Министерство сельского хозяйства республики казахстан


Жұмыстың мақсаты жəне міндеттері



Pdf көрінісі
бет38/44
Дата15.03.2017
өлшемі4,57 Mb.
#9297
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44

Жұмыстың мақсаты жəне міндеттері  
Зерттеудің  негізгі  мақсаты  «Дихлорэтан»  гербицидінің  сублетальды  дозасымен 
созылмалы 
уландырылған 
жағдайда 
теңіз 
шошқаларының 
ағзасына 
тигізетін 
токсикологиялық (уытты) əсерін анықтау болып табылады. 
Осыған байланысты мынадай міндеттер қойылды: 
1. «Дихлорэтан» пестицидінің сублетальды дозасымен созылмалы уландырылған теңіз 
шошқалары қанындағы гематологиялық көрсеткіштердің токсикодинамикасын зерттеу; 
2. «Дихлорэтан» пестицидінің сублетальды дозасымен созылмалы уландырылған теңіз 
шошқалары ағзасындағы патоморфологиялық өзгерістерді зерттеу. 
Қойылған  мақсаттарға  сəйкес  зерттеу  жұмыстары  Қазақ  ұлттық  аграрлық 
университетнің  «Клиникалық  ветеринариялық  медицина»  кафедрасының  зертханасында 
жəне  ветеринария  клиникасында  жүргізілді.  Қанның  гематологиялық  көрсеткіштері 
(эрироциттер,  лейкоциттер)  жалпы  қабылданған  əдістер  бойынша  Горяев  камерасында,  
гемоглобин - Сали  гемометрінде,  ал  патоморфологиялық  Г.В.Шордың  эвисцерация  əдісі 
бойынша кешенді түрде анықталды.  Бұл əдіс ағзаларды, олардың арасындағы анатомиялық-
физиологиялық жалғамдарды бұзбай зерттеуге мүмкіндік береді. 
Зерттеу материалдары мен əдістері   
Созылмалы  уландыру  жұмыстарын  жүргізу  үшін  бірегей  принцип  бойынша ( жасы, 
жынысы,  тірілей  массасы) 10 теңіз  шошқасы  алынды.  Оларға  азықтандыру  барысында 
азығына 15 мг/кг  мөлшерінде 30 тəулік  бойы  «Дихлорэтан»  пестицидінің  сублетальды 
мөлшерін  қосып  бердік.  Уландыру  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  зертханалық  жануарларды 
клиникалық байқаудан өткізіп отырдық (жалпы қарау, термометрия, тыныс алуы жəне тамыр 
соғуы). Гематологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін теңіз шошқаларының жүрегінен 
əрбір 10, 20, 30 күннен кейін қан алынып отырылды. 30 тəулік бойы жүргізілген уландыру 
жұмыстарының  нəтижесінде 4 теңіз  шошқасы  өлімге  ұшырады.  Өлекселері  сойылып   
патоморфологиялық тексеруден өткізілді. 
Зерттеу нəтижелері жəне оларды талдау   
Жүргізілген  зерттеу  нəтижелері  дихлорэтан  гербицидінің 15 мг/кг  мөлшерінде 
организмге уытты əсер ететінідігі дəлелденді. Айтарлықтай өзгерістер қанда жəне ағзаларда 
байқалды.  Теңіз  шошқаларын  созылмалы  уландыру  барысында  қандағы  көрсеткіштер 
дихлорэтан  пестицидінің  сублетальды  дозасының  əсерінен  айтарлықтай  токсикологиялық 
өзгерістерге ұшырайтындығы айқындалды. 
Гемоглобиннің  концентрациясы  бақылау  тобындағы  теңіз  шошқаларында 138-145 г/л 
аралығында  байқалып  отырылды.  Ал  гемоглобиннің  фондық  көрсеткіші  тəжірибе  тобында 
153,5  г/л, 10 тəуліктен  кейін 147,4 г/л  немесе 3,9 %-ға  төмендесе, 20 тəуліктен  кейін  оның  
концентрациясы 125,1 г/л 
немесе 18,2 %-ға 
дейін 
төмендегені 
байқалды, 
интоксикациялаудың 30-шы  тəулігінде  гемоглобин  деңгейі  физиологиялық  параметрлерден 
айтарлықтай  төмендеуі  белгілі  болды.  Жалпы  гемоглобин  ағзада  оттегін  тасымалдау 
қызметін  атқаратындығы  белгілі,  ал  дихлорэтан  пестицидінің  əсерінен  оның  мөлшерінің 
төмендеуі өз кезегінде гипоксемия құбылысын туындатады.   

329 
Қанда  эритроциттер  түзілуінің  тежелу  құбылысы  белгілі  болды.  Ьұл  жағдайда 
гемоглобиннің  мөлшері 91 г/л немесе 40,7 % төмендеп кеткен жəне терең гемодинамикаляқ 
өзгерістердің туындауымен сипатталады. Эритроциттердің концентрациясында пайда болған 
өзгерістер  физиологиялық  параметрлердің  ауытқуын  көрсетеді.  Эритроциттердің  көлемінде 
де  айтарлықтай  төмендеу  тенденциясы  байқалды.  Фондық  көлемі 3,42 млн/  мкл  болса, 10 
тəуліктен кейін 3,52 млн/мкл немесе 12,3 %-ға төмендейді, 20 тəуліктен кейін 3,17 млн/мкл 
немесе 36,6 %-ға,  ал  уланудың 30-шы  тəулігінде  қандағы  эритроциттердің  концентрацясы 
2,76 млн/мкл немесе 65 %-ға төмендегендігі байқалды (P ≤ 0,05; P ≤ 0,01). Бақылау тобында 
эритроциттердің  қандағы  көлемі 3,66-3,89 млн/кл  көлемінде  байқалып  отырылды. 
Эритроциттердің  концентрациясының  азаюы  дихлорэтан  пестицидінің  əсерінен  қанның 
қоюлануының жоғарылауына байланысты деп айтуға болады, себебі қанда тромбоциттердің 
көлемі де өте жоғарылап кетеді. Гемоглобин мен эритроциттердің концентрациясы бір-біріне 
сəйкес  өзгермеуі    мүмкін.  Осы  жағдайда  эритроциттердің  концентрациясы  жоғарылайды, 
бірақ олардың гемоглобинмен толықтырылуы  жеткіліксіз болып отырғанын айтуға болады, 
сонымен  қатар  эритроциттердің  төмендеуі  (олигоцитемия)  жəне  гемоглобиннің  азаюы 
(олигохронемия)  дихлорэтанның  əсерінен  организмнде  қалыптаса  бастаған  патологиялық  
күйді көрсетеді. Яғни бұл жағдайда гемолиздік анемия туындап отырғандығы байқалды.  
Дихлорэтанмен  жасанды  уландыру  барысында  лейкоциттердің  концентрациясы 
көбейеді. Көрсеткіштер тəжірибе тобында 32,5± 0,38 г/л болса, ал бақылау тобында 25,4±0,20 
г/л болды. Лейкоциттер деңгейінің көтерілуі лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігіне 
байланысты  деп  айтуға  болады.  Лимфоциттердің  мөлшері  тəжірибе  тобында 90,8±1,4 г/л 
болса, ал бақылау тобында 80,1± 0,98 г/л болды. Моноциттердің саны тəжірибе тобында 4,6 ± 
0,65  г/л,  ал  бақылау  тобында 4,4±0,29г/л  болды.  Лейкоциттердің  ішінде  гранулоциттердің 
саны  төмендейді,  ал  гранулоциттердің  санының  азаюы  нейтрофилдердің  белсенділігіне 
байланысты деп айтуға болады. 
Зерттеу нəтижелері бойынша келтірілген мəліметтерді ескере келе гербицидтердің қан 
құрамында  айтарлықтай  өзгерістерді  тудыратындығын  дəлелдейді.  Теңіз  шошқаларын 
гербицидтермен  уландыру  нəтижесінде  олардың  өлекселері  жарып-сойылды.  Теңіз 
шошқаларын жарып-сою барысында келесі патологоанотомиялық өзгерістер анықталды. 
Жүргізілген  тəжірибе  нəтижесінде  біз  мүшелер  мен  ұлпаларда  удың  əсерінен  болған 
өзгерістерді  байқадық.  Барлық  мүшелер  қанталаулы,  ауыз  қуысының  кілегейлі  қабығы 
анемиялы,  құрғақ,  тілі  болбыр,  жұтқыншақтың  кілегей  қабығы  қызғылт,  ылғалды.  Асқазан 
жəне  ішектің  кілегейлі    қабықтары  қызарған,  катаральды-геморрагиялық  қабыну,  кілегейлі 
қабықтар  ісінген,  борпылдақ,  сыртқы  беткейі  көпіршікті,  созылмалы  кілегеймен  жабылған. 
Аш  ішектің  лимфа  түйіндері  шамалы  ұлғайған,  кесіп  көргенде  қызарған.  Ішектің  ішінде 
созылмалы,  иісі  жағымсыз  масса  анықталды.  Шажырқайдың  қан  тамырлары  кеңейген. 
Өкпесі  біркелкі  боялмаған,  қара-қызыл  түсті.  Қарайған  өкпе  бөліктері  суға  ауыр  батады. 
Консистенциясы жұмсақ.. Бауырдың консистенциясы  болбыр, көлемі ұлғайған, түсі қызыл-
қоңыр. Ағза шеті дұрыс, түйіршікті некроздық ошақтар байқалды. Өт қабы жасыл түсті, өтке 
толы.  Бүйректері  біршама  ұлғайған,  түсі  күрең,  милы  жəне  шекаралық  қабықтар  қосылып 
кеткен.  Консистенциясы  болбыр.  Бүйрек  капсуласы  жеңіл  алынады.  Қуық  зəрге  толы, 
сарғыш-қызыл  түсті.  Бүйрек  үсті  безі  қоңыр-сарғыш  түсті.  Ми  жəне  шекаралық  қабықтар 
тегістеліп кеткен. Жүрек қуыстары кеңейген, қан ұйындылары байқалады, миокард болбыр. 
Қан  тамырлары  қанға  толы.  Мида  қабыну  реакцияларын  анықтадық..  Ми  заты  болбыр, 
біркелкі емес, қатты ми қабығының астында нүктелі қанталауларды анықтадық.  
Қорытынды  
«Дихлорэтан»  пестицидінің  сублетальды  дозасымен  созылмалы  уландырылған  теңіз 
шошқалары  қанында  айтарлықтай  гематологиялық  жəне  патоморфологиялық  өзгерістерді 
анықтадық.  Улану  нəтижесінде  ағзада  зат  алмасу  үрдістері,  орталық  жүйке  жүйкесі 
импульстерінің  алмасуы  бұзылады,  қан  түзейтін  мүшелердің  қызметтері  зақымдалады, 
бауырға  гепатотоксикалық  əсер  етеді,  ферменттердің  белсенділігі  жойылады,  жасуша 
бойында зат алмасу үрдістерінің белсенділігі тежеледі.  

330 
 
 
                                                                        Əдебиеттер  
 
1. Кордаков И.А. Внимание пестициды. Алматы. Қайнар. 1988. -190 б. 
2.  Справочник  по  применению  пестицидов  в    животноводстве.  Под  ред.  Хван  М.В. 
Алматы. Қайнар, 1983. 78-79 бет. 
3. Жуленко В.Н. Рабинович М.И. Ветеринарная токсикология. М., Колос. 2004. 95-96 
бет. 
4.  Буслович  С.Ю.,  Дубенецкая  М.М.  химические  вещества  и  качество  продуктов.  М., 
Ураджай. 1986. 60-64 бет. 
5. Баранников В.Д., Кириллов Н.К. Экологическая безопасность сельскохозяйственной 
продукции. М., Колос. 2005. 55-57 бет. 
6. Павлов А.В., Борисенко Н.Ф., Гуменный В.С., Григорьев В.А.                  К проблеме 
влияния пестицидов на здоровье // Гигиена и санитария. М., 1991. 
7.  Қазақстан  Республикасының 2004-2015 жылға  арналған  экологиялық  қауіпсіздігі 
тұжырымдамасы. 2003.- 3-ші желтоқсан. 
 
 
ƏОЖ: 636.222.521 
          
КӨКЕМАРАЛ ДƏРІЛІК ӨСІМДІГІНЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ТҰНБАНЫҢ 
ҚОЙЛАРДЫҢ   ГУМОРАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ДИНАМИКАСЫНА ƏСЕРІ 
 
Заманбеков Н.А., Кобдикова Н.К., Корабаев Е.М., Орақбай М. 
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы  
 
        Аннотация   
Полученные  результаты  исследований  показывают,  что  использованный  настои  из 
лекарственного 
растения 
зизифора 
 
паучковидной 
обладает 
выраженным 
фармакокоррегующим 
эффектом. 
Следует 
полагать, 
что 
выраженный  
фармакотерапевтический эффект данного лекарственного растения объясняется наличием в 
их  составе  биоактивных  действующих  начал.  Максимальное  повышение  показателей 
гуморальных 
факторов 
неспецифической 
резистентности 
в 
опытной 
группе 
зарегистрированы на 21- и 30-ые сутки исследования.  
 
        Annotation  
The Got results of the studies show that used extract from medicinal plant Ziziphora 
clinopodioides L. possesses the expressed pharmacological effect. Follows to suppose that 
denominated pharmacological and therapeutic effect given medicinal plant is explained presence in 
their composition biological active acting began. Maximum increasing of the factors гуморальных 
factor not specific stability in experienced group are registered on 21- and 30-ye day of the study.  
 
Кілт  сөздер:  тұнба,  өсімдік,  концентрация,  лизоцимдік  белсенділік,  бактерицидтік 
белсенділік, комплементарлық белсенділік, динамика. 
 
Кіріспе  
Бүгінгі  кезде  мал  басын  көбейту,  олардың  өнімділігі  мен  өсімталдылығын  барынша 
жоғарылату, сонымен қатар Республика тұрғындарын жоғары сапалы мал өнімдерімен толық 
қамтамасыз ету ең өзекті мəселелердің бірі болып табылады. 
Қазіргі  кезде  ауыл  шаруашылық  жануарларының  резистенттілігін,  өнімділігін  жəне 
өсімталдылығын  жоғарылату  мақсатында  көптеген  дəрі-дəрмектер,  биологиялық  қоспалар, 

331 
витаминдік,  ферменттік  жəне  биологиялық  белсенді  заттар  барынша  қолданылуда.  Мұндай 
препараттардың  негізгі  көздейтін  мақсаты-ол  физиологиялық  қалыптан  ауытқыған 
организмді қалыпты жағдайға келтіру болып табылады [1, 2, 3]. 
Əртүрлі  патологиядағы  адам  жəне  жануарлар  ауруларын  емдеу  жəне  алдын  алу 
мақсатында  қолданылатын  барлық  фармацевтикалық  препараттардың 40-50%-дан  астамын 
шипалық қасиеті бар өсімдік тектес дəрілік заттар алады. Статистикалық деректер бойынша, 
жуық  арадағы 10-15 жыл  ішінде  барлық  өндірістегі    дəрілік  заттардың  жалпы  көлемінде 
əртүрлі фитопрепараттардың үлесі 60-70%-дан астамын құрайды.   
Малдəрігерлік практикасында қазіргі кезде тыныстану жүйесі ауруларына, оның ішінде 
жіті  бронхопневмония,  жіті  бронхит,  плеврит  жəне  басқа-да  ауруларын  емдеу  үшін 
қолданатын дəрі-дəрмектердің емдік тиімділігі айтарлықтай төмен екендігі байқалады жəне 
көп  жағдайда  олардың  емдік  нəтижесі  біршама  төмен  болып,  аурудан  туындайтын 
асқынуларды  толық жоя алмайтындығы нақты деректермен дəлелденуде  [4, 5, 6, 7, 8]. 
Сондықтан да шипалық қасиеті бар өсімдіктермен емдеу мəселесі бүгінгі таңда өзіндік 
назар етуді талап етеді, себебі дəрілік өсімдіктерді пайдалану ісі жыл артқан сайын кең қанат 
жайып  келеді.  Соңғы  жылдары  ветеринария  саласындағы  ғалымдар  мен  практиктер 
жануарлардың  тыныстану  жүйесі  ауруларын  емдеу  мақсатында  емдік  қасиеті  бар 
өсімдіктерге  басты  назар  аударуда,  себебі  олардың  қоры  Республикамыздың  əр  түрлі 
аймақтарында  жеткілікті  жəне  де  олардың  дайындалу  технологиясы  күрделі  емес, 
экономикалық тұрғыдан тиімді жəне экологиялық таза өнім болып саналады. 
Жоғарыда  айтылған  мəліметтерге  сүйене  отырып  жəне  де  Қазақстанның  мол  табиғи 
байлығын  ескере  келе,  өсімдіктерден  дайындалатын  дəрілік  заттардың  шипалық  əсері 
олардың  биологиялық  белсенділігінің  жоғары  болуына  байланысты  ветеринариялық 
қызметтердің  ғылыми  фитотерапияға  деген  қызығығушылығын  арттыру  керек  деп 
тұжырымдауға болады. Дəрілік өсімдіктерді пайдалану олардың құрамындағы  биологиялық 
белсенді  заттар – əсер  етуші  бастамасының  ағзаға  аз  мөлшерде  түссе  де  белгілі  бір 
физологиялық жəне терапевттік əсер етуімен негізделген. 
Мақаладағы көкемарал дəрілік өсімдігінің құрамында эфир майлары (1,3%), пальмитин 
қышқылы (3,1%), амин  қышқылы (7,4 %), стеарин  қышқылы (1,2%), линолин  қышқылы 
(70,5%), сапониндер, кумариндер, флавоноидтар (1,1%) ж.т.б. заттар болады.  
Материалдар мен əдістер  
Жұмыстың мақсаты: көкемарал дəрілік өсімдігінен дайындалған тұнбаның қойлардың 
қан  сарысуы  құрамындағы  гуморалдық  көрсеткіштерінің  (лизоцимдік,  бактерицидтік, 
комплементарлық белсенділіктер) динамикасына əсерін зерттеу. 
Міндеті:  көкемарал  дəрілік  өсімдігінен 1:10 қатынасында  дайындалған  тұнбаның 
қойлардың  қан  сарысуы  құрамындағы  лизоцимдік,  бактерицидтік,  комплементарлық 
белсенділіктердің динамикасына əсерін анықтау болып табылады. 
Зерттеу  жұмыстары  архар-меринос  тұқымына  жататын  тəжірибе  жəне  бақылау 
топтарына  бөлінген 10 бас  қой  малына  жүргізілді.  Тұнба  қойларға  резеңке  бөтелкелермен 
ішкізілді.  Зерттелінетін  қан  тұнбаны  қабылдағанға  дейін  жəне  қабылданғаннан  кейінгі 
7,14,21,28 – ші тəуліктерінде алынды. 
Сынақ  топтарындағы  қойлардың  жасы,  салмағы,  азықтандырылуы,  күтіп-бапталуы 
жəне  физиологиялық  жағдайы  бірдей  болды.  Гуморалдық  көрсеткіштерді  Плященко  С.И., 
Сидорова В.Т. ұсынған əдістер бойынша анықтадық [9].   
Зерттеу нəтижелері жəне оларды талдау  
Зерттеу  жүргізу  барысында  алынған  мəліметтер  төмендегі 1-ші  кестеде  көрсетілген. 
Алынған  мəліметтер  тұнбаны  бергеннен  дейінгі  көрсеткіштер  (фондық  мəлімет)  тəжірибе 
жəне  бақылау  топтарында  шамамен  бірдей  деңгейге  болатындығын  көрсетті.  Өзгерістер 
тұнбаны  қабылдағаннан  кейінгі  мерзімдерде  айқын  байқала  бастады.  Тұнбаны  ішкізгенен 
кейінгі 7, 14, 21, 30-шы тəуліктерде лизоцимдік белсенділіктің концентрациясы (ЛБ) бақылау 
тобындағы  қойлардың  көрсеткішімен  салыстырғанда  айтарлықтай  жоғарылайтындығы 
байқалады. 

332 
 
Зерттеу  мерзімнің 7-ші  тəулігінде  ЛБ  фондық  көрсеткішпен  салыстырғанда 10,8%-ға, 
14-ші  тəулікте 14,4%-ға  дейін  жоғарылайтындығы  анықталды.  Ал  ең  жоғарғы  көрсеткіш 
зерттеу мерзімнің 30-шы күні тіркелді (37,1±2,18 немесе 26,1%-ға жоғары). Бақылау тобында 
ЛБ  деңгейі  айтарлықтай  өзгермейді  жəне  шамамен  бірқалыпты  деңгейде  болатындығы 
анықталды: 30,2 ± 2,21 – 32,2 ±2,64 аралығында (Р<0,05). 
 
 
1-кесте – Көкемарал  дəрілік  өсімдігінен  дайындалған  тұнбаның  қойлардың  қан 
сарысуы құрамындағы гуморалдық көрсеткіштерінің динамикасына əсері, %  (М±m; n=10). 
 
Көрсет 
кіштер 
Топ 
тар 
Фондық 
көрсеткіш 
Зерттеу мерзімдері (тəулік есебімен) 
7 14 21 30 
ЛБ 
Т 30,5±2,12 
33,8±2,34 34,9±2,09 36,7±2,13  37,1±2,18 
Б 30,2±2,21 
30,6±2,16 31,2±3,01 31,8±2,90  32,2±2,64 
ББ 
Т 52,2±3,08 
53,9±2,91 55,3±2,68 57,2±2,33  58,6±2,25 
Б 52,1±2,93 
52,8±2,56 53,1±2,32 53,9±2,72  54,4±2,39 
КБ 
Т 22,8±1,86 
23,7±1,94 24,5±2,12 26,6±2,03  27,2±1,98 
Б 22,9±2,06 
23,3±2,19 23,5±2,22 23,8±2,46  24,1±2,32 
Ескерту: ЛБ-лизицимдік белсенділік; ББ-бактерицидтік белсенділік;  
КБ-комплементарлық белсенділік; Т-тəжірибе тобы; Б-бақылау тобы 
         
Препаратты  қолдан  кейін  айтарлықтай  өзгерістер  қан  сарысуы  құрамындағы 
бактерицидті  белсенділіктен  де  айқын  байқалады.  Зерттеу  мерзімнің 7,14,21,30 – шы 
тəуліктерінде ББ мөлшері фондық көрсеткішпен салыстырғанда тиісінше 3,3; 5,9; 9,6; 12,3-
%-ға  жоғарылайтындығы  анықталды.  Ал  салыстырмалы  бақылау  тобына  көрсеткіштер 
айтарлықтай  өзгерістерге  ұшырамады  жəне  ББ  деңгейі 52,1-1,86 -54,4-2,39 % төңірегінде 
болды.  ББ  концентрациясы  жоғары  аталған  мерзімдерде  бақылау  тобымен  салыстырғанда 
2,1; 4,1; 6,1; 7,7 жəне 7,1 %-ға жоғары болды (Р<0,05). 
Комплементарлық белсенділіктің деңгейі де қолданылған өсімдік тұнбасының əсерінен 
біршама  жоғарылайтындығы  анықталды.  Жоғарыда  аталған  мерзімдерде  оның 
концентрациясы  тұнбаны  бергенге  дейінгі  көрсеткішпен  салыстырғанда  тиісінше 3,9; 7,5; 
16,7; 19,34%-ға  дейін  жоғарылайтындығы  белгілі  болды.  Ал  бақылау  тобында  КБ 
айтарлықтай  өзгерістерге  ұшырамайды.  Бақылау  тобымен  салыстырғанда  КБ  деңгейі  
аталған мерзімдерде тиісінше 4,3; 11,8; 12,9 жəне 15,4 %-ға дейін жоғары болады.  
Жалпы  айтқанда  лизоцимдік  белсенділіктің  жоғарылауы  организм  үшін  өте  тиімді 
көрсеткіш болып есептелінеді,  ЛБ патогенді микроорганизмдерге қарсы бактериоцидті жəне 
бактериостатикалық əсер ете алады. Сонымен қатар лизоцим төменгі молекулярлы фермент 
ретінде гранулоциттер мен макрофагтардың құрамдас бөлігі болып табылады. 
Бактерицидті  белсенділіктің  жоғарылауы  организмге  сыртқы  ортадан  енетін  зардапты 
микроорганизмдер  үшін  үлкен  тосқауыл  болып  табылады.  Сондықтан  ББ  организмнің 
иммундық жағдайын анықтау үшін объективті көрсеткіш болып есептелінеді. 
Комплементарлық  белсенділік – ферменттік  жүйенің  термолабильдік  функциясын 
атқарады. КБ – тің жоғарылауы өз кезегінде сенсибилизацияланған бактерияларға қарсы өте 
қарқынды қызмет атқара алады. КБ-тің жоғарылауы сондай-ақ организмдегі В-лимфоциттер 
мен макрофагтардың белсенділігін арттырады деп айтуға болады. 
        Қорытынды 
Зерттеу  жүргізу  барысында  алынған  мəліметтер  көкемарал  дəрілік  өсімдігінен 1:10 
қатынасында  дайындалған  тұнбаның  организмнің  гуморалдық  көрсеткіштерін  (лизоцимдік, 
бактериоцидтік,  комплементарлық  белсенділіктер)  айтарлықтай  қуаттандырып  əсер 
ететіндігі  анықталды.  Ал  олар  өз  кезегінде  қойлардың  иммундық    жағдайын  жоғарылатып, 
іштегі  төлдің  дұрыс  жағдайда  қалыптасуына  жəне  алынатын  төлдің  сандық  жəне  сапалық 
көрсеткіштеріне тиімді жағдай жасайды деп тұжырымдауға болады. 

333 
Əдебиеттер  
1. Шарипбаев  Н.Ш.    Пайдалы  өсімдіктерді    мал  дəрігерлігінде  қолдану .-Алматы
,издательство «Қайнар» 1988,-149 с. 
2. Ұлан  Қожақан.  Жануарлардың  бронхопневмониясында  шегіргүлден  дайындалған
препараттың əсері: дисс. к.в.н.,Алматы, 2010.-111с. 
3. Кукенов  М.К.,  Рахимов  К.Д.  Лекарственные  растения  Казахстана  и  их
использование. –Алматы,1996-149 с 
4. Вильданов  Р.Х,  Вильданова  Р.Х.  Лекарственные  травы  респираторной  патологии  у
телят. Ж. Ветеринария -2005-№ 4-с.11-13.  
5. Мазнев  Н.И.  Высокоэффективные  лекарственные  растения  .Большая  энциклопедия
народной медицины. Москв.- 2013-605 с 
6. Гахниян Р., Аксенов И. Лечение животных травами. Алматы, 1988.-174 с.
7. Калиев С. Емдік рецептер энцклиподеясы. Алматы, 2010.-494 б.
8. Липницкий С.С. Фитотерапия в ветеринарной медицине.-Минск, 2006.
9. Плященко С.И., Сидорова В.Т. Естественная резистентность организма животных. –
Л.: Колос,1979.-с.3-18. 
УДК 636.3.082.454 (574.51)  
ҚAЗAҚТЫҢ БИЯЗЫ ЖҮНДІ  ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ ҚОЗЫ EТI САПAСЫ 
Искаков К., Амирбекова А.И., Султанова А.К.,  
Шаугимбаева Н.Н, Құлатаев Б.Т. 
Казахский национальный аграрный университет 
          Аннотация  
           По результатам исследований показало, по росту и развитии полученные потомство от 
помесей  импортных  баранов  производителей  превосходят  своих  сверстников,  которые 
имеются в данном хозяйстве.   
Ягнята  опытных  групп  на 4,4 - 11,0% превосходят  своих  сверстников  по  основным 
показателями массы туши. 
Следовательно,  для  повышение  экономической  эффективности  тонкорунных  пород, 
необходимо шире изпользовать импортных баранов производителей. 
          Annotation  
           According to the research showed, growth and development of the offspring obtained from 
crosses between imported sheep producers outperform their peers who are in this sector. Lambs 
experimental groups by 4.4 - 11.0% superior to their peers on key indicators of carcass weight. 
Therefore, to increase the economic efficiency of fine-wool breeds, need to make greater use of 
imported sheep producers. 
          Кілт  сөздер:  биязы  жүндi  қой,  ұшa  сaлмaғы,  қозы  eтi,  азықтандыру,  өсiп – дaмуы, 
экономикaлық тиiмдiлiгi. 
         Кіріспе 
          Қaзaқстaн Peспубликaсындa eт өндipу aуыл шapуaшылығының дaғдылы, бaсымдылығы 
зоp, бipдeн бip нeгiзгi бaғыты болып  eсeптeлiнeдi.  

334 
 
   Нapықтық  экономикa  жaғдaйындa,  өндipiстiң  экономикaлық  тиiмдiлiгi  өнiмнiң 
бəсeкeлeстiгi, eң aлдыңғы мeжe болып тұpғaндa ғылыми дəйeктeлгeн жaңaaлдыңғы дəpeжeлi 
тeхнологияны  жaсaу, eндipу,  сaлa iсiн  жүpгiзудe  қой  eтiн  жəнe  жүн  өндipу  үшiн,  қойдың 
толық  биологиялық  мүмкiндiгiн  пaйдaлaну  кeзeк  күттipмeйтiн  мəсeлe.  Сондықтaн  сaпaлы 
қозы  жəнe  жaс  қой  eтiн  өндipу  кeзiндe,  олapдың  жaс  aғзaсының  өсу  қуaттылығын  толық 
пaйдa  - лaнуғa  нeгiздeлгeн,  жaйып  сeмipту  жəнe  боpдaқылaудың  қapқындылығын 
apттыpудың мaңызы зоp. 
   Aзықтaндыpудың қолaйлы жaғдaйын жaсaу жəнe өсipу кeзiндeгi күтiмi, жaйып сeмipтумeн, 
боpдaқылaуғa  жұмсaлaтын  aзықты,  жұмыс  күшiн,  нeғұp-лым  үнeмдeудi  қaмтaмaссыз  eтeдi 
жəнe  өндipiстiң  тиiмдiлiгiн    жоғapылaтaды.  Қaзaқстaн Peспубликaсындa  оның  кeң  бaйтaқ 
жepi  мeн  тaбиғи  климaттылық  жaғдaйының  aлуaн  түpлiлiгi,  экономикaлық  жəнe  бaсқa 
сeбeптepгe  бaйлaнысты  қapқынды  тeхнология  жepгiлiктi  жaғдaйлapы  мeн  қоpлapды  тepeң 
бiлугe құpылғaны жөн. 
  Осының  сaлдapынaн    сaтылуғa 20-25% жуық  қойлapapық,  болмaсa  қоңдылығы  оpтaшaдaн 
төмeн  жaғдaйдa  түсeдi,  сондықтaн  шapуaшылықтap  түpлepi  тиiстi  экономикaлық 
нəтижeлepaлaaлмaйды.  Қойлapды  жaйып  сeмipтугeapнaлғaн  тeхнологиялap  боpдaқылaудaн 
тиiмдi.  Қой  eтi  өндipiсiн  жоғapылaтудың  бұл apзaн  əдiсiнiң  тeхнологиялық  тəсiлдepi  толық 
жaсaлмaғaн  жəнe  қойлapды  eткe  дaйындaудың  бұл  əдiсi,  төмeнгi  сaлмaқтaғы  қойлapды 
кeйiнгi  қосымшa  боpдaқылaумeн  бaйлaныстыpылмaғaн.  Осы  жaғдaйдa  қойлapды  eткe 
дaйындaу  əдiстepiнiң  қapқындылығын  жeтiлдipу,  жоғapы  сaпaлы  қозы  eтi  мeн  қой  eтiн 
өндipу жұмыстapындaeң өзeктi мəсeлe болып тaбылaды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет