Ізденістер, №1 исследования, НƏтижелер 2015 результаты



Pdf көрінісі
бет19/66
Дата15.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#9299
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66

Əдебиеттер 

 

1.

 



Зубаиров О.З. Төгінді сулар жəне оларды пайдалану, Нұр Принт, 2012ж. 

2.

 



Зубаиров О.З. Өнертабысқа инновациялық патент №21834 жəне басқалар. 

 

Жайлаубаева М.М., Зубаиров О.З., Жанымхан Қ. 



 

БЕЗОПАСНЫЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СТОЧНЫХ ВОД 



 

Резюме  В статье рассматриваются безопасные способы использование сточных вод в 

сельском  хозяйстве.  В  настоящее  время  существует  проблема  орошения  почв  сточными 

водами.  Среди  существующих  методов  наиболее  безопасным  является  орошение  через 

почвенный слой. 



Ключевые слова: сточная вода, почвенный слой, инъекционный полив, импульс. 

 

 



139 

 

Zhaylaubaeva M.M., Zubairov O.Z., Zhankhan K. 



 

SAFE THE USE OF EFFLUENTS 

 

Resume  In article safe ways use of sewage in agriculture are considered. Now there is a 

problem an irrigation of soils sewage. Among existing methods the safest the irrigation through a 

soil layer is. 

Key words: wastewater, soil layer, injection irrigation, impulse. 

 

 



ƏОЖ 504.4.054+282.255.2+574  

 

 

Жанбеков Х.Н., Мукатаева Ж.С., Лахбаева Ж.А.,                                                 

Өскенбаева А.С., Жарымбетова Р.Н.

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 

əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Алматы қ.) 

 

ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН ЗЕРТТЕУ МƏСЕЛЕЛЕРІ  

 

Аңдатпа   

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі Шардара су қоймаларының 

ластануымен ауыз судың талаптарға сай келмейтіндігі қарастырылған. 

Қырғызстан,  Өзбекстан  жəне  Тəжікстан  елдері  Сырдария  өзенінің  Шардара  су 

қоймасының  суын  ауыл  шаруашылығына  жəне  өнеркəсіптердің  жұмысына,  мақта,  күріш 

өсіруде  жоғары  ағысын  қолдану  нəтижесінде  зиянын  келтіруде.  Қазіргі  кездегі  зерттеу 

мəліметтері  бойынша  Сырдария  өзенінің  Шардара  су  қоймасының  суының  құрамында 

өнеркəсіп  орындары  мен  ауыл  шаруашылығына  пайдаланылған  қалдықтары,  тұздардың 

таралуы, судың минералдануы жəне оның радиоактивті заттармен ластануы қарастырылған.   

Кілт сөздер: 

Шардара су қоймасы, судың ластануы, радионуклидтер, су қорлары,  

-, 

-белсенділік. 



 

Кіріспе 

Қоршаған  ортаға  антропогендік  жүктеменің  өсуі  бірінші  орынға  оны  қорғау 

мəселелерін,  ал  шаруашылықта  табиғи  ресурстарды  қолдану  немесе  енгізу,  ресурстарды 

тиімді пайдалану қажеттігін алға қояды.  

Оңтүстік  Қазақстанның  шөлді  жəне  далалы  аймақтарындағы  бірден  бір  су  көзі 

Сырдария  болып  табылғанымен,  оған  түсетін  антропогендік  салмақ  ықпалынан  сол 

аумақтағы қоршаған орта апатты жағдайда. Соңғы жылдары бұл аумақта су шаруашылығы 

жағдайының қиындығы Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы халықты сумен қамтамасыз 

ету мəселесін қиындата түсті, аумақтық экологиялық жағдайын күрделендірді, адамдардың 

денсаулығы мен өмір сүру жағдайын нашарлатты. Арал теңізі бассейнінде суармалы егістік 

егудің салдары оған құятын екі өзен суының сапасына кері əсерін тигізді – тұщы су мөлшерін 

пайдалану артып, ластаушы заттар көп түсті. Əсіресе, ластаушылардың ішіндегі қауіптісі – 

агрохимикаттар  мен  түрлі  тұздар.  Бұған  қоса  өзен  суы  өнеркəсіптің  шайынды  суларымен 

ластануда.  Шардара  су  қоймасындағы  су  ресурстарының  сапасы  бір  жағынан,  оның  суын 

ысырапсыз  пайдаланудан  азая  түссе,  екінші  жақтан  өнеркəсіп  орындары  мен  ауыл 

шаруашылығына пайдаланылған,  тазартудан өтпеген шайынды суларымен ластану жоғары 

деңгейде қалып тұр [1]. 

 


140 

 

Қазіргі уақытта экологиялық жағдайдың күрделенуі су деңгейінің төмендеуі мен оның 



минералдануының  жоғарылауына  да  байланысты.  Сырдария  суының  минералдануы  жəне 

оның минералды тыңайтқыштармен ластану деңгейі бірнеше жылдар көлемінде зерттелген 

[2].  

Шекті  рауалды  концентрацияның  (ШРК)  артуы  геохимиялық  фоны  жоғары 



ингредиенттерге – ауыр  металдарға  тəн.  Өзеннің  бүкіл  ағысы  бойынша  судағы  ауыр 

металдар:  титан,  хром,  марганец,  мыс,  мырыш,  қорғасын  концентрациясы  қалыпты 

көрсеткіштен  артқаны,  олардың  балық  шаруашылығы  үшін  пайдаланылатын  мөлшерлі 

көрсеткіштен  қаншалықты  артқаны  есептелген [3]. Сырдарияның  шөгінділерінің  ауыр 

металдармен  ластануы  олардың  концентрациясының  өсу  динамикасын  көрсетеді.  Бұл 

өнеркəсіптік  шайынды  сулардың  өзенге  түсуіне,  олардың  атмосферадағы  мөлшерінің 

жоғары болуына [4] жəне қышқылдық жаңбырларға байланысты [5].  

Биосфераның анағұрлым осал звеносының бірі – су ресурстары радиоактивті ластануға 

да  ұшыраған.  Бұл  атмосфера  мен  топырақты  ластаушылардың  түбінде  жер  беті  суларына 

түсетінімен байланысты. Сырдарияның радионуклидтермен ластану деңгейі Қазақстандық 

ғалымдармен  дəлелденген [6]. Оңтүстік  аймақта  уран  кенішінің  төрт  торабы  орналасқан. 

Солтүстік  торапта  Уанас,  шығыс  Мыңқұдық,  Ыңғай,  Ақдала,  оңтүстік  Ыңғай,  батыс 

Мыңқұдық,  орталық  Мыңқұдық  жəне  Буденовское  кеніштері  орналасса,  шығысында 

оңтүстік  Мойынқұм,  оңтүстік  Мойынқұм-1,  Төртқұдық,  Қанжуған,  оңтүстік  Мойынқұм-2, 

батыс торапта солтүстік Қарамұрын, оңтүстік Қарамұрын, Қарасан-1, Иіркөл жəне оңтүстік 

торапта ірі Заречное, Табақбұлақ кеніштері бар. Бұл аймақта уран өндіру осыдан 30 жыл бұ-

рын  басталған.  Мамандардың  пайымдауынша,  тағы 50-60 жыл  өндіріледі.  Алайда  кейін 

өндіріс тоқтағанымен, оның залалы қала береді. Ал өзеннің төменгі сағасында орналасқан 

елді  мекен  тұрғындарының  шаруашылық,  ішімдік  суын  Сырдариядан  алып  пайдаланып 

отырғанын  ескерсек, сол елді мекен тұрғындарының денсаулығына келіп жатқан зиянның 

мөлшерін айтудың өзі артық. Бұл өңірде ішуге жарамды жерасты сулары жоқ. Сондықтан 

өзен суын пайдаланады. Əрине, өзен суы белгілі дəрежеде сүзгіден өткізіліп, тазаланған соң 

ғана  ауыз  суға  жарамды  су  ретінде  қолданысқа  беріледі.  Десе  де,  су  құрамындағы 

радионикулидтерді  түбегейлі  жойып  жіберу  мүмкін  емес  екені  белгілі.  Ал  сол  суды  ішіп 

отырған  халықтың  денсаулығына,  жерінің  топырағына,  қоршаған  ортасына  келіп  жатқан 

зиян орасан зор. 



Материалдар мен əдістер 

Сырдария өзені суының радиохимиялық жағдайын зерттеу мақсатында 2014 жылы күз 

мезгілінде  Шардара  елді  мекендерінің  тұсынан  су  сынамаларын  алдық.  Су  сынамаларын 

алғанда су сынамаларын алу қағидалары сақталынды [8]. Альфа- жəне бета – сəулеленетін 

радионуклидтердің көлемдік белсенділігін анықтау  əдістемеге сəйкес, ал радионуклидтердің 

көлемдік белсенділігі [9] əдістемесіне сəйкес жүргізілді. 



Нəтижелер жəне оны талқылау 

Сырдария  өзені  тұстамаларынан  (Шардара  су  қоймасына  дейін  жəне  одан  кейін) 

алынған  су  сынамаларында  радионуклидтер  мөлшерінің  жоғары  екені  анықталды. 1 –ші 

кестедегі мəліметтерден көрініп отырғандай, α – белсенділік 2014 жылы күз мезгілінде 

Шардара су қоймасына дейін  алынған  су  сынамасында  ШРК-дан 9 есе,  ал  Шардара су 

қоймасынан кейін алынған су сынамасында 7 есе артады.  

Кесте 5. Радиометриялық анализ нəтижелері (Бк/дм

3

). 



 

Сынама алынған жер 

-белсенділік 

-белсенділік 

Бк/дм

3

 



 Бк/дм

3

 



Бк/дм

3

 



 Бк/дм

3

 



Шардара су қоймасына дейін 0,87 

(9) 


0,13 

0,160 


0,027 

Шардара су қоймасынан кейін 0,66 

(7) 

0,12 


0,156 

0,029 


                

 

Анализдер ОАО «Волковгеология» зертханасында жасалынды. 



 

141 

 

Жерасты  шаймалау əдісі  бойынша  кен  орындарын  пайдалану  кезінде  жер  қыртысын 



жəне  жер  беті  радиоактивті  қалдықтармен  ластанады.  Ластанудың  басты  себебі 

технологиялық ерітінділерді ішкі жəне сыртқы айдау кезіндегі технологиялық регламентінің 

бұзылуына  байланысты.  Бұл  кезде  эксплуатациялық  скважиналардың  саңылауларында  əр 

түрлі  себептерден  (сүзгілерге  жəне  скважинаның  алдындағы  аймақтарында  тұнба  тұрып 

қалуы  жəне  кольматация,  тұндырушы  құбырлардың  фильтраттарының  бұзылуы, 

технологиялық  скважина  саңылауларында  құбырлардың  тесілуінен,  технологиялық 

ерітінділердің  төгілуінен  болады.  Құйылған  жəне  өнімді  ерітінділер  құбырларының 

жарылып  жəне  герметикалығының  (бүтіндігінің)  бұзылу  жағдайлары  салдарынан 

ерітінділердің бір бөлігі құбыр жолы бойымен жер бетіне, кейін жер асты суларына қосылуы 

мүмкін.  Судың  радионуклидтермен  байытылуында  үлкен  рөлді  гидрогеологиялық 

жағдайлар, жеке алғанда судың топырақпен алмасуы жатады. Соның салдарынан уран жəне 

торий  қатарында  радиоактивті  элементтердің  де,  бір  элемент  изотоптарының  да  қоныс 

аудару сипаттарындағы жəне химиялық қасиеттеріндегі айырмашылықтарымен негізделген 

радиоактивті теп-теңдіктің бұзылуы орын алады. 1 – ші кестедегі мəліметтерден Сырдария 

өзені  суының  құрамында  маңызды  өзгерістер  бар  екенін  анықтауға  болады.  Ол  негізінен 

Th

234



, Ra

226


, K

40 


жəне  уран  радионуклидтеріне  тиісті.  Уран  кенішінен  қоршаған  ортаға 

негізінен цезий – 137 (Cs-137), торий – 232 (Th-232), радий – 226 (Ra-226) жəне калий – 40 

(K-40)  радионуклидтері  шығуы  ықтимал.  Судың  көлемдік  α – активтілігінің  жоғарылауы 

Th

234



-пен байланысты, өйткені суда уран бар. Уранның қоныс аудару қабілеті торийдікінен 

едəуір жоғары, ал жартылай ыдырау кездерінде көп айырмашылықтар бар бір элементтің екі 

изотопының ішінде қысқа уақыт тіршілік ететін изотоп едəуір қозғалған болып келеді, себебі 

шаймаланған кезде минерал формаларының кристалл торымен  байланысты болмайды, жəне 

басқа  жағынан  алғанда,  сыйдырушы  тау  жыныстарының  кристалдық  құрылымына 

ертіндіден диффузиялануға үлгермейді. 



Қорытынды 

Қорыта  айтқанда,  Шардара  су  қоймасының  радиоэкологиялық  тұрғыда  ластануы 

Сырдария  өзеніне  тигізетін  кері  əсерімен  күрделенеді.  Радиациялык  ластанудың  негізгі 

көздері - альфа, гамма жəне бета, сияқты радиоактивті сəулелер. Ионданған сəулелер адам, 

жануар  организмдерінде  ақуыз,  фермент  жəне  басқа  да  заттардың  өзгеруіне,  яғни  сəуле 

ауруының  дамуына  əкеліп  соғады.  Адамның  іс-əрекеті  нəтижесінде  биосфераның 

радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр.  

Осыған орай, су қорларын қорғау мақсатында бірқатар шаралар ұсынылады: 

- өнеркəсіп технологиясын жетілдіру жəне өзгерту; 

- су аз қолданылатын жəне сусыз технологияларды іздестіру жəне іске асыру;  

- сумен қамтамасыз етудің айналымдық тəсілін кең түрде өндіріске кіргізу, тазаланған 

ақаба  суларды  қайталап  пайдалану  арқылы  су  көздеріне  тасталатын,  тіпті  тазаланған 

сулардың көлемін азайту; 

-  су  қорғау  шараларының  мемлекеттік  жоспарын  жəне  келешектегі  өнеркəсіптік 

күштерді орналастыруды ескере отырып қарастыру жəне іске асыру. 

 

Əдебиеттер 

1

 

Торянникова Р.В. Оценка и управление качеством воды в бассейне реки Сырдарьи 



/Материалы  Центральноазиатской  междунар.  научно-практ.  конф. «Экологическая 

устойчивость  и  передовые  подходы  к  управлению  водными  ресурсами  в  бассейне 

Аральского моря». - Алматы, 2003 г. – С. 43-46 

2

 



Жанбеков  Х.Н.,  Мукатаева  Ж.С.,  Чинибаева  Н.С.  Минерализация  воды  реки 

Сырдарьи // Фундаментальные  науки  и  практика / Сборник  научных  трудов 1-ой 

международной  телеконференции  «Фундаментальные  медико-биологические  науки  и 

практическое здравохранение». – Томск, 2010. –С. 33-34. 

3

 

Жанбеков  Х.Н.,  Жетписбай  Д.Ш.  Оценка  токсичности  тяжелых  металлов  для 



рыбохозяйственных водоемов // Доклады НАН РК. – 2004. – №4. – С. 72-77. 

142 

 

4



 

Heavy Metal Pollution and Chemical Profile of Cauvery River Water / E-Journal of 

Chemistry Volume 6 (2009), Issue 1, P. 47-52 

5

 



Reza R., Singh G. Heavy metal contamination and its indexing approach for river water 

/International Journal of Environment Science and Technology, Vol. 7, No. 4, 2010, PP. 785-792 

6

 

Жанбеков Х.Н., Мукатаева Ж.С., Лахбаева Ж.А. Радиационно-гигиеническая оценка 



качества воды р. Сырдарья, Казахстан // Вода: химия и экология. — 2012. — № 9. - С. 14-17.  

7

 



Методические рекомендации по отбору, обработке и хранению проб подземных вод. 

МинГео СССР, ВСЕГИНГЕО. – Москва, 1990. – С. 21 

8

 

Методика измерения суммарной альфа- и бета- активности водных проб альфа-бета 



радиометром УМФ-2000 (рег.№ KZ. 07.00.00441 -2005). 

9

 



  Методика выполнения измерений на гамма-спектрометре. – Москва: ВННИИФТРИ 

МИ 2143-91, 1991. – 17с. 



 

Жанбеков Х.Н., Мукатаева Ж.С., Лахбаева Ж.А., Өскенбаева А.С., Жарымбетова Р.Н.

 

 

 

ПРОБЛЕМЫ ИССЛЕДОВАНИЯ ЗАГРЯЗНЕНИЯ ВОД БАССЕЙНА ШАРДАРА 



 

Аннотация  В статье рассматриваются вопросы загрязнения водохранилище Шардара 

РК в настоящее время, также несоответствия качества питьевой воды требуемым стандартам. 

Определено  негативное  влияние  водохранилище  Шардара    на  водный  бассейн  Сырдарьи 

вторичных  проточных  вод,  используемых  для  работы  предприятий  промышленности  и 

земледельческого хозяйства, орошения хлопковых и рисовых полей государств Кыргызстан, 

Узбекистан  и  Таджикистан  расположенных  в  верхних  течениях  Сырдарьи.  Рассмотрены 

данные  исследований  по  загрязнению  реки  Сырдарья  современных  условиях  вследствие 

попадания  в  них  промышленных  отходов,  солей  и  различных  веществ  и  радиоактивными 

веществами. 

Ключевые слова: водохранилище Шардара, загрязнение воды, радионуклиды, запасы 

воды, 


-, -активность. 

 

 



    Zhanbekov Kh., Mukatayeva Zh., Lakhbayeva Zh., Oskenbayeva A., Zharymbetova R. 

 

PROBLEMS OF THE STUDY OF POLLUTION OF THE SYRDARYA RIVER 



 

Sammary  Given article deals with the issues of pollution water basins in Kazakhstan at the 

moment, also unconformity of drinking water quality to required standards. Adverse effect of 

secondary flow of water used for industrial and agricultural sector, irrigation, and cotton and rice 

fields of Kyrgyzstan, Uzbekistan and Tajikistan located in the upper reaches of the Syrdarya into 

the water basin of the Syrdarya is identified. Research data on the pollution of the Syrdarya River 

last ten years due to the flow of industrial wastes, salts and heavy metals of various substances, 

different herbicides, pesticides and fertilizer residues into the river as a result of irrigation is 

examined.   



Key words: water reservoir Shardara, water pollution, radionuclides, water-supplies, 

-, - 


activity.  

 

 



 

 

 



 

 

 



143 

 

ƏОЖ 633.71  



 

Жасұзақова Г.Ш.,  Жоламанов Қ.К.  

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

 

ЖОҢЫШҚАНЫҢ (MEDICAGO SATIVA) АЛҒЫ ДАҚЫЛ РЕТІНДЕ МАҢЫЗЫ 



 

Аңдатпа

  

Мақалада  Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  аймағының  тау  бөктерінің  суармалы 



егістігінде  жоңышқаның  аалғы  дақыл  ретінде  танаптың  жырту  қабатының  топырақ 

құрылымына,  құнарлығына    жəне  күздік  бидай  өніміне  əсері  зерттеліп  мəліметтер 

келтірілген. 

Кілт сөздер:

 жоңышқа, ауыспалы егіс, алғыдақыл, топырақ құрылымы. 

 

Кіріспе   

Жоңышқа (Medicago) – адамзатқа ерте заманнан(4,5 мың жылдай) белгілі, қазіргі кезде 

ауыл  шаруашылығында  көп  тараған  көпжылдық  бұршақ  тұқымдас  мал  азықтық  шөптесін 

өсімдік. 

Қазақстанда  жоңышқанаң  ауыл  шаруашылық  өндірісінде  алатын  орны  ерекше.  Оның  мал 

азығы ретінде жəне егіншіліктегі рөлі көптеген ғылыми еңбектерде белгілі [1, 2]. 

         Атап айтатын болсақ жоңышқаның ерекшеліктерін былай жіктеп сипаттауға болады : 

-

 



жоңышқадан дайындалған мал азықтарының əртүрлілігі жəне сапасы. Ондағы белок 

мөлшерінің жəне ондағы аминқышқылдарының құрамының ең жоғары болуы; 

-

 

жоңышқаның  егіншіліктегі  агротехникалық  маңызы.  Оның  топырақ  құрылымын 



жақсартып қоймай оның құнарлығын , қарашірігі мен жылжымалы азотты көтеруі; 

-

 



жоңышқаның басқа дақылдарға жақсы алғы дақыл ретіндегі орны; 

-

 



жоңышқаның фитомелиорант ретіндегі орны. Əсіресе, жоңышқаның фитомелиорант 

ретіндегі күріш алқаптары мен мақта шаруашылығында пайдаланудың маңызы. 

 Жоңышқаның  алғы  дақыл  ретінде  агротехникалық  маңызымен  бірге  оның  танаптық 

фитосанитарлық жағдайын жақсартатын да айтып кетуге болады [3, 4, 5]. 

Міне,  осындай  жоғары  қасиеттері  бойынша  жоңышқаны  өсіріп  пайдалану  көпшілік 

шаруа қожалықтары мен кооперативте кеңінен орын алған. Ол үшін жоңышқаны жеке өзін 

ғана өсірмей ауыспалы егіс жүйесіне енгізіп пайдаланудың шаруашылықта маңызды зор – 

өзекті мəселе.  

Сол себепті Алматы облысының тау бөктерінің суармалы егістстігінде мал азықтық – 

астықты қысқа ротациялы ауыспалы егіс нобайы зерттелуде. 

Зерттелу жұмыстары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Жаңашар оқу-тəжірибе 

шаруашылығының танабында 2009 жылдан жургізілуде.  



Зерттеу нəтижелері

  

Далалық  зерртеу  жұмыстарында  ауыспалы  егіске  жоңышқаның 2 жылдық  жəне 3 



жылдық егістіктерінің алғы дақыл ретіндегі маңызы анықталуда. Тəжірибеде жоңышқаның 

2 жəне 3 жылдық егістіктерінің алғы дақыл ретінде топырақтың агрофизикалық қасиетіне 

жəне құнарлығына əсері зерттелуде. Сонымен қатар жоңышқа енгізілген қысқа ротациялы 

(5танап)  ауыспалы  егістік  танаптарды  интенсивті  пайдаланудың  экологиялық  ахуалы, 

экономикалық  тиімділігі  анықталуда.  Жоңышқаның  алғы  дақыл  ретінде  кейін 1-жылы 

жоңышқа қыртысына жəне 2-жылы өңделген танапта  себілген күздік бидай өніміне əсері 

анықталды 

Біздің  алғы  дақыл  ретінде  қарасытырып  отырған  жоңышқаның    екіншіжəне  үшінші 

жылдың  танаптарының  топырақ  құрылымы  мен  көлемдік  массасы  төмендегі  кестеде 

келтірілген. 

 


144 

 

Кесте 1 - Жоңышқаның алғы дақыл ретінде топырақ құрылымы жəне көлемдік массасы(0-



30см қабат)   

 

№ 



Алғы дақыл 

Топырақтың 

қатты фазасы 

Жалпы 



кеуектілігі 

Капилля



рлық 

қуыстыл


ығы 

Капилля


рлық 

емес 


қуыстыл

ық 


Топырақтың 

көлемдік 

массасы 

г/см³ 


1 2 

жылдық 


жоңышқа 

54,0 54,2 

25,0 

27,4 


1,21 

2 3 


жылдық 

жоңышқа 


54,4 54,0 

26,0 


28,2 

1,27 


Күздік бидай 52,1 

55,0  24,0 21,0  1,28 

 

Кестеден  көріп  отырғанымыздай  жоңышқа  топырақтың  жырту  қабатының 



құрылымына  айтарлықтай  əсер  еткен,  топырақтың  кеуектілігі  жəне  капиллярлық 

қуыстылығына оң əсерін тигізетіні анықталды. Жоңышқа бойынша танаптың топырағының 

көлемдік  массасы 1,26-1,27 см³  болса,  жалпы  кеуектілік 54,0-54,2 % көрсетті.  Суармалы 

егістікте  топырақ  кеуектілігінің  маңызы  зор,  өйткені  топыраққа  су  сіңу  тереңдігі  осыған 

байланысты келеді. 

Егіншілікте топырақтың құрылымының маңызы зор. Сол себепті жоңышқаның алғы 

дақыл  ретінде  топырақтың  құрылымына  əсерін  анықтадық.  Біздің  зерттеуде  жоңышқадан 

кейін топырақтың макроқұрылымының өзгергенін көреміз. 

 

 Кесте 2 - Жоңышқаның алғы дақыл ретінде топырақ құрылымына əсері 



 

№ 

 



Алғы дақыл 

Агрономиялық 

жағынан бағалы 

құрылым агрегаты % 

      Құрылым      

коэффициенті 

Топырақтың 

құрылым 


агрегатын 

бағалау 


10-

0,25мм 


Суға 

берік 


агрегаттау 

1 2 



Жылдық 

жоңышқа 


68,4 49,2 

2,17 


Жақсы 

2 3 


Жылдық 

жоңышқа 


72,3 52,7 

2,65 


Жақсы 

Күздік бидай 61,6 



40,2 

1,6 


Жақсы 

 

             Кестеден белгілі болғандай жоңышқадан ең жоғарғы макроагрегат жоңышқаның үш 



жылдық танабында қалыптасады екен (72,3%). Бұл көрсеткіш күздік бидайдан  9,3% жоғары 

болды. Суға берік топырақ агрегаты жоңышқадан кейін 49,2-52,7% болса күздік бидайдан 

бұл көрсеткіш 40,2% ғана болды. 

             Алғы  дақылдарддың  содан  кейін  себілетін  негізгі  дақылдың  өнімділігіне  əсері 

байқалды (3-кесте). 

            Күздік бидайдың өнімі жоңышқаның 2 жəне 3 жылдық қыртысына себілген өнімінің 

əр гектардан түсімі 50,4-52,5ц болды.  

 

 



 

 


145 

 

Кесте 3 - Алғы дақылдардың күздік бидай өніміне əсері 



№ 

 

Алғы дақыл 



Астық өнімі, ц\га 

Бақылау үлгісінен 

ауытқуы  +\- 

2013 2014 орташа 

ц\га % 

1 2 


жылдық  жоңышқа 50,8 

49,4 50,1  +7,7  +18,0 

2 3 

 

жылдық жоңышқа 53,0 



50,5 51,7  +9,3  +22,0 

Күздік бидай (Б) 42,8 



42,1 

42,4   


 

Бірінші жылы күздік бидай өнімі екінші жылға қарағанда жоғары болды. Алғы дақыл 



күздік бидай болған үлгіден екі жылда орташа 42,4 ц\га бидай жиналды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет