Резюме
В статье рассматриваются возможности наукометрики в управлении процессом развития исследовательского
потенциала, раскрываются сущность и содержание понятия «наукометрика». В статье дана характеристика
различных моделей наукометрики в истории развития науки, определяются возможности управления наукой с
учетом применения наукометрических криетериев и показателей, выявлены соотношения наукометрики и
компетенций в теории и практике подготовки научных кадров нового поколения.
Ключевые слова: наука, науковедение, метрология, наукометрика, модель, компетенция
Summary
This article discusses scientometric capabilities to manage the process of development of scientific potential, reveals the
essence and content of the concept "scientometrics". The paper presents the characteristics of different scientometric models
in the history of science and science management capabilities are determined based on the use of scientometric criteria. The
ratio of scientometrics and competence in the theory and practice of training a new generation of scientific personnel have
been identified.
Keywords: science, metrology, scientometrics, model, competence
УДК 37.01
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ЗАҢ ЖҮЙЕСІ
НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МОДЕЛІ
Нөкетаева Д.
–
п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а.
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті)
Мақалада бүгінгі заманауи мемлекеттің жаңа тұрғыда дамуы, білімнің сапасын арттырып жоғары дәрежеге
жеткізу мақсатының жүзеге асырылуы мектеп табалдырығынан бастау алып, патриоттық сипатқа ие болу тетіктері
қарастырылды. Мектеп табалдырығында оқушы жастарға берілетін білім мен тәрбие мемлекет азаматының тұлғасын
қалыптастырып, дамытушы құрал болып табылады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан
қалыптаса бастаған жасөспірім – тәрбиенің қолайлы объектісі болып табылады. Осыдан келе тұлғаның патриоттық
санасы мектептегі патриоттық білім беру мен тәрбиелеу жүйесі арқылы қалыптасатындығына көзіміз жетеді. Осы
мақсатта жеке тұлғаға сапалы құқықтық тәрбие берудің негізгі дәлелі – тұлғаның жоғары деңгейде дамыған құқық-
тық санасы мен патриоттық мәдениеті. Мектеп табалдырығынан басталатын патриоттық тәрбие оқушының патриот-
тық ұғымын қалау арқылы, құқықтық санасын қалыптастырып, жетілдіреді.
Кілт сөздер: Құқықтық тәрбие, патриоттық тәрбие, мектеп, модель, жеке тұлға.
Патриоттық тәрбие тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру ғана емес, сондай-ақ
барлық құқықтық қызметінің негізгі бағыттарын анықтай отырып, патриоттық сананың сапалылығын
арттыру, отанға деген махаббаттың жүзеге асуына негіз болады.
Түркі елі деп аталған мемлекет өзінің 1500 жыл өмір сүруі барысында әдептілік тәлім-тәрбиеге ерекше
мән берген. Олар:
- Еділ-Жайық өңірін жайлаған Қазан татарлары, башқұрттар, шуаштар, қырым татарлары;
- Кавказды жайлаған әзірбайжан, дағыстандық, ноғай, қарашай-балқар;
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
212
- Батыс Түркістанды жайлаған қазақтар, өзбектер, түрікмендер, қырғыздар, қарақалпақтар;
- Шығыс Түркістанды мекендеген саһа, шор, саян, хақас, алтайлықтар еді.
Қазақ хандығы дәуіріндегі заң жүйесін оқыту арқылы оқушыларды құқықтық тәрбиелеу мәселесі
ұлттық, патриоттық тәрбиемен тығыз байланыстылығы айтпай-ақ белгілі. Бала дүниеге келгеннен
отбасында көрген ұлттық тәрбие арқылы оның санасы мен мәдениеті, тәртібі қалыптасып, мектеп табал-
дырығында жетіле бастайды. Жастарды өз Отанын сүйетін, адамгершілігі мол, қоғамдық және құқықтық
санасы мен мәдениетін, белсенділігін, білімін дамыту үшін мектептегі ұйымдастырылып, өтілетін тәрбие
түрлерінің бірі құқықтық тәрбие. Оқушыларға қазақ даласындағы заң жүйесін оқыту арқылы құқықтық
білім мен тәрбие беру ұлттық тәрбиенің бір саласы десек те болады.
Н.Рысбайұлы баланы ұлттық тәрбиелеудің мынадай жүйесін қолдануды ұсынады:
1) Балаңыз дүниеге келгенде, оны бесікке бөлеп, бесік жырымен тербетіңіз.
2) Балаңыз 2-3 жасқа келіп, тілі шыққан кезде тілашар, санамақ, жаңылтпаш жаттатып, оның дүние
танымын арттыру үшін, үнемі ертегі айтып беріңіз.
3) 4-5 жасында жұмбақ шешкізіп, ой-өрісін өсіру керек.
4) 6-7 жасқа келіп, қаріп таныған уағынан бастап, батырлық жырлар мен қисса-дастандар жаттатыңыз.
Бұл жырлар мен қисса-дастандар өскелең ұрпақ санасында елдік, патриоттық сананы нығайтып,
халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының мол қайнарынан сусындатады.
5) Өз үйіңізде тек қана қазақша сөйлесіп, күнделікті тұрмысыңызды салт-дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптарды тұтыныңыз. Нәтижесінде, оны көріп өскен балаңыз – сол нәрселерді өзі де өмірде тұтына
бастайды 1 .
Қазақ халқы ар, намыс, адамгершілік, имандылық идеяларын терең түсініп, оларды тәрбиеге
топтастырған. Тәрбие мәні адамдық қасиеттерді сақтау, тәртіп бұзбау, біреудің құқығына қол салмау
сипатында өрілген.
Кең ауқымды территориядағы көші-қон процестерін қамтамасыз етудің күрделілігі мемлекет тарапы-
нан жер қатынастарын реттеуде жаңа әдістерге көшу қажеттігін тудырды. Оның үстіне терең этникалық
процестердің орын алуы, қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу процестерінің әлі де болса кең қанат
жаюы, жаңа рулар мен тайпалардың пайда болуы бұл процестерді реттеуге деген қажеттілікті туындатты.
Бұл тұрғыдан жаңа нормативті құжаттардың, оның ішінде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның
ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысының» пайда болуы Қазақ хандығының дамуындағы терең
эволюциялық процестерді айқындайды. Бұл процестердің орын алуын Елбасымыз Н.Назарбаев былай
түсіндіреді: «Қазақ құқығының тарихында сол заманнан жеткен үш заң ескерткіші бар, олар аңыз бойын-
ша Қасым мен Есім хандардың есімдеріне байланысты айтылатын «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім
ханның ескі жолы» және «Тәуке ханның жеті жарғысы». «Жеті жарғыға» ХVІІ ғасырдағы қазақ қоғамы-
ның саяси және әлеуметтік өмір қажеттерінен туған қаулылар енді. Осынау құқықтық ескерткіштер қазақ
халқының дербес мемлекеттік алып, бірлесуге құлшынған сан ғасырлық арманын айқын көрсетті».
Қазақ халқының құқықтық әлемін терең білетін заңғар ғалым С.З. Зиманов адамгершілік пен құнды-
лықтарға толы ұлы дала демократиясының институттары негізінен әділ сот пен шешендік ділмарлықтан
тұрып, өзін-өзі басқару еркіндігін сақтағанын айта отырып, оны үш фактормен түсіндіреді 2 .
Бірінші фактор – Орталық Азияны мекендеген тұрғындардың басым бөлігі үшін ортағасырлық тарихи
жағдайда өмір сүрудің бірден-бір негізін құраған мал шаруашылығын дамытуға барлық жағынан қолайлы
болып келген, халқы сирек қоныстанған ірі табиғи кеңістіктің болуы...
Екінші фактор – осы ұлан-ғайыр жерде еркін психологияға ие көшпелілер бірлестіктерінің өмір сүруі.
Оның қайнар көзі мен негізін мыналар құрады:
а) көшпелі өмір үрдісі еркіндігі мен оның дәстүрлі мәдениетін қызу қолдаушылар;
ә) ғұн, қыпшақ, монғол және темуридтер империясы қол астындағылардан түрлі себептермен бөлінген
қоныс аударушылар...;
б) жайылымдық – көшпелі жерлерді және өзін-өзі басқару еркіндігін іздеушілер...
Үшінші фактор – қыпшақ даласы деп аталатын кең байтақ аймақ көшпелі өркениет пен еркін көшпе-
лілердің көп жағдайларда жалпы адам құндылықтарымен үндес мәдениетін бойына сіңірді. Қоғамда Сөз
құдіреті мен Әділ Сот құдіреті өмірлік күшке ие болды. Міне, осылайша кең байтақ қазақ жері еркіндік
пен бостандық аясында өзара теңдік, өзін-өзі басқару, әділдік, адамгершілік, имандылық негізінде қалып-
тасып, дамыды. Қоғамды реттеуші нормалар басты тұтқаға айналып, өмір болмысының барлық тармақ-
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
213
тарын реттеді. Бұл еркін, азат өмір сүрушілерге қолайлы да ыңғайлы болды. Даланың заңдары халықты
тек достық пен бауырластыққа негіздеді.
Қазақ құқық жүйесінің принциптерін заңгер-ғалым З.Кенжалиев былайша топтайды: бас принцип, ара
(ортақ) принциптер және дербес (жеке) принциптер. Құқықтық нормалар мен құқықтық принциптер
өзара тығыз байланыста болады. Нормалар мен принциптердің бірлігі құқықтық нормалар жүйесінің
мәдени-рухани деңгейінің жоғары болуына ықпал ететін. Құқықтық көзқарастар мен идеялар реттеуші
күштер арқылы соларға сай принциптерін тудырады, ал олар өз кезегінде әр түрлі тұрмыстық жағдайлар-
ды, қарама-қайшылықты шешуге бастама болады. Нәтижеде, жалпыға ортақ үлгіге бағындырып, логика-
лық мән беру себепті, өзара тұрақты және өзара үйлесімді логикалық принциптер мен құқықтық идеялар
шығуына әсер етеді. Сөйтіп, олар құқықтық жүйені қалыптастырады. Әдеттік-құқықтық институттар мен
олардың салалары, бірлестіктері осындай міндетті жүзеге асырады. Институттар нормативтік-заңнамалық
құқық жүйесінің негізгі құрылымдық бөлегі болып табылып, олардың қызмет етуінде де маңызды рөл
ойнайды. Өйткені, олар бір жағынан, әлеуметтік өмірдің сәйкес салаларын тиімді реттеу қажеттілігіне
орай әр түрлі нормаларды айрықша мүдделерге біріктірсе, екіншіден, құқық саласын қалыптастырады.
«Қазақ көшпелі өркениеттің көрсетілген қоғамдық даму сатысында өкіметке билік жүргізудің негізгі
қағидасы: көшпелі қазақ өркениеті жүздеген жылдар бойы этикалық-нормативтік тәртіптерді қалыптас-
тырып, оларды сақтау күш қолдану және жаза қолдану мен қорқыту арқылы емес, керісінше саналы түрде
орындаумен қамтамасыз етіліп отырды, неге десек, жеке адам-көшпенділердің мүдделері жас кезден
ұжымдық, қауымдық психологияны қалыптастырып отырды» деген С.Өзбекұлының тұжырымы арқылы
қазақ халқы мемлекеттілігінің дамуына бірінші орынға адам құқықтары мен бостандықтарын, тәртібін
қойғандығына көзіміз жетеді. Нақтырақ айтатын болсақ, қазақ хандығында азаматтық қоғамның
болғандығын жоққа шығаруға болмайды.
Осы мәселе жөнінде О.А. Сегізбаев: «Қазақстанның мемлекеттік құрылымы хандық қалыпта қалып-
тасуында оның билік формасы мен басқарушылық қызметтерін күшейту мақсатында әдет-ғұрып норма-
ларын мемлекет өміріне енгізу халық алдында беделді, әрі танымал ақындардың, жазушылардың, жырау-
лардың қолдауымен жүзеге асырылды» – дейді 4 . Себебі қазақ жадысында өмір сүрген ұлы ойшылдар,
ғұламалар, ақын-жыраулар, қоғам қайраткерлерінің негізгі арманы – Қазақстанда құқықтық мемлекет
орнатып, азаматтық қоғам құру еді.
Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып құқық жүйесі өте ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі
этностардың өркениетті мәдени-рухани құндылықтары болып табылады. Өзге аумақтарда жасаған этнос-
тар өркениет, құқықтық мәдениет, адамгершілік, бостандық, әділдік жайлы толғанып-ойлана қоймаған
замандарда біздің ата-бабаларымыз Ұлы Даланың өшпес мәдениетін, демократиялық сипатқа толы
қағида-ережелерін жасады. Оны жүзеге асырушы билер өз мүдделерінен, руластары мүдделерінен гөрі
көптің, елдің мүддесін жоғары қойып, адамгершілік идеологиясын дәріптеді. Билер де, ел басшылары да,
ақсақал көсемдері де сөзге шешен, ойға терең, әдет-ғұрып, салт-дәстүр қағида-ережелерін жетік білетін
данышпан, ел басқарушысы болды. Бұларды үздіксіз, үнемі қоғамдық пікір таразылап бақылап отырды.
Әбден жетілген, тәжірибеден өткен қағида-ережелер халықтың тұрмыс-тіршілігімен өзектес, мәні
қисындас болып, өмір сүруін ұзартты.
Билер соты қылмыскерге жаза тағайындағанда, қылмыскерге құн төлеуге руластары көмек беріп
отырған. Сонымен бірге, қазақ даласындағы заңдарда міндеттемелік құқыққа асар, сауын, жылу сынды
институттар кіріктірілген. Міндеттемелік құқық нормаларының реттелінуі арқылы адамның санасына өз
міндеттері мен құқықтарын ұғындырып отырған. Мысалы: жылу (апат немесе т.б. табиғи құбылыстардан
зардап шеккендерге берілетін көмек); асар (егін егу немесе үй салу барысында ауыл болып көмек беру);
аманат (жеке тұлғаға белгілі бір мерзімге берілетін мүлік, мал) және т.б. Осы тұжырымдамаларды негізге
ала отырып, мектеп оқушыларына қазақ хандығы дәуіріндегі заң жүйесін оқыту негізінде құқықтық
тәрбие беру үдерісін жүзеге асыру үшін оның моделін құру қажеттілігі туындады (сурет 1). Қазақ хан-
дығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру моделі мотивациялық,
когнитивтік, мазмұндық және процессуалдық компоненттерден тұрады. Мотивациялық компонент
тәрбиеленушінің адамгершілік қасиеттері, білімділігі, тәртібі, эстетикалық ұстамдылығы және т.б. ішкі
дүниесінің элементтерін сипаттайды. Сонымен бірге олардың құқықтық санасын, мәдениетін және
белсенділігін арттырады. Ол оқушылардың қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесінің мәні мен мазмұнын
түсініп, оған қызығушылығының артуын сипаттаушы компонент болып табылады. Бұл компонент
көрсеткіштері оқушының өз мемлекетінің құқық тарихын біліп, сол арқылы оқушының патриоттық
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
214
сезімін ояту, заңға деген сауаттылығын ашу, қызығушылығын арттыру, қоғамға заңның қажеттілігін
ұғындырумен сипатталады.
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларды құқықтық тәрбиелеу моделінің екінші
компоненті – когнитивтік компонент. Бұл компонент оқушылардың қазақ хандығы тұсындағы заң
жүйесімен танысуы, сол дәуірдегі адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін білуі олар-
дың мінез-құлқын қалыптастырып, дамытуына зор ықпал етеді. Сондай-ақ, ол оқушыларға қазақ дала-
сындағы әдет-ғұрып нормалары, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы»
заңдарын оқу арқылы сол замандағы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін біліп, оны
қазіргі заман заңдарымен салыстыру мүмкіндігін береді. Онымен қоса, когнитивті компонент құрамына
оқушылардың құқықтық білімін, мәдениеті мен санасын, белсенділігін ұлы дала заңдарын оқыту арқылы
қалыптастыру мәселелері кіреді 5 .
Мазмұндық компонент өлшемі қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесін оқыту арқылы оқушының
құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастырып, дамытумен сипатталса, оның көрсеткіші оқушылар-
дың қазақ хандығы тұсындағы халықтың құқықтық білімділігі, тәртібі, санасы мен мәдениеттілігін
ұғынуы арқылы, өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін жақсы меңгеруі, заңды және заңсыз
әрекеттер мен әрекетсіздіктерді ажырата білуі арқылы берілген. Сонымен бірге мұнда мектеп оқушы-
ларына берілетін құқықтық тәрбиенің сапалылығын қолдау мақсатында қазақ даласындағы заң норма-
ларының институттарын тереңірек қарастыру мақсатында жүргізетін зерттеу жұмыстары мен тәжірибе-
лерін сипаттайды.
Процессуалдық компонент оқушылардың мектепте алған теориялық білімдерін сыныптан тыс уақыт-
тарда (факультатив сабақтарында, тәрбие сағаттарында, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында)
бекіту. Процессуалдық компонент өлшемі қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесін оқыту арқылы оқушы-
ның құқықтық санасы мен мәдениетін жетілдірумен сипатталады. Бұл компонент көрсеткішіне оқушы-
лардың қазақ даласындағы әдет-ғұрып нормалары, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі
жолы», «Жеті жарғы» заңдарын білуі, оларды позитивті жағдайда пайдалана білу, өз құқықтары мен
бостандықтарын заңды түрде қорғау қабілетін дамыту, заңсыз әрекеттердің болуына жол бермеу қасиет-
терін қалыптастыру институттары жатады.
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларды құқықтық тәрбиелеудің жоғарыда келті-
рілген өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері біртұтас жүйеге келтірілген. Бұл жүйеде мотивациялық
компоненті негізгі орын алғанымен когнитивтік, мазмұндық және процесуалдық компоненттерсіз дами
алмайды. Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларды патриоттық тәрбиелеудің 3
деңгейін негіздеуге болады. Олар: жоғары, орта және төмен.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
215
таблица
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
216
Жоғары деңгей: оқушылардың қазақ даласындағы құқық тарихына қызығушылығы жоғары; өз маман-
дығы бойынша білімдері өте жақсы; жоғары дәрежеде заманауи технологиялардың жетістіктерін талдап,
қазіргі заманғы коммуникациялық құралдарды қолданып, еркін байланыс жасап жұмыс істей алады;
кәсіби және құқықтық білімдерін жоғары дәрежеде көрсеткен; патриоттық санасы мен мәдениеті, белсен-
ділігі сапалы қалыптасқан; құқықтық білімді, саналы азаматтың құқық бұзушылыққа бармауына сенімді;
өзінің құқықтық білімділігіне өзіндік баға бере алатын; құқықтық білім мен тәрбие беру жұмыстарына
белсенді қатынасатын; ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын және оны әдетке айналдырған
оқушылар.
Орта деңгей: оқушылардың қазақ даласындағы құқық тарихына қызығушылығы байқалмайды; осы
сала бойынша білімдері жеткіліксіз; заманауи технологиялар бойынша білімі жеткіліксіз; патриоттық
білімдері, құқықтық санасы, мәдениеті мен белсенділігі орта дәрежеде қалыптасқан; құқық қорғау үдері-
сіне жеке адамның әсер ету мүмкіндіктерін түсінген; патриоттық тәрбиеге байланысты кездесетін кейбір
мәселелерді ұғынған; құқықтық ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда кейбір дағдыларға иеленген
оқушылар; заманауи технологияларды игеруде қажеттіліктерін барлық уақытта бірдей түсіне бермейді.
Төмен деңгей: қазақ даласындағы құқық тарихына қызығушылығы жоқ, яғни ондай шараларға қиын-
дық танытады; патриоттық білімі төмен; заманауи технологиялар көмегімен мәліметтер өңдеуді нашар
меңгереді; заманауи технологияларды педагогикалық іс-әрекетке қажеттілігін нақты түсіне алмайды; өз
білімін компьютер арқылы оқудың мүмкіндігін және оның қажеттілігін білмейді; өз бетінше патриоттық
білімін арттыруға талпынбайды; патриоттық санасы мен мәдениеті, белсенділігі төмен; құқық қорғау
әрекеттеріне белсенділікпен қатыспайтын, қызығушылықтығын білдірмейді; құқықтық сана мен мәде-
ниетті өз бойына қалыптастыруды міндеттемейді; өз білімін өмірде пайдалана алмайды.
Жалпы қазақ даласындағы заң жүйесін, сондай-ақ құқықтық тәрбие мәселелерін зерттеген орта ғасыр
ойшылдарының, қоғам қайраткерлерінің, қазақ ағартушы-педагогтардың, қазіргі заман ғалымдарының
еңбектерін зерттей келе, сондай-ақ мектептердегі құқықтану бағытында білім алушы оқушылардың бағ-
дарламаларын негізге ала отырып, құрылған қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларды
патриоттық тәрбиелеу моделі құрылды.
Кез-келген тұлғаның патриоттық санасы оның құқықтық білім деңгейіне байланысты өзгеріп отырады.
Жалпы құқықтық тәрбиенің жеке тұлғаның құқықтық санасын дамыту арқылы әсер ету негізін мынадай
белгілермен ұғындыруға болады:
- заң жүйесін сыйлау;
- заң нормаларына бағыну, заңда белгіленген міндеттерін орындау;
- заң күшіне сену;
- адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлап, оларға қол сұқпау;
- мемлекетке, қоғамға, жеке тұлғаға зияны тиетін әрекеттерді болдырмау немесе ондай әрекеттерге
(әрекетсіздіктерге) жол бермеу және т.б.
Осы аталынған белгілер қазақ хандығы дәуірінде де болған. Бұл замандағы құқықтық нормалардың
беделі басымдығы оның алдында қара халықтан бастап ханға дейін тең болғандығында. Қазақ даласын-
дағы құқық тарихы негізінде оқушыларды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу жүйесі орта мектептердегі оқу-
тәрбие үдерісінде ұйымдастырылады.
Мұнда мектептегі оқушыларды құқық тарихы негізінде тәрбиелеу үдерісі қарастырылған. Бұл үдеріс
мектепте сабақ барысында және сыныптан тыс уақытта жүргізіледі. Сабақ барысындағы жүргізілетін
құқықтық тәрбие суретте көрсетілген негізгі «Қазақстан тарихы», «Қазақстан Республикасы мемлекет
және құқық тарихы», «Мемлекет және құқық теориясы» және «Қазақстан Республикасы мемлекет және
құқық негіздері» пәндерін қамту арқылы жүзеге асырылады. Ал сыныптан тыс уақыттағы құқықтық
тәрбие іс-шараларына мектепте өткізілетін тәрбие сағаттары, факультатив сабақтар, әртүрлі ғылыми-
зерттеу жұмыстары кіріктірілген. Сонымен бірге сыныптан тыс уақыттағы тәрбиеге ықпалын тигізуші
бірден-бір институт – бұл оқушының қоршаған ортасы. Нақтырақ айтатын болсақ, оқушының отбасы,
достары, араласатын жолдастары және т.б. жатқызуға болады.
Қорытындылайтын болсақ, мақалада аталған механизмді жүзеге асыру арқылы оқушының құқықтық
білімі, тәртібі, санасы мен мәдениеті, белсенділігі қалыптасып, дамиды. Осы жүйені негізге ала отырып,
оқушыларды патриот тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырып, оқушылардың патриоттық білімін, санасы мен
мәдениетін, белсенділігін, тәртібін қалыптастырып, дамыту мүмкіндігі туады.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
217
1. Рысбайұлы Н. Жастар тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар // «Қазақ» газеті. – 2006, маусым – 23. – №14-15
(279-280).
2. Зиманов С.З. Қазақ даласында әділ соттың «Алтын ғасыры» болды ма? // Қазақтың Ата Заңдары: 10 т. –
Алматы: Жеті Жарғы, 2004. –Т. 3. – 616 б.
3. Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі мәдениеті. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 192 б.
4. Сегизбаев О.А. Казахская философия ХІ-начала ХХ века. – Алматы: Ғылым, 1996. – 472 б.
5. Нөкетаева Д. Оқу-тәрбие үдерісінде құқықтық тәрбие беру негіздері. – Алматы, 2015. – 106 б.
Резюме
Нукетаева Д. – к.п.н., и.о. ассоцированного профессора,
Казахский государственный женский педагогический университет
Модель патриотического воспитания школьников на основе законодательства Казахского Ханства
В современном мире фактором развития государства и общества является образовательная сфера, которая
активно влияет на политическую, экономическую, социальную составляющие деятельности государств, определяет
процессы глобализации экономики и общественных отношений. Школьноеобразование и патриотическое воспитание
формирует и развивает личность учащейся молодежи. Подросток является благоприятным объектом для воспитания,
чем взрослый человек. Это значит что правовое сознание формируется со школьного патриотического воспитания и
правового знания.
Достарыңызбен бөлісу: |