми  еңбектерін  тҧтастай  оқыту  керектігін  баса  айтады. 
Осыған қоса, жазушы шығармашылығын оқытудың алдына бірнеше мҽселелер 
де  қояды.  Бҧл  жағынан  алғанда,  Қ.Бітібаеваның  М.Ҽуезов  туындыларын 
мектепте  оқыту  мҽселесі  терең  зерттеуге  бағытталған  еңбек  болса,  екіншіден 
теориялық білімді ҧштаудың ҽдістемелік негізгі кҿзі болып табылмақ. 

246 
 
Ҧстаздың  ҽдебиетті  оқыту  пҽлсапасы  ой,  ойлау,  ойланту  мҽселелерінен 
тҧрады.  Ҽр  сабақта  оқушыға  ой  салу,  ойланту  ҧстаздың  ҽдістемесінің  биік 
жемісі.  Ол  ҽдебиетті  -  ғылым,  ҿнер  пҽні  ретінде  қарастырады.  Байырғы 
ҽдістемемен  оқытылып  келе  жатқан  ҽдебиет  пҽніне  жаңа  бетбҧрыс  ҽкеліп, 
инновациялық  технологиямен оқыту  мҽселесін  қазіргі педагогика  ғылымының 
кҥн  тҽртібіне  қойды.  Қазақ  ҽдебиетін  оқыту  ҽдістемесін  мҥлде  тың  арнаға 
бҧрды деуге болады. [ 9; 144 б.]. 
Қорытындылай келе, "Қазақстан   ҥшін   Ҽуезов  екінші   Абай,   біз   ҥшін 
шығыстың Шолоховы" Николай Погодин. 
Бҧл тҧжырымда бҧлтартпас шындық бар. Айтты-айтпады, қазақ ҽдебиетінің 
XIX  ғасырдағы  асқар  белі  -  Абай,  XX  ғасырдың  заңғар  биігі  -  Ҽуезов. 
Ҽдебиетке  ең  қатал  сыншы,  ең  ҽділ  тҿреші  уақыт  десек,  сол  уақыттың  ҿзі 
осыны дҽлелдеп отыр. 
Абай  -  ҧлттық  мҽдениетіміз  бен  тарихымыздағы  ерекше  тҧлға.  Біртуар 
қайталанбас  тҧлғаның  азаматтық,  ақындық,  халықтық  мҧрасы  -  айтылар  ойға 
сыймас,  қыр-сыры  мол  дҥние.  Қазақ  жерінің  ақыны,  данышпаны  кҿп 
болғанымен, Абай біреу-ақ. Абайы бар елдің мерейі ҥстем. Абай - қазақтың бар 
жерінде туып, бар жерінің туын ҧстап тҧрған кемеңгер.[10,456 б.].  
Поэзия  Абай  ҥшін  ой-қиялының  қанаты  болса,  проза  Ҽуезов  ҥшін  тіл 
ҿнерінің  қайнар  кҿзі.  Бҽйтерекке  шығып,  сан  тҥрлі  ҥнмен  сайрай  алмаған 
сандуғаш,  сандуғаш  па?  Сол  сияқты  қанатсыз  ҿнер  —  ағаш  басындағы  ала 
қарғаның ҥніндей. Абай жҽне М.Ҽуезов шығармашылығын оқытудың ең тимді 
жолы  Қ.Бітібаеваның технологиясын қолдану. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1.
 
Бітібаева  Қ.О.  Қазақ  ҽдебиеті  –  тҧлғаның  рухани  дамуының  бастауы 
халықаралық ғылыми-тҽжірибелік конференцияның материалдар жинағы / Қ.О. 
Бітібаева. - Алматы, 2005. – 14 бет.  
2.
 
Бітібаева  Қ.О.  Ҽдебиет  пҽнін  оқытудың  тиімді  жолдары  :  мҧғалімдерге 
арналған қҧрал / Қ.О. Бітібаева. - Алматы : Рауан, 1990. – 15 бет.  
3.
 
Бітібаева Қ.О. Абай шығармашылығын оқыту / Қ.О. Бітібаева. – Алматы: 
Мектеп, 2003. – 232 бет. 
4.
 
Ақшолақов Т. Кҿркем шығармаға талдау жасау / Т. Ақшолақов. –Алматы: 
Мектеп, 1983. - 114 бет. 
5.
 
Бітібаева  Қ.О.  Педагогикалық  технология  талаптары  /  Қ.О.  Бітібаева  // 
Қазақ тілі мен ҽдебиеті. - 2000. - №3. - 8 бет. 
6.
 
Қаратаев  М.  Эпостан  —  эпопеяға  /  М.  Қаратаев.  –  Алматы:  Жазушы, 
1969. - 220 бет. 
7.
 
Бітібаева Қ.О. Абай шығармашылығын оқыту / Қ.О. Бітібаева. – Алматы: 
Мектеп, 2003. – 232 бет. 
8.
 
Мҽшһҥр Жҥсіп. М. Ҽуезовтің портрет жасау шеберлігі / Мҽшһҥр Жҥсіп // 
Қазақ тілі мен ҽдебиеті. – 1995. - № 4. - 96-102 бет. 
9.
 
Бітібаева  Қ.О.  М.  Ҽуезов  шығармашылығын  оқыту  /  Қ.О.  Бітібаева.  - 

247 
 
Ҿскемен, 1994. – 120 бет.  
10.
 
Бітібаева  Қ.О.  Абай  шығармашылығын  оқыту  /  Қ.О.  Бітібаева.  – 
Алматы: Мектеп, 2003. – 232 бет. 
 
ҼОЖ 821.512.122.09 
СЕЙПУТАНОВА А.Қ. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, ШҚО, Ҿскемен қ., Қазақстан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет