Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата15.03.2017
өлшемі8,02 Mb.
#9365
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ

№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ 
ЖӘНЕ БіЛіМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
ӘОЖ 159.922.8
А.Е. Абылкасимова, Ж.К. Аубакирова
С. Аманжолов атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік университеті, өскемен қ.
ЖАСөСПіРіМДЕРДің қОРШАғАН ОРТАғА ПСИХОЛОГИЯЛЫқ 
БЕЙіМДЕЛУі
Бұл  мақалада  жасөспірімдердің  қоршаған  ортаға  психологиялық  бейімделу 
мәселелері қарастырылады. 
В данной статье рассматривается проблема адаптации подростков к окружаю-
щей среде. 
This paper addresses the problem of adaptation of adolescents to the environment.
қазіргі қоғам өмірінің бар саласындағы қарқынды динамика мен ғаламды 
бетбұрыстар  сипаты  жастардың  іс-әрекетіне,  қарым-қатынасына  жаңаша 
талаптар  қоя  бастады.  Жасөспірімдерге  осы  заман  ағымына  лайық  тұлға 
болу  өте  маңызды.  ғалымдардың  соңғы  зерттеулері  бойынша  адамдардың 
физиологиялық және психологиялық ауруларының себептері қоршаған ортаға, 
табиғатқа бейімделуіне байланысты екенін дәлелдеді. Мектеп психологтерінің 
тәжірибелері  бойынша  жасөспірімдердің  жалпы  мектеп  өміріне,  орта  буынға, 
жалпы  жаңа  ортаға  бейімделулері  өте  маңызды  болып  табылады.  Адамның 
бейімделуі биологиялық және психологиялық деп екіге бөлінеді: біріншісі, ағза 
функцияларының және құрылымының ортадағы жағдайға, шартқа бейімделуі; 
екіншісі, адамның әлеуметтік индивид ретінде белгілі талаптарға, жағдайларға, 
принциптерге,  әлеуметтегі  және  қоғамдағы  әдептілік  ережелеріне,  өзіндегі 
жекелік  қасиеттерін  ескере  бейімделу  үрдісі  болып  танылады.  Индивидтің 
әлеуметтік  ортаның  талаптарына  белсенді  бейімделуі  маңызды  фактор. 

167
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
Жасөспірімдік  кезеңдегі  ең  бастапқы  іс-әрекет  –  тұлғалық  жақын  қарым-
қатынас. Осы кезеңде жасөспірімнің толыққанды қарым-қатынасты құру үшін 
оны жеке тұлға ретінде қабылдап, қажетті қарым-қатынас орнату керек. өмірде 
кездесетін  жағдайларға,  ең  жақсы  түрде  бейімделуге  ықпал  ететін  –  адамның 
іс-әрекеті,  қарым-қатынасы.  Жасөспірім  өзінің  тұрақты  рефлексиясы  арқылы 
өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш 
болады. қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз ерекше әсерлі болып 
оны  жолынан  тайдыруы  мүмкін.  Л.Ф.  Обухова  психологиялық  зерттеулерінде 
жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп-
тамыры, жеткіншектік шақта қалыптасып қойған туындысы болып табылады. 
өзіндік  жеке  тұлғасына  деген  қызығушылықтың  күшейюі,  сыншылдықтың 
көрінуі  –  бұлардың  барлығы  ерте  жеткіншектік  шақта  сақталады,  бірақ  олар 
мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Жасөспірімдердің негізгі 
мәнді өзгерісі – бұл тұлғаның өзіндік дамуы. Жасөспірімнің өзіндік дамуының 
аса  маңызды  факторы  ауқымды  әлеуметтік  белсенділігі  болып  табылады.  Ол 
белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, 
ақырында  өзінің  жеке  басы  мен  өзінің  болашағын  және  ниетін,  мақсаты  мен 
міндетін  жүзеге  асыру  әрекеттерін  жобалауға  бағытталады.  Жеткіншектік 
шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің 
дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, мұның салдары бала мен ортаның 
арасындағы қатынастың бұзылуына жетелейді. Жасөспірім өзін ересекпін деп 
сезіне бастайды, яғни ол мұндай құбылысты айналадағылардан да талап етуге 
ұмтылады [1].
Ст.  Холлдың,  Э.  Шпрангердің  айтқан  тұжырымдары  бойынша,  жасөспі-
рімдердің даму деңгейі үш түрге бөлінеді.
Күрделі  өзеру  –  дағдарыстық  уақытпен  сипатталады.  Ол  қайта  дүниеге 
келген адамдай уайым-қайғыға түседі, түп-тамырында оның жаңа өзіндік «мені» 
пайда болады.
Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің 
жеке басына ешқандай өзгеріс енгізбей аяқ басумен сипатталады.
Жасөспірім  белсенді  және  саналы  түрде  өзін  тәрбиелейді,  өзін­өзі 
қалыптастырады.  өзінің  ерік-жігерінің  күшімен  ішкі  дағдарыстары  мен 
күйзелістерін,  мазасыздығын  жеңеді,  бұл  өзіндік  бақылау  мен  өзіндік  мінез-
құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән.
Осыған  орай,  Э.  Шпрангердің  көзқарасы  бойынша,  жасөспірімдердің  ең 
басты жаңа құрылымы – «өзіндік менінің» ашылуы сияқты рефлексияның пайда 
болуы, яғни өзінің жеке даралығына саналы түрде көз жеткізіп, тұлғаның өзіндік 
анықталуы [2].
Психика  жағынан  сау  жасөспірімдер  арасында  тек  мінез  акцентуация 
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ

168
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
мен  психопатиялық  мінез  ерекшелігі  бар  тұлғалар  ғана  суицидтік  әрекетке 
әлдеқайда  бейім  болады.  Жасөспірім  өзінің  «есейгендігін»  көрсетуге  деген 
қажеттілігін  фрустрациялау,  өзіндік  сана-сезімнің  дамуы  барысында  «Мен-
тұжырымдамасының»  жағымсыз  қалыптасуы,  өзін-өзі  жек  көру,  өзіне  деген 
жағымсыз көзқарас, өзін-өзі төмен бағалау жене өзін-өзі кемсіту сияқты әрекет-
тер  жасерекшелік  дағдарыстың  патологиялық  барысын  детерминациялайды, 
яғни  бұл  суицидтік  әрекеттің  пайда  болу  қауіптілігінің  елеулі  факторы 
болып  табылады.  Жасерекшелік  дағдарыстық  патологиялық  барысы  алаңдау, 
мазасыздану,  үрейлену,  психозақымдаушы  жағдайларға  фиксациялану,  өзіндік 
дәрменсіздік,  күйзелу,  жалғыздық,  үмітсіздік,  өзіндік  тұлғаны  пессимистік 
бағалау,  болашақ  өмірді  және  өзекті  мәселені,  яғни  болашақты  жоспарлау 
қиынға соғатын жағымсыз қарқынды эмоциялармен сипатталатын дағдарыстық 
ахуалдардың  пайда  болуына  жетелейді.  Дағдарыстық  ахуалдардың  дамуы 
әлеуметтік-психологиялық  тезбейімділіктің  пайда  болуына  жетелейді. 
Тезбейімдеушілік  жағдайлар  жасөспірімдер  арасындағы  суицидті  қоздырады, 
олар: психоэмоционалдық күйзелістерге деген төзімділіктің төмендеуі, ерекше 
интеллект  (максимализм,  өзгеше  пайымдаулар,  пікірлер,  үзілді-кесілді  ойлар), 
коммуникативті  қабілеттердің  жеткіліксіз  дамуы,  өзіне-өзі  жағымсыз  баға 
беру, дамымаған сындарлы копинг-стратегиялар және психологиялық қорғану, 
өмірдің құндылықтарын шала түсіну және т.б. Олардың бойында ұялшақтық пен 
агрессиялы мінез-құлық, жастық максимализм, шектен тыс мазасыздану, шамасы 
келмесе де «өзім білеміндікке» ұмтылу сияқты әрекеттер тән болады.
Жалпы,  жасөспірімнің  күйзеліске  душар  болып  жүргенін  мынандай 
әрекеттерден де анық аңғаруға болады:
– баланың мінез-құлқы өзгереді, тұйық бола бастайды, әңгімеден қашады, 
өте енжар, селқостық байқалады;
– мектепке бармаудың барлық амал-шарасын ойлап табады: «басым, ішім 
ауырып тұр, құсқым келеді» деген сияқты сылтаулары көбейеді;
–  мектепте  болған  жағдайлардан  бас  тартады,  сабаққа  барғысы  келмей, 
әдейі ұйықтап қалады;
–  әдеттегіден  гөрі  ақшаны  жиі  сұрай  бастайды,  сылтауы  көбейеді,  тіпті 
ата-анасының қалтасына түседі. Демек, ол қаржыны мектепте «мазасын алып 
жатқандарға» тасиды;
– кейбіреулері тіпті тұйықталып кетеді, ешкіммен сөйлеспейді, ал екінші-
лері өте ашуланшақ бола бастайды;
– оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.
Сонымен  бірге  егер  бала  зорлық-зомбылық  көрсе,  оны  келесі  жанама 
белгілерден де байқауға болады:
– ұйқысы бұзылады;
А.Е. Абылкасимова, Ж.К. Аубакирова

169
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
–  ата-анамен,  мұғалімдермен,  құрбыларымен  ерегесу  әрекеттері  мен 
агрессия байқалады;
– апатия, күйзеліс:
– достарын жиі ауыстырады.
Н.В. Агазаде аутодеструктивті әрекеттерді төмендегідей топтастырады:
1. Жеке тұлғаға ықпалы ету бойынша: физикалық, психикалық, әлеуметтiк, 
діни.
2. құрылымдық мінездемелер:
– деңгейлі көрсеткіштер: идеаторлық, аффективті, сыртқы тәртіптік;
–  орындау  әдісі  бойынша:  тікелей,  ұлғаймалы,  жанама  түрдегі, 
трансагрессивті [1].
А.А. Султанов жасөспірімдерде аутодеструктивті мінез-құлықтың себебін 
зерттеуде факторлардың үш негізгі тобын көрсетті: 
–  жасөспірімнің  әлеуметтiк  ортадағы  орны,  оның  жасерекшелігіне  сай 
келмейтiн әлеуметтенудің бұзылуына байланысты тезбейімделушілігі;
– адами құндылықтардың жүйесiне қарсылығынан туындаған отбасымен 
жанжалдасу;
– ішімдікке, нашақорлыққа бейімделу, яғни өзін-өзі күйрету үшін бастау 
алатын жол және оның қарқынды дамуының алғышарттары [2].
А.Е.  Личконың  пiкiрiнше,  аутодеструктивті  әрекеттерге  мынандай 
факторлар жетелейді: 1) сүйікті адамнан айырылу; 2) жалықтыру күйі; 3) өзінің 
адамгершілік  құндылығын  кеміту  сезімі;  4)  есірткі,  гипногендік  психотропты 
дәрілер  және  ішімдікке  салыну  нәтижесiнде  тұлғаның  қорғаныш  тетіктерінің 
күйзелуі;  5)  өз-өзіне  қол  жұмсаған  адаммен  өзін  теңеу;  6)  түрлі  себептерден 
қайғыру мен орынсыз ызалану, күйзелу, қорқыныш сезімдері және т.б.
Көптеген  жасөспірімдерде  өзіндік  бағалаудың  дамуы  тұрақты  немесе 
жағдайлық  үрейлікпен  қосарланады.  Жасөспiрiмдердің  өзіндік  бағалауының 
дұрыс дамуы барысында тұрақтылыққа, бағалау мен талаптардың дұрыстығына 
зарығады. өз-өзін бағалау әлеуметтiк-психологиялық адаптация және тұлғаның 
тезбейімделушілік үрдісімен тікелей байланысқан, өйткенi көзделген бейімделу- 
дің  шарты  әлемнiң  нақты  түрi  және  мен  кейпі  теңдестірілетін  қызметтік 
динамикалық  бiрлiк  болып  табылады.  Бұл  дегеніміз,  жасөспірім  топтың 
талаптарына  өз  күштерiн  мөлшерлеуге  және  өздігінен  нақты  мақсаттар  және 
міндеттерді өз алдына қоюға мүмкiндiк бередi. өзін-өзі бағалау жасөспiрiмнiң 
әлеуметтiк  бейiмделуiн  едәуiр  дәрежеде  анықтайды,  мiнез-құлық  және 
қызметтiң  реттеуiшi  болып  табылады.  Жеке  тұлғаның  әлеуметтік-психикалық 
дезадаптациясы,  бір  жағынан,  өз  қажеттіліктері  мен  талаптарына  бейімделу 
қабілетсіздігінен  көрінсе,  екінші  жағынан  әлеуметтік  ортаның  талап  және 
күтілімдерін  орындауға  күй  болмаған  кезде  байқалады.  Ересектің  пікірі 
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ

170
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
бойынша  әлеуметтік-психикалық  дезадаптация  тұлғааралық  негативизм  және 
конфликтілерде  көрініс  табады.  Талаптарды  орындап,  үміттерді  ақтайтын 
тыңдайтын  бала  тыңдамайтын  балаға  қарағанда,  «қауіп  тобына»  жатқызу 
ықтималдылығы  төмен.  Басқа  жағынан  жеке  тұлға  адаптивті  болуы  үшін 
адаптивсіз белсенділік көрсетуі керек. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТіЗіМі
1. Кулагина И.Ю. Возрастная психология / И.Ю. Кулагина. – М., 1999.
2. Обухова Л.Ф. Возрастная психология / Л.Ф. Обухова. – М., 1999.
3. Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. А.В. Петровского. – М., 
1986.
4.  Хрестоматия  по  возрастной  психологии  /  Под  ред.  Д.И.  Фельдштейна.  –  М., 
1994.
5. Сапогова Е.Е. Психология развития человека / Е.Е.  Сапогова. – М., 2001.
ӘОЖ 378.09:159.9:37.015.3
К.Д. Канапиянова, Д.Т. Нурсолтанова
С. Аманжолов атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік университеті, өскемен қ.
КЕңЕСТіК ЖӘНЕ ШЕТЕЛДіК ғАЛЫМДАР ЕңБЕКТЕРіНДЕГі БАЛАғА 
ДЕГЕН АТА-АНАЛЫқ қАТЫНАС МӘСЕЛЕСі
Мақалада қазіргі уақыттың өзінде өзектілігін жоғалтпаған мәселеге – бала мен 
ата­аналық қатынастарға арналған. Қысқаша осы мәселеге қатысты негізгі ғылыми 
зерттеу бағыттары мен тұрғылары сипатталды. Одан әрі зерттеу жұмыстарын 
толықтыруды қажет ететін аймақтар белгіленді.
В статье рассматривается проблема, которая не теряет актуальность и в наше 
время – проблема детско­родительских отношений. Кратко представлены основные 
подходы и направления в исследовании учеными детско­родительских отношений. Вы-
явлены пробелы, которые необходимо восполнить в ходе дальнейшего изучения.
Describes a problem that does not lose its relevance in our time­problem child­parent 
relations. Summarized basic approaches and directions in the study of the relations between 
parents and scientists. Identified gaps that must be filled in the course of further study.
Әртүрлi  психологиялық  мектептер  мен  бағыттардың  көптеген  өкілдері 
ата-ана мен балалардың арасындағы қатынастың маңыздылығына үлкен назар 
К.Д. Канапиянова, Д.Т. Нурсолтанова

171
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
аударған. Отбасындағы тәрбие мәселесі көптеген ғалымдар мен практиктердің 
назарын  аударуда.  Педагогтермен,  әлеуметтанушылармен,  психологтермен, 
психотерапевттермен  (А.Я.  Варга,  1983;  Т.В.  Архиреева,  1989;  Н.Н.  Авдеева, 
1994;  А.И.  Захаров,  1986;  А.И.  Спиваковская,  1988;  А.Е.  Личко,  1979; 
Э.Г. Эйдемиллер, 1980 және т.б.) аталмыш тақырып аясындағы сұрақтан жан-
жағынан қарастырылды. 
А.С. Спиваковская (1988) ата-аналық бағдарлар бойынша ата-ананың бала-
ға  деген  эмоционалды  қатынас  құрылымдарын  немесе  жүйесін,  ата-анасымен 
баланы қабылдауы және онымен мінез-құлық тәсілдерін қарастырады [1].
XX  ғасырдың  30  жылдарында  төрт  түрлі  ата-аналық  бағдар  және  соған 
қарасты мінез-құлық типтері анықталған: «қабылдау және махаббат», «мүлдем 
қабылдамау»,  «артық  талапшылдық»,  «шамадан  тыс  мәпелеу»,  сонымен  бірге 
ата-ана  мен  баланың  мiнез-құлықтарының  аралығында  белгілі-бір  тәуелдiлік 
бақыланған.  Мысалы,  «қабылдау  мен  махаббат»  балада  қауіпсіздік  сезімі  мен 
қалыпты тұлғалық дамуды қамтамасыз етеді, ал «мүлдем қабылдамау» агрессив-
ті және эмоционалды дамымаушылыққа әкеліп соғады [2].
Кеңестік  психологияда  Божович  Л.И.,  Выготский  Л.С.,  Дубровина  И.В., 
Лисина  М.И.,  Леонтьев  А.Н.,  В.С.  Мухина,  Эльконин  Д.Б.  осы  мәселелерге 
қатысты өз зерттеу жұмыстарын жүргізген. Божович Л.И. онтогенездегі тұлға 
құрылымының сатыларын, яғни баланың психикасында онтогенетикалық даму 
үрдісінің жаңа әрі сапалы құрылымы пайда болатынын анықтады. Бұл психо-
логиялық  құрылымдар  қандай  да  біртұтас  механизм  ретінде  адамның  мінез-
құлқы мен іс-әрекетін және оның өзге адамдармен өзара қатынасын, қоршаған 
ортасына және өз-өзіне деген қатынасын анықтайды [2].
Л.С. Выготский, М.И. Лисина, Д.Б Эльконин психикалық даму мәселелері-
нің  кезеңдерін  құрастыра  келе,  баланың  жасы  өскен  сайын  дүниетанымы  да 
өзгереді дейді, сонымен қатар алғашқы іс-әрекет типтері, ересектер мен құрбы-
құрдастарына  деген  қатынасы  да  өзгеріп  отырады  деген.  Осыған  байланысты 
сәйкесінше  ата-ананың  да  қатынасы  өзгере  бастайды.  И.В.  Дубровина  өзінің 
еңбегінде  жанұяны  әлеуметтенудің  ең  маңызды  қайнар  көзі  деп  қарастырған 
[3].
А.Н.  Леонтьев  (1977),  А.Р.  Лурия  (1980),  Д.Б.  Элькониннің  (1976)  және 
т.б. зерттеулері бойынша көрсетілгендей, баланың психикалық дамуы оның ата-
анамен достастық ерекшеліктері және баланың эмоционалды контакт орнатуына 
байланысты  анықталады  екен.  Осыған  қарап,  ата-ана  мен  бала  арасындағы 
қатынастарға жанұя түрі, ересектер қолданатын ұстаным, қатынастар стилі және 
жанұядағы ата-ана орнатқан баланың рөлі тікелей әсер ететінін түсінуге болады 
[3].

172
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
Жанұядағы өзара қатынастың әртүрлі сипаты болуы мүмкін, ал ата-аналық 
қатынастың  тиімсіз  түрі  баладағы  үрейдің  пайда  болуына  әкеліп  соғады.  Дәл 
қазіргі уақытта бала үрейінің орталық, яғни «негізгі» себебі жанұядағы тәрбие 
факторы  болып  анықталған,  ең  алдымен,  «ана  –  бала»  өзара  қатынас  жүйесі 
(Н.М. Гордецова, 1978; А.И. Захаров, 1988; А.С. Спиваковская, 1988; В.С. Манова-
Томова, 1981; М. Раттер, 1987 және т.б.) [2].
Баланың тұлғалық дамуында ата-ана мен бала арасындағы қатынас жайлы 
ең  алғаш  ғылыми  зерттеу  жүргізген  психологиялық  бағыт  классикалық 
психоанализ  болды.  Психоанализ  –  бала  дамуының  негізгі  тұжырымдамалық 
даму бағытын анықтады, яғни маңызды идеясы болып ата-аналар мен балалар 
арасындағы қатынас мәселесі саналды (Э. Эриксон, К. Хорни, т.б.). Бұл бағытта 
ең  атақты  Д.  Боулби  мен  М.  Эйнсворттың  тартымдылық  теориясы  болды. 
Тартымдылық теориясының орталық түсінігі «ішкі жұмыс моделі», яғни өзіндік 
бөлінбес және өзара жалпыланған бірегейлікті айқындайды [4].
Бала өз-өзін анасы арқылы тани алады, ал анасы, керісінше, мұны өзіне 
қатынас ретінде қабылдай бастайды. Бұл күрделі өзара байланыс ең алғашында, 
қорғаныш пен қауіпсіздік сезімін тудыратын өзіне және жақын ересекке деген 
қатынаспен  түсіндіріледі.  Осы  мәселе  төңірегінде  қазiргi  заманғы  зерттеулер 
бойынша,  әлеуметтiк  бейiмделу  мен  құзырлық  терминдерiндегi  жиiрек 
суреттелетін баланың өзіндік санасынан бастап, мiнез-құлқын зерттеуге қайта 
бағыттау жүзеге асып жатыр. Тартымдылық ендi ата-ана мен мiнез-құлықтың 
қатынасы сияқты емес, стратегия сияқты қаралады.
Жанұядағы ең басты іс-әрекет ол – ата-ана мен бала арасындағы қатынас. 
қатынас  –  адамзат  өмірінің  аса  маңызды  және  негізгі  сферасы  болып,  соның 
нәтижесіде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. 
қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, 
қуанышта  ортақтас  болу  сенімді  кең  ауқымды  эмоция  спектрлерін  қамтиды. 
қатынас  барысында  екі  не  бірнеше  психологиялық  жүйе,  рухани  әлем  және 
ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара 
түсіністік  тұрғысында,  не  болмаса  қақтығыс,  талас-тартыс,  қарама-қайшылық 
тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады [3].
Е. Мосс пен тағы басқалар (1998) бала мен ата-аналық диадада гармония-
лық коммуникация, тартымдылықтың түрi мен мектепке бейiмделудің «қолайлы» 
түрлерінің  аралығында  оң  корреляцияны  белгiлейдi.  П.  Гритенгеннiң  (1996) 
зерттеуiнде тартымдылықтың сапасынан мектеп оқушысы және жасөспiрiмдер-
дiң  мiнез-құлығының  тура  тәуелдiлiк  стратегиясы  көрсетiлген.  Ал  Е.  Шефер 
және  Р.  Белл  ата-аналық  қатынастардың  динамикалы  екі  факторлық  үлгісін 
К.Д. Канапиянова, Д.Т. Нурсолтанова

173
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
жасады, оның біреуінде балаға эмоционалды қатынас бейнеленген: «қабылдану-
қабылданбау», ал ата-ана мiнез-құлқының стилi: «Автономия-бақылау» [4]. 
Осы  саладағы  зерттеу  бағыттарының  кең  таралғандарының  бiрі  соңғы 
кезде  кроссмәдени  және  гендерлік  зерттеулер  болып  табылады.  Бұл  аймақта 
өткiзiлген  зерттеулер  бала  темпераментiнiң  әрбiр  түрiне  ата-аналық  мiнез-
құлық  стилінің  сәйкес  келетiнiн  көрсеттi.  Ата-аналық  стильдердiң  жыныстық 
айырмашылықтарының  қызықты  зерттеулерiн  1998  жылы  А.  Руссел  өткiзген 
екен, онда әкелерге авторитарлық немесе селқостық стиль тән болса, аналарға 
үлкен дәрежеде беделдi стиль тән екенін атап көрсеттi [3].
З.И. Файнбург жанұядағы эмоциялық жағдайларды, олардың отбасышілік 
қатынастың  тұрақтылығына  ықпалын  зерттесе,  отбасының  тұрақтылық  жағ- 
дайы  туралы  Ю.Г.  Юркеевич,  жанұя  мүшелері  арасында  қысымның  бөлу 
себептерін А.М. Уматинов және т.б. зерттеді [4]. 
Жанұя  ішіндегі  қарым-қатынастың  даму  заңдылықтарын  саналы  түрде 
түсіну  талпыныстары  жасалды,  оны  зерттегендер,  мысалы,  А.А.  Бодалев, 
Н.Н. Обозов және т.б. [2].
Көбінде  баламен  қарым-қатынаста  ата-ана  бейсаналы  немесе  сана  асты 
деңгейінде өзінің ерте балалық шақтағы тәжірибесін, яғни өзіндік қақтығыста-
рын  көрсетеді.  И.С.  Шефер  (1959)  де  ата-ананың  қатынасы  артында  өзінің 
белгілі-бір тұлғалық сипаты тұрады деген. Демек, ол өз үлгісіне тұлға туралы 
MMPI көмегімен алынған ата-аналық қатынас мәліметтерін қосқан [4].
Н. Аккарман екі түсінікті қарастырады – «ұқсастық» немесе «жанұяның 
тұрақтылығы»,  «Жанұялық  ұқсастық».  Л.Б.  Шнеллердің  пікірінше  жанұялық 
ұқсастық, бұл – жанұяға берілген эмоционалды және когнитивті «Біз». Жанұялық 
ұқсастық тұлғаның өзін-өзі ұғынуымен байланысты немесе «Мен» және «Біз» 
қосылу деңгейімен сипатталады. С. Минухиннің көзқарасы бойынша, жүйелік 
жанұялық  терапияға  құрылымдық  бағытталу,  жанұя  бұл  –  табиғи  топ,  мұнда 
уақыт өте жанұяның құрылымын құратын өзара әрекеттік стереотип туындайды, 
бұл  олардың  мүшелерінің  қызметін  анықтап,  олардағы  өзара  әрекетті  жеңіл-
детеді [5].
А.И. Шужеваева пікірінше, «көптеген қақтығыстар, эмоциялық қызбалық, 
шапшаңдық, агрессия мен жағымсыз жақтардың көрінуі, мейірімсізділік арқылы 
пайда  болатын  көптеген  қақтығыстар  балаларды  келісімге  келуге,  жағымды 
әрі  түсіне  білуге,  құрдастарымен  серіктестік  қарым-қатынасқа  түсе  алатын 
іскерліктерге арнайы оқыту жағдайында шешілуі мүмкін. Баланың әлеуметтік 
дамуы ата-аналармен құрылатын дамушы жағдаймен анықталады [3].
Г.  Орвашел  (1980)  депрессивті  аналардың  ерекшеліктерін  қарастырады. 

174
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
Депрессивті  ананың  балалармен  интерактивті  өзара  әрекетті  орнату  қалыпты 
аналармен салыстырғанда өте күрделі түрде жүзеге асады. Анасы өте оңай түрде 
баласының  қажеттіліктерінен  өз  қажеттіліктерін  айырып  алады.  Балаға  деген 
деструктивті стиль қатынасы оны невротизацияға әкеліп соғуы мүмкін [5].
Отандық  психиатрияның  негізін  салушылардың  бірі  И.М.  Балинскийдің 
(1859) ойлауынша, жанұядағы балаларға деген әділетсіз қатынас олардың жан 
күйзелісіне ауру күйінің дамуының көп себебі болып табылады; тым мейірімді 
қатынас  балалардағы  шекарадан  тыс  эмоционалды  қызуқандылықтың  себебі 
болады.  Шамадан  тыс  талаптардың  көрсетілуi  бала  жанының  әлсіздігіне  әкеп 
соғады.
Көптеген ғылыми көздердің жазуынша, қатал жағдайдағы тәрбиеде, қара- 
ма-қайшы  талап  пен  тыйымдар,  жабысқақ  күйлердi  невроз  және  психастения 
үшiн  бейiмдейтiн  фактор  болып  табылады;  балаға  үздіксіз  зейін  мен  барлық 
тілектерін қанағаттандыру түрі – жоғары эмотивтілік пен өзін-өзі бақылаудың 
жоқтығына,  эгоцентризммен  бірге  мінездің  истериялық  қырының  дамуына 
әкеледі; балаларға күшейткіш талаптарды көрсету неврастенияның этиологиялық 
факторымен қалыптасады.
Шетел  авторларының  еңбектерінде  баланың  психикалық-физикалық 
дамуындағы  бұзылыстар  мен  ауытқушылықтардың  пайда  болуында  бала  мен 
ата-ана арасындағы қатынастың өте маңызды рөл атқаратыны дәлелденген [4].
А.  Адлер  (1928,  1930)  баланы  нәзіктендіріп  жіберетін  тәрбие  үстемдiк 
етуге олқылықтың сезiмi және тенденцияның дамуына мүмкiндiк туғызатынын 
айтады.
С. Блюменфельд, И. Александреско, Т. Георгиу (1970) сияқты зерттеуші-
лердің  пікірінше,  психиканың  тұрақсыздығы  мен  балалардың  агрессивтілігіне 
ата-аналық гиперпротекция мен радикалды немқұрайлылық әкеліп соғады деген 
[5].
Б.  Берельсон  мен  Г.  Стейнер  өздерінің  көптеген  зерттеулерінің  нәтижесі 
ретінде балаға неғұрлым аз еркелік, жылу және қамқорлық берілсе, соғұрлым 
баяу  тұлға  ретінде  жетіледі;  енжарлық  пен  апатияға  неғұрлым  көп  бейім 
болса,  келешекте  оның  мінезі  әлсіз  болып  қалыптасуы  әбден  мүмкін  деп 
қорытындылаған. 
Бала  ересектермен  қарым-қатынастың  белгілі  бір  кезеңінде  жағымды 
эмоциялық қатынаста тапшылықты сезінсе немесе осындай қатынаста қандай 
да  бір  ауытқулар  байқалса,  оның  дамуында  тежеушілік  пайда  болады.  Бұл 
Н.М. Аксаринаның, Е.К. Когбериннің т.б. зерттеулерінде дәлелденді [4].
Сонымен кеңестік және шетел ғалымдарының еңбектеріндегі балаға деген 
К.Д. Канапиянова, Д.Т. Нурсолтанова

175
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет