Ізденістер, №1 исследования, НƏтижелер 2015 результаты



Pdf көрінісі
бет53/66
Дата15.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#9299
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66

 Заключение 

 

Возможности лесной отрасли в перспективе оцениваются в стоимостном выражении 

по  объему  производства 2,8-3 млрд.  долларов  США,  получению  прибыли 61-65 млн. 

долларов США, с количеством занятых 37-38 тыс. человек, против  44 тыс. человек занятых 

в настоящее время. Наибольшее развитие лесопромышленного комплекса  прогнозируется в 

Гомельской, Витебской, Минской и Могилевской областях, где удельный вес площади лесов 

колеблется от 39,9 до 49,9% общей площади земель этих регионов. 

Литература 

1. Государственная  программа  развития  лесного  хозяйства  Республики  Беларусь  на

2011–2015 годы: Постановление Совета Министров Республики Беларусь, от 03.11.2010 г.    

№ 1626 // Национальный реестр правовых актов Республики Беларусь. – 2010. – № 5/32798.  

2. Неверов, А.В. Экономика природопользования / А.В. Неверов. – Минск, БГТУ 2008.

– 198 с.


389 

Sinjak, N.G. Sinelnikov M.V., Sinelnikov V.M., Bodrova E.M. 

INNOVATIVE DEVELOPMENT OF FOREST COMPLEX OF BELARUS 

In the article the perspective directions of development of the forestry complex in Belarus 

among which are the following: timber harvesting, transporting timber to the lower landing, primary 

processing, woodworking, pulp and paper production. Predicted the expected volumes received the 

products in terms of value, profit and number of employees.  

Key words: forestry machinery, radiation levels, innovative development, profit, profitability 

and prospects for development. 



ƏОЖ 591.512: 610 

Сопбеков А. 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ЖƏНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ 



Аңдатпа  

Жалпы  мақалада  респуликамыздағы  экотуризмның  даму  барысы  мен  оның  маңызы 

туралы  баяндалады.  Экотуризм  саласында  тұтас  мемлекеттік  саясатты  қалыптастыруды, 

Қазақстанда  қазіргі  заманғы  бəсекеге  қабілетті  туризм  индустриясының  құқықтық, 

ұйымдастырушылық жəне экономикалық негіздерін қалыптастыруды сөз етеді. 

Кілт  сөздер

:  туризм,  экотуризм,  туризмнің  түрлері,  ұлттық  парктер,  жібек  жолы, 

ландшафтар, табиғи ескерткіштер. 



Кіріспе 

Туризм – жеке тұлғалардың ұзақтығы 24 сағаттан, 1 жылға дейін немесе 24 сағаттан аз, 

бірақ уақытша болған елде ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін 

саяхаты. Туризм сөзінің өзі француз тілінен аударғанда «tour – саяхат жасау» деген мағынаны 

білдіреді.  Туризмнің  даму  тарихы - өздеріңізге  мəлім,  сонау  «Жібек  Жолымен»  тығыз 

байланысты. 

Туризм  өз  ішінен  бірнеше  түрлерге  бөлінеді:  əлеуметтік,  экологиялық,  спорттық, 

іскерлік,  конгрестік,  емдік – сауықтыру,  мəдени  танымдық,  діни    жəне  тағы  басқалары.   

Осылардың ішінде менің қарастырайын деп отырған туризмнің түрі – экологиялық туризм. 

Қазіргі уақытта экологиялық туризм əлемдік деңгейдегі туризмнің басқа түрлерінің ішінде 

елеулі үлесті алады (40-тан 60% дейін).   Экологиялық туризмді адамның тамаша, танымдық, 

ғылыми,  өлкетану  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  нысандармен  жəне  табиғаттың 

кескіндемелік,  экзотикалық,  қайталанбайтын  құбылыстарымен    тікелей    өзара    қарым-

қатынасы,  ең  алдымен  «ашық»  табиғат жағдайында  болуы  ретінде  айқындауға  болады 

[1].  

Экологиялық туризмнің негізгі мақсаты: 



- экологиялық білім, табиғатпен  өзара  қарым-қатынас  мəдениетін  арттыру,    табиғи  

ортада  этикалық  нормаларды  жасау, табиғаттың  жəне  оның  жеке элементтерінің  тағдыры  

үшін  жеке  жауаптылық  сезіміне  тəрбиелеу; 

-  адамның  рухани  жəне  физикалық  күштерін  қалпына  келтіру,  табиғи  жағдайдағы 

табиғи ортада толыққанды демалысты қамтамасыз ету. 

Əлемдік  тəжірибеде  экологиялық  туризм  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарда 

(ЕҚТА)  айрықша  іске  асырылады.Біздің  республикамызда  экологиялық  туризмді  дамыту 

жалпы туризмді дамытуда маңызды.Экологиялық туризмді жоғары табыс көзі ретінде жəне 



390 

экономиканың  экологиялық  қауіпсіз  саласы  ретінде  қараса  жəне  дамытса  Қазақстанды 

дамытудың маңызды элементі болуы мүмкін.  

Қазақстанның  табиғи  əлеуеті  əлі  шоғырлану  процесі  жəне  интенсивті  ауыл 

шаруашылығы  өндірісі  қамтылмаған  əртүрлілікке,  бірегейлікке,  тартымды  көрініске  ие 

болғандықтан  ЕҚТА-да  экотуризмді  дамытуда  үлкен  мүмкіндіктері  бар.  Экологиялық 

туризм  ЕҚТА  барлық  түрлерінде  дамуы  мүмкін,  алайда  басқа  ерекше  қорғалатын  табиғи 

аумақтармен  салыстырғанда  қорықтарға  келу  тəртібі  өте  қатаң,  осыған  сай  қатаң  түрде 

табиғатты  қорғау тəртібі жəне нақты келушілердің саны белгіленіп, экологиялық туризмді 

ұйымдастыруға  барынша  шектеу  қойылған.  Экологиялық  туризм  арнайы  бөлінген 

учаскелеріндегі  аралық  аймақта  қатаң  тіркелген  бағыттар  бойынша  экскурсиялық 

маршруттармен  шектелуі  қажет.  Қорықтардың  өзгешелігі  ғылыми  экологиялық  туризмді 

пайдалануға мүмкіндік беретін көптеген ғылыми-зерттеу міндеттерін  шешуге  арналған [2].   

Экологиялық  туризмді  дамытудың  аса  маңызды  əлеуетіне  ерекше қорғалатын табиғи  

аумақтардың    ерекше    түрі    ретінде    мемлекеттік    ұлттық    табиғи    парктер  (МҰТП)  ие, 

олардың  қызмет  бағыттарының  бірі  рекреациялық  жəне  туристік  қызметті  дамыту  болып 

табылады.  Осы  мақсаттарда  көркем  ландшафтарды,  табиғи  ескерткіштерді  жəне  басқа 

тамаша нысандарды көрсету арқылы туристік жəне рекреациялық аймақтарды дамыту.

 

Бүгінгі  таңда  мемлекеттік  тапсырыстың  шеңберінде  төрт  ұлттық  парктерге («Іле-



Алатау», «Баянауыл», «Көкшетау», «Алтын-Емел») экологиялық талаптарды жəне табиғат 

ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық парктердің аумағында туризмнің  негізгі нысандарын 

орналастыруда  жоспарланатын  орындарды  тиімді  белгілеуге  мүмкіндік  беретін  бас 

жоспарлар əзірленген [1].  

Экологиялық  туризм – бұл  туризм  жасыл  қимыл-қозғалысты  жəне  экологиялық 

көзқарасты  дамыту  пікірлерінің  ықпалымен  табиғи  тұрғыда  қалыптасқан  бағыты. 

Экологиялық  туризмнің  өзі  бірнеше  түрлерге  бөлінеді:  жаяу,  атты,  велосипедті  туризм 

түрлері,  альпинизм,  рафтинг,  дайвинг,  ғылыми  туризм,  орнитологиялық  туризм  жəне 

аңшылық туризм. 

Экологиялық туризм – «жұмсақ» туризм болып табылады, себебі, ол қоршаған ортаға 

вандалисттік  қатынасты  есеппен  қатаң  түрде  максималды  пайда  табуға  бағытталмаған. 

Аталмыш туризм түріне мынандай қасиеттер тəн: туристтік аймақтарды мəдени тұрғыдан 

сауықтыруына  қамқорлық  жасау,  олардың  ресурстарын  ұдайы  өндіріп,  аяушылықпен 

пайдалану; қоршаған ортаға залал келтіретін жағдайлар минималды деңгейде  болуларына  

бақылау  жасау.  Экологиялық  тур  кезінде  сіздер  жабайы  табиғатпен  максималды  тығыз 

қатынас жағдайында боласыз, бұл дегеніміз – басқа турлардың бірінде жоқ қасиет. Көптеген 

адамдардың ойынша «табиғи туризм қызық емес» дейді, бірақ бұл пікірмен келісуге мүлдем 

болмайды,  себебі,  пендеге  адам  аяғы  баспаған  жабайы    табиғатқа  ену  жəне  оның    нағыз 

табиғи энергетикасын  сезіну ғаламат емес пе? Бұл ортада  адам  табиғаттың əміршісі емес, 

тек  оның  кішкентай  қажетті    бөлігі    ғана    болады.  Табиғи  турлар  адамға  психикасының  

қалыпына келуіне, яғни тұрмыстық  мəселелерден  ажырап, үйреншікті техногендік ортаға 

«дүниенің есігін жаңа ашқандай» болып  оралуына  жағдай  жасайды [3]. 

Экологиялық  туризмнің  негізін  қалаушы  Й.  Крипендорффтың  анықтауы  бойынша, 

физикалық  жəне  рухани  демалысты  ұзақ  уақыт  қамтамасыз  ету  үшін  көптеген  адамдар 

тікелей  ландшафтпен  қатынаста  болулары  қажет.  Жұмсақ  туризм  атауының  қалыптасу 

нəтижесінде,  мынандай  кəсіптің  түрлері  пайда  болды:  тыныш,  техникасыздандырылған 

жұмыстар, бұл дегеніміз – жаяу, велосипедпен немесе атпен серуендеу, суда жүзу, шаңғымен 

сырғанау жəне тағы басқалары. 

Экологиялық туризм саясатының бірден-бір басты өзегі болып адамгершілік себептер 

қызмет атқарады. Табиғи туризммен қарым-қатынаста болатын 4 стратегиялық компонент 

қолданылады:  техникасыздандырылған  туризм,  өзіндік  аймақтық  даму,  əлеуметтік 

жауапкершілік, мəдени жауаптылық. 

Экологиялық  туризм – бұл  айтарлықтай  орнықты  туризм  түрі.  Ол  белгілі  ара 

қашықтықта шоғырланудың арқасында жергілікті тұрғындарға экономикалық пайда əкеледі 



391 

жəне  жергілікті  тұрғындар  мен  қонақтар  арасында  өзара  түсіністікті  қалыптастырады, 

сонымен  қатар  не  ландшафтқа,  не  əлеуметтік  ортаға  зиянын  тигізбейді,  керісінше 

техногендік ортаға машықтанған адамдардың табиғатты қорғауға деген дүние танымдарын 

өзгертеді [3]. 

Қазіргі  туризм-бұл  əлемдік  экономиканың  құлдырауды  білмейтін  саласы. 

Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу 

үшін оған сəйкес, шамамен 9 тонна тас көмір немесе  15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары 

сортты  бидайды  əлемдік  рынокқа  шығару  керек.  Бұл  ретте  шикізат  сату  елдің  энергия 

көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік 

экономистердің  есебі  бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен  екі  сағат  болған 

кезде  кемінде  350 мың  доллар  немесе  адам  басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. 

Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса , ал туризмді дамыту - 

ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ. (1-кесте) Қазақстан Республикасы  туризмінің  

бес  жыл  ішіндегі  негізгі  өсу  көрсеткіші  берілген. 

Кесте 1 - 2008-2013 жылдары  аралығында  Қазақстан  Республикасы  туризмінің  негізгі  өсу 

көрсеткіші 

Жалпы жылдар бойғы көрсеткіші (мың адам) 

Туризм түрі 

2008ж. 


2009ж. 

2010ж. 


2011ж. 

2012 ж. 


2013 ж. 

Қаңтар-


қыркүйек 

Ішкі туризм 

2 709 

2 304 


2 485 

2 971 


3 283 

2 703,6 


Елге келушілер 

туризмі 


4 117 

3 774 


4 097 

5 685 


6 163 

5 143,1 


Елден кетушілер 

туризм 


4 330 

5 423 


6 019 

8 020 


9 066 

7 687,9 


Экотуризм  жалпы  алғанда,  мемлекеттің  экономикасына  үш  түрлі  оң  нəтиже  береді: 

Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді жəне төлем теңгірімі мен жиынтық экспорт 

сияқты экономикалық қөрсеткіштерге оң ықпал жасайды.Халықтың жұмыспен қамтылуын 

көбейтуге  көмектеседі.  Туризм  тура  немесе  жанама  түрде  экономиканың 32 саласының 

дамуына ықпал жасайды. Елдің  инфрақұрылымын дамытуға жəрдемдеседі[3]. 

Қорта  келгенде,  экотуризмнің  жылдам  жəне  тұрақты  өсуін,  оның  қоршаған  ортаға, 

экономиканың  барлық  секторлары  мен  қоғамның  əл-ауқатына  қүшті  əсерін  назарға  ала 

отырып,  Үкімет  Қазақстанның  ұзақ  мерзімдік  даму  бағдарламасында  туристік  саланы 

басымдық  ретінде белгілеуі керек. 

       Туризмнің  экологиялық  түрі – мемлекетіміздің жекелеген аймақтарында  əлеуметтік-

экономикалық  дамудың  маңызды  элементі  жəне  табиғатты  қорғаудың  құралы  бола 

алатынына кəміл сенуге болады. 



Əдебиеттер 

1  Гельдыев  Б.В.,  Огарь  Н.П. "Природные  условия,  экономические  особенности 

проектной территории", Алматы, 2007 г. 

Құлманова Г.Ə., Беркінбай О., Əбеуов Х.Б., Акоев М. «Экологиялық туризм» оқулық, 

Алматы 2013ж. 

3  Бегембетов  А.А.,  Байтанаев  О.А.,  Джакашев  А.А.  "Историко-этнографический 

визит-центр Национального парка", "Хабаршы-Весник" журналы, 2002г.   


392 

Сопбеков А.   

ЭКОЛОГИЧЕСКИЙ ТУРИЗМ И РАЗВИТИЕ 

          В  статье  рассматриваются  важность  экотуризма  в  нашей  республике  и  его  ход 

развития. Отрасли экотуризма формирует целиком государственную политику, в наше время 

в  Казахстане  формирует  конкурентспособности  прававой  индустрии,  организованности  и 

основанности экономики. 

Ключевые  слова:  туризм,  экотуризм,  виды  туризма,  национальный  парк,  шелковый 

путь, ландшафт, природный памятник. 

Sopbekov A. 

ECO-TOURISM AND DEVELOPMENT 

This article discusses the importance of eco-tourism in our country and its course of 

development. Еcotourism industry generates entirely public policy in our time in Kazakhstan forms 

competitor pravavoy industry, organization, and the basis of the economy. 

Keywords: tourism, eco-tourism, types of tourism, national park, Silk Road, the landscape, 

natural heritage. 



ƏОЖ 633.2. 033 

Сүлейменова А.Т., Бахадырұлы Ж., Үсен Қ. 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қаласы 

ТҮРКІСТАН ФЛОРАЛЫҚ АУДАНЫ ӨСІМДІК ЖАБЫНЫНЫҢ  

ФИТОЦЕНОЗДЫҚ СИПАТТАМАСЫ 

Аңдатпа

  

Мақалада  Түркістан  флоралық  ауданының  өсімдікжабынын  зерттеу  нəтижелері 



берілген.  Шардара  су  қоймасының  өсімдік  жамылғысына  əсері  жəне  Көксарай  су 

қоймасының  салынуынан  экожүйелердің  топырақ-өсімдік  компоненттеріне  түскен 

антропогендік жүктеменің салдары келтірілген. 

Кілт  сөздер:

  Экожүйелер,  жайылымдар,  деградация,  картографиялау,  шөпқұрам, 

өсімдік қауымдастықтары, фитоценоз, қалпына келу, сукцессия. 

Кіріспе  

Қоршаған  ортаны  қорғау,  оның  ішінде  экожүйелер,  қауымдастықтар  жəне  түрлер 

алуандығын сақтау қазіргі кезеңнің басымдылықтағы проблемаларына жатады. Ол əсіресе, 

халқы  тығыз  қоныстанғандығына  байланысты  жер,  су  жəне  биологиялық  ресурстарды 

экстенсивті пайдалануға мəжбүрлейтін Оңтүстік Қазақстан өңірінде ерекше орын алады.  

Материалдар мен əдістер  

Зерттеу  нысаны  ретінде  Түркістан  флоралық  ауданының  өсімдікжабыны  алынды,  ал 

негізгі зерттеу флоралық жəне геоботаникалық əдістер негізінде жүргізілді. 

Түркістан  флоралық  ауданы  жартылайбұташықты-эфемероидтар  жəне  жартылай 

бұталы-эфемероидтардан  тұратын  Орта  Азия  шөлдері  типіне  жатады.  Ол  Оңтүстіктұран 

провинция  тармағында  орналасқан  Орта  Азия  тауларының  етегіне  тəн,  Батыс  Тəңіртау 

баурайында оның ені 125 шақырымға жетеді. Климаты ыстық, жауын-шашын максимумы 

күз-қыс-көктем мезгілдеріне, ал минимумы жазға сəйкес келеді [1]. 



393 

Жаз қуаңшылығына байланысты астықтұқымдастар синузиясының байқалуы шамалы, 

эфемероидтар – Poa bulbosa, Carex pachystilis, C. рhysodes ол жерлерге тəн əрі мол, ал Carex 

рhysodes  тек  құмдауыт  топырақтарда  ғана  емес,  тау  бөктерінің  қиыршық  тасты 

топырақтарында да өседі. Ол жерлерге басқа да эфемероидтар тəн, олар – Iris songorica, Ferula 

foetida жəне Tulipa, Gagea түрлері. Жартылай бұташықтардан жазықтың (Artemisia diffusa) 

жəне аласа таудың жусандары басымдылықта болады. 

Тау  баурайы  қауымдастықтарының  типіне  тау  өсімдіктері  қауымдастықтарының 

флоралық элементтері енеді, ол тау баурайы қауымдастықтарының айырмашылықтары мен 

алуандығына  себеп  болады.  Зерттеу  аумағы  жартылайбұташықты-эфемероидтар  жəне 

жартылайбұталы-эфемероидтардан  тұратын  Орта  Азия  шөлдері  типінің  Батыс  Тəңіртау 

маңы  нұсқасына  жатады,  ол  Қаратаудың  оңтүстік-батыс  макробеткейі  мен  шекаралас 

орналасқан  Сырдария  өзенінің  сол  жағалауындағы  құм  массивтерінің  өсімдікжабынын 

қамтиды. 

Artemisia cina, Gamanthus gamocapsus, Carex pachystilis, Poa bulbosa басымдығындағы 

жусанды-эфемероидты пелитофитті шөлдер Батыс Тəңіртауының шағын территорияларын 

қамтиды; Сырдарияның сол жағалауындағы саздақ топырақтарда Stipa hohenackeriana мен 

Anabasis salsa араласқан  тұранжусанды-эфемероид  қауымдастықтары (Artemisia 

turanica,Carex pachystilis, Poa bulbosa), ал одан жеңілдеу құрамдағы топырақтарда – күйреуік 

араласқан  қауымдастықтар  таралған.  Одан  көптеу  таралғаны (26%) гемипсаммофитті 

көпжылдық  алуаншөптер  араласқан (Psoralea drupacea, Plomis salicifolia, Stipa 

hohenackeriana)  бастыжусанды-эфемероид  қауымдастықтары (Artemisia diffusa, Carex 

pachystilis, Poa bulbosa). Жайылымды  шамадан  артық  пайдалану  нəтижесінде 

қауымдастықтарды  көбінесе  мал  жемейтін  арамшөптер  басқан – Сausinia resinosa, C. 

syrdariensis, Peganun harmala, Рseudosophora alopecuroides; бұрынғы егістіктер мен мал тұрған 

орындарда Сausinia microcarpa, бұрынғы суармалы жерлерде – Artemisia scoрiformis [2-5]. 

Құмды  шөлдерде (63%) құрамына Haloxylon persicum, H. aphyllum, Ammodendron 

conollyi, Calligonum leucocladum, C. cetosum, C. caput-medusae, Astragalus paucjygus, Artemisia 

terrae-albae, Psoralea drupacea, Dendrostellera arenaria кіретін  немесе  басымдықта  болатын 

сериялық қауымдастықтар таралған. Олардың құрамына тау бөктерінің эфемероидтары Poa 

bulbosa, Carex pachystilis жəне  құм  эфемероиды Carex physodes тəн.  Территорияның 40%, 

жатын  жерлер  мен  тозған  жайылымдарда  екінші  реттік  эфемерлі-эфемероид (Anisantha 

tectorum, Taeniatherum crinitum, Poa bulbosa, Carex pachystilis, Diarthron vesiculosum, Artemisia 

serotina, Centaurea scuarrosa) қауымдастықтары  таралған;  тозған  құм  жайылымдарындағы 

псаммобұта қауымдастықтарында Salsola paulsenii, Alhagi pseudalhagi, Artemisia scoparia, A. 

leucodes, Ceratocarpus utriculosus кездеседі. 



Зерттеу нəтижелері жəне оны талқылау  

Сырдария өзенінің бойындағы тоғайлар зерттелді. Олар вегетациялық кезеңдері ұзаққа 

созылатын,  морфологиялық  белгілері  аридтік  климатқа  бейімделген  ксеромезофилді 

мезотермді ағаштардан, ірі бұталардан жəне бойы биік шөптерден құралатын көп жікқабатты 

болып келеді. 

Тоғайдағы ағаш жікқабаты тропикалық қатардағы Eleagnus, Populus тұқымдастарының 

ежелгі  жерортатеңіздік  эндемдік Turanga тұқымдас  тармағының  өкілінен  жəне Salix бұта 

формаларынан  тұрады.  Тораңғы (Populus pruinosa) тоғайларының  ағаш  жікқабатының 

субдоминанттарына  ішінара  жиде (Eleagnus oxycarpa), сирегірек  тал (Salix alba) ағаштары 

жатады. 


394 

а

б 



1 сурет–Сырдария өзенінің аңғары 

а) Сырдария өзені, б) Тораңғы тоғайы 

Бұта  жікқабаты  жыңғыл  түрлері (Tamarix laxa, T.ramosissima) мен  шеңгелден 

(Halimodendron halodendron) тұрады. Негізінде шөптесіндер жікқабатының доминанты қияқ 

(Leymus multicaulis), субдоминанттары - Glycyrrhiza glabra, Aeluropus littoralis. Шамалы 

мөлшерде Elytrigia repens, Calamagrostis epigeios жəне Cynodon dactylon кездеседі. 

Көп жікқабатты тоғай қауымдастықтарында біршама мөлшерде малазықтық түрлер – 

Leymus multicaulis, L. eymusangustus, Elytrigia repens, Alhagi pseudalhagi кездеседі.  Қамыс 

(Phragmites australis) кең  таралған.  Жантақ  галофитті  аңғар  шалғындарында  ажырық, 

карелиния (Karelinia caspia), түйежапырақ (Zygophyllum fabago), кермек  араласқан 

қауымдастықтарда  басым (Limonium otolepis). Аңғарүсті  текшелерінде  псаммофитті 

(Ammodendron bifolium, Calligonum aphyllum, Agropyron fragile) жəне  галофитті (Nitraria 

sibirica, Halocnemum strobilaceum, Suaeda  dendroides, Kalidium  schrenkianum, Tamarix 

hispida) өсімдік қауымдастықтары таралған. Ол қауымдастықтар құрамында эфемерлер мен 

эфемероидтар (Alyssum turkestanicum, Crepis tectorum, Isatis violascens, Lappula patula, 

Senecio noeanus, Carex physodes) да кездеседі. 

Сырдария өзенінің аңғарындағы шалғындарда қызылмия нуы кездеседі. Ол негізінен 

аллювиалды-шалғындық  топырақтарда  өседі.  Қызылмия  қауымдастықтарында  жиі 

кездесетін  түрлер: Leymus multicaulis, Phragmites australis, Elytrigia repens, Calamagrostis 

epigeios, Aeluropus litoralis, Acroptilon repens, Pseudosophora alopecuroides. Шалғындау-

батпақты топырақтар мен сортаңдарда қызылмия галофитті-алуаншөп қауымдастықтарының 

құрамында  өседі.  Ылғалдылығы  жоғары  орталарда  қызылмия  мезогигрофил  түрлермен – 

Phragmites australis, Bolboschoenus maritimus, Саrех melanostachya, Lythrum salicaria т.б. бірге 

өседі. Шалғынды сортаңдарда келесі галофиттермен - Aeluropus littoralis, Suaeda linifolia., S. 

microphylla, S. altissima, Limonium otolepis, L. мyrianthum бірге өседі. 

Сырдария  өзенінің  бойында,  Шардара  су  қоймасының  жоғарғы  жəне  төменгі 

бөліктерімен  іргелес,  реттелетін  ағыс  жағдайындағы  аумақтар  қауымдастықтардың  келесі 

экологиялық-динамикалық  қатарлармен  сипатталады,  олар – тал (Salix wilhelmsiana, S. 

turanica, S. alba), астықтұқымдастарлы-алуаншөп (Calamagrostis epigeios, Elytrigia repens, 

Glycyrrhiza uralensis), жиделі-талды-тораңғы (Elaeagnus oxycarpa, Salix alba, S. songorica, 

Populus pruinosa, P. diversifolia, Leymus multicaulis, Trachomitum lancifolium), жиделі-бұта 

(Elaeagnus oxycarpa, Tamarix ramosissima, Halimodendron halodendron), теріскен 

(Krascheninnikivia ceratoides), қарасексеуіл  (Haloxylon aphyllum) қауымдастықтары. 

Шардара су қоймасының оңтүстік жағалауында құрамында флораның субтропикалық 

элементі-азықтық жəне техникалық өсімдік эриантус (Erianthusravennae) бар. 

Тау баурайының жазықтарында құмдақ жəне құмдауыт топырақтарда жантақ (Alhagi 

pseudalhagi)  пен  дəрмене  жусан (Artemisia cina) тіркелді.  Бұл  түрлер  бағалы  дəрілік 

өсімдіктерге  жатады,  ал  дəрмене  жусанның  таралу  ареалы  шектеулі.  Кеңес  заманында 

«Дəрмене»  арнаулы  кеңшары  болған,  ол  шаруашылық  Түркістан  флоралық  ауданы 

аумағында фармацевтикалық өндірісі үшін дəрмене жусанын дайындаумен жəне өсірумен 

айналысқан. 


395 

2-сурет – Тау баурайы жазығының дəрмене жусан қауымдастықтары 

Түркістан  флоралық  ауданындағы  антропогендік  бұзылу  жайылымның  артық  

жүктемесіне,  шабындық  шабуға,  ауылшаруашылық  жерлеріндегі  өрттерге  байланысты. 

Жазық қауымдастықтарында ебелек пен адыраспанның мол болуы өсімдік жамылғысының 

антропогендік бұзылуының көрсеткіші екені айқын (1-кесте).  

Сырдария атырабының үлкен аумақтары жыртылған жəне өзен суымен суарылады, ал 

жердің көп бөлігі қайта тұзданған. Өзен аңғарындағы қызылмия тамырды алу нормасынан 

артық дайындалады.  

Сырдария  мен  Арыс  өзендерінің  аралығында  жақында  салынған  Көксарай  су 

қоймасының  бойында  антропогендік  əсер  ықпалы  байқалады.  Үлкен  аумақтардың  өсімдік 

жамылғысы Байлама салу барысында бұзылған, аумақтың гидрологиялық режимі өзгерген. 

Су  қоймасының  тікелей  əсер  ететін  аумақтарында  жерасты  сулары  көтерілген,  ондай 

территорияларда жерасты сулары топырақтағы тамыр жүйесіне дейін көтерілген, ол өсімдік 

жамылғысының қалыптасуына тікелей əсер етеді.  

1 кесте – Жазық қауымдастықтарының құрамы мен ондағы түр молдығы 

Ебелекті-жусан қауымдастығы 

Жусанды-жантақ қауымдастығы 

Состав 

Обилие 


Состав 

Обилие 


Artemisiacina

Sp 


Artemisiacina

Sp

Artemisiadiffusa



Sol 

Alhagipseudalhagi

Sp

Ceratocarpusarenarius



Cop1 

Anabasis 

aphylla

Sol


Anabasis aphylla 

Sol 


Poabulbosa 

Sol 


Poabulbosa

Sol 


Peganumharmala

Sol


Descurainiasophia

Sol 


Alyssum 

turkestanicum

Sol

Cousiniaresinosa



Sol



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет