Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет33/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52

Таженова Г.С. 

 Абай атындағы ҚазҰПУ  
6D010300 – Педагогика және психология мамандағының1 курс докторанты,
 
karakulovagulsara@bk.ru 
  
Мақалада Қазақстан ғалымдарының  педагогикалық зерттеулеріндегі құзыреттілік ұғымының мазмұны ашылады. 
Қазақстан  ғалымдарының  құзыреттілікті  зерттеу  жұмыстарында  анықтаған  құзыреттілік  ұғымының  мәні,  зерттеу-
лерінде  келген  тұжырымдары,  нәтижелері,  құзыреттілік  ұғымының  теориялық  және  қолданбалы  жолдарын  қарас-
тыру сөз етіледі. Бұл бүгінгі жоғары оқу орындарының алдына болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру 
үшін, оқытуды құзыреттілікке бағыттап ұйымдастыру, білім беруден күтілетін түпкі нәтижені құзыреттілік тұрғысы-
нан  айқындау  қажеттілігін  талап  етеді,  сондықтан  еңбекте  осы  мәселелер  алға  қойылып  қарастырылған.  Жалпы 
құзыреттілік ұғымы туралы көптеген отандық ғалымдардың ғылыми педагогикалық пікірлері сараланып, ғалымдар-
дың  2005-2014 жж. аралығындағы педагогикалық зерттеулерін (п.ғ.д. және п.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайын-
далған диссертациялары бойынша) талдау негізінде «құзыреттілік» түрлерінің мазмұндық контент-талдауы берілген. 
Сондай-ақ, қазақстан ғалымдарының  педагогикалық зерттеулеріндегі құзыреттілік түрлерінің мазмұнына талдау, 
құзыреттілік  -  күнделікті  өмірдің  нақты  жағдайларында  пайда  болатын  мәселелер  мен  міндеттерді  тиімді  түрде 
шешуге мүмкіндік беретін, ізденімпаздықпен, жауапкершілікпен әрекет етуге адамның еңбегінің нәтижесінде байқа-
латын, біліктіліктермен білімдерді оқу іс-әрекетін жобалауда, оны әрі қарай дамытуға қабілеті; өз іс-әрекетінің тиім-
ділігі мен нәтижелілігін талдауда шығармашылық пен зерттеушілік ізденісі; белгілі бір дәрежеде әмбебап болатын, 
тұлғаның кіріктірілген
 
қасиеттер жиынтығы - деп, өз тұжырымдарын беруге тырысқан. 
Түйін сөздер: білімділік, біліктілік, құзыреттілік, іскерлік, қабілеттілік, оқу белсенділігі. 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында  білім  алушылар  үшін:  «баршаға  бірдей  сапалы  білімге  қол  жеткізу;  коммуникативтік 
және кәсіптік құзыреттілікті дамыту», – деп көрсетілген [1]. Бұл бүгінгі жоғары оқу орындарының алдына 
болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру үшін,  оқытуды құзыреттілікке бағыттап ұйымдас-
тыру, білім беруден күтілетін түпкі нәтижені құзыреттілік тұрғысынан айқындау қажеттілігін талап етеді.              
Ендеше, қазіргі студенттің мамандыққа қажетті дағдыларды игеруі қаншалықты маңызды болса, олар-
дың бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуы, құзыреттілікке ие болуы соншалық маңызды. Осыған 
байланысты соңғы жылдары педагогика саласында құзырет, құзыреттілік терминдері кең  тарала бастады.  
Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерді  талдау  көрсеткендей,  құзыреттілікті  зерттеу  жұмыстары                     
Л.А.  Петровская  еңбектерінен  басталса,  ал  жалпы  білім  беру  саласындағы  құзыреттілікті  зерттеу                    
И.А. Зимняя еңбектерінен байқауға болады. «Құзыреттілік» ұғымы тұлға субъектілік тәжірибесіне ерекше 
көңіл аудару нәтижесінде еніп отырған ұғым болғандықтан, белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, 
білгір,  қандай  да  бір  сұрақтар  төңірегінде  беделді  түрде  шешім    шығара  алу,  -  дегенді  білдіреді  [2].  
Н.Хомский «құзыреттілік» терминін латын тіліндегі «Competere» - бір нәрсеге қабілетті болу, яғни айрық-
ша тілдік қызметті атқаруға қажетті қабілеттілік, - деп  тұжырымдайды. И.Л. Зимняя «құзырет» термині-
нің мәні «құзыреттіліктен» әлдеқайда кең мағына беретінін айтады [2].  Ғалымдардың ойынша, «құзырет» 
адам  әрекеті  ретінде  танылса,  «құзыреттілік»  осы  әрекетті  орындай  алу  деңгейі  түрінде  анықталады. 
Құзырет студенттің білуі қажет нәрсе болса, құзыреттілік осы нәрсені жақсы істеуі, өзін-өзі тануы, білімі, 
білігі, өзін-өзі бағалауы және т.б. мәселелерді қамтиды. 
 Жалпы  құзыреттілік  туралы  көптеген  отандық  ғалымдардың  ғылыми  педагогикалық  пікірлерін 
саралай  отырып,  зерттеуіміздің  мақсатын    ғалымдардың    2005-2014  жж.  аралығындағы  педагогикалық 
зерттеулерін  (п.ғ.д.  және  п.ғ.к.  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертациялары  бойынша
талдау негізінде құзыреттілік түрлерінің сипаттамасын ашу деп анықтадық.  
Төмендегі кестеде біз ғалым  – зерттеушілердің 2005-2014 жж. аралығындағы еңбектерінде құзырет-
тілік түрлерінің контент-талдауын беруді жөн көрдік. (Кесте -1)  
 
 
Кесте 1 – Қазақстандық ғалым – зерттеушілер еңбектеріндегі 2005-2014 жж. аралығындағы 
«құзыреттілік» түрлерінің мазмұндық контент-талдауы. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
204
 
 
 
№ 
Ғалымдарың 
аты - жөні 
Еңбектің тақырыбы және 
шыққан жері 
Түрі, мазмұны 

Б.Т. Кенжебеков  
ЖОО 
жүйесінде 
болашақ 
мамандардың  кәсіби  құзырет-
тілігін  қалыптастыру.  п.ғ.д. 
ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған 
диссертация. 
Қарағанды, 2005 ж. 235 б. 
 
Жоғары білімді маманның кәсіби құзыреттілігі 
–  маман  тұлғасының  ішкі  психологиялық 
қасиеттері  мен  күйлерінің,  кәсіби  іс-әрекетті 
атқаруға  қабілеті  мен  дайындығының  күрделі 
де тұтас жүйесі. 

Ш.Т.Мұқанбетова  Тұлғалық-бағдарлы  білім  беру 
негізінде  оқушылардың  комму-
никативтік  құзыреттілігін  қа-
лыптастырудың 
педагогикалық 
шарттары. п.ғ.канд. ғылыми дәре-
жесін  алу  үшін  дайындалған 
диссертация. Атырау, 2008ж. 35 б. 
Құзыреттілік  –  бұл  ситуацияға  сәйкес, 
құзыреттіліктерді  (іскерлік  пен  дағды)  пайда-
лану  үшін  таңдау.  Түйінді  құзыреттіліктер 
жөнінде  айтылғанда  жаңа  ситуацияларды 
меңгеруге «есікті» ашатын құралдар, «кілттер» 
деп түсіндіруге болады.  Түйінді құзыреттілік 
–  бұл  анықтаушы  құзыреттілік,  себебі  жүзеге 
асыру  жағдайларына  сәйкес  келеді,  олар 
шектелмеген,  спецификалық  емес,  бірақ 
белгілі бір дәрежеде әмбебап болып келеді. 
 

М.А. Ғалымжанова   Мұғалімдердің ақпараттық құзы-
реттілігін 
дамытудың 
педа-
гогикалық  шарттары.  п.ғ.канд. 
ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған 
диссертация. 
Атырау, 2008 ж. 38 б. 
Құзыреттілік  -  бұл  күнделікті  өмірдің  нақты 
жағдайларында  пайда  болатын  проблемалар 
мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкін-
дік  беретін  қабілеттілік.  Ақпараттық құзырет-
тілік  –  ізденімпаздықпен,  жауапкершілікпен 
ірекет  етуге  адамның  еңбегінің  нәтижесінде 
байқалатын,  белгілі  бір  еңбек  функциясын 
қабілеттілікпен  және  біліктілікпен  АКТ-ны 
меңгеруіне  мүмкіндік  беретін  психологиялық 
жағдай. 
 

К.А. Жолдасбекова  Студенттердің  жалпы  мәдени 
құзыреттілігін  этнопедагогика 
материалдары  негізінде  қалып-
тастыру.    п.ғ.канд.  ғылыми  дә-
режесін  алу  үшін  дайындалған 
диссертация. 
Шымкент,                
2010 ж. 47 б. 
Этнопедагогика  материалдары  негізінде  сту-
денттердің  жалпы  мәдени  құзыреттілігі  де-
геніміз  –  болашақ  кәсіп  иелерінің    халықтық 
рухани  құндылықтарын  түсінуі  арқылы  олар-
ды  құзыреттілікте  қолдана  алуымен  анықта-
латын,  кәсіби  мәнді,  тұлғалық  қасиеттерінің 
қалыптасуын  құрайтын  адамгершілік  тұрғы-
дағы мәдени басқарушы іс-әрекеті.  
 

С.Н. Исабаева  
Студенттердің  ақпараттық-тех-
нологиялық  құзыреттілігін  қа-
лыптастырудың  педагогикалық 
шарттары.  п.ғ.канд.  ғылыми 
дәрежесін  алу  үшін  дайын-
далған  диссертация.  Алматы, 
2010 ж. 25 б. 
Ақпараттық  –  технологиялық  құзыреттілік 
тұлғаның алдына қойған міндетті шешу мақса-
тында алынған ақпаратты сын көзбен бағалай 
және  талдай,  жүйелей  тұжырымдай  білуі,  өз 
іс-әрекетінде,  қандайда  бір  әрекетте  алынған 
ақпаратты жоспарлау мен жүзеге асыру, ақпа-
раттық  сұраныстарға  бар  ақпаратты  құры-
лымдай  білу,  оны  тасымалдаушы  арқылы  әр-
түрлі  түрде  беру  қабілеті  ақпараттық  және 
технологиялар  туралы  білімі  және  іс-әрекет 
технологиясы,  әдістері,  құралдары,  формасы 
және оларды қолдану, ұйымдастыру шарттары 
бойынша  білімі  және  сәйкесінше  біліктілік-
термен  білімдерді  оқу  іс-әрекетін  жобалауда, 
өз  іс-әрекетінің  тиімділігі  ме  нәтижелілігін 
талдауда шығармашылық түрде қолдана алуы. 

Ш.О. Омарбекова 
Университеттік 
білім 
беру 
жадайында студенттердің ақпа-
Студенттердің  педагогикалық  құзыреттілігі  – 
кәсіби  біліктілігі,  педагогикалық  қызметті 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
205 
раттық  –  коммуникативтік 
құзыреттілігін  қалыптастыру. 
п.ғ.канд. ғылыми дәрежесін алу 
үшін дайындалған диссертация. 
Алматы, 2010 ж. 17 б. 
жүзеге  асырудағы  теориялық  және  практика-
лық дайындықтың бірлігі, шығармашылық іс-
әрекеті мен зерттеушілік әрекетін айтамыз. 

С.С. Измуханбетова  Оқушылардың 
зерттеушілік 
әрекеттері  арқылы  коммуни-
кативтік  құзыреттілікті  қалып-
тастырудың 
педагогикалық 
шарттары.  п.ғ.канд.  ғылыми 
дәрежесін  алу  үшін  дайын-
далған  диссертация.  Атырау, 
2010 ж. 46 б. 
Коммуникативтік  құзыреттілік  –  бұл  оқушы-
ның  өз  коммуникативтік  мүмкіндіктерін  сай 
әрекеттерін  ұйымдастыруға,  өзіндік  жазбалар 
жүргізуге ынтасы; жазбаша рәсімдеу түрлерін 
білуі;  нәтижелік  өнімді  презентациялау,  сөз 
сөйлеу,  монолог,  диалог,  полилог  ережелерін 
меңгерген,  оны  әрі  қарай  дамытуға  қабілетті 
тұлға. 

Б.Ж.Еспенбетов 
Ұлттық  қолданбалы  қолөнері 
негізінде  болашақ  мұғалімдер-
дің кәсіби – көркемдік құзырет-
тілігін қалыптастыру (айшықты 
ши  тоқу  мысалында).  п.ғ.канд. 
ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған 
диссертация. 
Қарағанды, 2010 ж. 42 б. 
Болашақ 
мұғалімнің 
кәсіби-көркемдік 
құзыреттілігі педагогтарды кәсіби даярлаудың 
нәтижесі  және  кіріктірілген  кәсіби-тұлғалық 
сипаттамасы,  яғни  кәсіби  –  көркемдік  білім-
ділік  және  біліктілік,  кәсіби-көркемдік  іс-әре-
кетке лайық танымдық іскерлік пен дағдылар, 
кәсіби  мәні  бар  тұлғалық  қасиеттердің  бір-
тұтас  жиынтығы  болып  табылады.  Ол  бола-
шақ  мұғалімдердің  кәсіби-көркемдік  әрекеті-
нің сапасын анықтайды, үнемі өзгеріп тұратын 
кәсіби  жағдайларда  оңтайлы  іс-әрекет  жасау 
қабілетінде  көрінеді  және  өзін-өзі  дамытуға, 
өзіндік баға беруге дайындығын бейнелейді. 

А.Т.Дюсенбаева 
Мектептегі  қоғамдық  ұйым-
дарда  оқушылардың  менед-
жерлік  құзыреттілігін  қалып-
тастыру. 
п.ғ.канд. 
ғылыми 
дәрежесін  алу  үшін  дайын-
далған  диссертация.  Алматы, 
2010 ж. 27б. 
Оқушының 
менеджерлік 
құзыреттілігі 
дегеніміз  –  ол  басқару  іс-әрекетіне  деген 
жағымды  мотивациясы  негізінде  басқару 
туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-
әрекеті  және  қоршаған  ортадағы  құбылыс-
тарды  басқаруда  қолдана  алу  қабілеттілігін 
сипаттайтын  оқушы  тұлғасының  кіріктірілген 
қасиеті.  
10 
А.Д.Рысқұлбекова 
Бастауыш  сынып  оқушылары-
ның коммуникативтік құзырет-
тілігін қалыптастыру.  п.ғ.канд. 
ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған 
диссертация. 
Алматы, 2010 ж. 27 б. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  коммуни-
кативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  диалог-
тық  сөйлеу,  көпшілік  алдында  сөз  сөйлеуі, 
жазбаша  қарым-қатынас  және  топтық  қарым-
қатынасқа түсе алу білімі, білігі, дағдысы және 
тұлғалық сапалар жиынтығы. 
11 
К.Т.Мулдабекова 
Ақпараттық 
технологиялар 
арқылы  болашақ  мамандықта-
рының  коммуникативтік  құзы-
реттілігін қалыптастыру. Фило-
софия  докторы  (PhD)  ғылыми 
дәрежесін  алу  үшін  дайын-
далған  диссертация.  Алматы, 
2014 ж. 35 б. 
Болашақ 
мамандардың 
коммуникативтік 
құзыреттілігі – алған теориялық тілдік білімін 
тәжірибеде  пайдалана  білу  белсенділігі,  бола-
шақта  таңдаған  мамандығына  сәйкес  кәсіби 
даярлығына  қатысты  қарым-қатынас  әдістері, 
технологиялары  мен  құралдарын  меңгеруде 
ақпараттық  технологияларды  саралап,  өзінің 
даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған 
ортаның әсер ету факторларын шеше  алатын 
тұлғаның қасиеттер жиынтығы. 
12 
Дәулетбекова Ж.Т., 
т.б. 
Тілді  оқыту:  интеграциялық 
білім  мен  интеллектуалдық 
тұлға  қалыптастырудың  сабақ-
тастығы. Монография. Алматы: 
«Нурай  Принт  Сервис»,  2014.-
216 б. 
Мәдени-танымдық  құзыреттілік  –  өз  бетінше 
жаңа  білімді  игеруі,  білім  деңгейін  үнемі 
жетілдіруге  дайын  болуы,  өзін-өзі  ұйымдас-
тыра  алуы  және  дамытуы,  жеке,  қоғамдық, 
кәсіби  өмірде  мәдени  танымдық  қызметті 
дамытатын қабілетінің болуы. 
 
Сонымен,  жоғарыда  қарастырылған  қазақстандық  зерттеушілердің  пайымдауынша,  құзыреттілік 
күрделі, көпастарлы ұғым болып табылады. «Құзырет» және «құзыреттілік» терминдері өзара сабақтас, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
206
 
 
мағыналас,  «құзырет»  кең  мағынадағы  ұғым  да,  «құзыреттілік»  -  осы  құзыретті  қолдана  білуі,  іске 
асыруы, білімі, білігі, дағдысы. 
Нәтижесінде төмендегідей «құзыреттілік»  түрлерін байқадық (сурет-1):  
 
 
 
 
 
 
Сурет – 1.  Құзыреттілік түрлері
 
 
Қорыта  келгенде,  біздің  көзқарасымыз  бойынша,  қазақстан  ғалымдарының  педагогикалық  зерттеу-
леріндегі құзыреттілік   

  бұл  күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын мәселелер мен 
міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін,ізденімпаздықпен, жауапкершілікпен әрекет етуге 
адамның  еңбегінің  нәтижесінде  байқалатын,  біліктіліктермен  білімдерді  оқу  іс-әрекетін  жобалауда, 
оны  әрі  қарай  дамытуға  қабілеті;  өз  іс-әрекетінің  тиімділігі  мен  нәтижелілігін  талдауда  шығарма-
шылық  мен  зерттеушілік  ізденісі;  белгілі  бір  дәрежеде  әмбебап  болатын,  тұлғаның  кіріктірілген
 
қасиеттер жиынтығы, – деп өз тұжырымызды жасаймыз. 
 
 
1. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы 
– Астана, 2010 жыл.  
2.  Зимняя  И.А.  Компетентностный  подход  в  образовании.  Проблемы  качества  образовании.  –  М.:  Уфа 
Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2004.-  34-38 б. 
3.  Коджаспирова  Г.М.,  Коджаспиров  А.Ю.  Педагогический  словарь:  Для  студ.  высш.  и  сред.  пед.  учебн. 
заведений. –М.: Изд. центр «Академия», 2001. – 256 с. 
4. Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. – Алматы, 2007. – 236 б.  
5. Хуторской А.В. Ключевые компетенции: технология конструирования  // Народное образования. – 2003. – № 5.  
 
 
Резюме 
Абсатова М.А. – д.п.н., профессор кафедры педагогики и психологии КазНПУ им. Абая, absatovamar@mail.ru 
Таженова Г.С. – докторанторантка 1 курса по специальности 6D010300 
Педагогика и психология, karakulovagulsara@bk.ru 
  
Характеристика видов компетентности в педагогических исследованиях  
ученых Казахстана 
В  статье  раскрывается  содержание  понятия  «компетентность»  в  педагогических  исследованиях  Казахстанских 
ученых.  Рассматриваются    сущность  понятия  «компетентность»,  выводы,  результаты,  теоретические  и  прикладные 
пути, выявленные в исследовательских работах ученых Казахстана. Это ставит перед вузами требование о формиро-
вании  компетенции  будущих  специалистов,  организации  компетентностно-ориентированного  обучения,  о 
необходимости выявления окончательного ожидаемого результата образования с точки зрения компетенции, поэтому в 
труде  рассмотрены  эти  первостепенные  вопросы.  На  основе  анализа  научно-педагогических  литературы    многих 
 
құзыреттілік 
мәдени 
 
коммуникативтік
 
кәсіби 
кәсіби-көркемдік 
ақпараттық- 
технологиялық 
менеджерлік 
 
педагогикалық 
мәдени - танымдық 
танымдық
 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
207 
отечественных ученых о компетентности  с 2005 по 2014 годы (по диссертациям на соискание ученой степени д.п.н. и 
к.п.н.)  были рассмотрены виды компетенций и дана содержательная характеристика  видам компетентностей. 
Кроме того, на основе проведенного анализа  видов компетентностей, рассмотренных в педагогических исследо-
ваниях  казахстанских  ученых,  было  уточнено  сущность  компетентностей  как  способность,  дающая  возможность 
эффективного решения проблем и задач, появляющихся в конкретных ситуациях каждодневной жизни, способность,  
проявляющаяся  в  результате  творческого,  ответственного  труда  человека,  способность  проектирования  знаний  и 
навыков  в  учебной  деятельности  и  их дальнейшего развития;  творческий  и  исследовательский  поиск  при  анализе 
эффективности и результативности своей деятельности; набор интегрированных качеств личности, становящегося в 
определенной степени универсалом. 
Ключевые  слова:  образованность,  квалификация,  компетентность,  деловитость,  способность,  активность 
знания. 
 
Summary         
Absatova М.A.  doctor of pedagogical sciences, professor, 
KazNPU named after Abai, absatovamar@mail.ru 
Tazhenova G.S.  1
th
 course PhD doctoral specialty of Pedagogy and psychology,  
 KazNPU named after Abai, karakulovagulsara@bk.ru 
  
Characteristic comptentence in pedagogical researches of Kazakhstan scientists 
The article reveals  content of notion "competency" in pedagogical research works of Kazakh scientists.Also it Discusses 
the essence of concept "competence", conclusions, findings, theoretical and applied paths identified in the research works of 
scientists of Kazakhstan. This puts a higher requirement on competence formation of future professionals, organization of 
competence-orientation  in   teaching,  about  need  to  identify  final  expected  result  of  education  from  the  point  of  view  of 
competence, therefore this work is devoted to these priority issues. Based on the analysis of scientific-pedagogical views of 
many Russian scientists about competence and analysis of pedagogical research of scientists from 2005 to 2014 (dissertations 
on competition of a scientific degree Ph. D. and Ph. D.) examined the types of competencies and given content and a content 
analysis of kinds of "competencies". 
In addition, we conducted content analysis of types of competencies addressed in teacher training among researchers that 
tried to give the following definitions: "the ability that gives the ability to effectively solve problems and tasks that appear in 
concrete situations of everyday life, the ability manifested in the result of a creative, responsible labor rights, the ability of 
design knowledge and skills in training activities and their further development; creative and research finding in the analysis 
of the efficiency and effectiveness of its activities; a set of integrated qualities becoming to some extent a generalist".  
Keywords: education, qualification, competence, efficiency, ability, activity. 
 
 
ҒЫЛЫМ МЕТРИКАСЫ ЗЕРТТЕУШІЛІК  ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ 
 
Меңлібекова Г.Ж.
 – 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Email: 
gmen64@mail.ru
 
 
XXI ғасырда жоғары білімнің сапасын қамтамасыз етудегі  әлемдік үрдістердің дамуы  білім, ғылым 
және инновациялардың өзара байланысын, ғылым мен білімнің кірігу тетіктерінің тиімділігін арттырудың 
маңызын айқындай түседі. Ғалымдарды даярлауда ғылым мен білім салаларының  тұтастығын  қамтама-
сыз ететін бірыңғай ғылыми-білімдік кеңістіктегі жүзеге асырылып отырған білім беру бағдарламалары 
мен  ғылым  субъектілері  ғылыми  зерттеулерінің  сапасын  өлшеудің  қажеттілігі  таным  аймағына  деген 
құндылықтық қарым-қатынасты және көзқарастар жүйесін  қайта қарауды  керек етеді. Қазақстан Респуб-
ликасының  «Өлшем  бірлігін  қамтамасыз  ету  туралы»  Заңында  (2000  ж.):  «Өлшем  бiрлiгiн  қамтамасыз 
етудiң  негiзгi  мақсаттарының  бірі  iргелi  зерттеулерде  және  ғылыми  талдамаларда  өлшем  дұрыстығын 
қамтамасыз ету», - деп көрсетілген.   
Шығыстың  ғұлама  ойшылы  әл-Фараби  «Ғылым  классификациясы  туралы  трактат»    деген    іргелі 
еңбегінде зерттеудің пәнін анықтады, атап айтқанда: 
- бірінші бөлім – тіл және оның  бөліктері туралы; 
- екінші  бөлім – логика және және оның бөліктері туралы; 
- үшінші бөлім – математикалық ғылымдар, яғни арифметика, геометрия, оптика, жұлдыздар туралы 
ғылым, музыка; 
- төртінші бөлім – физика және оның бөліктері, метафизика және оның бөліктері; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
208
 
 
- бесінші бөлім – азаматтық ғылым және оның бөліктері, юриспруденция және догматикалық дін ілімі 
[2].  Бұл  орайда  Шығыс  әлемінің  данышпан  ғалымы  әл-Фараби  зерттеу  пәнін  философиялық  тұрғыдан 
түсінудің мәніне жете назар аударып, логикалық  аргументация негізінде диалогты таным әдісі ретінде 
қарастырудың қажеттілігін тұжырымдағаны айқын көрінеді. 
Олай болса,  «Заманауи әр түрлі өркениеттер (шығыстық  және батыстық) мен мәдениеттер арасын-
дағы өзара қатысым  арнасында зияткерлік қауымдастықта жүзеге асырылатын ғылыми іс-әрекеттің өзін-
дік өлшем бірліктері қандай болмақ?», - деген сұрақтың ғылым мен білім тарихының  сахнасында занды 
орын алатыны ақиқат.  
Ғылымды  өлшеу  (scientometrics)  ғылымтанудың  бір  бөлімі  ретінде  зерттелгені  баршаға  белгілі.  XX 
ғасырдың екінші жартысында Львов қаласында ғылымның дамуын кешенді зерттеуге арналған  бірлескен 
симпозиумының  өткізілуі  тарих  сахнасына  әлемдік  деңгейде  ғылыми  зерттеудің  нәтижелерін  өлшеудің 
қажеттіліктерін  негіздеді.  
Ғылымды өлшеу туралы ғылымның (scientometrics) ірге тасын қалаушы «Ғылымның әлеуметтік функ-
циясы» атты классикалық туындының авторы J.D. Bernal болатын. Ол: «Ғылым институт, әдіс, білім дәс-
түрлерін жинақтау, өндірісті қолдау мен дамытудың маңызды факторы, адам және адам әлеміне сенімді 
және қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етуші фактор ретінде қарастырылуы мүмкін», - деп жазды 
[1,13].  
Ғылымның даму үдерісін зерттеуге мүмкіндік беретін логикалық  схемалардың кең аспектілері туралы 
айта  келе,  ғалым  келесі  үлгілерді  ажыратып  көрсетті,  атап  айтқанда:  ақпараттық  үлгі  (ғылым  өзінің 
ақпараттық ағымын өзі басқаратын жүйе ретінде қарастырылды, яғни  ақпараттық ағымды басқару негі-
зінде  ғылымның дамуы); логикалық үлгі (ғылым идеялардың логикалық дамуы ретінде  түсіндірілді. Бұл 
үлгі  Б.М.  Кедровтің  «Ғылым  классификациясы»  атты  монографиясында  егжей-тегжейлі  зерттелді); 
гносеологиялық  үлгі  (ғылыми  зерттеу  әдіснамасын  зерттеумен  айналысады  және  математика,  болжам, 
эксперимент,  эксперименттің  математикалық  теориясы  т.с.с.  басты  мәселелерді  шешуге  бағытталдаы); 
экономикалық үлгі (ғылым және елдің экономикалық дамуының өзара әрекеттестігі зерттеледі, сонымен 
қатар  ғылыми  зерттеулердің  экономикалық  тиімділігі  бағаланады);  саяси  үлгі  (ғылымның  саяси  идео-
логиямен өзара әрекеттестігі, ғылымның дамуы  және елдің мәртебесі, сондай-ақ оның қорғаныс әлеуеті-
мен байланысы зерттеледі); әлеуметтанушылық үлгі (ғылыми қызметкерлердің  көпшілігі әлеуметтік топ 
ретінде  қарастырылады);  демографиялық  үлгі  (елдің  ғылыми  әлеуеті  демографиялық  мәселе  ретінде 
зерттеледі және «кәрі қалалардағы  жас ғылыми ұжымдарды сақтауға бола  ма?» деген  мәселемен айны-
лысты);  «ғылыми  қызметкер  –  шығармашыл  белсенді  индивидуум»  үлгісі  (ғылыми  шығармашылық 
психологиясы), системотехника (ғылымды жүйе ретінде қарастыру көзделді). 1967 жылы А.А.Ляпунов-
тың  жетекшілігімен  ғылыми  әзірлемелерді  оңтайлы  ұйымдастыру  мәселелері  бойынша  арнайы 
симпозиумның өткізілуі де ғылым метрикасының қоғамның сұранысына ие болғанын көрсетті. 
Дирек Прайс ғылымның дамуын зерттеуде сандық әдістерді қолдану аясын кеңейтуге атсалысты. 1961 
жылы  Калифорнияда  ғылыми  ақпараттар  институты  ұйымдастырылып,  «Ғылыми  сілтемелер  индексі» 
(Science Citation Index) даярланды. XX ғ. ғылымтану мәселелерімен кәсіптік деңгейде айналысқан ғалым, 
«Ғылым туралы ғылым» атты монографияның авторы Г.М. Добров болды. 1967 жылдардың өзінде КСРО 
ғылым академиясының жаратылыстану және техника тарихы институтында ғылымның дамуын зерттей-
тін сандық әдістеріне арналған қалалық семинар өткізіліп тұрды. 
«Ғылымды  ақпаратты  үдеріс  ретінде  зерттеуде  сандық  (статистикалық)  әдістерді  қолдану  мүмкін 
болғандықтан, бұл бағыттағы зерттеулер  ғылымды өлшеу  (scientometrics) деп атауге негіз болды»,- деп 
тұжырымдады J.D.Bernal. Демек, бұл –«кибернетикалық тұғыр» дегенді  білдіреді.  
L.Leydesdorff  «Ғылымды өлшеу дегеніміз – ғылыми коммуникацияны сандық зерттеу - ұйымдасқан 
білімді  өндіруді  және  оны  бақылауды  көрсете  отырып,  өлшеуге  болатын,  ғылым  мен  технологияның  
зерттеу мәселесі», - деген анықтама ұсынды [2, 27].  
М.Е. Солнышков «орындалған ғылыми-педагогикалық зерттеулердің сапасына ғылыми ретроспектив-
тік өлшемдік талдауды жүзеге асыру керектігіне назар аударды. 
Д.Л. Солодкин ғылымды өлшеудің даму тарихын үш кезеңге бөлді: 
Бірінші кезең «Жүйелі жарияланым» деп аталды. Бұл кезеңде «Journal des sgavans» тұңғыш ғылыми 
басылым жарыққа шығып, ғылыми іс-әрекет нәтижелері мерзімді басылымда үзбей жарияланып отырды, 
бірақ ғылыми қорытындыларға талдау жүзеге асырылмады. 
Екінші кезең  «дәйексөз  индекстері»  зияткерлік құрал ретінде»,  -  деп белгіленді, өйткені 1955 жылы 
Филадельфиядағы  ғылыми  ақпарат  институтын  құрған  Ю.Гарфилд  ғылыми  дәйексөздің  индекстері 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
209 
туралы  жұмысын жариялаған болатын, сегіз жыл өткеннен кейін, яғни 1963 жылы Institute for scientific 
information ғылыми дәйексөз  индекстерін жариялай бастады, сондықтан нәтижесінде библиографиялық 
сілтемелер мәліметтерінің тұңғыш қоры пайда болды.  «Ғылыми сілтемелер көрсеткіштерінің» ("Science 
Citation Index" – SCI) ғылыми  жарияланымдарды бағалаудағы мүмкіндіктерін зерттей отырып, ғылыми 
дәйексөз алудың талдау жүйесін құруға ұмтылыс жасады.  
Үшінші  кезең  «ғылыми  іс-әрекетті  талдау»  делінді.  1990  жылы  Web  of  Science  платформасы  пайда 
болып, ғылыми өлшемдік талдауға арналған коммерциялық, кәсіптік өнімдер дами бастады. Бұл талдау-
дың нәтижелері ғылымды әкімшілік басқаруда кеңінен қолданыс тапты  
Ғалым:  «ғылымды  өлшеудің  қолданбалы  нәтижелері  ғылымды  басқару  үшін,  ал  дәйексөз  индексі 
ғылыми  ақпаратты  іздеу  үшін  көп  қолданылады.  Қазір  аталмыш  ғылыми  пәннің  әзірлемелері  коммер-
циялық  өнімдерде  қолданыс  тапты.  Осы  сәттен  бастап  жеке  экономикалық  сала  -  ғылыми  өлшемдік 
өнімдер нарығы қалыптасып келеді», - деп тұжырымдайды [4, 187]. 
Жүйелік тұрғыдан қарағанда ғылыми іс-әрекеттің дамуын оның өзара байланысқан және өзара тәуелді 
үш түрінің (қол жеткізілген білімді жинау; жаңа білімді өндіру; белгілі және жаңа білімдерді табыстау) 
өзгеру  деп  қарастыруға  әбден  болады.  Адамның    жастық  шағында  (зерттеушінің  ғылыми  іс-әрекетінің 
бастапқы кезеңінде) зерттеудің қол жеткізілген ғылыми білімдері  мен әдістерін меңгеруге бағытталған 
күш-жігері басым болады. Іс-әрекеттің бұл түрі жаңа білімдерді өндіруге серпін береді. Кейінірек жинақ-
талған және өндірілген ғылыми білімдерді табыстау мен оны жүзеге асырумен байланысты болатын іс-
әрекет түрлері басымдау болады. Ғалымның жеке жасаралық кезеңдерінде көрсетілген жинақтау, өндіру-
шілік,  табыстаушылық  басымдықтар  бірізділігінің  болуы  оның  шығармашылық  жолындағы  іс-әрекет-
терінің арақатынасына тән өзгеру ықтималдығының дәрежесін көрсетеді [5, 82].  
Ғылымтанудың  мақсаты  ғылымды  теориялық  ұғынуды  әзірлеу,  өмір  және  қоғамның  дамуында 
ғылымның  рационалды  қатысу  тәсілдері  мен  критерийлерін  анықтау  болып  табылады.  Ғылымтану 
ғылыми  іс-әрекетті  ұйымдастыру  мәселелерін,  ғылыми  қауымдастықтың  және  ғылыми  мамандықтың 
әрекет етуін реттеуге бағытталған өзін-өзі басқаратын үдерістерді, ғылым саласындағы саясатты жүзеге 
асыру  мен  ғылыми  білімдерді  ұйымдастыру  мен  оның  өсуінің  ақпараттық  ерекшеліктерін;  ғылыми 
әлеуеттің  құрылымын; әлеуметтік-экономикалық дамуды ғылыми тұрғыдан болжау; жаhандық және ұлт-
тық ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды зерттейді. 
В.В. Налимов ғылым өлшемін дамыту үшін негізгі міндеттерді шешіп алуды ұсынды: нені өлшеу керек 
және  қалай  өлшеу  керек.  Ғылымның  дамуын  айқындайтын  сандық  параметрлердің  қаншалықты  дұрыс 
таңдалып  алынғанын  бағалау  да  қажет  [6].  Өлшенетін  параметрлердің  ішінде    жарияланымдардың  саны, 
ғылыми  қызметкерлердің  саны,  ғылыми  ұжымдардың  мөлшері  т.с.с.  кең  таралды.  Бұл  жанама  көрсет-
кіштер ғылымның өсу үдерісінің жеке аспектілерін ғана сипаттады. Ал нақты ғылымдарда көп жағдайларда 
жанама  көрсеткіштерді  зерттеу  және  оларды  өлшеумен  шектелді.  Әрине,  отандық  ғылымның  дамуының 
өсуіне талдау жасау мен оны құру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру құрылымын зерделеу; мамандарды 
даярлау және оларды іріктеуді зерттеу; ғылым дамуын болжау мен басқару мәселелері де қарастырылды. 
В.В. Налимов: «ғылымды басқару міндеттерін шешу үшін келесі сұрақтарға жауап іздеу керек:  
1)  ғылыми  зерттеулерге  мемлекет  қанша    қаражат  бөлуі  керек  және  бұл  қаражат    білім  салалары 
арасында қалай бөлінуі керек; 
 2) жеке ғылыми бағыттардың дамуын сандық жағынан байқау жүйесін қалай ұйымдастыру керек?»  
дей  келе,  отандық  ғылымның  даму  тиімділігі  осы  міндеттерді  шешуге  тікелей  байланыстылығын  атап 
көрсетті  [7].  Сондықтан  да  ол  ғылымның  құрылымы  анықталғаннан  кейін  ғылым  метрикасына  назар 
аударуға және библиографиялық сілтемелер құрылымын талдауға айрықша  мән берді. 
Ғылыми метрикалық талдау жасау барысында ғылыми ақпараттық ағымдарының ағылшын және орыс 
тілдеріндегі ағымдар деп бөлінетінін ескеру керек. 
 Ғылым метрикасы құзырет туралы ілімнің, яғни  құзыреттанудың  құрамдас бөлігі болып табылады. 
Ғылым метрикасының құралдарына зияткерлік құралдар болып саналатын ғылыми метрикалық индекс-
тер  және  библиометриялық  ақпарат  жатады.  «Ғылыми  қызметкерлердің  іс-әрекетіне  жан-жақты  объек-
тивті әрі  тыңғылықты сараптамадан және көпшілік алдында алынған ғылыми нәтижелерді талқылаудан 
өткеннен кейін ғана баға берілуі тиіс»   8 . 
Дәйексөз  алуды  қолданудың  үш  аспектісін  ажырытуға  болады:  дәйексөзді  келтіру  бойынша  жария-
ланымдарды іздеу; ғылыми жұмыстың сапасын анықтау; зерттеулердің «қарқынды» бағыттарын айқын-
дау  және  ғылыми  бағыттың  пәндік  құрылымын  белгілеу.  Дәйексөзді    келтіруге  негізделген  әдістер 
қатарына статистикалық (жарияланымдарды  дәйексөзге алу  статистикасы ғылыми пәннің даму  заңды-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
210
 
 
лықтарын  зерттеуге  мүмкіндік    береді),  аналитикалық  (дәйексөздер  желісіне  талдау  жасау)  әдістерді 
жатқызуға болады.  
Дәйексөз  индексі  ғылыми  әлемде  қабылданған  көрсеткіш  ретінде  ғылыми  мерзімдік  басылымдарда 
ғалымның жарияланымына жасалған  сілтеменің санын және  нақты ғалымның еңбегінің нәтижелігін көр-
сетеді Хирш индексі – нақты ғалымның өнімділігінің сандық сипаттамасы болғандықтан,  басқа маман-
дардың оның еңбегіне жасалған  сілтеме санын есептеу  негізінде жүзеге асырылады. Бұл орайда  назар 
аударатын  нәрсе  -  басылымның  ғылыми  беделінің  есепке  алынуы.  L.Egghe  «информетрия»  ұғымына 
өзіндік анықтамасын ұсынды. Оның пікірінше, «информетрия» информатикамен байланысты метрикалық 
зерттеулерді қамтитын термин, соның ішінде библиометрия (библиография, библиотекалар т.с.с.), ғылым 
метрикасы  (ғылыми  саясат,  дәйексіз  келтіруге  талдау  жасау,  зерттеулерді  бағалау    т.с.с.),  вебометрия 
(Интернет желісінің метрикасы, ынтамақтастық желісі, тағы басқа әлеуметтік желілер) бар [11]. 
«Білім» бағыты бірнеше мамандықтарды («қазақ тілі және әдебиеті», «орыс тілі және әдебиеті», «шет 
тілі:  екі  шет  тілі»,  «математика»,  «физика»,  «информатика»,  «химия»,  «биология»,  «мектепке  дейінгі 
оқыту мен тәрбие»,  «бастауыш білім беру»,   «дене-тәрбиесі мен спорт»,  «бейнелеу өнері»,  «әлеуметтік 
педагогика  және  өзін-өзі  тану»  т.б.)  қамтиды.  Болашақ  педагогикалық  қызметкерлердің  білім  ұйым-
дарындағы зерттеушілік іс-әрекетін дұрыс өлшеудің білімге негізделген қоғамның дамуында маңызы бар. 
Өйткені  олардың  зерттеушілік  іс-әрекеттің  тетіктерін  жетік  меңгеруі  және  ғылыми  нәтижелерді  дұрыс 
өлшеу қабілетінің болуы кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру мен оны басқару негізінде жүзеге асады. 
Жоғары білімнің үшінші деңгейіне  (докторантура) арналған құзыреттіліктің әмбебап сипаттамасының 
Дублиндік үлгісінің («дублиндік дескрипторлар») құрылымы келесі бөліктерді қамтиды: 
- білім және ұғыну (өзінің зерттеу шеңберін жүйелі ұғынуы және осы шеңберде пайдаланатын зерттеу 
дағдылар мен әдістерді  игеру); 
- білім  мен  ұғынуын  қолдану  (тұтас  ғылыми  зерттеу  жобасын  құру  қабілеттілігі,  ұлттық  және 
халықаралық басылымдарда жариялауға лайықты ғылыми нәтижелерге қол жеткізу нәтижесінде  зерттеу 
аумағын кеңейту арқылы ғылымға үлес қосу); 
- ой  -пікірді,  пайымды  тұжырымдау  (сыни  тұрғыдан  талдау,  бағалау  және  жаңа  кешенді  идеяларды 
топтау қабілеттілігі); 
- коммуникативті қабілеттіліктер (өз әріптестерімен, ғылыми қауымдастықпен және жалпы қоғаммен 
өзінің мамандану саласымен байланысты мәселелер бойынша диалогты форматта қарым-қатынас жасау 
қабілеттілігі); 
- оқуға,  үйренуге  қабілеттілігі  (академиялық  және  кәсіби  арнада  технологиялық,  әлеуметтік  және 
мәдени жетістіктерге жету қабілеттілігі). 
Демек,  білім  (сананың  ақпаратты  кодификациялау  құралдарына  байланысты  перцептивті,    ұғыным-
дық,  дискурсті,  интуитивті, эмпирикалық, теориялық, ғылыми, ғылымнан тыс т.с.с. білімдер) мен ұғыну-
дың  өзара  байланысы  зерттеу  аумағының  ерекшеліктерін  білу  (когнитивтік),  ізденістік  дағдылар  мен 
ғылыми әдістерді  игеру үдерісі (танымдық-әрекеттік) негізінде қамтамасыз етіледі. 
«Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға аранлған мемле-
кеттік бағдарламасында» межеленген тарихи міндеттерді шешу ғылым метрикасының ұстанымдары мен 
көрсеткіштерін  басшылыққа  алуды,  ғылыми-білімдік  үдеріс  субъектілерінің  зерттеушілік  әлеуетін 
дамытудың теориялық негіздері мен қолданбалы тетіктерін жетілдіруді, әр түрлі ғылым (жаратылыстану 
және  гуманитарлық)  салаларының  нәтижелерін  синтездеу  мүмкіндіктерін  зерделеу  негізінде  жаңа 
ғылыми білімдерді өңдеуді  керек етеді. 
 
1.  Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. – Алма-Ата, 1985. 
2.  Bernal J.D. Science in history. -London, Watts, 1954. 
3.  Loet  Leydesdorff.  The  Challenge  of  Scient0metrics.  The  Development,  Measurement,  and  Self-Organization  of 
Scientific Communications. The Netherlands, 1995. 
4.  Солнышков  М.Е.  Педагогическая  наукометрия:    история,  теория,  практика:  Монография/  Под  ред.  Е.  А. 
Михайлычева. – Таганрог: Изд-во ИП Ступина А. Н., 2009. – 244 с. 
5.  Солодкин Д.Л. К вопросу о становлении и развитии наукометрии//Вестник Омского университета. – 2013. 
Выпуск. -№ 3 (69). – С.185-189. 
6.  Оноприенко  В.И.  Поколения  в  науке:  взгляд  социолога  //Социологические    исследования.  –  2007.  –  №4.  –              
С.75-85. 
7.  Налимов В.В., Мульченко З.М. Наукометрия: Изучение развития науки как информационного процесса. – М.: 
Наука, 1969. – 192 с. 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
211 
8.   Грановский Ю.В. Можно ли измерять науку? Исследования В.В. Налимова по наукометрии //Науковедение. – 
2000. – № 1. 
9.  Глущенко  В.В.,  Глущенко  И.И.    Компетенциология  как  составляющая  Современной  науки,  социальной  и 
экономической практики // Компетентность. – 2015. – № 3. – С.36- 41. 
9. Marx W., Cardona M. The citation impact outside references – formal versus informal citations // Scientometrics. – 
2009. –V. 80 (1). – P. 1–21. 
10. Hirsch J.E. An index to quantify an individual’s scientific research output //Proc. National Academy of  Sciences of  
the USA. – 2005. – V. 102 (46). – P. 16569–16572. 
11. Egghe L. Expansion of the field of informetrics: Origins and consequences // Information Processing & Management. 
– 2005. –Vol. 41. - Iss. б. – P. 1311-131б.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет