Ізденістер, №1 исследования, НƏтижелер 2015 результаты



Pdf көрінісі
бет20/66
Дата15.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#9299
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66

           Қорытынды

  

           Қорыта келгенде күздік бидай үшін жоңышқаның алғы дақыл ретіндегі ролі жоғары 



болды. Жоңышқа топырақтың агрофизикалық жəне гранулометриялық қасиетін жақсартты. 

2 жылдық жоңышқадан  кейін себілген күздік бидайдан 1-ші жылы (жоңышқа қыртысында) 

əр гектардан 50,8 ц\га, 2-ші жылы 49,1 ц дəн жиналған. 3-ші жылдық жоңышқадан  кейін  

сəйкесінше,   53,0 ц\га жəне 50,5 ц\га дəн алынған. Күздік  бидайдан  2 жылда орташа  7,7-9,3 

ц\га қосымша астық жиналды.  

 

Əдебиеттер 

 

           1.  Тарковский М.И. Люцерна / М “Колос”, 1974 



           2.  Зыков Ю.Д. Семиреченская люцерна /Алма-Ата, “Кайнар” 1967 

           3.  Новоселов Ю.К., Шпаков А.С., Матвеев А.М., Насиев Б.Н.   Биоэнергетическая 

эффективность культур в кормовых севеоборотах//ж. Кормопроизводство №1, 1994 с.    12-

16. 


            4.  Шпаков А.С., Гришина Н.В., Красовина Н.Ю. Многолетние травы в кормовых 

севооборотах/журнал Кормопроизводство, №1, 1994 с. 12-16 

            5.  Северов В.И., Калашников К.Г. Многолетние травы-основа   современного 

кормопроизводства и биологизированногоь земледелия/Тула “Левша”,2000 с. 40. 

 

Жасузакова Г.Ш.,  Жоламанов К. 



 

ЗНАЧЕНИЕ ЛЮЦЕРНЫ

 (MEDICAGOSATIVA) КАК ПРЕДШЕСТВЕННИКА 

 

         Резюме В статье приводятся результаты исследования люцерны как предшественника 

озимой пшеницы. Влияние люцерны на структуру почвы и урожайность озимой пшеницы. 

         Ключевые слова: люцерна, севооборот, предшественник, структура почвы. 

 

Zhassuzakova G., Zholamanov K. 



 

VALUEOF  ALFALFA

(MEDICAGO SATIVA)

AS APREDECESSOR 

 

           Summary  The article presents the results of the research as a predcessor of winter wheat. 

Influence of alfalfa on soil structure and productivity of winter wheat. 

           Keywords: alfalfa, crop rotation, predecessor,the structure of the soil. 

 

 



 

146 

 

ƏОЖ 626.8 (043) 

 

Жетпісбаева М.А., Базарбаев А.Т. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы  

 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН АҚЕШКІ СУ ҚОЙМАСЫН 

ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ƏДІСПЕН ЖУУ  

 

 Аңдатпа  

 Мақаладаауыл шаруашылығы саласында егістік суғаруға пайдаланылатын «Ақешкі» 

су қоймасын тасындыларда тазарту шаралары қарастырылған. Тасындыларды тазартуды  екі 

тəсілмен жүргізу қарастырылған. Гидравликалық тəсілмен жуу, яғни осы  тəсілді пайдалана 

отырып,  су  қоймаларының  алдыңғы  бьефіне  шөккен  тасындыларды    сумен    жуу  тəсілін 

пайдалану. Тасындыны жууға кететін су көлемін есептелген. Гидравликалық тəсілімен, жуу 

үшін  қолданылатын,  тұрғызылатын  тоғанның  параметрлері  есептелген. «Ақешкі»  су 

қоймасын   механикалық тəсілмен, яғни құрлыста қолданылатын техникалар арқылы тазалау 

қарастырылған.  Екі  тəсілді  қолданғанда  жұмсалатын  шығын  көлемі  анықталған. 

Гидравликалық  тəсілдің  механикалық  тəсілмен  салыстырғанда  экономикалық  тиімділігін 

дəлелденді.   

 

 

 



 

 

 Кілт сөздер



су қоймасы, лезде ашылатын қақпа, тоған, су жеткізетін тракт, тасынды, 

су қысымы.    

 

 

 



 

 

 



 

 

 



  

Кіріспе 

Қазақстан  Республикасының «2030 Стратегриясын»  жүзеге  асыруда  ең  маңызды 

мəселе,  су  нысандарының  барлық  гидрологиялық  сипаттамаларын,  соның  ішінде  ең 

маңыздылардың бірі-тасындылар толықтай зерттеу негізінде су ресурстарын тиімді қолдану 

болып табылады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қазіргі 


кезде жұмыс істеп тұрған  су қоймалары тораптарының көпшілігінің класс капиталдығы IV 

–класқа  жатады,  олардың  пайдалану мерзімі    ҚНжЕ  бойынша 50 жылдан  аспайды  (Күрті, 

Бадам,  Қаратомар  жəне  басқа  су  қоймалар).  Бұл 50 жылдық  пайдалану  кезеңінде  су 

қоймасының пайдаланбайтын (өлі) көлеміне толығымен құм мен тасқа толып, енді құм мен 

тас пайдалы көлемге шөгіп, оның көлемін азайта бастайды, бұл жағдай пайдалы көлемнің 

азайуына əкеліп соғады жəне қажетті мөлшерде су жинауға мүмкіндік бермейді.  

 

Бұл  жағдай,  яғни  су  қоймасының  пайдалы  көлемінің  қысқаруы,  егістік  суғаратын 



кезеңде  су  тапшылығына  əкеліп  соғады,  осы  байланысты  жобадағы  егістік  көлемін 

қысқартуға мəжбір етеді. Осы айтылған мəселелерге байланысты, қазіргі кезде жұмыс істеп 

тұрған  су  қоймаларының  пайдалы  көлемін  қалпына  келтіруге  бағытталған  іс-шаралар 

қарастыру  өзекті  мəселелер  болып  табылады.  Бұл  қарастырылатын  іс-шаралар  жобадағы 

суғармалы егістік көлемін сақтап қалуға жəне жазғы мезгілде су тапшылығына жол бермеуге 

мүмкіндік береді. 

Қазіргі таңда су қоймаларына шөккен тасындыларды механикалық тəсілмен тазалайды, 

ал  біз  Қазақ  су  шаруашылығы  ғылыми  зерттеу  институтында  ашылған  жаңалық  

«Тасындыларды  гидравликалық  тəсілмен  жуу»  А.К.№1250614  Б.И.№30,1986,  тəсілін 

пайдалана  отырып,  су  қоймаларының  алдыңғы  бьефіне  шөккен  тасындыларды    сумен  

жуудықолданып оның экономикалық тиімділігін анықтау.Зерттеу нысаны ретінде «Ақешкі» 

су қоймасын таңдап алдық.  

 

 

 



 

 

 



 

 

Мəліметтер жəне тəсілдер

  

Ақ  ешкі  су  қоймасы  Жоңғар  Алатауының  бөктерінде  Алматы  облысы  Талдықорған 



қаласының соттустігінен 55 км жерде Ақешкі өзенінің бойында орналаскан. Су қойма аумағы 

Ақсу ауданында орналасқан. Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету үшін 1978жылы 

салынған.Су қойманың толық көлемі 2,5млн.м

3

. [1] 



147 

 

 

 

Сурет 1- «Ақешкі» су қоймасы 



 

«Ақешкі» су қоймасының тасындылары жайлы барлық мəліметтер РМК «Қазгидромет»  

мекемесінен алдық. [2] Жалпы «Ақешкі» су қоймасының 1 жылдағы жоғарғы бьефке түсетін 

тасынды көлемі 

нан

22861356,8кг



22861,35т

14288,348м . 

Тасындыларды тазалау үшін қолданылатын тəсілдер гидравликалық жəне механикалық 

тəсілдер.Тасындыларды гидравликалық əдіспен жуу деп су толқыны арқылы жууды айтамыз. 

Осы  арқылы  өлі  көлемге  шөккен  тасындылардыжуып,  су  қоймасының  толық  көлемін 

қалпына келтіреміз.  

Су  қоймасының  жуылатын  сыйымдылығын  тасындылардан  толық  босатылу  үшін  

тұрмыстық  ағынды  жоғарғы  бьефінен  жоғары  орналасатын  су  жинау  сыйымдылығында 

жинау арқылы жүргізеді.[3] 

Тасындыларды жуатын су ағыны су жинау сыйымдылығынан толқын түрінде, оқтын-

оқтын  кідіріспен  жіберіледі.  Қолданылатын  тəсілдің  мақсаты  тасынды  шөгінділерінде 

қуыстық қысымды арттыру арқылы жуылудың тиімділігін жоғарлату.[3] 

 

Гидравликалық 



тəсілмен 

жуу 


үшін 

гидроторап 

құрамында 

жуылатын 

сыйымдылықтан (3) ағыннан жоғары орналасқан, жу  лезде ашылатын қақпасы бар (2) су 

жинау  сыйымдылығы  қарастырылады (1) (төменгі  бьефті  жуу  қажет  болған  жағдайда  су 

жинау сыйымдылығы ретінде жоғарғы бьеф қызмет атқарады) , жуылатын сыйымдылық 3 

пен су жинау сыйымдылығын 1 қосатын су əкелуші тракт 4 қарастырылған. 

Су жинау сыйымдылығы тасындыларды жууға қажетті суды жинау үшін қолданылады, 

ал су  өткізуші тракт –су жинау сыйымдылығынан оқтын-оқтын кідіріспен толқындар тобын 

тасындыларға  жіберу  үшін  салынады.  Бұл  толқындар  тобы  жоғарғы  бьефке  шөккен 

тасындыларды сумен жуып оны өзен арнасының төмен учаскелеріне тасымалдайды.  

Толқын жалының тасындылардан өтуі кезінде тасындыларда қуыстық қысым артады 

да  судың гидростатикалық қысымы жоғарылайды. Ол өз кезегінде толқынның соңғы бөлігі 

өткенде, тасындылардың қалқу жағдайын туғызады.   

   


 

148 

 

 



Сурет 2- гидравликалық жуу схемасы 

 

Механикалық тəсілмен тасындыны тазалау су қоймадағы өлі көлемді түпкі тасынды, 



лайдан  тазарту  үшін  механизмдерді  қолдану  арқылы,  яғни  экскаватор

,

  бульдозер, 



автосамосвал  жəне  де  басқада  құрылыста  қолданылатын  техникамен  тазарту 

қарастырылады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Зерттеу нəтижелері  жəне сараптаулар   

 

 

 

 

Гидравликалық тəсілмен жуу есептері. Осы ағын, құрылым, тасындылар өлшемдерге 

сəйкес  оптималды  есептік  өтіммен  жуу  уакытын  есептейміз.  Тасынды  көлемдік  салмағы 

γ

0



=1600  ,жергілікті жердің  су жеткізгіш жоолына қарай еңісі і=0,01  

 

1.



 

Арын шамасы H

0

 =3    


h

в

= 0.21 3=0,63 м 



2.

 

Толқын жылдамдығын анықтаймыз  



1,52

1,52 √9,81 3

8,2 м/с 

 

3.  Тасындыны жұлатын жылдамдықты 



срыв

мына формуламен есептейміз:[5] 

срыв

3,2


отл

отл


 

срыв


3,2

,

,



√9,81 0,06

3,6 м/с 


 

4. Тасындыны жуатын ағын көлемін мына формуламен анықтаймыз:[5] 

пр.ст

нан


р

%

100%



.

100


571534 м

 



5. Тасындыларды жуудың ұзақтығы мына формуламен анықталады 

Т

пр



пр.ст

14,7


15тəулік 

 

6. Су жинағыш тоған көлемін топографиялық жағдайына қарап жəне лезде ашылатын 



қақпа алдындағы қысымның есептік көлемі арқылы табылады. Су жеткізгіш жолдың ені-  

0,45 86400

38880 м



 



7.  

мерт


= 6-ға деп қабылдап  тоғанның өлі көлемін W

мерт 


 есептейміз  

мерт


6480м

3

 



 

8. Онда су жинағыш тоғанның толық көлемі W

а

+W

мерт



=W

полн


:[6] 

 


149 

 

полн



мерт

38880


6480

45360 м


3

 

 



9. Есептік өтім  кезінде су жинағыш тоғанның толу уақыты анықталады  

Т

напол



рек

38880


0,45

86400


24сағ 

 

10. Су жинағыш тоғанның босатылу уақытын мына формулаға сүйеніп есептейміз 



опор

100


100

3

9,81



60сек 

 

11. Тоғаннан 1 секундтағы ағып өтетін ағынды анықтаймыз ол үшін жылдамдық белгілі 



енді қақпаның ауданын анықтау керек, қақпа биіктігі 3м, ал ені 10м яғни ауданы: 

3 10


30 м  

опор


в

8.2 30


246 м /с 

12. Бір минутта қотарылатын су көлемін анықтаймыз 

опор

опор


опор

246 60


14760м

3

 



 

13. Тоғанға жинаған суды 1 тəулікте босату саны: 

опор

опор


38880

14760


2.6

3 рет 

 

14.  Айналымның толу – босатылуын ескеріп тасындыны толық жууға кететін уақыт: 



Т

пр

общ



2

напол


опор

Т

пр



86400

2

86460 15



86400

30 тәулік 



 

Гидравликалық  тəсілмен  жуу  үшін  тоған,  су  жеткізетін  тракт  жəне  лезде  ашылатын 

қақпа  жасау  қажет  бұл  құрылымға  толығымен 17118946 тг  қажет,  ал  тек  гидравликалық 

жууға 634706тг керек.  

 

 

 



 

 

 



 

 

Механикалық тісілмен тазалау есептеулері. Су қоймадағы өлі көлемді түпкі тасынды, 



лайдан тазарту үшін стандартты механизацияны қолданылады, яғни 

экскаватор,

 бульдозер, 

автосамосвал  жəне  де  басқада  құрылыста  қолданылатын  техникамен  тазартуға  болады.  

Экскаваторды таңдау үшін өңдейтін тасынды көлеміне сай экскаватор шөмішінің көлемін 

таңдаймыз V 

ш 

= 14288.348 м 



3

→V

шөм



=1,5 м

тең, енді осы шөміш көлеміне сай экскаваторды 



таңдаймыз, таңдаған маркам экскаватор-драглайн ЭО-7111(Э-2503). [7] 

 

1.1м


3

 топырақты өңдеуге кетірілген шығынды анықтау: 

П

экс


С

Е К


62

0,15 268,72

102,308 

2.Таңдаған 

бульдозеріміздің 

маркасы 


Т-180 

ДЗ-25(Д-522) 

техникалық 

сипаттамаларына  сүйене  отырып  бульдозердің  сменалық  қолдану  кезіндегі  қабілеттілігін 

анықтайық 

П

э



60

в

Т



н

Т

п



г

г

60 8.2 4.5 0.5 0.8



0.7

0.16


100

2.9


100

8

18.5 



3.Шөмішке  тығыз  сыйатын    топырақ  көлемін  есептесек:  Экскаватор  шөмішінің 

қабылданған  көлемі 

ковш

 =1,5м


3

;Шөміштің  толу  коэффициенті 

К

нап


=0,9-1,15;  бастапқы 

қопсытылу  коэффициенті біздің топырақ жұмсақ сазды болғандықтан 

К

пр

=0,28 



гр

ковш


К

нап


К

пр

1.5 1.15



0.28

6.16 



150 

 

4.Автосамосвалдың  кузовына  қанша  шөміш  топырақ  тиеуге  болатынын 



анықтасам:автосамосвалдың  жүк  көтеру  қабілеті 

П=12,экскаватордың  шөмішіндегі 

топырақтың салмағы

  =11.1ге тең осыдан 

П

12

11,1



1,1 

5. Автосамосвалдың шанағындағы тығыз толған топырақ көлемі анықтау үшін : 

гр

6,16 1,1


6,8 

6.Автосамосвалдың   жүкті тиеу уақыты формуламен есептесек  

вр

60

100



6,8 1,1 60

100


4,5 

7.Автосамосвалдың бір айналым жұмыс істеуіне кететін уақытты  

Т

ц

60



д

г

р



60

д

п



м

4,5


60 3

16

р



60 3

25

0,3



24,5 

   


«Ақешкі»  су  қоймасын    1  жылдық  түсетін  тасындыны  механикалық  тазалау  үшін 

13446873 тг қажет.   

 

 

 



 

 

 



 

 

Қорытынды

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Зерттеу  жұмысымызды  қорытындылай  келетін  болсам,  зерттеу  нысаны  ретінде 

алынған «Ақешкі» су қоймасының 1 жылдағы тасындыны механикалық жəне гидравликалық 

тəсілмен тазарту есептеулерін жүргіздік.  

 

 

 



Бəрімізге 

мəлім 


қолданыста жүрген механикалық тəсілмен су қоймасына шөккен тасындыларды тазалауға 20 

күн уақыт кетеді, ал смета құны 13446873тг тең болды. Ал гидравликалық тəсілмен жуу үшін 

тоған,  су  жеткізетін  тракт  жəне  лезде  ашылатын  қақпа  жасау  қажет  бұл  құрылымға 

толығымен 17118946 тг  қажет,  ал  тек  гидравликалық  жууға 634706тг  жұмсалады, 

гидравликалық тəсілмен жууға 30 күн қажет. 

 

 



 

 

Жалпы 



бір 

қарағанда  гидравликалық  тəсілмен  жуу  тиімсіз  көрінеді  алайда  бұл  олай  емес  себебі 

гидравликалық тəсілмен жуу үшін салынатын құрлым құны ғана қымбат ал гидравликалық 

жууға кететін қаржы бар жоғы 634706тг құрайды. Салынған құрылымға 1 рет қана қаржы 

жұмсалады. Жалпы салыстырғанда 5 жылда механикалық тəсілге 13,5 млн тг жұмсағанша 

гидравликалық тəсілге 600 мың тг құртқан тиімді. Гидравликалық  құрылымның ақталуын 

қарастырсақ, 17118946 тг гидравликалық құрлым құны ал механикалық тазалауға 13446873тг 

қажет,  айырмашылығы  3672073тг  құрайды,  яғни    келесі  механикалық  тазалау  құнының 

үштен бір бөлігінде ақ гидравликалық тəсілмен жууға салынатын  құрылым тұрғызуға кеткен 

шығын ақталады. 

 

 

 



 

Гидравликалық  тəсілмен  су  қоймаларының 

алдыңғы  бьефіне  шөккен  тасындыларды  жуып,  су  қоймасының  толық  көлемін  қалпына 

келтірумеханикалық тəсілге қарағанда экономикалық тұрғыдан  өте тиімді болатынына көз 

жеткіздік.  

 

Əдебиеттер 

1.

 



Базарбаев  А.Т.,  Жетпісбаева  М.А.,  Қапар  Ш.  «Алматы  облысының  Ақсу 

ауданында орналасқан «Ақешкі» су қоймасын қайта құру мəселелері»  2014 

2.

 

РМК «Казгидромет» мəліметтері 



3.

 

А.К. N125064.Б.И.N30.1986 



4.

 

А.Т.Базарбаев«Гидротехникалық құрылымдар» , Алматы 2011ж. 



5.

 

Вагапов Р.И., Базарбаев А.Т. «Методические указания по регулированию твердого 

стока на водозаборных узлах горно-предгоргой зоны Казахстана», Алматы 1987ж. 

6.

 



Бердукова В.Д. «Заиление водохранилищ и борьба с ними», Москва 1970ж. 

7.

 



Хамзин С.К., Таженов А.Е. «Проектирование земленых работ и устройство.  

 

 



151 

 

Жетписбаева М.А., Базарбаев А.Т. 



 

ГИДРАВЛИЧЕСКАЯ  ПРОМЫВКА ВОДОХРАНИЛИЩА «АКЕШКИ» В 

АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ 

 

В статье изложены гидравлическая промывка наносов гидротехнических сооружений 



водохранилищного  гидроузла  Акешки.  Выполнены  расчёты  гидравлической    промывки 

наносов.  Определены  скорость  волны  для  смыва  наносов.  Так  же  выполнены  расчеты 

механической  очистки  наносов  в  водохранилище  «Акешки».  По    объему  отложившихся 

наносов  в  водохранилище    выбраны  техника  для  механической  очистки.  Определена  и 

сопоставлена  экономическая  эффективность  гидравлической  промывки  и  механической 

очистки.  И  наиболее  выгодным  оказалось  гидролическая  промывка  наносов  из  верхнего 

бьефа водохранилищного гидроузла Акешки. 

Ключевые слова; водохранилище, мгновенно открывающееся затвор, аккумулирующий 

емкость, тракт, наносы, напор. 

 

 

Zhetpisbayeva M.A., Bazarbayev A.T. 



 

THE HYDRAULIC FLUSHING OF RESERVOIR AKESHKI IN 

 ALMATY REGION 

 

In the article expounded hydraulic washing of alluviums of hydrotechnical building of the 



storage pool hydro-electric station of Akeshki. Accomplished the calculations of hydraulic flushing 

alluviums. Spotting the speed of wave for washout alluviums. So and accomplished the calculations 

of mechanical cleaning alluviums in reservoir Akeshki.On the cubic capacity of отложившихся 

alluviums in reservoir picked technician for mechanical cleaning.Spotting and compared the 

economic efficiency of the hydraulic flushing and the mechanical cleaning.And most favourable has 

appeared the гидролическая flushing of alluviums from the up бьефа водохранилищного hydro 

system Akeshki. 

Key words; The reservoir, instantaneous opening the lock, accumulating the capacity, 

highway, the alluvium, the pressure of water. 

 

 

УДК 631.4 



   Жорабекова Ж.Т., Ақашева А.С.  

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 



      əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

 

ҚАЗАҚСТАН  ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ  ҚАЗІРГІ  КЕЗДЕГІ  ӨЗГЕРІСТЕРІ 



 

Аңдатпа  

Мақалада еліміздің топырақтарының қазіргі кездегі өзгерістері жайында жəне топырақ 

жамылғысын тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, қорғау жолдары 

айтылады.  



Кілт  сөздер:

  топырақ,  топырақ  құнарлылығы,  топырақ  жамылғысы,  топырақ 

деградациясы, гумус. 

 

Кіріспе

  

Қоршаған  ортаның  жəне  қоғамның  тұрақты  даму  принциптерін  орындауда  топырақ 



қорларын қорғау жəне тиімді пайдалану мəселелері маңызды орын алады. Себебі топырақ өзі 

152 

 

тіршіліктің туындысы бола тұрып, сол тіршіліктің өмір сүруінің негізі болып табылады. Ал, 



қазіргі  кезеңде  топырақтар  қоғамның  іс-əрекетінің  нəтижесінде  көптеген  өзгерістерге 

ұшырауда. Бұл замануи өзгерістер мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан топырақ қасиеттерін 

қайта қалпына келмес жағдайларға əкеледі. 

 Бір  кездерде  адам  табиғатты  бағындыруды  мақсат  тұтып,  жерді  жөн-жосықсыз 

жыртып,  топырақты  эрозияға  ұшыратты.  Соның  салдары  бүгінгі  таңда  топырақ 

жамылғысына үлкен қауіп төндіріп тұр. Бүгінде тəуелсіз Қазақстанда ғана емес бүкіл əлем 

алдында топырақ экологиясының мəселелері туындап тұр.  

Жалпы  табиғи  ресурстарға  түсетін  антропогендік  салмақтың  ұлғаюынан,  оларды 

тиімсіз  пайдаланудан  туатын  заманауи  экологиялық  мəселелер,  күмəнсіз  Қазақстан 

территориясының  топырақ  жамылғысына  өзінің  кері  əсерін  тигізбей  қоймайды. 

Экологиялық  жағдайдың  тұрақсызданырылуы  барлық  табиғи  зоналарда  топырақтың 

деградациясына əкелді. 

 Қазақстан  топырақтарының  қазіргі  экологиялық  жағдайлары  туралы  айтпай  тұрып, 

олардың табиғи экологиялық жағдайларын, таралу заңдылықтарын айтып кету керек. Себебі 

замануи  топырақтардың  экологиялық  өзгерістері  қоршаған  ортада  болып  жатқан 

антропогендік  əсерлдердің  нəтижелерінен  пайда  болған.  Олар  топырақтардың  түрлерімен, 

қалыптасуымен, қасиеттерімен жəне пайдалану жолдарымен тікелей байланысты.  

Қазақстанның  топырақ  жамылғысы  өте  бай  жəне  алуан  түрлі  келеді.  Ол  республика 

территориясының  ірі  көлемімен (272,4 млн  га),  биоклиматтық,  орографиялық 

жағдайларының, топырақ түзуші тау жыныстарының əртүрлілігімен сипатталады. Тек жазық 

жерлерде  ғана  химиялық,  физикалық,  биологиялық  қасиеттерімен,  құнарлылығымен 

ажыратылатын жеті жүзден астам топырақ түрлері кездеседі [1].  

Қазақстанның  территориясы  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  төрт  табиғи  зоналарды 

қамтиды:  орманды-дала,  дала,  шөлді-дала  жəне  шөл.  Орманды-дала  республиканың  ең 

солтүстік  бөлігін  алып  жатыр,  көлемі  небары 0,4 млн  га.  Топырақтары  орманды  сұр, 

сілтісізденген  жəне  шалғынды-қаратопырақтар.  Топырақтың  беткі  қабатындағы  гумус 

мөлшері 8-9%. Орманды-дала зонасы оңтүстікте дала зонасымен алмасады, көлемі 25,4 млн 

га.  Топырақтары  кəдімгі  қаратопырақтар  жəне  оңтүстік  қаратопырақтар,  кейде  сортаң 

топырақтар кешені кездеседі. Кəдімгі қаратопырақтарда гумустың мөлшері 7,5-8%, егістікте 

пайдаланатын  топырақтарда  оның  мөлшері 5-6% дейін  төмендеген.  Оңтүстік 

қаратопырақтарда гумус 5-7% мөлшерде, ал пайдаланып жүрген топырақтарда 3- 4 %- дейін 

төмендеген. 

Күңгірт  қарақоңыр,  қарақоңыр  топырақтар  құрғақ  дала  жағдайында  қалыптасқан. 

Құрғақ дала зонасының көлемі 90,4 млн га. Гумус мөлшері 3,5-4,5%, егістіктегі жерлерде 2-

3%  құрайды.  Қазіргі  кезде  қаратопырақты  жəне  қарақоңыр  топырақты  жерлер  толық 

игерілген. Шөлді-дала зонасы дала мен шөл зоналарының арасында орналасқан. Бұл жерде 

ашық  қарақоңыр  топырақтар  таралған.  Олардың  арасында  сортаңданған  топырақтар 

кездеседі. Гумустың мөлшері 2-3% құрайды [2].  

Шөлді  зонада  (көлемі 119,2 млн  га)  құба,  сұр-құба  топырақтар  таралған.  Бұл 

топырақтарда  гумус  мөлшері  өте  төмен,  карбонаттары  мол  болады.  Шөлді  топырақтар 

жайылым ретінде пайдаланылады, егіншілік бұл жерлерде тек қана суармалы жағдайларда 

болуы мүмкін.  

Барлық зоналарда зоналық топырақтармен қатар интразоналды топырақтар кездеседі. 

Олар – шалғынды, шалғынды-батпақты, батпақты, сор, сортаң топырақтар. 

Қазақстанның оңтүстік шығысында таулы топырақтар таралған. Таулы алқаптар 31 млн 

га  жерді  алады.  Қазақстанда  бес  ороклиматтық  аумақтар  ажыратылады:  Алтайдың 

Солтүстік-Батыстық,  Алтайдың  Оңтүстікті,  Солтүстік  Тянь-Шяньдық,  Орталық-Азиялық, 

Батыс Тянь-Шандық. Олардың өздеріне тəн тік белдеулік топырақтары қалыптасқан. Биік 

таулы  тундралық  шалғынды,  шалғынды-далалы  топырақтар  жаздық  жайылымдар  ретінде 

пайдаланылады.  Таулы  тайгалы  жəне  оларға  қосымша  топырақтардың  су  қорғайтын 

маңыздылығы бар, жəне мал жайылымды, шөп шабындықты жерлер. 


153 

 

 Таулы-далалы,  таулы  қаратопырақтар,  таулы-сұр  топырақтар,  жайылымдар  жəне 



шабындықтар. Алтай тауларының етегіндегі орманды-сұр, қаратопырақтар жəне қарақоңыр 

топырақтар  тəлімі  егіншілікте  кең  пайдаланылады.  Солтүстік  Тянь-Шань  тауларының 

етегіндегі қаратопырақтар, қарақоңыр жəне сұр топырақтар суармалы жəне тəлімі егіншілкке 

толық  игерілген  (дəнді  дақылдар,  құнды  жеміс-жидек  жəне  техникалық  қант  қызылшасы, 

темекі). Батыс Тянь-Шань тауларының қоңыр, сұр-қоңыр топырақтар жəне сұр топырақтарда 

игерілген, онда тəлімі жəне интенсивті суармалы егіншілік дамыған  (дəнді дақылдар, жылы 

сүйгіш жəне жеміс-жидекті дақылдар – мақта, жүзім жəне т.б.) [3]. 

Сонымен Қазақстанның топырақтарының түрлері олардың қалыптасқан экологиялық 

жағдайлары,  топырақты  деградацияға  ұшырататын  факторлары  да  əр  аймақта  əр  түрлі. 

Мысалы, солтүстікте негізгі егіншілік жəне игерілген тың  аймағы болған жерлерде топырақ 

эрозиясы,  топырақ  дегумификациясы  деген  проблемалар  туындайды  жəне  тек  қана  гумус 

мөлшері  азаймайды,  оның  сапалық  құрамдары  да  өзгріске  ұшырайды.  Гумус  заттарының 

құрамында  гумин  қышқылдары  азайып,  фульвоқышқылдары  басым  болады.  Орталық 

Қазақстанда қазба байлықтар алынатын жерлерде техногенді факторлар басым болып, жер 

бедерлері  қатты  өзгерістерге  ұшырайды.  Ірі  қалалар  мен  өндіріс  орталықтарының 

төңірегінде  топырақтардың  антропотехногендік  ластануы  байқалады.  Қара  жəне  түсті 

металлургия орналасқан аймақтарда топырақтың құрамында ауыр металдар мөлшері жылдан 

жылға  өсіп  бара  жатқаны  байқалады.  Мысалы,  көптеген  зерттеушілердің  мəліметтері 

бойынша    Шығыс  Қазақстандағы  Өскемен,  Риддер  жəне  Зырьяновск  қалаларының 

топырақтарында ауыр металдардың ішінде мырыш, қорғасын жəне мыс деңгейлері шектік 

рауалы концетрациядан (ШРК) 2-5 есе артық екені анықталған. Балхаш, Жезқазған, Сатпаев 

қалаларының айналасындағы топырақтарда мыс мөлшері ШРК дан 3-5 есе, кейбір жерлерде 

тіпті 10 есе асқаны көрсетіледі. Оған қосымша бұл аймақтарда  жайылым жерлердің тозуы 

байқалады. Қазіргі таңда 86 млн га жайылым жерлердің 4,6 млн га жерлері істен шыққан, 

себебі  олар  ауылды  мекендер  төңірегінде  орналасқан.  Мал  көбінесе  сол  төңіректерде 

жайылып,  малдың  тұяғымен  топырақтың  беткі  қабаттарын  шаңдандырып,  оларды  жел 

эрозиясына  ұшыратады.  Оңтүстік  тау  етегі,  оңтүстік–шығыс  облыстарында  суармалы 

егіншілік  салдарынан  су  эрозиясы,  мелиоративтік  мəселелер  туындайды.  Суармалы 

егістіктерде  топырақтың  екінші  рет  сорлану  процесі  орын  алады.  Қазақстанның  батыс 

облыстарында қазіргі кездегі негізгі ластанудың түрі мұнаймен ластану, болып табылады. 

Соның салдарынан топырақтарға үлкен зиян келуде [4, 5].  

Жалпы  мəліметтерге  сүйенсек,  қазіргі  кезде  Қазақстанда  əр  түрлі  деңгейде  бүлінген 

топырақтарды қамтитын мынадай аумақтарға бөлінген: 

1. Солтүстік-Қазақстандық аумақ. Егіншілікте пайдаланып жүрген қаратопырақтар 

жəне  қарақоңыр  топырақтар  шекарасында.  Топырақ  экологиясы  гумустың  азаюымен, 

құнарлылығының төмендеуімен, жел жəне су эрозиясының ұлғаюымен сипатталады. 

2. Батыс-Қазақстандық аумақ. Мал шаруашылығындағы, мұнай өндірісіндегі қоңыр 

жəне  шөлді  құба  топырақтар  шекарасында.  Топырақтың  жайылымдық  жəне  техногенді 

деградациясы,  ал  суармалы  жерлерде  топырақтардың  екінші  рет  сорлануы  байқалады. 

Топырақтың мұнай өнімдерімен, химиялық заттармен, шайынды сулармен ластануы орын 

алған.  Мұнай  өндірісінің  салдарынан 100 мың  га  жер  бүлінген.  Каспий  теңізінің 

трансгрессиясы салдарынан теңіз жағасындағы топырақтар батпақтануда. 

3.  Орталық-Қазақстандық  аумақ.  Үлкен  өндірісі  жəне  ауылшаруашылығы  дамыған 

аумақ.  Топырақтың  техногендік  бүлінуі,  өндірісітік  жəне  ауылшаруашылықты  ластану. 

Бұрынғы ядролық Семей полигонының территориясында 2,0 млн га қарақоңыр топырақтар 

радионуклидтармен  ластанған.  Бетпақдала  платосында  радионуклидтерге  қоса  сұр-қуба 

топырақтар ғарыштық-космостық қалдықтармен ластанған. 

4. Арал өңірі, шөлді құба топырақтар шекарасы. Бұл жерде суармалы егіншілік, мал 

шаруашылығы,  кейбір  жерлерде  мұнай  өндіру.  Бұл  экологиялық  апатқа  ұшыраған  аймақ, 

қарқынды шөлдену, тау-кен өндірісі.  



154 

 

5.  Оңтүстік  Қазақстандық  аумақ.  Су  эрозиясы,  екінші  рет  сорлану,  батпақтану, 



суармалы топырақтардың улы химиялық заттармен ластануы орын алған. Тау беткейлерінде 

сұр  топырақтардан  биік  таулы  альпілі  шабындыққа  дейін  топырақ  жамылғысында 

жайылымдық  деградациясы  байқалады.  Шаруашылықты  жүйесіз  жүргізу  жалғаса  берсе 

эрозияғы қарсы тұратын топырақ-өсімдік жамылғысы жойылу қауіпі бар.  

 

Осы көрсетілген топырақ-экологиялық шеңберлерінде ірі индустриалды орталықтар, 



карьерлер  т.б.  төңірегінде  өндірістік  ластану  зоналары  белгілендеі.шығыс  Қазақстанда 

қорғасын, цинк, кадмий жəне мышьякты, Батыс Қазақстанда – хром жəне т.б. Қазақстанда 22 

млрд қатты қалдықтар, соның ішінде улы өндіріс қалдықтары жиналған. Оның мөлшері жыл 

сайын 1 млрд т көбейеді, атмосфераға 5 млн т ластаушы заттар шығарылады.  

Сонымен  Қазақстан  топырақтарының  қазіргі  кезеңдегі  өзгерістерін  ескеріп, 

экологиялық  жағдайын  жақсарту  қажет  екені  айқын.  Бұл  мəселе  топырақты  тиімді 

пайдалануды,  топырақ  құнарлылығын  қалпына  келтіруді,  қорғауды  көздейтін  арнайы 

экологиялық мониторингті зерттеулер жүргізуді талап етеді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет