Выводы
Таким образом, сравнительное изучение однолетних растений показало, что по
кормовом отношении культуры, выращиваемые как зеленый корм, имеют значительные
преимущества по сравнению с фуражными культурами.
Наиболее высокой кормовой ценностью в зоне полупустынь Западно-Казахстанской
области обладает смешанный агрофитоценоз ячменя и суданской травы.
Литература
1. Насиев Б.Н. Изучение приемов повышения продуктивности полевых культур в
Приуралье / Б.Н. Насиев // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. – 2012. – № 5.
– С.7-11.
2. Насиев Б.Н. Оценка деградации растительного покрова кормовых угодий
полупустынной зоны / Б.Н. Насиев // Исследования и результаты: научн. практ. журнал /
КазНАУ. – 2012. – №1 (053). – С. 61-64.
3. Цой И.В. Сравнительная продуктивность бобово-злаковых смесей и их
агротехническая роль / И.В. Цой // Кормопроизводство. – 2010. – №12. – С. 18-21.
4. Васин В.Г. Кормовая продуктивность поливидовых посевов однолетних трав / В.Г.
Васин // Агро-Информ. – 2004. – № 61-62. – С. 19-23.
5. Дидигер B.K. Технологические приёмы возделывания поликомпонентной кормовой
смеси / В.К. Дидигер // Кормопроизводство. – 2002. – № 4. – С. 24-25.
Насиев Б.Н., Жаңаталапов Н.Ж., Мақанова Г.Н.
МАЛ АЗЫҚТЫҚ АЛҚАПТАРДЫҢ БИОРЕСУРСТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ҮШІН МАЛАЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАРДЫҢ
АГРОФИТОЦЕНОЗДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Батыс Қазақстанның күйзелген мал азықтық алқаптарын қалпына келтіруде жəне
қоғамдық малды құнарлы азықпен қамтамасыз етуде судан шөбін еккен пайдалы. Бұл
дақылдың өнімділігі 17,29 ц/га мал азықтық бірлікті, 1,81 ц/га шикі протеинді жəне 15,27
ГДж/га алмаспалы энергияны құрайды.
Аралас агрофитоценоздардан арпа мен судан шөбінің қоспасын пайдаланған тиімді.
Бұл қоспаның өнімділігі 19,05 ц/га мал азықтық бірлікті, 1,73 ц/га шикі протеинді жəне 16,59
ГДж/га алмаспалы энергияны құрайды.
282
Nasiyev B.N., Zhanatalapov N.Zh., Makanova G.N.
USE OF FORAGE CROPS AGROPHYTOCENOSES FOR THE RESTORATION OF
BIORESOURCE POTENTIAL OF FODDER LANDS
For the improvement of fodder farmlands efficiency subject to degradation in a zone of semi-
deserts of West Kazakhstan and providing agricultural animals with full-fledged forages it is
expediently to use one-specific sowings of Sudanese grass. The efficiency of this crop in a
semidesertic zone reaches 17,29 q/ha of fodder units, 1,81 q/ha of crude protein and 15,27 hJ/ha of
exchange energy.
Among mixed agrophytocenosis it is expedient to use mix of barley and Sudanese grass. The
efficiency of this mix in a semidesertic zone reaches 19,05 q/ha of fodder units, 1,73 q/ha of crude
protein and 16,59 hJ/hectare of exchange energy.
ƏОЖ 631.559.2
Нұрғалиев Н.Ш., Таутенов И.А.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ТҰҚЫМ СЕБУ МӨЛШЕРІНІҢ АФРИКАЛЫҚ ТАРЫНЫҢ КӨК БАЛАУСА
ӨНІМДІЛІГІНЕ ƏСЕРІ
Аңдатпа
Мақалада Қазақстандық Арал өңірінің күріш ауыспалы егістерінің тұзданған
топырақтарын игеру мақсатында əртараптандыру дақылы ретінде африкалық тарыны өсіру
технологиясы элементтерін зерттеу нəтижелері баяндалады. Дақыл мал шаруашылығында
əртүрлі мақсаттарға, яғни көк азыққа, сүрлемге, шөпке жəне дəнге арнап өсірілетін
болғандықтан, оның тұқым себу мөлшерін нақтылауға арналған ғылыми-зерттеу мəліметтері
келтірілген. Қазіргі таңда сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малын азықтандыруға қажетті
жасыл азықты өндіру мəселесі өзекті болуына байланысты өңірде бұл мақсатқа өсірілетін
африкалық тары тұқымының себу мөлшері 4 кг/га шамасында белгіленді. Аталған шара
жасыл азық өнімділігін бір орымда 43,6 т/га-ға дейін жоғарылатуға мүмкіндік берді.
Кілт сөздер:
африкалық тары, тұқым, себу мөлшері, мал азығы, жасыл азық, өнімділік.
Кіріспе
Жер бетінде ауа-райының өзгеріп, климаттың ғаламдық жылынуына байланысты
аймақтардың шөлейттенуі белең ала бастады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-
шығысында бұл үдерістің əсері айтарлықтай сезілуде. Бұл өңірлердегі негізгі күретамырлы
су көздері бастауын көршілес елдерден алып, трансшекаралық өзендер болып саналады. Су
бастауындағы елдердің су пайдалану көлемінің артуына жəне жалпы ағысының азаюына
байланысты бұл өзендер арқылы елімізге келетін су мөлшері кеміп отыр. Осыған
байланысты суармалы егіншілікте басым бағыттағы дақылдарға мəн беріп, суды үнемдеп
жұмсау қажеттілігі туындайды [1].
Сыр бойында суармалы егіншілікпен қатар мал шаруашылығын дамытуға да зор
мүмкіншіліктер бар. Соңғы жылдары облыстағы мал тұқымдарын асылдандыру жұмыстары
екпе малазықтық дақылдар түрлерін көбейтуге жəне олардың өнімділігін арттыруға жоғары
талаптар қоюда. Себебі, жемшөп өндірісін жолға қою негізінде мал азығы қорын нығайту,
жоғары өнімді дақылдардың жаңа сорттарын өндіріске енгізу мал шаруашылығын
дамытудың тұрақты да сенімді жолы болып табылады [2].
283
Сыр бойының күріш ауыспалы егістерінің құнарлылығы төмен, тұзданған
топырақтарында өсіруге ұсынылатын дақылдардың бірі африкалық тары. Африкалық тары
бір жылдық, айқас тозаңданатын дəнді дақыл, оның тамыр жүйесі күшті дамыған, сабақтары
биік, 3 метрден асады, жапырақтары ірі, жасыл түсті болып келеді. Бұл дақыл дəн үшін,
жасыл азық ретінде, шөпке жəне сүрлем үшін өсіріледі. Оның өнімдерін жылқы, мүйізді ірі
қара, шошқа жəне құс сүйсіне жейді. Африкалық тары өзінің өте жақсы шаруашылық жəне
биологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді [3].
2006 жылдан бастап Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтында Қызылорда облысының күріш ауыспалы егісіне əртараптандыру дақылы
ретінде африкалық тарыны енгізу мақсатында Үндістандағы ИКРИСАТ ғылыми-зерттеу
институтынан шығарылған сорттар мен сортүлгілерді агроэкологиялық сортсынаудан өткізу
жұмыстары жүргізілді.
Зерттеулер нəтижесінде Арал өңірінің қатал ауа-райы жағдайына жəне тұзды
топырақтарда өсуге бейім сортүлгілер бөлініп алынды. Дақылдың өнімділік жəне сапалық
əлеуетін барынша пайдалану үшін кейбір технологиялық элементтерді нақтылауға арналған
зерттеулер жүргізу қажет болды.
Материалдар мен əдістер
Зерттеулердің бағдарламасына сəйкес танаптық тəжірибелер Ы.Жақаев атындағы Қазақ
күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының эксперименталдық учаскесінде 2012-
2014 жылдары жүргізілді. Тəжірибе танабының топырағы шалғынды-батпақты, ежелден
суарылып, жыртылып келе жатқан күріш жүйесінің типті топырақтары. Топырақтың беткі
қабатында қарашірік мөлшері 0,7-0,9% арасында ауытқыды жəне бұл көрсеткіш топырақ
құнарлылығынан төмендігін көрсетеді. Жылжымалы фосфор мөлшері төменгі мен орташа
деңгейінде (12-15 мг/кг), алмаспалы калий мөлшері төменгі деңгейде. Тұздану деңгейі
орташадан жоғарыға дейін. Тығыз қалдық бойынша суда еритін тұздар жиынтығы 1,35-
1,58% аралығында. Тұздану типі хлоридті - сульфатты (1-кесте).
1 кесте – Тəжірибе танабы топырағының сипаттамасы
Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
Талдау мəні
Қарашірік %
0,7-0,9
РН
РН 7,8-8,0
Нитраттар
мг/кг 13-15,3
Жылжымалы фосфор
(Мачигин əдісі бойынша)
мг/кг 12-15
Ауыспалы калий
(Мачигин əдісі бойынша)
мг/кг 120-140
Өнімді пайдалану мақсатына қарай африкалық тарының «Хашаки» 1 сортының тұқым
себу мөлшері 2; 4 жəне 6 кг/га болып тəжірибе сызбасы жасалды жəне қатараралық көлденеңі
60; 70 жəне 90 см болып зерттелді. Тəжірибе қайталанымы – үш, нұсқалардың орналасуы –
кездейсоқтық əдіспен, мөлдектің есептеу алаңы – 12 шаршы метр. Тұқым қолмен 2-3 см
тереңдікке сіңірілді. Алғы дақыл – сүдігер жыртылған күріш танабы. Танап топырағына егу
алдында N
60
P
60
минералды тыңайтқыштары енгізілді жəне N
60
үстеп қоректендіруге берілді.
Өніп-өсу дəуірінде топырақ ылғалдылығына бақылау жүргізіліп, бір рет қажетті ылғал
қорымен қамтамасыз етілді.
Жасыл азық өнімділігі шашақбастардың 50 пайызы көрінгенде анықталды. Алынған
мəліметтерді статистикалық өңдеу А.Доспеховтың дисперстік талдау əдісі бойынша
жүргізілді.
284
Зерттеу нəтижелері
Өнімді құрауға қатысатын егістік бірлігіндегі өсімдік саны топырақтың ылғалдылығы
мен температураға байланысты екені белгілі. Сол себепті өскіндердің шығу үшін қолайлы
жағдай жасау өсімдіктің əрі қарай дамуына жəне дақылдың өнімділігінің артуына ықпал
жасайды. Арал өңірінің экологиялық қатаң климат жағдайында өскіндердің жəне өсімдік
жиілігінің қалыпты болуы жəне соған байланысты жалпы өнім тұқым өнгіштігіне тəуелді
болады. Өніп шыққан тұқымнан алынған өскіннің қоршаған орта факторларына төтеп беріп,
өнім құрау процесін жүргізетін өсімдікке айналуы өміршеңдігі деп аталады. Бұл
көрсеткіштің дақылдың, сорттың сыртқы орта факторларына жəне технология элементтеріне
де байланысты болатыны анықталды (2-кесте).
2 кесте – Африкалық тары өсімдігінің шығымдылығы жəне өміршеңдігі
Тəжірибе
нұсқасы,
тұқым себу
мөлшері кг/га
Шығымды-
лығы, %
Өміршеңдігі,
%
Өсімдік
тығыздығы,
дана/га
Жинау
алдындағы
өсімдік
биіктігі, см
Түптенуі,
дана
2 52,5
93,0
130800
235,6
7
4 55,2
92,5
241700
240,3
6
6 53,8
90,6
246900
241,8
4
Кестеде көрсетілгендей, тұқым себу мөлшеріне қарай тұқым шығымдылығы, өсімдіктің
сақталуы мен тығыздығы, өсімдіктің түптенуі жəне биіктігі өзгеріп отырды. Африкалық тары
өсімдігі жақсы түптейтін болғандықтан жасыл масса өнімділігі жоғары болу үшін əр гектарға
4 кг тұқым сепкенде жақсы нəтижеге қол жеткізуге болатындығы анықталды. Күріш
жүйесінің тұзданған топырақтары жағдайында африкалық тары тұқымының шығымдылығы
52,5-55,2%-ды құраса, өсімдіктердің сақталуы 90,6-93,0%-ға жетіп, 1 га егістіктегі өсімдік
саны 130800-246900 дана аралығында болды. Өсімдіктің түптенуі тұқым себу мөлшеріне,
яғни өсімдік тығыздығына байланысты болды. Жиі себілген нұсқада əр өсімдікте 4 түп болса,
ең аз мөлшер тұқым себілген нұсқада 7 түпке дейін артқан.
Африкалық тары өсімдігінің жасыл масса өнімділігін анықтау шашақбастардың 50%
көрінгенде жүргізілді (3-кесте).
3 кесте – Тұқым себу мөлшеріне қарай африкалық тарының өнімділігі
Тəжірибе
нұсқасы,
тұқым себу
мөлшері,
кг/га
Жасыл масса жинау
Өсімдіктің
орташа
биіктігі, см
Жасыл масса
өнімділігі,
т/га
Құрғақ масса
өнімділігі,
т/га
50%
шашақбас
көрінген
мезгіл
күн
2 23.07
55
235,6 40,4 8,9
4 25.07
57
240,3 43,6 11,5
6 28.07
60
241,8 42,8 10,9
ЕАЕА
05
2,9
1,1
Əдетте, африкалық тары өсімдігінің жасыл масса өнімін сүрлем дайындауға немесе
қорада ұсталатын малдарды азықтандыруға пайдаланады. Бірінші орымға африкалық тары
дақылы 55-60 күнде дайын болды, яғни 50% өсімдіктер шашақбас шығарып үлгірді. Жасыл
масса өнімділігін анықтау бұл дақылдың жоғары өнімді екендігін көрсетті, 1 га-ға шаққанда
40,4-43,6 т/га жасыл масса өнімі алынды. Жоғары өнімділік (43,6 т/га) əр гектарға 4 кг тұқым
себілгенде алынғаны белгілі болды.
285
Қорытынды
Африкалық тары дақылы Сыр бойының күріш жүйелерінің тұзданған топырақтарында
өсуге бейімделіп, негізгі мал азықтық дақыл ретінде жан-жақты пайдаланылатын өсімдік
ретінде танылды. Бұл дақылдың өсіру технологиясын жетілдіре отырып, бірнеше орым
жағдайында сүрлемдік, жасыл азықтық жəне шөптік өнімдерін мол дайындауға
болатындығы дəлелденді. Дақыл тұқымын жинаудың қиыншылықтарына байланысты
қайтарымы тиімді тұқым себу мөлшері 4 кг/га болып белгіленді.
Əдебиеттер
1.
Қошқаров С.И.Мелиорация ландшафтов в низовьях реки Сырдарьи – Алматы:
Ғылым, 1997 ж.
2.
Омбаев А.М. Перспективы развития животноводства в юго-западном регионе
Республики Казахстан. Материалы международной конференции. – Астана: МСХ РК. – 2003.
С. 179.
3.
Нургалиев Н.Ш., Таутенов И.А. Африкалық тары дақылының Қызылорда
облысының ауа-райы жағдайына бейімделуі // Семей қаласының Шəкəрім атындағы
мемлекеттік университетінің Хабаршысы №3 (67) 2014 – С. 194-197.
Нургалиев Н.Ш., Таутенов И.А.
ВЛИЯНИЕ НОРМЫ ВЫСЕВА СЕМЯН НА ПРОДУКТИВНОСТЬ
ЗЕЛЕНОЙ МАССЫ АФРИКАНСКОГО ПРОСА
В статье рассматриваются результаты исследований элементов технологии
возделывания африканского проса в качестве диверсификационной культуры в целях
освоения засоленных почв земель рисовых севооборотов Казахстанского Приаралья. В
условиях полевых опытов установлена норма высева семян африканского проса - 4 кг/га,
обеспечивающая урожайность зеленой массы 43,6 т/га за один укос.
Ключевые слова: африканское просо, семена, норма высева, кормовая культура, зеленая
масса, урожайность.
Nurgaliyev N.Sh., Tautenov I.A.
INFLUENCE OF NORM OF SEEDING OF SEEDS ON EFFICIENCY OF GREEN
MATERIAL OF THE AFRICAN MILLET
In article results of researches of elements of technology of cultivation of the African millet
as diversification culture for development of the salted soils of lands of rice crop rotations of
Kazakhstan Priaralya are considered. In the conditions of field experiments the norm of seeding of
seeds of the African millet - 4 kg/hectare, the providing productivity of green material of 43,6
t/hectare for one hay crop is established.
Key words: African millet, seeds, norm of seeding, fodder culture, green material,
productivity.
286
ƏӨЖ 630*432.22
Нұрқамыт А.Б.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ОРМАН, АҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЖЕТ ЖƏНЕ ТИІМДІ
ШАҒЫН ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ОЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Аңдатпа
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығы даму сатысының жаңаша
өзгертулерін күтуде, өйткені жоғары дəлдікте өлшеуді жəне төтенше жағдайлардың алдын
алу үшін навигациялық-геодезиялық технологияларды енгізу осы заманға сай қажеттілік
туғызып отыр. Мақалада əр-түрлі аймақтарда орман шаруашылық іс-шараларын жүргізуде
қандай
навигациялық-геодезиялық
аспаптар
қолданылуы
мүмкін
болатындығы
қарастырылған.
Кілт сөздер:
геоақпараттық жүйе, геодезиялық технология, навигатор, маниторинг
жүйесі, геокеңістік, ұтқыр байланыс, аэрофотосурет.
Кіріспе
Қазіргі заманда адамның барлық өмір өрісінде жəне шаруашылық іс-əрекеттерінде
геоақпараттық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Орман шаруашылық саласында да
геоақпараттық технологиялар біртіндеп белең алуда. Орман жəне аң шаруашылығында
геоақпараттық жүйелерді қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар: бір жағынан,
шаруашылыққа қажетті жылдам жəне нақты геокеңістік мəліметтерінің жиналуын талап
етеді, екінші жағынан жұмысы қиын далалық жағдайларда қолдануға ыңғайлы жинақы жəне
жеңіл құрылғыларға қажеттілік туындайды. ГАЖ мəліметтерін жинақтауға қарапайым,
сенімді, ыңғайлы жəне функциональды құрылғы таңдау мəселесі пайда болады. Осы пайда
болған мəселеге байланысты орман шаруашылығына əртүрлі қажеттіліктегі тауар
айналымындағы ең тиімді ұсыныстарды жəне қазіргі уақыттағы навигациялық-геодезиялық
құрал жабдықтарды қарастырайық: нысананың тұрғылықты жерін жылдам жəне жоғары
дəлдікпен анықтайтын (5 м-ге дейін) шағын навигатор, нысананың тұрғылықты жерін
жылдам жəне жоғары дəлдікпен анықтайтын (1 м-ге дейін) ұтқыр байланысты (мобильные)
ГАЖ жүйесі, сол сияқты транспорттық құралдардың тұрғылықты орнын қадағалайтын GPS
– бақылау жүйесін қарастырамыз.
Шағын GPS – навигаторы
Қазіргі заманға сай шағын құрылғы GPS – навигатор орман шаруашылығы
жұмысшыларына өз меншігіндегі жерлерінің шекараларын, тұрғылықты жерін (орман
екпелерінің, кеспе ағаштардың ауданын, периметрін жəне т.б.), орман өсімдіктерімен
қамтылған жерлерде 5 м-ге дейінгі дəлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Заманға сай
навигатор – шағын, құрылғының сырты тиісті деңгейде қорғалған жəне стандартқа сəйкес
картографиялық мəліметтермен қамтылған. Бүгінгі күнде навигациялық құралдардың тауар
айналымындағы көш бастап тұрған Magellan фирмасының навигаторлары болып табылады
(1-сурет).
287
Сурет 1 - Magellan eXplorist 510
GPS-навигаторының жалпы көрінісі
Бұл құрылғылар қолайсыз ауа – райы жағдайында қолдануға (шаң жəне ылғал
жібермейді), суға түскен жағдайда да жəне соққы мен тербелістен (вибрация) қорғалған.
Энергия үнемдеу технологиясы арқасында навигаторлар əдеттегі аккуммулятормен немесе
қуат көзін жинақтаушымен (батарейкамен) моделіне жəне қолдану уақытына байланысты 14
сағаттан 24 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Бұл құрылғыларды орман шаруашылығындағы
мамандар күнделікті қолдануына болады, бірақ жоғары дəлдікпен өлшемдер жүргізу үшін
(10 см-ге дейін) ГАЖ мəліметтерін жинақтайтын арнайы бақылаушы қажет болады [3].
Кесте 1 - Magellan GPS – навигаторының негізгі сипаттамалары
Көлемі (метрмен)
12,8 x 65,3 x 36,8
Салмағы 195
гг.
Батарея түрі
Қоректену элементы АА ( 2шт.)
Батареямен жұмыс істеу уақыты 15
сағат
Сандық камера
Бар
Фонар
Бар
Микрофон
Бар
Су өткізбеушілік IPX7
Дауыс күшейткіш
Бар
Қолданушылардың мəліметін
2 Гб оның ішінде 1,5 Гб - базалық карта
CPU 400MHz
Температура диапазоны -10
-
нан 60 - қа дейін
Экран көлемі 3,0
"
GPS-тің нақтылығы
3 - 5 м
Антенна түрі
Көп бағытта
3-ості электрлі компас
Бар
Барометрлік альтиметр
Бар
Порттар USB
Bluetooth
Жоқ
288
Ұтқыр байланысты (мобильные) ГАЖ жүйесі
Əр түрлі өндірушілер арасынан жоғары сапалы, сенімді жəне нақты дəлдікпен жұмыс
жасайтын кішкене функциялы ГАЖ бақылаушысы Leica Zeno GIS-ті ауқымды ұсыныстар
ортасынан атап айтуға болады (2-сурет). Бұл құрылғыны геодезия мен геоинформатика үшін
GNSS дыбыс қабылдауыштарын өндіруден əлемде көш бастап тұрған Швейцариялық Leica
Geosystems компаниясы өндіреді. Құрылғы түрлі-түсті VGA сенсорлы экранымен, нүктелер
мен сұлбаларды (абрис) суретке түсіру үшін 2 мегапиксельді камерамен, SD, CF-карт жəне
USB порттарымен жабдықталған. Басқа құрылғылармен қосылуы LAN сымсыз жүйесімен,
Bluetooth немесе USB порттары негізінде жүзеге асырылады [1].
Сурет 2 - ГАЖ – бақылаушысы Leica GIS CS10
Құрылғының негізгі артықшылықтары:
-
қолайсыз жағдайларда да (қалың ормандарда) спутниктік дабылдарды жоғары
сапамен қабылдаумен қамтылған;
-
мəліметтерді өңдеу, жинау жəне жылдамдығы жоғары;
-
кеңістіктен алынған өлшеулердің сапалы дəлділігі (қателілігі 30-60см);
-
GPS навигаторларында жəне ГЛОНАСС жүйесіндегі трэкингтер.
Осы жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктер болашақта көптеген бағыттағы геокеңістік
мəліметтерін жинаудағы маңызды мəселелерді аталған құрылғылар арқылы шешуге мұрсат
береді. Нақты айтар болсақ ГАЖ бақылаушысын ормандарды есепке алудың далалық
жұмысы кезінде (телімдердің, бөгде жер пайдаланушылар мен орман шаруашылық
мекемелерінің жəне басқа да жер санаттарының шекраларын анықтауда) барлық
картографиялық мəліметтерді жəне аэрофотосуреттерін қондырғыға орналастыру арқылы
кеңінен пайдалануға болады. Олар орман шаруашылық мекемелерінің қызметкерлеріне де
нағыз керекті құрал. Мысалы: орманшылық қалыптастыру мекемесі белгіленген іс-
шараларды атқаруда, нақтырақ айтсақ екпе ағаштар егуге жобаланған жер телімдерін, кеспе
ағаштар белгіленген телімдердің нақты шекраларын анықтауда көп артықшылықтар
көрсетеді. Ормандағы өрттерді сөндіретін жасақтарға жəне сол жасақтардың траспорттарына
құрылғының көмегі өте зор.
289
Сонымен қатар қазіргі навигациялық əдіспен ормандағы төтенше жағдайларды дəл
уақытында қолға алу, орманды қалпына келтіру жұмыстарында, орман шаруашылығындағы
транспорт құрылғыларына бақылау жүргізіп отыруға мүмкіндік береді [2].
Кесте 2 - Leica Zeno GIS CS10 ГАЖ - бақылаушысының негізгі сипаттамары
Көлемі (метрмен)
278 x 102 x 45
Салмағы
0.74 кг
Батарея түрі
Ауыстырмалы аккумуляторлы Li-Ion
қуат жинақтаушысы 2.6 Ач/7.4 В
Батареямен жұмыс істеу уақыты
9 сағат
Сандық камера
Бар
Фонар
Жок
Микрофон
Бар
Су өткізбеушілік
IP67 (1 м биіктіктен құлағанды, 1 м
і
і
і)
Дауыс күшейткіш
Бар
Қолданушылардың мəліметін с ақтайтын орын
1 Гб
CPU
533 мгц
Температура диапазоны
–30 °С - тан +65 °С – қа дейін
Экран көлемі
3,5 "
GPS-тің нақтылығы
DGPS - 0,4 м. 10 мм + 2 ppm
Антенна түрі
Ішінде/Сыртқа шығатын
3-ості электрлі компас
Бар
Барометрлік альтиметр
Жоқ
Порттар
USB, miniusb, RS232
Bluetooth
Бар
Достарыңызбен бөлісу: |