ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ
Ахметжанова Д.Қ.,
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы
Габдулин Диас, «Электроэнергетика» мамандығының І курс студенті М.Дулатов атындағы
Қостанай инженерік-экономикалық университеті
Мақалада әлеуметтік құрылым және әлеуметтік қоғамдастықтар туралы қарастырылған.
В статье говорится о социальных структурах и социальных сообществах.
The article tells about social structures and social communities.
«Құрылым» ұғымы қоғамның тұтастығын және оның қасиеттерінің сақталуын қамтамысз ететін,
олардың негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен институттардың жиынтығын бейнелейтін тұрақты
байланыстар мен қатынастардың белгілі нысаны. Құрылым қоғамның ұйымдасуының нысаны, оның түрлі
бөлшектерінің өзара қатынастарының ішкі реттілігі, келісушілігі ретінде анықталуы мүмкін. Әлеуметтік
қауымдасулардың төрт деңгейінің біріне қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның дамуы
әлеуметтанудың арқаулы негізгі мәселелеріне жатады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзара теңсіз
әлеуметтік субъектілерден құралады. Қоғамның азды-көпті тұрақты бөлшектер жиынтығына бөліну
үдерісін әлеуметтік жіктелу деп атайды.
Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның
элементтерінің жиынтығы мен олардың арсындағы сан алуан байланыстар [1].
Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне:
өзара тығыз байланыстар, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады;
қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік
қоғамдастықтар және сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік
институттар жатады.
тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы т.б.
тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар).
Көлеміне қарай:
•
үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби
бірлестіктер т.б.
•
орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары)
•
кіші қоғамдастықтар немесе топтар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары т.б.).
Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың
мақсат-мүдделері де жақын болады.
Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:
•
әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелер,таптар)
•
әлеуметтік-этникалық (ру,тайпа, ұлыстар, ұлттар)
•
әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер т.б.)
•
әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер т.б.)
•
әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп
жіктеледі[2].
Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір ортақ белгілері бар, яғни мүдделері, құндылық
бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз. Қоғамда адамдар
қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан
тұрақтылық дәрежесіне қарай жіктеуге болады:
қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар. Мәселен, бұл
топқа театрдағы спектакль көремендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе
митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі
кездейсоқтық сипаты басым болады.
тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы т.б.)
тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар).
Қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын,себептерін, оның заңды
құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.
«Стратификация» ұғымы қоғамдағы әлеуметтік топтардың, жіктердің орналасуын көрсетеді. Страта сөзі
кең мағынада тап, топ мазмұндарында қолданылады. [3]
Әлеуметтік жіктелу қоғамдағы барлық құрылымдық өзгертулер мен ауыстыруларды, көптеген
әлеуметтік қабаттардың, жіктердің болуын бейнелейді. Әр жіктің өкілдерінің бір-бірінен айырмасы
биліктің, байлықтың, құқықтары мен міндеттерінің, мәртебесінің иеленген теңсіз көлемінен көрінеді. Ал
теңсіздік марапатталу мен мадақтаудың біркелкі еместігінен туындайды. Осындай сатылай құрылған
әлеуметтік-мәдени игіліктердің үлестірілуі әлеуметтік жіктелудің мәнін білдіреді және қызметтердің
150
кейбір түрлерін ынталандыруы мен өзара әрекет етуге мүмкіндік жасайды.
Қолданылған әдебиет:
1. А.Д.Жүсіпова, А.И.Икенов Әлеуметтану негіздері. Алматы , 2004ж
2. Р.Әбсатаров, М.Дәкенов Әлеуметтану. Алматы. Қарасай.2007ж..
3. Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы.Алматы 2004ж.
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Батырбекова З.А., шет тілдер факультетінің 2-курс студенті Ғылыми жетекші:
Жумасултанова Г.А., саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценті, т.ғ.к.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы үштұғырлы тіл
саясатының маңыздылығы мен оны жүзеге асыру жолдары көрсетіледі.
В этой статье рассматриваются важность политики трехъязычия в Казахстане и способы ее реализации в
формировании нового казахстанского патриотизма.
This article discussesabout the importance of the policy of trilingualism in Kazakhstan and ways of its realization in the
formation of a new Kazakhstan patriotism.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мақтаныш пен қазақстандық патриотизмнің жарқын
символы болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының патриоттық рухын көтеру бүгінгі таңда
мемлекеттің басты мәселесі болып табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы 10 қазанда
бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы өз елі үшін
мақтаныш сезімдерін қалыптастыру патриоттық тәрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту қажет»,- деп
көрсетікен еді[1].
Патриотизм деген ұғымға келетін болсақ, қазіргі ғылыми және анықтамалық әдебиеттерде оған
мынадай анықтамалар беріледі:патриотизм (грек тіліндеpatris- отан, атамекен)– өзінің жеке және топтық
мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз
Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі[2]. Патриотизм – кез-келген мемлекеттің алтын
діңгегі. Басқаша айтқанда, патриотизм – Отансүйгіштік. Ол қоғамдық және азаматтық сананың ажырамас
бөлігі, күнделікті мінез-құлықтың негізі, өмір салтының бағдарлаушысы болып табылады.
Қазіргі кезде «қазақстандық патриотизм» ұғымына үлкен мән берілуде. Қазақстандық патриотизм
дегеніміз – өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сүйіспеншілік және берілгендік сезімді,
халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен
тәрбиесін жүйелеу әрекетідеген пікірмен келісуге болады[3].Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Өз бойымызда және
балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және
оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Жаңа қазақстандық патриотизм барлық қоғамды,
барлық этностық әркелкіліктерді біріктіруге тиіс»[4],- деп әрбір қазақстандықты ертеңгі күнге сенімге
негізделген жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға шақырады.
Бүгінгі күні өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу
барысында елімізде елеулі саясат жүргізіліп отыр. Елбасымыз жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беріп,
адал еңбек пен отансүйгіштікке баулуға ерекше көңіл бөлуде. Аталған жағдайлар Елбасымыздың жыл
сайынғы дәстүрлі жолдауарында да айтарлықтай мазмұнға ие болып келеді. Атап айтатын болсақ, 2014
жылдың 17-қаңтарындағы«Қазақстан-2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты жолдауынданегізгі 10
идея жарияланған болатын. Біздің ойымызша, оның ішіндегі ең бастысыжаңа қазақстандық
патриотизмдіқалыптастыру идеясы болып табылады. Сонымен қатар, одан бұрын қабылданған «Қазақстан-
2030» мемлекеттік СтратегиясындағыЕлбасымыздың «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының
игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономиканың өркендеу үстіндегі күллі әлемге
әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деген сөздерін мысалға келтірсек болады.
Көп жағдайда патриотизмді насихаттауды елтаңба, ту, әнұран секілді мемлекеттіліктің символына
айналған қазақ тілінен бастау қажет. Өз еліңнің патриоты болу үшін ең алдымен өзіңнен бастаған жөн, әрбір
қазақстандықтың алдына қазақ тілін білу мақсатын міндет қылып қою қажет.
Біздің халқымыз үшін қазақ тілінің маңыздылығын және оның еліміздегі орын алуы туралы қазақ
халқының зиялы азаматтарының ерте заманнан бастап айтқандары белгілі. Қазіргі уақытта да бұл мәселеге
мемлекет тарапынан аса назар аударылатындығы баршамызға мәлім. Мысалға айтатын болсақ, Елбасымыз
өз еңбектерінде бұл мәселені назардан тыс қалдырмайды. Соның ішінде Президентіміздің біз үшін аса
маңызды 2012 жылғы Жолдауындағы тіл мәселесіне байланысты ойларын айтуға болады. Оның айтуы
151
бойынша: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана
отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де
үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруымыз керек. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір
адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп
жұмыс атқарып келеді. Қазақтілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды
жалғастыру керек. Келер ұрпақтың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен
бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ
тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тіл саясатын сауатты және
дәйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек» [4]. ОсыданЕлбасымыз
Н.Ә.Назарбаев 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс деген талап қойып
отыр.
Бұл талаптарды орындауда елімізде шаралар жасалып жатыр. Соның нәтижесінде қазірдің өзінде
еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тілбарлық мектептерде
оқытылады. Осындай шараныңқолданылу барысында, біздің ойымызша, елімізде он–он екі жылдан соң
жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сенімдеміз. Ал өз тілін білу,
оны құрметтеухалықта патриоттық сезімніңнегізі болып табылады.
Сонымен қатар, қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз.
Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін
азаматтардың тілі.Әрине, Қазақстанныңболашағы – қазақ тілінде. Себебі, әрбір ұлт өз ана тілін меңгеріп,
күнделіктіөмірде кеңінен қолданбаса, оны жекеленген ұлт деп толық айта алмаймыз. Сондықтан да
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бұл мәселеге ерекше назар аударады. Ол өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы
Жолдауында: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай
қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз.
Сондықтан оған бей-жайқарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік
тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ елі»деп атайтын боламыз» - деді [4].Осыған орай, қазақ тілі
2025 жылға қарайөмірдің барлық саласында үстемдік етіп,кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне
айналады деген үміттеміз.
Елбасымыз өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Жолдауында: «Мемлекеттік тілмен қатар Қазақстанда тұратынбарлық ұлттар мен ұлыстардыңтілін,
мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретін
боламыз. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады.
Қазақ тілін дамыту саясаты одан жерінуге, тіпті қазақтардың өздерінің бойды аулағырақ ұстауына ықпал
етпеуі керек. Керісінше,тіл Қазақстан халқынбіріктіруші болуға тиіс.Бұл үшін тіл саясатын сауатты және
дәйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек.»,- деп айтып өткен
болатын.
Сондай-ақ, бұл жолдауда біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды тілдердің үштұғырлылығы туралы
сөз қозғалды. Президентіміз дәл осы аталған жолдауда 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін
білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.Олар - әлемнің азаматтары болады. Олар
саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар – еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары» -
деген болатын. Шынында да, әрбір дамыған өркениетті мемлекеттің елін сүйетін азаматтары өз мемлекетін
прогреске жетелеушілер болып табылады. Осы бағытта оларға бірнеше тілді білу мүмкіндігі өз көмегін
тигізеді.
Мысалы, қазіргі кездебіздің республикамызда мемлекеттік тілмен бірдей дәрежеде қолданылатын
орыс тіліне тоқталуға болады.Қазақстан Республикасының 1995 жылғыКонституциясының 2-бабында
мемлекеттік ұйымдар мен өзін-өзібасқару органдарындақазақ тілімен бірдей дәрежеде орыс тілі
қолданылатындығы жазылған [5].
Орыс тілі жаңа Қазақстан жерінде ХХ ғасырдың басында кеңес билігі орнауымен, түрліэтникалық
топтардың көшірілуімен, орыстандыру саясатының орнатылуының нәтижесінде кең таралды және
ұлтаралық қатынас тіліне айналды.Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені
баршаға белгілі. Бұл жайлы қазақтың біртуар ақыны ұлы Абай да айтып өткен болатын. Ақын «Орысша оқу
керек, хикметте, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста зор», «сен оның тілін білсең, көкірек-көзің
ашылады» дейді [6]. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып,
ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа
шығармауға тиіспіз.
Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.
Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты
байлығы. Болашақта бүкіл азаматтардың мемлекеттік тілді білуі бізді бұрынғыдан бетер теңдестіріп, бірлікті
нығайта түседі. Ширек ғасырдан бері біз тіл саясатында айқын бағытпенкелеміз – мемлекеттік тілді
біртіндеп дамытудамыз және бүкіл этностар тілдерінің дамуы үшін жағдайлар жасаудамыз. «Бүгінде
Қазақстантұрғындарының көпшілігі кем дегенде екі тілде сөйлейтін елдердің бірі. Мемлекеттік тілдің
жоспарлы дамуы орыс тілінің дәрежесіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ
дамуы үшін ең негізгі сыртқы саясаты – көршілермен тату болуымызкерек.Онсыз мемлекеттің болашағы
бұлыңғыр болады”, -дедіПрезидентіміз [7].
152
Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас пен интеграциялық қызметтердің діңгегі. Ақпараттық
кеңістігімізде орыс тілі әлі де маңызды рөлатқаратынынаешкім де дау айта алмас. Сондай-ақ, әлемдік
алтыресми тілдің қатарына кіретін орыс тілін меңгеруге бәсекеге қабілетті ұлттың кез-келген өкілі ұмтылуы
тиіс деген отандық ғалым Н.Кекілбекованың пікірімен келісуге болады [8].
Жаңа Қазақстан азаматтары үшін бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру – ғаламдық ақпараттар мен
инновациялық технологиялардың ағынынакіруге жол ашады.Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық
үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында ағылшын тілін оқыту өзекті болып отыр. Әлемнің ең
дамыған 30 елінің қатарында болу егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңіңде, оның дүниежүзілік
аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қатынастарды калыптастыруы, Қазақстан
Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, әр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруы
ағылшын тілінің рөлін көтеруді қажет етеді. Қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық
өзгерістер және интернет жүйесі арқылы тілдесу әр түрлі мамандықтағы, әр түрлі жастағы адамдардың
санын мейлінше көбейте түсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігіде артып келеді.
Тіл – тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл
атқарады. Осы мәселені қолданысқа алуда елімізде ағылшын тілін игеруде серпіліс жасау мақсатымен 2013
жылдың 1-қыркүйегінен бастап ағылшын тілін 1-сыныптан оқыту енгізілді. Аталған шаралардың азаматтық
патриотизмді қалыптастыруда да маңызы зор. Себебі көп тілді білетін, жан-жақты елдің азаматтары өз
отаны үшін қымбат қазына ретінде ел үшін білімдері мен өмірлерін арнауға дайын болады.
Жалпы қазақстандық патриотизм туралы айтар болсақ, ол мынадай принциптерге сүйенуі тиіс:өз
ұлтын, ана тілін, туған жерін жанындай сүйетін, қорғай білетін; өз ұлтын әлемге танытатын;өз халқына
деген отансүйгіштігі, бауырмалдығы жоғары, мемлекеттік рәміздерді қасиет тұтатын және қорғай білетін;
қазақ батырларының ерлігін, үлгі-өсиетін өнеге тұтатын болуы керек[9].
Отансүйгіштік сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, үйіне, туған жеріне деген жылы
сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле
беретін бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Бұл ретте мектеп қабырғасынан бастап, ұлтжанды азамат
тәрбиелеу жұмысы өз алдына бірқатар міндеттер қояды:
-
мемлекеттік тілді оқыту;
-
ұлттық және шетелдік мәдени мұраны әр түрлі тілдерді білу арқылы игеру;
-
Қазақстан Республикасы рәміздерін құрметтеу;
-
қазақ халқының тарихын терең меңгеру;
-
салт-дәстүрлерді қастерлеу, мәдени рәсімдерді орындай білу [10].
Патриотизмдік бастау отбасына, Отанға деген махаббатан басталады. Әрбір адам өзі таңдаған
бағытта өзіне, отбасына, мемлекетке пайдасын тигізетін істерді жасауы қажет. Елбасы айтып өткендей
жастарда патриоттық сезімді қалыптастыру ісін маңызды міндеттердің біріне жатқызуғаболады.
Патриотизмді жастар арасында қалыптастыру қажет. Осы кезде ғана мемлекет өркендейтін болады. Жас
қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен білім жүйесіндегі
ақпараттық-технологияларды пайдалану арқылы оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу талап етіледі.Оның ішінде
жастарды үш тілді бірдей білу қажеттілігі туындап отыр. Себебі ол арқылы біз әлемде болып жатқан
жаһандану үрдіске сөзсіз енеміз.Сондай-ақ, үш тілді білу жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркінсамғауына
жол ашады Ал бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу
басты міндет болып табылады.
Сонымен, біз көрсеткендей жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көп конфессиялы
қоғам жетістігінің негізі. Себебі, барлық азаматтардың теңдігі, олардың Отан мен оның болашағына деген
жауаптылығы қазақстандық патриотизмнің негізі болып табылады. Біз осы істің тек жанашыры ғана емес,
орындаушылары болуымыз керек.
Қолданылған әдебиет:
1.
Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы //http://adilet.zan.kz
2. Саяси түсіндірме сөздік: анықтамалық басылым // Е.Саиров [ж.б.] ;ред. М.Әшімбаев. – Алматы:
Жүйелі зерттеулер ин-ты, 2007. – 615 б.
3. Алшоразова Р. Отансүйгіштік тәрбие беру – басты парыз // Қазақстан мектебі. – 2011. – № 9. - 39
б.
4.Қазақстан Респубикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы
14 желтоқсан // http://www.akorda.kz
5.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ( 7 қазан, 1998 ж. және 21мамыр 2007ж. өзгерістер
және толықтырулармен) – Алматы: «Юрист» , 2007.
6.
Абай Құнанбайұлы шығармаларының екі томдық жинағы. –Алматы: Жазушы. -2005. -109 б.
7.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2007
жылғы 28 ақпан //http://www.akorda.kz
8.
Кекілбекова Н. Үштілділік – игілікті құбылыс // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2014.
№ 4. -48 б.
153
9. Дүйсенбаев А.Қ. Қазақ патриотизмінің педагогикалық негіздері//Образование. – 2009. № 2. -30 б.
10.Ешмаканова Т.К. Жастар бойындағы патриоттық және азаматтық қасиеттерді қалыптастыру //
Бастауыш мектеп. – 2011. № 3. -5 б.
ТОЛЕРАНТНАЯ ЛИЧНОСТЬ. ПРИНЦИПЫ И КРИТЕРИИ ТОЛЕРАНТНОЙ ЛИЧНОСТИ.
Бурла Роман, магистрант КИнЭУ им. М.Дулатова
Шмидт Наталья, магистрантка КИнЭУ им. М.Дулатова
Евдокимова О.Н., к.п.н., доцент КИнЭУ
Мақалада толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселесі қарастырылады. «Толеранттылық», «Толерантты тұлға»
ұғымдарының мәні ашылады. Күнделікті, кәсіби және Әлеуметтік ортадағы түрлі мәселелерді шешуге байланысты
қабілетті бар толерантты тұлғаның белгілері мен ұстанымдары айқын көрсетіледі.
В данной статье рассматривается вопрос формирования толерантной личности. Раскрывается сущность
понятий «Толерантность», «Толерантная личность». Выделяется принципы и критерии толерантной личности, которой
связаны со способностью человека, решать различные проблемы в повседневной, профессиональной или социальной
среде.
In this article, the formation of a tolerant person is discussed. The essence of the terms of "tolerance", "tolerant person"
is also explained. The principles and criteria of a tolerant person, which are connected to the ability of a person to deal with
problems in an everyday, professional or social environment are to be distinguished in this article as well.
Толерантность означает уважение, принятие и правильное понимание богатого многообразия
культур нашего мира, форм самовыражения и способов проявлений человеческой индивидуальности.
Толерантность - это гармония в многообразии. Это не только моральный долг, но и политическая, и
правовая потребность. С морально-этических позиций толерантность - это активное отношение,
формируемое на основе признания универсальных прав и основных свобод человека, это обязанность
способствовать утверждению прав человека, плюрализма (в том числе культурного), демократии,
правопорядка и ни при каких обстоятельствах не может служить оправданием посягательств на эти
основные ценности. Психологические установки толерантного сознания определяют устойчивость
поведения в обществе отдельных личностей и социальных групп.
Толерантность необходима и в отношениях между отдельными людьми, и на уровне семьи,
общины, общности. Ей способствуют знания, открытость, общение и свобода мысли, совести и убеждений.
Поэтому принцип толерантности в образовании означает, что во всех образовательных учреждениях, а
также в неформальном образовании должен укрепляться дух толерантности и формироваться отношения
открытости, внимания друг к другу, солидарности.
Таблица 1 - Значение слова «толерантность» в различных словарях:
Словари
Определения
Достарыңызбен бөлісу: |