Список литературы:
1.
Федеральный закона РФ от 6.12.2013 г. N 402-ФЗ "О бухгалтерском учете" ГД ФС РФ 22.11.2013
г., одобренный Советом Федерации 29.11.2013 г. : http://www.consultant.ru.
2.
Концепция бухгалтерского учета в рыночной экономике России, одобренная Методологическим
советом по бухгалтерскому учету при Минфине РФ, Президентским советом Института профессиональных
бухгалтеров 29.12.97: http://www.consultant.ru.
144
ОСОБЕННОСТИ УЧЕТА И АНАЛИЗА РАСЧЕТОВ С ПЕРСОНАЛОМ ПО ОПЛАТЕ ТРУДА И
УДЕРЖАНИЙ
Яхина Л.Т., к.э.н., доцент кафедры «Бухгалтерский учет и финансы»
Давлятова З.Н., студентка 5 курса специальности «Бухгалтерский учет, анализ и аудит»Казанский
кооперативный институт (филиал) г. Казань
Бұл мақалада қызметкерлермен еңбек ақысы және одан ұстап қалудың есептеуі экономикалық анализ және
бугалтерлік есеп жүргізу тәртібін қарастырылған.
В статье рассмотрены порядок ведения бухгалтерского учета и проведения экономического анализа расчетов с
персоналом по оплате труда и удержаний.
The article describes the procedure for accounting and economic analysis of payroll and payroll deductions
.
Учет и анализ расчетов с персоналом по оплате труда и удержаний по праву занимает одно из
центральных мест в системе бухгалтерского учета на любом предприятии. Понятие «заработная плата»
охватывает все виды заработков (а также различных доплат, надбавок, премий, льгот), начисленных в
денежной и натуральной формах. Критерием оплаты за труд должна быть двойная оценка каждого, кто
принимает участие в процессе производства. Низкая оплата не стимулирует качество труда, а высокая –
отражается на себестоимости и конкурентоспособности продукции на рынке. Вот почему многие
предприятия и организации уделяют серьезное внимание кадровым вопросам, ведут переподготовку
специалистов, способных быстро и качественно выполнять работу и получать за это достойное
вознаграждение.
С практической точки зрения на участке бухгалтерского учета расчетов с персоналом по оплате
труда и удержаний возникает множество сложностей, связанных с несовершенством трудового
законодательства, наличием противоречий в нормативно-правовых актах, отсутствием однозначных
решений при проведении расчетов с персоналом. Во многих случаях процесс начисления оплаты труда
требует сложных расчетов среднего заработка работников. В настоящее время в отечественных нормативно-
правовых актах закреплено несколько различных методик по расчету среднего заработка при начислении
отпускных сотрудникам, компенсация за неиспользованный отпуск, пособий по временной
нетрудоспособности, пособий по беременности и родам, пособий по уходу за ребенком в возрасте до
полутора лет.
Наличие громоздкой системы расчета среднего заработка для различных целей увеличивает риск
возникновения ошибок в системе бухгалтерского учета расчетов с персоналом по оплате труда и удержаний
и требует к себе повышенного внимания. Кроме того, ввиду частого изменения норм законодательства в
рассматриваемой сфере, бухгалтеру необходимо постоянно отслеживать новшества и проводить анализ
влияния данных изменений на размер фонда заработной платы и финансовых результатов деятельности
предприятия.
Повышенной сложностью для счетных работников отличаются и методика расчета удержаний из
заработной платы ввиду необходимости предоставления налоговых вычетов для целей исчисления налога на
доходы физических лиц, применения различных ставок налога на доходы физических лиц, наличия
ограничения размера удерживаемых сумм из заработной платы, установленных трудовым
законодательством.
В свою очередь, данные, формируемые в системе аналитического и синтетического учета расчетов с
персоналом по оплате труда и удержаний, являются исходной базой для проведения экономического
анализа, необходимого для принятия правильных управленческих решений на предприятии.
Анализ расчетов с персоналом по оплате труда и удержаний является важной составляющей
планово-экономической работы, осуществляемой на предприятии, так как позволяет выработать
направления в области повышения производительности труда обеспечения опережающих темпов роста
объемов производимой продукции и оказываемых услуг над темпами роста фонда заработной платы. Кроме
того, проведение экономического анализа на предприятии вызвано и необходимостью повышения
эффективности использования фонда заработной платы как важнейшей составляющей общей стратегии
предприятия по улучшению финансовых результатов его деятельности.
Специфика работы бухгалтера, осуществляющего расчет заработной платы, заключается всего в
следующем:
-
на расчеты по оплате труда и подготовку всей необходимой документации отводятся сжатые и
строго определенные сроки. При этом наличие множества различных факторов, определяющих размер
начислений оплаты труда, порядок налогообложения, удержаний и т.д., делает расчет в каждом конкретном
месяце непохожим на предыдущие;
-
в процессе начисления и выплаты сумм заработной платы бухгалтеру необходимо
руководствоваться значительным числом законодательных и нормативных актов гражданского и налогового
законодательства, основным из которых являются Трудовой кодекс Российской Федерации и Налоговый
кодекс Российской Федерации, локальными нормативными актами, разрабатываемыми каждым
предприятием, а также трудовыми договорами, заключенными с каждым отдельным работником;
145
-
важна не только правильность осуществления самих расчетов, но и точность оформления
первичных документов, служащих основанием для расчетов с работниками.
Список литературы:
1.
Астахов В.П. Бухгалтерский (финансовый) учет: Учебное пособие. Серия «Экономика и
управление». Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ»
Варзин В.В. Анализ современного состояния сферы оплаты труда // Экономический анализ: теория и
практика. – 2012. - №5. – С.20 – 23.
146
ФОРМИРОВАНИЕ КАЗАХСТАНСКОГО ПАТРИОТИЗМА В МОЛОДЁЖНОЙ СРЕДЕ
ОТАНЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ
Ақәділова Нұржамал Оразәліқызы 3курс студенті «Тау-кен ісі» мамандығы
Умирзакова Н.К. «Экономика және жаратылыстану» кафедрасының
аға оқытушысы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
Қазақстандық патриотизм – ұлтаралық этникалық айырмашылықтарға қарамай қоғамды біріктіруге тиіс нәрсе
болып табылады. Патриотизм – моралдық және саяси көзқарас, әлеуметтік сезім, Отанға деген сүйіспеншілік және өз
мүдделеріңді Отан алдындағы істердең төмен қоя білу болып табылады.
Новый казахстанский патриотизм - это то, что должно объединять все общество, вне этнических различий...
Патриотизм – нравственный и политический принцип, социальное чувство, содержанием которого является любовь к
Родине и готовность подчинить его интересам свои частные интересы.
New Kazakhstan patriotism - it is something that should unite the whole of society, regardless of ethnic differences ...
Patriotism - moral and political principles, social feeling, the content of which is the love for the country and the willingness to
subordinate its interests their private interests.
«Патриотизм» деген грек сөзі болғанмен, қазақша баламасының өзі – жерлес, отандас, атамекенім,
туған жерім, ауылым, өз елім деген сөздердің өзі Қазақстанға деген сүйіспеншілікті, оған деген адалдықты,
ұлттың сүюді, оны жан тәнімен қорғауды білдіреді. Осылайша, елімізге, отанымызға деген сүйіспеншілік,
патриотизм қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып жатыр.
Қазақ халқы байырғы кезден басқа халықтардай Отанын, атамекен жерін, ұлтын сүйген. Ер жүрек
батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қасықтай қаны қалғанша қорғаған. Оны
Қазыбек би өз сөзінде былай келтіреді: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай
жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан
елміз; ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз,
дәмі-тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл
боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды» дей отырып, қазақ халқының өз елін,
жерін қорғаудағы қажырлығын, жанын аямайтын патриоттығын, такаппарлығын көрсетеді. Осылай біз
жастарға осындай ұлағатты сөздерді санасына сіңіру арқылы, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын силауға,
Отанын сүюге, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуға бағыт береміз.
Қазіргі кезде қазақ елімізде Қазақстан жастарын патриоттық тәрбиеге тәрбиелеуге үлкен мән беріліп
отыр. Қазақ елі көпұлтты ел. Осы көпұлтты елдің ішінде отансүйгіштікті сақтап, жастарымызға патриоттық
тәрбиені бойларына сіңіруіміз керек. Ал соның ішінде қазақ елін сақтап калуымыз үшін ұлттық
патриоттығымызды дамытуымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында ұлттық
патриотизге байланысты тақырып қозғады. «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» деп жастарға, олардың әлеуметтік жағдайына, білім алуына,
саясатқа араласуына, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысуына баса назар аударып, жастар тақырыбына
бірнеше рет тоқталды. «Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және
олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі», – деп ерекше тоқталып өтті. Қазіргі таңда
патриотизмді қалыптастыру мәселесі бұрынғыдан гөрі өткір болып тұр. Себебі жаңа қазақстандық
патриотизмді қалыптастыру жолына мемлекет басшылары да ерекше ықылас танытып, көңіл бөліп
отырғаны анық. Психологиялық тұрғыдан зерттесек, адам патриот болып туылмайды, патриот болып
қалыптасады. Дұрыс тәрбие ғана тұлға - патриот болып қалыптасуға итермелейді. «Тәрбиесіз берілген білім
–
адамзаттың қас жауы» деп әл-Фарабиатамыз айтқандай, тәрбиенің алар орны ерекше.
Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры тереңде жатыр. Халқымыздың тарихында
отансүйгіштік пен қаһармандықтың үлгілері мол. Отанға деген сүйіспеншілік сезім ертеден қалыптасқан,
ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан көрінетін, мәңгілік, қасиетті ұғым. Әр азаматтың, жастарымыздың
бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан болашағымен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін,
қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу. Патриотизм біртіндеп қалыптасатын,
тынымсыз, үздіксіз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Патриоттық тәрбие ананың ақ сүтімен,
есейе келе өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына байланысты дамитын үздіксіз тәрбиенің жемісі.
Патриоттық тәрбие ең алдымен отбасында, туып-өскен жерінде, топырағы мен табиғатына, еліне
деген сүйіспеншілік пен құрметтен басталады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, ана сүтімен бойына дарыған ана тілін
ардақтап, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана өз елінің патриоты бола алады.
Президентіміздің «Кез келген қазақ азаматы Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені
сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі
патриотизмге баулудың жарқын үлгісі. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты
ойдан бастау алатындай. Еліміздің болашақ жастарын Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейміз десек,
ең алдымен, қазақ мәдениеті мен өнеріне, мемлекеттік тілге мән бергеніміз жөн.
147
Қазіргі таңда патриоттық сезімнің күшейуі, адамдардың өз елі мен ұлты үшін мақтаныш сезімінің
жастарымыздың бойына патриоттық сезімнің нық орныққанына әкеле жатырма деп ойланамыз. Өткеннің
үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып,
қазақстандықтар өз елін ең алдыңғы қатарлы шепке қайта шығара алды.
Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты
міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру.
Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Осы
мақсатқа жету жолында біздер оқытушылар, мұғалімдер, білімгерлер, барша халық көп еңбек етуіміз керек.
Ол дегеніңіз, болашақ жастардың, оқушылардың бойында патриоттық сезімін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата
Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге үйрету. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген
екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің
символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек.
Өткенін білмеген, тәлім - тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ
халқы - батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ
жерін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас
батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпақка қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам
біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін
мақтанышпен сезіне алатындай іс - қимыл жүйесін жасау қажет. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің
Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп
өсуі тиіс. Осының өзі отаншылдық патриоттық тәрбие.
«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер
біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір
талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік.
Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға
жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада орнығып
қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне
ұласатын сыңайлы.
Біздің басты мақсатымыз - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар, отанын сүйетін және
туған елін, жерін еш уақытта сатпайтын адамды тәрбиелеу. Қазіргі жастардың бойынан патриотизм
сезімнің, тәрбиенің бар екенін көре аламыз. «Дипломмен - ауылға», «Жас Отан - жастар қанаты»,
«Студенттік құрылыс жастары» бағдарламаларында жастар үлесі көп. Олардың елін, жерін сүйген
патриоттық сезімін осыдан аңғаруға болады. Олардың бойынан Отанына деген ыстық сүйіспеншілікті ғана
көре аламыз. Олар қазақтың мықты сапалы білімді, саналы тәрбиелі, халқының ертеңін ойлайтын
азаматтары мен азаматшалары.
Қазақстандық патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға, әсірісе енді өсіп келе жатқан жалынды
жастарымызға тән. Оларға ең алдымен жоғары білім қажет. Білім алу жолында жастарымыздың аянбай тер
төгіп, біліктіліктігін жоғарылатып жүрген көптеген жастарымыз бар. Мен өзімді отанымның патриотымын
деп түсінемін және менің бойымда ұлт патриоты болуға деген құштарлық жоғары. Қазақтың ертеңгі тірегі -
жастарымыздың Отан алдыңдағы жауапкершілігі, патриоттық сезімінің жалынды екенін айтқым келеді.
Жастарымыздың әлемдік, халықаралық, республикалық түрлі жарыстарда, спорттық олимпиадаларда
жүлделі орындар алып көк байрағымызды желбіретуі, біздің рухымызды биіктеткен мен тең. Осыларға
қарап, жалынды жастардың қатары көбейіп, патриоттарымызды ұлы сезімдері жоғары екенін көріп, мақтан
тұтамыз. Еліміздің тәуелсіздігін, ынтымағын, бірлігін сақтап қала алатын патриот - азамат тәрбиелеуге
толық мүмкіндігіміздің бар екендігіне кәміл сенемін.
Қорыта келгенде, қазақстандық патриотизм – ұлтаралық этникалық айырмашылықтарға қарамай
қоғамды біріктіруге тиіс нәрсе болып табылады. Патриотизм – моралдық және саяси көзқарас, әлеуметтік
сезім, Отанға деген сүйіспеншілік және өз мүдделеріңді. Отан алдындағы істердең төмен қоя білу болып
табылады. Патриоттық сезім қазақ халқының, жастарының бойындағы ең асыл сезімдерінің бірі деп нық
айта аламын.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы: 2012.
2. Новый энциклопедический словарь. - М., 2002. – .888бет
3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы «Рауан» 1994ж.
4.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» Алматы 2000
5
. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы Тараз 1999
148
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Ахметжанова Д.Қ.,
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы
Алдасугуров Д., «Электроэнергетика» мамандығының І курс студенті М.Дулатов атындағы Қостанай
инженерік-экономикалық университеті
Мақалада қазіргі замандағы жасөспірімдер арасындағы басты мәселелер туралы қарастырылған.
В статье рассматриваются основные проблемы среди современной молодежи.
The main problems among modern youth are shown in the article.
Қазіргі ақпараттарға сүйенетін болсақ, бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында өзекті мәселелер және
қоғам өмірінде баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар өте көп кездеседі. Оларға психикалық мәселелер,
зиянды әдеттер, зорлық, суицид жатқызылады. Жалпы жасөспірімдік кезеңде адам түрлі қиындықтарға
қарсы тұруға қабілетсіз және бұл кезең психикалық және денелік тұрақсыздықтың айқын көрінетін кезеңі[1].
Бұның бәрі әлеуметтік, мәдени, тәрбиелік, отбасылық және жеке психологиялық қиын кезеңдер
салдарынан пайда болған. Ең елеулі орынды әлеуметтік теңсіздік алады. Қазіргі уақытта жасөспірімдер
арасында ауыр қылмыстар жылдан жылға көбейіп келеді. Қазақстанда нарық жағдайы кезінде
экономикалық тоқыраудың және батыстың көпшілікке арналған мәдениетінің теріс ықпалымен мінез-құлық
ауытқулары кең тарады. Оларға сабақ үлгерімінің нашарлауы, сабақтан қашу, темекі тарту, басқа
оқушыларға әлімжеттік көрсету, бопсалау мен қамауда отырғандарға қаржы жинау, ұрлықпен айналысу,
топтық төбелес ұйымдастыру, мұғалімдерді балағаттау, үйлерінен қашып қаңғыбасқа айналуы сияқты
құбылыстардың көбеюі жатады. Әсіресе қауіпті құбылысқа ішімдікке әуестену, есірткіні тұтыну және сату,
қарашылықпен, құмар ойындармен, жезөкшелікпен айналысу, топтасып қырғындар ұйымдастыру, қару
қолдану, тіпті құқық қорғаушыларға бағынбай оларға қарсы қылмыстық әрекеттерге баруы – батыстың
телекино өнімдерімен танысудың тікелей ықпалы болып табылады. Сонымен бірге бұл отбасының,
мектептің, қоғамның қиындықтарын және демократиялық құндылықтардың еркін таралуы мен оны
жасөспірімдердің қабылдауы арасындағы қайшылықтың салдарын бейнелейді[2].
Адам өмірінің 14-25 жас аралығы оның аутоагрессивті әсерлерге жоғары сезімталдығымен
сипатталады. Жасөспірімдер кез келген жаңа нәрсені тез қабылдауға дайын тұрады. Сондықтан
жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық белгілерінің пайда болуының алдын алушылары отбасы мен
оқыйтын оқу орны. Бұл кезеңде мінез-құлық белгілерінің көрінуіне әсер етуші бірден бір фактор – оның ата-
анасы мен отбасындағы жалпы психологиялық жағдай. Ересектер мен жасөспірімдердің қарым-қатынас
орнатуының ең тиімді формасы – тұлғалық және сенімділік негізінде құрылған қарым-қатынас.
Тұрмыстық жағдайы нашар, бірақ қатынастары жоғары үйлесімділікті, мейірімділікті, қамқорлықты
сақтай алған, адал еңбекпен қиыншылықтарға төзетін, ішкілікке салынбайтын отбасында, араластын
туыстары, жолдастары мен көршілері де салауатты өмір сүретін ортада тәрбиеленген жасөсіріпімдердің
басым көпшілігінің ауытқыған мінез-құлыққа бейімділігі шектеулі[3].
Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында ауыр қылмыстар жылдан жылға көбейіп келеді.
Қазақстанда нарық жағдайы кезінде экономикалық тоқыраудың және батыстың көпшілікке арналған
мәдениетінің теріс ықпалымен мінез-құлық ауытқулары кең тарады. Оларға сабақ үлгерімінің нашарлауы,
сабақтан қашу, темекі тарту, басқа оқушыларға әлімжеттік көрсету, бопсалау мен қамауда отырғандарға
қаржы жинау, ұрлықпен айналысу, топтық төбелес ұйымдастыру, мұғалімдерді балағаттау, үйлерінен
қашып қаңғыбасқа айналуы сияқты құбылыстардың көбеюі жатады.
Жасөсіпірімдердің құқық бұзушылыққа бейімділігінің жоғары болуы, олардың әлеуметтік
жетілмеуінен және сыртқы ықпалдарға аса тез шалдығуына байланысты. Жасөспірімдерге тән жаңа
нәрселерден әсер алуға құмарлығы, әсіресе дене күші, бойы ересектерге жақындаған сайын өздерінің бала
еместігін дәлелдегісі келіп тәуелсіздікке ұмтылуы, ақыры болжай алуға тәжірибесі жетпегендіктен өкінішті
қылықтарға ұрындырады. Жасөспірім өзінің жетіліп үлгермегендігінен әлеуметтік талаптарды қабылдай
алмайды. Осы негізде пайда болған қарама-қайшылық құқық бұзушылықтың ықтималдығын
арттырады.Өтпелі кезеңнің қиындықтары нашар отбасылардан шыққан жасөспірімдердің арасында өршіп
кетуі экономикалық дағдарыстың және әлеуметтік теңсіздіктің тереңдігімен себептелген. Сондықтан
жасөспірімдер арасында алдын алу жұмыстарын көбірек жүргізу қажет. Білім ордаларында арнайы іс-
шаралар өткізу, психологтармен кездесу жұмыстарын жүргізу, ата-аналардың балалармен сыр бөлісіп
ойларын жете түсіне білуі осындай жасөсіпірмдер арасындағы келеңсіз жайттардың болмауына себепші
болар еді деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиет:
1.И.Шәмшәтұлы, М.Дәкенов, Д.Дәуіт, Н.Күнхожаев Әлеуметтану 1999 ж.
2.А.Д.Жүсіпова, А.И.Икенов Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004ж
3.З.Райнес, Қ.Жақып. Социология негіздері .Қостанай, 1997ж.
149
Достарыңызбен бөлісу: |