Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата15.03.2017
өлшемі8,02 Mb.
#9365
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
из войлока, кожи, дерева, кости, глины и камня. В 2013 г. планируется поездка с 
аналогичной целью в Горно-Алтайск и нашими сотрудниками.
 Для ремесленников Казахстана стало хорошей новостью – создание Союза 
Ремесленников Казахстана. Союз будет содействовать развитию профессиональ-
ного роста, объединению интересов ремесленников, художников-прикладников; 
открытию салонов, галерей ДПИ; привлечению для выполнения работ государ-
ственных,  коммерческих,  общественных,  творческих  коллективов  и  организа-
ций; осуществление консультационной и иной деятельности по вопросам ремес-
ленничества и другое.
Учредителями первого республиканского объединения мастеров приклад-
ного искусства стали 7 НПО и индивидуальных предпринимателей из пяти ре-
гионов Казахстана. В том числе и Ресурсный центр ВКО – Координатор Муха-
меджанова Раиса.
Центр  ремесленников  ВКО  объединяет 
более ста ремесленников. Это ремесленники, 
принимающие участие в ярмарках областного 
и республиканского значения, а также в Меж-
дународных  выставках-продажах.  Наши  ре-
месленники обмениваются опытом, знакомят-
ся и ведут переписку с мастерами из других 
регионов,  выезжают  на  ярмарки  в  соседние 
области.  Участвуют  в  выставках,  проводи-
мых в рамках празднования знаменательных 
дат.  Проводят  мастер-классы  по  различным 
ремеслам: плетение изделий из чия, плетение 
изделий  из  рогоза,  изготовление  изделий  из 
войлока,  традиционное  казахское  ткачество 
в  «Городе  Мастеров»  (Левобережный  ком-
плекс). Талантливые и активные мастера, тре-
нера  награждаются  дипломами,  сертифика-
тами, грамотами и благодарственными пись-
мами  администрацией  акимата,  управления 
культуры, ВК музея-заповедника и РЦР. 
Все это стало результатом деятельности 
программы поддержки ремесленничества, инициированной корпорацией «Шев-
рон» и ФЕЦА, при поддержке Министерства культуры и информации РК. 
Ремесленники  Востока  готовятся  отметить  знаменательную  дату  –  пяти-
летие со дня открытия Ресурсного центра. 15 октября координаторы РЦР, отдел 
народного  искусства  музея-заповедника  планируют  провести  в  День  праздно-

158
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
вания Курбан Айт большую областную ярмарку-продажу изделий мастеров на 
площади Республики.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Тохтабаева Ш.Ж. Шедевры Великой степи / Ш.Ж. Тохтабаева . – Алматы, 2008. 
– «Дайк-Пресс».
2.  Джанибеков  У.  Культура  казахского  ремесла  /  У.  Джанибеков  .  –  Алма-Ата: 
өнер. – 1982.
3.  Мастера  прикладного  искусства  Казахстана.  –  ТОО  «Деловой  мир  Астана», 
Астана.
4. Тохтабаева Ш. Войлок казахов: вчера и сегодня. пособие для ремесленников / 
Тохтабаева Ш. [и др.]. – Алматы, 2008.
5. ШЕБЕР – конкурс мастеров-ремесленников. – Алматы, 2012.
6. Шебер – информационный бюллетень для ремесленников Казахстана. – №№ 1, 
2, 3, 4, 5, 6, дизайн АРТ-ДЕПО студия. – Алматы, 2006, 2009, 2010-12. 
ӘОЖ 323(574)
Ж. Қажым
С. Аманжолов атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік университеті, өскемен қ.
БіРЛіК ПЕН ТөЗіМДіЛіК – ҰЛТАРАЛЫқ қАТЫНАСТАРДЫң НЕГіЗГі 
ПРИНЦИПТЕРіНің БіРі
Мақалада  ұлтаралық  қатынастардың  кейбір  принциптері  мен  механизмдері 
қаралады.
В статье рассматриваются некоторые принципы межэтнических отношений и 
их механизмы.
Some principles of ethnic relations and mechanisms of their stady are observed in the 
article.
Жалпы белгілі болғандай, Кеңес Одағы бірліктің үлгісі бола алмады. Ол 
ыдырады. Осыдан кейінгі жағдайдың қандай болатынына неше түрлі болжамдар 
болғаны  белгілі.  Кейбір  болжамдар  іс  жүзінде  дәлелденіп  те  жатыр.  Бұрынғы 
одақтас  кейбір  республикаларда  ұлтаралық  қатынастар  сипатында  болған 
қақтығыстардың болғаны шындық. қазақстан Республикасында қазақ ұлтының 
ежелгі  сыйластыққа  негізделген  тарихи  тәжірибесі,  ұлттардың  бірлігі  мен 
Ж. Қажым

159
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
төзімділігінің арқасында ұлтаралық келісім және тұрақтылық мекеніне айналды. 
Басты  құндылықтарды  басшылыққа  ала  отырып,  мемлекет  өзінің  салиқалы 
саясатын одан әрі дамытып, көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Дегенмен ұлт 
тағдырына  байланысты  мәселелердің  шешу  әдіс-тәсілдерін,  жолдарын  толық 
анықтау  мүмкін  емес.  Олар  тұрақты  дамып,  өзгеріп  отырады.  Ал  ұлтаралық 
қатынастар  –  өте  сезімтал,  тез  өзгеріп  шыға  келетін  қатынас.  қоғамдағы 
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағымды жэне жағымсыз әсер қалдыруы 
дәлелді қажет етпейді. қазіргі қоғам нарықтық экономика жағдайында дамуда. 
Демек, нарықтық қоғамда тосын сыйлықтар көбейеді. Осыған халық біртіндеп 
бейімделуі  қажет.  Бізге  қайшылықтардың  салдары  емес,  себебін  зерттеп 
білу  маңызды.  Бүгінгі  күнге  дейін  осы  қарым-қатынастар  болмысының  терең 
құпиясын  ашатын  кілтті  ешкім  таба  қойған  жоқ.  Ұлтаралық  қатынастарды 
зерттеудің маңыздылығы мен күрделілігін осыдан көруге болады.
Дүние  жүзінің  басым  көпшілігі  көпұлтты  болып  келеді.  Соның  ішінде 
қазақстан  Республикасы  ерекшеленбейді.  Әртүрлі  ұлттар  диаспорасының 
бейбіт қатар өмір сүруін сақтау кез келген мемлекеттің қолынан келмеуі мүмкін. 
Былай  дейтініміз,  көпұлтты  біріктіру  –  миллион  белгісіз  теңдеме.  Осыдан 
туындайтын басты проблема – елдің тұтастығын (унитарлығын) сақтау, әртүрлі 
ұлт диаспораларының басын біріктіруші факторлар: жалпы мақсат, жалпы мүдде, 
бірлік пен төзімділік (толеранттылық) келісім (консенсус) және диалог қажет. 
Тек  қана  осы  факторлар  ғана  ұлтаралық  қатынастардың  жаңа  заманға  сәйкес 
дамуына жағдай жасайды. Сонда ғана ұлтаралық қатынастардың жаңа моделі 
пайда болуы мүмкін.
Көпұлтты  мемлекет  болсын-болмасын  ұлттар  қарым-қатынасында 
қайшылықтар (мысалы, бәсекелестік, араздылық) болмауы сенімсіздік туғызады. 
Айталық,  экономикалық  бәсекелестік.  Экономикалық  салада  экономикалық 
мүдделер  сәйкес  келуі  де,  келмеуі  де  таңсық  емес,  соның  ішінде  әртүрлі  ұлт 
диаспораларының  мүдделері.  Уақытша  мүдделердің  сәйкес  келуі  мүмкін, 
бірақ  та  толыққанды  емес.  Диалектика  заңдарының  талаптары,  принциптері 
осындай. Бұған дәлел – шындық өмір. Шынында да, барлығы салыстырмалы. 
Не істеу керек? Нарықтық жағдайда қоғамға керегі саяси шеберлік, сабырлық, 
мәдениет, тәжірибе және т.б. Жасыратыны жоқ, көпұлтты қоғамда ұлтаралық 
қатынастарға  сенімсіздік  білдіретін,  үрей  туғызатын  құпиялық  іс-әрекеттер 
болады.  Ал  енді  осындай  жағдайлар  туындайтын  болса,  жақындастыру, 
достастыру, бір келісімге келу, бірлік пен төзімділікті сақтау – қиынның қиыны. 
Міне,  зерттеудің  архимаңыздылығы.  Ұлттарды  күшпен  достыққа,  келісімге, 
бірлік пен төзімділікке шақыру нәтиже бермесі анық. Проблеманың күрделілігіне 
байланысты  мынаны  еске  сақтаған  дұрыс  болады.  Әртүрлі  ұлттардың 
дүниетанымында, психологиясында, дінінде сәйкес келмейтін ерекшеліктердің 

160
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
бар  екені  белгілі.  Осыған  мұқият  болған  ләзім.  Жалпы  ұқсастықпен  бірге, 
ұқсамайтын  ерекшеліктер  бізден  бірлік  пен  төзімділікті  сақтауды  талап  етеді. 
Туындайтын  норма  әрбір  ұлттың  тәртібінде  келісімділік  (координация)  болуы 
шарт. Бірліксіз және төзімділіксіз ұлтаралық қатынастарды реттеуге болмайды.
Көңіл  аударатын  тағы  бір  маңызды  құбылыс.  қазіргі  заманда  бірлік 
пен  төзімділік  жаһандық  хақында  қаралуда.  Соңғы  уақытта  ұлттық,  діни 
топтардың  құқығын  қорғайтын  декларация,  Еуропадағы  этностық  топтардың 
ерекшеліктерін сақтайтын арнайы заң қабылданды. Біздің мемлекетіміз үшін де 
бұл заңның маңызы бар. Әрине, бұл әрбір ұлттың этномәдениетін, әлеуметтік 
мүдделерін ескеру қажеттілігінен туындаған. Бірлік пен төзімділіктің шегі бар 
сияқты.  Бірлік  пен  төзімділік  өз  ұлтының  мүддесін  басқа  ұлттардың  мүддесі 
үшін құрбан ету деген мағынада болмас. Екі жақтың да мүддесін ескеру керек. 
өйткені қайшылықтардың туындауына себеп болады. Шамадан тыс төзімділіктің 
жақсылығы  шамалы.  Автордың  пікірінше,  сілтеу  жасайын  деп  отырған  бір 
қағида бар. «Еңкейгенге еңкей, ол – әкеңнің құлы емес; шалқайғанға шалқай, 
ол – пайғамбардың ұлы емес».
ішкі  қайшылықтары  жоқ  қоғам  кездеспейді.  қайшылықтар  қоғамға  да, 
ұлттарға да табиғи тән қасиет. Оның үстіне өзіміз де тарихи қайшылыққа толы 
елміз. Ұлттык бірлік проблемасын көтергенде, ұлттың бірлігі туралы мәселені де 
ұмытпаған жөн. қазақ тарихына қысқаша ой жүгіртсеңіз, біраз қайшылықтарды 
есіңізге  түсіресіңіз.  Түсінікті  ғой,  қазақтың  тарихы  қандай  болмасын,  ол 
біздің  тарихымыз.  Оны  құрметтеумен  өмір  сүреміз.  Таза  тарихи  құбылыстар 
кездеспейді. Табиғи минералдай біртұтас кездеседі. Енді оны пайдалану үшін 
бір-бірінен  химиялық  жолмен  айыру  керек.  Басқаша  айтқанда,  технологияны 
ойлап табу қажет. қоғамның әлеуметтік технологиясы бар, бірақ та бұны ескере 
бермейміз. Түсінікті болу үшін, айталық, химиялық элементтердің физикалық, 
химиялық  қасиеттері  бірдей  емес.  қоғамды  құрайтын  адамдардың  да  және 
ұлттардың да адами қасиеттері, психологиясы бір-біріне ұқсамайды. Күрделілігі 
– оның екі жақтарын теңестіре алмайсыз.
Біреуі  плюс  болса,  екіншісі  –  минус.  Плюс  пен  минус  минусті  береді. 
Даму диалектикасының философиясы бойынша құбылыстың екі жағы уақытша 
салыстырмалы түрде бірлікте және уақытша айырмашылықта болады. қоғамда 
кейбір әлеуметтік қүбылыстар сәйкес келіп те жатады, сонымен бірге өзіне тән 
айырмашылықтарын  да  байқаймыз.  Есіңізде  болсын,  мән  тереңде  жатады,  ал 
құбылыс – бетінде. Зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеті – осы мәнді жете түсіну, 
терең мәнді ашу мақсатында дүниені өзгерту. Мән, ол бір топ құбылыстардың 
терең байланыстарын білдіреді. Мән – осы бір топ құбылыстардың өмір сүруінің 
негізі.  Мән  негізінен  құбылыстың  ішкі  бірлігі,  ол  көзге  түсе  бермейді,  тасада 
қалады. құбылыстардың қарама-қарсы жақтарын (мысалы, бай мен кедей) бір 
келісімге  келтіру  қажет,  осы  қайшылықтарды  шиеленіске  жеткізбей,  бай  мен 
Ж. Қажым

161
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
кедейдің проблемасын шешу керек. Шешілмеген жағдайда, олардың қоғамдық 
қатынастарға,  ұлтаралық  қатынастарға  тигізетін  әсерін  қалай  тоқтата  аласыз? 
Міне, проблема. қоғамның, ұлттың философиясы, социологиясы – осы күрделі 
құбылыстардың қүпиясын, болмысын ашып түсіндіру.
өздеріңізге мәлім, қоғам дамуында афоризмге айналған сөз бар, ол – тарих 
сабақ деген қағида. Тіршілік философиясының тұрғысынан қарағанда, тарих өте 
күрделі, көп қырлы феномен. Бұл феноменге қысқа да нұсқа жауап бере алмайсыз. 
Оның жауабы алуан түрлі, ол құбылыстардың терең бірлігі мен байланыстарына 
қатысты шығар. Ұлттың бірлігі туралы айтқанда, қазақ ұлтына тән бір қасиет 
бар.  Ол  қазақтың  осы  заманға  дейін  руға,  жүзге  бөлінуі.  Ауру  қалса  да,  әдет 
қалмайды деген дұрыс болғаны ғой. Стереотип ретінде болса, ұлттың бірлігіне 
пайдасынан гөрі зияны көп. өз арамызда бірлік болмаса, басқа ұлт өкілдерінің 
басын қалай біріктіре аласыз? Демек, басқа ұлыс өкілдеріне үлгі болуға күмән 
туғызады.  қазақ  ұлты  –  қазақстандағы  жүзден  астам  ұлт  диаспораларын 
біріктіруші фактор. қойылатын талаптар күрделі, олар: жауапкершілік, келісім 
мен түрақтылықты, бірлік пен төзімділікті сақтау және ұлтаралық қатынастардың 
жаңа моделін қалыптастыру.
Бірлік пен төзімділік философиясын түсіну ұзақ уақытты керек етеді. Ұлы 
ұстаз  әл-Фараби  айтқандай,  философия  ілімі  себепті  ұзақ  зерттейтін  ғылым 
деген.  Көтеріліп  отырған  проблемалар  қоғам  дамуына  ықпал  ететін  фактор 
болғандықтан,  оның  стратегиялық  келешегін  анықтайтын  теориялық  және 
методологиялық маңыздылығы зор.
қазақ тәуелсіз мемлекет болғалы бері, бірлік пен төзімділік құндылығының 
мәнін  түсінуге  көп  көңіл  аударып  келе  жатқан  елміз.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев 
қазақстан халқын бірлік пен төзімділікті сақтап, нығайтуға жұмылдырып келеді. 
өйткені  мемлекетте  (қоғамда)  шешімі  табылмай  жатқан  проблемалар  жетіп 
артылады. Осыған орай қазақстан халқының бірлікке, достыққа, тұрақтылыққа 
мән  беруі  заңдылық.  Ата-бабамыздың  асыл  сөздерімен  байланыстыра  айтсақ, 
«Бірлік бар жерде тірлік бар», «Сабыр түбі сары алтын» және т.б. Ойымызды 
тұжырымдасақ, қазақтың қанатты адамгершілік, философиялық ойлары қазіргі 
уақытта да өз маңыздылығын және құндылығын жоғалтқан жоқ. Демек, адамзат 
мәңгі емес, мәңгі – адамгершілік.
Бірлік пен төзімділік – ерекше Ұлтаралық қатынастардың мәдени көрінісі 
және  жүйелі  дамудың  іргетасы.  Тәуелсіздік  жағдайында  бірлік  пен  төзімділік 
– дамудың қайнар көзі және элеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудің 
бірден-бір  тиімді  жолдары.  Стратегиялық  дамудың  логикасы  –  бірлік  пен 
төзімділікте. қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен 
айтсақ: «Ұлттық бірлік, төзімділік – біздің стратегиялық таңдауымыз» [1].
Кез  келген  әлеуметтік  құбылысқа  жан-жақты  жауап  керек.  Ол  қиын 
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ

162
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
жұмыс. Сондықтан да теориялық және методологиялық ізденіс жалғаса береді. 
қазақстандағы көп ұлттың бірлігі мызғымастай болса, тәуелсіз еліміздің қарқынды 
дамуына негіз бар. Бірлік пен төзімділік – ол қауіпсіздік кепілі. қоғамның дамуы 
бірлік пен төзімділіктен бастау алады. Ұлттық бірлік пен төзімділіктің толыққанды 
потенциалдық  мүмкіндігінің  іске  асырылуына  қазақстан  Республикасының 
Конституциясы кепілдік береді. Бірлік пен төзімділік – ұлтаралық қатынастар 
мәдениетінің  деңгейі  жоғары  екенінің  айғағы.  қазақ  елінің  келешегі  осында. 
қазақ елі қазақ халқының адамгершілік жолымен дамып, үлкен жетістікке қол 
жеткізді. Халықтың адамгершілік жолы – ата-баба жолы. Байлық – қолдың кірі, 
адамгершілік, сыйластық, татулық – мәңгі. Асыра сілтеу болмас, сонда да мұндай 
қасиет: ұят, ар, намыс – қазақ ұлтына тән ізгі қасиет. «Таспен ұрғанды, аспен ұр» 
деген. Елдігімізді күшпен дәлелдеу емес, ар ұяты, намысы бар адамды сыйлай 
білетін,  басқа  ұлттардың  мәдениетін  құрметтейтін  ел  хақында  дәлелдедік. 
Ойымызды  жай  күнделікті  сана  деңгейінде  баяндап  отырмыз.  Ал  философия, 
социология  ғылымдарының  тілі  өте  күрделі (абстрактылы).  қандай  да мәселе 
болмасын, оның күрделілігін түсіне түрып, әрине, қарапайым, халық түсінетін 
тілмен баяндаған дұрыс.
Ата-баба  тамырынан  кетпеуіміз  керек.  Ата-баба  жолы  –  бірлік  пен 
төзімділік жолы. Бірлік жоқ елден құт-береке қашады, бірлігіміз, іргетасымыз 
мықты құрыштан құйылғандай болуы шарт.
Ұлтаралық қатынастар мәселесі – ол ел тағдыры. Неге десеңіз, басқа ұлт 
диаспораларының мүддесі еліміздің тағдырымен тікелей байланысты. Айтайын 
деген  ойым,  бірлік  пен  төзімділік  принциптері  барлық  қоғамдық  салалаларда 
көрініс  табатыны  белгілі,  бірақ  та  әрбір  саланың  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар 
сияқты. қазақстан Республикасының осы қатынастарды реттеуде біраз тәжірибе 
жинағаны мәлім. өмірлік тәжірибелерге сүйене отырып, ұлттың, соның ішінде 
ұлт  диаспораларының  экономикалық,  саяси,  мәдени  мүдделері  өте  бір  жұқа 
материя екенін естен шығаруға болмайды. қоғамдық, ұлтаралық қатынастардың 
ахуалынан туындайтын мәселе – ол мүдде проблемасы. Ақырғы мәселе асыра 
сілтеуді көтермейді. Мүдде – нағыз сезімтал құбылыс.
Еліміздің бүгінгісі және келешегі үшін жетістікті сақтау, одан әрі дамыту 
өнерімізді,  экономикалық,  саяси  шеберлікті  шыңдай  беру  –  заманымыздың 
талабы.  Жүзден  астам  ұлт  диаспораларын  бір  шаңырақтың  астына  біріктіріп, 
келешегіміздің  айқын  болуы  –  ол  арифметиканы,  алгебраны,  математиканы, 
жоғары математиканы білгендік. Мүдде есебінен қателесуге жол бермеу керек. 
Ол қайшылық, қауіп төндіруі мүмкін.
өмірде біздің жетістігімізге қуанатын адамдар да және көре алмайтындар 
да жетіп артылады. Яғни қайшылықтар заңды және жасанды болып кездеседі. 
қайшылықсыз қоғам жоқ. Адамға, қоғамға қайшылықтар тән қасиет. Тек қана 
Ж. Қажым

163
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
қайшылықтарды уақытында шешсе болғаны. Бір қайшылық шешілсе, екінші бір 
қайшылықтар пайда болады. Дамудың осындай шарты, негізгі көзі.
Терең  теорияға  бармай-ақ,  қысқаша  төзімділік  туралы  бір-екі  ауыз  сөз. 
Зерттеушілер  арасында  төзімділік  туралы  бір  пікір  қалыптаспаған.  Жалпы 
моральдык  норма  мен  өркениет  құндылықтар  арасында  келісім  жеткілікті,  ал 
айырмашылықтар  прогресс  үрдісінде  біртіндеп  азаяды.  Айырмашылықтарды 
жоя  алмайсыз.  Ол  мүмкін  емес.  Айырмашылықтар  –  қайшылықтың  көрінісі. 
қайшылықсыз  даму  жоқ.  Адамдардың  табиғаты  және  олардың  дүниеге  деген 
қатынасына байланысты, өзара толық түсіністікке жету мүмкін болмайтындықтан 
және  әртүрлі  құндылық  жүйесінің  көптігінің  жойылмайтыны  төзімділік 
принциптеріне  тұрақты  мән  беріп,  қоғамдағы,  ұлтаралық  қатынастардағы 
күнделікті кездесетін кейбір мәселелерге шыдамдылықпен, сабырлықпен қарау 
керек. Төзімділіктің жағдайы – өзара әрекетте, екі жақтың да мойындауына тура 
келеді.
қазақстан,  әлеуметтік  тұрғыдан  алғанда  –  саяси  тең  құқылы  этностар 
қоғамы. Этносаралық интеграция ұлттардың сан жағынан артықшылық жолымен 
емес, диалог және келісім арқылы жүзеге асырылады.
Бірлік пен төзімділікке тікелей қатысы бар – ол қазақ тілінің мемлекеттік 
мәртебесі. Жауабы жоқ проблема – көпұлтты мемлекетте қарым-қатынастардың 
кілті қай тілде болуы шарт? қазақ тілінде ме, әлде басқа тілде ме? Жауап біреу – 
қазақ тілі мемлекеттік тіл.
Осындай сұрақтардың туындауының басты себептерінің бірі – қазақстан 
Республикасының Конституциясын мойындамау, я болмаса оны бұрмалау. Оқы, 
оқысаң тайға таңба басқандай тілге қатысты заң баптары бар. Түсінікті, қазіргі 
қоғам тоталитарлық қоғам қойнауынан шыққан, оның әлі де болса ізі қалған, 
толық жойылған жоқ. Тағы бір себебі – ол ұлттық сананың өзгермеуі. Осыған 
қатысы  бар  жазушы  Смағұл  Елубай  пікірін  тыңдайық:  «Отаршылдар  қырық 
түрлі қитұрқылық құйқылжытып, отар елдердің тілін жойғысы келеді. Тіл өшсе, 
ұлттық сана өшеді. Ұлттық сана өшсе, бодан ел мәңгі бас көтермейді. Үстем елдің 
құлақ кесті құлына айналады. қазақ халқы жаңа ғасырға бодандық қамытынан 
құтылған  азат  ел  болып  аттанды.  Бірақ  бодандық  қамыты  мойынынан  түссе 
де, миынан түспеді. Саяси отарлық аяқталса да, рухани отарлық жалғаса берді. 
Яғни сана тәуелсіздігі орнамады. Сана тәуелсіздігі әлсіз болса, саяси тәуелсіздік 
қалай мықты болмақ? Тілдік иммунитеті жоқ ұлттың, ұлттық иммунитеті қайдан 
мықты болмақ» [2]. Алып-қосатынымыз жоқ. Айтылған ойдың күштілігі – оның 
шындығында.
Жаңа  қарым-қатынастар  моделінің  ауылы  алыста.  Бүршік  беретін 
алғышарттарын қалыптастыру керек. Бар сияқты, бірақ көпшіліктің санасынан 
орын  ала  қойған  жоқ.  қазіргі  нарықтық  қоғамда  ұлтаралық  қатынастарға 
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ

164
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
жағымсыз ықпал ететін қайшылықтар баршылық, көпке мәлім: жұмыссыздық, 
әлеуметтік, экономикалық салалардағы ахуал.
Жұмыссыздықтың толық шешімін табу қиын. Неге десеңіз, бұл құбылыс 
тек  қана  нарықтық  экономикаға  тән.  Жұмыссыздықты  азайтуға  болады,  бірақ 
жоя  алмайсыз.  Этникалық  жағынан  алып  қарағанда,  жұмыссыздық  қазақтар 
арасында басым, сонымен бірге баспанасыз жүргендер, кәсіби деңгейлері төмен 
негізінен қазақ азаматтары. Шешімі бар. Ол үшін жұмыссыз жүрген қазақтарды 
кәсіби мамандыққа оқыту, оқытып та жатыр.
Ұлтаралық  қатынастар  мәселесінде  көңіл  аударуды  қажет  ететін  –  ол 
аймақтық ерекшіліктер. Оның ерекшеліктері мынада: кейбір ұлт диаспораларының 
аймақтарда  біркелкі  орналаспауында.  Бір  аймақта  ұлт  диаспоралары  тығыз 
орналасқан да, ал жергілікті халықтың саны аз. Мысалы, Солтүстік қазақстан, 
Орталық қазақстан, Шығыс қазақстан және т.б. қайшылықтар осындайдан пайда 
болмай ма? Толғандыратын мәселе – жергілікті халықтың біртіндеп басқа ұлт 
диаспораларына сіңіп кету қаупі. Санақ нәтижесінде қазақ халқының саны 60%-
дан асса да, өзгерістер шамалы. Менің ойымша, мән халықтың санында емес, 
санасында, ар намысында. Шіркін, ар, намысты қалай оятсақ екен? Міржақып 
Дулатұлы «Оян қазақ» жинағынан үзінді келтірейік:
«Аз емеспіз, алты миллион халықпыз,
Әлһамдулилла надандыққа ғарықпыз».
Осылай дей отырып, ол бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты – 
түн-түнек қараңғылық ұйқысынан ояну, сілкіну, надандықтан арылу деп білген. 
Тәуелсіз  заманында  да  бұл  өзінің  маңыздылығын  жойған  емес,  керісінше. 
Біреулердің  ойлауы  мүмкін,  XXI  ғасыр  емес  пе  деп.  XXI  ғасыр  дүниежүзілік 
шеңберде  надандықты,  сауатсыздықты  жоққа  шығармайды.  Сайып  келгенде, 
проблема  көбеймесе,  азаймайды.  Тоталитарлық  (отаршылдық)  қоғамның 
қалдырып  кеткен  қайшылықтарын  шешу  үшін  ғасырлар  керек.  Төзімділіктің 
қарама-қайшылығы – төзімсіздік. қайшылықтардың шегі жоқ. Әрбір құбылыс, 
айталық, жұмыссыздық, ұлттық кадрлар мәселесі, көші-қон мәселесі – өз алдына 
өте күрделі, зерттеуді қажет ететін көкейкесті проблема.
Аймақтағы  ерекшеліктерді  ескермесе,  жалпы  Республика  көлемінде 
проблеманы  шешу  қиын.  Ой-пікірлер  көп,  бірақ  олардың  материалдық  күшке 
айналуы  мәселе.  Ой-пікірлер  халықтың  жүрегінен  орын  алмаса,  онда  ол 
халықтың мүддесіне сай келмейтіндігі. Сонда да келешек бірлік пен төзімділікке 
байланысты. Араздасуға, берекесіздікке жол берілмесін.
М. Дулатұлы былай дейді:
«Екі сұңқар таласса құзғынға жем,
Берекесін бұл қазақ сүйтіп құртқан.
Сол күнде жауға қарсы қорған құрса,
Ж. Қажым

165
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
құтылып надандықтан ғылым тапса».
Ұрандату  емес.  XX  ғасырдың  аяғы-XXI  ғасырдың  басы  –  қазақстан 
Республикасының тәуелсіздік ғасыры. Тәуелсіздік жолы тар жол тайғақ кешумен 
тең. қазақ елі өркениетті дамыған елдер қатарына кіру үшін үлкен бағдарлама 
жасады. Бірінші: «қазақстан-2030». қазақстан Республикасының алдында үлкен 
мақсат пен міндеттер тұр. Жауапты міндеттерді жүзеге асыру үшін бірлік пен 
төзімділік қажет. Бұл – қазақстан халықтары үшін ар, намыс, Отан сыйлайтын 
азамат үшін жауапты емтихан. Нағыз отансүйгіштік елінің келешегі үшін жол 
ашылды.  Енді  бар  білгенді,  көргеніңді  аяма.  қоян  болма,  барыс  бол.  Олай 
болса, қазақстан Республикасына адал еңбек етсең болғаны. Еңбек қазақстан 
Республикасының символы, ар ожданы болсын. Бірлік пен төзімділіктің логикасы 
еңбекте, жауапкершілікте, сыйластықта, келісімде, тұрақтылықта.
ӘДЕБИЕТТЕР ТіЗіМі
1. Назарбаев Н.Ә. Егемен қазақстан. – 2009. – 27 қазан. 
2. Елубай С. Бодандық қамыты қазақтың мойнынан түссе де, миынан түскен жоқ 
/ С. Елубай // Намыс. – 2010. – № 1.
3. Дулатұлы М. Оян қазақ / М. Дулатұлы. – Алматы, 1991.
4.  Хабермас  Ю.  Когда  мы  должны  быть  толерантным?  О  конкуренции 
видений мира, ценностей и теорий / Ю. Хабермас // Социологические исследования. – 
2006. – № 1.
5. Мукомоль В. Грани интолерантности: мигрантофобии, этнофобии / В. Муко-
моль // Социс. – 2005. – №2.
6.  Айталы  А.  Байсалды  Ел  байқаусыз  қате  жібермес  /  А.  Айталы.  –  Алматы, 
2008.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет