Ізденістер, №1 исследования, НƏтижелер 2015 результаты



Pdf көрінісі
бет27/66
Дата15.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#9299
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66

Заключение 

Основными задачами обеспечения устойчивого развития сельских территорий можно 

считать задачи оценки ресурсного потенциала территорий, создание и введение в практику 

системы  сбалансированных  индексов  и  индикаторов  показателей  развития  территорий  (в 

целом  и  по  отраслям  хозяйствования).  Определены  тенденции  и  динамики  развития, 

природных и социально-экономических процессов, произведены нормирование показателей 

индексов  и  индикаторов  развития  и  аудит  состояния  территории  по  системе  выбранных 

сбалансированных показателей, индексов и индикаторов. Результаты аудита хозяйственной 

и  управленческой  деятельности  на  территории  выражаются  в  виде  совокупности  оценок 

рисков  и  потенциалов  территории.  После  этого  определяются  планировочные  и 

инвестиционные  планы  и  мероприятия,  определяющие  конкретные  инновационные  и 

инвестиционные 

процессы 

и 

программы, 



создание 

центров 


по 

подготовке 

квалифицированных производственных и управленческих кадров.  

 

Литература 

 

1.

 



Землеустроительное  проектирование.  Под  редакцией  М.А.  Гендельмана,  Астана, 

ТОО «ЭВЛЮ», 1999. 

2.

 

Скрынников Е. Устойчивое развитие сельских территорий. М., 2009. 



3.

 

Белоусов В.И. и др. Устойчивое развитие сельских территорий: теория и практика. 

Воронеж, Истоки, 2005. 

 

Қадыр Ш.Қ., Бектанов Б.Қ. 



 

АУЫЛДЫҚ АУМАҒЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ  

ЖƏНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

 



Аңдатпа    Мақалада  территория  қорының  потенциалын  бағалау  жəне  елді  мекен 

территориясының  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  негізгі  мəселелер  қарастырылған. 

Əлеуметтік-экономикалық  процестердің  жəне  табиғи  потенциалдың  даму  тенденциялары 

анықталған. 

 

Кілт  сөздер:  ұйымдастыру,  тұрақты  даму,  басқару  жүйесі,  инвестиция,  əлеуметтік-

экономикалық даму. 

 

Kadyr Sh.K., Bektanov B.K.  



 

ORGANIZATION AND STRATEGY OF THE SUSTAINABLE DEVELOPMENT 

RURAL TERRITORIES 

 


195 

 

Annotation  In article the main objectives of providing a sustainable development of rural 

territories and an assessment of resource capacity of territories are considered. Tendencies of 

development of natural and social and economic processes are defined. 



Keywords: organization, sustainable development, control system, investment, social and 

economic development. 

 

 

ƏОЖ: 634.11:632.4.(574.51) 

 

Қадырбекова Ж.Д.,  Жұманова Ж.К.,  Көпжасаров Б.К. 



 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті,  

Қазақ өсімдік қорғау жəне карантин ғылыми-зерттеу  институты 

 

АЛМАНЫҢ ТАЗ ҚОТЫР АУРУЫНА  ҚАРСЫ ФУНГИЦИДТІҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Аңдатпа   

Бұл  мақалада  алма  таз  қотырына  қарсы  строби, 50% с.д.т,

 

раек  э.к.  жаңа 



фунгицидтердің   тиімділігі  зерттелді.   

Кілт сөздер:

 Таз қотыр, апорт сорты,  мақпал өңез, жапырақ, фунгицид. 

 

Кіріспе  

Алма таз қотыры 60-жылдардың бас кезінде Алматы аймағында сирек тіркеліп жəне 

біртіндеп Қазақстанның оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бақша шаруашылығының өндірістік 

аймақтарында  кеңінен  тарай  бастады.  Алма  таз  қотырының  күшті  эпифитотиясы  оның 

қоздырушыларына ауа райы қолайлы болғанда 80-90 жылдары белең алды. 

Аурудың  дамуына  ауа  райы    жағдайы  қатты  əсер  етеді,  көктем  мен  жаздың  бірінші 

жартысы  ылғалды  болған  сайын,  сол  құрлым  жемістер  мен  жапырақтарда  көп  кездеседі. 

Жəне керісінше, жаз құрғақ болса, əсіресе көктемде, ағаштарда таз  қотыр аз болады [1]. 

Алма таз қотыры – шекілдеуік тұқымдастарында кеңінен таралған ауру. Жапырақтар 

мен  жемістерді  залалдайды.  Жапырақтарда  сарғыш  түсті  домалақ  дақтар,  споралардан 

тұратын  мақпал  өңездер  пайда  болады.  Алмада  таз  қотыр  дақтары  көбінесе  жапырақтың 

сыртқы  бетінде  пайда  болады.  Қатты  залалданған  жапырақтар  түсіп  қалады,  ағаштардың 

жалпы  жағдайында  көрініс  табатыны – өсуі  тежеледі,  суыққа  төзімділік  төмендейді. 

Жемістерде  таз  қотыр  қоңыр  дақ  түрінде  пайда  болып,  бастапқыда  мақпал  өңезбен  жəне 

ақшыл  түсті  шеңбермен  қоршалады.  Жемістерде  тозданған  ұлпа  жиі  жарылып  кетеді. 

Аурумен ерте залалданғанда  жемістердің пішіні бұзылады, ол өнімнің тауарлық сапасын өте 

қатты түсіреді. Залалданған жемістер жақсы сақталмайды [2]. 

Республикамыздағы  фитосанитарлық  жағдай  жеміс  өндіруге  үлкен  қауіп  төндіреді. 

Улы химикаттарды қолдану шарасына бақылау жүргізілмегендіктен, вегетациялық кезеңде 

бақта  кейбір  жылдары 8-10 химиялық  өңдеу  жүргізеді.  Осыған  байланысты,  химиялық 

өңдеудің мөлшері мен қайталануын, пестицид шығыны ұлғайтып, өнім мен қоршаған орта 

ластанады.  Нəтижесінде,  доминантты  зиянды  организмдердің  резистентті  популяциясы 

қалыптасады. 

Көпжылдық  жеміс  ағаштарының  зиянды  организмдерімен  күресуі  тек  препараттар  

ассортиментін үздіксіз алмастырып отыру кезінде ғана мүмкін, себебі бір пестицидті бірнеше 

рет қолдану, зиянды организмдердің оған бейімделуіне себеп болады. Қорғау əсері жоғары 

жəне  əсер  ету  бағыты  бар    жаңа  пестицидтерді  қолдану,  персистенттілігі  төмен  жəне 

резистенттілігі  жоқ,  қорғау  шараларының  жүйесін  дифференциялауға  мүмкіндік  беріп, 

мерзімде бүркудің қайталанымын жəне гектарына шығын мөлшерін төмендетеді [3]. 

 

 



196 

 

Зерттеу нəтижелері  

Осы мəселеге байланысты алма таз қотырына қарсы жаңа фунгицидтердің тиімділігін 

бағалауды егістік тəжірибесінде жүргіздік. Тəжірибе «Бадалов» шаруа қожалығында апорт 

сортына 3 қайтара  жүргізілді. Бүрку ОРП-1 аспалы бүріккішімен бір ағашқа 5-6 л шығын 

мөлшерінде жүргізілді. 

Строби, 50% с.д.т – алма  ағашы  таз  қотырымен  күресетін  заманауи  жəне  тиімді 

фунгицид. Бұл препарат жергілікті-жүйелі əсерлі тобына жатады.  

Строби  фунгицидінің  қоршаған  ортаға  жəне  пайдалы  организмдерге,  соның  ішінде, 

араларға  басқа  препараттармен  салыстырғанда  қауіпсіздігі  басымырақ  болып  табылады. 

Строби – гүлдеу  фазасында  қолдануға  болатын  жəне  əсер  ету  мерзімінің  ұзақтығы  мен 

атмосфералық  құбылыстарға  тұрақтылығы  ерекшелігімен    бағаланатын  жалғыз  препарат.  

Онымен  өсімдікті  өңдегеннен    кейін,  жаңбыр  жауса  жасалған  жұмыс  босқа  жасалды  деп 

қауіптенбеуге  болады.  Препарат  ылғал  жапырақта  сонымен  қатар    салыстырмалы  төмен 

температурада (1-4

0

С)  өңдеуге  жарамды.  Бұл  фактор    ауру  қоздырғышы  жауын-шашын 



мерзімінде өте белсенді таз  қотыр ауруымен күресуде маңызды болып табылады.  

2013  жылдың  көктем  мезгілінің  ауа-райы  жағдайлары  алманың  саңырауқұлақ 

аурулары,  əсіресе  алма  таз  қотырының  дамуына  қолайлы  болды.

 

Біз  строби,  с.д.т 



фунгицидінің  тиімділігін 0,15 жəне 0,2 л/га  шығын  мөлшерінде  зерттедік,  эталон  ретінде 

раек, э.к. препараты – 0,15 жəне 0,2 л/га мөлшерінде қолданылды.

  

Өңдеу процессі жемістің жаңғақ тəрізді мерзімінде жасалды, ол кезде жапырақтардың 



залалдануы 23,6 даму деңгейі  7,2%  жəне  жемістің залалдануы 14,6  даму деңгейі  3,3%-ды  

құрды. 


Кестеде көрсетілгендей строби, с.д.т. фунгицидінің шығын мөлшері – 0,15 жəне 0,2 л/га 

қолданғанда биологиялық тиімділігі алманың таз қотыр ауруына қарсы, жапырақтарда  93,1-

94,5%,   жемістерінде 92,7 - 93,5%-ды құрды. Аурудың дамуы жаздың бірінші жартысында 

ең  жоғары  дəрежесіне  жетті.  Эталон  ретінде  қолданылған      раек,  э.  к.  препаратының 

биологиялық тиімділігі шығын мөлшері 0,2 л/га зерттеліп отырған препараттан сəл төмен 

болып жапырақтарында 93,8%, ал жемістерінде 92,7%-ды құрды.  

 

Кесте 1 – Алманың    таз  қотыр  ауруына  қарсы  строби  с.д.т.  фунгицидінің  биологиялық 



тиімділігі, 2014 ж. 

Тəжірибе 

нұсқасы 

Шығын 


мөлшері, 

кг, л/га 

Жапырақтар-

дың таз 


қотырмен 

залалдануы, %

Биология-

лық тиім-

ділігі, % 

Жемістердің 

таз қотырмен 

залалдануы, % 

Биологиялық 

тиімділігі, % 

Р R 

Р R 


Строби, с.д.т 0,15 

 

2,1 



1,0 93,1 1,8 

0,9  92,7 

Строби, с.д.т 

 

0,2 1,9 



0,8 94,5 1,6 

0,8  93,5 

Раек, к.э. 

(эталон) 

0,15 2,2 

1,1 92,4 2,0 

1,0  91,9 

Раек, к.э. 

(эталон) 

0,2 2,0 


0,9 93,8 1,9 

0,9  92,7 

Бақылау 

(өңдеусіз) 

- 29,4 

14,5  -  24,6 



12,3  - 

 

Сонымен  қатар,  біз  строби,  с.д.т.  препаратын  таз  қотыр  ауруына  қарсы  қолданған 



нұсқада өнімділік бақылаумен салыстырғанда 15,5 ц/га артық болғанын айқындадық. Строби  

с.д.т.  фунгицидімен бақтарды ауру қоздырғыштарға қарсы  өңдеу оң нəтижелерді көрсетті. 



197 

 

Сонымен, строби с.д.т, препараты алманың таз қотыр ауруының қоздырғышына қарсы 



өңдеу өнімнің тауарлық сапасын жақсартады жəне алма жемісін аурулардан қорғауда жоғары 

тиімділігін  береді.  Строби  с.д.т.,  фунгицидін  жеміс  шаруашылығымен  айналысатын 

шаруашылықтарға алманың  таз  қотыр ауруына қарсы ұсынамыз.  

Қорытынды  

Мақалада  строби    с.д.т  препаратының 0,2-0,15 л/га  мөлшерде  алманың  таз  қотыр 

ауруына  қарсы  биологиялық  тиімділігі  туралы  мəліметтер  келтірілген.  Строби,  с.д.т 

фунгицидімен өңдеу бақтарда таз қотыр ауруына қарсы  оңтайлы нəтиже көрсетті.  

 

                                                                    Əдебиеттер   

 

1.Исин М.М. Болезни сада. Алма-Ата, 1974.-247с. 



2.Сагитов  А.О.,  Джаймурзина  А.А.,  Туленгутова  К.Н.,  Карбозова  Р.Д.  Ауыл 

шаруашылық фитопотологиясы. Алматы, 2000. – 210б.  

3.Чумаков А.Е., Захарова Т.И. Вредоносность болезней сельскохозяйственных культур. 

М.,// Агропромиздат, 1990. -141с. 

 

Кадырбекова Ж.Д.,  Джуманова Ж.К., Копжасаров Б.К. 



 

ЭФФЕКТИВНОСТЬ ФУНГИЦИДА ПРОТИВ ПАРШИ ЯБЛОНИ 



 

          

В статье приводятся данные о биологической эффективности препарата строби, в.д.г. 

при нормах расхода 0,15-0,2 л/га против парши яблони. Обработка фунгицидом строби, в.д.г 

в насаждениях против болезни дала положительные результаты.  



 

Kadyrbekova J.D.,  Jumanova J.K.,  Kopzhasarov B.K. 

 

EFFICIENCY FUNGICIDE AGAINST APPLE SCAB 



 

          

In  an  embodiment, the  use  of  the  drug  strobe  against  scab  yields  were  higher than 

controls  at 15.5 kg / ha. Fungicide treatment  strobe   in  stands  against  diseases   have  yielded 

positive  results. 

 

 

 



ƏОЖ: 633.16: 632.4 

 

Қалдибаева Б.К., Сұлтанова Н.Ж. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ЖАҒДАЙЫНДА АРПАНЫҢ  

ҚАРА-ҚОҢЫР ДАҚ АУРУЫ 

 

Аңдатпа   

Бұл  мақалада  республиканың  оңтүстік-шығысында  арпаның  қара-қоңыр  дақ  ауруы 

зерттелді. 



Кілт сөздер: 

Тамыр шірігі, қоздырғыш,  алғы дақыл, сорттары, даму динамикасы. 



 

Кіріспе   

Арпа ежелден бері егіліп келе жатқан мəдени дақылдардың бірі жəне ол б.д. дейінгі X–

XV ғасырлардан белгілі. Дəнді дақылдардың ішінде ол ауа райының қолайсыз жағдайына ең 

төзімді дақыл болып саналады.  



198 

 

Л.Д. Казенастың (1974) деректері бойынша арпада саңырауқұлақтар қоздыратын тасты, 



тозаңды жəне жалған тозаңды қара күйелер, ақ ұнтақ, гельминтоспориозды жəне фузариозды 

тамыр  шірік,  сызықты,  сары  жəне  қортық  тат,  септориоз  бен  жиектелген  дақ, 

гельминтоспориозды теңбілдену ауруларының бірнеше түрлері (қара-қоңыр, торлы, жолақты 

жəне ринхоспориоз) кездеседі.  

Негізгі  зерттеу  нысаны  ретінде Bipolaris sorokiniana саңырауқұлақтары  қоздыратын 

арпаның  жапырақтары  мен  сабақтарында  кездесетін:  қара-қоңыр  дақ  ауруы  жəне  осы 

дақылдың Арна, Бəйшешек, Асыл, Ақжол жəне т.б. сорттары алынды. Аурулардың таралуы 

мен даму динамикасы жəне зияндылығы анықталды.  



Зерттеу нəтижелері   

Біздің негізгі мақсатымыздың бірі Алматы облысы жағдайында арпа егістерінде қара-

қоңыр  дақ  ауруының  дамуы  мен  таралуына  фитосантиралық  мониторинг  жүргізу.  Осы 

мақсатты  жүзеге  асыру  үшін,  біз  Алматы  облысы  жағдайында    Жамбыл,  Қарасай,  Талғар 

жəне  Еңбекшіқазақ  аудандарында,  арпаның  сүттеніп-балауызданып  пісу  мезгілінде 

мониторинг жүргізілді. 

 

1 кесте - Арпа егістерінде жапырақ дақтарының таралуы мен дамуы, % (Алматы облысы, 



2014 ж.) 

Аудан жəне шаруашылық 

Қара-қоңыр дақ ауруының  

көрсеткіштері, % 

таралуы, % 

дамуы, % 

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш  а/а,Үмбетəлі ш/қ 24,0 

5,0 


Қарасай ауданы, Үшқоңыр а/а 60,0 

5,8 


Қарасай ауданы, Қарағайлы, а/а 34,0 

6,4 


Қарасай ауданы, Қайнар а/а 30,0 

4,9 


Еңбекшіқазақ ауданы, Ават а/а

 

50,0 9,9 



Еңбекшіқазак ауданы, «Махмудов» ш/қ 60,0 

8,5 


Панфилов а/а, ЖШС «Байсерке Агро» 56,0 

6,9 


 

Арпа  егістерінен  жиналған  қара-қоңыр  дақ  ауруына  шалдыққан  жапырақ  үлгілері 

зертханада  жан-жақты  тексерілді.  Олардың  кесінділері  Петри  табақшаларында  ылғалды 

камерада термостатта 23-25

0

С аралығында 7-10 тəулік ұсталды. 4-5 тəуліктен кейін үстінде 



саңырауқұлақтың  жіпшумағы  мен  конидия  тасушылары  жəне  конидияларынан  тұратын 

селдірлеу  келген  сұрғылт  немесе  қара-сұр  өңез  пайда  болды.  Микроскоп  арқылы 

қарағанымызда саңырауқұлақ конидиялары жапырақ жасушасының саңылауларынан бірден 

немесе  топтап (2-3 тен)  шығатыны  анықталды. 10 тəуліктен  кейін B. sorokiniana 

саңырауқұлағы конидияларының биометриялық көрсеткіштері микрометр арқылы өлшенді. 

Нəтижесінде  Қарасай  ауданынан  бөлінген B. sorokiniana саңырауқұлағы  конидияларының 

көлемі ең ұзын (66,5 мкм) əрі енді (18,7 мкм) болып келетіні, сонымен қатар пернелер саны 

9-ға дейін жететіні анықталды. Ал Талғар ауданынан бөлінген саңырауқұлақ конидиясының 

мөлшері  керісінше,  əлдеқайда  майда  болды,  ол  Еңбекшіқазақ  ауданынан  бөлінген 

саңырауқұлақ конидиясынан 11 мкм дейін қысқарақ келетіні анықталды.  

 

2  кесте - Əртүрлі  аймақтардан  бөлінген B. sorokiniana саңырауқұлағы    конидияларының 



биометриялық көрсеткіштері 2013 ж. 

Жиналған жері 

Ұзындығы, мкм 

Ені, мкм 

Пернелер 

саны 


ауытқу 

шегі 


орташа 

ауытқу 


шегі 

орташа 


ауытқу 

шегі 


орта

ша 


Қарасай ауданы 12,0-66,5 

54,6 


17,5-24,5 

19,2 


4-9 

5-6 


199 

 

Енбекшіқазақ 



ауданы 

12,0-59,5 47,4 17,0-21,0 18,2  3-8 

3-7 

Талғар ауданы  



12,0-63,0 

49,2 


17,5-21,5 

19,0 


3-8 

5-7 


 

Біз  биылғы  жылы  арпаның  өсіп  өну  кезеңінде  Қазақ  егіншілік  жəне  өсімдік 

шаруашылығы ҒЗИ-ның базасында арпаның 13 сортына қара-қоңыр дақ ауруына беріктігін 

анықтау  жұмыстары  жүргізілді.  Нəтижесінде,  қара-қоңыр  дақ  ауруына  бағаланған 13 

сорттың біреуі де беріктік көрсетпеді.  Ауруға ең төмен шалдыққан жұлдыз сорты дамуы 

оның 1,0%-ды ал таралуы 5%-ды құрады. Қалған  асем, береке, ілек-1, арна, қарабалық 150 

сорттары беріктік танытып, оларда аурудың даму дəрежесі -  2,2-4,4%-ды құрады. Ал қара-

қоңыр дақ ауруына ең қатты шалдыққан сорттар бəйшешек, бота, мереке 150 жəне ақжол бұл 

жерде даму дəрежесі – 8,0-15,0%-ға дейін жетті, ал таралуы 32,0-60%-ды құрады сəйкесінше 

(3-кесте). 

 

3-кесте - Арпаның пайдалануға тіркелген жəне болашақты сорттарының жапырақтың   



теңбілдену ауруларына шалдығуы (ҚазЕжӨШҒЗИ) 

 

Сорттар 



Қара-қоңыр дақ ауруы 

таралуы % 

даму дəрежесі % 

ақжол 44,0  13,2 

əсем  

13,0 


3,0 

асыл  


8,0 

6,9 


береке 54 

17,0 


5,0 

бастама  

25,0 

8,5 


бота  

60,0 


11,0 

бəйшешек  

53,0 

15,0 


жайлау  

17,0 


3,0 

жұлдыз  


5,0 

1,0 


ілек-1 12,0  2,2 

арна  


9,0 

3,5 


қарабалық 150 

10,0 


4,4 

мереке 150 

32,0 

8,0 


 

Қорытынды   

Фитосанитарлық мониторинг нəтижесінде барлық аталған аудандарда аурудың дамуы 

5,0-9,9%-дан  аспады,  ал  аурудың  таралуы 24,0-60,0%-ды  құрады  сəйкесінше.  Біз  бақылау 

жүргізген арпаның 13 сорты қара-қоңыр дақ ауруына шалдығатыны айқындалды. 

 

Əдебиеттер   

 

1.  Казенас  Л.Д.  Болезни  сельскохозяйственных  растений  Казахстана.  Алма-Ата.: 

«Қайнар», 1974 . – с. 48-54. 

2.  Бекежанова  М.М.  Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  аймағында  арпаның 

гельминтоспориоз жəне ринхоспориоз ауруларымен күресу шараларын жетілдіру: автореф... 

канд. с.-х. наук. – Алматы, 2009. – 28с. 

3. Хасанов Б.А. Oпределитель грибов – возбудителей «гельминтоспориозов» растений 

из родов Bipolaris Drechslera и Exserohilum. – Ташкент.: ФАН, 1992.- С. 3-150. 

 

 

 



200 

 

Калдибаева Б.К.,  Султанова Н.Ж. 



 

ТЕМНО-БУРАЯ ПЯТНИСТОСТЬ ЯЧМЕНЯ В УСЛОВИЯХ  

ЮГО-ВОСТОЧНОГО КАЗАХСТАНА 

 

         

В статье приводятся данные по развитию и распростронению темно-бурой пятнистости 

ячменя  в  условиях  юго-восточного  Казахстана.  Описаны  биологические  особенности 

возбудителя  темно-бурой  пятнистости  гриба Bipolaris sorokiniana. Дана  оценка  сортов  на 

устойчивость к темно-бурой пятнистости листьев ячменя. 

 

Kaldibayeva B.K.,  Sultanova N.ZH. 



 

DARK-BROWN SPOT OF BARLEY IN A SOUTH-EASTERN KAZAKHSTAN 

 

          

The article presents data on the development and spreading dark-brown spot of barley in a 

southeastern Kazakhstan. Describes the biological characteristics of the pathogen dark brown spot 

fungus B. sorokiniana. Evaluated varieties  for  resistance  to  dark  brownleaf  of  barley. 

 

 

ƏОЖ: 633.16: 632.4 



 

Қалдибаева Б.К, Сұлтанова Н.Ж,  Алішеров Ж.Д. 

 

 



1

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 

2

Қазақ өсімдік қорғау жəне карантин  ғылыми-зертттеу институты 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ АРПАНЫҢ ҚАРА-ҚОҢЫР ДАҚ 

АУРУЫНА ҚАРСЫ ФУНГИЦИДТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ  

 

Аңдатпа  

Мақалада  Қазақстанның  оңтүстік-шығысындағы  арпаның  қара-қоңыр  дақ  аурына 

қарсы фунгицидттердің тиімділігі жайлы мəлімметер келтірілген. 

Кілт сөздер:

 арпа, фунгицид, биологиялық тиімділік. 



Кіріспе  

Қазақстанда арпа дəнді дақылдардың ішінде бидайдан кейін екінші орын алады. Əдеби 

мəліметтерге  сүйенсек  Қазақстан  Республикасында  арпаның  егістік  көлемі 2 млн/га 

шамасында екендігі белгілі.  

Арпа  дақылында  гельминтоспориозды  дақтардың  бірнешеуі  кездеседі.  Олар    торлы, 

жолақты,  қара-қоңыр  дақтар.  Ауру  қоздырғыштары Bipolaris sorokiniana Sacc, Drechslera 

graminea Ito (Helminthosporium gramineum Rabh), Drechslera teres Shoem саңырауқұлақтары 

болып табылады жəне олар жыл сайын арпа өнімін айтарлықтай төмендетеді.  

Арпаның  қара-қоңыр  дағы  жапырақта  өсіп  өну  кезеңінің  сүттеніп    пісу  кезінде  арпа 

жапырақтарында  дамуы 54,8% немесе  одан  жоғары  болады.  Арпа  қара-қоңыр  дақ 

гельминтоспориозының  бірнеше  түрі  бар. Bipolaris sorokiniana Sacc қоздырғышы  тамыр 

жүйесін зақымдап тамыр шірігін тудырады сонымен қатар масақпен дəнекте қара түсті ұрық 

түрінде,  ал  жапырақта  ауру  қоңырқай  дақ  формасында  кездеседі.  Алайда,  аурулармен 

күресудің ең тиімді күресу шаралары болып химиялық препараттарды, яғни фунгицидтерді 

қолдану болып табылады. 

Біздің зерттеулердің негізгі мақсаты болып арпа дақылының қара-қоңыр дақ ауруына 

қарсы фунгицидтердің биологиялық жəне шаруашылық тиімділігін анықтау.  

 

 



201 

 

Зерттеу əдісі  

Арпаның  қара-қоңыр  дақ  ауруының  дамуын  шектеуде  фунгицидтердің  тиімділігін 

анықтау үшін Алматы облысы, Талғар ауданы, «Байсерке Агро» ЖШС-ң арпа егістіктерінде 

Бəйшешек сортымен тəжірибе жүргізілді. Тəжірибе салынған мөлтектер көлемі 5-25 м

2

 дейін, 



4  мəрте-қайталаумен  салынды.  Егістікті  өңдеу  жұмыстары  арпа  дақылының  масақтану 

немесе аурудың пайда болу кезінде иыққа асатын бүріккіштер арқылы, бір гектарға 150 л 

сумен қосылып шашылды. 

Зерттеу нəтижесі

  

М.М.  Бекежанованың [1, 2], М.Қойшыбаевтың [3] жəне  тағы  басқа    мəліметтері 



бойынша  ауа  толқындары  арқылы  таралатын  ауруларға  қарсы  фунгицидтердің  тиімділігі 

республиканың оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс аймақтарындағы арпа егістерінде бұрын жете 

зерттелмеген.  

Біздің негізгі мақсат болып арпаның қара-қоңыр дақ ауруына қарсы фунгицидтердің 

тиімділігін анықтау. Тəжірибе нұсқалары тилмор (0,8 л/га), фоликур, 22,5%, э.к. (0,6 л/га), 

рекс С, 12,5%, с.к. (0,75 л/га), альто-супер, 33%  (0,5 л/га), бақылау.  

Нəтижесінде,  зерттелген  фунгицидтер  арпаның  қара-қоңыр  дақ  ауырына  қарсы 

айтарлықтай жоғары биологиялық тиімділік көрсетті. Ең жоғарғы биологиялық тиімділік 20-

шы күнде тилмор 0,8 л/га – 79,5% жəне рекс С, 12,5%, с.к. 0,75 л/га – 78,0%-ды препараттары 

көрсетті. Ал фоликур, 22,5%, э.к. 0,6л/га фунгицидінің биологиялық тиимділігі  36,3%-ды, ал 

альто-супер, 33%  0,5 л/га бұл көрсеткіш  66,1%-ға жетті. 

 

Кесте 1–Арпаның қара-қоңыр дақ ауруына қарсы фунгицидтердің биологиялық тиімділігі, 



2014 ж.  

Нұсқа 


Жұмсалу 

мөлшері, 

л/га 

Жапырақтың қара-қоңыр 



дақ ауруына шалдығуы, % 

Қара-қоңыр дақ ауруына 

қарсы биологиялық 

тиімділігі, % 

 10 

күн 20 


күн 10 

күнде 20 

күнде 

Тилмор 0,8 



15,6 

12,3 


61,0 

79,5 


Фоликур, 22,5%, 

э.к. 


0,6 30,2  38,3  24,6  36,3 

Рекс С, 12,5%, с.к. 0,75 

18,5 

13,2 


53,8 

78,0 


Альто-супер, 33% 

0,5 


26,9 

20,4 


32,9 

66,1 


Бақылау - 

40,1 


60,2 



 

Аталған  препараттардың  арпа  дақылының  масағының  ұзындығы  мен  масақта  дəн 

байлануына  жəне 1000 дəннің  салмағына,  сонымен  қатар  өнімділігіне  əсері  анықталды. 

Препараттардың барлығы бұл көрсеткіштерге оң əсер ететіні анықталды.  Мысалы, тилмор, 

фоликур жəне альто-супер  фунгицидтері қолданылған мөлтектерде масақшалар саны 1,0-1,3 

данаға  артты 1000 дəннің  салмағы 1,0-2,9 г  жоғары  болды.  Ал  ең  жоғарғы  қосымша  өнім 

тилмор 0,8 л/га нұсқасында болды – 3,2 ц/га, қалған нұсқаларда бұл көрсеткіштер – 0,5-2,1 

ц/га құрады. 

 

Кесте 2-Арпаның қара-қоңыр дақ ауруына қарсы фунгицидтердің шаруашылық тиімділігі, 



2014 ж.  

Нұсқа  


Жұмсалу 

мөлшері, 

л/га 

Масақтың 



ұзындығы, 

см 


Масақшалар 

саны, дана 

1000 

дəннің 


салмағы, г 

Өнім, ц/га

 

орта-


ша 

Сақ-


талған 

Тилмор 0,8 

8,4±0,2 

21,5±0,7 

51,5 

21,0 


3,2 

Фоликур, 

22,5%, э.к. 

0,6 8,2±0,2 

20,9±0,4 49,9 

18,5 


0,5 

202 

 

Рекс С, 12,5%, 



с.к. 

0,75 8,0±0,1 21,1±0,5 

 50,6 

19,9 


2,1 

Альто-супер, 

33% 

0,5 8,5±0,2 



21,0±0,3 49,6 

19,1 


1,3 

Бақылау - 

7,2±0,1 

19,9±0,5 

48,6 

17,8 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет