Проблемы языкознания


МӘТІННІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет15/40
Дата02.01.2017
өлшемі4,73 Mb.
#971
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40

МӘТІННІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ  
 
Қазіргі тіл білімінің маңызды мәселелері тізбегінде мәтіннің мазмұны, семантикалық 
құрылымы  тақырыптары  актуалды  мәселе  ретінде  қарастырылады,    Мақалада    көркем 
мәтіннің  семантикалық  құрылымы,  мәтін  мазмұнының  жекелеген  макрокомпоненттері, 
олардың    мәні,  семантикалық  компоненттері  иерархиясына  арнайы  талдау  жасалады. 
Әдеби 
шығарма 
семантикасын 
қалыптастыруда, 
көркем 
мәтіннің 
дербестік 
категориясының  негізгі  репрезентанты  ретінде,  автор  мен  персонаждың  рөлі 
сипатталады. 
 
Кілт  сөздер:  семантикалық  құрылым,  актуалды  семантикалық  кеңістік,  виртуалды 
кеңістік, мәтіннің антропоорталығы, сегментация, хронотоп, автор интенциясы. 
 
Соңғы 
жылдары 
антропологиялық 
және 
когнитивті 
лингвистиканың 
дамуы 
нәтижесінде  көркем  мәтіннің  семантикалық  ұйымы  жөніндегі  түсінік  өзгерді,  курделенді 
және  байи  түсті.  Мәтін  лингвистикасына  қатысты  қалыптасқан  зерттеулердің  мынадай 
бағыт-бағдарларын көрсетуге болады: негізгі қасиеттері тұтастық пен тығыз байланыстылық 
болып  табылатын  мәтіндік  зерттеулер,    көркем  шығарманың  мазмұн  мен  формасын  (тілін) 

119 
 
бірлікте  алып  қарастыратын    зерттеулер,  мәтіннің  семантикалық  ұйымдасуында  мәтінді 
құрайтын  бірліктердің    көркем  шығарма    тілінің    басқа  компоненттерімен  байланысын, 
мәтінді 
семантикалық 
құрылым 
ретінде 
қарастыратын 
зерттеулер. 
Мәтінтанушы 
ғалымдардың  зерттеулерінде  мәтінінің  өзіндік  белгілеріне  тұтастық  және  байланыстылық 
(И.Р.Гальперин,  Ю.А  Сорокин,  бөлшектену  (А.И.  Новиков),  аяқталғандық  (Сорокин  Ю.А, 
Г.В. Колшанский) жатқызылады.  
Көркем  прозалық  шығармалар  мәтіндері  поэтикалық  мәтіндермен  салыстырғанда 
өзіндік  сипатқа  ие  болып  келеді.  Мәтіннің  мұндай  категориялық  белгілеріне  мәтінтанушы 
ғалымдар уақыт пен кеңістік және себеп-салдарды жатқызады [1]. 
Көркем мәтінде әрекет ету ықпалы орын және уақыт бойынша шектелмеген. Бұған көп 
ғасырлар  бойы  өзектілігін  жоғалтпаған  және  әр  кезеңде  түрліше  түсініп,  қабылданған  ұлы 
өнер туындылары куә. Осыдан келіп, мәтіннің мазмұн мен формасы,  мәтіннің семантикалық 
ұйымдасуы,    мәтінді  құрайтын  бірліктердің  байланысы  сияқты  категориялық  белгілерді 
сипаттау  қиындығы  туады.  Мәтіндегі  ойды  қатыстылық  жағынан  созыңқылығын  ескере 
отырып, зерттеушілер (И.Р. Гальперин, Г.К Гак) оның ең мәнді бөліктерін: образдар жүйесін, 
тақырыптық  сарындарын,  идеялық-бейнелік  мазмұнын,  авторлық  бағамдауларын  ашуға 
тырысады [2], [3]. Мәтін мазмұнының бұл компоненттері түрліше көрсетіледі және әр түрлі 
комбинация,  көлемдермен  ерекшеленіп,  қандай  жағдайда  да  мәтін  мазмұнын  сипаттау 
кезінде түрлі классификацияларда қиюласады. 
Мәтіннің  семантикалық  ұйымдасуында    мәтіңңің  мазмұны,  уақыт  пен  кеңістік  және 
себеп-салдар  ерекше  маңызды  рөл  атқарады.  Бұл  маңызды  бөлшектер  ойлауды  құрайтын 
бөлшектерге  жатады.  Кеңістік  –    қатарлас  нәрселердің  орналасу  тәртібін  көрсетсе,  уақыт  – 
қатарлас  нәрселердің  бірін-бірі  ауыстыруын,  себеп-салдар  –  бірінен  екіншісінің  пайда 
болуына әкелетін құбылыстардың байланысын көрсетеді. 
Кез  келген  ұлттық  тіл  үшін  концептуалдық  кеңістіктің  мәні,  сөз  шығармасының 
мәдениеті,  дамуы  мен  баюынан  көрінеді.  Тілдің  байлығы  сөздік  қордың  байлығы  немесе 
грамматикалық мүмкіндігінен  ғана  анықталмайды,  сонымен  бірге,  адам  мен  оның  ұлтының 
ұлттық тілінің концептуалды әлемі мен концептаясымен өлшенеді.  
Мәтінді  семантикалық  құрылым  ретінде  қарау,  мәтін  мазмұнының  сегментация 
проблемасын  алға  шығарады,  ал  мәтін  ақпараты  квантының  топтастырылуы  үшін  түрлі 
терминдер  ұсынылады,  соның  ішінде  «мағына»  термині  ғылыми  әдебиеттерде  әзірше 
бірізділі түсіндірілмейді. Бірқатар мәтін  зерттеушілерінің пікірінше, әдеби шығармалардың 
мағынасы контекстердің барлық жиынтығынан пайда болады. Мұндай салыстырудан басқа, 
көркем  мәтіннің  мәні  мен  мазмұны  теңгермелеу  көзқарасы  да  бар.  И.Р.  Гальперин  мазмұн 
жиынтығы  дегенді  жөн  санайды.  Оның  ойынша,  «мағына  мүшеленбейді,  мазмұн 
мүшеленеді. Мазмұн, негізінен, қайталанбайды. Мағына қайталануы мүмкін» [2]. 
Әр  түрлі  қарапайым  мәтін  фрагменттері  мәтінде  бейнеленген  ситуашиялармен 
қатынасқа  түседі,  әрі  бұл  ретте  түрліше  топтастырылады:  денотат  ретінде,  білдіру  немесе 
атауыш,  заттық  ұғым  ретінде.  Мәтіннің  семантикалық  компоненттерін  білдіретін 
терминологияның  көптүрлілігі  бойынша,  мәтінді  талдаудың  семантикалық  бірлігіне  ізденіс 
жүргізіліп,  концепциясы  (тұжырымдамасы)  жасалуда.  Бұл  бірліктердің  жалпыға  танылған 
жүйесі әзірше жоқ, сондықтан нысанды материалдық та, идеалдық та  сипатта бейнелейтін әр 
түрлі текті мәтіндік бөлшектер қарастырылады. 
Бірқатар  зерттеулерде  көрсетілгендей,  мәтінде  семантикалық  бөліністік  –иерархия 
байқалады.  «Ол  құрамды  бөліктерді  неғұрлы  ұсақ  бөлшектерге  бөлетін  иерархиялық  бірлік 
ретінде  өмір  сүреді»  (Адмони).  Мәтіннің  семантикалық  компоненттерінің  иерархиясын 
И.В.Арнольд  мәтіннің  реттілік  формаларының  бірі  ретінде  қарастыруды  ұсынады:  «ол  тек 
иерархияны  ғана  көрсетпейді,  эстетикалық  әсер  туғызады,  қабылдауды  жеңілдетеді»  [4].     
Мәтіннің 
семантикалық 
компоненттерінің 
мағына 
деңгейін 
орнықтыру, 
олардың 
иерархиясын  анықтау  әзірше  терең  әрі  бірізді  емес.  Сондай-ақ  мәтіннің    семантикалық 
құрылымы концепциясында, мәтін мазмұнының жекелеген макрокомпоненттері мәні туралы 
тұрақты  түсінік  бар.  Жалпы    қабылданған  түсінік  бойынша,  мәтін  мазмұны  семантикалық 

120 
 
компоненттері  иерархиясының  биігі    жеке  -  авторлық  концепциясы  әлемінен  танылады 
немесе  кез-келген  туынды  болмыстың  объективті  әлемін  субъективті  образ  арқылы 
елестетеді.  Бұл  қоршаған  ортаны  өзінше  қабылдаудың  әмбебап  сипаты  әрқашан  өзін 
жасаушының  сипатын  алып  жүреді.  Осыдан  келіп,  көркем  мәтіннің  қайшылықты  құпиясы 
келіп  шығады:  болмысты  көрсете  отырып,  суреткер  өзін  таниды  және  керісінше,  өзінің  ой-
ренішін  көрсете  отырып,  ол  айналасын,  ондағы  өзін  бейнелейді.  Осының  нәтижесінде, 
көркем  шығарманың  негізі,  өзін  жасаушыдан  аулақтай  отырып,  бір  мезгілде  оның  белгісін 
өзінде  сақтайды,  яғни  өзін  жасаушының  бейнесін    (автордың  образы)  және  объективті 
болмыстың келбетін (ортаның образы) береді. 
Соңғы  жылдары  антропологиялық  және  когнитивті  лингвистиканың  әсерінен  көркем 
мәтіннің  семантикалық  ұйымы  жөніндегі  түсінік  өзгерді,  курделенді  және  байи  түсті. 
Осының салдарынан, мәтін, бір мезгілде авторлардың кодтаудың арнаулы жүйесін қолдану, 
яғни,  тілдік  актінің  түрлілігі,  автор  (адресант)    пен  оқырман  (адресат)  арасындағы  қарым-
қатынас  нәтижесінде  пайда  болатын    екі  кешенді  құрылым  ретінде  түсіндірілді.  Мұндай 
ұғым  мәтін  семантикасы  интерпретациясының  ерекшелігін  көрсетіп,  А.И.Новиковтың 
әлденеше  рет  астын  сызып  дәлелдегеніндей,  «тікелей  түсіну  нәтижесіне  сәйкесетін  ойдың 
образдылығын  құрайды.  Бұл  нәтиже,  берілген  мәтінді  құрайтын  тілдік  құралдардың 
жиынтығы  әсерінен  туатын,  сол  сияқты  оны  түсіну  үшін  алынатын  ақпараттар  арқылы 
көрініс береді» [5]. 
Ең  күрделі  тілдік  белгі  -  мәтіннің  мазмұндық  қырын  анықтау  үшін  «семантикалық 
кеңістік»  термині  пайдаланыла  бастады,  бұл  жағдайда  оның  қолданылуы  көп 
мағыналылықпен және мәтін кеңістігі категориясы ұғымының кеңдігіне байланысты басқа да 
мәтіндік  құбылыстардың  қиюласуымен  ерекшеленеді.  Көптеген  лингвистер  мәтін 
кеңістігінің түрлілігін көрсетіп, олардың ерекшелігіне талдау жасайды. 
Кеңістік категориясында мәтін екі аспектіде қарастырылады, олар: мәтін – таңбалардың 
біркелкі  орналасуының  жиынтығы,  мәтін    мағыналардың  жиынтығы.  Мәтіннің  кеңістігі 
туралы  өте  сыйымды  және  бейнелі  ойды  Ю.А.Сорокин  айтады:  «Кез  келген  мәтін  кеңістігі 
жабық, ол өзіне өзі баға бере алады. Әрі ол аз дегенде екі полюсті: таңбалар алаңы (таңбалық 
дене)  және  семантикалық  (когнитивті,  эмотивті  –  аксиологиялық)  алаң.  Бұлардан  басқа, 
потенциалды  немесе  виртуалды  шындық  бар»  [6].  Осы  ой  семантикалық  кеңістіктің 
виртуалдығы  мен  актуалдығына  қатысты  неғұрлым  кеңірек    А.И.Новиковтың  еңбегінде  
беріледі:  «Мәтінге  қатысты  кеңістіктің  бірнеше  түрі  мен  оны  мүшелеудің  түрлі  тәсілдері 
туралы  айтуға  болады.  Біріншіден,  мәтіннің  өзі  материалдық  нысан  ретінде,  оның  тілдік 
бірліктері  белгілі  бір  реттілікпен  орналасқан  кейбір  екі  мөлшерлі  кеңістік  құрайды.  Оған 
семантикалық  болып  табылатын,  таным  аясындағы  басқа  кеңістік  сәйкеседі.  Осыдан  келіп, 
мұндай  кеңістіктің  екі  түрін  ажыратуға  болады:  виртуалды  және  актуалды.  Виртуалды 
кеңістік  мәтіннің  жасалу  процесінде  мазмұнды  бірліктерді  іріктеумен  көрініп,  ой  
механизмінде  жүзеге  асады.  Актуалды  семантикалық  кеңістік  –  ой  –  толғам  нәтижесі 
қалыптасып, тұтас мәтін ұғымы берілетін алаң» [7]. 
Мұндай  жағдайда,  мәтіннің  өзіндік  семантикалық  құрылымы  менталды  құрылу, 
менталды  кеңістік  ретінде  танылып,  өзіндік  ерекшелігімен  термин  болып  бекітіліп,  мәтін 
мазмұнының атауышы түрінде таңдалады. 
Сонымен,  мәтіннің  семантикалық  кеңістігі  –  бұл,  біріншіден,  сөз,  сөйлем,  күрделі 
синтаксистік  (виртуалды  кеңістік)  тұтастық  –  тілдік  таңбалар  жиынтығын,  автор 
интенциясын  беретін  әдеби  шығарма,  екіншіден,  оқырманның  кабылдау  процесіндегі  
(актуалды семантикалық кеңістік) мәтіннің интерпретациясы арқылы жасалатын менталдық 
құрылу. 
Семантикалық  кеңістіктің  осы  ерекшелігі,  яғни  оның  бірлігін,  байланыстары  мен 
қатынастарын құрайтын деңгейде қалыптасуы әрі бір мезгілде мәтіннің тууы мен қабылдану 
процесі  А.И.Новиковқа  мазмұн  мен  ой  категориясында  мәтіннің  семантикалық  құрылымы 
мүшеленуінің  екі  дәстүрлі  тәсіліне  жаңа  позицияда  қайтып  оралуға  мүмкіндік  жасады: 
«Мазмұн  мәтінде  айтылатын  шындықтың  фрагменттерін  жасайтын  менталдық  құрылым 

121 
 
болса,  ал  мағына  (ой)    -  осы  шындық  туралы  ой,  яғни  мәтінде  берілетін  ойдың 
интерпретациясы.  Мазмұн  дүниедегі  заттардың  объективті  денотативті  (референтті) 
құрылымдарда  беріледі.  Мағына  интуитивті  біліммен  байланысты  басқа  текті  бірліктерде 
беріледі»  [7].  Осылайша  мәтін  мазмұны  қайтадан  оның  денотативті  –  референциалды 
негізімен  тікелей  байланысады,  ал  мағына  семантикалық  кеңістіктің  интерпретациялық 
компонентімен  (екі  жақты  интерпретация  –  автор  және  оқырман),  оның  концептуалды 
бағдарымен байланысады. 
Семантикалық  кеңістіктің  мұндай  бинарлылығы,  мәтіннің  сыртқы  материалдық 
құрылымы  мен  ішкі  мазмұнының  қатыстылық  сипатына  байланысты.  Мәтіннің  айтылуы 
(бірізді  вербалды  кеңістік)  мен  оның  мазмұны  (менталды  семантикалық  кеңістік) 
жоспарының арасында бір мәнді сәйкестік, үйлесімділік жоқ, керісінше, кеңістіктегі қарама-
қайшылық, сыртқы және ішкі тартыс орын алады. Мәтіндегі мұндай қайшылық «оның бірізді 
созылыңқылығы, 
осындай 
немесе 
басқаша 
бірізді 
емес, 
иерархиялы 
түрде 
репрезентациялануы  тиіс.  Мәтіннің  семиологиялық  ұйымындағы  диалектикалық  қарама-
кайшылықты  алып  тастау,  мәтін  кеңістігінің  суреттеуімен  (яғни  сөз,  сөйлем  немесе  мәтін 
бөліктерінің  орналасуы)  аяқталып,  осы  ретте  мәтіндегі  білдіруші  және  білінуші  туралы 
қосымша  ақпараттар  беруге  қабілетті  болып,  символикалық  және  индексалды  элементтерге 
тәуелсіз түрде беріледі [7].  
Осылайша,  кәркем  мәтіннің  менталды  семантикалық  кеңістігі,  тек  қана  көрінетін, 
тікелей эксплицитті мағынаны ғана емес, имплицитті мағынаны да кең, анық көрсете алады. 
Көркем мәтіннің семантикалық кеңістігін  зерттеу (оның эксплицитті және имплицитті 
мағынасының  жиынтығы),  міндетті  түрде  «адам»,  «уақыт»,  «кеңістік»  секілді  мәндік 
әмбебаптарды білдіреді (Гальперин, Гак, Новиков т.б.). 
Бұл  ретте,  әсіресе  «адам»  әмбебабы  көрсетіледі.  «көркем  мәтіннің  барлық  бірліктері 
және  олардың  арасындағы  формалды-мағыналық  қатынас,  оның  құрылымдық  және 
концептуалдық негізі ретінде адам бағытына тәуелді».  Бұдан басқа, әсіресе, әдеби шығарма 
семантикасын  қалыптастыруда,  көркем  мәтіннің  дербестік  категориясының  негізгі 
репрезентанты ретінде, автор мен персонаждың ролі ерекшеленеді. 
Новиков:  «Көркем  мәтіннің  макроқұрылымында  тікелей  және  жанама  құралдардың 
көмегімен,автор  мен  персонаждың  антропоорталық  атауышы  қатысады.    Бұл  көркем 
мәтіннің  түгелдей  антропоорталық  сипатының  болатындығын  білдіреді,  өйткені  «өнер 
сыртқы дүниенің балама суретін емес, ... субъективті  дүниенің суретін  - адамның тұтас әрі 
толық  түрдегі  ішкі  рухани  өмірің  жасайды.  Мұның  нәтижесінде  «әрбір  ұлы  жазушы    -  бұл 
жаңа  адамның  ашылуы»,  -  деген  ой  айтады  [7].  Яғни,  адам,  оның  ішкі  әлемі,  рухани 
ізденістері мен реніші үнемі әдеби туындының негізін құраған, құрап та келеді. 
Осыған 
байланысты, 
бірқатар 
зерттеулерде 
көрсетілгендей, 
семиологиялық 
жаңарудағы    көркем  мәтіннің  негізгі  белгісі,  олар  «өздеріне  тек  шындық  туралы  ақпаратты 
ғана  емес,  өмірге  деген  эмоциялық  қатынастарымен,  әсемдік  пен  қанаттануды  сезінуімен 
қызықтыра  алады».  Эмоциялық  мазмұн  –  мәтіннің  семантикалық  құрылымының  негізгі 
компоненті екенін батыл айтуға болады, ол шығарманың бүкіл тігісін бойлап, оқырмандарын 
селқос қалдыра алмайды (М.Б.Храпченко, Е.А.Гончарова). 
Мәтіннің  антропоорталығы,  оның  семантикалық  кеңістігіндегі  адамның  эгоцентристік 
позициясымен  (автор  және  персонаж  бейнесімен)  сәйкес.  Адам  -  әдеби  шығарманың 
орталығы, ол баяндаудың субъектісі әрі эстетикалық көркем танымның объектісі. 
Әдеби  шығармадағы  «адам»  әмбебаптармен  (универсалий)  қатар,  «уақыт»  және 
«кеңістік»  те  өзара  байланыса  отырып,  мәнді  орынға  ие  (бұл  «хронотоп»  терминімен 
беріледі). Адам мәтінде уақыт пен кеңістік аясында бейнеленеді: ол шартты түрде белгілі бір 
орынға  байланысты  және  нақты  мәтіндік  уақытта  өмір  сүреді.  Автор  мен  персонаж 
категориясын    зерттеудегі  белгілі  маман  Е.Н.  Гончарова  «хронотоп  пен  персонаж 
категориясына  қатысты  екі  бағыт  бар.  Бір  жағынан,  көркем  уақыт  пен  кеңістік,  персонаж 
категориясы  сияқты,  автор  категориясымен  когнитивті  объективті  қатынаста  байланысып, 
мәтінде  жүзеге  асатын   авторлық    «әлем  концептісінің»  мәнді  бір  бөлігін  көрсетеді.  Екінші 

122 
 
жағынан,  хронотоп,  көркем  оқиғалар  мен  әрекеттер  дүниесінде  екі  реттік  өзінің  өмір 
сүруінде  персонаж  образдарының  кеңістік-уақыт  нақтылығы  үшін  қызмет  етеді  және 
үйлесімділік пен сипаттылық қызметін қатар атқарады», - дейді [8]. 
Сонымен,  автор  образы  категориясымен  бәсекелесетін  «уақыт»  және  «кеңістік» 
категориялары, олардың орта туралы білімін байқап, үйлестіру және сипаттау функцияларын 
атқарады.  Орын  мен  уақыт  бейненің    типі  мен  характерін  анықтайды.  Бұған  мысалға 
Б.Майлиннің  «Заман»,  «Сары  ала  тон»,  «Зәкіржан  молда»  және  т.б.  әңгімелеріндегі 
Жайлыбай  бай,  Сейпен,  Зәкіржан  және  т.  б.  алуға  болады.  Осылайша,  «адам»,  «уақыт»  , 
«кеңістік»  категориялары  көркем  мәтіннің  семантикалық  кеңістігінің  қажетті  атрибуттары 
болып  табылады,  яғни  олар  мәтін  құрау  функциясын  атқарады.  Бұл  функциялар  көркем 
шындықтағы  кеңістік  –  уақыттық  ұйымда  шартты,    ойдан  шығарылған,  немесе  шындық 
өмірге жақын тұрғыда көрініс береді. «Адам», «кеңістік», «уақыт» әмбебап мағына мәтіннің 
семантикалық  кеңістігінің  доминанты  болып  табылады,  ал  оларға  сәйкес  мәтін 
категориялары  жалпы мәтін  құраушы  қызметін орындайды.  Көркем  мәтіннің  семантикасын 
қалыптастыруда  бұл  категориялардың  мәнділігін  ескере  отырып,  арнайы  зерттеу  мен 
лингвистикалық  талдауды  жасауды  талап  ететін  семантикалық  кеңістік  аясын  бөліп  алу 
қажет.  
Мақалада  көркем  мәтіннің  мағынасы  проблемасы,  құрылымы,  компоненттерінің  бір 
мағыналық  тұтасымға  ұйымдасу  ерекшелігі  анықталып,  талданды.  Мәтін  өз  алдына 
аяқталған  бірлік  ретінде  композициялық,  семантикалық  тұтастыққа  ие  болып  келеді  және 
оны құрайтын әр компонент  нақты мазмұнды жеткізуге қызмет етіп тұрады; Сонымен бірге 
мәтіннің семантикалық ұйымдасуында уақыт пен кеңістіктің  рөлі ерекше.  
 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1  Кеншінбаева  Ж.  Қазақ  мәтініңің  семантикалық-интонациялық  мүшеленуі 
(эксперименталды-фонетикалық зерттеу);  филол. ғылымд. канд...  автореф.- Алматы,  2005.- 
25 б. 
 
2 Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. М., 1981. 
 
3  Гак  Г.К.  О  семантической  организации  текста//  Лингвистика  текста.  Материалы 
научной конференции. М., 1974. 
 
4 Арнольд И.В. Стилистика декодирования. Курс лекций. Л., 1974. 
 
5 Новиков А.И. Семантика текста и ее формализация. М., 1983. 
 
6  Сорокин  Ю.А.  Текст  и  его  пространство//  Категоризация  мира:  пространство  и 
время. М., 1997. 
 
7  Новиков  А.И.  Семантическое  пространство  текста  и  способы  его  членения// 
Категоризация мира: пространство и время. М., 1997. 
 
8 Гончарова Е.А. Интерпретация художественного текста. М.,1983. 
 
Текст  как  культурная  единица  коммуникации,  как  средство  концептуализации  мира 
обладает:  а)  смысловой  завершенностью;  б)  целостностью  образа  содержания;                   
с) информацией, непосредственно выраженной в письменном высказывании и представляет 
значительный  интерес  для  исследования.  В  статье  рассматриваются  основные 
компоненты семантической структуры текста. Особое внимание уделяется структурным 
единству  содержания  текста,  а  также    описанию  иерархических  отношений  
семантических компонентов.   
 
Text  as  a  cultural  unit  of  communication,  as  a  means  of  conceptualizing  the  world  has:  a) 
semantic completeness; b) integrity of the image  content; c) information directly expressed in the 
written  statement  and  is  of  considerable  interest  for  the  study.  The  article  deals  with  the  main 
components of the semantic structure of the text. Particular attention is paid to structural unity of 
the content of the text as well as the description of hierarchical relations of semantic components. 
 

123 
 
ӘОЖ 811.512.122 
Ж.С.Таласпаева, Ж.Т. Қадыров 
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
Петропавл, Қазақстан 
talaspaeva@inbox.ru 
 
ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР 
АРҚЫЛЫ  ШЫҒАРМА ТІЛІНДЕ  БЕРІЛУІ 
 
Мақалада  өзара  қатысымда  маңызды  орын  алатын  бейвербалды  амалдар 
қарастырылады.  Жазушы  М.  Мағауин шығармаларындағы  кейіпкерлердің  тілінде  көрінетін 
кинемалардың  сипаты  айқындалады.  Салт-дәстүрге,  ұлттық  мінезге  байланысты 
қолданылатын бейвербалды амал-тәсілдердің қазақ халқының өмірінде алатын орны нақты 
мысалдар арқылы көрсетіледі. 
 
Кілт  сөздер:  бейвербалды  амалдар;  менталитет;  ұлттық  дүниетаным;  мінез-құлық; 
ұлттық феномен; тілдік қарым-қатынас. 
 
Бейвербалды амалдар әр  халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің көрсеткіші болып 
табылады, 
себебі 
олардың 
мағыналық 
астарында 
халық 
өмірінің 
бүкіл 
қыр-
сыры,болмысыкөрінеді. Осы орайда бейвербалды амалдар  халқымыздың ұлттық-менталдық 
ерекшелігін бойына сіңірген басты мәдени байлықтарының бірі болып саналады. 
Қазақ  ұлты  салт-дәстүрге,  әдет-ғұрыпқа  бай  халық.  Жас  сәби  «іңгәләп»  жар  салып 
жарық дүниеге келгеннен, адам қартайып бұ дүниемен қоштасқанға дейінгі аралық олардың 
әрбір  баспалдағы,  әрбір  кезеңі  өзіне  лайықты  той-томалақпен,  қуанышпен  аталып  өткен. 
Тіпті  ақырғы  демі  бітіп,  соңғы  сапарға  аттанған  адамды  арулап  жөнелтудің  өзі  де 
халқымыздың  өзіндік  ерекшелігі  мол  ғажап  салты  болып  қалыптасқан.  Тілсіз  қарым-
қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірлерден бастау алды. Ұлы грек философы Платон 
дене  қимылдарын  қолдануды  жоғары  бағалаған.  Тіпті  екі  мың  жыл  бұрын  өмір  сүрген 
Цицерон  шешендерге  барлық  қимылы  ишаралармен  үстемеленуі  тиіс  екендігі  жайлы  кеңес 
берген. 
Ғалымдардың  теориялық  тұжырымдарында  санасыз  адам  дәуірінен  саналы  адамның 
қалыптасу  дәуіріне  дейінгі  аралықта  миллиондаған  жылдар  өткені  жайында,  сол  саналы 
адамдардың  өзі  алғашында  ым-ишара  тілі  арқылы  қарым-қатынас  жасағандығы  дәлелденді. 
Міне,  осындай  ұзақ  дамудың  барысында  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  тәсілдерінің 
бірі  –  бейвербалды  амалдар  қанша  ғасырлар  өтсе  де,  әрбір  этнос  болмысы  мен  қарым-
қатынасында күні бүгінге дейін сақталуда. 
Бейвербалды  амалдарды  зерттеу  алғаш  Г.Спенсер,  В.Вундт,  Ч.Дарвин  еңбектерінен 
бастау  алады.  Профессор  Бердвиссл  адамдар  қарым-қатынасында  жеткізілетін  хабардың 
38%-ы  сөз,  ал  65%-ы  бейвербалды  амалдардың  көмегімен  берілетіндігін  тұжырымдайды 
[1,7б.]. 
Қарым-қатынастың  бұл  түрі  қазақ  тіл  білімінде  тек  соңғы  жылдар  жемісі  болса  да, 
бейвербалды  амалдардың  қызметі  туралы  ойларды,  терең  тұжырымдарды  ертеден 
кездестіруге болады. Атап айтсақ, бейвербалды амалдар туралы көзқарастар, алғашқы ойлар 
қазақ  филологиясының  тұңғыш  профессоры  Қ.Жұбанов  еңбегінде  кездеседі.  Ғалым  бұл 
туралы былай дейді: «Ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа 
жағдайлар бар. Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толығады. Тіпті  бірінің 
тілін  бірі  білмеген  я  болмаса,  бірінің  тілі  мүлде  жоқ  болған  уақытта  да,  ыммен  ылаждап 
түсінуге  болады»  [1,7б.].  Қ.Жұбановтың  ойынан  бейвербалды  амалдар  ауызекі  тілдің 
ажырамас  бөлігі  екенін,  сонымен  қатар  қарым-қатынасқа  көмекші  компонент  ретінде  рөл 
атқаратынын  аңғаруға  болады.  Ғалым  бейвербалды  амалдардың  қатысымдық  қызметімен 
қатар,  ұлттық-мәдени  ерекшелігіне  талдау  жасайды.  Олардың  әр  түрлі  халықтарда  өзіндік 

124 
 
сипатымен, ерекше жүйесімен қолданылатындығын ескеріп, сол арқылы  әр түрлі халықтың 
этиникалық  әрі  психологиялық  табиғатын  сұрыптауға  мүмкіндік  беретінін  айтып  кетеді. 
Коммуникативтік  актіде  қазақ  халқының  салт-дәстүр,  әдет-ғұрпына  қатысты  бейвербалды 
амалдар өзіндік көркемдік таныммен ерекшеленеді.  
Бейвербалдық  сипатқа  ие  қазақ  халқының  салт-дәстүрінің  бірі  –  сырға  салу.  «Сырға 
салу»  амалы  ерте  кезден  келе  жатқан  дәстүр  екені  белгілі.  Ертеде  дәстүр  бойынша,  әдетте 
үйінде  оң  босағада  отырған  қызы  болса,  керегедегі  түскиізге  сырға  іліп  қоятын.  Бүгінде 
«сырға  салу»  -  құда  түсуге  барғанда  болашақ  келіндерінің  құлағына  сырға  тағу  дәстүрі 
ретінде сақталған. Құда түсудің ертеректе қолданылған бір амалы – қамшы іліп кету. Қызды 
көруге  келген  жігіттің  әкесіне  шешесі  «Қызымның  ұнағаны  рас  болса,  белгі  тастап  кет» 
деген.  Жігіт  әкесі  «құдалықтың  басы  осы  болсын»  деп  үйдің  төріне  қамшысын  іліп  кеткен. 
Осындай  жоралғыдан  кейін  ол  үйдің  қызы  «үкі  таққан  қыз»  атанған.  Яғни  қамшы  бұл 
дәстүрде құдалықтың бір белгісі болып табылатыны байқалады. Қамшыға байланысты тағы 
бір бейвербалды амал - «қамшы тастар». Үй иесі үйінде болмаған кезде жолаушы қамшысын 
тастап, басқа үйге кетеді. Бұл амал қайта соғамын деген мағынаны білдірген. Қазақ халқы еш 
уақытта  «қанша  балаң  бар?»  деп  сұрамаған.  Жөн-жосық  білетін  адам  керегеде  ілулі  тұрған 
қамшының  санына  қарап,  ол  үйдің  қанша  баласы  бар  екенін,  оның  нешеуі  ұл,  нешеуі  қыз 
екенін айтқызбай-ақ болжап білген. 
Қазақ халқында ант ету, ант беру дәстүрінде құранды кеудеге басу, нан ұстау, нан жеу, 
тілінен  қан  шығару  сияқты  қимылдары  да  кездесіп  отырады.  Психолог  М.Мұқанов  сарқыт 
беру,  аң  байлау,  ауыз  тию,  ерулік  беру,  келген  адамға  ішек-қарын  беру,  күйеуге  төс  беру, 
жолаушының  түсуі,  ақ  байлау  сияқты  дәстүрлерді  де  ұлттық-мәдени  негіздегі  бейвербалды 
амалдар қатарына жатқызады [1, 13б.]. 
Ұлттың  тұрмыс-тіршілігінің  астарлы  мағынасын  айнытпай  аңғартатын  осындай 
амалдар  жазушы  М.Мағауин  шығармаларында  шебер  қолданылған.  Мысалы,  Қатар 
қонысымен, екі орда бірін-бірі ерулікке шақырғанда мүлде басқаша кейіпте көрген [2, 21б.]. 
Қасында  өңшең  құла  жорға  мінген  бес  жігіт.  Бір  ауылға  түстенеді.  Екіншісіне  қонады. 
Үшіншісінде  мүлде  ерулеп  қалады.  Қайда  барса  да  жұрт  құрметпен  қарсы  алады.  Біреулер 
Жабағы бидің баласы деп сыйлайды. Біреулер домбырашылық өнерін тамашалауға құмартып 
құрақ  ұшады.  Кім  қандай  ниетте,  кім  неге  иілді  –  Тоқсаба  парықтамаған.  Барлар  құлын 
сойды, тай сойды. Жұрттар жалғыз саулығын шалды [3, 17б.]. 
Ұлттық-мәдени  негіздегі  бейвербалды  амалдардың  мағыналық  астарында  халықтың 
ерте  уақыттан  бергі  өмірінің  бүкіл  қыр-сыры  жан-жақты  сақталған.  Көптеген  салт-дәстүр, 
әдет-ғұрыптарда ата-бабаларымыз тіл қатпай-ақ түрлі іс-әрекеттер, дене қимылдарымен көп 
нәрсенің мән-жайын жеткізе білуге тырысқан.  
Халқымыздың  ерте  заманнан  келе  жатқан  салт-дәстүрлерінің  бірі  –  бата  беру.  Бата 
негізінен екіге бөлінеді. Бірі – оң бата (ақ бата), екіншісі – теріс бата. Әдетте, оң бата жолың 
болсын, ісің сәтті болсын деген жақсы тілекті  білдіреді. Оң бата берерде адам екі алақанын 
алға  қарай  жайып  тұрып,  ақ  тілегін,  адал  ниетін  айтып,  қос  қолымен  бетін  сипайды.  Бата 
оқылған  кезде  үлкендер  жас  ұрпаққа  амандық  тілеп,  адамгершілік  пен  имандылыққа 
бейімдеп, тәлім-тәрбиенің жолын көрсеткен. М.Мағауин шығармаларында бата беру дәстүрі 
молынан ұшырасады. Қазақ дәстүрінде жайылған дастархан батасыз өтпеген. Мұның өзі бір 
жағынан,  үй  иесіне  ілтипат  көрсету  болса,  екінші  жағынан,  нанды  қадірлеу,  ас-суды 
құрметтеу нышанын білдіреді. 
Алдымен Ел-Тұрар сұлтан, содан соң қалған жұрт батаға бет сипасымен үш жігіт боз 
биенің шашалығына қыл шылбырды салып жіберіп, теңките жығып салды [4, 17б.]. - Бата 
жаса,  сұлтаным!  –  деді  Төбет  тізерлей  отыра  қалып,  бірі  бүтін,  бірі  оқтаудың  басындай 
шолтиған екі қолын қатарынан жайып [2, 91б.].  - Ал қазір, мына Тоқсаба өзіңіздей өнерпаз 
болады  деп  кәміл  сенсеңіз,  ата  жолымен  ақ  батаңызды  беріңіз  [3,  12б.].  Шәкіртіне  қадала 
қарап  аз  бөгелді  де,  алақанын  жайды.  Дүр  сілкініп,  тегіс  қол  жайған  жұрт  күткендей, 
батасын ұзақ созбады, мақамдап та айтқан жоқ [3, 12б.]. 

125 
 
Батаның екінші түрі – теріс бата. Бұл риза болмағанда айтылады. Мұндай кезде қатты 
ренжіген  адам,  екі  қолын  теріс  қаратып  тұрып,  ауыр-ауыр  сөздер  айтылады.  Халық 
танымында  «теріс  бата  алған  адамның  жолы  болмайды»  деген  ұғым  қарғысқа  ұшыраудан, 
лағнет  айтудан  туған.  Екі  қолын  теріс  қаратып  бата  беру  –  қазақ  халқында  ер  адамдар 
қолданысында  кездеседі.  Осындай  қарғыс  мәнді  әйел  қолданысындағы  бейвербалды 
амалдардың бірі – омырауын  көкке сауу. Бұл  кинема магиялық қарғыстан шыққан. Ананың 
ақ сүтін халқымыз киелі деп түсінген. Теріс бата алу - ең ауыр жаза, кешірілмес күнә болып 
саналған. 
Жазушы  шығармаларында  қол    жаю,  бет  сипау  кинемалары,  аруақтарға  бағыштап 
құран  оқу,  дұға  оқу,  құдайға  мінәжат  тілеп  жалбарыну  жағдаяттарында  қолданылады.  -  Иә, 
тәңірім!  –  деді  Ел-Тұтар оқыс  қатайып.  Саусақтарын  тарбитып  жая,  екі  қолын  бірдей  көкке 
созды.  –  Бозқасқаның  қаны  –  азаматтың  ары.    Бозқасқаның  еті  –  ақсақалдың  неті. 
Бозқасқаның  сүті  –  ел-жұртымның  құты.  Ием  –  өзің,  кием  –  Жер-Ана,  Су-Ана.  Ақ  адалға 
қуат  бер!  Арам  мен  бұзыққа  тұзақ  сал!  Пәтуа,  бірлікке  келген  қарындас  қауым  өзіңнің 
жолыңа  айтқан  қасиетті  құрбандықты  қабыл  ал!  [4,  17б.]  Екі  қолын  көкке  соза,  күңірене 
дауыстады  ма,  ерні  ғана  жыбырлап,  үздіге  сыбырлады  ма,  әлде  жан-жүрегімен  тіл  қатып, 
үнсіз толғанды ма – өз де аңдамаған [36, 493б.]. - Аллаһу акбар! – деді Құл-Мұхамед те көңіл 
айтқандай, көлеңкелі кейіппен бетін сипап. Сосын әуелгі арнаға қайта ауған [1, 417б.]. 
М.Мағауин  шығармаларындағы  бейвербалды  амалдар  бірде  ел  өмірінің  шындығын 
көрсету  үшін  қолданылса,  бірде  шығарманың  стильдік  реңкін  арттыру  үшін  жұмсалады. 
Халқымыздың  ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  болып жалғасып  келе  жатқан  дәстүрінің  бірі  –  қонақ 
күту.  Қазақта  қонақты  қарсы  алуға,  тиісті  орынға  отырғызуға,  дастархан  басында  қонақ 
күтуге,  қонақты  аттандыруға  байланысты  бейвербалды  амалдардың  түрі  көп.  Қонақты 
алдынан  қарсы  алып,  аттан  түсіріп  алғанының  өзі  қазақ  халқының  қонақжайлылығынан 
хабар береді.    
Осыдан соң, Ораз-Мұхамедті ағайын адамдай қолтықтап, алға бастаған [1, 230б.]. Хан 
басымен  кішілік  танытып,  Жаһаншаны  қолтықтан  демеп  өзі  түсірген  [4,168б.]  Амандасу 
рәсімі  көбінесе,  жазушы  шығармаларында  түрліше  баяндала  келіп,  ұлттың,  халықтың 
дәстүріне,  мәдениетіне  ұласып  жатады.  Қазақ  халқында  қолдасып  амандасу  –  бар 
ықыласыммен  сәлемімді  қабыл  алыңыз  дегенді  білдіреді.  Қол  беріп  амандасты,  құшақтай 
алып, бетінен сүюге шақ қалды [5, 176б.]. 
Коммуниканттар  көптен  бері  бірін-бірі  көрмеген  жаңдай  сағынышын  білдіру  үшін  де 
дене қимылдарын – құшақтасу және төс түйістіру кинемаларын қолданады. Мысалы, Ораз-
Мұхамед еміне ұмтылып, төс түйістіре құшақтаспақ еді [4, 240б.]. 
Өзі келіп, көшпенділер рәсімімен оңды, солды төс қағыстыра құшақтаған [4, 267б.]. 
Кінәлі  екеу  алдымен  төс  түйістіре  құшақтастырылды,  содан  соң  қақ  ортаға, 
сұлтанның қарсы алдына отырғызылды [2, 52б.]. Атын байлап, айылын босатқан соң, үй иесі  
есікті    ашып  алдымен  қонақты  кіргізеді.  Төрге  сырмақ  жайып,  «төрлетіңіз,  төрлетіңіз»  деп 
жылы  шырай  көрсетеді.  Қонағының  астына  көрпе,  шынтағына  жастық  төсеп,  ілтипат 
білдіреді. 
Төрге  жайғасып  отырып,  амандық-саулық,  мал-жайын  сұрасқан  соң,  Тоқсаба  кенет 
көптен ұмытқаны есіне түскендей, қалбалақтап орнынан тұрды [3, 73б.] - Қадір-құрметтеріңе 
мың да бір алғыс, төрлетіңдер, - деді сұлтан [2, 46б.]. 
Төр – қазақ салтында аса құрметті проксемикалық лакуна. Бұл – ең сыйлы орын. Демек, 
«төрдің» әлеуметтік, ұлттық, саяси мәні бар. Қазақ дәстүрінде қонақты, сыйлы адамды төрге 
отырғызу  салты  атадан  балаға  мирас  болып  келе  жатқан  игі  дәстүрлеріміздің  бірі.  Қазақ 
қоғамында  төрге  байланысты  белгілі  бір  этикеттік  нормалар  қалыптасқан.  Халық  салтында 
қақ  төрге  бас  қонақ  отырады.  Дәрежесі  мен  атағына,  жасына  қарай  қалған  қонақтар  бас 
қонақтың  оңы  мен  солынан  орын  алады.  Қонақ  үстіне  қонақ  келсе  жасы  кіші  қонақ  жасы 
үлкеніне ығысып орын береді. «Бұрынғы қонақтың соңғы қонаққа орын беруі» сонан қалған 
дәстүр. Отағасы қонақтан төмен отырады. Қазақ халқында «төр» ұғымымен қатар «босаға» 
ұғымы да бар. Босаға – есіктің кіре беріс жері. Төрдің төрінен оң жақты – оң босаға десе, сол 

126 
 
жақты  –  сол  босаға  деп  атаған.  Төрге  жасы  үлкен,  құрметті  адам  отыратын  болса,  босағаға 
жасы, жолы кіші немесе сол үйдің балалары мен келіндері отырады.  
Үй  иесі  әйел  келген  қонаққа  сусынды  немесе  шайды    қос  қолдап  немесе  шыныны  оң 
қолымен  ұстап,  сол  қолдың  білегіне  тигізіп,  еңкейіп  ұсынады.  Бұл  қонаққа  деген  ыстық 
ықыластың бір түрі. Қазақ халқында сусын мен шайға тойған кезде кесенің бетін алақанымен 
жабуы  немесе  кесені  төңкеріп  қоюы  да  жиі  ұшырасады.  Осы  бейвербалды  амалдармен 
синонимдес кинеманың бірі – дастарханның шетін қайырып қою. Бұл кинема да шайың мен 
сусыныңа  тойдым  деген  мағынаны  бере  отырып,  жергілікті  ерекшеліктерге  байлынысты 
қолданылып отырған. 
Қонақты  аттандырарда  үй  иесі  әйел  есік  ашады.  Отағасы  қонақты  сол  қолтығынан 
демеп өзі аттандырады. Міне, осындай кинемалардың барлығы – ізет пен құрметтің белгісі. 
Қонақты күле қарсы алу, аттан түсіру, төрге отырғызып, шынтағына жастық төсеу, сусынды 
қос қолдап ұсыну, кетерде қолтығынан демеп аттандыру – барлығы сый-құрмет бейвербалды 
амалдары болып табылады. Міне, осындай бейвербалды амалдар арқылы М.Мағауин «қонақ 
десе ішер асын жерге қояр» қазақтың жайдары да қонақжай мінезін даралай түседі. 
Коммуникативтік  актіде  адамдардың  дене  қалыбы  маңызды  рөл  атқарады.  Қарым-
қатынас  кезінде  адамдар  тұрып,  жантайып,  малдас  құрып,  жүрелеп  отыруы  мүмкін.  Ер 
адамдардың  малдас  құрып  отыруы  және  әйел  адамдардың  бір  аяғын  бүгіп  жамбастап  не 
болмаса тізесін бүгіп отыруы – қазақ халқының дүниетанымынан, мәдениетінен, этикетінен 
хабар  береді.  Профессор  жасыл  мақпалды  жұмсақ  тахтаның  үстінде  иығына  қоңыр  түбіт 
шәлі жамылып, малдасын құрып, газет оқып отыр екен [6, 210 б.]. 
Көрпе үстіне алқалай тізілген, ерлері малдас құра, әйелдері көйлектерін төгілте, тізесін 
бүге жайғасқан, ес-түстен айырылып, ұйып отырған кісі саны – отыз қаралы [3, 21б.]. 
Екі тізесін астына бүгіп отырған Ай-Шешек орнынан жеңіл тұрып, төрге қарай басты 
[2,  30б.].  Қазақ  халқының  мәдени  өмір  салтында  әлі  де  сақталып  келе  жатқан  дәстүр  – 
арыздасу  немесе  бақұлдасу.  Адам  өлім  халіне  жеткен  кезде  туған-туыс,  ағайын-жекжат 
жанына  келіп,  қоштасып,  соңғы  айтар  сөзін  тыңдайды.  Бір-бірінен  кешірім  сұрайды. 
Сонымен  қатар  қарым-қатынастың  вербалды  түрімен  бірге  бейвербалды  амалдар  кеңінен 
қолданылады. Мысалы, қолынан ұстау, бетінен сүю, құшақтасу, маңдайынан иіскеу т.б. 
Теңселіп аз тұрды да, әп-сәтте созыла ұзарып, он жасар баладай ересек тартқан, өңінде 
бақиға  арқалай  кеткен  азап  таңбасы  ғана  бар,  тыныш  ұйықтап  жатқан  Сүйініштің  аяғын 
құшып,  еңіреп  жылады  [2,  475  б.].    Күні-түні  дертті  баласының  басында  болған  Ділшат-
сұлтаным бет-аузын жыртып, дауыс салып жылады [2, 475]. 
Әз-ханым  қара  мақпал  шапанының  етегін  жайып  жіберіп,  Сүйініштің  қабірін 
құшақтап, өксіп жылап жатқанын көрді [2, 478 б.]. Қазақ халқында бұрын өлген адамның 
әйелі, апа-қарындастары мен қыздары, келіндері шаштарын жайып жіберіп жоқтау айтатын. 
Қара киім киіп, үйіне кісілер келіп көңіл айқан сайын дауыс салатын болған. Кейбіреулерінің 
күйініштерінің  күштілігі  сондай,  өз  бетін  өзі  тырнап,  жаралап  тастайтыны  да  кездесіп 
отырған. Сонау көне замандарда түркі тайпалары өлген адамға қатты қайғырып, марқұмның 
тумалары шашын жұлып, бетін тырнап, құлағын кесіп, өздерін қорлайтын әдет болған. Оның 
мәнісі  «өлген  адамның  артында  қалып,  онсыз  сүрген  өмірде  не  мән  бар?»  деген  ұғымнан 
шыққан. 
Қазақ  әйелдері  жоқтау  айтқанда  «басым  қаралы,  бетім  жаралы»  деген  тіркесті  жиі 
айтады.  Бұл  жөнінде  Ы.Алтынсарин  «Орынбор  ведомствосы  қазақтарының  өлген  адамды 
жерлеу  және  оған  ас  беру  дәстүрінің  очеркі»  атты  еңбегінде:  «Сүйекті  үйден  шығарарда 
өлген  адамның  әйелдері  ойбай  салып  дауыс  шығарады,  оған  ауылдағы  басқа  әйелдер  де 
қосылады;  беттерін  тырнап  қан  қылады;  бастарына  түскен  қайғы-қасіретін  жұрт  алдында 
қаншалық күштірек көрсеткісі келсе, беттерінде де жара соншалықты көп түседі», - дейді [1, 
22  б.].  Қаза  сыры  әркімге-ақ  аян  еді.  У  ішкізген.  Кім  ішкізгені  де  анық.  Алтын  тәжден 
айрылып  қалам  деп  қорыққан  Василий.  Ел  тағдырынан  тақ  мұраты  қымбат  екен.  Табыт 
басында шашын жұлып жылапты дейді [4, 359 б.]. 

127 
 
Мелшие  бақырайып  сәл  отырды  да,  екі  сұқ  саусағымен  қатар  бет  жыртып,  шегіне 
тайғанақтай орнынан көтерілді [4, 83 б.]. 
Қарым-қатынастың  көңіл  айту  жағдаяты  аса  күрделі.  Көңіл  айту  дәстүрінде  қарым-
қатынастың  вербалды  түрімен  қатар,  бейвербалды  түрі  де  ерекше  қызмет  атқарады.  Көңіл 
айтушылардың  “ой  бауырымдап”  ат  қойып,  дауыс  салып  келуі,  аза  тұтушылардың  көңіл 
айтушылармен  құшақтасып  көрісуі,  аза  тұтушы  әйел  адамдардың  үй  ішінде  дауыс  айтып 
жоқтауы – көңіл айту дәстүріндегі бейвербалды амалдар болып табылады. Аза тұтушыларға 
көңіл  айтушылардың  жылап,  құшақтасып  көрісуі  –  қайғыға  ортақтықты  білдіретін 
бейвербалды амалдар. Жоқтаудың тағы бір үлгісі – жер бауырлап жылау. Бұл жылау жазушы 
шығармаларында жас жігіттің жарым көңілін білдіреді. Мысалы, Кенет жер бауырлай жата 
қалып, жылағысы келді [2, 67 б.]. 
Ертеректе қадірлі азаматы өлген қаралы ауыл киіз үйдің түңлігінен, кейде жапсарынан 
аза  туын  іліп  қоятын  болған.  Егер  өлген  адам  жас  болса,  қызыл  түсті  жалау;  орта  жастағы 
адам  болса,  қара  түсті  жалау;  қарт  адам  болса,  ақ  түсті  жалау  ілінетін.  Бұл  жөнінде 
Ш.Уәлиханов қысқаша болса да, баға жетпес мәлімет беріп кеткен. Айтып кететін бір жайт, 
қаралы  үйде  қандай  адам  өлгенін  осындай  бейвербалды  амалдар  арқылы  жүргінші-
жолаушыға білдірген. Арғы дәуірлерде суық хабарды сөзбен айтудан гөрі түрлі ишара, дене 
қимылдары, шартты белгілермен жеткізу салты басым болған. Қара жамылу, бетін тырнау, 
шашын  жұлу,  қаралы  ту  тігу  т.б.  осы  сияқты  бейвербалды  амалдардың  барлығы  қазаның 
хабаршысы  қызметін  атқарған.  Осындай  ұлттық-мәдени  негіздегі  бейвербалды  амалдарды 
шығармаларында  пайдалану  –  жазушы  шеберлігінің  бір  қыры.  Қаламгердің  салт-дәстүрлік 
негіздегі  бейвербалды  амалдарды  қолдана  отырып,  халық  өмірінің  шындығын  берумен 
қатар, оның ұлттық ерекшеліктерін де бейнелеп көрсететіндігін байқадық. 
Салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  әр  түрлі  бейвербалды  амалдар  арқылы  орындалып,  толығып 
отырады.  Сондықтан  әр  ұлттың  өзіндік  келбеті  оның  салт-санасынан,  рухани  мәдениетінен 
байқалары анық.  
 
Әдебиеттер тізімі 

Нұрсұлтанқызы 
Ж. 
О.Бөкеев 
шығармаларындағы 
бейвербалды 
амалдар. 
Фил.ғыл.канд. дәрежесін алу үшін дайындаған дисс.автореф. – Алматы: 2006. – 30 б. 
2  Мағауин  М.  Аласапыран:  Тарихи  роман.  Бірінші  кітап.  –  Алматы:  Жазушы,  2009.  – 
496 б. 
3 Мағауин М. Көкбалақ. Роман, әңгімелер. – Алматы: Атамұра, 2004. – 248 б. 
4  Мағауин  М.  Аласапыран:  Тарихи  роман.  Екінші  кітап.  –  Алматы:  Жазушы,  2009.  – 
416 б. 
5 Мағауин М. Көк мұнар. Роман. – Алматы: Раритет, 2004. – 224 б. 
6  Сейсенова  А.Д.  Лингвистикалық  мәдениеттану  этикет  формаларын  салғастырмалы 
талдау. Фил.ғыл.канд. дәрежесін алу үшін дайындаған дисс.автореф. – Алматы, 1998.- 26 б. 
 
В  статье  рассматриваются  невербальные  средства  общения,  которые  имеют 
немаловажное  значение  в  межличностной  коммуникации.  Выявляется  характеристика 
кинетических  компонентов  речи  героев  произведении  писателя  М.Магауина.  Приводятся 
конкретные примеры из произведения относительно национального характера, традиции. 
 
The  article  considers  the  non-verbal  means  of  communication  that  is  important  in 
interpersonal  communication.  Identified  characteristic  of  the  kinetic  components  of  speech  in  the 
works  of  the  writer  M.Magauina.
  The  literary  word  is  presented  in  poetry  as  a  mirror  of  the 
author's individual attitude to the reality, of the special perception of the world.
 
 
 
 
 

128 
 
УДК 801.3:070 
Г.Т. Фаткиева 
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова 
Кокшетау, Казахстан 
fatkieva_2005@mail.ru
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет