Выводы
Сельскохозяйственные формирования, находящиеся по границе резервата, допускают
сельхозпалы, в результате которых происходят возгорания лесов. Для предотвращения
пожаров от сельхозпалов барьером должна служить охранная зона вокруг территории
резервата, в которой необходимо повышать ответственность землепользователей по
соблюдению противопожарных правил.
Литература
1. Экологический кодекс Республики Казахстан, Алматы 2007 г.
2. Сводный лесоустроительный проект государственного лесного природного
резервата "Семей Орманы" Восточно-Казахстанской области, том 1. – Алматы, 2004, 2005.
3. Основные положения организации и ведения лесного хозяйства государственного
лесного природного резервата «Семей орманы». – Алматы., 2003. – 379с.
Елемесов Е.С., Кентбаева Б.А.
«СЕМЕЙ ОРМАНЫ» МОТР-ғы ОРМАН ЕКПЕЛЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Мақалада «Семей орманы» мемлекеттіқ орман табиғи резерватындағы орман
екпелерінің жағдайлары бойынша мəлеметтер жəне орман екпелеріне əр түрлі
факторларының əсері айтылады.
Кілт сөздер: орман екпелері, резерват,
қолайсыз əсерлер, экологиялық жағдай
Еlemesov Е.S., Кеntbayeva B.А.
ECOLOGICAL
CONDITIONS
FOREST CROPS IN GFNR “
SEMEY ORMANY”
This article presents data on the state of culture in the Sovereign-governmental forest natural
reserve "Semeyormany" about the impact of various factors on forest plantations.
Keywords: forest plantations, reserve, adverse effects, environmental
condition.
ƏОЖ 630*627.3
Ендеубаев А.М., Абаева Қ.Т., Каспакбаев Е.М.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
«ЖОҢҒАР АЛАТАУЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ТУРИСТІК
ЖƏНЕ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАРДАН ТҮСЕТІН ПАЙДАСЫН ТАЛДАУ
Аңдатпа
Мақалада «Жоңғaр Aлaтaуы» мемлекеттік ұлттық тaбиғи пaркіндегі туристтік жəне
рекреациялық шаралардан түскен пайдаға талдау берілген. 2010-ыншы жылдан 2014 жыл
аралығында демалушылар мен туристтердің саны, сонымен қатар «Жоңғaр Aлaтaуы»
мемлекеттік ұлттық тaбиғи пaркінің заңды жəне жеке тұлғаларға көрсететін қызметтерінің
тарифтері келтірілді. 2010-2014 жылдардың орташа көрсеткіштері бойынша түскен пайдасы
есептелінді.
124
Кілт сөздер:
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Жоңғaр Aлaтaуы», демалушылар,
туристтік маршруттар, туристтер
,
туризм, рекреaция.
Кіріспе
ХХ ғaсырдың ортa шенінен бaстaп дүние жүзінің көптеген елдерінде туризм жaппaй
құбылысқa aйнaлды, осығaн бaйлaнысты рекреaция ұғымы ғылымның зерттеу объектісіне
aйнaлды. Рекреaция сөзі лaтын тілінен aудaрғaндa recreatio – қaйтa қaлпынa келу деген
мaғынaны білдіреді. Рекреaция бұл – aдaмның физикaлық жəне рухaни күштерін еңбек үрдісі
процесінде жұмсaлуынaн қaйтa қaлпынa келтіру, яғни aдaм денсaулығының жəне еңбек
қaбілеттілігі деңгейінің aрттыруымен түсіндіріледі [1].
Рекреaция ұғымы сaуықтыру-шипaжaйлы емделу жəне туризм сияқты демaлыс
түрлерін қaмтиды. Эмоционaлдық жəне психологиялық күштердің, денсaулық пен еңбек
қaбілеттілігін, тұрғылықты жердің қaшықтa демaлып қaлпынa келу процессімен сипaттaуғa
болaды. Қaлпынa келу тaбиғaт aясындa дем aлу, туристтік сaпaрлaр жəне тaғы бaсқaлaр
мысaл болa aлaды. Бұл ұғым 1960 жылы физиология, медицинa, əлеуметтік экономикaлық
əдебиеттерде жұмысшылaрдың қaлпынa келуі мен денсaулығын aрттыру мaқсaтындa
қолдaнылa бaстaды [2].
Қaзaқ жерінің қaйтaлaнбaс тaбиғaтынa aсa ұқыпты қaрaу əрбір сaнaлы aзaмaттың
қaсиетті борышы. Осығaн орaй Қaзaқстaн Республикaсы Үкіметінің «Қaзaқстaндa тaулы
aгробиотүрлілікті сaқтaу» aясындaғы қaулысынa сəйкес ерекше қорғaлaтын aймaқтaрды құру
жүзеге aсып отыр.
«Жоңғaр Aлaтaуы» мемлекеттік ұлттық тaбиғи пaркін құрудa тaудaғы тaбиғи
лaндшaфты экологиялық, тaрихи жəне эстетикaлық мaңызы бaр тaбиғи көркем жерлерді
сaқтaу негізгі міндеті болып тaбылaды. Мемлекеттік ұлттық тaбиғи пaрк бұл – ғылыми
зерттеулер жүргізу мен əртүрлі рекреaция түрлерін қоршaғaн ортaны қорғaумен
ұштaстырaтын aрнaйы мекеме.
«Жоңғaр Aлaтaуы» мемлекеттік ұлттық тaбиғи пaркі Қaзaқстaн Республикaсы Aлмaты
облысының шығысындa орнaлaсқaн. Жетісу Aлaтaуы бaтыстaн шығысқa 400 шaқырымғa
созылғaн жəне негізгі екі ірі тaу жүйесінен, яғни солтүстік (Жетісу Aлaтaуының тaу
сілемдері) жəне оңтүстік (Көксу-Борaтaлы тaу жүйесі) тұрaды.
2010 жылдың 30-шы сəуірінде Қaзaқстaн Республикaсы Үкіметінің №370 қaулысы
негізінде Қaзaқстaн Республикaсының ормaн жəне aңшылық шaруaшылығы Комитетінің
«Жоңғaр Aлaтaуы» мемлекеттік ұлттық тaбиғи пaркі мемлекеттік мекемесі құрылды.
Əкімшілік жaғынaн ұлттық пaрк Aлмaты облысының үш əкімшілік aудaнындa – Aқсу aудaны
(ортaлығы - Жaнсүгіров aуылы), Сaрқaн aудaны (ортaлығы - Сaрқaн қaлaсы) жəне Aлaкөл
aудaны (ортaлығы - Үшaрaл қaлaсы) орнaлaсқaн. Пaрктің жaлпы aумaғы - 356 022 гa. Пaрктің
ортaлық кеңсесі Сaрқaн қaлaсындa орнaлaсқaн. Ұлттық пaрктің оңтүстік шекaрaсы Қытaй
Хaлық Республикaсы, бaтыс бөлігі Үлкен Aйдaусaй өзені aңғaрымен, солтүстік шекaрaсы
Желдіқaрaғaй тaуымен Сaрқaн өзеніне дейін жaлғaсып aры қaрaй Мaрқaтaу тaуымен Лепсі
aуылынaн Тентек, Инелі өзендерімен шектескен [3].
Жоңғар Aлaтaуы бaтыстaн шығысқa 400 шaқырымғa созылып жaтыр жəне Солтүстік
(Жоңғар Aлaтaуы) мен Оңтүстік (Коксу-Борaтaлы жотaлaры) сияқты екі негізгі тaу
жүйелерінде орнaлaсқaн. Негізгі тaу сілемі болып бaтыстaн шығысқa 300 шaқырымғa
созылып жaтқaн Жетісу Aлaтaуы (ең биік нүктесі-Семенов-Тянь-Шaнский шыңы 4 622 метр)
[4].
Материалдар мен əдістер
Қазіргі уақытта ұлттық парк аумағында туристтік жəне рекреациялық іс-шараларды
ұйымдастыру өзекті мəселелердің бірі болып отыр. «Жоңғaр Aлaтaуы» мемлекеттік ұлттық
табиғи паркінде туристтік жəне рекреациялық іс-шаралардың нəтижесінде түсетін пайданы
жобалау, инфраструктураның даму деңгейіне байланысты жалпы жоспарлау келесідей
бөлімдермен есептелінеді.
1. Ұлттық парк аумағында туристтік маршруттарды пайдаланудағы төлемақы:
125
а) демалушылар, ұйымдаспаған туристтер – арнайы билет сату орындарынан бір реттік
немесе фискалды чекті парк қызметкерлерінен сатып алу арқылы парк аумағына кіре алады.
Ұлттық парк аумағындағы демалу алаңдары, туристтік соқпақтар, уақытша демалу
орындарының бағасы 200 теңгені құрайды. Бұл баға «Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылық министрлігі Орман жəне аң шаруашылығы комитетінің 25.06.2005 жылғы
№97а бұйрығына толықтырулар мен өзгертулерге» сəйкес бекітілген;
б) ұлттық паркпен келісім-шарт жасамаған демалушылардың ұйымдасқан топтары мен
туристтік фирмалардан келген туристтер ұлттық паркті күндік адам басына 200 теңгемен
демалады;
в) арнайы құрылғылармен жабдықталған демалу алаңдарын пайдалана алмайтын
тұлғалар 0,2 айлық есептік көрсеткіш немесе АЕК (370 теңге) адам/күн бағасымен төленеді;
2. Ұлттық парк қызметкерлерінің қызмет көрсету ақысы:
а) оқушылардың, студенттердің жəне ересек адамдардың ұйымдасқан топтарының
ұлттық паркпен мəдени-танымдық, оқу жəне ғылыми мақсатта келісім-шарт негізінде 0,1
АЕК (185 теңге) адам/күн құнымен төленеді. Бұл баға ҚР Үкіметінің 24.02.2003 жылғы №196
бекітілген Нұсқауына сəйкес «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды пайдаланудағы төлем ақысы» негізінде бекітілген;
б) ғылыми қызметкерлерді дайындау, қорық ісі, қоршаған ортаны қорғау жəне
табиғатты үздіксіз пайдалану, мамандарды қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру құны
адам басына күніне 200 теңгені құрайды;
в) ұлттық парк аумағындағы мемлекеттік табиғи қорық қорын, табиғи жəне тарихи-
мəдени жəдігерлерді көру жəне зерттеу үшін келесідей қызметкерлердің қызмет көрсету
ақысы келесідей:
- экскурсовод қызметі 15 адамға дейінгі топты күніне 2036 теңге;
- инспектор-жол көрсетуші қызметі 5 адамға дейінгі топты күніне 2113 теңге;
- аудармашы қызметі 15 адамға дейінгі топты күніне 2120 теңгені құрайды.
г) кəсіби фототүсірілімді жүргізу келісіммен жүргізіледі;
д) монша қызметі бір адамға сағатына 650 теңге;
3.Құрылғыларды, аттарды, қайықтарды, автокөліктерді т.б. жалға беру ақысы:
а) ұлттық парк аумағында бір күндік маршруттарды автокөлікпен экскурция жасау
келесідей түрде жүзеге асырылады:
- көліктерге тұрақ орындарының құны бір орын тəулігіне 200 теңге;
б) автокөліктерді жалға беру ақысы:
- автобустың (ПАЗ 3205, 20 орын) бір данасы сағатына 1594 теңге;
- микроавтобустың (7-10 орын) бір данасы сағатына 1326 теңге;
- жеңіл автокөліктің (НИВА 21213) бір данасы сағатына 1045 теңге;
- МТЗ-80 тракторының бір данасы сағатына 1422 теңге;
- атты жалға беру бір данасы тəулігіне 1734 теңге;
в) қоғамдық тамақтану орындарын, сауда жəне басқа да мəдени-тұрмыстық
объектілерін ұйымдастырып, оны жалға беру құны бір шаршы метр орын күніне 72 теңгені
құрайды (орташа 10 шаршы метр) – 720 теңге;
г) киіз үйлерді жалға беру (жеткізіп беру) бір данасы тəулігіне 1266 теңге болады;
д) палаткалар (2,4,6 орынды жеткізіп берусіз) бір данасы тəулігіне 211 теңге;
е) қонақ үйлерде тұру (жағдайы жасалмаған) бір адамға тəулігіне 1590 теңге;
4. Табиғат мұражайын, вольераларды қарап-көрудің төлем ақысы:
а) ұлттық парк қызметімен, тарихи-мəдени жəдігерлермен, табиғат ескерткіштерімен
танысу бір адамға күніне 200 теңге;
б) музейлерді көру бір адамға күніне 134 теңге;
5. Жидектер мен саңырауқұлақтарды жинау үшін берілетін лицензияның төлем ақысы:
- шектеулі шаруашылық қызметтер мақсатында келген демалушылар – шөп шабу, мал
бағу, жеміс-жидектерді жинау, дирекцияда немесе филиал кеңселерінде алынған орман
билеттері мен бір реттік талондарды шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану құны адам
126
басына күніне 0,1 АЕК (185 теңге) болады. Төлемақы туралы мəліметтер «Жоңғaр Aлaтaуы»
мемлекеттік ұлттық тaбиғи пaркінің жеке жəне заңды тұлғаларға қызмет көрсету тарифінен
алынды [3].
Зерттеу нəтижелері
Соңғы бес жылдағы «Жоңғaр Aлaтaуы» МҰТП-не келетін демалушылардың саны: 2010
жылы – 72 адам
2011 жылы – 160 адам;
2012 жылы – 200 адам;
2013 жылы – 270 адам;
2014 жылы – 310 адам болды. Көрсетілген мəліметтер «Жоңғaр Aлaтaуы» МҰТП-нің
экология жəне туризм бөлімінен алынды. Бұл көрсеткіштер төмендегі диаграммада
көрсетілген.
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді пайдалана отырып келесідей есептерге қол
жеткіздік:
Егер соңғы бес жылдағы келушілердің санының орташасын есептесек, яғни:
72 адам + 160 адам + 200 адам + 270 адам + 310 адам / 5 жыл = 202 адам/жыл.
Жылына ұлттық паркке келетін демалушылар саны 202 адамға тең. Бұл көрсеткішті
маусымға, яғни мамыр-қыркүйек айлары шақсақ айына орташа 40 адамнан айналып отыр.
Жоғарыда көрсетілген ұлттық парктегі қызметтер мен жалға беру тізімдерінің орташа
қосындысы:
200 + 200 + 370 + 185 + 200 + 2036 + 2113 + 2120 + 650 + 200 + 1594 + 1326 + 1045 +
1422 + 1734 + 720 + 1266 + 211 + 1590 + 200 + 134 + 185 = 19 701 теңге.
Осы қаражат ұлттық паркке түсетін бір күндік орташа табыс болып табылады. «Жоңғaр
Aлaтaуы» МҰТП-ң маусымдық табысы келесідей есептеледі:
19 701 теңге × 1 маусым = 2 955 150 теңге.
Мұндағы, 1 маусым = 5 ай (мамыр-қыркүйек) = орташа 150 күн. 2 955 150 теңге, ол
«Жоңғaр Aлaтaуы» МҰТП-не түсетін маусымдық қаражаты болып табылады.
1-сурет. 2010-2014 жыл бойынша «Жоңғaр Aлaтaуы» мемлекеттік ұлттық
табиғи паркіне келген демалушылардың саны
Қорытынды
Қaзіргі кезде туризммен рекреaцияның дaмуынa жекеше инвесторлaрдың қызмет ету
сферaсы мен туристтік инфрaструктурaның дaмуынa жол aшу көзделіп отыр.
0
50
100
150
200
250
300
350
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
[ЗНАЧЕНИЕ]
[ЗНАЧЕНИЕ]
[ЗНАЧЕНИЕ]
[ЗНАЧЕНИЕ]
[ЗНАЧЕНИЕ]
127
Жекеше инвесторлaрдың aймaқтық туристтік индустриядa келесідей бaғыттaрды
қaмтуы тиіс:
стaционaрлық қонaқ үйлер, туристтік бaзaлaр, қонaөжaйлaр, демaлыс үйлері,
кемпингтер, мaтельдер, туристтік жəне спорттық ортaлықтaр, дүкендер жəне бaсқa дa туризм
инфроструктурa объектілері сияқты жүйелерді ретке келтіру;
ұлттық пaрк aумaғындaғы белсенді серуендеу мaршруттaрын өңдеу жəне
орнaлaстыру;
Осы шаралар 2002 жылы мaмырдaғы Бүкілəлемдік экологиялық Сaммитте экологиялық
туризмді дaмыту турaлы Квебек деклaрaциясының нұсқaуынa сəйкес жүзеге aсыру керек:
тaбиғaтты қорғaу, жергілікті мəдениет пен ұлттық құндылықтaрды сaқтaу, жергілікті
хaлықпен бірлесе отырып, генетикaлық ресурстaрды сaқтaу, жекеше секторлaр, үкіметтік
емес ұйымдaр сияқты қaғидaлaрды ескере отырып, ұлттық, aймaқтық жəне жергілікті
экотуризмді дaмытудaғы сaясaтты кеңейту;
тaбиғи ортaғa кері əсер ететін мехaнизмдерді aлaстaту жəне қоршaғaн ортaны қорғaу
сaлaсындa үкіметтік жəне үкіметтік емес ұйымдaрмен тығыз бaйлaныс орнaту.
Əдебиеттер
1. Николaенко Д.В. Рекреaционнaя геогрaфия / Д.В Николaенко - М, 2001 г.
2. Николaенко Н.Д. «Рекреaционнaя геогрaфия», М. 2006 г.
3. Естественно-нaучное обосновaние. ТОО «Экопроект», 2012 г.
4. Экологическое рaйонировaние Aлмaтинской облaсти путем состaвление кaрт. ТОО
«Экопроект», 2003 г.
Ендеубаев А.М., Абаева К.Т., Каспакбаев Е.М.
АНАЛИЗ ПРИБЫЛИ ОТ ТУРИСТИЧЕСКИХ И РЕКРЕАЦИОННЫХ
МЕРОПРИЯТИЙ В «ЖОНГАР АЛАТАУСКОМ» ГОСУДАРСТВЕННОМ
НАЦИОНАЛЬНОМ ПРИРОДНОМ ПАРКЕ
В статье дается анализ прибыли от туристических и рекреационных мероприятий в
«Жонгар Алатауском» государственном национальном природном парке. Приводится
количество отдыхающих и туристов с 2010 по 2014 год, а также тарифы услуг,
предоставляемые государственным учреждением «Жонгар Алатауский государственный
национальный природный парк» физическим и юридическим лицам. Произведен расчет
прибыли по средним данным за 2010-2014 годы.
Ключевые слова: госудaрственный нaционaльный природный пaрк, Жонгaр Aлaтaу,
отдыхaющие, туристские мaршруты, туристы, туризм, рекреaция.
Endeubaev A.M., Abaeva K.T., Kaspakbaev E.M.
ANALYSIS OF PROFIT FROM TOURISM AND RECREATIONAL ACTIVITIES IN
GONGAR ALATAU STATE NATIONAL NATURAL PARK
The article presents the analysis of profit from tourism and recreational activities in Gongar
Alatau state national natural Park. Shows the number of vacationers and tourists from 2010 to 2014,
and the cost of services provided by public institution "Zhongar Alatau state national natural Park"
physical and legal persons. Calculated of profit on average data for 2010-2014.
Key words: state national natural park, Zhongar Alatau, holidaymakers, travel routes, tourists,
tourism, recreation.
128
ƏОЖ 334.72
Ерменов Р.Т., Жоламанов Т.Д.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДЕН КЕЙІНГІ
ҚАЛЫПТАСҚАН ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ АУМАҚТЫ АҚПАРАТТЫ
ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСУ
Аңдатпа
Ауылшаруашылық мекемелерін жекешелендірден кейінгі қалыптасқан территориялық
аумақты жүйеге қосу.
Кілт сөздер:
Жер ресурстары, нормативті-анықтамалық ақпарат, ауыл шаруашылығы
алқаптары.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы жер көлемі (272,5 млн.га) бойынша дүние жүзінде тоғызыншы
орынды алады. Қазақстанның аумағы Евразия материгінің ортасында орналасқан жəне
батыста Волганың төменгі бетінен, шығыста Алтайға дейін жəне солтүстікте Батыс Сібір
жазығынан, оңтүстікте Тянь-Шаньға дейін созылып жатыр.
Республика шекарасының ұзындығы 12,2 мың шақырымды құрайды, оның ішінде
Ресей Федерациясымен – 6,5 мың шақырым, Түркменстанмен – 0,4 мың шақырым, Өзбекстан
Республикасымен – 2,3 мың шақырым, Қытаймен – 1,5 мың шақырым [1].
Қазақстанның ішкі континенталдық жағдайы оның аумағының барлық физикалық-
географиялық келбетіне, əсіресе гидрографиясына, топырақтық-өсімдіктік жамылғысына
жəне жануарлар əлеміне əсер етеді. Республика шегінде он табиғи-ауыл шаруашылық
зоналары белгіленеді: батыста орманды даладан – солтүстікте субтропикалық шөлді.
Ауыл шаруашылық мəндегі жерлер – 93,1 млн га, елді мекендер жерлері – 20,2 млн.га,
өнеркəсіп, көлік, басқа да ауыл шаруашылық емес мəндегі жерлер – 11,1 млн.га, аса мұқият
қорғалатын жерлер – 1,2 млн га, орман қоры жерлері – 22,2 млн.га, су қоры жерлері – 3,5
млн.га жəне қордағы жерлер – 118,7 млн.га құрайды.
Қазақстанның əкімшілік-аумақтық құрылымына 14 облыс, республикалық мəндегі 2
қала, 160 əкімшілік аудандар, 300 қала жəне кенттер, 7,2 мың ауылдық елді мекендер кіреді
[2].
Республика аумағы көп орманды емес. Орман көлемі 13 млн га (4,88%) алады, оның
ішінде орманмен жабылған жер көлемі 8,6 млн.га. Сумен жабылған жер көлемі 7,7 млн.га.
Қазақстан аумағында 85 мың өзендер мен уақытша ағын сулар бар, олардың көбі ішкі тұйық
бассейнге жатады [3]. Республикада сонымен қатар көлемі, мөлшері жəне су сапасы
бойынша əр түрлі көлдер көп.
Міне осы ресурстарды толық жəне дұрыс пайдалану үшін əрдайым бүгінгі күнге сəйкес
жайға келтіріліп, жаңартылып отырылатын мемлекеттік жер кадастрының мəні өте зор.
Мемлекеттік жер кадастрының, оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жердің
сапасы, құрамы, пайдаланылуы жəне онымен қатар жер пайдалану субъектілері жайында
мəліметтермен əрқашан қамтамасыз етіп отырады.
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі негізгі
жобалау принциптерін есепке алу арқылы кезең бойынша негізі қаланады. Бұдан бұрын
пайда болған жер кадастрын жүргізудің автоматтандырылған жүйесі келесі кезеңдерден
тұрады:
-
жер
ресурстарын
пайдаланумен
талдаудың
шаруашылық
бағасын
автоматтандырылған жүйеге ендіру жəне онда өңдеу жұмыстарын жүргізу;
129
-
жер ресурстарын пайдалануымен талдауының ішкі шаруашылық бағалануының
автоматтандырылған жүйесі;
-
жер ресурстарын жəне автоматтандырылған мəліметтер қоры бар а.ш. кəсіпорын
жұмысының
шаруашылық-өндірістік
бағасының
экономикалық
көрсеткіштерін
пайдаланудың ақпараттық жүйелері;
-
шаруашылықтар, аудандар, облыстар, аумақтар, республикалар жалпы ел бойынша
жер балансын құрудың автоматтандырылған жүйелері;
-
жер кадастрын жүргізу жүйелерін ақпараттық-есептеуіш жүйелері мен «табиғи
ресурстар» ақпараттық жүйесінің құрамындағы су жəне орман кадастрларын жүргізу
жүйелерімен өзара байланыстыруды қамтамасыз ету. Жер туралы ақпараттың қорғалуы мен
нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ел, аймақ немесе аудандық деңгейдегі программа-
техникалық кешен мына талаптарға сəйкес келуі қажет:
-
санкцияланбаған əрекеттен қорғайтын сертификатталған жүйеге қол жеткізу;
-
эксплуатациялық программаның регламенттік санағы;
-
ақпараттарды енгізудің арнайы процедураларының орындалуын қамтамасыз ету;
-
архивті көшірмелерді кезекпен басып шығару;
-
ақпараттардың қолайсыз жағдайлардан сақталу дəрежесі
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МЖКААЖ)
ең жаңа компьютерлік технологияларды қолдану жағдайларында құрылу негізі кезеңдер
бойынша таралады. Жүйенің құрылу кезеңділігімен жүзеге асырылуына мына негізгі
факторлар əсер етеді: оның тарауларын құру мен жүргізуге кететін қаржының
адекваттылығы, шаруашылық механизміндегі оларды пайдалану тиімділігі, белгілі уақыт
кезеңіндегі инвестициялық приоритеті [4].
Аталған факторлады есепке ала отырып, автоматтандырылған жүйені құрудың
алғашқы кезеңінде жер учаскелеріне құқықтарды тіркеу жүйесі өңделіп, енгізіледі, олар
жерге меншік иелерінің, пайдаланушыларымен арендаторлардың құқықтарын қорғауды
қамтамасыз етеді. Осындай тіркеу жүйесі жылжымайтын мүлікке қатысты келіссөздер, жер
учаскесі үшін төленетін төлемдерді реттеуді қамтамасыз етеді.
Жүйенің құрылу негізі, картографиялық материалдарды сандық ретке келтіруімен
байланысты, сонымен қатар автоматтандырылған ақпараттық жүйенің эксплуатациясын,
қызмет көрсетуін қарастыратын кадастрлық сервисті орталықтарының желілерін
ұйымдастыруын қамтиды.
Осындай орталықтардың функциялар қатарына мыналар кіреді:
-
жүйе компоненттерінің программалық қамтамасыз етілуін орнату;
-
автоматтандырылған технологияға жер кадастрын жүргізуді ендіруге қатысу жəне
ұйымдастыру жəне оларды оқытуды жүргізу;
-
жүйенің техникалық құралдарын ұйымдастыру.
Мəліметтер қорының құрылымы, оның құрамына енетін жазбалардың логикалық
орналасуы жəне өзара байланысты логикалық жазбаларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін
құралдармен анықталады.
Жүйедегі мəліметтердің логикалық құрылымының құрылу негізі – тиімділікті
анықтайтын аса маңызды факторлардың бірі. Мысалы, мəліметтер қорының жазбаларды
мыналарды қамтуы мүмкін:
-
жер учаскелерімен аумақтық зоналардың орналасуы жайлы мəліметтер;
-
жер алқаптарының сапасы мен саны жайлы ақпарат, ішкі шаруашылық жерлерін
бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін мəліметтер (жер массивтер мен жер учаскелер
идентификаторы, топырақ контурлары əртүрлілігінің мөлшері мен саны, учаскелер ауданы,
а.ш.алқаптар түрлері сен түршелері, топырақ типтері, гранулометриялық топырақ құрамы,
гумус горизонтының қуаты, топырақ су режимінің жағдайлары, су, жер эрозия жағдайы,
микрооельеф, тастылық, сортаңдану, жер алқаптарының жалпы жəне жеке бағасы;
-
кадастрлық бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін мəліметтер (жер аудандары жəне
топырақтың агроөндірістік топтарының жер бағалық мəліметтері, мелиоративтік жағдай,
130
локальды жер бағалау баллдары бойынша құрылған жер пайдаланушылық түрлері мен
формалары)
-
шаруашылық жүргізу мен жеке меншік формаларының барлық заңды тұлғалар
жылдық есептерінің мəліметтері, олар құрамына өндіріс, еңбек ресурстары көрсеткіштерін,
негізгі қордың қозғалысы мен пайдалануының жағдайын, қаржылық жинақтарын қосады.
Бұндай жазбалар белгілі форматта қатаң ережелермен беріледі, əрі олар оңай байланысады.
Жүйе пайдаланушылар талаптарын қанағаттандыру үшін əртүрлі файлды құрылымы бар
автоматтандырылған мəліметтер қоры құрылады. Қолдану əдісі бойынша мынадай файлдар
ерекшеленеді:
-
ауыспалы ақпаратты (қабыданып, есептелген мəліметтер)
-
нормативті-анықтамалық ақпараттар (жер бағасы шкаласының мəліметтері)
-
метаақпараттар (классификатор, индекстер т.б. қызметтік ақпарат).
Осындай жолмен файлдарды реттестіру ақпараттарды жауабы болатын жер бағалау
көрсеткіштерін есептеу үшін оларды тұрақты (бағалау шкаласының мəліметтері,
пайдаланатын классификатор тұтастығы) жəне айнымалы (а.ш.алқаптарын орналастыру
мəліметтері, шаруашылық жерлерін бағалау ведомосі, жылдық есеп мəліметтері) [4].
Электрондық есептеуіш машинаға ақпарат бір-ақ рет енгізіледі, басқа бөлімі
мəліметтер базасын жүктеу жəне функционалдау нəтижесінде пайда болады. Қызмет
көрсетуші локальды автоматтандырылған кадастр жүйелері жаңа талаптарға бейімделіп
мəліметтер тарататын бірыңғай жүйеге қосылады.
Екінші кезеңде барлық деңгейдегі жер ақпараттық мəліметтер қоры негізі қаланады.
Осы кезеңнің ең басты қарастыратын мəселесі-жүйенің өңдеу, құрылу жəне эксплуатациясын
қамтамасыз ететін мамандарды дайындау.
Бұл жағдайда жаңа технологияны танып білу, жүйені тіркеу қажеттігі туындайды.
Екінші кезеңдегі жүйенің құрылуына, өңделуіне кететін шығындарды анықтайтын
негізгі құрам бөліктері:
-
программа-техникалық кешендер құрылу негізі (енгізу, орналастыру)
-
нормативті-құқықтық қордың жəне программалық құралдардың өңделуі мен
бекітілуі;
-
кадастрлық қамтамасыз ету;
-
ақпараттық қамтамасыз ету;
-
эксплуатациялық шығындар.
Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі көпмақсатты, мамандандырылған
кешен болып табылады, ол арқылы жаңа технологиялар көмегімен кадастрлық ақпараттарды
жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |