Ізденістер, №1 исследования, НƏтижелер 2015 результаты



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата15.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#9299
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66

Қорытынды  

Қорыта  келгенде,  Қазақстанның  оңтүстік-шығысындағы  арпаның  қара-қоңыр  дақ 

аурына қарсы фунгицидттердің тиімділігі айтарлықтай жоғары болып қосымша өнім алуға 

мүмкіндік туғызды.  



 

Əдебиеттер  

 

1.  Бекежанова  М.М.  Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  аймағында  арпаның 

гельминтоспориоз жəне ринхоспориоз ауруларымен күресу шараларын жетілдіру: автореф... 

канд. с.-х. наук. – Алматы, 2009. – 28с. 

2.  Бекежанова  М.М.  Оңтүстік  жəне  оңтүстік-шығыс  аймақтарындағы  арпа 

егістіктерінде саңырауқұлақтар қоздыратын аурулардың таралуы // «Современные проблемы 

защиты  и  карантина  растений».  Материалы  Международной  научно-практической 

конференции, посвященной 90-летию со дня рождения Ж.Т. Джиембаева, Алматы, 2005, 398-

401 б. 

3. Койшыбаев М., Пономарева Л.А., Бекежанова М.М. Гельминтоспориозные болезни 

ячменя  в  Казахстане  и  эффективность  фунгицидов  против  них // Вестник  с.-х.  науки 

Казахстана, 2008, № 6, с. 16-20. 

 

Калдибаева Б.К.,  Султанова Н.Ж., Алишеров Ж.Д. 



 

ЭФФЕКТИВНОСТЬ ФУНГИЦИДОВ ПРОТИВ ТЕМНО-БУРОЙ ПЯТНИСТОСТИ 

ЯЧМЕНЯ В УСЛОВИЯХ ЮГО-ВОСТОЧНОГО КАЗАХСТАНА 

 

            Резюме  В статье приводятся данные по эффективности фунгицидов против темно-

бурой  пятнистости  ячменя  в  условиях  юго-восточного  Казахстана  и  данные  по 

биологической и хозяйственной эффективности фунгицидов.  

            Ключевые слова: ячмень, фунгициды, биологическая эффективность. 

 

 



Kaldibayeva B.K., Sultanova N.Zh., Alysherov Zh.D. 

 

EFFICIENCY FUNGICIDES AGAINST DARK-BROWN SPOTTINESS OF BARLEY IN THE 

CONDITIONS OF SOUTH-EAST KAZAKHSTAN 

 

         Summary  Data on efficiency of fungicides against darkly brown spottiness of barley in the 

conditions of South-East Kazakhstan and data on biological and economic efficiency of fungicides 

are provided in article. 



         Keywords: barley, fungicides, biological efficiency. 

 

 



 

 

 



 

 

 



203 

 

ƏОЖ 332.54  



Қалменше Л.А. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

 

ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ  

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ  

 

Аңдатпа 

Мақалада  жер  ресурстарын  басқару  жүйесінің  құқықтық  үрдісін  құрудағы  негізгі 

бағыттар, жер  ресурстарын  басқарудың  негізгі  аспектілері  жəне  қоғамдық  қатынастарды 

да  реттейтін  заңнамалар  мен  жер  заңдарын  сəйкестендіру  мақсатында  Қазақстан 

Республикасының Жер кодексінде өзгерістер мен толықтырулар жазылған. 



Кілт сөздер

: жер, жер ресурстарын басқару. 

 

Кіріспе  

Жер  ресурстарын  басқару    жер  қатынастарын  өндірістік  күштер  мен  қалыптасқан 

өндірістік  қатынастарға  сəйкес  келтіру  мақсатында  жер  қатынастарының  жүйесін  реттеу 

жəне  жер  қорын  мейлінше  ұтымды,  тиімді  пайдалануда  қамтамасыз  ететін  мемлекеттік 

құқықтық,  ұйымдастырушылық,  жоспарлы-экономикалық  шаралардың  жиынтығын 

қамтиды [1]. Сондықтан  жер  ресурстарын  басқару – бұл  күрделі  ұйымдасқан  жүйе.  Ол 

келесідей аспектілерден тұрады: 

 



саяси,  жер  ресурстарын  ұтымды  пайдалану  жөніндегі  əлеуметтік-саяси, 

экономикалық жəне экологиялық міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді; 

 

əкімшілік-басқару,  жер  ресурстарын  басқару  органдарының  жүйесін  құрумен, 



олардың  өкілеттіктерін  ажыратумен,  олардың  өзара  келісімделген  функцияларды 

орындауын ұйымдастырумен байланысты болады; 

 

құқықтық,  заңнамалық  актілерде  бекітілген  құқықтық  нормалар  негізінде  жерді 



ұтымды пайдалануды жəне қорғауды қамтамасыз етеді; 

 



ғылыми,  ғылыми-техникалық  прогресс  жетістіктерін  ескерумен  бірге,  жер 

ресурстарын басқару жөніндегі ғылыми нұсқаулар дайындаумен байланысты болады; 

 

экономикалық, жерді тиімді пайдалану жағдайларын айқындайды; 



 

енгізу, жерді ұтымды пайдалану жəне қорғау бойынша экономикалық, əлеуметтік 



жəне  басқа  да  тетіктерді,  ынталандырулар  мен  іс-шараларды  дайындап,  жүзеге  асырумен 

байланысты болады.  

Осы  аспектілердің  ішінде  негізгі  бір  түрі – құқықтық.  Бұл  аспектінің  мақсаты - 

заңнамалық  актілерде  сəйкес    жерді  ұтымды  пайдалануды  жəне  қорғау.  Жерді    ұтымды 

пайдалану  жəне    қорғауды  қамтамасыз  ететін  негізгі  заңнамалық  акт 2003 жылғы 20- 

маусымда  №442 қабылданған Жер кодексі. Бұл кодексте жерге байланысты негізгі ереже-

лер, жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы жəне жерге өзге де заттық құқықтар, жер 

санаттары,  жерді  қорғау,  мемлекеттік  бақылау,  жерге  орналастыру,  мониторинг  жəне  жер 

кадастры,  жер  заңдарының  орындалуын  қамтамасыз  ету  жəне  қорытынды  ережелер 

қарастырылған [2]. 

Жер  кодексінің  ережелерін  жүзеге  асырудың  стратегиялық  жоспарларының  негізгі 

бағыттарының бірі жоғары өнімді, экологиялық тазалыққа бағытталған жəне лайықталған 

жер  пайдалану,  жерге  орналастыруды,  жер  ресурстарын  басқарудың  экономикалық 

тетіктерін жетілдіру, жер заңнамасының сақталуын бақылауды қалыптастыру арқылы жер 

ресурстарын ұтымды пайдалану жəне қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 

Ағымдағы  жылы  жер  қатынастарын  реттеуде,  жерді  пайдалануы    бойынша  түрлі 

деңгейдегі құқықтық нормативтік актілер қабылданған. Басқада қоғамдық қатынастарды да 

реттейтін  заңнамалар  мен  жер  заңдарын  сəйкестендіру  мақсатында  Қазақстан 



204 

 

Республикасының Жер кодексінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Олар: 



 

жер телімідерін ықылассыз қараушылар тізімін құру жəне жүргізу; 



 

жер  иеленуші  немесе  пайдаланушылар  келісім  шарттағы  көрсетілген  шарттарды 



орындамаған жағдайда жергілікті атқарушы орган бір жақты шартты бұзу құқығына ие болу; 

 



жер  иеленушілер  мен  жер  пайдаланушылар  егер  де  жер  телімдерін  дұрыс 

пайдаланбаса жəне жер заңдарын бұзған жағдайда мемлекет мəжбүрлеп алып қою бойынша 

жаңа тəртіп енгізу; 

 



шаруа  (фермер)  қожалығын  жəне  тауарлы  ауылшаруашылық  өндірісін  жүгізу  үшін 

жер телімдерін кезең-кезеңімен беруді жүргізу.  

 

мемлекеттік  жер  кадастрын  жүргізуді  жетілдіру  бағыты  бойынша  жасалатын 



жұмыстар түрін көбейту. 

Жер  заңын  алдағы  уақытта  жетілдіру  мақсатында  келесі  сұрақтар  мен  нормалар 

зерттеліп жатыр: 

 



жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін беру үрдісін жетілдіру; 

 



елді мекен шегінде жер учаскелеріне құқықтарды беру тəртібінің бірнеше нұсқасын 

жасап жəне оны таңдап алу; 

 

«пайдаланбаған  жерлер»  жəне  «ауыл  шаруашылық  мақсатындағы  жерлерді 



пайдаланбау» ұғымын нақтылау; 

 



жерді сақтық қорда сақтау тəртібін дайындау. 

Қазақстан   Республикасында    жер    ресурстарын    басқару   жүйесін əрі  қарай  дамыту 

үшін  жер  құқығының  объектісі  ретіндегі  жерге  қатысты  құқықтық  қатынастарды  кешенді 

реттеуді  қамтамасыз  ететін  толыққанды жер заңдарын құру қажет. 

Бұл  объектінің  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып,  жер  ресурстарын  басқару  жүйесінің 

құқықтық механизмін құрудағы негізгі бағыттар келесілер: 

 

жерді негізгі табиғи ресурс ретінде құқықтық реттеу (жерді ұтымды пайдалану жəне 



қорғау мəселелері); 

 



жерді  меншік  құқығының  объектісі  ретінде  құқықтық  реттеу  (жер  учаскелері 

айналымының ерекшеліктерін белгілеу); 

 

жерді ұтымды пайдалану жəне қорғауды, оңтайлы жер пайдаланудың экологиялық 



нормативтерін  енгізу  іс-шараларын  əзірлеу  жəне  жүзеге  асыру  кезінде  ландшафтық-

экологиялық тəсілді кезең-кезеңмен іске асыру; 

 

əлеуметтік-тиімді  жер  нарығына  жəне  жерді  ұтымды  пайдалануды  жəне 



қорғауды экономикалық ынталандыруға көшу болып табылады [3]. 

 

Əдебиеттер 



 

1. Есполов Т.И., Сейфуллин Ж.Т. Жер ресурстарын басқару. – Астана: Парасат əлемі, 

2005. – 284 б. 

2.  Варламов  А.А.  Земельный  кадастр.  Том 2. Управление  земельными 

ресурсами  М.Колос С, 2004. – 528б  

3. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. – Алматы: Юрист, 2014. – 104б. 

 

Калменше Л.А. 



 

ОСНОВНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ СОВЕРШЕНСТВАНИЯ ПРАВОВОЙ МЕХАНИЗМ В 

УПРАВЛЕНИИ ЗЕМЕЛНЫМИ РЕСУРСАМИ  

 

В статье описаны основные направления  создания  юридического процесса управления 



земельными  ресурсами,  основные  аспекты    управления  земельными  ресурсами,  а  также 

законодательства,  регулирующего  общественные  отношения,  для  того,  чтобы  выявить 

изменения и дополнения в Земельный кодекс Республики Казахстан. 


205 

 

Ключевые слова: земля, управление земельными ресурсами. 

 

Kalmenshe L.A. 



 

THE MAIN DIRECTIONS OF A SOVERSHENSTVANIYE A LEGAL MECHANISM IN 

MANAGEMENT OF LAND RESOURCES  

 

The article describes the main areas of the legal process of creating land management, the 



main aspects of  land management, as well as legislation regulating public relations, in order to 

identify changes and amendments to the Land Code of the Republic of Kazakhstan.  



Key words: land, land management. 

 

 



ƏОЖ: 633.11:631.527.(574.25) 

 

Камали Ж., Сарбаев А.Т. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 

Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КҮЗДІК ҚАТТЫ БИДАЙ 

СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

Аңдатпа  

Мақалада  Қазақстанның  оңтүстік-шығысы  жағдайында  күздік  қатты  бидай 

сортүлгілерін  сары  тат  ауруына  төзімділігін  зерттеу  бойынша  жүргізілген  жұмыстардың 

нəтижелері  келтірілген.  Зерттеулерде  бидайдың  келешегі  мол  сорттарының  шаруашылық-

құнды қасиеттерінің белгілі бір көрсеткіштері бойынша ерекшеліктері айқындалған. 



Кілт сөздер: 

күздік қатты бидай, иммунитет, сары тат, төзімділік, сортүлгілер. 

 

Кіріспе  

Агроөнеркəсіп  кешені  Қазақстан  экономикасының  жетекші  салаларының  біріне 

жатады. Біздің мемлекетіміз қазіргі кезде астық экспорты бойынша дүние жүзінде алтыншы 

орынды иеленді. Экспорттың əлеуеті жылына 8-10 млн. тонна аралығында деп бағаланады. 

Қазақстандық астық əлемінің 40- тан астам еліне экспортталады [1]. 

Дəнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде 

дүниежүзінде 230 млн.га егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістері 35%-

ын құрайды, ал оның астық өнімі орта есеппен 25,4ц/га [2]. 

Өнімі  мол,  сапасы  жоғары  күздік  бидай  сорттарын  өндіріске  енгізу,  астық 

шаруашылығының  негізгі  мəселелерінің  бірі.  Бидайдан  мол  өнім  алу  себілетін  тұқымның 

сапасына,  сорттарды  өсіру  агротехникасына,  жергілікті  жердің  экологиялық  жағдайына, 

сорттардың ауруға төзімділігіне тығыз байланысты [3]. 

Сары тат бидай өсірілетін егістік аймақтарында кеңінен таралған. Бидай сорттарының 

сары татпен зақымдануы егін өнімінің жəне бидай дəнінің сапасының кемуіне əкеледі [4]. 

Қатты  бидай  өсіретін  барлық  мемлекеттер  үшін  негізгі  мəселе – оның  өнімділігін 

көтеру жəне тұқымның технологиялық сапасын арттыру. Дəнді дақылдардан жоғары жəне 

сапалы  өнім  алуға  саңырауқұлақ  ауруын  қоздыратын  əр  түрлі  патогендер  əсер  етеді. 

Қазақстанның бидай егістігінде сары тат (P. striiformis tritici) ауруы кеңінен таралған жəне 

аса зиянды болып есептеледі [5]. 

Бұл ауру түрі бидайды бүкіл вегетация бойы зақымдайды жəне осы уақыт аралығында 

өсімдіктегі  су  режимін  бұзады,  мезгілсіз  сабақтың  жəне  жапырақтың  қурауына  əсер  етеді 

жəне  дəнінің  сапасын  нашарлатады,  сол  себепті  бидайдың  өнімі  мен  сапалық  қасиеттері 



206 

 

төмендейді. Осыған байланысты аталған аурулармен күресу жəне тат түрлеріне төзімді жаңа 



сорттар шығару қатты бидай селекциясында аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады 

[6]


Зерттеу  мақсаты:  Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  жағдайындағы  күздік  қатты  бидай 

селекциясының иммунологиялық негіздері. 

Зерттеу əдістері мен материалдары

  

Зерттеу жұмыстары 2013-2014 жылдар аралығында теңіз деңгейінен 730 м биіктікте 



Іле  Алатауының  баурайындағы  жазықтықта  орналасқан  Қазақ  егіншілік  жəне  өсімдік 

шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тəжірибе стационарында жүргізілді.  

Егістік  алқапта  өскіндер  пайда  болғаннан  кейін  фенологиялық  бақылау  жүргізіле 

басталды. Аурулардың даму қарқыны өскін шыққаннан бастап дəн толысып піскенге дейін 

4-5  рет  есептелді.  Астық  дақылдарының  өсу  кезеңдері  Фикес  ұсынған  шкала  арқылы 

анықталды.  Жасанды  індет  аясын  қолдану  фитопатогендерге  төзімді  селекцияның  негізі 

болып табылады. 

1-кестеде  көрсетілген  қоздырғыштардың  қоршаған  ортаға  қоятын  талаптарына  сай 

2014  жылы  Алматы  облысы  жағдайында  жүргізілген  зерттеу  жұмыстарында  өсімдіктерге 

жасанды індет аясы 4 рет мамыр айының 03, 08, 21 жəне 31 жұлдызында жүргізілді.  

 

1 кесте - Жасанды індет аясын жасау барысында өсімдіктерге тат ауруларын жұқтыру үшін 



қажетті температура параметрлері  

 

Тат түрі 



Минимум 

Оптимум 


Максимум 

Сары тат 1 

10-15 

20-23 


 

Өсімдіктерге  жасанды  індет  аясын  қалыптастыру  үшін  бидай  сорттары  түптену 

кезінде  уредоспоралардың  сулы  ертіндісін  (індет  мөлшері 20 мг/м

2

)  егістікке  талькпен 



араластырылған  қоспасын  бүрку  арқылы  жүргізілді.  Бүркуден  кейін  дақыл  жақсы 

залалдануы үшін дақылдың беті полиэтиленді пленкамен жабылып, 24 сағат ылғалды камера 

жасалды. Пленка келесі күні күндізгі сағат 9-да жиналды. Себебі, күн ысып кеткен жағдайда 

бидай  күнге  күйіп  кету  қауіпі  бар.  Сары  татпен  зақымдану  дəрежесін  есепке  алу  үшін 

бақылау сорттарында ауру дамыған кезде (14-20 күн) анықталады. 

Сары  тат.  Зақымдану  дəрежесі  жапырақ  бетіне  таралуына  байланысты  Петерсон 

шкаласы 

бойынша (1-5-10-20-30-40- ... -80-90-100%) анықталды. 

Үлгілердің 

иммунологиялық  сипаттамасының  реакция  типін  Гасснер-Штрайб  шкаласы  бойынша 

анықталды. 

І-иммунды,  зақымдану  белгілері  жоқ; 0-іс  жүзінде  төзімді,  пустулалары  жоқ, 

жапырақта  некрозды  дақтары  бар; 1-өте  төзімді,  пустулалары  ұсақ,  көп  емес,  некрозы 

ұлпамен  қоршалып  шектелген; 2-біркелкі  немесе  орташа  төзімді,  некроз  дақтардағы 

пустулалары ұсақ; 3-біркелкі немесе орташа зақымданады, пустулалары орташа, некроздық 

дақтарда  олардың  тобы  бар; 4-қатты  зақымданады,  пустулалары  ірі  жапырақтың  бетін 

түгелдей жауып тұрады. Хлороз болуы мүмкін (сурет 1). 

 

Төзімді сорттар 



           Иммунды                        Іс жүзінде              Өте төзімді              Біркелкі немесе  

                                                       төзімді                                                  орташа төзімді            

 


207 

 

                                 Гетерогенді сорттар 



Шалдыққыш сорттар 

                              Гетерогенді                                      Орташа

                               

Қатты


  

                                                                                        зақымданған                     зақымданған                

 

Сурет 1 - Астық дақылдарының сары тат қоздырғышына реакциялық типін бағалау үшін 



қолданылатын Гасснер мен Штрайб шкаласы 

 

Зерттеу нəтижелері  

Жасанды індет аясында 2013-2014 жылдар аралығында 278 сортүлгі: соның ішінде, 

күздік  қатты  бидайдың  конкурстық  сорттық  сынау  көшетжайының  (КСС)-29  сортүлгілері 

сыналды.  

Инфекциялық  жағдайда  зерттелген  сорттардың 6,5%-ында  сары  жəне  қоңыр  татқа 

резистенттілік байқалды жəне сұрыптап алынды. 

 

2 кесте - Күздік қатты бидай сорттарының иммунологиялық көрсеткіштері (КСС), 2014 ж. 



 

 

 



2014  жылы  сыналған  күздік  бидайдың  сортүлілерін  стандарт  сорт  «Казахстанский 

янтарьмен»  салыстыра  келе  сары  тат  ауруына 9 сорүлгілері  төзімді  болды.  олар: 78/00-3, 

 

№ 

 



Сортүлгілер атауы 

Ауру түрі жəне залалдану 

дəрежесі, балл/% 

сары тат 

қоңыр тат 

2868 St. 

Казахстанский янтарь 3/30 

3/30 


2872 78/00-3 

2/20 


2/20 

2874 78/00-4 

2/10 

2/40 


2876 54372 

х Новин-3 2/40 

2/10 

2878 59372 



х Гергана-4 2/40 

3/30 


2880 15/92-7 

2/40 


3/30 

2882 7/00 

2/20 

3/30 


2884 

СИ-2-29 2/10 

2/40 

2886 4629 



х S-390 

2/20 


2/10 

2888 (485621 

Бахтиар)-1-6-4 2/20 



2/40 

2892 


М-947-6-2-1 2/10 

3/60 


2894 9/11 

2/50 


3/30 

2896 15/11 

2/50 

2/20 


2898 18/11 

2/50 


3/30 

2900 23/11 

2/50 

3/30 


2902 26/11 

2/40 


3/30 

2904 20/11 

2/50 

2/40 


2908 2/12 

2/50 


3/30 

2910 3/12 

2/50 

3/30 


2912 4/12 

2/50 


2/40 

2914 5/12 

2/50 

2/40 


2916 6/12 

2/10 


2/20 

2918 7/12 

2/50 

2/20 


2920 8/12 

2/50 


2/20 

2922 9/12 

2/50 

2/20 


2922 9/12 

2/50 


2/20 

2926 11/12 

2/50 

3/30 


2928 12/12 

2/50 


3/30 

2930 13/12 

2/50 

3/30 


2932 14/12 

2/50 


3/30 

2938 17/12 

2/50 

2/40 


208 

 

78/00-4, 7/00, СИ-2-29,  4629 х S-390, (485621 x Бахтиар)-1-6-4, М-947-6-2-1, 26/11, 6/12, ал 



қоңыр татқа төзімді сортүлгілер: 78/00-3, 54372 х Новин-3, 4629 х S-390, 15/11, 6/12, 7/12, 

8/12, 9/12.  

Екі тат түріне қоңыр тат пен сары татқа төзімділігі бойынша 78/00-3, 4629 х S-390, 

6/12 сортүлгілері ерекшеленді. 

Тат  ауруларының  дамуы  қоршаған  ортаның  климаттық  жағдайларына  байланысты, 

осы жылғы ауа-райының қолайсыздығы (ыстық жəне құрғақ ауа, жауын-шашын мөлшерінің 

аздығы) үлкен əсер етсе керек. 

Қорытынды  

Жүргізілген  зерттеу  жұмыстары  нəтижелерін  қорытындылай  келе,  жасанды  індет 

аясында  күздік  қатты  бидайдың  конкурстық  сортсынау  көшетжайында 29 сортүлгілері 

сыналды.  Сары  тат  пен  қоңыр  татқа  төзімділігі  бойынша 78/00-3, 4629 х S-390, 6/12 

сортүлгілері ерекшеленді. 

Инфекциялық  жағдайда  зерттелген  сорттардың 6,5%-ында  сары  жəне  қоңыр  татқа 

резистенттілік байқалды жəне сұрыптап алынды. 

 

Əдебиеттер  

 

1.  Оразалиев Р. А. Қазақстан бидайы. – Алматы: Қайнар, 1984. – 198 б. 

2. Апушев А.Қ. Егістік дақылдар селекциясы жəне тұқым шаруашылығы. – Алматы: 

ЖШС Полиграфкомбинат, 2012. – 488 б. 

3.  Турапин  В.П.  Ржавчинные  болезни  зерновых  культур  и  меры  борьбы  с  ними. – 

Алма-Ата,1991. – 48с. 

4.  Гешеле Э.Э. Болезни зерновых культур в Сибири. Москва 1954. – 84 с. 

5.  Георгиевская  Н.А.  Биологические  особенности  развития  желтой  ржавчины 

пшеницы.//итоги работ. IV Всес. Совещ по иммунитету с. –х. раст. – Кишинев, 1996. – Часть 

2. – 8 с. 

6. Андреев Л.Н., Плотникова Ю.М. Ржавчина пшеницы. Цитология и физиология. М.: 

Наука, 1989. – 10 с. 

 

Камали Ж., Сарбаев А.Т. 



 

ИММУНОЛОГИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ СЕЛЕКЦИИ ОЗИМОЙ ТВЕРДОЙ ПШЕНИЦЫ В 

УСЛОВИЯХ ЮГО-ВОСТОКА КАЗАХСТАНА 

 

Резюме    В  этой  статье  приводятся  результаты  исследований  сортообразцов  озимой 

твердой  пшеницы  по  устойчивости  к  желтой  ржавчине  на  искусственно-инфекционном 

фоне. 


Ключевые слова: озимая твердая пшеница, иммунитет, желтая ржавчина, устойчивость, 

виды сортов. 

 

                                                   

Kamali J., Sarbaev A.T. 

 

IMMUNOLOGICAL BASIS OF SELECTION OF HARD WINTER WHEAT UNDER THE 



SOUTHEAST OF KAZAKHSTAN 

             



           

Summary In this article the results of hard winter wheat accessions for resistance to yellow 

rust on an artificially-infectious background. 



Keywords:

 

hard winter wheat, immunity, yellow rust, resistance, kinds of varieties. 



 

 

 



209 

 

УДК 633.15:633.34;631.455.51 



 

Караева К.О.,  Елешев Р.Е. 

 

Казахский национальный аграрный университет 

 

ВЛИЯНИЕ УДОБРЕНИЙ НА ПИЩЕВОЙ РЕЖИМ ОРОШАЕМОЙ ЛУГОВО-

КАШТАНОВОЙ ПОЧВЫ ПОД СМЕШАННЫМИ ПОСЕВАМИ КУКУРУЗЫ И СОИ 

 

Аннотация  

В статье приведены данные результаты исследований, выполненных в 2012-2013 годы 

на орошаемой лугово-каштановой почве на совместных посевах кукурузы с соей. На лугово-

каштановых  почвах  предгорной  орошаемый  зоны  юго-восточного  Казахстана  определены 

оптимальные  нормы  и  сочетания  минеральных  и  органических  удобрений  на  совместных 

посевах  кукурузы  с  соей  по  изучению  влияние  удобрений  на  динамику  и  созданию 

питательных элементов. 

Ключевые слова: 

смешанный посев, кукуруза, соя, удобрения. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет